Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


теуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің  шамасына əсер ету əдісі. «NAIRU»



Pdf көрінісі
бет314/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

405
теуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің 
шамасына əсер ету əдісі.
«NAIRU» 
(Non-Accelerations-Infl 
iacion Rate of Unemployment)
түсінігі – инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың деңгейі 
немесе ин 
фляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалыпты 
деңгейі.
Нақты валюта бағамы 
– екі елде өндірілген тауарлардың са-
лыстырмалы бағасы.
Нақты ЖҰӨ 
– бағалардың өзгерісін есепке алатын жəне базистік 
бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
Нақты пайыздық қойылым 
– инфляция деңгейіне байланысты 
пайыз түрінде алынатын табыстың сатып алушылық қабілеті.
Нақты шығындар 
– фирмаларға сату деңгейінде тосыннан болған 
өзгерістер бола қалған жағдайында тауарлық-материалдық қорларға 
жос 
парланбаған инвестициялар салуға мəжбүрлейтін қосымша 
шығындар.
Нақты экономикалық өсу 
– статистикалық органдардың 
кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макро-
экономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі.
Нормативтік талдау
– ұлттық экономиканың дамуы үшін қандай да 
бір аспектілердің жəне жағдайлардың қолайлылығын немесе қолай сыз-
дығын анықтайтын ұсыныстық жəне баға берушілік сипатқа ие əдіс бо-
лып табылады.
 
Озғыш,
немесе алдыңғы қатарлы параметрлер – жандану (құл-
дырау) фазасы орындалғанша дейін өзінің максимум (минимум) 
нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметрлер. Бұларға мыналар жа-
тады: өнеркəсіптегі жұмыс аптасының ұзақтылығы, үстеме жұмыс 
сағаттарының орташа саны, қайта құрылатын іскерлік кəсіпорындардың 
саны, қорлардағы өзгеріс тер, жаңа құрылыстық келісімшарттарының 
саны, қор рыноктарының индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша 
массасының өзгеруі.
Оңтайлы күтімдер 
(рациональные ожидания) – экономикалық 
субъ ек тілердің өздерінің инфляциялық болжамдарында қолдарындағы 
бар ақпаратты неғұрлым ұтымды пайдалана алу мүмкіндіктері жəне 
олар өз есептеулерінде қателеспейді деген болжамдар.
Орталық банк 
– үкіметтің қарыздық жəне несиелік операцияларын 
ұйымдастырудың делдалы, ақша нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз 
ететін банк жүйесінің басты буыны.
Оукен заңы
- жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара бай-
ланысты сипаттайтын құбылыс, яғни жұмыссыздықтың нақты деңгейі 


406
өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі əлеуетті 
ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Оукен заңы игіліктер нарығы 
мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Оукен қисығы 
– ұлттық өндіріс көлемі мен жұмыссыздықтың 
нақты деңгейі арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын Оукен 
заңының графикалық көрінісі.
Өтімділік 
(ликвидтілік) – аса маңызды макроэкономикалық ка-
тегория ретінде ақшалармен тығыз байланысты, ол ақшаның ерекше 
қасиетін жəне белгісін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет