Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет5/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Макроэкономика
бұл экономикадағы агрегатталған (ірілен-
ген, біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен 
көрсеткіштерді зерттейтін ғылым, яғни ұлттық экономикадағы 
агрегатталған мінез-құлықтар мен тəртіптерді зерттейтін ғылым.
Макроэкономика 
– бұл əлемде болып жатқан ғаламдық эко-
номикалық мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық эконо-
микамен өзара байланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерек-
ше ғылым.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пəнін 
негізгі төрт макроэкономикалық мəселелермен байланысты 
ра-
ды. Олар берілген негізгі анықтамалардан туындайды: 
жұмыс-
бастылық, инфляция, экономикалық өсу 
жəне
 төлем балансы. 
Макроэкономиканың зерттеу пəні 
– негізгі макроэко 
но-
микалық мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы 
біртұтас жүйе ретіндегі əрекет ету заңдылықтары. Алайда макро-
экономика осы төрт мəселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тəн 
басқа да мəселелер бар.
Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мəселелері: 
1. Тұрақты экономикалық өсу жəне оның қарқыны; 
2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жəне оған қол жеткізудің 
жолдары;
3. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері; 
4. Жұмысбастылық деңгейі жəне жұмыссыздық мəселесі;
5. Бағалардың жалпы деңгейі жəне инфляция мəселесі; 
6. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі жəне ақша айналымының 
мəселесі; 
7. Мемлекеттік бюджет жағдайы; 
8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жəне мемлекеттік 
қарыз мəселелері; 


12
9. Халықты əлеуметтік қорғау мəселелері;
10. Төлем балансының жағдайы жəне валюта бағамының 
мəсе лелері; 
11. Ел ішіндегі ұлттық нарықтардың жағдайы жəне олардың 
сырт қы ортамен байланысы;
12. Тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу мəселелері.
Жалпы алғанда, макроэкономика курсының мазмұны осы 
аталған макроэкономикалық мəселелердің мəнін ашуға жəне 
оларды шешуге негізделеді. Осымен бірге, сол макроэкономика-
лық мəселелердің үнемі тұрақты түрде бір-бірімен орын ауыс-
тырып отыратындығын да есепке алған жөн, сол себепті 
микроэкономикаға қарағанда, макроэкономиканың зерттеу пəні 
мен объектісі əлі толық анықталмаған ғылым ретінде деп санап, 
ылғи да өзгеріске ұшырап отыратындығын айтып өтуіміз керек. 
Қазіргі уақытқа дейін əртүрлі макроэкономикалық мектептер ма-
кроэкономика курсының мазмұны мен құрылымын əр қырынан 
түсіндіріп келеді. Көптеген макроэкономикалық əдебиеттерде 
негізгі макроэкономикалық мəселелерді қарастыру тəртібі 
əртүрлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет