Оқулық Алматы, 2003 ббк 28. 073 ф 16 ф 16 Фазылов С. Д., Молдахметов З. М., Ғазалиев А. М



бет15/15
Дата08.06.2018
өлшемі1,5 Mb.
#41653
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

219

өлшем мен салмақ комитеті). Бұл комиссияның негізгі мақсаты физикалық шамаларды өлшеу бірліктерінің халықаралық прототиптерін жасау болды. Осы бағытта бірінші болып ұзындықтың ең негізгі өлшем бірлігі ретінде метрдің прототипі қабылданды.

1875 ж. 17 мемлекеттер арасында халықаралық өлшемдердің біртектілігін қалыптастыратын халықаралық метрлік конвенция қабылданып, платина мен иридидің қоспасынан метрдің прототипінің 31 көшірмесі жасалынды. Олар осы метрлік конвенцияға қол қойған елдерге эталон ретінде таратылып берілді. Эталон - бұл өлшем бірліктерін қайталап жасауға, сақтауға арналған үлгі (өлшеу кезінде — бұл үлгі өлшем немесе өлшеуіш приборлар). Бұл эталондар әр елдің өлшем мен салмақ палаталарында сақталады. 1960 ж. өлшем мен салмақ бойынша 11-ші Генеральдық конференцияда физикалық шамалардың Халықара-лық бірлік жүйесі қабылданды (СИ). Өлшем мен салмақтың Халықаралық бюросы (Севр қаласы, Франция) халықаралық бірлік жүйесінің эталондарын сақтап, осы бағытқа сәйкес зерттеулер жүргізіп отырады. Осы өлшем біртұтастығын қолдап, өлшем мен салмақ мәселелері бойынша халықаралық конференциялар өткізеді. Бұл жұмыстардың маңыздылығын мына мысалмен келтіруге болады. 1999 ж. АҚШ пен Ұлыбританияның 129 млн. долларлық космос :5<5Аі космосқа ұшырылды, бірақ американдык және ағылшындық мильдің әртүрлілігіне байланысты (1852 және 1853,18 м), бұл корабль Марсқа жете алмады.

1946 ж. стандартизациялау бойынша халықаралық мекеме құрылды. Стандарт деп басқа объектілерді салыстыратын үлгілі объектіні айтады. Эталон да стандарт бола алады. Кебінесе стандарт деп зерттеу объектісіне қойылатын шектердің, ережелердің және т. б. кешені болып келетін нормативті-техникалық құжаттарды айтады.

Соңғы уақытта өнеркәсіп өнімдерінің халықаралық классификациясы (жүйеленуі) жүргізіліп, әрбір

220

енімге біртұтас халықаралық код берілді. Бұл классификация өнеркәсіптік меншіктілікті қорғауға арналған Париж конвенциясының бір бөлігіне жатады (1988 ж.). Әлем елдері импорттық және экспор-ттық өнімдердің сапасын тексерген кезде - серти-фикациялағанда осы конвенцияға сүйенеді.



Әлемдік қоғамдастықтардың ішінде жаратылысты-ғылыми пәндерге байланысты қабылданған көптеген келісімдер де бар:

• озовды бұзатын заттарды қолдануға тиым салу протоколы (Монреаль, 1987);

• мұхитқа қалдықтарды шығару мен тастауға тиым салуға арналған Лондон конвенциясы (1972);

• әдебиеттік және көркемдік шығармаларды сақтауға арналған Берндік конвенция (1886);

• биология мен медицина жетістіктеріне байланысты адамның құқығы мен арожданын қорғау конвенциясы (1989) және т. б.

Семинарға арналған сұрақтар

1. Ғылыми мектептер мен Ұлттық Ғылыми академиялар қалай құрылады және қандай мәселелермен айналысады?

2. Қандай халықаралық ғылыми қоғамдастықтарды білесіз?

3. ЮНЕСКО-ның халықаралық қарым-қатынастағы атқаратын қызметі.

4. Халықаралық Ғылыми Одақтардың Кеңесі қандай сұрақтармен айналысады?

5. Ғаламдық мәселелермен айналысатын тағы басқа қандай мекемелерді білесіз?

6. Әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы ғылым жетістіктерімен алмасу.

7. Халықаралық ғылыми алмасуды қолдайтын қандай қорларды білесіз?

8. Қазіргі уақытта ғылыми алмасудың қандай түрлерін білесіз?

9. Халықаралық келісімдер түрлері.

221

Негізгі әдебиеттер

1. Дятилев Ф. М. Концепции современного естествознания. Учебное пособие для вузов. М • ИНФРА-М, 2000.

2. Ахлибинский Б. В., Храленко Н. И. Основные концепции современного естествознания. Учебное пособие. М.: АГРАФ, 1998.

3. Новый иллюстрированный энциклопедический словарь. /Редколлегия: В. И.Бородулин. А. П.Горкин и др. М.: Изд. Болыиая Российская Энциклопедия, 2000.

4. Философия и методология науки. Под ред. В. И. Кузнецова. М.: Аспект Пресс, 1996. 351с.

5. Данилова В. С, Кожевников Н. Н. Основные концепции современного естествознания. Учебное пособие. М.: Аспект Пресс, 2001. 256с.



Қосымша әдебиеттер

1. Горелов А. А. Концепции современного естествознания. Учебное пособие для вузов. М., 1998.

2. Рузавин Г. И. Методология научных исследований. Учебное пособие для вузов. М., 1999.

3. Кедров Б. М. Предмет и взаимосвязь естественных наук. М., 1962.

4. Горохов В. Г., Розин В. М. Введение в философию техники. Учебное пособие для вузов. М., 1998.

5. Ровкин В. И. Естествознание для гуманитариев Омск. 1993,

222


Тоғызыншы бөлім

ӘЛЕМШҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ

ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ БЕЙНЕСІ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ

(философиялық қорытынды)

Глоссарий

Білім - тәжірибемен дәлелденген танымның нәтижелері, ғылыми шешімдер.

Мәдениет ~ адамның іс әрекетін, жүріс тұрысы мен қарым-қатынасын бағыттайтын және адамзаттың іс-әрекеттерінің әр түрлі жоғарғы жетістіктерімен көрінетін қоғамдық маңызды ақпарат

Табигат (трек.рһуsis, лат. паtuга — пайда болу ) -1) өзінің көріністерінің шексіз әртүрлілігімен байқалатын бізді қоршаған орта; 2) жаратылыстанудың зерттеу объектісі; 3) адамзат қоғамының табиғи өмір сүру орталарының жиынтығы; 4) заттардың мағынасы (ядросы) (фил.).

Парадигма бүгінгі күнгі түрлік немесе негіздік (базалық) тұлға (схема), мәселелерді қоя білу және шешу үлгілері.

Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесі - әлем туралы ғылыми білімдерді сұрыптау мен біріктіріп тұжырымдау нәтижелерінде қалыптасатын қоршаған ортаның жалпы ортақ қасиеттері мен заңдылыктары туралы біртұтастық жүйелі көзқарас-тар.

XXI ғасыр дабылдары болашақ өмірдің қоғам мен жеке адамға қоятын талаптары.

223


9.1. Қазіргі заманғы жаратылыстанудың

жалпы заңдылықтары

Бұл такырыпта ғылым дамуын талдаудың кейбір қорытындыларын жасаймыз, Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық бейнесін және жаратылыстанудың болашақ жағдайын көз алдымызға елестетеміз.

1. Бірінші қорытынды бойынша ғылым адамзат мәдениетінің эволюциясы кезеңдерінің бірі болып табылады. Античтіктен қайта өрлеу дәуіріне дейінгі бірнеше алдыңғы сатыларды өте отырып, ғылым озінің даму барысында мәдениеттің басқа салаларының, оның ішінде философия мен діннің жетістіктерін қамтып, негізінен жаңа сападағы құбылыс ретінде көрінді.

2. Бастапқыдан-ақ ғылымда оның екі мақсатының қарама-қайшылығы қатар жүрді және кейін бұл нәтижелер өз қайшылығын тудырды: біріншіден, ғылым әлем туралы ақиқатты (шындықты) табудың құралы болды, ал екіншіден, ол табиғатқа адам үстемдігін (билігін) қамтамасыз етуге және оны өзгертуге бағытталды. Осы екі мақсатты біріктіре отырып, Ф. Бэкон "ғылымның нақты және занды мақсаты — адам өмірін (тіршілігін) жаңалық ашулармен және жаңа күш-қуатпен байыту болуы керек" деп жазды. Дегенмен бұдан кейінірек те ғылым көбінесе, Декарт жазғандай, "табиғаттың қожасы" болуы үшін ең алдымен адамның құдыретін қамтамасыз етуге қарай икемделе берді.

Сонда да ғылым дамуындағы басты (негізгі) нәрсе не — адамның өзін, оны қоршаған әлемді түсіну ме, немесе табиғатты бағындыру ма? бүл сүрақ күннен-күнге өткірлене түсуде.

3. Жоғарыда айтқан мәселелерден шығатын тағы да бір қайшылық, Д. Берналдың жазғанындай, техникалық қажеттіліктер ғылымның жаңа салаларының өсуін беретін мәселелерді алға жиі қойды және ғылыми жетістіктер олар тек қана практикалық мақсат-тарда қолдануға мүмкіндік берсе ғана тиімді деген

224

пікірмен бекітілді. Бірақ ғылым мен техниканың тым тығыз өзара тәуелділігі (байланысы) зиянды, оның себебі мәдениеттің бұл салаларының әрқайсысының өз ерекшеліктері бар - ғылым әлемді (дүниені) зерттейді, ал техника оны өзгертеді.



4. Ғылым, техникамен бірігіп, XX ғасырда қазіргі адамзат дамуының басты-басты факторы болып отырған ғылыми-техникалық революцияға (теңкеріске) әкелді. Қазіргі заманғы ғылымда 5 млн-ға жуық адам жұмыс істейді. Ғылыми ақпараттың көлемі экспонента бойынша бұрын-сонды болмаған қарқынмен өсуде. Ғылымның дамуы қазір халықаралық мәселе болуда. Осы мәселелерді шешуде халықаралық ғылыми қоғамдастықтардың атқарып жатқан жұмыстары өте үлкен (ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ВОЗ және т.б.). Әр елдердің ғалымдарының бірлескен зерттеулері қазір маңызды нәтижелерге жету үшін қажет, өйткені: а) көп зерттеулер орасан мол қаржыны керек етеді; б) кейбір зерттеулерді өзінің мазмұны бойынша халықаралық деңгейге жатқызамыз (мысалы, озон "тесігі", климаттың жылынуы, СПИД, т. б.).

5. Келесе түжырым ғылымдарды топтастыруға (клас-сификациялауға) байланысты, бұл ғылыми білімнің жіктелу дәуірінде ерекше маңызды. Ежелгі грек философтарының өзі білімді оның көлеміне қарай үш салаға бөлген: табиғат (физика), қоғам (этика), ойлау (логика). Ф. Бекон да білімді адам парасатының қасиеттеріне сәйкес үш бөлікке бөлген: тарих (есте (жадында) сақтау), поэзия (қиял, елестету) және философия (ақыл-ес). Г.Спенсер барлық ғылымдарды абстракты (логика және математика), нақты (астрономия, геология, биология, психология, социология) және олардың арасындағы аралық ғылым-дар - абстрактынақтылы (механика, физика, химия) деп бөлді.



Қазіргі кезде ғылымдарды жаратылыстық, гуманитарлық, техникалық және математикалық деп бөлу жалпы қабылданған. Жаратылыстық ғылымдардың негізгілері: физика, астрономия, химия, геология, физикалық география, биология, адам физиологиясы, антропология.

225


Бұлардың арасында пән аралық ғылымдар да аз емес: астрофизика, физикалық химия, геохимия, геофизика, биофизика, биохимия және т. с. с, және олардың ішінде гуманитарлық және техникалық ғылымдармен тығыз байланыстылары да бар. Бұл топтастыру кездейсоқ емес. Жаратылыстық ғылымдардың зерттеу затгарын (бағыттарын) табиғат дамуының жекелеген сатылары немесе оның құрылымдық деңгейлері құрайды.

6. Ғылым әрқашанда ертерек қабылданған тұжырымдарға көбінесе қарама-қарсы жаңа әдіснамалық принциптермен (мысалы, редукционизмнің орнына холизм, детерменизмге - индетерминизм келеді және т. с. с); жаңа тәсілдермен (құрылымдық, жүйелік, функционалдық, ықтималдық); танымның жекелеген салаларында қолданылатын жеке (мысалы, физикада "кварк"), сондай-ақ жалпы ғылыми (белгісіздік, қосалқылық тұтастық, мақсатқа лай-ықтылық, бейімделу, өздігінен ұйымдасу, ақпарат, өріс және тағы с. с.) ұғым-түсініктермен үнемі толығып, байып отырады.

7. Ғылым үздіксіз даму процесінде (үрдісінде) болады. Бірақ оның қандай бағытта алға жылжитынын алдын ала болжау (айту) мүмкін емес. 1937 жылы Европада 5 мың ғылыми қызметкерлерден олардың ғылымның алдағы 25 жыл ішіндегі даму бағыттарына деген көзқарастары сұрастырылды. Жауап берген ғалымдардың болжамдарының ішінде ешқандай да ядролық қуат туралы, лазерлік квантты электроника немесе полупроводнитер туралы сөз болған жоқ. 50-шы жылдары физиктер жасанды термоядролық реакцияны жүзеге асыруды және өрістің жалпы теориясын жасауды ойластырды. Ал кейін бұл проблеманың шешілуі ашық жүйелер термодинамикасында жүзеге асты.. Кибернетиктер алғашқыда ЭЕМ-ның дамуы аса күрделі және үлкен есептеу аппараттарын жасау бағытында жүреді деп ойлады, бірақ, қазір, өздеріңіз білесіздер, дербес компьютерлер пайда болып, олардың көлемі күннен-күнге кішірейіп келеді. Ғылым жаңа сапалы затты

226


жасау деген сөз, ал мұны алдын ала болжау мүмкін емес.

8. Ғылыми зерттеулер ауқымы үнемі кеңейіп отырады және бұрын оның қызығушылық назарынан тысқары қалған объектілерге тарайды (күрделі, орнықсыз, ашық жүйелер және тағы с.с). Дегенмен де ғылыми зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар -тежірибенің жалпыға бірдейлігі, түсіндірудің жан-жақтылығы (әмбабаптығы) - өз күшінде қала береді. ("Тәжирибе - жалғыз ғана сенімді жетекші" - деген Н. Винер). Эмпирикалық (тәжірибелік) тұрғыдан тексеруге келмейтіндер, мысалы ноосфера тұжырымдама-сы, жаратылыстанудың шеткері жақтарында қала береді.

9. Эволюцияның үш механизмі бар: тіршіліксіз дүниедегі диссипативтік құрылымдар, тірі табиғаттағы табиғи сұрыпталу, адамзат қоғамындағы мәдениет. Бірақ жаңаның қалыптасуының қалай іске асатынын ғылым білмейді, өйткені бұл әлі ғажап про-цесс. Бұл жерде ғылым өз мүмкіншіліктерінің шектеріне жетеді, себебі ол қайта жаңғыртылатын және қайталанып отырылатын үрдістермен істес болады. Жалпы алғанда ғылым бір нәрсенің міндетті түрде болатынын дәлелдей алмайды, өйткені қазіргі ғылыми түсініктер бойынша дүниенің эволюциясы нақты бағдарланбаған.

10. Ғылым сезімдік (түйсініктік) және қисындық шектеуде дамуда және ол біздің сезімдеріміздің мүмкіншіліктері мен ойлау зандарымен шектелген. Ғылым адам мүмкіншіліктері мен табиғаттың шығармашылығымен шектелген үшбұрыштың ішінде түрған тәрізді. Осы шектеулі жағдайда қала отырып, ол өз шекарасын үнемі кеңейтіп отырады.



11. Қазір ғылым төртінші - экологиялық шектеуге тап болды. Оның дамуы биосфераның және оның өзінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ғылым мұны істей алады, бірақ табиғатқа тең бағалы өзі өмір сүре алатындай жасанды (синтетикалық) дүние (әлем) құруға қабілеті жоқ. Жеке адамға да, бүкіл адамзатқа да жаңаны жасаудан гөрі бүлдіру әрқашанда оңайырақ.

227


Сонымен ғылым төрт жагынан шектелген. Эмпирикалық, теориялық және заттық шектеулікке этикалық сипаттағы шектеулік қосылды (мысалы, адамды клондау мәселесі). Сондықтан да "этика және ғылым" мәселесі аса маңызды болып, ғылым - бұл жақсылық па, әлде жамандық па? - деген сұрақ туады.

12. Ғылым әлем туралы ақпаратты жасайды, әрине мұның өз мәні болуы керек. Адамдардың өзі тіршіліктің тізбегінде тұр, сондықтан да олар өмір үшін оның алдында да, өздерінің алдында да жауапты. Неғұрлым күрделі нәрсе соғұрлым бүлінгіш келеді, бірақ сонымен қатар өзін-өзі одан әрі қарай жетілдіруге де қабілетті болады. Бұл Жердегі адамдар арқылы жасалынып жатқан жасампаздық үшін жауапкершілікті күшейте түседі.



9.2. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық

бейнесі

Ғалымдардың пайымдауы бойынша XXI ғасырда жаңа ақпаратты (информациялық) өмір сүру ортасы мен өмірдің жаңа ақпаратты бейнесі қалыптасады. Ақпаратты қоғамның ең негізгі көріністері бо-лып экономиканың ғаламдануы мен ақпаратты өмір сүру ортасы болып табылады. XXI ғасырдың орта кезінің өзі қазіргі өмірден көп айырмашылыкты болады. Бұл сіздер өмір сүретін ортадан мүлдем басқаша өмір сүру ортасы болады. Болашағымыз біздің оны қазір қалай болжауымызға тікелей байланысты болады.

XX ғасырда ғылыми төңкерістерге әкелген жаратылыстанудың келесі жаңалықтарын бөліп керсетуге болады:



Астрономия: Үлкен жарылыс пен кеңейіп бара жатқан Ғалам моделі (үлгісі).

Физика: санау нүктесінің материядан энергияға қарай және зат тегінен өріске қарай ауытқуы.

Геология: литосфералық тақталар тектоникасы.

228


Салыстырмалық теориясы: кеңістік пен уақыттың салыстырмалылығы.

Квантты механика: корпускулярлық-толқындық дуализм.

Синергетика: өлі табиғаттағы жаңа құрылымдардың қалыптасуы.

Биология: тіршіліктің пайда болуының үлгілері.

Генетика: тіршілікті қайта жаңғырту механизмі.

Экология: тірінің қоршаған ортамен өз ара әрекеттестігі.

Этология: организмдердің мінез құлқының нысандары.

Социобиология: табиғат пен әлеуметтіктің ара қатынасы.

Кибернетика: өлі және тірі табиғаттағы басқару.

Психоанализ: адам психикасындағы санасыздықтың ролі.

Бұл ғылыми төңкерістер әлем дамуының келесі жалпы зандылықтарын тұжырымдауға мүмкіндік берді:

1. Табиғат эволюциясы (Әлемнен бастап кваркке дейін).

2. Өзін-езі үйымдастыру (өлі жүйелерден биосфераға дейін).

3. Өлі табиғат, тірі табиғат және адам байланыстарының (экологияда) жүйелілігі.

4. Табиғи жүйелердің кеңістік пен уақытқа имманенттілігі (салыстырмалық теориясында).

5. Субъект және объектіге бөлінудің салыстырмалылығы (квантты механика мен синергетикада).

Жаратылыстануда жаңа жалпы ғылыми тұжырым-дамалар мен тәсілдер пайда болды: жүйелік (заттарды жүйе ретінде зерттеу), құрылымдық (ұйымдасу дегейлерін зерттеу), ықтималдық (ықтималдық әдістерін қоддану) және тағы с. с.

XX ғасыр мен XXI-дың басындағы ғылыми жетістіктер әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық көрінісінің келесі бейнесін жасауға мүмкіндік береді.

229


Үйымдасу

Кеністік

Ғылым

Эволюция түрі

деңгейі

бөлімі







Әлем

Мегадуние

Космология

Космостық

Галактика

-"-

Астрономия

-"-

Жұлдыздық

-"-




-"-

жүйелер










Планета



Геология

Геологиялық

Биосфера

Макроәлем

Экология

Экологиялық

Қауымдастық

_ "_

Этология

Биологиялық

Популяция

-"-

а

и

Тур

н

-"-

и

Индивид (дара)

_ "_




и

Клетка




Микродуние

Генетика

Молекула

іі

Химия

Химиялық

Атом

и

Физика

Физикалық

Элементарлы

и

-"-

а

бөлшектер










Кварк

-"-




-"-

Адамзаттың ғылыми жетістіктері деңгейінің тым жоғарылауына байланысты қазіргі заманғы ғылымда күрделі жүйелердің маңызы артып келеді. Бұл жүйелердің негізгі шешуші компоненті болып адам тұлғасы танылады.

9.3. Ғылымның дамуындағы қиындықтар мен парадокстар

Жаратылыстанудың неғүрлым дамыған салаларындағы таным құрылымының іргелі (басты) негізі зерттеу затын таддау, абстракты элементарлы объектілерді бөлу және әрі қарай олардан теориялық модель (үлгі) түрінде бірыңғай тұтас қисынды (логикалық) синтез жасау болып табылады. Бірақ, шынайы өмірдің қандай да болсын бір нұсқасы болатын бұл үлгі әрқашанда шындықтық жағдайдан айырмашылықта болуы мүмкін.

Ғылыми қызмет құрылымының басты (негізгі) өзгешелігі ғылымның салыстырмалы түрде бір-бірінен

230


оқшауланған пәндерге (салаларға) бөлінуі болып табылады. Мұның өзінің дұрыс жағы да бар, өйткені ол шындықтың жекелеген бөлімдерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді, бірақ мұнда олардың арасындағы байланыстар назардан тыс қалады, ал таби-ғатта, қазірде экологияның заңы ретінде ұсынылып отырған белгілі диалектикалық ережемен айтылғандай, "барлығы да бір-бірімен байланысқан". Қоршаған ортаны кешенді біріктіре зерттеудің қажеттілігі туындаған, әсіресе қазіргі жагдайда ғылымдардың быты-раңқылығы үлкен кедергі болып табылады. Табиғат біртұтас. Табиғаттың барлық құбылыстары туралы ғылым да біртұтас болуы керек.

Ғылымның тағы да бір негізгі іргелік (фундаментальдық) белгісі - адамнан қашып абстракциялануға (дерексізденуге) ұмтылып, мейлінше кескінсіз болуы. Ғылымның бір даму кезеңінде дұрыс орын алған бұл ерекшелік, қазір оны шындыққа сәйкессіз және эко-логиялық қиындықтарға жауапсыз етеді, өйткені адам қазіргі болмысты өзгертудің ең қуатты факторы болып отыр. Осы жерде айта кету керек, ғылыми зерттеулер аймағындағы саясат, адам әрекетінің кез келген басқа нысаны тәрізді, әртүрлі жағдайлардың

- өзгеруін жедел сезінуге икемділігі жоқ, ол оны кешеуілдеп сезінеді.

Адам дүниені танып білу арқылы өзгертеді. Сонда да ғылым, адамға өте құнды, сарқылмайтын қор -ақпаратты бере отырып, шындық (объективті) дүниені бейнелеудің жалғыз ғана тәсілі болып табылады. Бұдан әрі, адамның өзгертушілік әрекетінің масштабтарының өсуі "табиғат-қоғам" жүйесін зерттеулердің тео-риялық деңгейін көтеруді, олардың болжаушылық қуатын күшейтуді талап етеді, мұнсыз табиғатты тиімді басқару мүмкін емес. Техникалық деңгей жоғарылаған сайын табиғаттағы берік те маңызды байланыстардың да бұзылуы көбейіп, баламалық (альтер-нативтік) тандау үшін қажетті ғылыми ұсыныстардың маңызы күшейе түседі.

Ғылым дамуының парадокстарына оның бір жағынан, дүние туралы шындық ақпаратты хабарлауы,

231


сонымен бірге оны жоятындығы жатады (мысалы, әр түрлі эксперименттер кезінде) немесе ғьмыми ақпараттың негізінде бірдеме жойылады (мысалы, тіршілік түрлері, қайта жаңғыртылмай-тын қорлар). Бірақ ең бастысы (негізгісі) ғылым адамдарды бақытты ету мен оларға ақиқатты түсіндіру үмітін жоғалтады. Бұл туралы кезінде Л. Н. Толстой да айтқан болатын. Болмысты ғылымның көмегімен танып білуге болмайды, өйткені ғылыми таным — бұл болмыстың өзімен емес, тек белгілі заттармен (объектілермен) істес болатын жеке таным, - деп пайымдайды қазіргі неміс философы

К. Ясперс.

9.4. Эволюциялық процесс ретіндегі ғылым

Ғылым Әлемнің дамуын зерттеп қана қоймайды, өзі де процесс, эволюцияның факторы мен нәтижесі болып табылады. Егер біз ғылымды эволюциялық механизм ретінде қарастыратын болсақ, оның бірте-бірте өзін-өзі ұйымдастыруға аса қабілетті емес, тым күрделі ұйымдасқан жүйе бола беретіндігін көреміз. Ғылымды қайта құру қажеттілігі дүниенің өзгеріп отыруынан туындайды (оның ішінде ғылымның да ықпалымен), сондықтан тірі организм тәрізді, ғылым да бұл өзгерістерді сезініп, жауап қайтаруы керек.

Жаратылыстанудың ішкі тұтастығы мен оның гуманитарлық және техникалық ғылымдармен байланысы берік те икемді болуы керек. Ғылымның құндылығы тек қана жекелеген жетістіктермен емес, оның бірыңғай жүйе ретінде қызмет етуінің икемділігімен анықталуы керек. Биосфераның біртұтастығы сияқты, ғылым да біртұтас болуға тиіс.

Адам эволюциясы туралы мәселені қарастыра отырып, ғылымның ролін анықтауға келеміз, өйткені ғылым ақыл-парасатты жетілдіруге қосқан үлесінің мәнімен ғана емес, сонымен бірге гендік (тектік) инженерияны және т.б. дамытуға қатысуы мағынасында да эволюцияның басты факторы болып отыр. Ғылым Жер эволюциясының Ұлы Құрастырушысы

232

болды, ал адам эволюциясының өзі де ғылымның қалайша және қандай бағытта дамуына тәуелді болып отыр. Ғылым адам эволюциясын жеделдете де, тежей де алады. Қоғамдық және техникалық прогрестің ықпалымен эволюцияның табиғи механизм-дері өз әрекеттерін тоқтатуы мүмкін, ал осындай жаңа факторларға адам эволюциялық тұрғыда бейімделмеген. Ғылым Әлем эволюциясымен әрқашанда үйлесімді болуы керек. Басқа сөзбен айтқан-да, ғылымның дамуын ретке келтіріп отыратын, ғылымның және өмірдің басқа жақтарының арасындағы кері байланыстың контуры пайда болуы керек.



Әлем эволюциясы сингулярлық нүктеден бастап, әлемнің әр алуандығын ұлғайту, оқшау өмір сүрмейтін, жаңа тұтастықтарға - атомдарға, молекулаларға, клеткаларға және т. с. с. бірігіп, өз заңдары бойынша ретті қызмет атқаратын жаңа бөлшектерді жасау жолымен жүрді. Ал екінші жағынан ғылымның әр алуандығын көбейту бірігумен және реттіліктің өсуімен қоса жүруі керек, ал бұл ғылымның біртұтас біріккен, әр алуан үйлесімді жүйе ретінде қалыптасуы деп аталады.

Ғылымның осы бағыттағы даму эволюциясына деген негізгі сенімді осы дүние танып білу процесінің даму барысына қарай жетіледі деген белгілі диалектикалық ереже береді. Адамның қазірде өзін-өзі генетикалық тұрғыдан да, қоршаған ортаны өзгерте отырып та құрастыруға мүмкіндігі бар. Бұл жерде жаңа мүмкіншіліктер мен жаңа жауапкершіліктер туындайды.

Қазіргі ғылымда табиғат пен қоғамның арасындағы функционалдық қарым-қатынастар жүйесінің күрделенуіне байланысты көтерілітін міндетгерге жауабы болып табылатын маңызды процестер байқалуда. Қазіргі заманғы ғылымдарға тән бағыттар ретінде олардың экологиялануын және осы сияқты тағы басқа мысалдарды келтіруге болады. Көп кешікпей ғылым мәдениеттің аса негізгі бөлігі болып, бүкіл мәдениет бір бүтін және биосфераның бөлігі ретіңде, экологиялық мәдениет болып дамиды деп болжауға болады.

233


Осыған байланысты XXI ғасырда күшсіз әрекеттестікті (табиғаттағы және адам қоғамындағы), алыс жерлердегі, әр түрлі процестерді саналы басқаруды зерттеуге қызығушылық күшейе түсуі мүмкін. Ғылымның жалпы мәні оның адамның іргелі (негізгі) проблемаларын шешу барысында қаңдай жетістіктер беретініне байланысты болады: тұтынушылық цивилизациядан орнықты дамудағы цивилизацияға өту; тұраралық күрес жоқ жағдайда эволюцияға апармайтын агрессияшылдыққа бақылау қою; агрессиялық-тұтынушылық орнына сүйіспеншілік-шығармашылық қасиеті бар жеке тұлғаның жаңа құрылымын жасау.

Қоғам мен әрбір жеке адамның алдына болашақ жаңа ғаламдық мәселелер (проблемалар) қоюда. Бұл мәселелер ғылыми әдебиетте XXI ғасыр дабыддары деп аталады. Оларға мыналар жатады:

• өндірістің өнім үнемдейтін жаңа деңгейлеріне кешуін қамтамасыз ететін технологиялық дабылдар;

• планета ресурстары мен адамзат санының келісімді мөлшерін қамтамасыз ететін демографиялық дабылдар;

• жаңа ақпараттық қоғамға көшуге және жаңа ақпараттық өмір сүру ортасына қалыптасуға байланысты ақпараттық дабылдар;

• ғаламдық мәселелерден қоғамдық түсініктің артта қалып қоюына байланысты динамикалық дабылдар;

• фундаментальды ғылымның жетістіктері мен адам-заттың жаңа өмір сүру жағдайларымен байланысты өмірге деген көзқарастық парадигманы өзгертуге байланысты көзқарастық дабылдар.

Бұл дабылдар шешімі адамзат деңгейінде де, жеке адам деңгейінде де ғаламдық мәдениеттің бірігуінде (интеграциясында) жатыр. Міне, сондықтан да бүгінгі уақытта ғылыми-технологиялық түсініктің қоғамдағы сана-сезіммен, мәдениетпен, әлемнің діндік және философиялық танымымен біртұтас болып бірігуінің маңызы өте зор.

Қазіргі заман талабы мен әлемдік қоғамдастықтардың мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін әлемдік кон-

234


цептуальды көзқарасты қалыптастыру жалпы әлемдік адамзаттың алдында тұрған күн тәртібіндегі мәселе. Бұндай әлемтанымға әрбір мәдениетті адамның бүкіл біртұтас адамзат пен оның болашақтағы тағдыры үшін оның этикалық жауаптылығын көрсететін планетар-лық гуманизмді келтіреміз.

Планетарлық гуманизмнің негізгі концепциялары "Гуманистік Манифест 2000" атты құжатта келтірілген. Манифестке әлемдік мәдениет пен ғылымның, демократиялық және құқық қорғаушы ұйымдардың алдыңғы қатарлы өкілдері қол қойды. Бұл планетар-лық гуманизмнің негізгі идеясы қазіргі заманғы және болашақтағы қауіпсіз де, жайлы да адамзаттың өмір сүру ортасын қалыптастыруын жариялайды. Осы идеяның іске асуын авторлар "Адам құқығының жалпылама ортақ декларациясының" орындалуымен байлаңыстырады.

Осыған қатысты маңызды мәселелер:

- тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- адамның жан-жақты дамуы, басқаша айтқанда, әлемдік масштабтағы адамдық прогрестің үдеуі;

- ұлттық өкімет қарамағынан босап шығуға ұмтылатын

халықаралық корпорациялардың іс-әрекетіне бақылау қою;

- әлеуметтік әділдік пен халықаралық келісімдердің орындалуын нығайту;

- жеке мемлекеттердің құқықтық жүйелерінен жоғары тұратын халыкаралық құқықтар жүйесін қалыптастыру;

- қазіргі техногендік экологиялық апаттар жағдайында адамзаттың өмір сүру ортасын сақтап қалуда маңызды роль атқаратын "экоэтика" мен "экоморалдық" приоритеттікті бекіту.

Манифестің осы декларацияларын іске асыру жолдары планетарлық деңгейде әлі толық шешілген жоқ.

235


Семинарға арналған сұрақтар

1. Ғылым дегеніміз не?

2. Ғылым дамуындағы қарама-қайшылықтар.

3. Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесі.

4. Ғылым эволюциялық механизм ретінде.

5. Ғылым дамуының болашағы.

6. Жаратылыстанудың этикалық мәселелері.

7. Жаратылыстанудың экологиялық маңызы.

8. Табиғат сияқты ғылымның да біртұтастығын қалай түсінесіз?

Рефераттар тақырыптары

1. Жаратылыстанудың болашағы.

2. Жаратылыстанудың адамзат мәдениеті үшін маңызы.

3. Кибернетиканың негізгі жетістіктері мен мәселелері.



Негізгі әдебиеттер

1. Кузнецов В. И., Идлис Г. М., Гутина В. Н. Естествознание. М., 1996. 384А.

2. Кедров Б. М. Предмет и взаимосвязь естественных наук. М.: Наука, 1967. 436А.

3. Карпенков С. X. Основные концепции естествознания. М., 1998.208А.

4. Горелов А. А. Концепции современого естествознания. М., 1998. 208А.

5. Данилова В.С., Кожевников Н. Н. Основные концепции современного естествознания М.: Аспект Пресс, 2001.

6. Идлис Г. М. Революции в астрономии, физике космологии. М.: Наука, 1985. 232А.

7. Моисеев Н.Н. Современный антропогенез и ци-вилизационные разломы. Эколого-политологический анализ // Вопр. Философии. 1995. N1.

236


Қосымша әдебиеттер

1. Ровинский Р. Е. Развивающаяся Вселенная. М.,

1995.


2. Концепции современого естествознания./ Под ред. В. Н. Лавриенко и В. П. Ратникова. М.: ЮНИТА ДАНА, 1999. ЗОЗс.

3. Крестов Г. А., Березин Б. Д. Оновные понятия современной химии. М., 1986.

4.Ровкин В. И. Естествознание для гуманитариев.

Омск, 1993.

5. Глобальная экологическая проблема. М., 1988.

6. Моисеевв Н. Н. Человек и биосфера, 1985.

7. Гиренок Ф. И. Экология, цивилизация, ноосфе-

ра. М.1987.

8. Гумилев Л. Н. Этногенез и биосфера Земли. М.,

1994.


9. Воронцов Н. Н. Теория эволюции. М., 1999.

10. Капица С. П., Курдюмов С. П., Малинецкий Г. Г. Синергетика и прогнозы будущего. М., 1997.

11. Опарин А. И. Жизнь как форма движения материи. М., 1963.

12. Торосян А. Ц. Основная функция живого и ее

эволюция. М., 1994.

13. Бялко А. В. Наша планета — Земля. М., 1983.

14. Еремеева А. И. Астрономическая картина мира и ее творцы. М., 1984.

15. Баешов А., Дөрібаев Ж.Е., Шакиров Б.С. және тағы басқалар. Экология негіздері. Түркістан, 2000.

16. Чижевский А.Л. Космический пульс земли. М.: Мысль, 1976.

237


ҚОРЫТЫНДЫ

Оқулықтың негізгі алға қойып отырған мақсаты студенттерді "Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары" пәнінің негізгі мазмұнымен таныстыру арқылы олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Біз Әлемнің даму заңдарын ғылымның казіргі даму сатысы тұрғысынан, оның қазіргі методологиясы мен негізгі зерттеу принциптері деңгейінен көрсетуге тырыстық.

Табиғаттың барлық құбылыстарының жалпылама байланыстары, олардың бір-біріне ауысуы мен даму принциптері туралы біздің танып білуіміз күннен-күнге толығу үстінде. Бұл процестердің ең алғашқыда бастамасы болды да, адамзаттың тіршілігі бар кезде оның соңы болмайды.

Жалпы танып білу кезінде әрбір ғылым табиғаттың өзі зерттеген заңдылықтары туралы өзінің шеңберінде тек бірыңғай ғана түсінік бере алады, ал бізді қоршаған әлем туралы шыншыл да жүйелі көзқарас барлық ғылымдардың жетістіктерін біріктіргенде ғана қалыптасады.

Бізге белгілі Табиғаттың ең жоғарғы керемет жетістігі — Жер бетінде адамзаттың пайда болуы. Бұл оның әзірше тек бір ғана өзін түсінетін, өткен тарихын білетін және болашақты ойлайтын саналы мүшесі. Бұл жағдай адамға Жер бетіндегі тіршілікті өте аялап сақтауды міндеттейді. Табиғат адамға сана-сезімділікті беріп, одан өзінің болашақ тағдырына жауапты болуды, Жер бетіндегі барлық тірі мен елі табиғаттың арасындағы қарым- қатынастарға жауапты болуды талап етеді. Ал казір биосферамыздың сақталуында адамзаттың болашағы үшін әрбір өмір

238


сүрушіден өз үлесін қосуды және жауапкершілікті талап ететін уақыт келді.

Табиғаттың заңдылықтарын ашу арқылы оны адамзат игілігіне тиімді түрде пайдалану, қоршаған орта, жер-су тазалығын сақтау, оларға зиянды заттардың қосылуына жол бермеу - көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың парызы.

Жеке тұлғаның дамуына бағытталған ұсыныстар білім беру жүйесінің негіздеріне қаланған. Себебі, творчестволық ой-ойлау адамның тез өзгеріс жағдайындағы әлемге тез қалыптасуын жақсартады (оңайлатады). Творчестволық мүмкіншіліктердің психологиялық бастапқыларына жататын қасиеттер: біртұтастық көзқарас, тұлғаның ішкі бас бостандығы, оның әлеуметтік жауапкершілігі, басқа көзқарастарға шыдамдылығы, информациялық мәдениеті, өзін-езі дамытуға, өзін-өзі маңыздылауға жөне білімін үздіксіз толықтыруға ұмтылысы.

Жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы пәндерді саналы түрде сөйкестіре отырып пәнаралық білім беру жүйесі осы қасиеттерді дамытуға бағытталған. Бұл пәндер адам миының әртүрлі бөліктерін "жұмыс" істеуге итермелейді, "екіжартышарлы" ойлаудың қалыптасуына әсер етеді. Іргелі және гуманитарлы білім негіздерімен таныстыру арқылы жоғары білімді мамандар дайындау жас мамандардың "майда-шүйделерге" деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Осы кейде түсініксіз "майда-шүйделер" арқылы әлемге жаңа идеялар келеді. Тұлғаға өзінің әлемдегі орнын сезінуіне көмектесетін, жауапкершілігі мен шыдамдылығын қалыптастыратын өзіндік рефлексиясын дамыту өте қажетті.

239

СЫНАҚ СҰРАҚТАРЫ



1. Жаратылыстанудың негізгі даму кезеңдері бойынша

1. Жаратылыстану ғылымының қазіргі заманғы әлем танымындағы маңызы.

2. Жаратылыстанудың даму тарихын ғылыми парадигмалардың ауысуы деп қарастыруға бола ма?

3. Әлемнің геоцентрлік үлгісін бірінші рет ұсынған ерте заманғы грек данышпаны.

4. "Бастама" (Начала) деген үлкен еңбек жазған ұлы грек ғалымы.

5. Екінші ғылыми-техникалық төңкерістің жетістігі неде?

6. Әлемнің гелиоцентрлік үлгісін (бейнесін) бірінші рет ұсынған ғалым.

7. Ғылым тарихы бойынша адамзат Табиғатты тануда неше сатыдан өтті?

8. Жаратылыстану жүйесіндегі негізгі (фундаментальды) ғылым.

9. Материяның атомдық құрылысы туралы ұғымды бірінші рет ұсынған ғалым.

10. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Эмпедокл қандай ғылым саласында жұмыс істеді?

11. Араб ғылымының жаратылыстанудағы үлесі.

12. Механиканың негізгі зандарын және денелердің еркін құлау заңын кім, қашан ашты?

13. Денелер қозғалуының себептері.

14. Н. Коперник пен И. Кеплер қандай ғылыми жаңалықтар ашты?

15. Ньютон механикасы қандай заңдарға сүйінеді?

240

16. Электромагниттік өріс теориясын жасаған ғалым?



17. Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңдарын ашқан ғалым.

18. Бүкілөлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым?

19. Салыстырмалы теориясының негізгі концепциялары.

20. Жарық жылдамдығының фундаментальдық сипаттары.

21. Кеңістік-уақыт континуумының бірлігі.

22. Эйнштейн "парадоксы".

23. Салмақ пен энергияның өз ара байланысы.

24. Кеңістік пен уақытқа гравитацияның әсері.

25. Кванттық механиканың негізгі концепциялары.

26. Магниттік және электромагниттік әрекеттесулер қалай бақыланады, олардың табиғаты қандай?



2. Физика концепциялары бойынша

І.Физика ғылымында эрекеттесулердің қандай түрлері қарастырылады?

2. Фундаментальдық константалар дегеніміз не, олардың физика мен Ғаламның үлгілеріндегі атқаратын маңызы.

З.Заттың құрылысы туралы Демокриттен бастап Томсонға, Резерфордқа және Борға дейін қандай гипотезалар болды.

4. “Корпускулярлытолқынды дуализм" дегеніміз не?

5. XX ғ. басында микроәлемді зерттей бастағанда физиктер қандай қиындықтарда тап болды?

б.Қандай элементарлы бөлшектер тұрақты?

7.Адрондар мен лептондардың айырмашылығы.

8.Физикалық вакуум дегеніміз не?

9.Кеңістік пен уақыттың өз ара өзгерісін қандай теория түсіндіреді?

10. Қазіргі заманғы физика тұрғысынан атом құрылысы қандай?

11. Қазіргі заманғы физикада элементарлы бөлшектер туралы түсінікке қандай мағына беріледі? Элементарлық бөлшектердің қасиеттерін айтыңыз.

241

12. Фундаментальдық әрекеттесудің негізгі түрлеріш келтіріңіз және оларға түсінік беріңіз.



13. Аннигиляция реакциясы дегеніміз не?

14. Луи де Бройль болжамы.

15. Паулидің тыйым салу принципін түсіндіріңіз.

16. Әлемнің кез келген затын құрайтын бөлшектердің спины қандай?

17. Күшті және әлсі ядролық әрекеттесулер қалай байқалады.

18. Өрістің бірігу теориясы: маңызы және даму жолдары.

19. Үшінші ғаламдық жаратылыстығылыми төңкерістің мағынасы.

20. Галилей, Максвелл, Ньютон, Фарадей, Эйнштейн өмірбаянына қысқаша шолу.



3. Астрономия концепциялары бойынша

1. Космология мен астрономияның негізгі зерттеу объектілері.

2. Күн эволюциясының даму бағыты және әр түрлі жұлдыздар.

3. Нейтрондық жұлдыздар, пульсарлар, "қара шұңқырлар", олардың пайда болу жағдайлары.

4. Пульсарлар қай уақытта ашылды? Пульсарлар сәулеленуінің тербелісі мен периоды.

5. Астрофизиканың зерттеу бағыттары.

6. "Ақ карликтер" қандай жұлдыздар? 8. Күн жүйесінің пайда болуы?

7. Антропты принциптің мағынасын түсіндіріңіз.

8. Сингулярлы нүкте дегеніміз не?

9. Протожұлдыздар қандай күштердің арқасында пайда болды?

10. Бүкіләлемдік орта (цектр) бар ма?

11. Космологиялық принциптің авторы мен мағынасы.

12. Біздің Күннің нейтрондық жұлдызға, "қара шұңқырға" айналуы мүмкін бе?

242


13. "Үлкен қопарылыс" дегеніміз не, ол қашан болды?

14. Неліктен галактикалар бір бірінен алыстауда?

15. Доплер құбылысын түсіндіріңіз.

16. Біздің галактикамыз қалай аталады және оған ең жақын галактикаларды атаңыз?

17. Ғаламымыздың кеңеюі қай теорияда түсіндіріледі және ол қандай өлшемдермен дәлелденеді?

18. Жер бетіндігі климаттың тұрақтылығына қандай газ жауапты?

19. "Көіпеткі эффектісі" (парник эффектісі) қалай пайда болуда?

20. Атмосфераны құрайтын газдар құрамы.

21. Жер сілкіністерінің себептері.

22. Әлемнің жаңа бейнесі (үлгісі) қашан жасалынады?



4. Синергетика концепциялары бойыпша

1. "Синергея", "синергизм" деген ұғымдарға түсінік беріңіз.

2. Ашық жүйе дегеніміз не?

3. Жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруының негізгі жағдайлары.

4. "Ерекше аттрактор", "бифуркация" атты терминдерді түсіндіріңіз.

5. Фрактальдық құбылыстар.

6. Жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруының басталу сипаттамалары.

7. Жердің өзін-озі ұйымдастыруы қалай жүреді?

8. Биоәлеуметтік құбылыстардың табиғаты.

9. Бәсеке жағдайындағы әлеуметтік жүйенің өмір сүру жағдайлары.

10. Экономикадағы дағдарыстарды және оларды болдырмауды өзін-өзі ұйымдастыру тұрғысынан қарастыру.

11. Бенар ұяшығындағы, турбуленттіктегі, лазер генерациясындағы өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері.

243

6. Химия концепциялары бойынша

1. Физикалық және химиялық процестердің бір-бірінен айырмашылықтары.

2. Атомды-молекулалық ілімнің негізін салған қандай ғалымдарды білесіз?

3. Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты?

4. Химияның негізгі мәселесінің әр түрлі шешілу әдістерінің бір-бірімен ретті түрде келуі не себеппен байланысты?

5. Заттың қасиетін көрсететін төрт негізгі факторды келтіріңіз.

6. Заттардың химиялық құрылымы теориясын кім және қашан ұсынды?

7. Флогистон теориясының мағынасы қандай?

8. Зат қүрамының түрақтылығы заңын кім ашты?

9. Ферменттердің тірі организмдер зертханасындағы ролі.

10. Пастердің идеясының мазмұны.

11. Тірі организмдердің негізін қалайтын қандай алты элементті білесіз?

12. Плазмохимия технологиясының артықшылықтарын айтыңыз.

13. Биокатализаторларды иммобилизациялау процесінің мағынасы.

14. Барлық химиялық заттардың қандай бөлігін (пайызын) неорганикалық заттар құрайды?

15. Катализдік жүйелердің өздігінен дамуының мағынасы неде?

16. Стационарлы емес химиялық кинетика нені зерттейді?

17. Ле-Шателье принципінің мағынасы.

18. Д. И. Менделеев химиялық элементтердің периодты жүйесін жасағанда қандай принципті қолданды?

19. Химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі қандай себепке байланысты?

20. "Изотоптар" мен "изомерлер" деген ұғымдарға түсінік беріңіз.

244

21. Эволюциялық химияның ақандай мүмкіншіліктері бар?



7. Биология концепциялары бойынша

1. Биологияның негізгі міндеттері.

2. Қазіргі заманғы биологияның негізгі сипаттамалары.

3. Тірілердің қүрылымдық деңгейін келтіріңіз (клеткалық деңгейден есті жануарларға дейін).

4. А. И. Опарин гипотезасының күшті және әлсіз жақтары.



  1. Белок биосинтезін генетикалық код қалай бас

  2. қарып отырады?

6. Нуклеин қышқылдарының генетикалық маңызы.

7. В. И. Вернадскийдің "тірі заттар" деген ілімінің ; мазмұны.

8. Эволюцияның синтетикалық теориясының мазмұны.

9. "Экология мен адамның денсаулығы" мәселесі.

10. Экологиялық зиянды шаралардың инерциальдығын қалай түсінесіз?

11. Әлемдік мұхиттің энергиясын қолдану мүмкіншіліктері қандай?

12. Генобиоз және голобиоз гипотезалары. Олардың мағынасы мен айырмашылығы.

13. Ноосфера ұғымына түсінік беріңіз.

14. Жердің сыртқы қабытының құрылысы қаңдай?

15. Жер бетіндегі цивилизациядан басқа тіршілік иелерінің бар немесе жоқ екені туралы қандай дөйлелдер (аргументтер) айта аласыз?

16. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз?

17. Макроэволюция дегеніміз не?

18. Ген дегеніміз не? Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары қалай тұжырымдалады?

19. Фенотиптің генотиптен айырмашылығы қандай?

20. Дарвиннің эволюциялық теориясының непзп факторларын айтыңыз?

245


21.1962 ж. биолошя ғылымында Нобель сыйлығын алған қандай ғалымдарды білесіз?

22. Адам эволюциясының болашағы.

23. Антропогенездің негізгі кезендері.

24. Гендік инженерияның қандай соңғы жетістіктерін білесіз?

25. Адам миының жарты шарларының функциональды ассиметриялығына түсінік беріңіз.

8. Букіләлемдік білім алмасу концепциялары бойынша

1. Ұлттық ғылыми академиялар қалай құрылады және олардың қоғам өміріндегі ролі.

2. Қандай халықаралық ғылыми қоғамдастықтарды білесіз?

3. Нобельдік сыйлық туралы не білесіз?

4. ЮНЕСКОның халықаралық қарым-қатынастағы атқаратын қызметі.

5. Халықаралық Ғылыми Одақтардың Кеңесі қандай сұрақтармен айналысады?

6. Ғаламдық мәселелермен айналысатын қандай мекемелерді білесіз?

7. Әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы ғылым жетістіктерімен алмасу қалай жүзеге асырылады.

8. Халықаралық ғылыми алмасуды қолдайтын қандай қорларды білесіз?

9. Қазіргі уақытта ғылыми алмасудың қандай түрлерін білесіз?

10. Ғылымның өлемдік деңгейін қалай анықтай-ды?

11. Халықаралық келісімдер түрлері.



246

СӨЗДІК



А

Адамзат - человечество

Аймақ - зона, территория, ареал, регион

Ағза - организм

Ақуыз - белок

Ақпарат - информация

Аспан - небо

Аспап - прибор

Апат - катастрофа

Ә

Әлем - мир, Вселенная

Әдіс - способ, метод

Әдістеме - методология

Әлсіз әрекетгесу - слабое взаимодействие

Әмбабап - универсальный

Б

Бағдарлама - программа

Баламалық - альтернатива

Бастау - Начало

Бәсеңдеу - замедление

Бейне - картина

Біртұтас - единый

Біріншілік - первичный

Білім - знание

Бос кеңістік - вакуум

Бөліктер - компоненты

Бөлшектер - частицы

Бүкіләлем - Вселенная

Бүкіләлемдік тартылыс заны - закон Всемирного тяготения

247


Г

Гендік қор - генофонд

Геожүйе - геосистема

Гендік тұр - генотап

Ғаламшар - планета

Ғ

Ғарыш - космос, әлем

Ғаламдық - глобальный

Ғалым - ученый

Ғылым - наука

Д

Данышпан - мудрец

Дәуір - эпоха

Дәреже - степень

Денсаулық - здоровье

Деңгей - уровень

Дін - религия

Е

Енгізу - занесение

Ереже - правила

Еселі қатынастар заңы - закон кратных отношений

Ерітінді - раствор

Ж

Жасуша - клетка

Жаратылыстану - естествознание

Жарылыс - взрыв

Жүйе - система

Жер - Земля

Жіктеу - классификация

З

Заң - закон

Зиян - вред

Зиянкес - вредитель

Зерде - память

И

Индика гор - индикатор (көрсеткіш)

Игеру - освоение

248


І

Ілім - учение

Індет ошағы - очаг эпидемии

Іріктеу (сұрыптау) - отбор, селекция

К

Катализаторлық - каталитический

Кәсіптік химия - ремесленная химия

Кезең - этап

Кешен - комплекс

Кеңістік - пространство

Кірігу — интеграция

Күш-сила

Көзқарас - мировоззрение

Көму — захоронение

Көлік - транспорт

Қ

Қалдық - отход

Қара тесік - черная дыра

Қауымдастық - ассоцияция

Қисықтық - искривление

Қозғалыс - движение

Қолданбалы - прикладная

Қор - фонд

Қоспа - смесь

Қоршаған орта - окружающая среда

Қырып-жою - истребление

Құрылым - структура

Құбылыс — явление

Қуат - энергия

Л

Ластану көздері - источники загрязнения

Лездік - мгаовенный

М

Мәдениет - культура

Мәдени-мұра - культурное наследие

Мөлшер - доза, сумма

Мұражай - музей

249


Н

Негіз - основа

О

Орта - центр, среда

Оқшаулау - изоляция

От - огонь

Ө

Өзгергіштік - изменчивость

Өзекті мәселе - актуальная проблема

Өмір (тіршілік) - жизнь

Өндіріс - производство

Өнімділік - продуктивность

Өріс - поле

Өсімдік — растение

Өсімдіктер дүниесі - растительный мир

Өтем - компенсация

П

Пайда болу - рождение, түзілу

Пәнаралық ғылымдар - междисциплинарные науки

Пікір-талас - дискуссия

Популяция саны - численность популяции

С

Сала - область

Салыстырмалық принцип - принцип относительности

Салыстырмалықтың арнайы теориясы - специальная теория относительности

Сана - разум, сознание

Сапа - качество

Сараптама - экспертиза

Сәуле шашу, сәулелену - излучение

Сынама - проба

Сұрыптау - отбор

Т

Табиғат - Природа

Табиғи ресурстар - природные ресурсы

Табиғат кереметі - феномен природы

Табиғат қорғау - природоохранный

250


Талдау - анализ

Танып білу - познание

Тәсіл - способ

Тәжірибелік - эмпирикалық

Тепе-теңцік - равновесие

Толқын - волна

Төңкеріс - революция

Тұрақты - постоянная

Тұтастық - целостность

Түйсік - понятие

Тұр - вид

Түрлендіргіш - преобразователь

У

Улылығы - токсичность

Улы - ядовитый

Улы химикат - ядохимикат

Ұ

Ұжым — коллектив

Ұйым - организация

Ұлы - великий

Ұлпа - ткань

Ұгам - понятие

Ұяшық - ячейка



Ү

Үйлестірген - организованный

Үйінді - свалка

Үздіксіз - непрерывный

Үрдіс - процесс

251


255

Фазылов Серик Драхметович

Мудцахметов Зейнолла Мудцахметович

Газалиев Арстан Мауленович



КОНЦЕПЦИИ СОВРЕМЕННОГО

ЕСТЕСТВОЗНАНИЯ

Учебник

(на казахском языке)

Редактор Арпабеков С. А.

Верстка Наурызбаева III. М.

Дизайн Арпабеков С. С.

Қазақстан оку орындарының

Қауымдастығының баспа орталығы,

480072, Алматы қаласы,

Абай даңғылы, 42/44, офис 1009.



Тел.: 93-05-02, 50-45-10.

Издательский дом “Кітап”, 480009, г. Алматы, пр. Гагарина, 93. Тел.: 42-36-31. 42-07-90,
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет