Оқулық Алматы, 2014 2 3 ббк о



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата11.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59944
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Акмеология


94
95
–  аталған    үдерістің    мақсаты  ретінде,  болашақ    мамандардың 
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты 
тұлғаның сапасы ретіндегі қабілетін қалыптастыру қарастырылатын 
болады; 
–  кəсіби  өзіндік  білім  алу  қабілетін  қалыптастырудың  құралы 
ретінде,  модульдік  технология  алынатын  болады,  ол  мамандардың 
өзін-өзі  дамыту  мен  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  даярлаудың  мақсатта-
рына адекватты дидактикалық жүйе болып табылады; 
–  білім  беру  үдерісінің  модульдерінің  мазмұнына  негізгі  оқу 
бағдарламасына  қатынасы  бойынша  қосымша  болатын  кəсіби 
өзіндік білім алу тəжірибесін меңгеру сияқты компонент енгізілетін 
болады. 
Кəсіби  іс-əрекет  жəне  тұлғалық-кəсіби  даму  үдерістерінде, 
шығармашылық  əлеуетті  ашудың,  жүзеге  асырудың  жағдайлары 
мен факторларын анықтауға бағытталған акмеологиялық зерттеулер 
аса  конструктивті  жəне  практикалық  тұрғыда  маңызды  болып 
саналады.  Аталған  зерттеулердің  пəндік  жəне  объектілі  өрісі 
ауқымды,  шығармашылық  кəсіби  іс-əрекеттің  кез  келген  түрінде 
мүмкін  жəне  практикалық  тұрғыда  қажет.  Зерттеу  мəліметтері 
тұлғаның  əлеуетінің  мəнді  сипаттамаларын  қайта  жаңғыртылатын 
ресурстар  жүйесі  ретінде  акмеологиялық  түсіндіруге  негізделеді, 
олар  өз  кезегінде  жағымды,  əлеуметтік  мəнді  нəтижелерді  алуға 
жəне тұлғаның ілгері дамуына бағытталған  іс-əрекеттің тиімділігін 
арттыруға ықпал етеді. 
Аталған түсіндіруде əлеует, ең алдымен орны толықтырылатын 
ресурстар ретінде, яғни қойылған мақсаттарға сəйкес тұлғаның өзі 
бағыттайтын,  сонымен  бірге  ілгері  тұлғалық  дамуға  бағдарланған, 
табиғи-негізделген  ресурстар  ретінде  қарастырылады.  Басқаша 
айтқанда,  мұндай  түсіндіру  акмеологияда  өзекті  жəне  əлеуетті 
дамуға, субъектінің принциптерін жүзеге асыруына сəйкес келеді. 
Тұлғаның  əлеуетін  ашу  бірінші  кезекте,  тұлғаның  қабілеттерін 
дамытумен байланысты болады, əсіресе іс-əрекетке қатысты немесе 
тұлғаның  бағыттылығына  сəйкес  келетін  қабілеттерді  дамытумен 
байланысты. Кемелденген тұлғаның күрделі, жекеленген қабілеттерін 
дамыту, əдетте өзіндік оқыту мен кəсіби іс-əрекет үдерісінде жүзеге 
асырылады,  оның  барысында  субъектінің  алдына  тұлғалық-кəсіби 
өсу мен жетістіктерге жету міндеттері қойылады. 
Даму  үдерісінде  интеллектуалды  қабілеттерді  дамытуға  ба-
сымдылық  беру  қажет.  Интеллектуалды  даму  үдерісінде  білімдер 
толығады,  дүниетаным  кеңейеді,  интеллектуалды  біліктер  қалып-
тасады, бұлар өз кезегінде əлеуеттің қайта жаңғыртылатын құрам-
дасын  жүзеге  асырады.  Бұл  жаңа  интеллектуалды  қажеттіліктер, 
мақсаттар  мен  мотивтердің  қалыптасуына  ықпал  етеді,  яғни  даму 
үдерісі жеделдейді. 
Қабілеттердің  дамуы  іс-əрекеттің  тиімділігін  жəне  кəсіби 
жетістіктерге  жетуді  арттыруға  ықпал  ететін  тұлғалық-кəсіби 
немесе  кəсіби  маңызды  сапалардың  қалыптасуымен  қамтамасыз 
етілуі керек. 
Проблеманың  реттеуші  аспектісі – біліктер  мен  дағдылардың 
қалыптасуы  мен  дамуы. «Қабілеттер – сапалар – біліктер – 
мотивтер – мағыналық құрылымдар» жүйесінің дамуында тұлғаның 
əлеуетін  ашудың  негізгі  тетіктері  қаланған.  Бұл  үдеріс  жетістіктер 
мотивациясына  адекватты  нəтижелі  рефлексия  мен  «Мен-
тұжырымдама» аясында жүзеге асырылуы қажет. 
Тұлғаның  əлеуетінің  жүйелі  сапалар  қасиеті  бар,  олар  жүйелі 
тұғырға сүйеніп, əлеуетті сипаттауға мүмкіндік береді. 
Психикалық  əлеует  психикалық  процестердің  ресурстығын 
көрсетеді – естің,  зейіннің,  ойлаудың,  қиялдың  көлемі  жəне  си-
паттамасы,  эмоционалды-ерікті  саланың  ерекшеліктері.  Аталған 
əлеует  тұлғаның  арнайы  қабілеттерімен  тығыз  байланысты, 
салдарында  оны  ашу  соған  сəйкес  қабілеттердің  дамуымен 
анықталады. 
Характерологиялық əлеуеттің болуын индуктивті түрде болжауға 
болады.  Мінездің  белсенділік,  мақсатқа  ұмтылушылық,  беріктік, 
шешім қабылдау сияқты белгілері дами алады, тұлғалық жəне кəсі-
би жетістіктердің маңызды коррелянттары болып саналады. Аталған 
əлеуеттің мəнді толықтырушы ресурстығы болады, себебі мінездің 
белгілері ырықты  түрде қалыптасуы мүмкін. 
Тұлғаның  тəжірибе  əлеуетінің  мүмкін  болар  толықтыру 
ресурстық  деңгейдегі  тəжірибелік  шектелмеген  қасиеті  болады. 
Тəжірибе,  жаңа  білімдер  мен  біліктер  өмір  бойы  меңгеріледі, 
бұл  үдеріс  динамикалық  түрде  жеделдетілуі  мүмкін.  Тұлғаның 
бағыттылық  əлеуеті  тұлғалық  стандарттар  мен  эталондармен, 
мақсаттармен,  тұлғалық  мағыналармен  байланысты  жəне  оның 
акмеологиялық мазмұны болады. 
Жүйелі  тұғырда  тұлғаның  біртұтас  əлеуетін  жекеленген,  өзара 

96
97
байланысқан құрылымдардан құралатын əлеует ретінде қарастыру, 
ғылыми-қолданбалы  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді,  атап 
айтсақ  шығармашылық  əлеуетті,  оны  іс-əрекетте  ашу  мен  жүзеге 
асырудың жағдайлары мен факторларын зерттеуге мүмкіндік береді. 
Шығармашылық  əлеуетті  акмеологиялық  ұстаным  тұрғысында 
толықтырылатын  ресурстық  əлеует  ретінде  қарастыратын 
болса,  онда  технологиялық  жағына  ерекше  зейін  аудару  қажет, 
яғни  өзінің  шығармашылық  белсенділігін  басқару  шеберлігіне 
зейін  аудару  қажет.  Бұл  тұрғыда  шығармашылық  белсенділікті 
ынталандыратын  жағдайлар  мен  факторларды  іздеуге  бағытталған 
зерттеулер  ерекше  құндылыққа    ие    болады.  «Миға    шабуыл» 
əдісінің  құрылған  уақытынан  бері  бұл  мəселе  психологтар  мен 
акмеологтардың  ерекше  назарына  ілігіп  келеді.  Шығармашылық 
белсенділікті ынталандырудың психологиялық жəне акмеологиялық 
технологияларын,  жаңа  əдістерін  іздеу  жүзеге  асырылып  келеді. 
Көрнекті,  танымал  шығармашыл  тұлғалардың  естеліктерін, 
мемуарларын талдау негізінде, жиырмаға жуық осындай факторлар 
немесе стимулдар анықталды. Олардың əрекеті əдетте шабыттанудың 
тұрақты күйін туындатады, ол өз кезегінде тиімді шығармашылық 
іс-əрекеттің қажетті шарты болып саналады. 
Əрекет  етудің  психологиялық  тетіктерімен  танысу,  сонымен 
бірге  өзіндік  бақылау  мен  өзіндік  талдау,  еңбек  субъектісінің  дара 
ерекшеліктеріне жақындау болатын факторларды таңдауға мүмкін-
дік береді. Бұл белсенді «өзіндік ынталандыру»  К. С. Станиславский-
дің  бейнелі  анықтамасына  сəйкес  «ерікті  түрде  шабыттануды 
игеруге» мүмкіндік береді, өз кезегінде бұл іс-əрекеттің тиімділігіне 
жəне интеллектуалды дамуға жағымды, оңтайлы əсер етеді. Аталған 
акмеологиялық  тұғыр  тұлғалық-кəсіби  дамудың  міндеттерін  шешу 
үшін перспективті болып саналады. 
Бағалаудың  дара-тұлғалық  факторларының  қызметі  ерекше 
атап  көрсетіледі.  Кəсіби  өзіндік  бағалауы  төмен  адамдар  өздеріне 
деген 
сенімсіздікпен, 
ырықсыз 
əрекеттерге 
бейімділікпен 
айрықшаланады,  оларда  əдетте  тұлғаның  психопатиялық  белгілері 
айқын  байқалады.  Сонымен  бірге,  олар  ең  алдымен,  эмоционалды 
жылы,  эмпатиялық  қатынастарға,  өзара  əрекеттегі  эмоционалды 
жайлылыққа  бағдарланады.  Кəсіби  өзіндік  бағалауы  жоғары 
адамдарда  түбегейлі  əрекеттерге  бейімділікте,  іс-əрекетте  жəне 
өзара  əрекеттегі  авторитарлы  стильге  бейімділікте  байқалады. 
Кəсіби өзіндік бағалауы жоғары жəне төмен адамдардың құндылық 
айырмашылықтары анықталды. 
Кəсіби өзіндік бағалаудың негізгі мазмұны ретінде, көп жағдайда 
кəсіби эталондар мен стандарттармен салыстырғанда, өзінің кəсіби 
маңызды  сапаларына  жəне  іс-əрекеттің  тиімділігіне  өзіндік  қаты-
насы  алынады.  Атап  өтетін  бір  жайт,  кəсіби  өзіндік  бағалауға  іс-
əрекеттің  нəтижелілігі  ғана  емес,  сонымен  бірге  басқалардың 
бағалаушы тұжырымдары, қатынастар, əлеуметтік факторлар күшті 
əсер етеді. 
Кəсіпқойларда  біліктілікті  арттыру  шамасына  қарай  ішкі 
қанағаттанбаудың  өсуі  байқалады,  тіпті  АКМЕ  категориясының 
нəтижелерінің  жетістігін  олар  сатылы  оқиға  ретінде  қарастырады. 
Кəсіби  өзіндік  бағалауы  төмен  адамдарда  əрбір  жетістік  біршама 
мəнді жетістік ретінде қарастырылады. 
Кəсіби өзіндік бағалаудың деңгейі, еңбек субъектілерінің жетістік 
мотивациясына  əсер  етеді.  Бұл  үдерістің  динамикасы  бірнеше 
сатыдан құралады: 
♦  «Мен-кəсіпқой»  шынайы  жəне  идеалды  бейнесінің  арасын-
дағы  айырмашылықтың  əсерімен  мотивацияның  бұрынғы  жүйесін 
проблематизациялау; 
♦ жетістіктердің жаңа жүйесін жоспарлау; 
♦  жоспарланған  негізде  «Мен-кəсіпқой»  идеалды  бейнесін  жү-
зеге асыру; 
♦ жүзеге асыру барысында түзету; 
♦ «Мен-кəсіпқой» жаңа бейнесін бекіту. 
Əрі қарай цикл қайталанады. 
Өзіндік бағалаудың адекваттылығы көп жағдайда «Мен» кəсіби 
бейнесіне тəуелді болады. Кəсіби «Мен» бейнесі шынайы болып қана 
қоймай,  сонымен  бірге  тұлғалық-кəсіби  дамудың  дара  үрдістерін 
ескеретін  динамикалық  болуы  керек.  Кəсібиліктің  өсуімен  кəсіби 
өзіндік бағалаудың адекваттылығы артады. Кəсібиліктің жалпы жəне 
өзгеше,  акмеологиялық  инварианттар  кешеніне  енетін  тұлғалық-
кəсіби сапалар мен олардың деңгейі арасында байланыс болады.  
Кəсіби «Менді» дамытуға ықпал ететін маңызды факторлар: 
♦ кəсіби эталондар; 
♦ тұлғаның əлеуеті; 
♦ өзін-өзі тануға жəне өзін-өзі дамытуға бағыттылық; 
♦ тұлғалық бағалаудың адекваттылығы.

98
99
Акмеологияның  маңызды  міндеті  ретінде,  тұлғалық-кəсіби 
дамудың  эталондары  мен  құндылық  бағдарларды  таңдауға  көмек 
беру  алынады.  Бұл  үдеріс  дара  жəне  динамикалық  болуы  керек, 
аталған  үдеріс  дамудың  сатылары  мен  кезеңдерін  есепке  алады, 
сол  кезде  ғана  олар  тежегіш  рөлін  атқармай,  күшті  стимул  бола 
алады. Сəйкес жағдайлар мен факторларды анықтаумен байланысты 
аталған бағытты дамыту қажет. 
Тұлғалық-кəсіби  дамудың  жəне  тұлғаның  кəсібилік  деңгейін 
арттырудың  маңызды  факторы  ретінде,  еңбек  субъектілерінің  дара 
ресурстығын түбегейлі қолдану жəне көбейту алынады. 
Өзін-өзі  реттеудің  жоғары  деңгейі,  кəсібиліктің  жалпы,  маңыз-
ды  акмеологиялық  инварианттарының  бірі  болып  табылады.  Өзін-
өзі  реттеуді  жүзеге  асыру  шеберлігі – іс-əрекеттің  кəсібилігінің 
маңызды құрамдасы. 
Психологиялық  өзін-өзі  реттеуді  акмеологиялық  тұрғыда 
түсіндіру оны бірнеше аспектілерде қарастырудан құралады: 
♦ ішкі жəне сыртқы белсенділікті саналы басқару; 
♦ тұлғалық əлеуетті дамытуға бағытталған іс-əрекет; 
♦ аутопсихологиялық технологиялардың дара тəжірибесін жүйе-
леу жəне білім жүйесін меңгеру. 
Дара  ресурстықты  арттыру,  нақты  психологиялық,  кəсіби 
маңызды сапаларды дамыту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Атап 
айтсақ,  ақпаратты  талдаумен  жəне  жауапты  шешім  қабылдаумен 
байланысты кəсіби іс-əрекеттің тиімділігі көп жағдайда естің алуан 
түрлерінің даму деңгейіне тəуелді болады:
♦ тез, жылдам жаттау қабілеті;
♦  кəсіби  маңызды  ақпаратты  берік  сақтау  жəне  дəл  қайта  жаң-
ғырту; 
♦ ес процестерін ырықты басқару мүмкіндігі;
♦ есте сақталатын ақпараттың қорғалуы. 
Жеке уақыттық ресурсты қолданудың тиімділігі мен креативтілік, 
икемділік, толеранттылық, үлкен жүктемені көтеру қабілеті сияқты 
бірқатар  тұлғалық-кəсіби  сапалардың  арасында  тығыз  байланыс 
болады.  Тығыз  байланыс  тұлғалық  уақыттық  ресурстарды 
оңтайландыру мен еңбекке қабілеттілікті өзгертудің физиологиялық 
заңдылықтары  арасында  байқалады.  Іс-əрекеттің  тиімділігінің 
төмен болуы, уақыттық ресурстарды ұтымды қолданбау,  тұлғаның 
мазасыздану,  тұрақсыздану,  депрессивті  күй,  басқаның  пікіріне 
жоғары  сезімталдық  сияқты  сапаларымен  корреляциялайды. 
Арнайы акмеологиялық тренингтер құрастырылған, сонымен бірге  
өзінің  уақыттық  ресурсын  ұтымды  қолдану  бойынша  ұсыныстар 
жүйесі құрылған. 
Қолданбалы акмеология үшін тұлғалық кəсіби даму үдерісіндегі 
ерікті  реттеудің  рөлін  зерттеу  аса  құнды  болып  саналады.  Ерікті 
сапалар  бастамашылдық,  мақсатқа  ұмтылушылық,  тəуекел  ету 
қабілеті,  автономиялық  жəне  дербестік  сияқты  тұлғалық-кəсіби 
сапалардың  дамуына  ықпал  етеді,  сонымен  бірге  тұлғаның 
субъективті ерікті мүмкіндіктерін анықтайды. Мінез-құлық пен іс-
əрекеттегі  ерікті  реттеу,  аутопсихологиялық  құзыреттіліктің  даму 
деңгейімен тығыз байланысты, бұл өз кезегінде кəсіби іс-əрекеттің 
тиімділігіне  əсер  етеді.  Кəсібиліктің  дамуының  алуан  түрлі 
сатыларында ерікті реттеудің рөлі біржақты емес: бастапқыда оның 
рөлі  зор  болса,  тұлғалық-кəсіби  сапалар,  дағдылар,  біліктер,  іс-
əрекеттің  тиімді  алгоритмдерінің  даму  шамасына,  мінез-құлықтың 
жəне  қатынастың  нормативтілігінің  артуына  қарай  оның  рөлі  
төмендейді. 
Ерікті  реттеудің  жəне  іс-əрекеттің  психологиялық  сипат-
тамасының маңызды компоненті ретінде өзіндік бақылау алынады. 
Іс-əрекет  пен  мінез-құлықтағы  өзіндік  бақылау,  тұлғалық  бағалау, 
салыстыру, эталондарды таңдау, мінез-құлық пен қатынасты түзету 
туралы шешім қабылдау үдерістеріне əсер ететін кері байланыстар-
дың рефлексивті-реттеуші жүйесі ретінде қарастырылады. 
Жүйелі  тұғырда  жəне  жалпы  түрде  өзіндік  бақылауды  үш-
компонентті  құрылымы  бар  тұлғаның  қасиеті  ретінде  көрсетуге 
болады. 
Бірінші  компонент  ретінде  кəсібилік  деңгейінің  эталондары, 
мінез-құлық, іс-əрекет пен қатынастардың стандарттары, əлеуметтік 
жəне корпоративті нормалар алынады. 
Екінші  компонент  ретінде  бақыланатын  құрамдастар – тұлға-
ның, іс-əрекеттің, мінез-құлық пен қатынастардың негізгі тұлғалық-
кəсіби сипаттамалары. 
Үшінші  компонент – «келісімнің  бұзылуы»  жəне  оны  жоюға 
ынталандыратын  ақпарат  беретін  салыстырудың  психологиялық 
тетіктері.  
Өзіндік  бақылауды  жүзеге  асырудың  маңызды  факторлары 
болып табылатын: 

100
101
♦ мотивация; 
♦ өзіндік бағалау; 
♦ «сенімділік-сенімсіздік» көрінісі.
Өзіндік бақылаудың жоғары деңгейінің тұлғалық коррелянттары 
болып саналатын: 
♦ бақылау локусы; 
♦ эмоционалды тұрақтылық жəне психотизмнің төменгі деңгейі; 
♦ өзіндік тиімділік; 
Кəсібиліктің өсуімен өзіндік бақылаудың рөлі артады, тұлғалық 
стандарттар  күшейтіледі.  Нағыз  кəсіпқойларда  өзіндік  бақылау 
тұрақтылық  қасиетімен  ғана  ерекшеленбейді,  сонымен  бірге 
«автоматтандырылуымен» айрықшаланады, яғни ол саналы бақылау 
мен  ерікті  күштен  тыс,  практикалық  тұрғыда  «автоматты»  түрде 
жүзеге асырылады. 
Н.Т. Селезнева білім беру жүйесінің басшыларының психикалық 
мəдениетін  дамытудың  заңдылықтарын  зерттей  отырып,  келесі 
факторларды анықтайды жəне назар аударады: өзін-өзі реттеу жəне 
оңтайландыру,  əлеуметтік-психологиялық  құзыреттілік,  сонымен 
бірге, əлеуметтік-педагогикалық өзара əрекет, кəсіби шығармашылық 
жəне психологиялық-акмеологиялық қамтамасыз ету. 
А.А.  Бодалев  жəне  Л.А.  Рудкевич  факторларды  адамның 
«акме» жетістігімен байланысты топтарға, əлеуметтік макро- жəне 
микрофакторларға  (микроорта)  жəне  тұлғаның  психологиялық 
сипаттамаларына  бөледі.  Факторлардың  аталған  топтарын  шартты 
түрде  объективті  (даралық  сияқты  адамға  тəуелді  емес)  жəне 
субъективті (өзімен жұмыс жасау, яғни өзін-өзі жетілдіруге белсенді 
ұмтылыс) факторларға бөлуге болады. 
А.А.  Деркач  жəне  Н.В.  Кузьмина  жүйелі  əдіснама  аясында 
жалпы,  ерекше  жəне  бірегей  факторларды  айқындайды.  Авторлар 
жалпы  факторларға  мотивацияның  жоғары  деңгейі;  күтпеген 
нəтижелереге  жетуге  қажеттілік;  кəсіби-тұлғалық  стандарттар; 
кəсібиліктің  шыңдарына  өзіндік  қозғалыс  сияқты  факторларды 
жатқызады. Іс-əрекеттің нақты түрлеріндегі кəсібилікті зерттеу, жал-
пы факторларға кəсіби қабылдау мен ойлаудың жоғары деңгейінің, 
дамыған антиципацияның жататынын көрсетті. 
В.Д.  Щадриков  кəсіби  іс-əрекеттің  жүйелі  генезін  зерттей 
отырып, кəсіби шеберлікке біршама əсер ететін жалпы факторлар-
дың  арасынан  қажеттіліктерді,  мотивацияны  жəне  əлеуметтік 
мəртебені айқындады. 
В.Г.  Зазыкиннің  зерттеулерінде  жалпы  факторлар  ретінде 
кəсібиліктің  акмеологиялық  инварианттары – антиципацияның 
жоғары  деңгейі,  өзін-өзі  реттеу,  дамыған  бейнелі  сала,  шешім 
қабылдау шеберлігі, коммуникативті біліктер алынады. 
Кəсіби  іс-əрекеттің  нақты  түрлерінде  жоғары  көрсеткіштерге 
жетуге  ықпал  ететін  ерекше  факторлар  айқындалады:  дəлдік, 
сенімділік,  ұйымдастырушылық,  тұрақтылық.  Мысалы,  осындай 
факторлардың  бірі  ретінде,  стреске  қарсы  тұрақтылық,  дамыған 
психомоторика,  зейіннің  дамыған  функциялары  жəне  т.б.,  пси-
хологиялық  кəсіби  маңызды  сапалар  алынады.  Бұған  арнайы 
біліктерді де жатқызуға болады. 
Бірегей факторлар іс-əрекеттегі дара көріністерді білдіреді. 
М.А.  Шухостанов  жүргізген  басшылардың  кəсіби  іс-əрекетін  
акмеологиялық  талдау,  олардың  іс-əрекетін  оңтайландыратын 
объективті  факторларға  қоғамдық  қатынастардың,  моральды-
психологиялық  ахуалдың,  əлеуметтік-мəдени  ортаның  даму 
деңгейінің жататынын көрсетті. Субъективті факторлар субъектінің 
өзінің  іс-əрекетінің  мағынасын,  субъектінің  қойылған  мақсаттарға 
жетудің  құралдары,  тəсілдері  мен  жағдайлары  туралы  білімдерін 
қамтиды. Басқару іс-əрекетінің негізгі субъективті факторы ретінде, 
осы іс-əрекет субъектісінің тұлғалық-кəсіби əлеуеті алынады. 
Педагогика,  психология  жəне  акмеологияда  жүргізілген 
зерттеулер,  барлық  зерттеулерде  аса  маңызды  жағдайлар  мен 
факторлардың əрекетінің міндетті түрде есепке алынатынын білуге 
мүмкіндік береді. 
В.Г. Михайловский бойынша, факторлар өзінің психологиялық-
педагогикалық  мазмұны  бойынша  жағдайларға  жақын.  Жағдайлар 
сонымен  бірге  іс-əрекеттегі  жоғары  кəсібилікке  жетуге  тəуелді 
болатын  маңызды  жағдайлар  болып  саналады.  Автор  бірқатар 
ұқсастықты  тани  отырып,  факторлар  мен  жағдайлар  арасындағы 
айырмашылықты  да  көрудің  қажеттілігін  атап  көрсетеді: «бірінші-
ден,  тұлғаның  дамуының  алуан  түрлі  сатысында  олардың  əртүрлі 
мəні болады; екіншіден, адамға іс-əрекет субъектісі ретінде қатынасы 
бойынша  жағдайлардың  басым  объективті  сипаты  болады,  ал 
факторлар аса субъективті...». Даму жағдайларымен салыстырғанда, 
даму үдерісінің уақыты  бойынша, фактор тек даму сəтінде əрекет 
етеді. 
Нақты  мамандық  өкілдерінің  кəсіби  қалыптасуы  оқшауланған 

102
103
арнайы  ортада  жүзеге  аспайды.  Сондықтан,  аталған  қалыптасу 
үдерісіне  жəне  оның  нəтижесіне  нақты  жағдайлар  мен  факторлар 
тікелей əсер етеді. 
А.А.  Деркач  жəне  В.Г.  Зазыкин  атап  көрсеткендей,  акмео-
логиялық  зерттеу  екі  сатыдан  тұрады:  кəсіби  дамудың  іргелі 
заңдылықтарын  іздеу  жəне  акмеологиялық  факторлар  мен 
жағдайларды іздеу. Мұнда акмеологиялық зерттеулердің өрісінде екі, 
тең  объект  зерттеледі:  адам  жəне  кəсіби  іс-əрекет.  Акмеологиялық 
факторлар əдетте дамудың жоғары кəсібилігінің қозғаушы күштері, 
негізгі себептері ретінде анықталады, ал акмеологиялық жағдайлар 
–  кəсібилікке  жетудің  маңызды  жағдайлары  ретінде  анықталады. 
Кəсіби іс-əрекеттің субъектісіне қатынасы бойынша, акмеологиялық 
жағдайлардың  аса  объективті  сипаты  болады,  ал  акмеологиялық 
факторлардың аса субъективті сипаты болады. 
Н.В.  Кузьмина  акмеологиялық  факторлары  объективті,  субъ-
ективті  жəне  объективті-субъективті  факторларға  бөледі.  Кез 
келген  адам  үшін  əмбебап,  объективті  (олар  əртүрлі  мамандық 
өкілдерінің кəсіби қалыптасуының үлгісін құруда есепке алынады) 
факторлар  жоғары  нəтижелерге  жетуге  бағытталған  əрекеттердің 
шынайы  жүйесімен  жəне  бірізділігімен  байланыстырылады. 
Субъективті  факторлар  кəсіби  жетістікке  ықпал    ететін  кəсіби  іс-
əрекет  субъектісінің  дара  ерекшеліктерімен  байланыстырылады. 
Олар  əдетте  кəсіби  өсудің  немесе  кəсіби    тоқыраудың  себептерін 
түсіндіруде қолданылады. Объективті-субъективті факторлар кəсіби 
ортаның өзіне, ондағы əрекет ететін мамандардың кəсібилігіне жа-
тады. 
Акмеологиялық  зерттеулерде  сонымен  бірге,  акмеологиялық 
факторларды жалпы, ерекше жəне бірегей деп жіктеу қолданылады. 
Маңызды  жалпы  акмеологиялық  факторлар  болып  саналатындар: 
мотивацияның жоғары деңгейі; жетістікке деген қажеттілік; жоғары 
тұлғалық-кəсіби  стандарттар,  жүзеге  асыруға  ұмтылыс,  кəсіби 
қабылдаудың, ойлаудың жəне антиципацияның жоғары деңгейлері;  
кəсіби шеберліктің беделі. Ерекше акмеологиялық факторлар кəсіби 
іс-əрекеттің нақты түрлерінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал 
етеді,  бірегей  факторлар  іс-əрекет  жəне  кəсіби  даму  барысындағы 
дара көріністерді білдіреді. 
Тұлға  қаншалықты  көпқырлы  жəне  күрделі  болса,  оның  ілгері  
дамуына  жəне  кəсіби  іс-əрекетте  өзін-өзі  жүзеге  асыруына  əсер 
ететін  факторлардың  саны  зор  болады.  Сондықтан,  акмеологияда 
дамуға  ықпал  ететін  психологиялық,  акмеологиялық  жəне  басқа 
жағдайлар мен факторлардың зерттелуі кең тарады. 
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар 
1. Қазіргі жоғары кəсіби білім берудің негізгі өзекті мəселелерін 
сипаттаңыз. 
2. «Акмеология»  категориясының  жоғары  кəсіби  білім  берудің 
қалыптасушы парадигмасы ретінде қалыптасу тарихын көрсетіңіз. 
3. «Жоғары кəсіби білім беру жүйесіндегі акмеология» тақыры-
бы бойынша глоссарий құрастырыңыз (негізгі ұғымдар сөздігі). 
4.  Қазіргі  жоғары  кəсіби  білім  берудің  міндеттерін  шешу  үшін 
акмеологияның əлеуетін негіздеңіз. 
5.  Жоғары  кəсіби  білім  беру  жүйесіндегі  акмеологиялық  тұ-
ғырдың құндылығын дəлелдейтін дəйектерді келтіріңіз. 
6.  Акмеологияның  жоғары  мектеп  педагогикасымен  өзара  бай-
ланысының негізгі аспектілерін көрсетіңіз. 
7.  Студенттерді  оқытудағы  Сіздің  профиліңіз  контексінде  ак-
меологиялық зерттеулердің принциптерін құрастырыңыз. 
8. Акмеологияның адамтану кешеніндегі ғылымдарымен байла-
нысын сипаттаңыз. 
9. Акмеологияның қазіргі даму сатысындағы мақсаты, пəні жəне 
нысаны қандай? 
10.  Акмеология  пəнін  тар  жəне  кең  мағынасында  түсіндірудің 
айырмашылығы қандай? 
11. Акмеологияның дамуы қандай жəне осы үдерісті басқа ғы-
лымдардың дамуымен салыстырыңыз. 
12. Акмеологияның интегративті сипатын айқындаңыз.
13. Акмеологияның гуманистік бағыттылығы неде? 
14.  Қазіргі  кезде  акмеологияда  ұғымдар  мен  категориялардың 
қандай түрлері болады? 
15. Акмеологиялық жағдайлар мен факторлар деген не?
16. Педагогикалық акмеологияның тақырыпнамасы қандай? 
17.  Кəсіби  құзыреттіліктің  тұлғаның  кəсібилігімен  жəне  іс-
əрекетпен байланысы қандай?
18. Тұлғаның кəсіби дамуын зерттеудің акмеологиялық бағытын 
сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет