ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне (1911-2016) 105 жыл; 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің



бет7/9
Дата13.11.2016
өлшемі5,34 Mb.
#1676
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Оян қазақ» өлеңінің жарық көргеніне (1911-2016) 105 жыл;

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы (1916–2016);

  • Алаш Орда үкіметі құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

  • Қазақтың қаһарман батыры, ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 жылдығы (1916–1944);

  • 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы (1986-2016)

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы (1991-2016).

    Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

    • базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

    • оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

    • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

    • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

    • кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

    Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

    2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:

    • тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;

    • мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру;

    • тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу, тиімді білім беру тәжірибесін тарату;

    • оқушылардың тарихты бейіналды, бейінді оқыту жағдайында негізгі құзыретімен, тарихтан жаңартылған оқу бағдарламаларымен, білім беру стандарттарына сәйкес мұғалімдерге білімді-әрекеттік компоненттерін игеру бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

    Тарихи білім беру сапасын көтеру мұғалімдердің тарихты оқытудың тиімді әдістері мен оның пәндік мазмұнының негізгі компоненттеріне қол жеткізу біліктілігі арқылы, құзыреттілік тәсіліне сәйкес іске асады.

    Тарих пәні мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс аясында оқушыларға ерекше жалпы ғылыми және таным әдістерін (талдау, жинақтау, индукция, дедукция, аналогия, қорытындылау, айқындау, абстракциялау т.б.) меңгеруді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу маңызды. Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихындағы оқу-танымдық әрекеттердің әртүрлі тәсілдерінің жоғары деңгейінде меңгеруге неғұрлым қиын тақырыптарды қайта қарастыру әлі де өзекті болып отыр. Тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, жыл бойы төрт әдістемелік бірлестік отырыстарын өткізуге ерекше мән беруді ұсынамыз.

    Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2016-2017 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:


    • «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау»;

    • «Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану»;

    • «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру Қазақстан тарихын оқыту мазмұнын жаңартудың негізі ретінде»;

    • «Дарынды балалармен жұмысты жетілдіру» т.б.

    Әдістемелік бірлестік мұғалімдердің сұранысы мен мүдделері, олардың кәсіби білім, білік, дағдылары, педагогикалық қызметкерлер құрамы арқылы жоспарланатын шығармашылық тобы және басқа да әдістемелік құрылымдармен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі жұмысына ұйымдастыру керек. Жас мамандар мектебі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл әдістемелік құрылым әрекеті жас мамандарға кәсіби шеберлік негіздерін меңгеруге көмек беру, оларға үздіксіз өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру, педагогикалық кәсіптеріне бейімдеуге бағытталған.
    Дүниежүзі тарихы

    Дүниежүзі тарихын оқыту оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, олардың тарихи процестің логикасын, мәдени идеологиялық көппікірлілікті, тарихтың сызықтық процес еместігін сезінуіне қызмет етеді.

    «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарау, өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, көпмәдениетті және көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсете білуге бағытталады.

    Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру оқушылардың қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасау, өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау,алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алу қабілеттерімен анықталады.

    10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген)


    • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Дүниежүзі тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.

    «Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі:

    қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

    10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

    11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.

    жаратылыстану -математикалық бағытта:

    10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

    11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

    Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар:

    10-11 сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың негізгі оқиғалары, құбылыстары мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыра отырып, тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білуге дағдыландырады. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау, тарихи зерттеу жүргізу, гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығаруға үйретеді.

    Дүниежүзі тарихын оқытуда тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделене береді. Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу ұсынылады.

    Пәнді оқытуда сұрақтарды қою маңызды орын алады, дұрыс әрі нақты құрастырылған сұрақтарға ғана орынды жауап алуға болады. Сондықтан мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

    Үй жұмысы сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оқу процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады.

    Үй жұмысының мақсаты – сабақта меңгерген тақырыпты тереңдету, қайталау, бекіту және ой елегінен өткізу, оқушының дағдылары мен құзыреттіліктерін шыңдау. Үй жұмысына берілген тапсырмалар жоспарланған, танымдық, қызықты болуы шарт және деңгейлі болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға итермелейді және оқу үрдісінің танымдық-шығармашылық іс-әрекеттерінің біріне жатады.

    Үй жұмысы сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін: ауызша (сұрақ-жауап, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, пікірсайысқа дайындық, т.б.), қысқаша жазба жұмыстары (тезистер, конспектілер, буклеттер, эссе, тарихи шығарма, т.б.), тест тапсырмалары (жабық тест, ашық тест, реттік тест, сәйкестендіру тесті, мәтіндік тест, жағдаяттық тапсырма, құрама тест, альтернативті тест, көпжауапты тест), шығармашылық жұмыстар (рөлдік ойындарға, сахналық көріністерге дайындық), өзара бақылау жұмыстары, өздік бақылау, қатемен жұмыс, жоба жұмысы.

    Оқушыларға шығармашылық (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар т.б.) және жобалық тапсырмалар тақырыптарын мұғалім алдын ала беруі, осы шығармашылық жұмыс түрінің талаптарымен таныстыруы қажет. Оқушы хабарлама даярлаған кезде білімін көрсетіп қоймай, хабарлама (презентация) дайындайтын кейіпкерге қатынасын, өз сезімдерін, күйзелісін білдіруі тиіс.

    Құзыреттілікке бағытталған үй тапсырмалардың 4 түрі қолданылады: ақпараттық, коммуникативтік, мәселе қою және рөлдік.

    Шығармашылық үй тапсырмаларына өлшемшарттар немесе талаптар:



    • терминология мен ақпарат күрделілігі оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы;

    • әдебиет пен деректер тізімін беру;

    • ақпараттың жүйелілігі және тартымдылығы т.б.

    2016- 2017 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» пәнінен таңдау бойынша бітіру емтихандары жалпы білім беруді аяқтау бойынша өткізіледі.

    «Дүниежүзі тарихы» пәнінен емтихан өткізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарихты зерделеудің оқиға-хронологиялық және проблемалық-теориялық принципіне сәйкестігін анықтайды. Білім алушылардың дайындық деңгейінің көрсеткіштері тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық және бағалау компоненттерін игеру мен оқу-танымдық әрекеттер тәсілдеріне сәйкес меңгеру болып табылады.

    Мектеп бітіру мен аралық емтихандары үшін тапсырмаларды құрастыруда әртүрлі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды (ҚР БҒМ бекіткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесі негізінде) қолдану қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде мұғалімдер толық сипатталмаған оқиғалар берілген ақпарат көздерін іріктеу ұсынылады. Осындай ақпарат көздері деректі материалдар (хрестоматиядан үзінділер, куәлік және естеліктер, тарихи оқиғалар туралы), статистикалық материалдар (кестелерде немесе мәтіндерде деректер әлеуметтік-экономикалық даму ұсынылған) болуы мүмкін. Білім алушыларды мектеп бітіру емтиханына дайындау кезінде оқу бағдарламасы бойынша дайындалған оқулықтарды пайдалану керек.

    Сыныптан тыс жұмыстар – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін оқу-тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі оқу-тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушыға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

    Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

    Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи тұжырымдарға сүйене отырып, нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

    Дүниежүзі тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2016-2017 оқу жылында тойланатын мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

    Американ мемлекет қайраткері Бенджамин (Вениамин) Франклиннің 310 жылдығы (1706-1790);

    Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің 135 жылдығы (1881-2016) және т.б.

    Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:



    • базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

    • оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

    • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

    • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

    • кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу т.б.

    Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

    Әдістемелік жұмыстардың міндеттері:

    Дүниежүзі тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

    «Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

    http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;

    http://testcenter.kz/entrants/for-ent/ қосымша ресурстар ретінде жоғарыда келтірілген сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.
    Адам. Қоғам. Құқық

    «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 10-11 сыныптарда оқыту - дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білімге негізделген.

    «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 10-11- сыныптарда оқытуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың қазіргі заманғы өркениеттегі тәжірибені тұлғалық тұрғыдан ұғыну негізінде құндылықты бағыт бағдарлар, наным сенімдерді, халықтар арасындағы өзара түсінісудің демократиялық құндылықтарын, гумнизм идеяларын қалыптастыруға, өз халқының және өзге де халықтардың мәдениетіне, тарихына құрметтеу сезімін дамытуға, өз елінің мәдени мұраларын сақтау және оны көбейтуге, қазақстандық патриотизмді және толеранттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, азаматтық жауапкершілікті дамытуға, оқушыларға экономикалық, саяси, құқықтық, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруге бағытталады.

    Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту олардың Қазақстан Республикасы Конституциясы, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуі, адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білу, өздігінен оқу, өзінің кәсіби бағытын анықтау, қажетті мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауы, заманауи ақпараттық технологияларды жеткілікті меңгеру, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуына, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білу қабілеттерімен анықталады.

    10-11 сыныптарда пәнді оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және құқықтық мәселелер бойынша жеке көзқарасын білдіре білуге және оны дәлелдеуге, ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, кесте, схема т.б.) ақпараттарды талдауға арналған шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдану ұсынылады.

    10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген)



    • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.

    «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

    • 10-сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты;

    • 11-сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша) аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.

    Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар:

    Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау, зерттеу, талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыратын аналитикалық эссе, есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларға басымдық беру ұсынылады.

    Пән бойынша алған білімді практикада қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және т.б. алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.

    10-сыныпта пәнді оқытуда адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуіне, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздеріне, мәдени құндылықтарды оқытуда оқушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.

    11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет ерекшеліктері, құқықтық сана қалыптастыру, қазіргі өркениетті заманға бейімдеу, қоғам мәселесін түсіну, оған белсене араласу, этномәдени құндылықтарды құрметтеу, көшбасшылыққа бейімдеу, экономика принциптері мен адами капиталдың рөлін түсінуге бағыттау ұсынылады.

    Пәнді оқытуда оқытылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны оқушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесімен, жеке бақылауымен, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.

    Оқыту процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды белсенді қолданған жөн. Сонымен қатар мұғалімге оқушылардың оқу мүмкіндіктерін түсінуі, оны қолданудың шегін ұғынуы, осы технологияны дәстүрлі әдіспен сәйкестендіре отырып қолдану ұсынылады.



    «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:

    1) пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға ұсынылатын тапсырмалар:



    • «Қазақ болмысының ерекшелігі. (пікір сайыс);

    • Тәуелсіздік идеясының тарихи және рухани сабақтастығы. (ой толғау);

    • Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жадысы. (сипаттама);

    • Тәуелсіздік түсінігі әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым. (эссе);

    • Ұлттық идея –ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. (шолу жасау)

    • Зайырлы қоғам және жоғары рух. (дебат)

    • Мәңгілік Ел ұғымының бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. (негіздеу)

    • Мәңгілік елмен бірге-мәңгілік тіл, діл, ел және бірегейлік.( зерттеу жұмысы) және т.б.

    2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:

    • «Тәуелсіздік елімнің-ерлік жолы»;

    • «Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»;

    • «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»;

    • «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;

    • «Мен және менің құқығым»;

    • «Ұлы дала заңдары»;

    • «Заң және заман»;

    • «Қоғам және экономика»;

    • «Нарық және нарықтық қатынастар»;

    • «Экономикалық білім беру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу»;

    • «Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б.


    Өзін-өзі тану

    Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

    Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру процесін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

    Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:


    1. адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

    2. оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

    3. қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:

    • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

    • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

    • адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

    • өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

    • жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

    • өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

    • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

    Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

    Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.


    «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
    Технология

    «Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өміріне дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік жасайды.

    10-11 сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген (оқу, зияткерлік, кәсіби) шығармашылық көзқарасын дамыту.

    Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:



    • техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

    • құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

    • технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

    • оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

    • еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

    • оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

    «Технология» пәнін оқыту барысына барлық төрт компонент кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында тәжірибе орындау, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен эмоционалды-құндылықтар қатынас объектілеріне және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар.

    Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ер балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (35-кесте).

    «Қазіргі заман өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлім, оған оқу барысында тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы, кәсіптік саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді. Ұйымдастыру пішіндерін технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейін анықтау және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.
    35-кесте. Ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

    Ауыл мектептерінде

    Қала мектептерінде

    1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

    2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

    3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

    4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

    5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

    6. Электротехника және электроника негіздері.

    7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.

    8. Шығармашылық жобалау саласы.

    9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


    1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

    2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

    3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

    4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

    5. Электротехника және электроника негіздері.

    6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.

    7. Шығармашылық жобалау саласы.

    8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


    Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін қолдану оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға дайындығының деңгейіне байланысты анықталады.

    Сабақ өткізу барысында қазіргі заманғы оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу процестерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыруға арналған дидактикалық талаптар.

    Басым әдістер жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жобаларын жасауы және қорғау. Жобалардың көбі – дербес. Сонымен қатар, жоба топ оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.

    10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар, сана-сезімімен қажетті негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау үшін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қабілеттерінің дамуы, керекті кәсіптік ұтқырлық үшін және бәсекелестік қабілеттілік.

    Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

    ҚР «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру «Технология» пәнінің барлық бөлімдері арқылы іске асырылады, бірақ «Сәндік қолданбалы өнердің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне баса назар аударылады.

    Қоғам және адамның іс-әрекеті негізінде еңбек ең басты құндылық болып саналады, жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін «Технология» пәнінің мәдениеттің бастапқы қағидаларға сәйкес болу мүмкіндігі қарастырылған.

    Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (36-кесте).


    36-кесте. Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

    Ауыл мектептерінде

    Қала мектептерінде

    1. Тағам әзірлеу технологиясы.

    2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.

    3. Жобаны қорғау.


    1. Тағам әзірлеу технологиясы.

    2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дацйындау.

    3. Жобаны қорғау.

    Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.

    Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

    Оқушылардың технология бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
    «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
    Дене шынықтыру

    Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.



    Оқыту мақсаты:

    • қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

    • физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

    • салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

    Оқыту міндеттері:

    • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

    • базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

    • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

    • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;

    • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

    Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

    Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

    Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

    Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:


    • мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс;

    • қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;

    • оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

    • оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау – сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

    • дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).

    «Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

    Пәнді оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.



    Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.) мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың жеке, жас және жыныстық ерекшеліктерін ескеру қажет.

    «Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттарының типтік жоспарына (ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:

    10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

    11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды
    Алғашқы әскери дайындық

    «Алғашқы әскери дайындық» меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

    Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында АӘД пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери даярлауға негіз болып табылған құжаттар мыналар:

    1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.

    2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы


    11 ақпандағы №118 қаулысы.

    Алғашқы әкери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.



    Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

    Оқу пәнінің міндеттері:

    • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;

    • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

    Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

    Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

    Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

    Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

    11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

    10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

    Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

    1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;

    2) алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

    3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

    4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

    5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

    6) тактикалық алаң;

    7) кедергілерден өту жолының кешені;

    8) жабдықталған ату тирі;

    9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

    Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.



    Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған әскери іс тақырыбына қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

    10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;

    11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

    6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    2015-2016 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.

    Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, оларды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ескеру қажет: материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның дамымағандығы, әртүрлі жастағы біріктірілген сыныптарда оқыту қиындығы, педагогикалық кадрлардың, оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстардың жеткіліксіздігі. Оқушылар санының аздығы бәсекелестікті және коммуникативті іскерліктердің дамуын төмендетеді. Шағын жинақты мектептің жағдайлары оқушыларды бейінді пәндермен және олардың кәсіби бағытын ескеретін таңдау бойынша курстармен толық қамтамасыз ете алмайды.



    Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

    • білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

    • бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

    • біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;

    • даралап және саралап оқыту;

    • оқу процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;

    • білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

    • тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

    • оқушылардың оқу барысындағы бір–біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

    Типтік ережеге сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып кіші топтарға бөлінеді.

    Сыныптарды басқа бір сынып-кешенге біріктіргенде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10-нан аспауы тиіс. ШЖМ-дегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі.

    Мектептiң бастауыш білім беру деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: 2+3, 3+4; 2+4, 2+3+4.

    1-сынып оқушылары жеке оқытылуы тиіс, себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіннің тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.

    Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), әрбiр сыныппен сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.

    Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:


    • жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;

    • математика сабағы бойынша: 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
      20 минуттан аспауы тиiс.

    Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.

    Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде бір пәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады.

    Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Сабақтас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқыту: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика, физика-химия және т.б. ұсынылады.

    Кіріктірілген сабақтардың негізіне білім беру мазмұнының басты элементтерін бөлуге мүмкіндік беретін, жүйені құрайтын идеяларды, түсініктерді, оқу әрекетінің тәсілдерін дамытуды қарастыратын пәнаралық байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу уақытын босатады.



    Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:

    • білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай игеру;

    • оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде кешенді игеруге бағыттау;

    • ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

    • жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.

    9, 11-сыныптар мектепті бiтiрушiлер болғандығын ескере отырып, олардағы бала саны аз болған жағдайдың өзінде де өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.

    Шағын жинақты мектептегі қызметті ұйымдастыру дамытатын педагогикалық ортаны құруды талап етеді. Оның негізінде әртүрлі жастағы оқушылардың өзара нәтижелі әрекеттестігі мен өздігінен білім алу идеяларын жүзеге асыруға болады. Әртүрлі деңгейдегі бір сыныптың аясында оқытуды саралау мақсатында жеке және топтық кеңестер, оқушылармен үйірмелік және факультативтік жұмысты қолдану ұсынылады.

    Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.

    ШЖМ-ке электронды оқытуды енгізу жеке және өздігінен оқытуды кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда педагогикалық әрекеттегі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Қашықтықтық технологияларды қолданатын электронды оқыту бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Физика, химия және биология бойынша виртуалды зертханалар болса, мұғалімдер аталған пәндерді меңгеруге қажетті оқу жабдығының жеткіліксіздігі мәселесін шеше алады. Сондай-ақ, педагог әрекеті ақпаратты жаңғырту емес, оқушыны оқу-танымдық процесте психологиялық-педагогикалық қолдайтын тьютор, сессиялық және сессияаралық кезеңдерде магниттік мектеп оқушыларының проблемалық аймақтарының орнын толтыру бойынша түзету жұмысын ұйымдастырушы рөлінде болады. Мұғалім-тьютордың көмекшісі рөлінде оқу материалын өздігінен игеру дағдылары мен іскерліктерін меңгерген оқушы да бола алады.

    Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымдарының порталы, Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ), ішкі корпоративтік қор, электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да құрауыштары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kz сайтында қолжетімді. ЭОАЖ-нің маңызды құрауышы 7511 цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) орналасқан электрондық кітапхана болып табылады.

    Цифрлық білім беру ресурстары – бұл оқу пәнінің нақты тақырыбына әзірленген, ЭОЖ-ге қосылған мектептерге онлайн қолжетімді цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. Әрбір ЦБР интегративті кешен және оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиялық түсіндіру, интерактивті тапсырмалар мен тестілеу сұрақтар элементтерінен тұрады. ЦБР-дің бұл құрылымы электрондық оқыту жүйесінде оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз етеді, ал мұғалімге сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің, яғни жаңа материалды түсіндіру, материалды бекіту немесе оны меңгеру деңгейін тексерудің нақты дидактикалық міндеттеріне байланысты оқытуды ұйымдастырғанда берілген ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.

    Мұғалімдерге көмек ретінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған басшылық» бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайтында: http://nci.kz орналасқан және ашық қолжетімді.

    Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдалану, қашықтан оқыту, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) сессияаралық кезеңде байланыс орната отырып, олардың білім қорларын пайдалану жүзеге асырылады.

    Пән мазмұнын игеруге бағытталған өзара әрекеттесуде және нақты педагогикалық мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы бағдарламалық-техникалық құралдар енгізіледі.

    Оқыту процесінде мұғалім сабақта жаңа тақырыптарды түсіндіргенде үлестірмелі материалдарды саралап дайындау арқылы электрондық және ақпараттық қорларды қолдануына болады. Визуалдық (көзбен шолу), аудио-ақпараттық қорларды мұғалім сабақты түсіндіргенде және оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда пайдаланады. Компьютерлік тестілеулер мен тест тапсырмалары әртүрлі бақылау және білімін бағалауды жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен қатар, мұғалім авторлық қолданбалы курстардың немесе магниттік мектеп және ресурстық орталықтың (тірек мектептер) оқу жоспарындағы вариативті бөлімінің таңдау бойынша курстарының оқу-әдістемелік кешендерін жобалауда әртүрлі электрондық және ақпараттық қорларды пайдалануына болады.

    Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеуде дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады.

    Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:



    • МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, оқушылардың білім сапасын арттыру;

    • белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне оқушылардың қабілеттерін дамыту;

    • оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;

    • оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;

    • белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;

    • оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;

    • қашықтықтан оқыту .

    Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқа да ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын анықтау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.

    Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 149 ресурстық орталық құрылған, оған 464 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.



    Ресурстық орталықтар (тірек мектептер) өзінің білім беру әрекетінде келесі қағидаларға бағдарланады:

    • тірек мектебінің білім беру ресурстарына (оқу-әдістемелік, ақпараттық және материалды-техникалық) магниттік мектептің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

    • ресурстық орталықтар (тірек мектептер) мен магниттік мектептердің білім беру процесін біріктіру және синхрондау мақсатында сессияаралық және сессиялық кезеңдердегі нақты, әрі бірізді өзара байланысқан бағдарламаларды әзірлеу;

    • кіріспе, аралық және қорытынды тестілеу нәтижесінің негізінде жеке траекторияны әзірлеу арқылы оқытуды жекелендіру;

    • сабақтарда, қосымша сабақтарда, шығармашылық зертханалар мен шеберханаларда, сыныптан тыс шараларда оқушыларды әлеуметтендіру және жағымды ынтаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау;

    • ресурстық орталықтың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын ұйымдастыру мақсатында әртүрлі жастағы топ оқушыларының қызығушылықтарына, бейімділіктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес бірыңғай ақпараттық-білім беруші кеңістікті құру;

    • білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;

    • бейіналды дайындық және бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ерте бейінділігін дамытуға жағдай жасау;

    • шеберлік сабақтарын, коучингтер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы мектептің әдістемелік бірлестігінде және пән кафедраларында «бірдейлерді өзара оқыту» (магниттік мектептердің мұғалімдерін оқыту) негізінде ресурстық орталықта (тірек мектебі) қызметті ұйымдастыру.

    Магнитті ШЖМ-нің оқу-тәрбие жоспарларын ескере отырып тірек мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарлары, бірыңғай жұмыс оқу жоспарлары, бірыңғай күнтізбелі-тақырыптық жоспарлау, әдістемелік жұмыстың жоспары, сессияаралық кезеңді жүргізу жоспары, тікелей сессияны жүргізу жоспарлары, қашықтықтан сессия өткізу жоспарлары, жобалық, зерттеушілік, бейінді бағыттағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары, оқытудың жеке маршруттарын әзірлейді және жүзеге асырады.

    Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.



    Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларын кіріспе тестілеп, оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады. Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу процесіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады.

    Биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35 зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; «Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс », «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы» тараулары бойынша, «Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).

    Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтар аймағын жоюға жеке нұсқаулар беріледі. Магнитті мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу қиындықтар аймағын жою бойынша дербестігін белсендету мақсатында түзету жұмыстары жүргізіледі. Жеке оқыту маршрутын жүзеге асыру бойынша қорытынды сессияда білім алушының негізгі пәндері мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады.

    Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, ырғақ, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлу рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11 сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.



    Магнитті мектептердің оқушыларының оқыту деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:

    1-4 сыныптар магнитті мектептерде сырттай оқиды, яғни шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады және т.с.с. Жылына бір рет тірек мектебіндегі конкурстар мен конференцияларға қатысу үшін бара алады.

    5-7 сыныптар магнитті және тірек мектептеріндегі пән мұғалімдерінің жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде МТБ жеткілікті, интернет болған жағдайда). Бұл үшін кафедралар немесе МӘБ отырысында жұмыс жоспарлары, тесттік тапсырмалар әзірленеді. Сонымен қатар, магниттік мектептің мұғалімдеріне, оқушыларына арналған онлайн семинарлар ұйымдастырылады.

    8-11 сыныптар тікелей оқытылады және сессияларға шығады (бейіналды және бейінді дайындықтың ұйымдастырылуымен). Сессияаралық кезеңді сессиялық кезеңмен сабақтастықты сақтай отырып жүргізу қажет. Берілген жұмыс тірек және магнитті мектептердің даму бағдарламасы мен шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек.



    7 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

    ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Д
    арынды балалардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдары білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», ҚР ҚР МЖМБС-2012, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары», сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №472 бұйрығымен бекітілген «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алынады.

    Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) (бұдан әрі – мамандандырылған мектептер) қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

    Мамандандырылған мектептер элитарлық білімді, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мен мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыруы тиіс.

    Үлгілік қағидалар бойынша мамандандырылған мектептер білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

    1) бірінші деңгей - бастауыш білім беру;

    2) екінші деңгей - негізгі орта білім беру;

    3) үшінші деңгей - жалпы орта білім беру.

    Мамандандырылған мектептерде білім беру үдерісін ұйымдастыру оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

    Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келістіріледі.

    Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Мамандандырылған мектептер оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

    Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.

    Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

    Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.

    Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.

    Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

    Мамандандырылған мектептер олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.

    Мамандандырылған мектептер ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

    Мамандандырылған мектептерден сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

    Мамандандырылған мектептердегі сыныптар-топтарының саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

    Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ, зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тіліндегі пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

    Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10- сынып-топтарына психологтің 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтің ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

    Мектеп-интернат оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

    Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады.

    Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп-интернаттар) қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

    Мектеп-интернаттар дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

    Мектеп-интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

    1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру;

    2) екінші деңгей – негізгі білім беру;

    3) үшінші деңгей – жалпы орта білім беру.

    Мектеп-интернатта білім беру үдерісін оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

    Мектеп-интернатының оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

    Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Мектеп-интернаты оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

    Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

    Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.

    Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді.

    Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

    Мектеп-интернаттар олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін дербес белгілейді.

    Мектеп-интернаттар ішкі бейін пәндері, сондай-ақ оқушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

    Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мектеп-интернаттан толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

    Мектеп-интернаттардағы топтастырылған сыныптар саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

    Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

    Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

    Мектеп-интернат оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

    Мектеп-интернат ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді.



    8 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    Кешкі (ауысымды) мектеп (бұдан әрі - Мектеп ) Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында), жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтарға негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді.

    Мектеп  өзінің білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, МЖМББС (ГОСО)-2012, білім беруді ұйымдастыру шарты бойынша ҚР БҒМ-нің 17 қыркүйек 2013 жылғы №375 бұйрығымен бекітілген «Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің Типтік ережелерін» (бұдан әрі – Типтік ережелер) басшылыққа алады.

    Кешкі мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.

    Мектеп мынадай нысандар бойынша оқытуды жүзеге асырады: бір білім беру ұйымының шегінде күндізгі, кешкі, сырттай, жеке, экстернат.

    Білім беру бағдарламаларын меңгеру шарттары мен тәртібі осы Типтік ережелермен және Мектеп Жарғысымен белгіленеді.

    Кешкі мектепте білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (сыныпта 18 жастан жоғары 10-15 білім алушы) және сырттай оқу топтары (9-дан кем білім алушы) бойынша жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады.

    Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.

    Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау күндізгі оқу нысанында тоқсан сайын, сыртқы оқу нысанында жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.

    Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.

    Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.

    Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып оқыту қарастырыған. Технология, бейнелеу, дене тәрбиесі, АӘД сабақтары оқытылмайды. Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады.

    Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.

    Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:

    «Тіл және әдебиет» білім саласы

    «Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша жазба жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы.

    Қазақ және орыс тілдері бойынша мазмұндама – жылына 2 рет.

    Қазақ және орыс тілдері бойынша шығарма – жылына 2 рет.

    Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет.

    Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 3 рет.

    Шет тілі бойынша тест жұмысы – жылына 4 рет.

    «Математика и информатика» білім саласы

    «Алгебра», «Геометрия», «Физика» пәндері бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.



    «Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

    8 сынып – жылына 10

    9 сынып – жылына 4

    10 сынып – жылына 4

    11 сынып – жылына 4

    «Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

    8 сынып – жылына 4

    9 сынып – жылына 8

    «Информатика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары – әр сыныпта жылына 4 рет.

    «Жаратылыстану» білім саласы

    «Химия» пәні бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.

    «География» және «Биология» пәндері бойынша бақылау жұмыстары – жылына 2 рет (тест түрінде).

    «Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

    8 сынып – жылына 8

    9 сынып – жылына 4

    10 сынып – жылына 4



    «Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

    8 сынып – жылына 4

    9 сынып – жылына 4

    10 сынып – жылына 4

    11 сынып – жылына 4

    «Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

    8 сынып – жылына 2

    9 сынып – жылына 2

    10 сынып – жылына 2

    11 сынып – жылына 2

    «География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

    8 сынып – жылына 4

    9 сынып – жылына 4

    10 сынып – жылына 4

    11 сынып – жылына 4

    Кешкі мектептің тәрбие жұмысы әлеуемттік жағдайы төмен кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамытуға бағытталған, яғни оқушыларға тәрбие жүйесінің ықпалы, негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық тәртібін түзетуге бағытталған.



    Кешкі мектептің негізгі міндеті  – кешкі мектепке түрлі себептермен күндізгі мектепте оқи алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу болып табылады.

    Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі –«проблемалық (қиын)» балалармен жұмыс. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.

    Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

    • Қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

    • Рухани – адамгершілік тәрбиесі.

    • Ұлттық тәрбие.

    • Отбасы тәрбиесі.

    • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

    • Полимәдениеттік және көркемөнер-эстетикалық тәрбие.

    • Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

    • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

    • Діни экстремизм, терроризм, суицидтің алдын – алу.

    Кешкі мектептің ерекшеліктеріне сай оқу процесі мен мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген (37-кете).
    37-кесте. Мектеп әкімшілігі үшін нормативтер



    Бақылау нысанасы

    Нормасы

    1

    Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

    Аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат (директордың орынбасарлары үшін);

    2 аптада 1 сабақ, жылына 17 сағат (мектеп директорлары үшін).



    2

    Сынып журналдарын тексеру

    Тоқсанына 1 рет

    3

    Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-ның орындалуын тексеру

    Тоқсанына 1 рет

    4

    Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

    Жылына 2 рет

    5

    Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

    Жылына 2 рет




    Алфавиттік кітапты тексеру

    Жылына 2 рет

    Кешкі мектеп, кәсіпорындармен келісім бойынша, қосымша білім беру қызметін, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.

    Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.

    Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

    Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
    9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ

    ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    Нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар

    Жаңа оқу жылындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру ерекшеліктері келесідей факторлармен байланысты:



    • «Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу//ҚР 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы;

    • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту// Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;

    • бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңарту// Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 Қаулысы;

    • Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарларына толықтырулар енгізу // ҚР БҒМ 2016 жылғы 30 сәуірдегі №233 бұйрығы.

    «Білім туралы» заңға өзгерістермен және толықтырулармен сәйкестендірілген инклюзивті білім беру ұғымы халықаралық қауымдастық түсіндірмесіне сәйкес нақты көрініс пен түсінікке ие болды.

    Мысалы, жаңадан енгізілген «ерекше білім беруге қажеттілік» термині тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сонымен бірге емханада немесе үйде ұзақ мерзім емделген, эмоцияналдық проблемалары бар балаларға, жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім немесе ата-ана қамқорынан айырылған балаларға, озбырлық көрген балаларға да және т.б. қатысты тиімді қолданылады.

    Жаңа түсірдірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл ерекше білім алу қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім берудің тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды оқыту үшін оңтайлырақ тәсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім берудегі инклюзияның мәнін ашады. Бұл жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, соның ішінде мигрант, оралман балалар, сондай-ақ қоғамға әлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да санаттағы білім алушыларға сапалы білім берудің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін.

    Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

    Қазіргі уақытта негізгі және жоғарғы мектеп оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген.

    Инклюзивті білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру. Білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оларды психологиялық-педагогикалық түзете қолдау:

    1) инклюзивті оқыту сыныптарында;

    2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда іске асырылады.

    Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.

    Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.

    Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.

    Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.

    Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.

    Инклюзивті және арнайы сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын психологиялық-педагогикалық қолдаудың Жеке бағдарламаларымен сәйкес мамандар іске асырады.

    Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

    Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады.

    Психологиялық-педагогикалық қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.

    Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.

    Мигрант, оралмандардың балаларын оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгеру мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

    Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.

    Мұғалімдерге арналған ұсынымдар

    Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне назар аударған жөн. Сонымен қоса мұғалімге жасына сай тұрмыстық міндеттерді шешу үшін балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс.

    Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет.

    Адам және қоғам білім беру саласына байланысты пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда оларды қоғамға бейімдеу және мінез-құлықтарын түзету үшін бұл пәндердің жағымды әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді.

    Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін, жалпы және ұсақ моториканы дамытуын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескерген жөн. Сонымен қоса, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары болғандықтан , олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген маңызды.

    Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс.

    Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.

    Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердегі тәрбие процесі

    Білім беру процесінің ажырамас бөлігі тәрбие мен оқытудың бірлігі қағидасын жүзеге асыру болып табылады.

    Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің ұстанымын «ерекше балаларға» өзгерту болып табылады.

    Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

    2016-2017 оқу жылында 1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.

    Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

    Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек:



    • арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

    • білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

    • әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

    Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

    Білім беру ресурстары мен технологиялары. Білім беру сапасын арттыру барысында жұмыстың маңызды бағыттары білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

    Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22:

    1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.

    2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау.

    3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.

    4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.

    5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.

    6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.

    7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

    8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.



    Каталог: files -> blog
    blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
    blog -> Программа по предмету «Русский язык»
    blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
    blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
    blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
    blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
    blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
    blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
    blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
    blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет