Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

 
 
                             2 
 
                             
         4            6 
         
 
 
      
 
15-сурет. Лизинг операциясының сызбасы.  
 
1. Банк  мен  лизинг  компаниясы  арасында  несиелік  келісім  шарт 
жасалып, несие беріледі; 
2. Лизинг 
компаниясы 
алған 
несиені 
құрал-жабдық 
үшін 
жабдықтаушыға төлейді; 
3. Жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады. 
4. Лизинг компаниясы  мен лизинг алушы кəсіпорын арасында лизингтік 
келісім шарт жасалады; 
5. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 
6. Лизингті  алушы  кəсіпорын  пайдаланғаны  үшін  лизингтік  төлемдер 
жүргізеді; 
7. Лизинг  компаниясы  несие  беруші  банкке  несие  үшін  төлемдерін 
төлейді; 
 
Коммерциялық  банктердің  ең  көп  таралған  делдалдық  қызметінің  бір 
түрі – факторинг.  
Áàíê 
 
´íäiðiñòiê ê¸ñiïîðûí 
(ëèçèíã àëóøû)  
 
Ëèçèíã êîìïàíèÿñû 
(ëèçèíã áåðóøi) 
Æàáäûºòàóøû 

 
 
153
Факторинг  сатушылардың  сатып  алушыларға  сатылған  тауары  үшін 
уақытын  кешіктіріп  төлеуге  беретін  тауар  формасындағы  жəне  ашық  шот 
түрінде рəсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг 
клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық 
операциясының  бір  түрі.  Бұл  жерде  факторингтік  компания  клиенттердің 
шотын 90
%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты – 
кез  келген  несиелік  операциялардың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын 
тəуекелді қалпына келтіру шешуге бағытталады.  
Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген 
мағынаны  білдіреді.  Экономикалық  жағынан  алғанда – бұл  делдалдық 
операция.  
Факторинг  операциясы – жабдықтаушының  (банк  клиентінің) 
жабдықтаған  тауары  мен  көрсеткен  қызметтері  үшін  төленбеген  төлем  
құжаттарын 
(шот-фактурасын) 
банкке 
сатумен 
байланысты 
комиссиондық-делдалдық операция.  
Факторинг операциясына үш тарап қатысады: 
1.  Факторингтік  компания  (банктің  факторинг  бөлімі) – өздерінің 
клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме. 
2.  Клиент  (тауарды  жабдықтаушы,  несие  беруші) – факторинг 
компаниясымен келісім-шарт жасасушы өнеркəсіптік немесе сауда фирмасы. 
3.  Кəсіпорын (қарыз алушы) -  тауарды сатып алушы-фирма. 
Факторинг  мəмілесін  жүзеге  асырудан  бұрын  толық  талдау  жұмысы 
жүргізіледі.  Кəсіпорыннан  тапсырыс  алғаннан  соң  факторинг  компания 
немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық жəне 
қаржылық  жағдайын  зерттейді.  Егерде  кəсіпорын  факторинг  компаниясы 
немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг 
компаниясына  сатып  алушыға  жіберілетін  барлық  шот-фактураны 
тапсырады. °рбір  құжат  бойынша  клиент  төлеуге  келісім  алуға  тиіс. 
Факторинг  компаниясы  барлық  шот-фактурамен  таныса  отырып,  сатып 
алушының  төлем  қабілетін  анықтайды.  Бұған 2-3 күн  мерзім  уақыт  қажет 
етіледі.  Факторинг  компаниясы  төлемнің  уақыты  жеткен  кезде  немесе 
мерзімінен бұрын төлей алады.  
Факторинг мəмілесін ұйымдастыру 16-сурет көрсетілген. 
 
 
 
      ´німді төлеу                                        Талаптарды төлеу 
 
 
 
 
 
      Төлем құжаттарын                 Төлем қабілетін 
Ôàêòîðèíãòiê 
êîìïàíèÿ 
(áàíêòi» 
ôàêòîðèíã á¼ëiìi)

 
 
154
        сатып алу                           (несиелік қабілетін)  
                                                          талдау                        Жабдықтаушы             
Тауарды жабдықтау       Сатып алушы 
 
16-сурет. Факторингті ұйымдастыру сызбасы 
 
Факторинг  операциясы,  бүгінгі  таңда,  отандық  ақша  нарығында  дами 
алмай  отыр.  Факторингті  енгізу  сынағы,  негізінен, 1988 жылы  КСРО 
´неркəсіп  құрылыс  банкімен  жүзеге  асырылып,  кейіннен  өзге  де 
коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 
90-шы  жылдардың  басындағы  төлем  дағдарысы  факторинг  қызметінің 
банктер  үшін  тиімсіздігін  айқындап,  нəтижесінде  отындық  банктеріміз  күні 
бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда. 
Форфейтинг  сөзі  француз  тілінде “a forfaіt”,  аударғанда  “құқықтан  бас 
тарту”  дегенді  білдіреді.  Форфейтинг – тауарларды  жабдықтау  немесе 
қызметтерді  көрсету  барысында  пайда  болатын  жəне  алдағы  уақыттарда 
өтелуге  тиісті  міндеттемелерді  сатып  алуды  білдіру  үшін  пайдаланылатын 
термин.   
Форфейтинг  операциясы  –форфейтордың,  яғни  коммерциялық 
банктің  немесе  арнайы  компанияның  экспортерға  төлеуге  тиісті 
импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.  
Форфейтинг мəмілесінде үш қатысушы болады:  
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші; 
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы; 
3. Форфейтор,  яғни  мəмілені  қаржыландырушы  банк  немесе  арнайы 
ұйым.   
 
Форфейтинг операциясы 17-суретте беріледі. 
 
                                       1 
 
                                       2 
                                       3                              5 
                               
     
            4          5                           6        7 
 
       
 
 
 
 
17-суретФорфейтинг мəмілесінің техникасы 
 
Èìïîðòåð 
 
Ôîðôåéòîð-áàíê 
 
Ýêñïîðòåð 

 
 
155
 
1)  мəмілеге қатысушылар арасында келісім-шарт жасалады; 
2)  тауарын несиеге береді; 
3)  аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді; 
4)  аудармалы вексельді қайта сатады; 
5)  аудармалы  вексельді  есепке  алып,  оның 70
%
-дай  мөлшерінде  банк 
ссуда береді; 
6)  мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады; 
7)  вексель бойынша міндеттемесін өтейді. 
 
Форфейтинг  операциясының  мерзімі 180 күннен 5 жылға  дейінгі 
аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл. 
Форфейтингтегі  дисконт  мөлшерлемесінің  құрамдас  элементеріне 
мыналар жатады: 
•   еуровалюталар  нарығындағы    несиенің  құны  (ЛИБОР  –Лондондық 
банкаралық пайыз мөлшерлемесі); 
•   импортер  елінің  тəуекел  құны  жəне  валютаны  аударуға  байланысты 
тəуекел құны 0,5 –тен 6 
% -ға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды; 
•    несиені  басқаруға  қатысты  форфейтордың  шығындары (0,5 %  -ға 
дейін жылдық); 
•    міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1,5 % жылдық). 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Коммерциялық банктердің қандай түрлерін білесің 

2.  Банктің пассивтік операциясы дегеніміз не

3.  Банктің меншікті қаражтары қандай баптардан құралады

4.  Депозит дегеніміз не

5.  Банктің активтік операциясы қалай түсінесің 

6.  Активтік операциялар түрлерін ата

7.  Қаржылық операциялар түрлері қандай

 
Ұсынылатын əдебиеттер 
1.  “ҚР-ғы банктер жəне банктік қызмет туралы” ҚР заңы. 30.08.1995. 
2.  Ақша,  несие,  банктер ±.С.  Сейітқасымовтың  жалпы  ред.  Алматы 
Экономка. 2001. 
3.  Мақыш  С.Б.  коммерциялық  банктердің  операциялары.  Алматы. “Қазақ 
университеті” 2002 
4.  Деньги,  кредит,  банки  Под  ред.  О.И.  Лаврушина.  Москва  “Финансы  и 
стататистика” 1999. 
5.  Банковское  дело  Под  ред.  О.И.  Лаврушина.  Москва  “Финансы  и 
стататистика” 1998. 

 
 
156
6. 
Банки и банковские операции в России. Под ред. М.Х. Лапидуса, Москва 
1996.
  
7. 
О.М.
 
Маркова
 
и
 
др.
 
Коммерческие
 
банки
 
и
 
их
 
операции,
 
Москва

Банки
 
и
 
биржи,
 1995
.
 
8. 
Брокеры
 
и
 
регистраторы
 
на
 
рынке
 
ценных
 
бумаг.
 
Учебное
 
пособие
 
Алматы.
 
“ИРБИС“,2000.
 
9. 
Гвоздев  Б.З.  Факторинг.  Москва  Ассоциация  авторов  и  издателей 
“ТАНДЕМ“. Издательства ЭКМОС, 2000
 
8-тақырып. Валюталық жүйе жəне валюталық қатынастар 
 
8.1. 
Валюталық жүйе жəне оның түрлері 
 
Халықаралық 
валюталық 
қатынастар - ұлттық 
шаруашылықтарының  қызметтерінің  нəтижесінен  өзара  қызмет  ететін 
жəне  əлемдік  шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуі  барысында 
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.  
Валюталық  қатынастардың  жекелеген  элементтері  ерте  Грецияда  жəне 
Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы 
жəне Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық 
вексель  жəрмеңкелері  жатады.  Мұнда  аудармалы  вексель  (тратта)  бойынша 
есеп  айырысулар  жүргізілген.  Феодализм  қарсаңында  жəне  өндірістің 
капиталистік 
тəсілінің 
құрылуымен 
байланысты 
банктер 
арқылы 
халықаралық есеп  айырысулар жүйелері дами түсті. 
Халықаралық  валюталық  қатынастар  халықаралық  экономикалық 
қатынастарды  жалғастырады.  Валюталық  қатынастардың  жағдайы  ұлттық 
жəне  əлемдік  экономиканың  дамуына,  саяси  тұрақтылыққа,  елдер 
арасындағы  күштердің  шекті  қатынасына  тəуелді  болып  келеді.  Сыртқы 
экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталық байланыстарда саясат 
пен  экономика,  дипломатия  мен  коммерция,  өнеркəсіптік  өндіріс  пен  сауда 
бір бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық жəне 
əлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді. 
Капиталдың  шеңбер  айналысы  процесінде  ұлттық  нарықтан  əлемдік 
нарыққа  қосылуы  нəтижесінде  ұлттық  ақшалардың  ішіндегі  ақшалай 
капиталының  бір  бөлігі  шетел  валютасына  айналады  немесе  керісінше.  Ол 
көріністі  халықаралық  есеп  айырысуларда,  валюталық,  несиелік  жəне 
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады. 
Шаруашылықтың  интернационализациялануы  жағдайында  ұдайы 
өндірістің  сыртқы  факторларға:  əлемдік  өндіріс  динамикасы,  шетелдік 
ғылым  мен  техника  деңгейіне,  халықаралық  сауданың  дамуына,  шетел 
капиталына ағымына  арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар 
мен  ұдайы  өндірістің  арасында  тікелей  жəне  кері  байланыстың  болатынын 
көрсетеді.  Халықаралық  валюталық  қатынастар  тұрақсыздығы  мен 
валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері əсерін тигізеді. 

 
 
157
Шаруашылық  байланыстардың  интернационализациялануы  негізінде 
халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады. 
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық 
келісім  шарттармен  бекітілетін  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру 
жəне реттеу формасы.  
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді: 
• 
Ұлттық валюталық жүйе  
• 
Дүниежүзілік валюталық жүйе  
• 
Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе 
Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан. 
Ұлттық  валюталық  жүйе  -  халықаралық  төлем  айналымын  жүзеге 
асыратын,  ұдайы  өндіріс  процесіне  қажетті  валюталық  ресурсты  құрайтын 
жəне  оны  пайдалануға  көмектесетін  экономикалық  қатынастар  жиынтығын 
білдіреді. 
Ұлттық  валюталық  жүйе - елдің  ақша  жүйесінің  бір  бөлігі.  Оның 
ерекшеліктері  елдің  құрамдас  экономикасының  жəне  сыртқы  экономикалық 
байланыстардың даму дəрежесі мен жағдайына байланысты анықталады. 
Ұлттық  валюталық  жүйе  дүние  жүзілік  валюталық  жүйемен  тығыз 
байланысты.  Дүниежүзілік  валюталық  жүйе  ХІХ  ғасырдың  ортасына  таман 
құрылған.  
Дүниежүзілік  валюталық  жүйе  –  бұл  халықаралық  несие-қаржы 
институттары  мен  валюталық  құралдардың  қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін 
халықаралық  келісім  шарттар  мен  мемлекет  аралық  құқықтық  нормалар 
кешенін қамтиды. 
Дүниежүзілік  валюталық  жүйелердің  қызмет  ету  сипаты  мен 
тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық қағидаларының 
сəйкес  келуі  дəрежесіне  жəне  алдыңғы  қатарлы  елдердің  мүдделеріне 
байланысты болып келеді. 
Ұлттық  жəне  дүниежүзілік  валюталық  жүйелер  арасындағы  байланыс 
пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді. 
 
Ұлтық жəне дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері 
 
Ұлттық валюталық жүйе  Дүниежүзілік валюталық жүйе 
1). Ұлттық валюта 
1).Резервтік валюталар 
2). Ұлттық валютаның 
алмастырылу шарты. 
2). Валюталардың өзара алмастырылу 
шарты 
3). Ұлттық валюта паритеті. 3). 
Валюталық паритеттерінің ортақ 
режимі. 
4). Ұлттық валюта бағамының 
режимі 
4). Валюталық бағамдар режимінің 
регламентациясы. 

 
 
158
5). Валюталық шектеудің, 
валюталық бақылаудың болуы 
немесе болмауы 
5). Валюталық шектеуді 
мемлекетаралық реттеу. 
6). Елдің халықаралық 
валюталық өтімділігін ұлттық 
реттеу 
6). Халықаралық валюталық 
өтімділікті мемлекетаралық реттеу. 
7). Халықаралық несиелік 
айналыс құралдарын 
пайдалануды регламенттеу 
7). Халықаралық несиелік айналыс 
құралдарды пайдаланудың 
ережелерінің біртұтастығы 
8). Елдің халықаралық есеп 
айырысуларын регламенттеу 
8). Халықаралық есеп айырысудың 
негізгі формаларының біртұтастығы. 
9). Ұлттық валюталық нарық пен 
алтын нарығының режимі. 
9). Дүние жүзілік валюталық 
нарықтар мен алтын нарықтарының 
режимі. 
10). Елдің валюталық 
қатынастарын басқаратын жəне 
реттейтін ұлттық ұйымдары. 
10). Мемлекетаралық валюталық 
реттеуді жүзеге асыратын 
халықаралық ұйымдар. 
 
Аумақтық  валюталық  жүйе  өнеркəсібі  дамыған  елдердегі  əлемдік 
валюталық  жүйе  төңірегінде  құрылады.  Мысалы,  Еуропалық  валюталық 
жүйе  (ЕВЖ) – бұл  Еуропалық  қоғамдастыққа  мүше  елдердің  валюта 
аумағында  ұйымдастырылу – экономикалық  формасындағы  қатынастарды 
білдіреді.   
Мұндағы,  валюталық  паритет - валюталық  бағамның  негізі  болып 
табылатын  заңды  тəртіпте  белгіленетін  екі  валюта  арасындағы  шекті 
қатынасы.  
ХВҚ  жарғысы  бойынша  валюталық  паритет  СДР  негізінде  (арнайы 
қарыз алу құқығы) белгіленеді. 
Егер  де,  ұлттық  валюталық  жүйе,  ұлттық  валютаға,  яғни  елдің  ақша 
бірлігіне негізделсе, ал дүние жүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше 
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді. 
Резервтік  валюта – бұл  басқа  елдер  үшін  валюталық  паритет  пен 
валюталық  бағамды  анықтауда  негіз  ретінде  қызмет  ететін  жəне 
валюталар    бағамын  реттеу  мақсатында  валюталық  интервенция 
жүргізуде  пайдаланылатын  халықаралық  төлем  жəне  резерв  құралы 
қызметін  атқаратын,  əлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінің  еркін 
ауыстырылатын ұлттық валюталары
Валюта -     бұл  біріншіден,  сол  елдің  ақша  бірлігі;  екіншіден,  шетел 
мемлекеттерінің  ақша  белгілері;  үшіншіден,  халықаралық  есептесу 
бірліктері жəне төлем құралы (СДР, еуро.).  

 
 
159
Валюталық  бағам  -  бір  елдің  ақша  бірлігінің  екінші  бір  елдің  ақша 
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы. 
Валюталық бағамның қажеттігі: 
 1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, қапиталдар мен несиелер 
қозғалысы  барысында  өзара  валюталарды  айырбастайды.  Импортер  ұлттық 
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады. 
 2) дүние жүзілік жəне ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты əр елдің 
құндық көрсеткіштерін салыстыруға; 
 3)  фирмалардың  жəне  банктердің  шетел  валютасындағы  счеттарын 
үздіксіз қайта бағалап отыруға; 
Валюталық бағамға əсер ететін факторлар ықпал етеді: 
• 
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің 
валютасының  бағамы  төмен  болады.  Ақшаның  инфляциялық  құнсыздануы, 
ол ел валютасының төлем қабілеттігін жəне басқа елдің валютасына қатысты 
бағамын төмендетеді. 
• 
Төлем  балансының  жағдайы.  Егер  де  төлем  балансынының 
жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға 
сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал 
пассивтік  болса,  борышқорлар  оларды  өздерінің  сыртқы  міндеттемелерін 
өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді. 
• 
Əр  елдегі  пайыз  мөлшерлемесіндегі  айырма.  Бұл  фактордың 
валюталық  бағамға  əсері  екі  жағдаймен  болады:  а)  Елдегі  пайыз 
мөлшерлемесіндегі  өзгерістер,  капиталдың  халықаралық  қозғалысына,  ең 
алдымен  қысқа  мерзімді  қозғалысына  əсер  етеді.  Шын  мəнісінде  пайыз 
мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал 
оның  төмендеуі  ұлттық  капиталдың  шетелге  шығуына  жол  береді;  ə)  пайыз 
мөлшерлемесі  валюталық  нарықтағы  операцияларға  жəне  ссуданың 
капиталдар нарығына əсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі 
нарыққа орналастырады. 
•  Валюталық  нарықтар  қызметі  мен  алып-сатарлық  валюталық 
операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер 
тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады. 
•  Белгілі  бір  валютаның  Еуронарықта  жəне  халықаралық  есеп 
айырысуда 
пайдалану 
дəрежесі. 
Мысалға: 
Еуробанктер 60-70% 
операцияларын  АҚШ ($) долларында  жасағандықтан,  оған  деген  сұраныс 
пен ұсыныс ауқымы анықталады. 
•  Халықаралық  төлемдердің  жеделдетілуі  немесе  кешіктірілуі  де 
валюталар бағамына əсер етеді. 
•  Валютаға деген ұлттық жəне халықаралық нарықтағы сенімділік 
дəрежесі. 
•  Валюталық  саясат.  Нарықтың  жəне  мемлекеттік  реттеудің  шекті 
қатынасы оның динамикасына əсер етеді. 
 

 
 
160
 
      8.2 Дүниежүзілік валюталық жүйелер эволюциясы 
 
Валюталық  жүйелердің  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндіріс  белгілеріне 
байланысты анықтала отырып, ұлттық жəне əлемдік шаруашылықтың негізгі 
даму  кезеңдерін  көрсетеді.  Бұл  белгілер  дүниежүзілік  валюталық  жүйе 
қағидаларының  əлемдік  шаруашылық  құрылымдарындағы  өзгерістермен 
сəйкес  келмеген  жағдайларда  туындайды.  Соған  байланысты  əлемдік 
валюталық жүйенің құлдырауы басталады. 
Дүниежүзілік  валюталық  жүйелердің  дағдарысы  тұсында  оның 
құрылымдық  қағидаларының  əрекеті  бұзылып,  аяқ  асты  валюталық 
қайшылықтар орын алады. 
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып жəне 
оның  орнына  валюталық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ететін  жаңа  жүйемен 
ауысуына əкеледі. 
Жаңа  дүниежүзілік  валюталық  жүйені  құру  үш  басты  кезеңде 
жүргізіледі:  
І  кезең - жаңа  жүйенің  қағидаларының  қалыптасуы,  алғы  шарттардың 
түзілуін,  анықталуын  қамтиды,  мұнда  бұрынғы  жүйемен  өзара  байланыс 
сақталады. 
ІІ  кезең – жаңа  жүйенің  қағидаларының  құрылымдары  толығымен 
аяқталып, біртіндеп іске қосылады. 
ІІІ кезең – толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады
Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі: 
1. 
Париждің валюталық жүйесі (1867ж.) 
2. 
Генуэз валюталық жүйесі (1922ж.) 
3. 
Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944ж.) 
4. 
ßмайск валюталық жүйесі (1976-1978жж.) 
5. 
Еуропалық валюталық жүйе (1979ж.)  
 
Бірінші  дүниежүзілік  валюталық  жүйе  стихиялы  түрде  ХІХ  ғасырда 
өнеркəсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты формасында, яғни 
алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық 
келісім-шартпен 1867 ж..  Париж  конференциясында  бекітілді  жəне  осы 
конференцияда  алтын  əлемдік  ақшалардың  бір  ғана  формасы  ретінде 
танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды. 
Париж  валюталық  жүйесі  мынадай  құрылымдық  қағидаларға 
негізделеді: 
-   оның негізі алтын монета стандарты болып табылады; 
-  əр  валютаның  өзіндік  алтынға  шаққандағы  құрамы  белгіленеді 
(Ұлыбритания – 1816ж..,  АҚШ – 1837ж..,  Германия – 1875ж..,  Франция – 
1878ж..,  Ресей – 1895ж..  белгіледі).  Алтын  құрамына  сəйкес  валюталардың 

 
 
161
алтындық  паритеті  бекітілді.  Валюталар  алтынға  еркін  алмастырылды. 
Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды; 
-  нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып валюталарды еркін 
өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты. 
Алтын  монета  стандартының  тиімді  қызмет  ету  уақыты  бірінші  дүние 
жүзілік  соғысқа  дейін  ғана  болды.  Кейіннен  оның  құлдырауына  төлем 
балансындағы  тапшылық  одан  сайын  əсер  етіп,  алтын  монета  стандарты  өз 
құнын  жоғалтты.  Сөйтіп,  ол,  ақша  жəне  валюта  жүйесі  ретінде  қызметін 
толық тоқтатты. 
Бірінші  жүние  жүзілік  соғыстың  нəтижесіндегі  дағдарыстан  кейін 
алтынға  жəне  жетекші  валюталарға  негізделген  алтын  девиз  стандарты 
бекітілді. 
 Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем 
құралдарын  девиздер  деп  атады.  Екінші  дүние  жүзілік  валюталық  жүйеге 
заңды  түрде  мемлекетаралық  келісім-шартпен 1922 ж..  Генуэз  халықаралық 
экономикалық конференциясында қол жеткізілді. 
 Генуэз валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті: 
-   оның  негізі  болып  алтын  жəне  девиздер,  яғни  шетел  валюталары 
саналды.  Бұл  кезеңде 30 елдің  ақша  жүйесі    алтын-девиздік  стандартқа 
негізделді.  Ұлттық  несиелік  ақшалар  халықаралық  төлем  жəне  резервтік  
құрал  ретінде  қолданылды.  Бірақ  та,  соғыс  аралығында  резервтік  валюта 
ретінде  ешбір  валютаға  мəртебе  берілмесе  де,  фунт  стерлинг  пен  АҚШ 
доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді. 

алтын валюталардың құрамы сақталды; 

еркін валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді; 

валюталық реттеу, валюталық саясат халықаралық конференциялар, 
мəжілістер формасында жүзеге асырылды; 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет