Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет3/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Джон Мейнард Кейнс
(1883-1946) саналады. Оның 1936 жылы 
шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның жəне пайыздың жал-
пы теориясы» деген еңбегі негізінде макроэкономика өз ал-
дына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Джон Кейнс өзінің осы 
еңбегінде нарықтық экономикада үлкен жұмыссыздық пен іске 
асырылмаған өндірістік қуаттардың тұрақты жағдайы орын алуы 
мүмкін екендігін айтты, бірақ осындай жағдайда мемлекеттің 


9
дұрыс ұйымдастырылған жəне жоспарланған бюджет-салық жəне 
ақша-несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта 
жəне экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете 
отырып, ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөнін-
дегі мəселелерді дəлелдеуге тырысты. Кейнс біртұтас жүйе ретін-
дегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін де 
дəлелдеді. Кейнстік экономикалық теория макроэкономика жəне 
экономикалық саясат салаларында аса басымды бағыт болып 
саналады. Осыған сəйкес, макроэкономиканың ғылым ретінде 
дамуының бастапқы импульсі Дж. М. Кейнстің экономикалық 
идеялары болғанын айта аламыз.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардан бастап 
60-жылдарға дейін макроэкономикалық саясаттағы кез келген 
талдау кейнстік қағидаларға сүйенді. Кейнстің қалыптастырып 
кеткен идеяларын, оның ізбасарлары – неокейнстік бағыттың 
негізін салушылар – 
Джон Хикс, Элвин Хансен, Пол Самуэль-
сон, Рой Харрод, Евсей Домар
сияқты ғалымдар ары қарай да-
мыта түсті.
Бірақ уақыт өте келе пайда болған жаңа теоретикалық бағыттар 
кейнстік экономикалық теорияның маңызын төмендете бастады. 
Кейнстік бағытқа қарсы аса салмақты түрде сын айтушы оппо-
нент – монетаризм теориясы қалыптасты. Оның негізін салушы 
америкалық экономист 
Милтон Фридмен
(1912-2006) болды.
«Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норве-
гиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет