Оқулық Алматы, 2003 ббк 28. 073 ф 16 ф 16 Фазылов С. Д., Молдахметов З. М., Ғазалиев А. М



бет9/15
Дата08.06.2018
өлшемі1,5 Mb.
#41653
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Химияның жүйесі - бір-бірімен өзара тығыз байланыста пайда болып өмір сүретін, бірін-бірі толықтырып, өзара иерархиялық қатынаста тұратын химиялық білімдердің концешуаддық жүйесіне бірігетін барлық химиялық білімдердің бірыңғай тұтастығы.

Химияның негізгі мәселесін шешудің негізінен төрт тәсілінің болуы химия жүйесін төрт жүйешеге бөлуде өз көрінісін тапты.

Химия жүйесі туралы түсініктердің маңыздылығын осы Жүйені құруды бастаған ғалым Д. И. Менделеев бәрінен де дәлірек сипаттап берді: "... ғылыми деректер жүйелі түрде талдап қорытуларды қажет

135


етеді, яғни, топтау, жалпыны бөлу; одан кейін заңдар,.. гипотезалар мен теориялар,.. керек. Бұл қорытулар болмаса, білім әлі ғылым емес, күш емес, ол зерттелетін белгісіз нәрсенің (сұрақтың) алдындағы құлдық". Менделеев жекелікте ғылым жоқ деп есептеді; ол - жалпыда, жекеліктердің бірігуінде, білімдер жүйесін құруда. Дәл осындай пікір ғалымға өзінің әйгілі химиялық элементтердің Периодтық Жүйесін жасауға мүмкіндік берді жөне 1860-1870 жыл-дары ол кезде тек бір "қабаттан" ғана - заттардың құрамы туралы ілімнен тұрған "химия ғимаратының" жаңа жоспарын зерттеп дайындауға көмектесті.

6.4. Заттың құрамы туралы ілім.



Оларды шешу мәселелері.

Химиялық білімдерді "өндірудің" төрт кезеңінің әрқайсысында шешуін табуды талап еткен өз міндеттері туындап отырды. Оларды шешудің әдістері мен тәсілдері үнемі жатық және нақты дұрыс болмады. Ғалымдардың зерттеу жолдары жиі шиеленісті және адасып кетуге болатындай күрделі шытырман тәріздес болды. Химиктер кейін жалғандығы өшкереленген қаншама гипотезалар үсынды! Табиғат өз құпияларын ашуға асықпады, оны танып-білудің әрбір тарихи кезеңінде зерттеушілерді тұйыққа тіреп отырды.

Ғалымдардың алдында ең бірінші кезенде - заттың құрамын зерттеу кезеңінде тұрған негізгі мәселелерді қарастырайық:

1. Химиялық элемент мәселесі.

2. Химиялық қосыңды мәселесі.

3. Құрамына жаңадан ашылған химиялық элементтер кіретін жаңа материалдар жасау проблемасы.



6.4.1. Химиялық элемент мәселесінің шешілуі.

Бұл мәселені шешудің тарихи тамырлары өте көне замандарға кетеді. Ежелгі Грецияда әлемнің құрылы-

136

сы туралы алғашқы атомистикалық теориялар пайда болады. Оларға қарама-қайшы - элементтер туралы, қасиеттер мен элементтер, сапалар жөнінде түсініктер шығады, бұларды кейін алхимиктердің жалған "ілімдері" қағып алады. Біздің білетініміздей, тек Р. Бойль ғана химиялық элементтің "қарапайым" дене немесе заттың химиялық ыдырауының шегі ретінде қазіргі заманғы түсініктің негізін салды. Барлық ал-химиялық адасулар аяқталып, енді химия нағыз ғылымға айналған сияқты еді, бірақ, өкінішке орай, химиктердің қуанышы ерте болды. Олардың қателіктері әлі алда болатын.



Мәселе мынада еді, химиктер "қарапайым заттарды" алуға талпынып, бұл үшін сол кезде өте кең тараған әдісті - "күрделі заттарды" қыздыруды қолданды. Қыздыру болса, қақтың пайда болуына әкелді, ал бұларды сол кездің химиктері жаңа элемент деп қабылдады. Осы себепті, металдар, мысалы, темір, негізгі элемент пен әмбебап "салмақсыз дене" - флогистоннан (флогистос — грекше жанған) тұратын күрделі денелер ретінде қарастырылды.

Флогистон теориясы (өз мәнінде жалған) алғашқы химиялық теориялардың бірі болды және көптеген зерттеулердің басталуына түрткі болды. 1680-1760 жылдары затты анализдеудің дәл сандық әдістері пайда болды, ал олар өз кезегінде нағыз химиялық элементтердің ашылуына септігін тигізді. Осы кезде фосфор, кобальт, никель, сутегі, фтор, азот, хлор мен марганец ашылды.

1772-1776 жылдары Швецияда, Англия мен Францияда бір мезгідде оттегі ашылды! Францияда оны алғаш ашқан тамаша химик А. Л. Лавуазье (1743-1794) еді. Ол оттегінің қышқылдар, оксидтер мен судың пайда болуындағы ролін анықтап, флогистон теориясын теріске шығарды және химияның принципті жаңа теориясын жасады. Бұл химиядағы нағыз төңкеріс еді. Ол химиялық элементтерді жүйеге келтірудің алғашқы әрекетін жасады, мұны кейін, өздеріңіз білесіздер, Д. И. Менделеев іске асырды. Біз

кванттық физика саласындағы табыстардың кейін барлық

137

белгілі химиялық элементтердің атомының күрделі құрылымын анықтауға көмектескенін білеміз, бүл туралы қазіргі заманғы кез келген химия оқулығында толық айтылған: атом дегеніміз оң зарядталған ядро мен теріс зарядталған электрондық қабықтан тұра-тын бірыңғай кванттық-механикалық жүйе болып табылады. Ал химиялық элемент атауының "астында" бірдей зарядтары бар барлық атомдар "жасырынған" (бірақ кейде атомдық салмағымен ерекшеленетін баршаға мәлім изотоптар да бар). Баржоғы екі ғасыр бұрын бұл мәселені түсіну үшін ең жұмбақ және күрделі мәселе болғанын көзімізге елестету қиын! Бірақ бұл мәселе қазіргі кезде әбден тәмамдалды деп есептеу дұрыс болмас еді. Осы уақытқа дейін түпкілікті шешілмеген мәселе: дүниеде барлыгы қанша химиялық элемент бар? Ең ақырғы, біздің кезімізде ашылған! 109-шы элемент — мейтнерий бізге белгілі, ол секундтың мыңнан бір сәтіндей ғана "өмір сүреді". Мұндай тұрақсыз элементті зерттеудің ғалымдарға қаншалықты қиын екенін түсінуге болады! Ал қаншама элементтер өзінің ашылуын күтіп тұр!



6.4.2. Химиялық қосынды мәселесін шешу

Ж. Прусттың заттың құрамының тұрақтылығы

туралы заңы.

Лавуазьенің химиялық элементтер туралы мәселесін шешуге қосқан үлесі әлемге белгілі, бірақ басқа бір тамаша француз химигі Ж. Прусстың да еңбектерін де еске алайық. Ол 1801-1808 жылдары құрамның тұрақтылығы туралы заңды анықтады, бүл заң бойынша кез келген жеке химиялық қосынды бір-бірімен тартылыста тұрған нақты өзгермейтін құрамдас бөлшектерден тұрады және осы айырмашылығымен ол қоспалардан ерекшеленеді.

ПРУСТТЫҢ ҚҰРАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЗАҢЫ (1801-1808 жж.). Кез келген таза заттың оның шыққан тегі мен алу тәсіліне қарамастан тек бір ғана қүрамы бар.

138


Дж. Дальтонның еселі қатынастар заңы.

Пруст Заңының теориялық негіздемесін заттардың құрамы туралы ілімдегі басқа негіз қалаушы заңның - еселі қатынастар заңының авторы ағылшын Дж. Дальтон жасады. Ол барлық заттардың молекулалардан, ал барлық молекулалардың өз кезегінде, атом-дардын тұратынын және кез келген заттың құрамын АВ, АВ2, А2В3 және т.с.с. қарапайым формула түрінде бейнелеуге болатынын көрсетті; мұндағы А және В белгілері молекуланы құрайтын екі атомның атауларын білдіреді. Эквиваленттердің бұл заңына сәйкес "молекуланың құрамдас бөліктері" — А және В атомдары басқа — С және Д атомдарына айырбастала алады, мысалы, реакцияларға сәйкес:



Сонымен, еселі қатынастар заңының дәл тұжырымын берейік.

ДАЛЬТОННЫҢ ЕСЕЛІ ҚАТЫНАСТАР ЗАҢЫ (1803 ж.): Егер бір элементтің белгілі бір мөлшері басқа бірнеше салмақтық қатынастағы элементпен қосылысқа түссе, онда екінші элементтің мөлшерлері өзара бүтін сандар қатынасында болады.

Химиялық қосындының құрамы тек қана тұрақты болуы мүмкін. Кейін Н. Я. Берцелуистың, Д. Л. Гей-Люссактың, Ю. Либихтың және басқа ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде заттың қүрамының тұрақтылық заңы түпкілікті бекітілді және химияның негізге алынатын заңдарының бірі болды.



Берілген көлемдегі молекулалар санының

тұрақтылыгы туралы А. Авагадро заңы

Заттың құрылысының молекулярлық теориясы газдық фазада болатын процестерге жаңаша қарауға мүмкіндік беріп, физика мен химияның торабында тұрған жаңа ғылымның - молекулярлық физиканың

139

бастауын жасады. Нағыз көңіл аударарлық оқиға 1811 жылы Авогадро заңының ашылуы болды. Итальяндық ғалым Амадео Авогадро (1776-1856) бірдей физикалық жағдайларда (қысымда және температурада) әр түрлі газдардың бірдей көлемдерінде молекулалардың бірдей саны болатындығын анықтады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кез келген газдың грамм-молекуласы бірдей температура мен қысым жағдайында бірдей көлемге сияды деген сөз. Ол тіпті бұл көлемді қалыптық физикалық жағдайлар үшін есептеп те шығарды. Қысым 760 мм сынап бағанасы жөне темпера-тура 0° С болғанда ол (көлем) 22,4 л-ге, дәлірек айтсақ - 22,414 л-ге тең болады. Айтылған жағдайларда бұл көлемде газ тәріздес заттың 6,023 АІО23 молекулалары болады (Авогадро саны).



Алайда, химияның дамуы мен қоспалардың көбірек санының зерттелуі белгілі құрамы бар заттармен қоса тағы ауыспалы құрамды қоспалар бар деген ойға әкеле берді - бұл және молекула туралы ұғымдарды қайта қарауға себеп болды. Молекула деп бұрынғыдай, заттың қасиеттерін анықтауға қабілетті және дербес бола алатын ең кіші бөлшектерді атай береді, бірақ енді молекулаларға иондық, атомдық және металдық монокристалдарды, сонымен қатар сутегілік байланыстар есебінен пайда болған полимерлер тәрізді ерекше кванттық-механикалық жүйелерді де қоса бастады. Затты зерттеудің физикалық әдістерін қолданудың нәтижесінде шынайы дененің қасиеттері химиялық қоспа құрамының тұрақты-тұрақсыз болуымен емес, дұрысырағы химизмнің физикалық табиғатымен, яғни, бірнеше атомдарды бір молекулаға бірігуге мәжбүр ететін күштердің табиғатымен анықталатындығы белгілі болды.

Сондықтан қазір химиялық қосынды ретінде бір немесе бірнеше химиялық элементтерден тұратын, атомдары өзара әрекеттесу арқылы бөлшекке біріккен, тұрақты құрылымы бар белгілі бір затты - молекуланы, кешенді, монокристалды немесе басқа агрегатты, түсінеді. Бұл "күрделі зат" деген ұғымнан гөрі кеңірек ұғым. Шынында да, әр түрлі емес, бірдей элемент-

140

терден тұратын химиялық қосындылыар баршаға белгілі ғой. Бұлар сутегінің, оттегінің, хлордың, графиттің, алмаздың және т.б. молекулалары.



Молекулярлық белшектер қатарындағы ерекше орынды полимерлердің макромолекулалары алады. Олар қайталанып отыратын, химиялық байланыспен бірі-бірімен бірыңғай тұтас құрылымдық бірліктердің -бірдей химиялық қасиеттері бар мономөлшсрлік молекулалардың үлкен санынан тұрады.

Материяның химиялық құрылысының әрі қарай күрделенуі атомдық және молекулярлық бөлшектердің күрделенуімен, молекулярлық ассоциаттар мен агрегаттардың, сонымен қатар олардың комбинацияларының түзілу жолымен жүреді.



ЗАТТЫҢ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ КҰРДЕЛЕНУІНІҢ СЫЗБАСЫ

Агрегаттардың түзілуі кезінде жүйенің фазалық қалпы өзгереді, ал ассоциаттарды жасауда бұлай болмайды. Еске түсірейік, фазалық күй - бұл кез келген зат (газ, сұйық, қатты дене) бар болатын негізгі физикалық күй.

5 6.4.3. Жаңа материалдар жасау мәселесі

Табиғат өзінің материалдық қорларын бүкіл ғаламшар аумағында жомарттықпен "шашқан". Адамның өндірістік қызметін атқаратын жер қабаты массасының 98.7%-тін сегіз химиялық элемент құрайды: оттегі - 47.0%, :@5<=89 - 27.5%, алюминий - 8.8%, темір -4.6%, кальций - 3.6%, натрий - 2.6%, калий - 2.5%, магний - 2.1%. Бұл химиялық элементтер жер бетінде біркелкі таралмаған және бір деңгейде қолданылмайды. Күнделікті өмірде қолданылып жүрген металл өнімдерінің 95%-нің негізі темір болып келеді. Бұлайша қолдану темірдің жетіспеушілігіне алып келеді.

141

Ғалымдар мынадай бір түсініксіз завдылықты байқады: адам өзінің тіршілік өрекеттерінде көбінесе табиғи қорлары шектелген затгарды жиі пайдаланады екен.



Сондықтан қазір ғалым-химиктердің алдында үш міндет тұр:

1. Өндірісте химиялық элементтерді пайдалану тәжірибесін олардың табиғаттағы шынайы қорларымен сәйкестікке келтіру.

2. Металдарды бірте-бірте керамиканың әр түрлі түрлерімен айырбастау.

3. Органикалық синтез базасында элементтік-органикалық қоспалар өндірісін кеңейту.

Қазіргі уақытта өндірісте алюминий, магний, кальций, кремний тәрізді элементтерді көбірек пайдалануды көбейтуге назар аудару ұсынылады. Табиғатта бұл элементгер едәуір жиі кездеседі және оларды өндіру ерекше қиын еңбекті қажет етпейді. Сонымен қатар, бұл жағдай осылар сияқты көбірек жиі кездесетін табиғи элементгерден құралған затгарды пайдалану қоршаған ортаны қалдықтармен ластауды азайтуға - қазіргі кездегі еткір проблеманы шешуге жақындатар еді. Бұл мәселенің шешілуі біздің ғаламшарымыздың алдағы тағдырына тікелей қатысты.

Металдарды керамикамен айырбастау қажеттілігінің өсуі керамиканы өндірудің жеңіл және экономикалық тұрғыдан тиімділігімен байланысты. Ал, сонымен қатар, кейбір өндірістерде оның орнына металл қолдану мүмкін де емес. Химиктер отқа төзімді, ыстыққа берік, химиялық жағынан берік және өте қатты керамиканы (гексанит-Р), сонымен қатар электротехникада қолданылатын керамиканы алуды үйренді. Кейінгі кезде кейбір керамикалық заттардың таң қаларлық қасиеті - жоғары температуралық аса үлкен өткізгіштігі, яғни, азоттың қайнау температурасынан да жоғары температурадағы ең жоғары өткізгіштігі байқалады. Бұл бірегей физикалық қасиетті ашуға химиктердің бір кешендегі барий, лантан және мыспен алынған кешендер негізінде жаңа

142


керамиканы жасау бойынша жүмыстары септігін тигізді.

Элементтік-органикалық қосындылар - бұл құрамына органикалық элементтермен қоса (көміртегі, сутегі, күкірт, азот, оттегі) басқа химиялық элементтердің: кремнийдің, фтордың, магнийдің, кальцийдің, мырыштың, натрийдің, литийдің және басқалардың туындылары да кіретін қосындылар. Кремнийді қолда-натын элементтік-органикалық материалдар химиясы (кремнийорганикалық химия) авиация мен энергетикада қажетті өте құңды қасиеттері бар көптеген полимерлерді жасау өндірісінің негізі болып табылады. Ал фторлық - органикалық қосындылардың беріктігі өте ерекше деп айтуға болады (тіпті, қышқылдар мен сілтілер орталарында да), олардың ерекше сыртқы белсенділігі бар және сондықтан мысалы, оттегіні гемоглобин молекуласы тәрізді тасымалдай алады! Фторлық - органикалық қосылыстар әр түрлі жабындар жасауға және тағы басқа қажеттіліктер үшін медицинада жиі қолданылады.

Қазіргі кезде химиктердің алдында тұрған практикалық міңдеттерді шешу мәселелері жаңа заттарды синтездеу мен олардың химиялық құрамына анализ жасауға тығыз байланысты. Сондықтан да бұдан көптеген жылдар бұрынғыдай химия ғылымында заттар құрамының мәселесі бұрынғыша өзекті болып қала береді.



6.5. Құрылымдық химия. Мәселелер мен шешімдер

6.5.1. Химиядағы "құрылым" ұғымының эволюциясы

Дж. Дальтон ұсынған теорияға сәйкес кез келген химиялық зат нақты белгілі сапалық және сандық құрамы бар, яғни, бір, екі немесе үш химиялық элементтердің атомдарының белгілі бір санынан тұра-тын молекулалардың жиынтығы болып табылады. Дж. Дальтонның заттардың құрылыс теориясы мына сұраққа жауап береді: жеке затты заттар қосындысынан қалай айыруға болады, бірақ ол

143


көптеген басқа сұрақтарға жауап бермеді: атомдар молекулаға қалайша бірігеді, молекуладағы атомдардың орналасуында қандай да бір реттілік бар ма, әлде олар қалай болса солай, кездейсоқ біріккен бе?

Бұл сұрақтарға XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген швед химигі И. Я. Берцелиус жауап беруге талпынды. Ол атомның электрлік дипол түріндегі жаңа үлгісін ұсынды. И. Я. Берцелиус көптеген заттардың ол берген процентгік құрамын анықтау

мен қарапайым стехиометриялық заңдылықтарды іздеу негізінде, сонымен қатар ертіңдідегі күрделі заттардың электр тоғының әсерінен ыдырауын зерттеп, ойға қалды: берілген нақты заттың электрлік зарядының белгісі мен шамасына не әсер етеді?

Неліктен оң электрлік және теріс электрлік заттар бар?

Қышқыл мен сілтінің молекулаларының құрылысының немесе нейтрал тұздағы сілтінің айырмашылығы неде? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін И. Я. Берцелиус мынадай гипотеза ұсынды: әр түрлі химиялық элементтердің барлық атомдарының әр түрлі электрлік терістігі бар деп, оларды осы электрлік терістіктің көбеюіне қарай өзгеше бір қатарға орналастырды. Сонымен,

И. Я. Берцелиус молекула атомдардың қарапайым "үйіндісі" емес, керісінше, өзара электростатикалық күштермен байланысқан атомдардың белгілі бір реттелген құрылымы деп жорамалдады.

1840 жылы француз ғалымы Ш. Жерардың еңбектерінде

И. Я. Берцелиус құрылымдарының барлық жағдайларда бірдей дұрыс болмайтындығы көрсетідді: молекулаларын электр тоғының ықпалымен жеке атомдарға бөліп орналастыруға болмайтын көптеген заттар бар, олар бірыңғай түтас жүйе тәрізді және дәл осы бір-бірімен өзара байланысқан атомдардың бөлінбейтін жүйесін Ш. Жерар молекула деп атауды ұсынды. Ол органикалық қосындылардың түрлерінің теориясын зерттеп, дайындады.

Бірақ, атомдарды дәл осы молекулаларға бірігуге қандай күштер мәжбүр етеді деген сұрақ ашық қал-

144


ды. Теория бүл сұраққа да жауап бермеді және жаңа заттарды синтездеуге қатысты нақты нұсқаулар да бермеді. Молекулалар құрылымына қатысты көп нәрсе түсініксіз және жұмбақ болып қала берді.

1857 жылы неміс химигі А. Кекуле жекелеген элементтердің кейбір қосындылар қатарында сутегі атомын айырбастай алатын қасиеттері туралы өз бақылауларын жариялады. Ол мынадай қорытындыға келді: олардың кейбіреуі сутегінің үш атомын, басқа біреулері екі немесе тіпті біреуін ғана ауыстыра алады. Сонымен қатар А. Кекуле "көміртегінің бір атомы ... сутегінің төрт атомына эквивалентті" екендігін анықтады. Бұлар заттардың валенттілік теориясының негізіне алынған ережелер болды.

А. Кекуле қолданысқа "туыстық" деген жаңа химиялық терминді енгізді, бұл берілген химиялық элемент ауыстыра алатын сутегі атомдарының санын білдірді. Ол барлық элементтерге сәйкес түрде "туыстықтың" үш, екі немесе бір бірлігін тіркеді. Көміртегі мұнда ерекше жағдайда тұрады — оның атомының төрт туыстық бірлігі бар екен. Берілген химиялық элементке тән туыстық бірліктердің санын ғалым атомның валенттілігі деп атады.

Атомдар молекулаға біріккен кезде туыстықтың бос бірліктерінің тұйықталуы жүзеге асады. Мысалы:



Сутегінің екі атомы + оттегінін бір атомы судын бір молекуласын жасайды.

А. Кекуленщ жеңіл қолымен молекула қүрылымы ұғымы көрнекті формулалық сызбалардың жасалуына әкелді, бұлар химиктерге олардың практикалық



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет