Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында тұтас және тұтас емес мәтіндермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру


Мәтінге ұсынылатын сұрақтар мен тапсырмалардың жіктелуі



бет4/7
Дата24.09.2023
өлшемі1,24 Mb.
#182223
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19.11.21. Қапшағай
Австралия, эссе 9 сынып, Тест тапсырмасы 3 вариант, Баяндама 1 Игисенова Б.Р. Қонаев қ. (1)

Мәтінге ұсынылатын сұрақтар мен тапсырмалардың жіктелуі:

Көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар:

1) берілген бірнеше нұсқадан дұрыс жауапты таңдау;

2) мәтін мазмұнына сәйкес келетін/сәйкес келмейтін немесе мәтінге қатысы бар/қатысы жоқ тұжырым нұсқаларын анықтау;

3) мәтін мазмұна қатысты мәліметтің жалған немесе рас екенін айқындау.

Сәйкестікке құрылған тапсырмалар:

1) Сұрақ, тақырып, тұжырым, жоспар тармақтары, суреттер, белгі, схема, диаграммалардың және мәтін бөліктерінің (қысқа мәтіндер) арасындағы сәйкестікті табу;

2) мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді анықтау;

3) суреттер мен схемаларды, т.б. анықтау;

4) берілген сөздерді мәтіндегі сөздермен (сөз тіркестерімен) сәйкестендіру (синонимдерді/антонимдерді анықтау)


Мәліметті толықтыруға арналған тапсырмалар:
1) мәтіндегі бос орындарды сөйлемдермен/сөз тіркестерімен/сөздермен толықтыру;
2) Сөйлемді толықтыру (аяқтау).
Мәліметті көшіруге құрылған тапсырмалар:
1) оқыған мәтіні бойынша кестені толтыру;
2) оқыған мәліметі бойынша кестені/схеманы толықтыру.
Өзгерген мәтіндерді қалпына келтіруге арналған тапсырмалар:
- мәтіннің шатасқан бөліктерін реттілігін сақтап орналастыру.
Түсініп оқу технологиясы
Түсініп оқу дегенімізшығарманың ақпараттық, мағыналық және идеялық жақтарын түсінуге қол жеткізілетін оқу сапасы.
Түсініп оқытудың мақсаты – мәтіннің мазмұнын толық түсіну, барлық детальдарды назарға алу, алынған мәліметтерді толығымен ұғу.

Түсініп оқу стратегиясы арқылы оқушылардың келесі дағдылары қалыптасады:

  • Мәтінді түсіну
  • Талдау
  • Салыстыру
  • Мәтінге өзгерістер енгізу.
  • Технологияның түрлері:

  • қарап шығу
  • кіріспе оқу
  • зерттеп шығу
  • рефлексивті

Бала түсініп оқудың тәсілін үйренген кезде, оның қиялы жұмыс істей бастайды, іздену, шешу, салыстыру, зерттеу дағдылары қалыптасады, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет