Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет322/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Фрикциондық жұмыссыздық 
– адамдардың əртүрлі өмір 
кезеңдерін 
де бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты 
түрде ауысып оты 
руына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі 
еркін жұмыссыздық.
Фритредерлік 
(ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат – 
ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдайтын 
мемлекеттің еркін сауда саясаты.
 
Халықаралық сауда 
– əртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашы-
лықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы.
Халықаралық экономика
– макроэкономиканың ашық эконо-
микада ғы мəселелерді қарастыра отырып, əлем елдері арасында тауар-
лар мен қызметтерді сату-сатып алу, қаржылық қатынастар жəне өндіріс 
факторларымен өзара алмасу саласындағы іс-əрекеттерді зерттейтін 
бөлімі.
Хекшер-Олин теоремасы 
– егер халықаралық сауданың кезкел-
ген қатысушысы өз əріптестеріне қарағанда қандай да бір фактордың 
үлкен көлеміне ие бола отырып, сол факторды тауарлар өндірісінде 
интенсивті түрде қолдана алса, онда ол сол тауарларды экспорттауға 
тырысады дегенді сипаттайтын теориялық дəлелдеме.
Циклдік бюджет тапшылығы 
– нақты бюджет тапшылығы мен 
құрылымдық бюджет тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі 
бюджет тапшылығының бір түрі. Циклдік тапшылық экономикалық 
белсен діліктің ауытқу себептерімен түсіндіріледі.
Циклдік жұмыссыздық 
– өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе 
жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез келген маман-
дық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздық-
тың аса ауыр түрі.
Шектеуші ақша-несие саясаты
(несиелік рестрикция) – эко-
номиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін 
қысқартуға жəне ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.
«Шығындар» инфляциясы 
(ұсыныс) – өндіріс шығындарының 


413
жəне ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын 
дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын 
білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   325




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет