Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus)


-ші тақырып. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері



бет4/54
Дата20.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#139987
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
УМК каз 2021
EF SET Certificate, гульмира арай-1, Дарина тех
2-ші тақырып. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

ХХ ғ. басында Қазақстанның барлық халқын өндірістік қызметіне байланысты шартты түрде үш топқа бөлуге болады: ауыл шаруашылық, сауда-өнеркәсіп және өндірістік емес.


Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының, аграрлық қозғалыстың, жалпы өлкедегi азаттық күрестiң дамуында ХIХ-ХХ ғасырлар шебiнде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды, қоғамдық - саяси қызметiнiң сипаты бойынша зиялылар әр түрлi топтарды бiрiктiрдi, бiрақ оның негiзгi бөлiгiн дәрiгерлердi, адвокаттарды және басқаларын отаршылық-әкiмшiлiктер өкiлдерi құрады.
Патшалық Ресейде басталған революциялық дағдарыстың көріністерінің бірі бүкіл Орта Азияны және Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысын қамтыған болатын. Көтерілістің негізгі себептері: біріншіден, отарлық езгінің күшеюі, екіншіден, жерді алып қою (1916 ж. патша қазақтарды 40 млн. десятина ең шұрайлы жерлерінен айырды) және патшалықтың ауқымды қоныс аудару саясаты (1897-1916 жж. Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару саясатын жүргізу нәтижесінде 1301 мың шаруа қоныс аударды.); үшіншіден, салықтар мен алымдар көбеюі (күштеп Қазақстаннан мал жіберді, патша әскері үшін салықтар алынды т. б. әскери салықтары енгізілді); төртіншіден, бай ауылының қатардағы мал шаруашылықтарын пайдаланудың өсуі, болыс және ауылдық старшиналарды асыра пайдалану; бесіншіден, соғысқа байланысты жағдайдың күрт нашарлауы (соғыс өнеркәсіптің құлдырауын, ауыл шаруашылығының құлдырауын, көлік дағдарысын тудырды).); алтыншыдан, орыстандыру саясаты, ұлттық араздықты тұтандыру: жерді жаппай алу, қазақтарды кемсіту қазақ пен орыс арасындағы этникалық қақтығыстарды күшейтті.
Қозғалыстың негізгі кезеңдері: бірінші кезең-1916 ж. жазынан бастап көтерілістің басталуы; көтерілістің екінші кезеңі, оның шыңы күзге-1916 ж. қыстың басына келеді; үшінші кезең-1917 ж. ақпан төңкерісінен кейін көтерілістің құлдырауы. Қазақстанда маңызды аймақтарды қамтыған көтерілістің бірнеше ошағы болды. Көтерілістің жеңілуінің басты себептері оның стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі, патшалы әскердің күші басымдығы, бірыңғай басқарушы және ұйымдастыру орталығының болмауы болды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихында ерекше орын алады. Көтеріліс антиколониалды және антимпериалистік сипатына ие болды, Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды, Қазақстан халықтарының ұлттық сана-сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды. 1917 жылы, Ақпан буржуазиялық – демократиялық төңкерістің нәтижесінде, Романовтар әулетінің 300-жылдық басқаруы аяқталды. Бұл революцияның басты қорытындысы болды. Қазақстанда төңкерісті қолдау үшін митингілер мен жиналыстар өтті.
Елде екі билік құрылды: буржуазия диктатурасының Уақытша үкіметі-органы және жұмысшылар, солдаттар, шаруа депутаттарының Кеңестері - жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасының органы. Қазақстанда, бүкіл елдегідей, 1917 жылдың наурыз және сәуір айларында Уақытша үкімет органдарымен қатар Семей, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Павлодар және т. б. жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Кеңестері пайда болды.
Уақытша үкімет аграрлық және ұлттық саясатын жалғастырды. Қазақстанда жерді алып қою және 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды қудалау жалғастырылды. Облыс басшылығына бұрынғы патшалық шенеуніктер, сондай-ақ Қазақ ұлттық интеллигенциясының өкілдері қойылды. А. Бөкейханов Түркістан облысы Уақытша үкіметінің комиссары, ал М. Тынышпаев Жетісу облысы, М. Шоқай Түркістандағы комиссары болып тағайындалды.
1917 жылдың наурыз айында өлкедегі белсенді қызмет барлық облыстар мен уездерде іс жүзінде әрекет еткен социал-демократтар, большевиктер өрістеді. 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында өлкеде 25 жұмысшы, шаруа және солдаттық депутаттардың Кеңестері құрылды.
1917 жылдың көктемінде барлық облыстарда съездер өтіп, онда Қазақстанның алдағы тағдыры талқыланды. 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында Орынбордағы бірінші жалпы қазақ съезінде (1917 жылдың 21-28 шілдесі) ұзақ дайындықтан кейін партияны ұйымдастыру, бағдарламаны әзірлеу және үміткерлерді Құрылтай жиналысына ұсыну туралы шешім қабылданды. 1917 жылдың 5 қазанында "Алаш" пратиясы құрылды, ал сол жылдың 21 қарашасында "Қазақ" газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жазушылар Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжанов.
Партия бағдарламасы 1917 жылдың желтоқсанында екінші жалпы қазақ съезінде қабылданған Қазақстанның демократиялық Ресей құрамындағы ұлттық-аумақтық автономиясының, жалпыға бірдей сайлау құқығы, сөз бостандығы, баспасөз, одақтар, жеке басына қол сұғылмаушылық, аграрлық мәселенің қазақ пайдасына өзгеруі талаптарын қамтиды. Ташкенттегі аймақтық конференция 1917 жылдың тамызында Қазақ автономиясының түбегейлі жобасын жасап, М. Шоқай редакторы болған "Бірлік туы" газетін жалпыұлттық орган ретінде құруды ұсынды.
1917 жылы Орынбор қаласында "Еркін дала" ("Свободная степь"), Омбы қаласында "Бірлік" ("Единство"), Орал қаласында "Жас қазақ" ("Молодой казах"), Троицк қаласында "Үміт" ("Надежда") және басқа қалаларда 20 - ға жуық үйірмелер мен ұйымдар құрылды.
Уақытша үкіметтің дағдарыстан шығуға қабілетсіздігі революциялық ашудың өсуіне себеп болды: жаппай демонстрациялар сәуір айында, 1917 жылдың шілдесінде өтті. 1917 жылы 24 қазанда Петроградта большевиктер дайындаған қарулы көтеріліс басталды. Екінші күні көтерілісшілер, сарбаздар мен матростар ел астанасының маңызды нысандарын басып алды. Петроградтық кеңестің Әскери-революциялық комитеті 25 қазан Уақытша үкіметтің құлауы және оның қолына биліктің толығымен өтуі туралы жариялады. Осылайша Петроградта, содан кейін бүкіл ел бойынша жаңа билік орнады. Елді басқаруға большевиктер партиясы (РСДРП (б) келді.


Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 8, 11, 14 16]
Қосымша әдебиет: [ 27, 28, 29, 30, 31, 32, Электр. әдеб 49, 52]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет