Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

Бақылау сұрақтары 
1.  Ақша айналысы дегеніміз не

2.  Ақша айналысы құрылымына не жатады

3.  Ақша айналысы заңы нені баяндайды

4.  Инфляцияны дегеніміз не

5.  Инфляцияның пайда болу себептері қандай

6.  Бағаның өсуіне байланысты инфляцияның неше түрі бар

7.  Инфляциямен күресу жолдарын ата

8.  Ақша массаының құрылымы неден тұрады

9.  Ақша базасына не жатады

10. Ақша жүйесінің типтерін ата

11. ҚР ақша жүйесінің элементтеріне қандай

 
Ұсынылатын əдебиеттер 
1.  “ҚР-да  ұлттық  валютаны  енгізу  туралы”  ҚР  Президентінің  заң  күші 
бар жарлығы. 12.11.1993. 
2.  “ҚР-ның ақша жүйесі туралы” ҚР заңы. 13.12.1993. 
3.  Ақша,  несие,  банктер  Ғ.С.  Сейітқасымовтың  редакциялығымен. 
Алматы “Экономика” 2001. 
4.  Деньги, кредит, банки Под ред. О.И. Лаврушина. Москва “Финансы и 
стататистика” 1999. 
5. Общая теория денег и кредита Под ред. Е.Ф. Жукова Москва: Банки и 
биржи, 1995. 
6. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы: 1998.  
 
3-тақырып. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын 
ұйымдастыру 

 
 
47
 
3.1. Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары 
 
Қазіргі  жағдайда  ақша  шаруашылық  өмірдің  ажырамас  бөлігі  болып 
табылады.  Сондықтан,  материалдық  бағалылықтар  мен  жабдықтау 
қызметтеріне  байланысты  болатын  барлық  мəмілелер  ақшалай  есеп 
айырысудан  тұрады.  Ақшалай  есеп  айырысулардың  өзі  екі  формаға:  қолма-
қол  ақшалармен  есеп  айырысу  жəне  қолма-қолсыз  ақшалармен  есеп 
айырысуға  бөлінеді.  Қолма-қолсыз  ақшаларды  қолдана  отырып,  есеп 
айырысуды  ұйымдастыру  нақты  ақшалармен  есеп  айырысуларға  қарағанда 
біршама  қолайлы.  Мұндай  есеп  айырысу  негізінде  айналыс  шығындарын 
үнемдеуге болады. 
Сондықтан  да  болар,  қолма-қолсыз  ақшалар  айналысы  жалпы  ақша 
айналымының едəуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар 
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады: 
•  өнімді, қызметтерді жəне жұмыстарды сатуда; 
•  ұлттық табысты бөлу жəне қайта бөлуде; 
•  банк несиелерін алу жəне қайтаруда; 
•  бюджетке тиісті төлемдерді аударуда; 
•  халықтың ақшалай табыстарын төлеу жəне пайдалануда; 
•  басқа да банкаралық есеп айырысуларда. 
Қолма-қолсыз  есеп  айырысулар  толығымен  банк  мекемелері  арқылы 
ұйымдастырылатындықтан  да,  олардың  кең  көлемде  қолданылуына 
банктердің  торабының  ықпалы,  сондай-ақ  олардың  дамуына  деген 
мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. ´йткені, банк – бұл қолма-қол жəне 
қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі ағымдық 
шоттарындағы  жазбаша  түрдегі  ақшалай  қаражаттар  қалдығы  қолма-қолсыз 
ақшаларды бейнелейді.  
Қолма-қолсыз  ақшалармен  есеп  айырысу – бұл  ақшалай  қаражаттарды 
төлеушілер  мен  алушылардың  шоттарына  байланысты  жазбаша  түрде 
жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.  
Шаруашылықтағы    қолма-қолсыз  есеп  айырысулар  белгілі-бір  жүйеге 
байланысты ұйымдастырылады.  
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулар  жүйесі – бұл  қолма-қолсыз 
ақшалармен  есеп  айырысуларды  ұйымдастыру  қағидаларын,  оларды 
ұйымдастыруға  қойылатын  талаптарды,  сол  сияқты  құжат  айналымына 
байланысты есеп айырысу əдістері мен формаларының жиынтығы. 
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысуды  ұйымдастыру  мынадай 
талаптарға сəйкес келуі тиіс: 
Біріншіден,  өнімді  сатудың  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету  үшін 
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау; 
Екіншіден,  белгіленген  мерзімде  төлемді  жүзеге  асыруға  деген 
төлеушілердің жауапкершілігі; 

 
 
48
Үшіншіден,  қолма-қолсыз  ақшалармен  есеп  айырысулардың  өз 
уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі. 
Біздің  елімізде  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысу  жүйесін 
ұйымдастыру  негізі  КСРО  тұсында 1930-32 жылдары  несиелік  реформа 
барысында  жасалған  болатын.  Содан  бері,  яғни 1993 жылдарға  дейін 
еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын 
механизміне  бағытталған  түрде  жəне  экономиканы  басқарудың  əкімшіл-
əміршіл əдістеріне толық сəйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған 
қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулар  жүйесі,  бірінші  кезекте,  өндіріске 
жəне  өнімді  жөнелтуге  байланысты  өзінің  жоспарлық  тапсырмаларының 
орындалуына сəйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол 
жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң 
қағидаларының  сақталуы  кəсіпорынның  өзінің  алдындағы  келісім-шарттық 
міндеттемелерінің 
орындалуы 
үшін 
экономикалық 
мүддесі 
мен 
жауапкершілігінің  жоқтығын  біршама  дəрежеде  орнын  толтыруына 
мүмкіндік береді. 
Бұл қағидалар, əсіресе мыналарға қатаң қарайды: 
•  төлеу  орыны – банк,  яғни  ол  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп 
айырысуды ұйымдастырушы жəне бақылаушы болды; 
•  төлеу  уақыты - өнімді  тиеген  соң  немесе  қызметті  көрсеткен  соң 
жүргізілді,  яғни  мұнда  аванс  жəне  коммерциялық  несиенің  қолданылуына 
қатаң тиым салынды; 
•  төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты; 
•  төлеу  көзі – сатып  алушының  меншікті  қаражаты  немесе  банктік 
несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана; 
•  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысу  формасы,  яғни  олардың 
пайдалану аумағы алдын ала анықталады. 
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулардың  барлығы  бірдей  банк 
ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады. 
Бірақ  аталып  өткен  қағидалар,  сатып  алушының  төлем  қабілетін  жəне 
несиелік  қабілетіне  қойылатын  талаптарды  ескермеді,  соның  нəтижесінде 
есеп  айырысуға  қатысушылардың  балансының  өтімділігіне  төлемдер 
кезегінің бұзылуы кері əсер етті. 
Кейіннен  экономикамыздың  нарықтық  қатынастарға  өтуі  барысында 
қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысу  формалары  мен  əдістері,  оларды 
ұйымдастыру  қағидалары  толығымен  өзгерді.   Қазіргі  қолма-қолсыз 
ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады: 
Бірінші  қағидасы – барлық  шаруашылық  субъектілердің  ақшалай 
қаражаттары  банк  мекемелеріндегі  шоттарда  сақталып,  қолма-қолсыз 
ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. 
Мұнда  клиенттерге  ақшалай  қаражаттарды  сақтау  жəне  аударымдар 
жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық 
жүйедегі  бірінші  қағидадан  айырмашылығын,  барлық  кəсіпорындар  жəне 

 
 
49
ұйымдардың  арасындағы  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысудың  банк 
мекемелері  арқылы  жүргізілуге  міндеттілігінен  байқауға  болады.  Барлық 
кəсіпорындар  мен  ұйымдардың  ақшаны  банктегі  шоттарда  сақтауға 
міндеттілігі - бұл  экономиканы  əкімшіл-əміршіл  əдістер  арқылы  басқаруға 
ұқсас болып келеді. 
Нарықтың  шаруашылық  жағдайында  банк  арқылы  есеп  айырысуды 
жүргізу,  шаруашылық  субъектілердің  экономикалық  дербестігін  жəне 
олардың  өздерінің  іс-əрекеттері  үшін  материалдық  жауапкершілігін  ескеруі 
тиіс. 
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші 
қағидасының  бұл  жерде  заңды  жəне  жеке  тұлғаларға  қатысы  бар  екендігін 
ескерсек,  өткен  жүйедегі  қағида,  ақша  айналысындағы  нақты  жəне  қолма-
қолсыз  ақшалардың  арасындағы  заңды  түрдегі  алшақтықтың  болуына 
байланысты,  тек  заңды  тұлғаларға  ғана  қатысты  болғандағын  айта  кету 
керек. 
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысудың  келесі  қағидасы-  нарық 
субъектілерінің  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысу  формаларын 
таңдаудағы  еркін  жəне  оларды  банктің  араласуынсыз  шаруашылық  келісім 
шарттарында бекітуді көздейді. 
Бұл  қағидасы  меншік  формаларына  байланыссыз  кез  келген  нарық 
субъектілерінің  келісім  шарттық  жəне  есеп  айырысу  қатынастарын 
ұйымдастырудағы  бұл  қатынастардың  нəтижелі  болуы  үшін,  олардың 
материалдық  жағынан  жауапкершілігін  арттырудағы  экономикалық 
дербестігін  сипаттайды.  Бұл  жерде  банктің  рөлі  тек  қана  төлемдерді  жүзеге 
асыруда делдал ретінде көрінеді. 
2000  жылғы 2 маусымдағы  Ұлттық  банк  Басқармасының N 266 
бекітілген  “Қазақстан  Республикасының  банктеріндегі  клиенттердің  банктік 
шоттарын  ашу,  жүргізу  жəне  жабу  тəртібі  туралы”  нұсқаулыққа  сай 
төлеушінің  төлем  операцияларының  барлық  формаларында  бас  субъектіге 
айналу  тенденциясы  байқалады  себебі,  барлық  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп 
айырысу  формаларында  төлеу  туралы  бастаманы  төлеушінің  өзі  көтереді. 
Бұл  шарт  ел  экономикасындағы  нарықтық  қатынастардың  талабына  толық 
сəйкес келеді. 
Сонымен 
қатар, 
қолма-қолсыз 
ақшамен 
есеп 
айырысуды 
ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады: 
1.)  төлемнің мерзімділігі;  
2.)  төлемнің қамтамасыз етілуі. 
Төлемнің  мерзімділік  қағидасы - шаруашылық  несиелік  сақтандыру 
шарттарында,  ұжымдық  шарттарда  жəне  ҚР  Қаржы  министрлігінің 
нұсқауларында  көрсетілген  мерзімдерге  сəйкес  есеп  айырысуды  жүзеге 
асыру. 

 
 
50
Бұл  қағиданы  бекітудің  экономикалық  мағынасы  қаражат  алушының 
төленетін  қаражатты  қалаған  уақытта  ғана  емес,  яғни  алдын  ала  келісілген 
мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді. 
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тəжірибелік маңызы бар десе 
болады.  Кəсіпорындар  жəне  басқа  да  нарықтық  қатынастар  субъектілері 
төлемдердің мерзімділігінің дəрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, 
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады жəне заемдық қаражатқа деген 
қажеттілікті  тура  анықтайды  жəне  өз  баланстарының  өтімділігін  басқара 
алады.       
 Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін: 
•  сауда-саттық 
операцияларының 
басталуына 
дейін, 
яғни 
жабдықтаушының  тауарын  жібергенге  немесе  қызметін  көрсеткенге  дейін, 
яғни аванстық төлем түрінде; 
•  сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем 
тапсырмасы арқылы;  
•  сауда-саттық  операциясын  аяқтағаннан  кейін,  біршама  уақыттан 
кейін - қарыздық  міндеттемесіз  немесе  вексельді  пайдалану  арқылы 
коммерциялық несие жағдайында.  
Іс  жүзінде  мерзімінен  бұрын,  мерзімі  кешіктірілген  жəне  мерзімі  өткен 
төлемдерде кездесуі мүмкін. 
Мерзімінен  бұрынғы  төлемдер – бұл  келісілген  мерзімінен  бұрын 
ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.  
Мерзімі  кешіктірілген  төлемдер – бұл  көзделген  уақытта  қарыздық 
міндеттемесін  орындай  алмауына  байланысты  бастапқы  мерзімнің  уақытын 
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді. 
Мерзімі  өткен  төлемдер – бұл  төлеушіде  төлейтін  қаржы  болмауына 
байланысты  туындайды,  сөйтіп  төлем  мерзімі  жеткен  кезде  төлеушінің 
банктік  немесе  коммерциялық  несие  алу  мүмкіндігінің  жоқтығын 
сипаттайды. 
Төлемнің  қамтамасыз  етілу  қағидасы - бұл  алдындағы  мерзімділік 
қағидамен  тығыз  байланысты.  Себебі,  төлемнің  қамтамасыз  етілуі  төлем 
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде 
болуын  білдіреді. ´тімділік  қаражаттарының  сипатына    байланысты  жедел 
түрде жəне алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара 
ажыратылады.  
Төлемнің  жедел  түрде  қамтамасыз  етілуі,  төлеушіде  бірінші  класстық 
өтімді  қаражаттар  сомасының  болуын  түсіндіреді.  Бірінші  класты  өтімділік 
қаражатарға:  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді  жəне  қысқа  мерзімді  сипаттағы 
ақшалай  қаражаттар,  сол  сияқты  оларды  ұйымдастырудың  сондай 
формалары жатады. 
 Төлемдердің  жедел  түрде  қамтамасыз  етілуінің  əр  түрлі  формалары 
болады  (оның  ішінде  клиенттің  немесе  банктің  есебінен  қосқан  қаражаттар 
түрінде). 

 
 
51
Төлемдердің 
алдағы 
уақыттарда 
қамтамасыз 
етілуі 
төлемді 
кепілдендіреді,  шаруашылықтағы  төлем  тəртібін,  сонымен  қатар  есеп 
айырысуға  қатысушылардың  барлығының  төлем  қабілеті  мен  несиелік 
қабілеттігін нығайта түседі. 
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысуға  байланысты  барлық  аталған 
қағидалар  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты.  Сондықтан  да,  бұл 
қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді. 
Демекқолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-
қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулар  жүйесінің  конструктивтік  қасиетін, 
немесе  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысуда  ақшалардың  төлем  құралы 
ретінде қызмет етуін білдіреді.  
 
 
3.2 Банктік шоттар ашу тəртібі 
 
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулар  бойынша  операциялар 
клиенттердің  банктердегі  ашқан  ағымдық  жəне  басқа  да  шоттарында 
көрсетіледі. 
Сонымен,  қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар 
ашу тəртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар 
туралы”  ҚР  заңына    жəне  2000 жылғы 2 маусымдағы  Ұлттық  банк 
Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі 
клиенттердің  банктік  шоттарын  ашу,  жүргізу  жəне  жабу  тəртібі  туралы” 
нұсқаулыққа  сəйкес  жүзеге  асады.  Осы  нұсқаулыққа  сай  банктерде 
ашылатын  шоттар  мынадай  түрлерге  бөлінеді:  ағымдағы,  жинақ  жəне 
корреспонденттік. 
Жоғарыдағы  ережеге  сəйкес,  ҚР-ғы  екінші  деңгейдегі  банктерді  шот 
ашу мынадай құжаттар талап етіледі: 
I. 
Резидент-заңды тұлғалар үшін: 
•  Жарғысының көшірмесі (нотариалды куəландырылған); 
•  Статистикалық карточка; 
•  Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі; 
•  СТТН көшірмесі 
•  Филиалдар  мен  өкілеттік  үшін,  резидент-заңды  тұлғаның  олардың 
басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; 
•  Мемлекеттік 
бюджеттен 
қаржыландырылатын 
мемлекеттік 
мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз; 
•  Қол  қою  жəне  мөр  басу  үлгісі  бар  карточка  (нотариалды 
куəландырылған, 3 дана); 
•  Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың 
төл құжаттары мен СТТН; 
•  Банктік шот ашу туралы өтініш; 
•  Банктік шот туралы келісім-шарт. 

 
 
52
ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін: 
•  Мемлекеттік  немесе  орыс  тілінде  дайындалған,  Филиал  немесе 
өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куəландырылған); 
•  Статистикалық карточка; 
•  Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі; 
•  СТТН көшірмесі; 
•  Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың 
басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; 
•  Қол  қою  жəне  мөр  басу  үлгісі  бар  карточка  (нотариалды 
куəландырылған) 3 дана; 
•  Жеке куəлігі (көшірмесі); 
•  Банктік шот ашу туралы өтініш; 
•  Банктік шот туралы келісім-шарт. 
ІІІ. Шаруа (фермер) шаруашылғы: 
•  Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі; 
•  СТТН көшірмесі; 
•  Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі 
(нотариалды куəландырылған); 
•  Қол  қою  жəне  мөр  басу  үлгісі  бар  карточка  (нотариалды 
куəландырылған) 3 дана; 
•  Жеке куəлігі (көшірмесі); 
•  Банктік шот ашу туралы өтініш; 
•  Банктік шот туралы келісім-шарт. 
ІV. Жеке кəсіпкерлер үшін: 
•  Жеке  кəсіпкерді  мемлекеттік  тіркеу  (қайта  тіркеу)  туралы  куəліктің 
көшірмесі; 
•  СТТН көшірмесі; 
•  Қол  қою  жəне  мөр  басу  үлгісі  бар  карточка  (нотариалды 
куəландырылған) 3 дана; 
•  Жеке куəлігі (көшірмесі); 
•  Банктік шот ашу туралы өтініш; 
•  Банктік шот туралы келісім-шарт. 
V. Шетелдік дипломатиялық жəне консулдық өкілеттіктер үшін: 
•  ҚР  Сыртқы  істер  министрлігінен  берілген,  оның  аккредитациясын 
растайтын құжаттың көшірмесі; 
•  Қол  қою  жəне  мөр  басу  үлгісі  бар  карточка  (нотариалды 
куəландырылған) 3 дана; 
•  Жеке куəлігі (көшірмесі); 
•  Банктік шот ашу туралы өтініш; 
•  Банктік шот туралы келісім-шарт. 
VІ. Жеке тұлғалар үшін: 
•  Жеке куəлігі (көшірмесі); 

 
 
53
•  СТТН көшірмесі; 
•  Қол  қою  жəне  мөр  басу  үлгісі  бар  карточка  (нотариалды 
куəландырылған) 3 дана; 
•  Банктік шот ашу туралы өтініш; 
•  Банктік шот туралы келісім-шарт. 
3.3. Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары 
 
“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану жəне 
қолма-қолсыз  төлемдер  мен  ақшалай  аударымдарды  жүзеге  асыру  ережесі” 
туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сəуірде  бекіткен N 
179  қаулысына  сəйкес,  заңды  тұлғалар  арасындағы 4000 айлық  есеп 
көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 
= (4000 х 872) теңге сомасынан жоғары 
мөлшерде  есеп  айырысулар  тек  қана  қолма-қолсыз  тəртіпте  жүзеге 
асырылуға  тиіс.  Осы  ережеге  сəйкес  қолма-қолсыз  есеп  айрысуларда 
қолданылатын төлем  құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:  
•  төлем тапсырмасы; 
•  төлем талабы-тапсырмасы; 
•  инкассалық үкім; 
•  чек; 
•  вексель. 
Аталған  төлем  құжаттарының  мынадай  өзіне  тəн  көрсеткіштері  болуға 
тиіс: 
1)  төлем құжатының атауы; 
2)  төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы; 
3)  ақшаны  аударушының  (төлеушінің)  толық  аты-жөні  жəне  жеке 
идентификациондық коды; 
4)  ақшаны  аударушы  банктің  толық  аты-жөні  жəне  банктік 
идентификациондық коды; 
5)  бенефициардың  (ақшаны  алушының)  толық  аты-жөні  жəне  жеке 
идентификациондық коды; 
6)  бенефициар-банктің 
толық 
аты-жөні 
жəне 
банктік 
идентификациондық коды; 
7)  төлемнің тағайындалу коды; 
8)  санмен жəне жазбаша түрде берілген төлем сомасы; 
9)  төлемді  немесе  ақшалай  аударымды  жасайтын  тұлғаның  қолдары 
мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса); 
10) 
бенефициардың  жəне  ақшаның  аударушының  салықты  төлеуші 
ретіндегі тіркеу номері (СТТН) 
Төлем  құжаттары  қағаз  жəне  электрондық  жолмен  толырылуы  мүмкін. 
Төлем  құжаттарының  дұрыс  толтырылуына  үлкен  мəн  беріледі. °сіресі, 
ондағы  төлемнің  тағайындалу  коды 1999 жылғы 15 қарашадағы  “Қазақстан 
Республикасыныңың 
Мемлекеттік 
классификаторы - төлемдердің 
тағайындалуының  бірдей  классификаторын  пайдалу  ережесі  туралы”  ҚР 

 
 
54
Ұлттық  банктің  Басқармасының  бекіткен N388 қаулысына  сəйкес  болуға 
тиіс. 
Төлемдердің  тағайындалуының  бірдей  классификаторы    Қазақстан 
Республикасындағы  ақша-несие  жəне  валюта  саясаты,  сыртқы  қарыз,  төлем 
балансының  параметрлерін,  банк  жүйесінің  жағдайын  шұғыл  түрде  талдау, 
жоспарлау жəне бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін 
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.  
Төлемдердің  тағайындалуының  бірдей  классификаторының  құрылымы 
төмендегідей: 
 
І 
ІІ 
ІІІ 
ІV V  VІ 
VІІ 
VІІІ 
ІХ 
Х 
  
мұндағы: 
І - ақшаны аударушының резиденттік белгісі; 
ІІ - ақшаны аударушының экономика секторы
ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі; 
ІV - бенефициардың экономика секторы; 
V, VІ, VІІ – валюта жəне  бағалы металдар коды
VІІІ – операция түрі; 
ІХ – төлемнің сипаты; 
Х – төлемнің ашып көрсетілуі. 
Резиденттік  белгісі  ҚР-ның  валюталық  заңдылықтарына  сəйкес 
анықталады жəне былай белгіленеді: 
“1” – резидент; 
“2” – бейрезидент. 
Экономиканың секторының коды мынадай: 
0 – Халықаралық ұйымдар; 
1 – Орталық Үкімет; 
2 – Аймақтық жəне жергілікті басқару органдары; 
3 – Орталық (ұлттық) банктер; 
4 – Басқа депозиттік ұйымдар; 
5 -  Басқа қаржылық ұйымдар
6 – Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар; 
7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар; 
8 – Үй  шаруашылығына  қызмет  көрсететін,  коммерциялық    емес 
ұйымдар; 
9 - үй шаруашылықтары. 
 
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан 
тұрады: 
0 – Зейнет ақы жəне жəрдем ақы; 
1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар); 
2 – Шетел валютасы жəне бағалы металдармен операциялар; 

 
 
55
3 – Депозиттер; 
4 – Займдар; 
5 - Қазақстан  Республикасының  бейрезиденттерінің  шығарған  бағалы 
қағаздары,  вексельдер  жəне  депозиттік  сертификаттары,  жəне  шетел 
капиталына инвестициялар; 
6 - Қазақстан  Республикасының  резиденттерінің  шығарған  бағалы 
қағаздары жəне вексельдері жəне казақстан капиталына инвестициялар; 
7 – Тауарлар мен материалдық емес активтер; 
8 – Көрсетілетін қызметтер; 
9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер. 
 
Төлемдердің 
тағайындалуының 
бірдей 
классификаторы 
толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады: 
•  төлем тапсырмасы; 
•  төлем талабы-тапсырмасы; 
•  салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі; 
•  аударуға берген өтініш;  
Төлем  тапсырмасымен  есеп  айырысу.  Бұл  қазіргі  кезде  кеңінен 
қолданылатын есеп айырысу формасы.  
Төлем  тапсырмасы – ақшаны  аударушының  (төлеушінің)  аталған 
тапсырмада  көрсетілген    ақша  сомасын  бенефициарға  аудару  туралы 
қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.  
Төлем  тапсырмасымен  есеп  айырысу  кең  көлемді  төлемдерді  жүзеге 
асыру  үшін  қолданылады:  алынған  тауарлары  мен  көрсеткен  қызметтері 
үшін,  тауарлы  емес  операциялар  (зейнетақы  жəне  сақтандыру  қорына 
төлемдер,  салықтық  төлемдер,  банкке  комиссиондық  жəне  т.б.  төлемдер) 
бойынша,  жабдықтаушылар  мен  мердігерлерге  тауары  жəне  көрсетілген 
қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.  
Төлем  тапсырмасы  оны  толтырған  күннен  бастап  (оны  толтырған  күн 
есепке  алынбайды)  он  күнге  жарайды  жəне  төлеушінің  шотында  қаражат 
болған жағдайда ғана іске асырылады.  
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген. 
                   
                                    1                             
 
 
       4                                                  2      
 
                                     3 
                                                           
1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді 
сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы. 
 
Àóäàðóøû (ò¼ëåóøi) 
Áåíåôèöèàð             
Áåíåôèöèàð áàíêi     
Àóäàðóøûíû»  
áàíêi 

 
 
56
1 - тауарды  (қызметті)  жабдықтау; 2 - төлем  тапсырмасын  банкке 
беру жəне шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенфициар банкіне қаражатты 
аудару  жəне  алушының  шотына  есептеу; 4 – бенефициардың  шотына 
қаражат түскендігін хабарлау. 
 
Екі  жақтың  келісуі  бойынша  төлем  тапсырмасы  мерзімді,  мерзімінен 
бұрын  жəне  кешіктірілген  болуы  мүмкін.  Мерзімді  төлем - бұл  тауарды 
жөнелткенге  дейін (1-суретті  қара);  тауарды  жөнелткеннен  кейін,  яғни 
тікелей  келісім  беру  жолымен (2-суретті  қара);  немесе  ірі  мəмілелер 
барысында  бөліп  төлеу  арқылы  жүргізіледі.  Мерзімінен  бұрын  жəне 
кешіктіріп  төлеу  бұл  жақтың  қаржылық  жағдайына  зиян  келмеуі  үшін 
жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.   
 Төлеуге  кепіл  болуы  мақсатында  төлеуші  мəміленің  шартында  төлем 
тапсырмасына  акцепт  беруі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  банк  тапсырмадағы 
соманы төлеу үшін  тиісті қаражатты жеке бір шотқа  аударып қояды.  Төлем 
тапсырмасы  арқылы  есеп  айрысудың  кемшілігіне  қаражат  айналымының 
біршама  қиындығы  мен  ұзақтығы  жəне  клиенттің  шаруашылық 
айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.  
Төлем  тапсырмасымен  есеп  айрысудың  артықшылығы,  оның  əмбебап 
есеп  айырысу  формасы    ретінде  ішкі  банкаралық  есеп  айрысуларда  жəне 
мемлекетаралық  жабдықтауларға  байланысты,  тауарлы  жəне  тауарлы  емес 
операциялар  бойынша,  сатып  алған  тауарын  төлеу  жəне  алдын  ала  төлеу, 
аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады. 
 
                                     1          
 
                                     5 
    4                                                   2    
 
 
                                       3 
                       
2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді 
алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы. 
 
1-  алдын  ала  төлеу  барысында  тауарды  (қызметті)  жабдықтау 
туралы  келісім-шарт  жасау; 2 - төлем  тапсырмасын  банкке  беру  жəне 
шоттан  қаражатты  шегеру; 3 – бенефициардың  банкіне  қаражатты 
аудару  жəне  алушының  шотына  есептеу; 4 - бенефициарға  оның  шотына 
қаражат түскендігін хабарлау; 5- тауарды (қызметті) жабдықтау. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет