Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

Мерзімді  салым  (депозит) – белгілі мерзімі  бар жəне  тұрақты  пайыз 
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым
Салым  иесі  келісілген  мерзімнен  бұрын  алған  жағдайда  банк  айып-пұл 
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы. 

 
 
144
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады: 
-  есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, əрі мұндай шоттарға ешқандай 
да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды; 
-  шоттағы қаражат баяу айналады; 
-  тұрақты пайыз төленеді; 
-  пайыз  мөлшерінің  ең  жоғарғы  деңгейі  Орталық  банк  тарапынан 
реттеліп отырады; 
-  ақшаны  алуы  туралы  салым  иесінің  алдын  ала  хабардар  етуі  талап 
етіледі; 
-  бұл  шоттағы  қаражаттар  бойынша  ең  төменгі  мөлшерде  резервтер 
белгіленеді. 
Тағы  бір  кеңінен  таралған  салымның  түрі - жинақ  салымдары. 
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, 
салымның  жоғары    шегі  шектелген,  ақшаны  салу  жəне  алу  кезінде  жинақ 
кітапшасын көрсетуі қажет. 
Жинақ  салымдарының  тұрақты  мерзімі  болмайды.  Бұл  салымдардың 
түрі  бойынша,  мерзімді  депозиттерге  қарағанда  төменгі  мөлшерде  пайыз 
төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. 
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады: 

ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды; 

шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту 
талап етілмейді; 

ақшаны  шотқа  саларда  немесе  шоттан  аларда  міндетті  түрде 
ақшалай  қаражаттар  қозғалысы  көрсетілетін  жинақ  кітапшасының  болуы 
талап етіледі. 
Отандық  банктік  тəжірибеде  жеке  тұлғаларға  ашылатын  жинақ 
салымдары  салым  операцияларының  мерзіміне  жəне  мазмұнына  қарай 
төмендегідей түрлерге бөлінеді: 
- мерзімді жинақ салымдары; 
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары; 
- ұтыс салымдары; 
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары 
- мақсатты жəне ағымдық салымдар;  
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар; 
- валюталық салымдар.  
Мерзімді  жинақ  салымдарға  тұрақты  мерзімі  белгіленетін  жəне  сол 
мерзім  өткенше  алуға  мүмкін  емес  салымдар  жатады.  Мерзімді  жинақ 
салымдарына  басқа  жинақ  салымдарға  қарағанда  жоғарғы  мөлшерде  пайыз 
төленеді.  
 Мерзімді  депозиттер  жəне  жинақ  салымдары  депозиттік  ресурстардың 
біршама тұрақты бөлігін білдіреді. 
Қосымша  жарна  қосатын  салымдар – бұл  шоттағы  қаражатқа  алдын 
ала  келісілген  уəде  бойынша  үздіксіз  ақшалай  соманы  қосып  отыруға 

 
 
145
болатын  салымды  білдіреді.  Бұл  шотта  жинақталынған  соманы  белгілі  бір 
күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде жəне т.с.с) толық төленеді. 
Ағымдық  жинақ  салымдар,  негізінен,  жалақы,  зейнетақы,  үздіксіз 
төлемдерді  төлеу  үшін  жинақталатын  жəне  пайдаланылатын  қаражаттарды 
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді. 
Мерзімді  депозиттер  мен  жинақ  салымдарының  бір  түріне  депозиттік 
жəне жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. 
Депозиттік  жəне  жинақ  сертификаттары - бұл  салым  иесіне  белгілі 
мерзім  өткен  соң,  тиісті  қаражатты  жəне  оған  есептелетін  пайызды 
алуға  құқық  беретін    жəне  оның  шотындағы  ақшалай  қаражатының 
барлығын куəландыратын банк-эмитенттің жазбаша куəлігі
Депозиттік  жəне  жинақ  сертификаттары  иемденуіне  қарай  екі  түрлі 
болып келеді: 
1.  атаулы сертификаттар; 
2.  мəлімдеуші сертификаттар.        
Атаулы  депозиттік  жəне  жинақ  сертификаттары  бұл  салым  иелерінің 
атына толтырылып беріледі. Ал, мəлімдеуші сертификаттарда салым иесінің 
аты-жөні  көрсетілмейді,  яғни  оны  кім  иеленсе,  сол  қаражаттың  иесі  болып 
саналады. 
Депозиттік  жəне  жинақ  сертификаттары  сатылған  тауарлар  жəне 
көрсетілген  қызметтер  үшін  төлеуге  болатын  төлем  құралы  немесе  есеп 
айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада 
шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады. 
Əлемдік тəжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: 
1.  Аударылатын; 
2.  Аударылмайтын. 
Аударылмайтын  депозиттік  сертификаттар  салым  иелерінің 
қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады. 
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші 
нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді. 
Жинақ  сертификаты  жеке  тұлғаларға  арналып  шығарылады.  Жинақ 
сертификатының  мерзімі 1 жылдан 3 жылға  дейінгі  мерзім  аралығын 
құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі. 
Мерзімді  депозиттік  жəне  жинақ  сертификаттары  мерзімінен  бұрын 
төлеуге  ұсынылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  банк  сертификатты  сатып 
алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз  төлейді. Коммерциялық банктер үшін 
бұл  сертификат  ресурсты  жинақтау  тиімділігімен,  яғни  ірі  соманың  белгілі 
бір мерзімге түсуін сипаттайды. 
АҚШ-тың  банктік  тəжірибесінде,  талап  етуге  дейінгі  депозиттік 
шоттармен  қатар,  сондай  шоттар  түріндегі  Нау-шот  жəне  куəландырылған 
чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.  
Нау-шоттар – бұл  пайыз  төленетін,  чектік  депозиттер  болып 
табылады. 

 
 
146
Нау-шоттың келесідей өзіне тəн ерекшеліктері болады: 
-  бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді; 
-  бұл  шот  жеке  тұлғаларға  немесе  пайда  таппайтын  ұйымдарға 
ашылады; 
-  салым  иелерінен  бұл  шотта  ең  төменгі  қаражат  болуы  талап 
етілмейді. 
Куəландырылған  чектер  шоттары – бұл  куəландырылған  чектерді 
төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы 
қаражаттары. 
Куəландырылған  чектер – бұл  банктің,  шоттағы  қаражаттың  барлығын 
чектер арқылы куəландыруы. 
Американдық  банктік  тəжірибелерде  жаңа  депозит  түріне  ақша 
нарығының депозиттік шоты жатады.  
Оның мынадай ерекшелігі бар: 
•  ақша  нарығының  басқа  құралдары  бойынша  мөлшерлемелерінің 
өзгеруіне  байланысты,  əр  аптада  шот  бойынша  пайыз  мөлшерлемесінің 
өзгеріп отыруы; 
•  шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі; 
•  салымдардың сақтандырылуы; 
•  иемденуші,  үшінші  жақтан  төлемдер  үшін    айына  шоттан  алты  рет 
аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, 
үшеуі телефон арқылы жүзеге асады. 
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар төмендегідей түрлерге 
бөлінеді: 

кəсіпорындар 
жəне 
акционерлік 
қоғамдардағы 
банктердің 
акциялары мен облигациялары; 

банкке  сақталуға  берілген  жəне  ссудамен  қамтамасыз  етілген 
акциялар мен облигациялар

шетелдік  валюталармен  жасалатын  операциялар  бойынша  бағалы 
қағаздар мен құндылықтар. 
Отандық  банктеріміздің  тартылған  қаражаттары  ішінде  банкаралық 
несиенің де ролі жоғары.  
Банкаралық несие  - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін 
несиелері. 
Банкаралық  несие  бұл  басқа  ресурстармен  салыстырғанда  өте  қымбат 
ресурс болып табылады. 
Банкаралық  несиенің  бір  түріне  Ұлттық  банктің  коммерциялық 
банктерге  қысқа  мерзімді  өтімділігін  қолдап  отыру  мақсатында  беріліп 
отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) жəне 
күндізі заемдар.  
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында 
дебеттік  қалдықтың  пайда  болуына  байланысты    бір  түнге    берілетін 
несие. 

 
 
147
 Мысалға,  оны  бүгін  кешке  алған  жағдайда,  ертеңіне  кешке  қайтаруға 
тура келеді. Кейде жағдайда, бұл несиені  алу  жұмыс аптасының соңғы күні 
немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы 
тиіс.  
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте 
ашқан  корреспондентік  шотында  уақытша  қаражат  жоқтығына  немесе 
жетіспеуіне  байланысты  ақшалай  аударымдар  мен  төлемдер  жасау 
мақсатында берілетін несие. 
Бұл  аталған  несиелер  қысқа  мерзімді.  Ұлттық  банк  екінші  деңгейдегі 
банктерге бүгінгі күні орта жəне ұзақ мерзімде несиелерді бермейді. 
Осындай  жағдайда,  коммерциялық  банктердің  активтік  операцияларын 
қаржыландырудың  басты  көзі  ретінде  пайдаланылатын  тартылған 
қаражаттарды  жинақтауда,  коммерциялық  банктерден  депозиттік  саясатты 
белсенді  түрде  жүргізе  отырып,  депозиттік  операцияларды  ұлғайту  талап 
етіледі.  Депозиттік  операцияларды  ұйымдастыру  барысында  коммерциялық 
банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс: 
-  депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың 
мерзімдері мен сомасына сəйкес келуі; 
-   депозиттік  операциялар  банк  пайдасын  ұлғайтуға  немесе  болашақта 
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс; 
-    депозиттік  операцияларды  ұйымдастыру  процесінде  мерзімді 
депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу; 
-   салым  иелерінің  санын  өсіру  мақсатында,  депозиттік  операциялар 
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.   
 
 
7.3.2 Банктердің активтік операциялары  
 
Активтік  операциялар – бұл  банктердің  табыс  алу  жəне  өзінің 
өтімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында,  иелігінде  бар  ресурстарды 
орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.  
Бұл  екі  мақсаттың  бірегейлігі  банкті  коммерциялық  кəсіпорын  ретінде 
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.  
Активтік  банктік  операциялар  өзінің  формасына  жəне  тағайындалуына 
əр  түрлі  болып  келеді.  Банктердің  активтік  операциялардың  ең  көп  тараған 
түрлеріне мыналар жатады: 
• 
ссудалық (несиелік) операциялар; 
• 
инвестициялық операциялар; 
• 
депозиттік операциялар; 
• 
қаржылық операциялар; 
• 
өзге де операциялар. 
Банк  активтік  операцияларының  маңызды  бөлігін – банктік  несиелік 
(ссудалық)  операциялары  негізінде  алады.  Банктік  ссудалық  операциялары 

 
 
148
негізінде ссудалық портфель құрылады.  Банктік ссудалар біршама табысты 
жəне жоғары тəуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты 
пайда көзі ретінде қызмет етеді. 
      Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің 
активтік    қызметінің  негізгі  бөлігін  (мысалға, 80 %-ке  жуық)  құрайды. 
Макроэкономикалық  деңгейдегі  бұл  операцияның  мəнін,  оның  көмегімен 
банктер  уақытша  жұмыс  жасамайтын  ақшалай  қорларды  өндірісті, 
айналысты  жəне  тұтыну  процесінде  жұмыс  жасайтын  етуімен  сипатталады. 
Коммерциялық  банктер  өздерінің  клиенттеріне  əр  түрлі  ссудаларды  береді. 
Банктің беретін ссудалары туралы 4-тақырыпта жазылған.  
Банктің  инвестициялық  операциялары  несиелік  операциялардан  кейін 
банкке  табыс  əкелетін  операциялар.  Банктің  инвестициялық  операциялары 
негізінде  бағалы  қағаздар  портфелі  қалыптасады.  Банктің  бағалы  қағаздар 
портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс 
əкелу, екіншісі – өтімді активтер қатарын толықтыру.   
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа 
бөлінеді:  
    1)  Мемлекеттің бағалы қағаздары; 
     2)  Корпоративтік бағалы қағаздар. 
ҚР-ғы мемлекеттің бағалы қағаздар түрлері 14-кестемен берілген. 
 
14-кесте. 
 ҚР-ғы мемлекеттің бағалы қағаздарының түрлері  
 
Түрі
 
Шығару
 
мақсаты
 
Орналастыру
 
тəсілі
 
Айнал
ыс
 
мерзімі
 
Номина
л
 
құны
 
Ұлттық
 
банктің
 
қысқа
 
мерзімді
 
нотасы
 
Айналыстағы
 
ақша
 
массасын
 
реттеу
 
Аукцион
/
сату
 7 
күнен
 
90 
күнге
 
дейін
 
100 
теңге
 
Ұлттық
 
банктің
 
арнайы
 
валюталық
 
нотасы
  
Еркін
 
өзгермелі
 
валюта
 
бағамына
 
өтуге
 
байланысты
 
жинақ
 
зейнет
 
ақы
 
қорлардың
 
активтерін
 
қорғау
 
Ноталар
 
портфелін
 
жинақ
 
зейнет
 
ақы
 
қорларымен
 
айырбастау
 
35 
күн
 
100 
АҚШ
 
доллары
 
100 
АҚШ
 
доллары
 
Жинақ
 
зейнет
 
ақы
 
қорлардың
 
активтерін
 
қорғау
 
мемлекеттік
 
облигациялар
 
портфелін
 
жинақ
 
зейнет
 
ақы
 
қорларымен
 

жыл
 
 

 
 
149
айырбастау
 
Мемлекеттің
 
арнайы
 
қазынашылық
 
міндеттемесі
 
(
МЕАКАМ

Ұлттық
 
банкке
 
Ү
кіметтің
 
қарызын
 
қайта
 
рəсімдеу
 
қайта
 
рəсімдеу
 10 
жыл
 
1000 
теңге
 
Мемлекеттің
 
қысқа
 
мерзімді
 
қазынашылық
 
валюталық
  
міндеттемесі
 
(
МЕКАВМ

Республикалық
 
бюджеттің
 
ағымдағы
 
тапшылығын
 
қаржыландыру
 
Аукцион
 
3
,
6
,

жəне
12 
ай
 
100 
АҚШ
 
доллары
 
Мемлекеттің
 
индексацияла
-
натын
 
қазынашылық
  
міндеттемесі
 
(
МЕИКАМ

Республикалық
 
бюджеттің
 
ағымдағы
 
тапшылығын
 
қаржыландыру
 
Аукцион
 3 
ай
 
жəне
 
одан
 
жоғары
 
1000 
теңге
 
Мемлекеттің
 
орта
 
мерзімді
 
қазынашылық
  
міндеттемесі
 
(
МЕОКАМ

Республикалық
 
бюджеттің
 
ағымдағы
 
тапшылығын
 
қаржыландыру
 
Аукцион
 2 
жəне
 3 
жыл
 
1000 
теңге
 
Мемлекеттің
 
қысқа
 
мерзімді
 
қазынашылық
  
міндеттемесі
 
(
МЕККАМ

Республикалық
 
бюджеттің
 
ағымдағы
 
тапшылығын
 
қаржыландыру
 
Аукцион
 
3
,
6
,

жəне
 12 
ай
 
100 
теңге
 
Мемлекеттік
 
ішкі
 
займдық
 
ұлттық
 
жинақ
 
облигациялар
 
(
ҰЖО

Республикалық
 
бюджеттің
 
ағымдағы
 
тапшылығын
 
қаржыландыру
 
Жазылу
 
жолымен
 
364 
күн
 
1000 
теңге
 
 
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді: 

Дисконттық,  мұндай  бағалы  қағаздар  алғашқы  нарықта 
инвесторларғы  жеңілдікпен  (номиналдық  құнынан  төменгі  бағамен) 
сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі. 
Мысалы, 91 күнге  шығарылған,  номиналдық  құны 100 теңге  тұратын 
дисконттық  бағалы  қағазды 75 теңгеге  сатып  алсаңыз,  онда  одан  мынадай 
табыс аласыз: 
100-75 
= 25 теңге немесе 
25теңге : 75 теңге (бастапқы салынған инвестиция)* 100 
% =33,3% 

 
 
150
Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3
%: 91 
күн   
= 0,3659 %  құрайды.  Демек,  бір  жылдық  табыс: 0,3659 % * 364 күн  = 
133,19 
% тең. 
 

Купондық,  яғни  номиналдық  құнына  пайызбен  бейнеленген  табыс 
əкелетін  бағалы  қағаздар.  Купон  мерзіміне  қарай  жылына 2-4 ретке  дейін 
төленеді.  

Аралас,  яғни  купон  жіне  дисконт  түрінде  қатар  табыс  əкелетін 
бағалы  қағаз.  Бұл  жағдайда  инвестор-банктің  табысы  екі  көзден:  дисконт 
түріндегі жəне купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады. 
Бүгінгі  таңда  ҚР-ғы  екінші  деңгейдегі  банктердің  инвестициялық 
операцияларға  бағытталған  активтерінің  басым  бөлігі  мемлекеттің  бағалы 
қағаздарға  жұмсалып  отырғаны  жасырын  емес.  Себебі,  мұндай  бағалы 
қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты 
тез  арада  қолма-қол  ақшаға  айналдыра  алады,  екіншіден,  олардан  алатын 
табыс төмен болғанымен тəуекел төмен немесе жоқ десе де болады. 
Сонымен  қатар  активтерінің  бір  бөлігін  өтімді  корпоративтік  бағалы 
қағаздарға  да  орналастыруда.  Корпоративтік  бағалы  қағаздарға  мыналар 
жатады: 
•     акциялар
•    облигациялар; 
•    депозиттік жəне жинақ сертификаттары; 
•    ипотекалық куəліктер; 
•    депозитарлық қолхаттар.  
Осылардың  ішінде  инвестицялау  операциялары  акциялар  мен 
облигацияларға  байланысты  көп  болады.  Ал  қалғандарының  нарығы  əлі  өз 
деңгейінде дами қойған жоқ. 
Акция – бұл  акционерлік  қоғамның  жарғылық  капиталына  үлес 
қосқандығын  куəландыратын  жəне  басқару  ісіне  қатысуға  құқық  беретін, 
сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз. 
Дивидент  төлеу  тəсілінің  айырмашылығына  байланысты  жай  жəне 
артықшылықты  акцияларға  бөледі.  Жай  акция,  оның  иесіне  акционерлік 
қоғамының табысына байланысты табыс əкеледі жəне қоғамды басқару ісіне 
немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, 
иесіне  қоғамның  табысына  байланыссыз  тұрақты  табыс  алуға  құқық  береді, 
бірақ  басқару  ісіне  араласуға  немесе  акционерлер  жинылысына  қатысуға 
құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам 
борыштық  тұрақсыздыққа  ұшыраған  жағдайда  мүлікті  жай  акция  иесінен 
бұрын алуға мүмкіндік беруі. 
Акциялар  шығару  формасына  қарай  да  ажыратылады:  құжатты 
(сертификатпен)  түрде  жəне  құжатсыз  (шоттағы  бухгалтерлік  жазулар 
арқылы). 

 
 
151
Облигация – оның  иесінің  ақшалай  қаражат  салғандығын 
куəландыратын жəне эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) 
мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қазаз. 
Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылыған қарай екі 
түрге бөлінеді: 

Купондық  облигация  -  инвестор-банкке  пайыз  мөлшерлемесі 
формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс əкелетін түрі; 

Дисконттық 
облигация 

инвестор-банктің 
облигацияны 
шығарушыдан  номиналдық  құнынан  төменгі  бағада  сатып  алып,  оны  өзінің 
құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс əкелетін түрі. 
Мысалғы,  облигацияның  ағымдағы  бағасы 100 теңге,  купон 
мөлшерлемесі – 10 
%,  онда  облигацияның  ағымдағы  табысы  төмендегідей  
түрде есептеуге болады. 
Купон/баға * 100 
= 10/100*100 = 10% 
Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс: 
10/150*100 
= 6.66% 
 
Ал,  мемлекеттік  емес  бағалы  қағаздардың  өз  деңгейінде  дамымауына 
жəне  олардан  алатын  табыстардың  қаншалықты  жоғары  болғанымен 
тəуекелдің  соғұрлым  жоғары  болып  келетініне  байланысты  банктер,  оларға 
қаражат салуда əлі де болса пассивтік танытуда.   
Банктің  активтік  депозиттік  операциялары  өтімділікті  қолдау  жəне 
банктермен  корреспонденттік  қатынас  орнату  нігізінде  дамиды.  Мұндағы 
корреспонденттік  қатынас  банктердің  бір-бірінде  ашатын  корреспонденттік 
шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, банктер активтік депозиттік 
операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды. 
Банктің  қаржылық  операциялары  несиелік  операциялар  типтес,  яғни 
банкке  табыс  əкелетін  активтік  операцияларды  сипаттайды.  Оларға:  лизинг, 
факторинг жəне форфейтинг операциялары жатады. 
Лизинг  сөзі “to  lease” ағылшын  етістігінен    аударғанда  “жалға  беру” 
дегенді  білдіреді.  Лизинг – бұл  лизинг  берушінің  (жалға  берушінің)  өзіне 
тиесілі 
құрал-жабдықтарды, 
машиналарды, 
ЭЕМ, 
ұйымдастыру 
техникаларды,  өндіріске,  сауда-саттыққа  жəне  қоймаға  арналған 
құрылғыларды  лизинг  алушыға  (жалгерге)  лизингтік  төлем  төлеу 
шартымен,  белгіленген  мерзімге  пайдалануға  беруін  қарастыратын  жалға 
беру шартын білдіреді
Барлық  лизингтік  операциялар  екі  түрге  бөлінеді:  шұғыл  жəне 
қаржылық лизингтер.  
1. Шұғыл лизинг  - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның 
пайдалану  мерзімінің  қысқалығын  жəне  мүліктің  құнын  толық  өтемеуін 
сипаттайды. 

 
 
152
2. Қаржы лизингі  – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының 
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе 
өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.  
Банктердің  лизингтік  операциялары  несиелік  операциялармен  ұқсас 
болып  келеді.  Алайда,  лизингтің  несиеден  бір  айырмашылығын  келісім-
шартта  көрсетілген  төлемдер  төленіп,  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  де  лизинг 
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, 
несиеде  банктің  меншік  объектісі  ретінде  қарыз  алушының  берген  кепілдігі 
қалады. 
Лизинг операцияларының техникасы 15-суретте көрсетіледі..  
          
 
                                           
                                            1         7 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет