Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру


Оқушылардың мәтінді оқудағы мақсаттары немесе оқылымның ішкі дағдылары



бет3/7
Дата24.09.2023
өлшемі1,24 Mb.
#182223
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19.11.21. Қапшағай
Австралия, эссе 9 сынып, Тест тапсырмасы 3 вариант, Баяндама 1 Игисенова Б.Р. Қонаев қ. (1)
Оқушылардың мәтінді оқудағы мақсаттары немесе оқылымның ішкі дағдылары:
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
Нақты ақпараттарды табу үшін оқу– мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
Сөз мағынасын контекстен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
Жоғарыда аталған оқылымның ішкі дағдыларын мұғалім мақсатқа сай тапсырма түрін құрастыруда басшылыққа алуы тиіс
Мәтінде қолданылатын мәнмәтіндер оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі тақырып, сөйлем құрылымы тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.
Мәтін таңдауға қатысты нұсқаулықтар
Мәтін қызметі:
Ақпараттық.
Аргументтелген.
Мәтін құрастыруға лайық тақырыптары:
1. табиғат, экология
2. салауатты өмір салты
3. патриотизм
4. адамгершілік тәрбие
5. мәдениет пен дәстүр
6. өнер
7. жалпы және ұлттық мерекелер
8. хобби
9. мифтер мен аңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет