ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



бет4/9
Дата13.11.2016
өлшемі5,34 Mb.
#1676
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Орыс әдебиетіқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Изучение русской литературы должно быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и патриотических чувств учащихся, формирование казахстанского патриотизма и стремления воплотить в жизнь общенациональную идею «Mәңгілік Ел», развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.

Планируемые результаты обучения в предметно-деятельностной форме определены учебными программами в соответствии с требованиями образовательного стандарта по учебному предмету ”Русская литература“. Подготовка учащихся предполагает формирование:


  • теоретико-литературных и историко-литературных знаний;

  • читательских умений;

  • системы эмоционально-ценностных отношений;

  • опыта литературно-творческой деятельности.

Результаты учебной деятельности учащихся по русской литературе оцениваются по следующим параметрам:

  • содержательность и глубина устного и письменного высказывания, отражающая качество восприятия и понимания поэтического текста, сформированность аналитических и речевых умений, способность применять их на практике, самостоятельность оценок событий и характеров в художественных произведениях, их аргументированность;

  • выразительность чтения наизусть произведений разных жанров;

  • техника чтения незнакомого текста.

Поурочный контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании посредством проведения индивидуального, группового и фронтального опроса с использованием вопросов и заданий, содержащихся в учебниках, учебных, учебно-методических пособиях, а также других способов контроля.

Работая над текстом художественного произведения по вопросам учебника, учитель исправляет смысловые, а также речевые и грамматические ошибки в ответах учеников. Аналитические вопросы учебника могут быть предложены учащимся для письменного ответа после обсуждения их в устной форме на предыдущих уроках. При оценке результатов учебной деятельности учащихся учитываются их возрастные особенности.

Тематический контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании.

При оценке устных ответов и письменных работ учащихся (развёрнутый ответ на вопрос, пересказ, рассказ о герое и др.) учитываются:



  • правильность и мотивированность отбора эпизодов, картин, деталей для решения поставленной учителем задачи;

  • понимание взаимосвязи событий, поступков и характеров персонажей и важнейших средств их изображения (в соответствии с требованиями программы);

  • композиционная стройность и логика построения ответа;

  • речевая грамотность, культура произношения (соблюдение орфоэпических норм, правильное интонирование).

Поощряется самостоятельность мысли учащихся, аргументированность и убедительность доводов, оригинальность подхода к решению задачи, эмоциональность ответа, выразительность и образность языка.

Оценкой устных ответов и письменных работ по литературе необходимо поощрять глубокое, индивидуально-личностное восприятие литературы как искусства слова.

Согласно Национальному плану действий по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 годы при обучении предмета «Русская литература» необходимо усилить работу по развитию речи учащихся при изучении и анализе художественного произведения, написании сочинений, эссе и изложений.

Объем учебной нагрузки по учебному предмету составляет:

5 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение - 27 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 3 часа;

6 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа;

7 класс – 34 часа, из них на: чтение – 26 часов, развитие речи – 4 часа, внеклассное чтение – 4 часа;

8 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 27 часов, внеклассное чение – 3 часа, развитие речи – 4 часа;

9 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа.

Все литературные произведения, на которые отводятся часы, предназначены для обязательного изучения.

По литературе у учащихся 5-9 классов одна тетрадь в линию. В V–VIII классах письменные работы по русской литературе носят обучающий характер. Отметки за обучающие работы выставляются по усмотрению учителя только по литературе и должны носить стимулирующий характер.

Отметки за сочинение (выполняется в тетрадях по развитию речи) по русской литературе выставляются в предмет «Русская литература» через дробь в одну графу : первая – за содержание, вторая – за грамотность . Ошибки выносятся графически на поля и подсчитываются. При написании домашнего сочинения или других творческих работ отметка за работу выставляется в графу, соответствующую дате, когда давалось задание, или дате, когда проходила защита творческой работы.

Для написания сочинения по литературе (5-9 класс) можно использовать два урока литературы или один урок русского языка и один урок русской литературы.

На учебных занятиях по русской литературе для работы с текстами из списка для чтения и обсуждения следует использовать учебники и учебные пособия более ранних лет издания, издания серии «Школьная библиотека», а также интернет-ресурсы на сайтах.

Отметки за чтение наизусть выставляются на учебном занятии, следующем за учебным занятием, на котором было дано задание выучить наизусть, или на любом другом учебном занятии, тема которого включает изучение данного произведения.


Шет тілі

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шет тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2, А2+ деңгейлеріне сәйкестендірілген:

5-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1»);

6-сынып – А1 («Бастапқы игерім 1.1»);

7-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1»);

8-сынып – А2 («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 1.1»);

9-сынып – А2+ («Қалыптасу қарсаңындағы игерім 2»).

Негізгі орта білім беру деңгейінде шет тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілді меңгерудің жалпы еуропалық А1, А2 қалыптасу алдындағы деңгейге сәйкес мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастыру мен дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Оқыту міндеттері:


  • жаңа тілдік құралдарды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық) және шеттілдік қарым-қатынас жасауда оларды қолдануды меңгеру;

  • коммуникативтік біліктіліктерді сөйлеу әрекетінің төрт түрінде – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым шет тіліндегі қарым-қатынаста жүзеге асыру;

  • оқушыларға үйреніп отырған тілі негізінде сол елдің мәдениетіне, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына қатыстыру;

  • шеттілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу шеберлігін қалыптастыру;

  • ақпаратты қабылдау кезінде тілдік құралдардың жетіспеушілігі жағдайында бейімделу шеберлігін қалыптастыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқушыларға түсінікті тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып жалпы және арнайы іскерліктерді қалыптастыру мен жетілдіру;

  • қазіргі заман жағдайында оқушылар шет тілінің орнын, болашақ маман иесі ретінде аңғаруы, өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау және тілдік коммуникативтік дамуын өзіндік бағалау стратегиясын меңгерту;

  • алынған жалпы оқыту іскерліктерін, дағдылар және біліктерін оқу-танымдық құзыреттіліктерді дамытуға кіріктірілетін оқу және іс-тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында қолдану;

  • ұлттық өзіндік сана-сезімді, әртүрлі қоғамдастық адамдарының арасындағы өзара түсіністікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілеріне толеранттық қарым-қатынасты дамыту.

Берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу іс-әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктив әрекеттен репродуктив-нәтижелі әрекетке, кейіннен нәтижелі әрекетке қарай дамиды.

5-7-сыныптарда айтылым дағдыларын (диалогтік және монолог сөз) дамыту үшін нәтижелі жаттығуларды, яғни берілген репликалармен диалог құру, үлгі-диалогтарды дыбыстау қолданылады. Жаттығулар шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монолог сөз дағдыларын дамытуда тірек сөздер, жоспар, логикалық сызба, ассоциациядан тұратын нәтижелі, репродуктив жаттығулар, т.б. қолданылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.

5-7-сыныптарда «Шет тілі» оқу пәнін игертуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіледі:


  • шет тілін меңгерудің мотивациясын қалыптастыру және «Шет тілі» пәнін білім беру бағытында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

  • «Шет тілі» оқу құралдары арқылы өзін көрсету мүмкіндігін сезіну;

  • тұтастай жеке сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

  • мәдениеаралық және этникааралық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

8-9-сыныптарда (А2 оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениетаралық құзыреттерінің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл кезеңде үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құру қабілетін қалыптастыру қажет.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады. Көптілді мектептерде ағылшын тілін тереңдете оқыту көзделген.

5-7-сыныптарда лексикалық минимумды қалыптастыру, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша бастапқы терминологиялық сөздікті әзірлеу ұсынылады.

8-9-сыныптарда лексикалық минимум артады, ағылшын тілінде оқытылатын оқу пәні курсының көлемі кеңейеді.

Шел тілі сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру болып табылады:


  • оқушылар бойында шет тілінің қазіргі адам өмірінде және көпмәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін қолдануда мәдениетаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;

  • азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениеттерді меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;

  • коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігіндегі деңгейіне қарай ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді таратушымен қарым-қатынаста қабілеттілігі мен дайындығын, коммуникативтік шешімдер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес барынша кең көлемде сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды тепе-тең пайдалану;

  • ағылшын тілді елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қатынасын қалыптастыруды жалғастыру;

  • ауызша және жазбаша қатынаста шет тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

  • Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет тілі пән мұғалімдеріне ұсынылатыны:

  • оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);

  • сипаттау дағдысын қалыптастыру үшін ақпараттармен жұмыс жасау, шет тілінде сипаттама беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау;

  • оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеуге үйрету.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Шет тілі» пәні бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:

5, 6, 7, 8, 9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына әрбір сыныпта 68 сағатты құрайды.



Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері

Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін келесі дәптерлер саны болуы керек: 5-7- сыныптарда шет тілдері бойынша 2 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда 2 жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған,осыған орай 1 дәптерді жүргізу ұсынылады), шетел тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады).

8-9- сыныптарда 1 жұмыс дәптері, 1 сөздік дәптері, 1 бықылау және жазба жазба жұмыстарға арналған дәптер (жыл бойына кабинетте сақталады).

Қазіргі білім беруде заманауи бағытты, соның ішінде шет тілдерді оқыту бойынша процесті ескере отырып, сөздік дәптерін үш тілде жүргізу ұсынылады (қазақ, орыс, ағылшын). Сонымен қатар,дұрыс дыбыстауға дағдыландыратын транскрипцияға ерекше көңіл бөлу керек және жеке сөздерді жазумен ғана шектелмей, сөздер мен идиомалық тіркестерді де жазып отыру қажет.



Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:

  • дәптердің тысы оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің, сыныптың, пәннің атуы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;

  • дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;

  • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  • міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;

  • мұғалім оқушының қателерін көрсетіп, комментарийлермен бағаны оң жаққа қояды;

  • оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді. Қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда қолдана алады. Оқушыларға қызыл сиямен жазуға тыйым салынады.

Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар

Мұғалім оқушылардың жұмыс тәртібін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:

5-9-сыныптар, маңызды деген жұмыстарды аптасына 1 рет.

Сөздіктер: 5-9-сыныптар – 4 аптада 1 рет.

Бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары барлық түрлері бүкіл оқушыларда тексеріледі. Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек: бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары келесі сабаққа дейін тексеру қажет; тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.

5-9-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген қателерін түзеуде келесі ережелерді басшылыққа алады:



  • орфографиялық қатені және цифрды сызғанда үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;

  • қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;

  • 5-9-сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар, грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді;

  • 5-9-сыныптарда шет тілі бойынша оқушы жіберген қатені түзеп, қажетті әріпті жазады.

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізуді ұсынамыз.

№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектілерін қамтиды.Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін қойылады. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен уәжін төмендетуі мүмкін.

Ағылшын тілі бойынша №2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы бойынша орындалады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды: лексика, грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балға қойылады.

Ағылшын тілі бойынша №3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы бойынша орындалады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды: лексика, грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балға қойылады.

№4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін қойылады. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені бұл оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен уәжін төмендетуі мүмкін.

Ағылшын тілі бойынша №5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы бойынша орындалады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды: лексика, грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл үшін қойылады.

Ағылшын тілі бойынша №6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы бойынша орындалады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, граматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл балл үшін қойылады.



Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамуына мүмкіндік береді.Мысалы, 5-сынып оқушысына суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем құрап жазуды ұсынуға болады, яғни оқушы бұл адамның аты-жөнін, мекенжайын ойлап табуы мүмкін. Немесе 9-сынып оқушысына бейнематериал көрсетіп осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады.Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне рәсімдеп, жылына 4 рет ұйымдастыруға болады.

Эссе жазуда келесі сөздер нормаларын ұсынамыз (барлық артикль сөздерді,есімдік тер мен қосымшаларды ескере отырып):

5-сыныпта - 20-30 сөз

6-сыныпта - 40-60 сөз,

7-сыныпта - 70- 80 сөз,

8-9 – сыныпта - 100-130 сөз.

Оқытылатын пәнге деген уәж бен қызығушылықты арттыру үшін пән бойынша үйірме жұмысының бір түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп оқу клубын ұйымдастыруға болады. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. «Полиглот» клубы – көптілділікті дамытады және т.б. Клуб мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет өткізуге болады,соңғысы есеп беру.



Мектеп бітірушілер білімін қорытынды аттестаттау

Шет тілі бойынша мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:



  • шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9- сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде өтеді;

  • емтихан шет тілінде алған білімдердің, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастырылады.

Шет тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық-грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі бойынша бағаланады, яғни «5» деген баға – 21-25 балл, «4» - 14-20 балл, «3» - 0-13 балға қойылады.

Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексикалық-грамматикалық тесті орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңге тақырып оқып жатқан шет тілінің оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «шетел тілін» таңдап алған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан артық болса, 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады.

«5» деген жоғары балды айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестер мен мақал-мәтелдерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық ашқан, айтылымында кідіріс бар, тіл құрлымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға «3» деген баға қойылады.



«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, цифрларға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге анықтама береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады.

Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.

Үш кезең қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады.Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып есептеледі.Оқушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер барлық оқытылатын шет тілдеріне міндетті болып саналады.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері

Кемінде 3 шет тілі мұғалімінен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2016-2017 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:



  • мемлекеттік стандартты орындау;

  • жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу (79-шы қадам, 2016-2017 оқу жылына жаңа мемлекеттік стандарт, Балалар құқықтары туралы конвенция, «Білім туралы», «Еңбек туралы» ҚР Заңдары);

  • 2016-2017 оқу жылына әдістемелік нұсқаулық хатпен танысу;

  • мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті шыңдау;

  • оқытуда жаңа технологияларды қолдану;

  • шет тілі мұғалімдерінің жеке біліктерін арттыру және өздігінен білім алуы;

  • шет тіліндегі ілгері басқан процестерді зерделеу;

  • оқушылардың білім сапасын арттыру үшін шет тілі бойынша оқытуда электронды дереккөздерді пайдалану.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында жұмыс жоспарында көрсетілген бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді. Жоспар оқу жылының әр айына құрылып,оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланысады. Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңеспен, әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының және барлық білім беру деңгейлерінің (бастауыш, негізгі, орта) негізгі кезеңдері қарастырылады. Оқу жылына әдістемелік бірлестіктің 6 отырысы өткізілу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек:баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер және олар келесі тақырыптарды қарастыруы тиіс:

  1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі);

  2. Пән бойынша олипиада (олимпиаданың мектепішіндегі өткізілген кезеңінің күні көрсетіледі);

  3. Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс;

  4. Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса;

  5. Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерді тағайындау. Тәлімгер мен жас маманның жұмысы;

  6. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибиемен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы);

  7. Емтихандарға, байқауларға, семинарларға дайындық;

  8. Кіріс құжаттармен жұмыс;

  9. Мектепшілік бақылау;

  10. Әкімшілік бақылау;

  11. Біліктілік санатын жоғарылататын, немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс;

  12. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі;

  13. Бірлестік мұғалімдерінің рейтингі;

  14. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында);

  15. Оқушылар білімдерін қорытынды аттестаттау бойынша есеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5-6-сыныптар - «Математика», «Информатика»;

7-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдану) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеру (алгоритмге сәйкес әрекет жасау  және  алгоритмді құрастыру) айрықша көңіл аудару керек.  

Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелілік оқыту.

Оқушылардың математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттер ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуға болады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер жүргізу, өз жобаларын қорғаулары тиіс.

2016-2017 оқу жылындағы 5-9-сыныптарында математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы 23-кестеде берілген.


23-кесте. Математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы

Сыныптар

Пән

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы сағат саны

Бақылау жұмысының нормасы

5

Математика

6

204

12-14

Информатика

1

34

5-6

6

Математика

6

204

14-16

Информатика

1

34

12-13

7

Алгебра

3

102

7-9

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

6-8

8

Алгебра

3

102

7-9

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

5-6

9



Алгебра

3

102

8-9

Геометрия

2

68

6-7

Информатика

1

34

3-4

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты тиімді экономика, мықты мемлекет негізінде экологиялық қауіп-қатер болдырмайтын және өз аумағының табиғатын сақтау мәселелерін шеше алатын салауатты азаматтық қоғам құру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың анықтаған ғаламдық он сын-қатерінің бесеуі «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы тепе-теңдікті сақтауға қатысты. Сондықтан оқушылардың ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:



  • жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;

  • оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Білім саласы пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі отырыстарында (әдістемелік бірлестік, жас мұғалім мектебі, педагогикалық шеберлікті шыңдау мектебі, шығармашылық топтар және т.б.) өлкедегі тиімді педагогикалық тәжірибені есепке ала отырып, оқытудың теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселерін талқылау ұсынылады. Оқу жылының басында алдағы кезеңге қатысты әдістемелік бірлестіктердің (алдымен облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және содан соң мектепішілік) жұмыс тақырыбын құрастырып алу қажет.

«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану, география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.

Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.

1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:



  • ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін;

  • дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

  • зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.

География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту үшін:

«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты кіріктіруге;

«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;

«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты таныстырудың жолын әзірлеуге;

«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін ұсынуға;

«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және түсіндіруге;

«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше көңіл аударылады.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс,

Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуының нәтижелері ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).

2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.

Оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:

– «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);

– мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағыттау.

Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:

– оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;

– пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;

– репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;

– кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер, кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет,

Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

– оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;

– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;

– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.

Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс.

Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.

3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.

Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:

– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);

– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

– жеке зерттеушілік жобалар.

Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.

Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты.

Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты көзқарас алулары тиіс.

Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.

Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» оқушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.

Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:


  • табиғат кешендерінің экологиясы;

  • мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;

  • түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;

  • мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;

  • сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;

  • топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;

  • ортаның абиотикалық факторлары;

  • урбандалған аумақтардың экологиясы;

  • гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;

  • қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.

Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.

Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about

Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.

Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz

ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо;

http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017

4. «Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:



  • пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;

  • олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

  • тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;

  • жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.

Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:

Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.

Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды анықтаңыз.

Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.

Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.

Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз.

Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.

Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз.

Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.

5. Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады. Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.

7. Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

1) үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;

2) үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;

3) үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;

4) үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

8. Білім беру саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар. Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:



Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің эволюциясы», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді заттар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздары арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», «Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биология проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология» «Нанотехнологияларға кіріспе».

География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және әдістері», «Қазақстан географиясын оқу барысындағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің дамуы», «Заманауи жасыл энергетика», «Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен тапсырмаларды шешу тәсілдері», «География, тарих, өнер: қиылыстары және өзара байланысы».

Физика: «Мектептің физикалық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу», «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Физикадан ашылуларды қалай жасайды», «Математикалық модельдер және физикадағы әдістер», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және олардың адамға әсері», «Физика және компьютер», «Өндірісті автоматтандыру негіздерін зерделеудің қолданбалы физика курсы», «Ауыл шаруашылық өндірісі материалдарындағы қолданбалы физика курсы», «Физика ғылымындағы іргелі эксперименттер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Ғарышкерлік негіздері», «Ғарыш физикасы», «Биофизика элементтері», «Биохимиялық физика», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану».

Химия: «Мектептің химиялық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу», «Химиядан ашылуларды қалай жасайды», «Математикалық модельдер және химиядағы әдістер», «Экологиялық химия», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Фармакология әлеміне саяхат», «Ұзақ өмір сүру (кіріктірілген курс)», «Бейметалдар химиясы және өмір», «Ойланып қалған химия», «Химия және қоғам», «Химияның тарихы», «Косметикалық химия әлемі», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химик-зертханашы мамандығымен танысу», «Химия және материалдартану», «Агрономның химиялық құпиялары», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Ас үйдегі химия», «Күнделікті өмірдегі заттар және материалдар», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығары әдісі».

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:

1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/

2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/

3. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы http://gharysh.kz/news/

4. «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru

5. Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.

6. EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда EOLSS білімінің ауқымы тақырыптармен ұйымдастырылған. Пәндердің ішінде: математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.

7. Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.

8. Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған «Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).

9. «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.

10. Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.

11. Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады (24-кесте).
24-кесте. Веб-ресурстар тізімі

www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org









«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақстан тарихы

«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдерін оқытып, көшпелілер өркениеті мен Қазақстан мемлекеттілігі тарихын қарастыру. Қазақстан тарихы ата-бабалар мәдениетінің бірегейлігі, тарихи процестердің біртұтастығы мен сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді. Көшпелілердің әлемдік тарихтағы орны мен ролін, адамзат өркениетіне қосқан үлесін жаңа өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Сондай-ақ, пәннің оқушыларда өткенді саралау, бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек.

Материалдар мазмұны Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағыталуы тиіс: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, ұлттық сана сезімі жетілген, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеу.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың жалпыадамзаттық, ұлттық-тарихи және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға жауапкершілікпен қарай білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; дереккөздермен жұмыс жасай білу; талдау және синтездеуді меңгерту; зерттеулер мен зерттеу тәсілдерін белсенді оқытуды қолдау; сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсіну қабілеттерімен анықталады.

Оқу процесін ұйымдастырған кезде бірнеше дағдыларды дамытуға болады. Мәселен, тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы, мемлекеттердің сыртқы саясаттары бойынша ақпарат беретін тарихи деректердің салыстырмалы талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет етеді. Оған қоса мұғалім оқушыларға тарихи картада оқиғаларды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілеуге тапсырма бере алады, бұл өз кезегінде оқушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндері оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.

5-9-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін «Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.



Пән бойынша оқу жүктемесі:

5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.



Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:

Тарихты оқыту – күрделі процес, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеу, білімді оқытып-үйрету және меңгеруге басшылық ету сияқты құрамдас бөлімдерден құралады. Осы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. 5-9-сыныптарда ұсынылатын жұмыс формасының кең тараған түрі топтық жұмысты ұйымдастырған кезде әр топ мүшесінің қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі функцияларын анық түсіндіру қажет. Сонымен бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.



  • оқушылардың бойында тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – рөлдік ойын болып табылады.

Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді. Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу керек. Тарих сабақтарында сұрақтарды қою маңызды орын алуда, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады. Сондықтан да мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастырған орынды.

«Түсіндіру және талдау» дағдысын тереңдеп дамыту үшін жаңа стратегиялар мен техникалар ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сыни ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және т.б.;


  • жазу дағдыларын дамыту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану ұсынылады. РАФТ стратегиясының (Р – роль, А – аудитория, Ф – форма, Т – тақырып) басты мақсаты оқушыда, белгілі бір образға (рөлге) ену арқылы, өзінің ойын жазбаша түрде түсінікті әрі нақты жеткізе алу дағдысын қалыптастыру. Бұл стратегия арқылы оқушылар түрлі тақырыптарға әр түрлі аудиторияға арнап ақпарат (мәлімет, мәлімдеме, т.б.) жазуды үйренеді.

  • тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады;

  • оқушылардың жазбаша жұмыстарды орындауына ерекше назар аудару ұсынылады: эссе, мақала, баяндама, хат, қысқаша ақпарат және т.б.;

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасау тапсырмаларын беру керек.

Оқушыларда білімді шығармашылық және сыни тұрғыдан игеру дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Оқыту барысында қолданылатын әртүрлі әдістер негізінде оқушылар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талдап қана коймай, жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен стратегияларды анықтайды.

Тарихи білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда кіріктірілген білім беру бағдарламаларын кеңірек қолдану ұсынылады. Жаңа материалды оқу кезеңінде ақпараттар ортасындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру технологиясы түрлі шығармашылық жұмыстар, оқу ойталқысы, түрлі ақпарат көздері және құжаттармен жұмыс, рөлдік және іскерлік ойындар, зерттеу жобалары, дара, жұптық және топтық жұмыс, сұрақ – жауап: оқыту процесінде әдістерді пайдаланумен кіріктірілген сабақ өткізуді болжайды. Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану. Қазақстан және Дүниежүзі тарихы пәндерінің кейбір тақырыптарын кіріктіру мүмкін болады. Тарихтан халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін анағұрлым ұлғайтады. Мәселен, Әдебиет курстарын оқыту барысында оқушыларға рухани шығармашылық процесінің тарихи контекстін неғұрлым жоғары деңгейде игеруге мүмкіндік береді.



«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http:// www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/ қосымша ресурстар ретінде жоғарыда келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.

Тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

Үй жұмысы сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады.

Үй жұмысының мақсаты – сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу процесінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.

Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:


  • ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.);

  • қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);

  • тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, балама тест, көпжауапты тест);

  • шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);

  • өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беріп қойған абзал. Сонымен қатар мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын батырға қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.

Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмалардың 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативті, мәселе қою және рөлдік.

Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:


  • терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;

  • әдебиет пен деректер тізімін беру;

  • ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

«Тарих» пәні бойынша оқыту аяқталғаннан кейінгі міндетті бітіру емтиханын өткізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, кешенді емтихан бағдарламалары принципімен айқындалатын тарихты зерделеудің оқиғалық-хронологиялық және проблемалық-теориялық деңгейімен үйлесетін болады. Білім алушылардың дайындық деңгейінің көрсеткіштері тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық және бағалау компоненттерін игеру мен оқу-танымдық әрекеттер тәсілдеріне сәйкес меңгеру болып табылады.

Мектеп бітіру мен аралық емтихандары үшін тапсырмаларды құрастыруда әртүрлі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды (ҚР БҒМ бекіткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесі негізінде) қолдануға болады. Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін. Білім алушыларды міндетті түрде мектеп бітіру емтиханына дайындау кезінде оқу бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтарды пайдалану керек.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:

Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:



  1. Алматы қаласының 1000 жылдығы (1016–2016);

  2. Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);

  3. Қазақ батыры, әскербасы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 440 жылдығы (1576-1656);

  4. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

  5. Қазақтың батыры, талантты қолбасшы Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692–1770);

  6. Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының 275 жылдығы (1753—1802);

  7. Бөкей Ордасындағы халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлының 225 жылдығы (1791-1838);

  8. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ұлттық мектебінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы (1841—1889);

  9. Бөкей Ордасында қазақтың тұңғыш мектебі ашылғанына 175 жыл (1841-2016);

  10. ХХ ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә. Бөкейханның 150 жылдығы (1866-1937);

  11. Қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы, білімді заңгер Барлыбек Сыртановтың 150 жылдығы (1866-1914);

  12. Қазақтың тұңғыш бейресми Конституциясы «Қазақ елінің Уставына» 105 жыл (1912-2016);

  13. «Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне 105 жыл (1911-2016);

  14. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);

  15. Алаш Орда үкіметі құрылғаны 100 жыл (1917-2017);

  16. Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығы (1916–1944);

  17. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016);

  18. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

  • базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

  • оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

  • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

  • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

  • кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Дүниежүзі тарихы

«Дүниежүзі тарихы» пәні оқушыларда әлем дамуының тарихи картинасының қалыптасуына, сондай-ақ көптеген ғасырлар бойы адамзатпен өндірілген адамгершілік-өнегелілік құндылықтарының жиынтығын және әлеуметтік тәжірибесін меңгеруге бағытталған. Дүниежүзі тарихы бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға әлем тарихы бойынша жеткілікті білім алуға және тарихи процестердің мәні мен тарихи фактілердің маңызын түсінуге, проблемаларды шешуге, жағдаятты сыни бағалау және шешім қабылдау, сондай-ақ түрлі тиімді коммуникацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару керек. Дүние жүзі тарихын зерделеу толеранттылықты қалыптастыруға, қазіргі қоғамның гуманистік идеялары мен демократиялық құндылықтарын игеруге, әлемнің мәдени әртүрлілігін түсінуге мүмкіндік береді.

Материалдар мазмұны Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына сай болуы: тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілік, тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге бағыталуы тиіс.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарлау; тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу; тарихи танымның әдiс-тәсiлдерiн меңгеру, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеу; сыни ойлау дағдыларын дамыту; білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру; қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халық­аралық проблемаларды талдай білу; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи дамудың процестерінің мәні туралы түсіну қабілеттерімен анықталады.

Оқу процесін ұйымдастырған кезде бірнеше дағдыларды дамытуға болады. Мәселен, тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы, мемлекеттердің сыртқы саясаттары бойынша ақпарат беретін тарихи деректердің салыстырмалы талдауының негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды қажет етеді. Оған қоса мұғалім оқушыларға тарихи картада оқиғаларды, олардың динамикасы мен даму жағдайын белгілеуге тапсырма бере алады, бұл өз кезегінде оқушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.

5-9-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9сыныптары үшін «Дүниежүзі тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Дүниежүзі тарихы оқу жүктемесі:

6-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

7-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:

Дүниежүзі тарихын мектепте оқыту – күрделі, сан қырлы, қарама-қайшылыққа толы педагогикалық құбылыс. Оның заңдылықтары оқушыға білім беру, оны дамыту мен тәрбиелеу арасындағы объективті байланыс негізінде анықталады. Тарихты оқыту процесін ұйымдастырудың тиімділігі орта мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеруде жақсы нәтижеге қол жеткізуінің тұрақтылығымен анықталады. Осы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Бұл орайда мұғалімдер сабақта оқушыларды «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.

Оқыту төмендегідей түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:


  • өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);

  • себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси процестерге әсер етті);

  • дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады); ұқсастық пен айырмашылық.

Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи концептілерге фокус жасау арқылы құралған оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша бағдарлама бойынша берілген ақпарат әртүрлі, сол себептен, бағдарлама мазмұнында көрсетілмеген елдер тарихымен танысуды оқушылардың жобалық қызметі арқылы ұйымдастыру ұсынылады.

Мұғалімнің сабаққа арнайы дайындайтын тапсырмалары келесі өлшемшарттарға сай болуы тиіс:


  • тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

  • дифференциацияны көздеу;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызу;

  • проблемалық оқытуға негізделуі;

  • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Кез-келген тапсырманы берер алдында мысалы, баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б. мұғалім оқушыларды тапсырманың өлшемшарттарымен таныстыруы керек.

Мұғалімдерге оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын, тарихи түсініктері мен сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамытуға жәрдемдесетін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану талабы қойылады.

Үй жұмысы сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және практикалық жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады.

Үй жұмысының мақсаты – сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу үрдісінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.

Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін:


  • ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікір-сайысқа дайындық, т.б.);

  • қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.);

  • тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, альтернативті тест, көпжауапты тест);

  • шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық);

  • өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын алдын ала беріп қойған абзал. Сонымен қатар мұғалім осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы керек.

Шығармашылық үй тапсырмаларына критерийлер немесе талаптар:



  • терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;

  • әдебиет пен деректер тізімін беру;

  • ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

Оқушылардың оқу әрекеттері нәтижесін бағалау барысында тарихи білімдерінің білімділік және іс-әрекеттік компоненттерін игеру деңгейі ескеріледі. Оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау көрсеткіштері негізгі тарихи білім компоненттеріне сәйкес құрылымдалған: фактологиялық білім, теориялық білім, оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері, бағалай білу. Негізгі мазмұндық бағыттары: тарихи уақыт, тарихи даму және тарихи кеңістік болып табылады. Тарихи білімнің мазмұндық компоненттерін меңгеру деңгейі мынадай өлшемшарт негізінде бағаланады: нақтылығы, дұрыстығы, тиянақтылық, толықтық, қорытындылай білу, жүйелілік, орнықтылық, ұтқырлық, әрекеттілік, дербестік, қарама-қайшылық.

Сыныптан тыс жұмыстар – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін оқу-тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі оқу-тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:

Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:



  1. Каталог: files -> blog
    blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
    blog -> Программа по предмету «Русский язык»
    blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
    blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
    blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
    blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
    blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
    blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
    blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
    blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет