Оқулық Алматы, 2003 ббк 28. 073 ф 16 ф 16 Фазылов С. Д., Молдахметов З. М., Ғазалиев А. М



бет14/15
Дата08.06.2018
өлшемі1,5 Mb.
#41653
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ПОПУЛЯЦИЯЛАР

Популяциялар ішіндегі және популяциялар арасындағы байланыстар олардың тұтастыгын сақтаудың негізгі механизмі қызметін атқарады. Популяцияның метаболикалық тұйықталған жүйе емес екендігі анықталған. Ал биоценоз болса - метаболикалық өзіне өзі тұйықталған, яғни биоценоздың ішінде заттар айналымы көрші биоценоздың қатысуынсыз жүре бере алады. Солай болса да биоценоздардың тұрақтылығы көршілес биоценоздармен әрекеттестікке де және олардың ішкі құрылымына да тәуелді.

Популяциялық-биоценотикалық деңгейде оны құрайтын мүшелердің әрекеттестігі шешуші роль атқарады. Бұл әрекеттестіктің трофикалық сипаты бар, яғни популяциялар немесе биоценоздар арасында заттар және энергия алмасуы жүзеге асады.

Популяциялық биологиядағы эволюциялық бағыт микроэволюция туралы ілімнің, яғни салыстырмалы тұрғыда қысқа мерзім ішінде шектелген аумақтарда отетін, популяцияларда жүретін және одан түр пайда

198

болатын құбылыстарды қамтитын эволюциялық процестер туралы ілімнің дамуымен байланысты.



7.11. Биосфералық деңгей

Биосфера туралы В. И. Вернадский (1863-1945) құраған пікірлер жүйесі бүгінде (әсіресе, отандық ғылымда) жалпыға танымал.

Вернадскийдің өзі Ж.-Б.Ламаркке сілтеме жасап, "ол бізге біздің ғаламшарымыздың тарихындағы биосфераның ролі туралы түсінікті берді" дейді. Алайда, Ламарк биосфера терминін еш жерде қолданған жоқ, ол озінің "Гидробиология" деген еңбегінде (1802 ж) тек қана "жер шарының бетіндегі оның қыртысын жасайтын барлық заттар тірі ағзалардың әрекеттерінің арқасында қалыптасқан" деген.

Бүл идеяны ХУІІІ-ХІХ ғасырлардың көптеген ғалымдары қолдады. Мысалы, неміс жаратылыс зерттеушісі А. Гумбольд өзінің "Табиғат керіністері" (1826 ж.) деген еңбегінде "тіршілік күші" деген үғымды енгізеді. Бүл үғым ауада, теңіздер мен құрлықта өтіп жатқан процестерді, сонымен қатар бүкіл органикалық дүниені де бірыңғай тұтас жүйеге біріктіретін Жердің өзгеше қабатын білдіреді. Кейінірек, 1869 жылы неміс агрономы Ф. Ратцель Жердің бетін тіршілік кеңістігі деп атады, ал француз географы Э. Реклю өзінің "Жер" деген еңбегінде Жер бейнесін өзгертудегі тірі ағзалар әлемінің ролін әсерлі де көркем суреттеп берді.

Осылайша, Ламарктан бастаи, ғылымда біздің ғаламшарымызда тіршілік болатын белгілі бір кеңістік бар екендігі туралы ұғым пайда болды. Бұл кеңістікті атауға ұсынылған барлық терминдердің ішінен тек біреуі ғана - тек биосфера ұғымы бекіді, мұның авторы австриялық ғалым Э. Зюсс еді (1875 ж.). Ол бүкіл өмірі бойы биосфера терминінің анықтамасын дәлелдеп, толықтырды және 1919 жылы биосфераны "агзалардың кеңістік пен уақытта шектелген және Жер бетін мекендейтін жиынтығы" деп бейнеледі.

Алайда, Зюсс биосфераның геологиялық ролі мен оның Жердің ғаламшарлық факторларына тәуелдігі ту-

199

ралы ештеңе айтпады. Бүкіл органикалық әлемнің "бірыңғай бөлінбейтін тұтастығы" түріңдегі жиынтығымен берілген "тірі заттың" геологиялық қызметгері туралы идеяны алғаш рет 1919 жылы В. И. Вернадский ұсыңды.



7.11.1. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі

1919 жылы В. И. Вернадский тірі затқа өзінің ең алғашқы анықтамаларының бірін берді: "Мен тірі затты өсімдіктер мен жануарлардың, оның ішінде адамды қоса алғандағы барлық организмдердің жиынтығы деп түсінемін". Кейінірек бұл анықтаманы нақтылай түсті. Анықтаулар энергияның әр түрлі формаларының қайта өзгеруі туралы пікірлерге, олардың "тірі заттың" өмір сүруіндегі ролі мен "тірі заттың" Жердегі химиялық элементтер тарихындағы роліне қатысты болды. Вернадский бойынша тірі зат - бұл химиялық элементтер тарихын ағзалар мен адамның эволюциясымен, сондай-ақ бүкіл биосфераның эволюциясымен байланыстыратын түйін.

Тірі материяның өліден өзгеше белгілерін айыра отырып,

В. И. Вернадский - Л. Пастердің пікірлеріне сүйеніп, тірінің негізгі ерекшелігін оның молекулаларының құрылысының диссиметриясынан көрді. Ол "тіршілікпен байланысты қосылыс-тарда бір ғана антипод көбірек немесе тек сол ғана болады" деп анықтайды, яғни бір стереоизомер теріс айналымды немесе оң айналымды болады. Естеріңізде шығар, молекулярлық диссиметрияның негізгі биологиялық мәні - молекулалар әрекеттестігі кезіндегі молекулярлық-кеңістіктік сәйкестікті қамтамасыз ету. Ерітінділердің оптикалық қасиеттері (ерітінді жүтатын жарық поляризациясы жазықтығының оңға немесе солға айналуы) зерттелуші заттың молекуласындағы атомдардың кеңістіктік орналасуына тәуелді екені белгілі, мұның өзінде дихроиттік айналу белгісі жарықты жүтушы молекуланың бөлімшесі - хромофордың "бүралу" бағытымен тікелей байланысқан.

Тірі заттың мұндай негізгі қасиетінің пайда болуына келсек, Пастер тәрізді Вернадский оны ғаламшарлық емес, ғарыштық

200


құбылыс ретінде, тірі материяларға ғарыштық тұрғыдағы факторлармен "жіберілген" құбылыс ретінде қарастырады.

Біздің ғаламшарымыздағы тіршіліктің пайда болу себебін де ол ғарыштық деп санады. Ол 1668 жылы итальяндық ғалым Ф. Реди тұжырымдаған принципті ұстанды: "Барлық тірі тек қана тіріден шығады". Білімі бойынша геолог В. И. Вернадский Жер тарихының гоеохимиялық нәтижелерін зерттей отырып, сенімді түрде жер тарихында тіршілігі жоқ геологиялық дәуірлер болмаған деп айта алады: "...Тіршілік әрқашан да болған және оның бастауы болмаған".

Бұндай негіз болатын тезистерді ол әрі қарай анықтай түсті. Мәселен, 1940 жылы Вернадский былайша тұжырым жасайды:

1. Еш жерде және жер қыртысында жүріп жатқан немесе бір кезде орын алған құбылыстардың ешқайсысында тіршіліктің өздігінен пайда болуының іздері табылған емес.

2. Өзінің көріністерімен және өзінің сан мөлшерімен бізге белгілі болып отырған тіршілік сонау геологиялық шөгінділердің пайда болу уақытынан, архей дәуірінің заманынан бар.

3. Зерттелген жүздеген мың әр түрлі түрлердің арасында генезисі Реди принципіне келмейтін бір де бір ағза жоқ.

Вернадский ііршілікгің пайда болуын Жер бетінен тысқары "шығарады". Жаратылыстанудың бүгінгі дамуы квп жағынан

В. И. Вернадский идеяларын дәледдеңді.



7.11.2. Тірі ағзалардың әр алуандығы - биосфера

құрылысы мен тұрақтылығының негізі

"Биосфера — бұл орасан зор бір механизм". Бұл тезистің авторы микробиолог С. Н. Виноградский еді. Оның "Тіршіліктің жалпы айналымындағы микробтардың ролі" деген еңбегінің мәні Пастердің даналық идеясын дәлелдеуде болды: "Ажал жүмысының барлық сатылары тіршілік қүбылыстарымен себептелген". Микробтар эрекетінің арқасында әр алуан

201

элементтердің ғаламдық айналымы қалайша жүретініне талдау жасап, С. Н. Вернадский бұл идеяның мызғымастығын көрсетті. Оның жұмысынан орасан зор қорытынды шығады: "игілікті қызмет атқаратын" микробтар болмаса, біздің ғаламшарымыз "ажал қал-дықтарының" астына, яғни тіршіліктің шірімеген сүйек-мүрделерінің астына көміліп қалар еді.



Виноградскийдің пікірлері В. И. Вернадский теориясының постулаттарымен толығынан сәйкес келеді. Ғалым осылардың көмегімен бастапқы биосфераның құрылымы мен қызметін түсіндіретін оның теориясының бес постулатын келтірейік.

Бірінші постулат: "Биосфераның әуел басынан оған енетін тіршілік біртекті зат емес, бірден күрделі дене болу керек болатын, өйткені оның өмірімен байланысты биогеохимиялық қызметтері әр алуандығы мен күрделілігі бойынша тіршіліктің қандай болмасын бір түріыің жазымышы болуы мүмкін емес". Айтылғанның мағынасы түсінікті: алғашқы биосфераға оуел бастан әр алуан бай әрекеттер тән болған.

Екінші постулат: "Ағзалар жеке-жеке емес, топтық әсерде байқалады... Тіршіліктің алғашқы пайда болуы ағзалардың қандай болмасын бір түрінің іууы емес, олардың жиынтығының өмірге келуі түрғысывда жүзеге асуы керек болатын, бұл тіршіліктің геохимиялық әрекетіне сәйкес келеді. Бірден биоценоздар пайда бо-луы керек еді".

Үшінші постулат: "Тіршіліктің жалпы монолитінде оның құрамдас бөліктері қаншалықты өзгерсе де, олардың химиялық қызметтері морфологиялық озгерістерге ұшырауы мүмкін емес еді". Келтірілген постулаттардың мәні мынада: алғашқы биосфера биоценоздар типтес ағзалардың "жиынтықтары ретінде көрсетіледі, солар өз кезегінде геохимиялық өзгерулердің негізгі "әрекет етуші күші" болған. Морфологиялық өзгерістер, яғни олардың құрылысындағы өзгерістер олардың ғаламдық "химиялық қызметіне" ықпал етпейді.

Төртінші постулат: "Тірі ағзалар ... өзінің тыныс алуымен, өз қоректенуімен, өзінің метаболизмімен... ұрпақтардың үздіксіз ауысуымен... орасан ғаламшарлық құбылыстардың бірін... -

202


химиялық элементтердің биосферадағы мигарциясын тудырады", сондықтан да "миллиондаған жылдардың барлық өткен үрдісінде тек сол минералдардың пайда болуын көреміз, барлық уақытга іа химиялық элементердің қазір біз көріп отырған циклдері жүрген".

Бесінші постулат: "Тірі заттың биосферадағы барлық қызметтерін қарапайым бір жасушалы ағзалар орындай алуы мүмкін".

Биосфера дәл қандай геохимиялық қызметтерді орындады, В.И. Вернадскийдің мұнымен не айтқысы келді? Оларға атауды ол өзі береді: газдық, оттегілік, тотықтырғыштық, кальцийлік, қалпына келтірушілік, органикалық қосылыстарды бүлдіру, қалпына келтірушілік ыдырату, концентрациялық, метаболизм және тыныс алу. Көріп отырған боларсыздар, қызметтер түрі жеткілікті-ақ. Осы қызметтердің бар болып жүзеге асуының арқасында биосферада біздің ғаламшарымыздын қабықтарының қалыптасуы жүрді: атмосфераның, гидросфераның, литосфера мен геосфераның. Қазіргі биосфера туралы ғылым бұл қызметтерді бес категорияға топтастырады.



Вернадскийдің биосфера туралы түжырымдамасы ұзақ уақыт бойы ауызға алынбады, өйткені ол сол кезде үстем болған А.И.Опариннің догмасына сәйкес келмеді, ол бір түрлерді басқаларына - "көбірек бейімделгендеріне" ауыстыру жолымен тірі материяны бірте-бірте морфофункционалдық күрделендіру иде-ясына сендіреді.

В. И. Вернадскийдің ежелгі де, қазіргі биосфераның да құрылымы мен қызметтері туралы идеялары-

203

ның шынайы қайта тууы 70-жылдардың ортасында орыс биологы



Г. А. Заварзиннің еңбектерінің арқасында жүзеге асты. Оның басты тұжырымы - биосфераның қалыптасуы мен өмір сүруінің негізгі факторы көп жақты трофикалық байланыстар болған және болып қала береді, бұлар бұдан кем дегенде 3.4-3.5 млрд. жылдар бұрын қалыптасқан және Жер қабықтарындағы элементтер айналымының сипаты мен масштабын анықтаған.

Айтылғаннан шығатыны - тірі табиғаттың биосфералық деңгейде өмір сүруін түсінудегі басты ролді экологиялық фактор атқарады. Тірінің "бірыңғай бүтін" ретінде, "тіршілік тұтастығы" ретінде өмір сүруі мен сақталуының шарттары туралы айтқанда В. И. Вернадский шешуші ролді дәл осы экологиялық факторға бөлген. Биосфера тіршілік құрудың жаңа формасына — ноосфера қалпына ие болған кезде экологиялық фактордың ролі ерекше айқын көрінді.

7.11.3. Ноосфера ұғымы.

Биосфераның ноосфераға ауысуының сөзсіздігі

Жоғарыда айтылғанның бәрі тіршіліктің өзі жасаған және басқарған нағыз "өмір тұтастығы" ретінде болып тіршілік кешкен, өзінің табиғи қалпындағы биосфераға қатысты болды. Биосфераның бас құраушысы - адам пайда болғаннан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ол өзін биосфераны қайта құруды бастаған қуатты геологиялық күш ретінде көрсетті: ноосфера дәуірі басталды.

Ноосфера терминін 1927 жылдың өзінде француз ғалымдары мен философтары Э. Леруа мен П. Тейяр де Шарден ұсынған болатын. Олар бұл атауға ерекше мазмұн берді: оны ғаламшарды бүркеген биосферадан жоғары небір "ойлау қабаты", бірыңғай жамылғы ретінде түсіндірді. В. И. Вернадский өз зерттеулерінде ноосфераны ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігі деп түсіндірді. Биосфера

204


тәрізді, ноосфера да Жердің барлық салаларына ықпал ететін геологиялық күш екенін дәледдеді.

Осылайша, В. И. Вернадский тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара бір-біріне ықпалы туралы ілімді кеңейтті. Биосфераға ноосфераның әсер етуі проблемаларын экология түсініктерімен байланыстырып дамытты.

Қазіргі кезде ноосфсра деп дамудың негізгі әсер етуші факторы болып адамның саналы әрекеті қарастырылатын адам менен табиғаттың өзара әрекеттесу аймағын түсінеді. Ноосфераның құрылымына оның бөлімдері ретінде адамзатты, қоғамдық жүйелерді, ғылыми білімдердің жиынтығын, биосферамен біртұтастықтық жағдайдағы техника мен технологияның мөлшерін жатқызуға болады.

В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі бойынша тірі заттар Жердің жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай әрекеті біртіндеп өсе түседі де, адамзат негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар планетамыздың эволюциялық дамуына өздерінін тікелей жауапкершілікті екенін ұмытпау керек. Осы тезисті дұрыс түсіну адамзатқа өзінің болашақта өмір сүруіне қажет. Ал плане-тамыздың қалай болса солай дамуы биосфераны адамның өмір сүруіне жарамсыз етуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да адамзат табиғаттан қажеттілігін алуда оны биосфераның мүмкіншілігімен әрқашанда санасқан жөн.

Биосфераға әсер ету биосфера мен қоғамның эволюциялық даму барысында саналы түрде реттеліп отыруы керек. Біртіндеп биосфера дамуы бағытталған сипаттағы ноосфераға айналады.

Міне осы ойлардан биосфераның, табиғаттың, ноосфераның эволюциясының, адамның олармен байланыстығының күрделілігін коруге болады. В. И. Вернадский кезінде адамзат осы кезеңге енді ғана аяқ басты деп көрсетіп отырды.

В. И. Вернадский еңбектерінің адамзат үшін орасан мәңі бар. Олардың нәтижесінде экология таза биологиялық саладан тек қана ғылыми-жаратылыс-

205


тық емес, философиялық та мәні бар ғылымаралық салаға айналды.

7.11.4. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және

биосфераны қорғау

Біздің заманымызда адамның табиғатқа деген тағылық қатынасының мысалдары жетіп жатыр. Тез пайда табу мақсатында биосфераның талай мыңдаған жылдар бойы жасалған үйлесімі жойылуда. Адам табиғатты "женді", оны құртумен шұғылданып, өзінің де осы табиғаттың кішкене бөлшегі екенін ұмытты, демек, табиғатты "жеңу" іс жүзінде адамзаттың өзін-өзі құртуы болып табылады. Адамдардың өмір деңгейін көтеруге апаратын ғылыми жетістіктермен бірге тіршілікке зиянды химиялық қалдықтар, жоғары электромагниттік және радиоактивті сәулелену, бұған дейін белгісіз СПИД тәрізді аурулардың пайда болуы, ғаламшар тұрғындарының жалпы денсаулығының нашарлауы түріндегі үлкен шығындар қабаттаса жүруде. Қоршаған ортаға Бүкіл әлемде жыл сайын 3 миллиард тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы, бір миллион тоннадай шаң-тозаң шығып тұрады екен. Бұларға Чернобыль апатын, Семей полигонындағы, Өскемендегі, Арал теңізі айодағындағы экологиялық қиын жағдайларды қосыңыз!,)Тек Қазақстан бойынша жылына адам басына шаққанда 12.2 тонна көмір қышқыл газы ауаға шығарылады (2002 ж. деректер). Республикамызда өнеркәсіптік қатты қалдықтардың 20 млрд.тоннасы, түрмыстық қалдықтардың 14 млрд. кубометрі, радиоактивті қалдықтардың 2.2 млн. тон-насы жиналып қалыпты. Бұл "байлықтарды" қайда жібереміз, қалай құтыламыз, - әлі белгісіз.

Көптеген жасанды полимерлік материалдар мен жуғыш заттар аллергия тудыруда, ал радиоактивті сәулеленулер рак ісіктері мен жыныс жасушаларының генетикалық аппаратында мутациялық өзгерістерге әкелуде. Өткен ұрпақтардың тұрмысының оңтайлы-лығы мен қолайлылығының кепілдері - кемтар бала-

206


лардың туылуы. Жыл сайын Әлемімізде 75 млн. жас сәби дүниеге келеді, оның 1.5 млн., немесе 2%-тейі -әр түрлі мутагендердің әсер етуінің нәтижесінде пайда болган. Жер бетіндегі тіршілік атаулыға төнген небір экологиялық зүлматтың мұнан да басқа мысалдары жеткілікті.

Ноосфера мен адамға тікелей әсер етуден басқа, техникалық ілгерілеу жердегі барлық тіршіліктің негіздерін — биосфераны бүлдіреді және қоршаған ортаға ғаламдық аумақта шынайы қауіп төндіреді: адамның терең ойластырылмаған іс-әрекеттерінің нәтижесіңде атмосфера, жер мен су ластанады. Геосферадағы мұншалықты жедел өзгерістерге бейімделе алмаған жануарлар мен өсімдіктер өледі, ал бұл бұрын табиғи популяциялардың ішінде болған трофикалық байланыстардың бұзылуын білдіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері әшейін құрып бітеді, басқалары "Қызыл кітапка" тіркеледі. Популяциялардың ішкі құрылымын әлсірету олардың теңгергіштік қызметтерінің өлсіреуіне әкеліп соғады - биосфераның енді адамзат "оның нәзік иықтарына түсірген" қуатты күшке шамасы келе бермейді. Ғаламшарымыздың - біздің үйіміздің ластануы жүріп жатыр. Иә, шындығында

Ж.-Б. Ламарктың 1820 жылдың өзінде "Адамның міндеті әуелі жер шарын мекендеуге жарамсыз етіп, өз тұқымын жоюда тұр деп" әулиелікиен жазған сөздері орындалатын сияқты.

Адамзатты тек қана ауқымды шаралар кешенін жасау арқылы құтқаруға болады, бірақ өзірге оларды қолдануға ешкімнің мүмкіндігі жоқ, өйткені оларды жүзеге асыру үшін миллиардтаған қаржы қажет. Мұнымен қатар, өз көлемі жағынан В.-И. Вер-надскийдің биосфера туралы іліміне жақындайтын жаңа кешеңді ғылымды жасау қажет. Мұндай ғылымға қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс туралы деректердің барлығы, олардың көздері, масштабтары мен параметрлері, сондай-ақ оларды жою жолдары туралы ғылымда белгілі барлық жетістіктер түгел кіруі керек. Бірақ әзірге мұндай бағдарлама ғалымдардың ойында ғана. Кім біледі, мүмкін, оны зерттеп дайын-

207

дауға және жүзеге асыруға әлі дәл өзіңіз қатысатын шығарсыз? Табыс тілейміз!



Семинарға арналған сұрақтар

1. Қазіргі заманғы биологияның даму тенденциялары қандай?

2. А. И. Опарин гипотезасының күшті және әлсіз жақтары.

3. Белок биосинтезін генетикалық код қалай басқарып отырады?

4. Нуклеин қышқыддарының генетикалық маңызы.

5. В. И. Вернадскийдің "тірі заттар" деген ілімінің мазмүны.

6. Эволюцияның синтетикалық теориясының мазмұны.

7. "Экология мен адамның денсаулығы" проблемасы.

8. Экологиялық зиянды шаралардың инерциальдығын қалай түсінесіз?

9. Әлемдік мұхиттің энергиясын қолдану мүмкіншіліктері қандай?

10. Генобиоз және голобиоз гипотезалары. Олардың мағынасы мен айырмашылығы.

11. Ноосфера ұғымына түсінік беріңіз.

12. Жердің сыртқы қабытының құрылысы қандай?

13. Жер бетіндегі цивилизациядан басқа тіршілік иелерінің бар немесе жоқ екені туралы қандай дәлелдер (аргументтер) айта аласыз?

14. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз?

15. Макроэволюция дегеніміз не?

16. Ген дегеніміз не? Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары қалай тұжырымдалады?

17. Фенотиптің генотиптен айырмашылығы қандай?

18. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі факторларын айтыңыз?

19. 1962 ж. биология ғылымында Нобель сыйлығын алған қандай ғалымдарды білесіз?

208


20. Адам эволюциясының перспективалары.

21. Антропогенездің негізгі кезеңдері.

22. Гендік инженерияның қандай соңғы жетістіктерін білесіз?

Рефераттар тақырыптары

1. Ген инженериясының социальды-этикалық мәселелері.

2. Экологиялық катастрофаның мәселелері.

3. Энергетиканың болашақтағы көздері.

4. Гендік инженерия мен ғылымдық этика.

5. Жер эволюциясының негізгі кезеңдері.

6. Адам эволюциясының болашақ бағыттары.

Негізгі әдебиеттер

1. Медевар П., Медавар Дж. Наука о живом. Современные концепции в бнологии. М., 1983.

2. Медников Б. М. Аксиомы биологии. М., 1982.

3. Данилова В. С, Кожевников Н.Н. Основные концепции современного естествознания. М.: Аспект Пресс, 2001. 256с.

4. Богданов К. Ю. Физиквгостях у биолога. М.,1996.

Қосымша әдебиеттер

1. Опарин А. И. Жизнькак форма движения материи. М., 1963.

2. Балахонов А. В. Ошибки развития. Л., 1990. -278с.

3. Биологический энциклопедический словарь. Тал-

лин, 1998.

4. Воронцов Н. Н. Теория эволюции. М., 1990.

5. Карпинская Р. С, Лиссеев И. К., Огурцов А. П. Философия природы, коэволюционная стратегия. М.,

1995.


6. Горелов А. А. Концепции современного есте-ствознания. Учебное пособие для вузов. М.: Центр, 1998. 208с.

209


Сегізінші бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚОҒАМДАСГЫҚТА. БҮКІЛӘЛЕМДІК

БІЛІМ АЛМАСУ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

Глоссарий

Ғылыми мектеп - өз ортасында сыйлылығы жоғары (авторитеті) ғалым басқаратын белгілі бір ғылы-ми бағыты бар ғалымдар тобы.

Евросайенс -ғалымдардың жеке таныстығы мен халықаралық қарым-қатынасты дамыту арқылы европа ғылымдарын жақындастыруды мақсат етіп отырған ғалымдардың, ғылыми мектептердің және ұлттық ғылым академияларының европалық қауымдастығы (ассоциациясы).

Нобель сыйлыгы — Нобельдік комитетпен (Швеция) басқарылатын мемлекеттік емес қаржы қорының халықаралық сыйлығы. Бұл сыйлық 1901 жыл-дан бері физика, химия, медицина, физиология, экономика (1969ж. бастап), әдебиеттік шығармалар салаларында ашылған ұлы жаңалықтарга және әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға байланысты жұмыстарға беріледі.

Ғылыми конгресс - адамзатқа өте маңызды мәселелерді талқылауға арналған ғалымдардың халықаралық дәрежедегі кеңесі.

Ғылыми симпозиум - маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді талқылауға арналған халықаралық немесе ұлттық дәрежедегі ғалымдар кеңесі.

Монография - бір мәселені немесе сұрақты толық және жан-жақты зерттеулердің нәтижелері келтірілген ғылыми жұмыс (кітап түрінде).

210


Диссертация - Ғылыми кеңеске ғылыми дәреже ал үшін ұсынылатын жеке ғалымның жаңа мәселені зерттеу нәтижелері келтірілген еңбегі (жеке квазимонография және аз тиражды автореферат түрінде).

Мақала - ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген көлемі 10 парақтық шығарма (ғылыми журналдарда басылып шығады).

8.1. Халықаралық ғылыми қоғамдастықтар

Жаратылыстанудың немесе оның жеке бағыттамаларының мәселелері әлемнің көптеген елдерінде зертелуде. Ғылыми мекемелердің әр түрлі деңгейлері бар, солардың ішінде өте маңыздыларына ұлттық деңгейді жатқызамыз. Осы деңгейде бірінші ретте сол елдің маңызды мәселелері шешіледі. Осы деңгейдегі ғылымның жетістіктері ұлттық мақтанышқа негіз болады, Бұл жетістіктер ұлттық сана сезімді ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ осы мемлекеттің өнімдерінің басқа өнімдермен салыстырғанда сапалық дәрежесінің қандай екенін білдіреді.

Көптеген елдерде негізінен ортақ ғылыми мақсаттары, даму бағыттары мен қалыптасқан ғылыми салттары бар ұжымдардың, ғылыми мектептердің, ғалымдардың ұйымдасуларынан түзілген ұлттық академиялық қоғамдастықтар құрылады. Өз ортасында беделі жоғары (авторитеті) ғалым басқаратын белгілі бір ғылыми бағыты бар ғалымдар тобы ғылыми мектепті құрады.

Қазіргі уақытта көптеген елдерде өздерінің ұлттық ғылыми академиялары бар. Бірінші рет "академия" терминін Платон (б.э.д. 387) өзінің философиялық мектебін ашқан кезде қолданды. Алғашқы Академиялар негізінен гуманитарлы ілімнің академиялары болды. Қазіргі заманғы академиялардың негізі болған көппрофильді академиялар ХҮІІ-ХУПІ ғғ. қалыптасты. Ұлттық академиялардың құрылуы әлемнің әр түрлі елдеріндегі тек қана жеке ұлы ғалымдардың

211

ғана емес, сондай-ақ ғылыми ұжымдардың жетістіктері ретінде қалыптаса бастаған ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. Ұлттық ғылыми академиялар қоғамның ғылыми ресурстары мен жетістіктерін дамытатын қоғамдык институттарға айналды және олар өз жетістіктерін басқа елдер жетістіктерімен салыстыра отырып, ғылым дамуының әлемдік деңгейіне жетуге ұмтылыс жасайды. Бұл деңгей ұлттық ғылымдардың дамуына әрқашанда сілтеме болады және ұлттық академиялық қоғамдастықтардың приоритетті ғылыми зерттеу тақырыптарын іздестіргенде негізгі бағыттаушы және ұйымдастырушы шарт болып келеді.



Соныменен, ғылымды басқарушы мемлекеттік мекемелер мен үлттық Ғылыми Академиялар, бір жағынан, ұлттық маңыздылықты ескере отырып ғылыми зерттеулерді ұйымдастырса, екінші жағынынан, ез зерттеулерін әлемдік ғылыми жетістіктер деңгейіне бағыттайды.

Ғылымның әлемдік деңгейі жеке ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың ең жоғарғы жетістіктерінің жиынтығымен сипатталады. Ғылыми жетістіктер барлық адамзаттың меншілігіне тиесілі. Бұл қалай іске асады? Біріншіден, ғыльтми жұмыстар ұлттық, халықаралық басылымдарда мақала, монография және т. б. түрінде жарық кореді. Екіншіден, олар ғалымдардың әр түрлі халықаралық жиналыстарында (конгресстерде, симпозиумдарда, конференцияларда, т. б.) кездесулерінде талқыланады, Үшіншіден, адамзаттың ғатамдық күрделі проблемаларына арналған көптеген зерттеулік жұмыстар халықаралық ғылыми мекемелермен, қорлармен (фондтармен) және орталықтармен қаржыланады.

Бүкіл адамзат игілігіне бағытталған ғылыми ізденістерді ұйымдастыруда алдыңғы қатарда (лидері болып) ЮНЕСКО тұр (білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы). ЮНЕСКО әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім министрлерінің 1946 ж. болған конференциясында құрылды, қазір бұл ұйым 185 мемлекетті біріктіреді. ЮНЕСКО-ның мақсаты халықаралық қарым қаты-

212


нае арқылы (оның ішінде ғылыми да) әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті тұрақтандыру.

1899 ж. құрылған Ұлттық ғылыми академиялар Қауымдастығы (Ассоцияциясы) 1949 ж. Ғылыми Одақтардың Халықаралық 5,5Аі болып қайта құрылды (МСНС). Бұл мемлекеттік емес халықаралық ғылыми ұйым жаратылыстану және басқа дәл ғылымдар бойынша 20 халықаралық және 100 үлттық ғылыми мекемелерді біріктірді. Оның негізгі мақсаты - халықаралық ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру. МСНС құрамы биохимиялық, географиялық, математикалық, биологиялық, геологиялық, таза және прикладты физика ғылымдарымен байланысты халықаралық 15 одақтардан тұрады.

1971 ж. бастап МСНС негізінде халықаралық "Адам және биосфера" атты биологиялық бағдарлама жүмыс істейді. Бүл бағдарламада 110 елдің ғалымдары қатысып, биосфераны тұрақтандырып сақтап қалу мәселесін шешуге ат салысуда.

Жоғарыда келтірілген мекемелерден басқа халықаралық ғылыми проектілермен жүмыс істеп жатқан және бір-бірімен бүкіләлемдік ғылыми білім алмасу негізінде қарым қатынастағы тағы да бірнеше халықаралық ұйымдарды келтірейік:

- Бүкіләлемдік метрологиялық ұйымы (ВМО);

- Бүкіләлемдік денсаулық сақтау үйымы (ВОЗ);

- Халықаралық стандартизация ұйымы (ИСО немесе МОС);

- Халықаралық атомдық қуаты агентгігі (МАГАТЭ);

- Халықаралық энергетикалық агенттігі (МЭА);

- Европалық атом қуаты агенттігі ( Евроатом);

- Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы (МСОП). МСОП жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларға арналған "Қызыл кітапты" шығарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының табиғатты қорғау жұмыстарына бағытталған "ЮНЕП" бағдарламасының негізінде, қазір көп жылдық халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысты "Альпілік істер", "Арктикалық кеңес", XXI ғасырдағы Балтика" және т. б.

213

кіші бағдарлама ізденістері жүргізілуде. 1957 ж. атом қуатын бейбітшілік мақсатта қолдану мүмкіншіліктерін іздестіруге бағытталған халықаралық жұмыстарды біріктіретін Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі (МАГАТЭ) қазір беделді ұйымға айналды. МАГАТЭ-нің негізгі мақсаттары:



- атом қуаты облысындағы жаңа мағлұматтарды жинау, шолу және жариялау;

- ядролық материалдарды бақылау жасауға арналған жұмыстарды түйіндеу;

- атом энергетикасы обласындағы ақпараттарды тарату және халықаралық симпозиумдарда, конференцияларда осы бағыттағы ақпараттармен ғылыми алмасуды қамтамасыз ету;

- әр елдерге атом энергетикасы бойыша көмек жасау;

- радиоактивті қалдықтарды жою мәселелері бойынша әр мемлекеттердің жұмыстарын бағыттау принциптерін іздестіру.

1987 ж. халықаралық ғылыми жетістіктермен алмасуды жақсарту мақсатында халыкаралық мемлекеттік емес "Евросайенс" қауымдастығы құрылды. Бұл -жеке ғалымдардың қарым-қатынасы деңгейінде жоне халықаралық бірлескен жұмыстар негізінде европа-лық ғылымның бірігуіне бағытталған ғалымдардың, ғылыми мектептердің және ұлттық ғылыми қоғамдастықтардың европалық қауымдастығы. Осы "Евросайенс" негізінде әр түрлі жұмыс топтары бар:" Европаның жас ғалымдарның болашағы", "Ғылыми саясат", "Ғылым этикасы" және т. б.

Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те халықаралық ғылыми ұйымдардың іс-әрекеті халықаралық орталықтарда арнайы құрылған зертханаларда істейтін халықаралық ғылыми ұжымдардың де құрылуына әкеледі. Мысалы, Европалық ядролық зерттеу орталығы (ЦЕРН, Женева, Швейцария), Біріккен ядролық зерттеу институты (ОИЯИ, г. Дубна, Россия), Халықаралық космостық станция (МКС, жақын космос). Ядролық зерттеулердің Европалық орталығы (ЦЕРН) 19 европалық мемлекеттердің қатысуымен 1954 ж.

214


құрылды. Элементарлы бөлшектерді зерттеумен шұғылданатын физиктердің әлемдік қоғамдастықтарының 50% осы ЦЕРН-нің зертханаларда "уақыттың бөлінуі" жүйесі бойынша тәжірибелерге қатысады.

8.2. Әлемдік ғылыми қоғамдастыктардағы білім алмасу

Ақпаратқа (информацияларға) деген ғалымдардың сұранысы зерттеулік жұмыс барысында анықтала бастайды. Ғалымдардың ақпаратқа деген сұраныстарының динамикасы мен көлемі жүргізіліп жатқан ізденістердің түрі мен тақырыбынан, жұмыс деңгейінен, түпкі мақсатынан және т. б. байланысты болады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың өнімділігін күшейту үшін әр түрлі немесе бір елде ұқсас мәселелермен айналысып жатқан әр түрлі ғалымдар топтарының арасында ақпараттық байланысты ұйымдастыру керек. Ғалымдардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырудың мынадай қиындықтары бар:

• қажетті ақпарат әр түрлі ұйымдарда жинақталған және оны табу қиынға түседі;

• әлемдегі жинақталған ғылыми информацияның көлемі өте үлкен, бұл жүргізіліп жатқан зертгеулерге қажетті ақпараттарды табуды қиындатады;

• көптеген ақпаратгар өзі жасалған тілдерде сақталған, бұл белгілі бір тілдік және семиотикалық кедергі жасайды;

• ғылыми ақпаратгар тез ескіреді, сондықтан да ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес келмейді және жинақтала келе, ізденіске көптігімен "кедергі" жасайды,

Ғылымда ақпараттық қызмет жасау коммуникациялары жақсы ұйымдастырылған, Ғалымдарға керекті ақпараттарды іздестіруде және білім алмасуда көмектесетін көптеген ғылыми мекемелер бар. Бұларға бірінші ретте ұлттық және трансұлттық ақпараттық орталықтар жатады. Мысалы, ғылыми және техникалық ақпараттардың халықаралық орталығы жұмыс істейді (SТІ Іпtегпаtіопаl). Бұл мекеме өлемнің үлкен үш ақпараттық орталықтарының ресурстарын

215

біріктіреді: Ғасһіfогmаtіопzепtrum (ҒІ2), Германия; Сһеmісаl Аbsігасts Sегvісе (САS), СІПА; Jарап Іпfогmаtіоп Сепtег оf Sсіепсе апсі tесһпоlogy, Япония.



Ресейде бірнеше ақпараттық орталықтар бар: ғылыми және техникалық ақпараттардың Бүкілроссиялық институты (ВИНИТИ), ғылыми-техникалық ақпараттың Бүкілроссиялық орталығы (ВНТИЦентр), патенттік ақпараттардың Бүкілроссиялық ғылыми-зерттеу институты. Қазақстанда да осы бағытта ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік институты жұмыс істейді (КазгосИНТИ).

Ғылыми білімдер алмасудың ең кең тараған түріне ғылыми басылымдар жатады. Ғылыми қоғамдастықтарда ғылыми танымның теориялық және практикалық сұрақтарын талқылауға арналған ғалымдар жиналысы (ғылыми конгресстер, симпозиумдар, съездер, конференциялар, ғылыми мектептер) да болып тұрады. Осы жиналыстарда ғалымдардың бір-бірімен танысуы және әр түрлі ғылыми мектептердің түлектерінің ғылыми білімдермен алмасуы жүреді; ғылыми дискуссиялар кезінде талқыланған тақырыптар бойынша жалпы ортақ көзқарастар қалыптасады және өзекті жұмыстардың бағыттамалары жасалынады. Ғалымдардың осындай жиналыстары ұлттық ғылымның даму мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың немесе үлкен ғылыми орталықтардың ұйымдастыру арқылы өтеді.



8.3. Ғылыми алмасуды ынталандыру

Әрбір елдердегі ғылыми зерттеулер деңгейлерінің әлемдік деңгейге деген объективті ұмтылысы ұлттық академиялық қоғамдастықтардың халықаралық ғылыми қоғамдастықтардың құрамына кіріп бірігуіне әкеледі. Бұл бірігудің (интеграцияның) негізіне келесі себептер жатады:

• тек қана ғылым жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ олардың әдістемесімен (методологиясымен) алмасу;

216


• ғалымдардың жеке қарым-қатынасы мен академиялық алмасу, басқаша айтсақ, ғалымдардың зерттеулермен танысу үшін шет елдерге баруы;

• адамзаттың негізгі моселелерін шешуге бағытталған әртүрлі мемлекеттердің кездесуіне ықпал жасайтын әлемдегі саяси жағдай.

Ғылыми алмасудың тиімділігі әр түрлі себептерге байланысты келеді. Бірінші ретте, бүл ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кең түрде басылымдарда жариялау. Екінші ретте, осы басылымдардың иелері немесе олардың ғылыми мектептері бүкіл әлемнің ғылыми жүртшылығына әйгілі болады. Егер де осы ғылыми нәтижелер әлемдік ғылымның деңгейіне сәйкес келсе, ол жағдайда олар (авторлар) ғылыми конгресстер, симпозиумдар, конференциялар жұмысына қатысуға шақырылады.

Қазіргі кезде осындай ғылыми алмасуларды қолдаушы көптеген мемлекеттік емес ғылыми мекемелер, қорлар бар: "академилық алмасудың немістік қызметі" (DААD) (Германия), Дж. Фулбрайт қоры (США), ТМД ғалымдарының араласып тығыз жұмыс істеулеріне көмектесетін халықаралық қауымдастық - INTAS және т.б.

Қазіргі заманғы халықаралық ғылыми алмасу негіздері:

1. Басылымдар мен бейнеақпараттарды (видеоин-формацияларды) беру.

2. Ғылыми жиналыстар мен көрмелер өткізу.

3. Мамандарды дайындау мен мамандар алмасу.

4. Консалтинг.

5. Біріккен кылыми зерттеу жұмыстары мен технологияларды жасауға қатысу.

6. Өнеркәсіптік қажеттілігі бар өнімдерді тарату.

7. Ғалымдардың бір едден басқа елге ауысуы (трансфер).

8. Жалпы ортақ стандарттар мен эталондарды қабылдау.

9. Жалпыға ортақ ұғымдарды қабылдау. Халықаралық ғылыми білім алмасуды ынталандыру мен жақсарту үшін әртүрлі жұмыстар жүргізіледі:

217

ғалымдарды әртүрлі халықаралық бағдарламаларға, конкурстарға қатысуға шақыру, халықаралық сыйлықтарға, медальдарға және атақтарға ұсыну.



Ғалымдар үшін ең жоғары жетістік болып халықаралық Нобелдік сыйлықтың лауреаты атану, Бұл сыйлық 1901 ж. бері Швециядағы Нобельдік комитеттің шешімімен ғалымдарға физика, химия, медицина, физиология, экономика ғылымдарындағы ең жоғары жетістіктері үшін, әдебиеттегі шығармалары үшін, сондай-ақ әлемдегі бейбітшілікті тұрақтандыру бағытындағы еңбектері үшін беріледі. Ғалымдардың бұл жоғары сыйлығы XX ғ.-дың басында 30 миллиондық кроннан тұратын қорды ашқан швед кәсіпкері, ин-женер-химик, динамитті жасаған Альфред Бернхард Нобельдің қүрметіне аталған. Нобелдік комитетпен басқарылатын финанстық мемлекеттік емес бұл қор қазіргі кезде әлемдегі барлық ғалымдардың жетістіктерін сараптап қана қоймай, Швецияның Королдік банкісімен бірге әр түрлі қаржылық операцияларға қатысады. Осының нәтижесінде қордың мөлшері үлкейді және қазіргі уақытта Нобелдің аманаты бойынша берілетін сыйлықтың көлемі шамамен 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Нобелдік сыйлықтың лауреаты болу - бұл лауреаттың адамзат мәдениетіне енгізген жетістігінің жалпы бағаланғанын білдіреді. Өткен ғасыр бойы жасалған осы сыйлық лауреаттарының тізімі бұл ғылымның XX ғасырдағы тарихи дамуын ғана көрсетіп коймай, сонымен бірге бүкіл әлемдік қоғамның ғылыми жетістіктерге деген ризашылықты көзқарасын көрсетеді.

Ғалымдардың халықаралық ғылыми ақпаратпен алмасудағы белсенділігін ынталандыру тұрғысында және ғалымның осы бағыттағы үлкен жетістіктерін атап өту ретінде басқа елдердің ғалымдарын Ұлттық ғылыми академияларының мүшелігіне қабылдау ресімі де қолданылады. Мысалы, голографияның авторы, 1971 ж. физикадан Нобельдік сыйлықтың лауреаты болған венгер физигі Д. Габор (1900-1979) тек Венгер Ғылым Академиясының мүшесі ғана емес, Ловдондық королдік қоғамның және АҚШ

218


Ұлттық ғылыми академиясының да мүшесі болды. Ал, қатты дененің квантты теориясының негізін салған неміс физигі мен химигі Петер Йозев Вильгельм Дебай (1884-1966) 1936 ж. Нобельдік сыйлықтың лауреаты болды, АҚШ Ұлттық Ғылыми Академиясының жөне көптеген шет елдік ұлттық Ғылыми Академиялардың мүшелігіне қабылданды, Лоренц (Нидерланды ҰҒА), Фарадей, Румфорд (Британдық Королдік қоғамның), Планк (Германия ҒА), Франклин, Гиббс, Никольс, Пристли (Америка ҰҒА) медальдарына ұсынылды.

8.4. Халықаралық келісімдер

Әр мемлекеттердің бір мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеулерінің нәтижелерінде халықаралық келісімдер жасалынады.

халықаралық келісім-шарт (договор) - мемлекеттер арасындағы олардың қүқықтары мен міндеттерін аныктайтын жан-жақты немесе екі жақтық келісім;

халықаралық конвенциялар - белгілі бір арнайы сүрақтарды шешуге арналған халықаралық келісім-шарттардың бір түрі;

халықаралық декларациялар - бірлесіп жұмыс істеу ережелері (жоспарлары);

халықаралық жарғылар (уставтар) - халықаралық мекемелердің (организациялардың) жалпы іс-әрекеттерін реттейтін ережелер;

халықаралык кодекстер - білгілі бір сұрақтар (мәселелер) бойынша қарым-катынасты реттейтін зандық актілер.

Халықаралық келісімдер халықаралық құқықтың негізін жасайтын зандық құжаттар болып табылады.

Ғаламдық халықаралық білім алмасудың зандық тұрғыда қабылдануы XIX ғасырдың басында әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын жалпыға ортақ әлемдік өлшем мен салмақ жүйелерін анықтаудан басталды. 1872 жылы Халықаралық метрлік комиссия құрылды (қазір Халықаралық



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет