Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет8/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
2.2. Дəнді дақылдарды жіктеу
Өсімдіктердің түпкі тарихи шыққан тегін тексере келіп, Ч. Дарвиннің 
эволюциялық теориясы арқасында жержүзінде кең тараған өсімдіктер 
түрін жіктеу, топтастыру өте жауапты жəне өте қиын жұмыс екенін еске 
салған жөн.
Биология ғылымы барлық өсімдіктерді олардың тарихи тегіне, 
өсімдіктердің жəне олардың дəнінің құрылысына тұқымдастыққа 
(Familia), тектерге (genus), түрлерге (species), түр-тармақтарға (varietas), 
сорттарға бөледі. Бұл жіктеу өсімдіктер дүниесін, астық түрлерін оқып 
үйренуді жеңілдетеді. 
Тұқымдастық латынша (Familia), орысша «семейство», өсімдіктер 
дүниесіндегі категориялық жік. Бұл жіктемеде өсімдіктің шыққан 
тегіне, оның дəнінің құрылысына қарай бөлінетін дақылдар (Gramineae), 
бұршақ тұқымдастар (Fabaceae) жатады. 
Тектер (genus) əр тұқымдастық тектерге бөлінеді. Бұған тарихи тегі 
бір, бір тұқымдастыққа жататын көптеген өсімдіктер топтары жатады. 
Мысалы, дəнді дақылдар тұқымдастығына (Triticum) қара бидай (Secale), 
арпа (Hordeum), сұлы (Avena), тары (Panicum), жүгері (Zeaemays), 
күріш (Orusa), т.б. көптеген мəдени жəне жабайы, оның ішінде арам 
шөптер тобына жататын тектер кіреді. Басқа тұқымдастарға да осындай 


15
көптеген тектер кіреді. Олармен оқулықтың екінші бөлімінде танысуға 
болады.
Тектер одан əрі қарай түрлерге (Species) бөлінеді. Бұлар тектен 
кейінгі кішірек бірлік. Оған, мысал үшін, бидай тегіне жұмсақ, қатты 
қожа бидай, бесбас бидай, жалғыз дəнді, екі дəнді бидай (полба) сияқты 
көптеген түрлері кіреді. Түрлерге бөлуде дəннің түсі, сыртқы əлпеті, 
технологиялық жəне химиялық кейбір қасиеттерінің ерекшеліктері, 
сондай-ақ тұқым қуалау ерекшеліктері де ескеріледі. Бұл ең тараған 
бірлік. Оны К. Линней бірінші рет ашқан жəне қолданған. Бұл бірліктің 
аты екі сөзден тұрады – бірінші сөз тегінің, ал екіншісі – түр аты. Мы-
салы, жұмсақ бидай Triticum aestivum, қатты бидай – Tr. durum, қожа 
бидай – Tr. Compactum, бесбас бидай - Tr. Turgidum, жалғыз дəнді бидай 
– Tr. Tonococcum, екі дəнді бидай - Tr. Dicoccum, т. б., бұған үшінші сөз 
де қосылуы мүмкін. Ол осы түрді ашқан ғалымның аты-жөні.
Түр-тармақтар (Varietes). Өсімдіктің түрлері өзінің сыртқы 
құрылысының ерекшеліктеріне қарай түр-тармақтарға бөлінеді. Мы-
сал ретінде өзіміз осыған дейін айтып келе жатқан жұмсақ бидай 
түр-тармақтарын алайық. Түр-тармақтардың қазақша аттары жоқ, 
сондықтан оларды тек латын тілінде ғана беруге мəжбүр болып отыр-
мыз. Олар, лютесценс – қызыл дəнді, ақ қауызды қылтанақсыз бидай, 
эритроспермум – қызыл дəнді, ақ қауызды қылтанақты бидай, альби-
дум – қылтанақсыз, ақ қауызды ақ бидай, альборубрум қылтанақсыз, 
қызыл қауызды ақ бидай, т.б. көптеген түр-тармақтар кездеседі.
Ауыл шаруашылығында, технологиялық ғылымдарда жəне 
тəжірибе жүзінде ең көп тараған жіктеу бірлігі – сорт. Сорт дегеніміз 
ғылым жүзінде ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтта-
рында, тəжірибе жəне селекция станцияларында шығарылған неме-
се жергілікті жерде себіліп келе жатқан, əбден танымал, қалыптасқан 
өсімдіктер тобы. Оған бойы, түсі, түгі, түсімі, химиялық құрамы жəне 
технологиялық қасиеттері, тұқым қуалау қабілеттері, суыққа, ыстыққа, 
шөлге, ауруға, зиянды жəндіктермен зақымдануға, т.б. қолайсыз 
жағдайларға төзімділігі бірдей қалыптасқан бір түр-тармаққа жататын 
өсімдіктер тобы кіреді.
Ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының саны өте көп. 
Олардың аттары əртүрлі. Сондықтан Қазақстанда кең тараған сорттар 
мен будандарды ғана тиісті тарауларда беруді жөн көрдік. Көбінесе, сорт 
бір түр-тармаққа жатады, ал желден себіліп келе жатқан халық сортта-
ры біренше түр-тармақтарға жатуы мүмкін. Селекциялық сорттар таза 
тұқымды бір тізбекке жатады. Таза тізбек – дегеніміз астықтың барлық 


16
шаруашылыққа жағымды көптеген қасиеттері біркелкі қалыптасқан 
өсімдіктер тобы. Бұл тек селекциялық мемлекеттерде қолданылатын 
ұғым.
Мемлекеттік «Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдық 
процестері. Терминдер мен анықтамалар» атты стандартта «Сорт 
дегеніміз ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық, əлеуметтік 
жəне технологиялық ерекшеліктері өте жоғары жəне олардың тұқым 
қуалау қасиеттері де біркелкі қалыптасқан бір тобы», – деп жазылған. 
Сорттар шығарылғаннан кейін, олар республиканың барлық түкпір-
түкпірлерінде тексеріледі де, ең жақсы үйлескен облыста аудандасты-
рылады.
Барлық сорттарды шығарылу əдістеріне қарай екі топқа бөледі. 
Тізбектік сорттар деп өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің ішінен 
таңдап алу əдістерімен бөлініп алынған бір тізбектен тұратын сорттар-
ды айтады. Олардың сыртқы пішіні, ішкі бейнелері де біркелкі болып, 
бір түр тармаққа жатады.
Будан сорттарды екі немесе одан да көп əртүрлі тізбектерді, сорт-
тарды немесе түрлерді, кейде тектерді өзара будандастыру арқылы ала-
ды. Мұнда буданның аталық жəне аналық түрінің ең жақсы қасиеттерін 
буданда шоғырландыру əдісі қолданылады. Бұл əдіс көбінесе, жүгері 
дақылында қолданылады. Сондықтан бұл əдісті сол тақырыпта 
келтіреміз. Осы күнге дейін кейбір облыстарда кең тараған халық сорт-
тары егіліп жүр. Олар өзі өсетін аудандарында ауа райының қолайсыз 
жағдайларына төзімді келеді, бірақ технологиялық жəне басқа 
қасиеттері төмендеу болуы мүмкін.
Жаңа сорт шығарылған соң, оны ең жақсы деген стандартты сорт-
пен салыстырады. Жаңа сорт орташа есеппен үш жыл ішінде жеңіп, 
өзінің артықшылығын көрсетсе, сонда ғана оны аудандастырады. Бұл 
сында ең басты нысана ретінде оның өнімділігі, сапасы, технологиялық 
қасиеттері, жердің, ауа райының құбылмалылығына, т.б. қолайсыз 
жағдайларға төзімділігі алынады. Егер ол аудандастырыла қалса, 
оған тапшы (дефицитный) сорт деген атақ беріліп, оның тұқымын тез 
көбейте бастайды, ал əлі аудандаспаған, бірақ көрсеткіштері жақсы сорт 
келешегі бар (перспективный) сорт деп аталады. Қазір Қазақстанның 
барлық облыстарында көптеген мемлекеттік сортты сынау станцияла-
ры ұйымдастырылған жəне олар жаңа сорттарды қатаң түрде тексеріп
олардың ең жақсыларын ғана ауыл шаруашылығында белгілі аудандар-
да аудандастырады. 1957 жылға дейін сорттың авторы жаңа сортқа кез 
келген ат беретін болса, бұдан кейін тек түсінікті бір сөзден тұратын 


17
жəне бір немесе екі ғана цифр қосылған ат берілсін деген нұсқау болды. 
Сондықтан кейін келе, мысалы, Безостая І, Қазбек, Аврора сияқты т.б. 
аттар беріле бастады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 
өте көп тараған сорттары, олардың сипаттамасы оқулықтың екінші 
бөлімінде, диқаншылық негіздері бөлімінде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет