Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру


Бала түсініп оқудың тәсілін үйренген кезде, оның қиялы жұмыс істей бастайды, іздену, шешу, салыстыру, зерттеу дағдылары қалыптасады, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысы дамиды



бет5/7
Дата24.09.2023
өлшемі1,24 Mb.
#182223
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19.11.21. Қапшағай
Австралия, эссе 9 сынып, Тест тапсырмасы 3 вариант, Баяндама 1 Игисенова Б.Р. Қонаев қ. (1)

Бала түсініп оқудың тәсілін үйренген кезде, оның қиялы жұмыс істей бастайды, іздену, шешу, салыстыру, зерттеу дағдылары қалыптасады, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысы дамиды.

1)Түсініп оқудың қарап шығу түрі мақсаты: белгілі бір ақпаратты немесе фактіні іздеу.

Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетеді, асырайды. Оларға жем, су береді, қора салады. Үй құстары көктемде балапан шығарады. Үй құстарының пайдасы көп. Адамдар жұмыртқасын, етін пайдаланады. Құстардың мамығынан жастық, көрпе жасайды.

Осы мәліметтер негізінде кестені толтырыңдар.


Үй құстарына не жатады?

Үй құстардың пайдасы неде?

2) Кіріспе оқу мақсаты: мәтінде негізгі ақпаратты анықтау. Тапсырма: тұжырымдардың рас немесе жалған екенін анықтаңдар.


А) Мереке жаңа жылға арналған –
Ә) Ән айтатын, би билейтін бабаларға Аяз ата сыйлық береді –
Б) Қонақтар болады –
В) Алты жасқа дейінгі балаларға арналған –
Г) Бағасы 1000 теңге –

3) Зерттеп шығу мақсаты: толық және нақты ақпаратты іздеу және оны әрі қарай түсіндіру. Ең біріншіден тек басты ақпаратқа назар аударылады, жанама ақпарат маңызды емес.


Қазіргі уақытта оқушылар үшін негізгі дереккөз – ғаламтор, өйткені ақпаратты жылдам табады. Ғаламтор арқылы адамдар бір-бірімен хабарласады, электронды кітаптар оқиды, түрлі фильмдер көреді.
Ғаламтордың пайдасы көп, алайда зиянды жақтары да бар. Балалар ойындар ойнап, көп уақытын жоғалтады. Ғаламтордың алдында ұзақ отыру денсаулыққа қауіпті. Көбінесе көру қабілеті төмендейді, баланың психикасына кері әсер етеді. Мектеп оқушысы үшін ғаламторды пайдалану уақыты күніне 3-4 сағаттан аспау керек.
Қалай ойлайсыңдар, оқушылардың ата-аналары белгі қойып, нені анықтағысы келді?
1.Ақпаратты жылдам табады
2.Бір-бірімен хабарласады
3.Кітап оқиды
4.Ұзақ отыру денсаулыққа қауіпті
5. Көру қабілеті төмендейді
6. Психикаға кері әсер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет