Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет9/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
2.3. Ауылшаруашылық дақылдарын топтау
Биология ғылымында өсімдіктерді топтау, жіктеудің əртүрлі əдіс те-
рі бар. Олардың əрқайсысы өзінің саласына байланысты пайдаланыла-
ды. Астықтану пəні үшін, ол дақылдардың химиялық құрамына бай-
ланысты, халық шаруашылығы салаларындағы пайдалану орындарына 
қарай бес топқа бөлінеді:
1. Дəнді дақылдар
. Олардың дəнінің құрамында крахмал көп болады. 
Бұған барлық дəнді дақылдар тұқымдастығына жататын бидай, қара 
бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, тары жəне қарақұмық (қарақұмық 
тұқымдас) кіреді. Бұл топтағы дақылдар тамақ өнеркəсібінде түрлі 
тағамдар алуға жəне құрама жем жасауға пайдаланылады.
2. Бұршақ тұқымдас дақылдар ноқат, үрмебұршақ, жасымық

Қытай бұршақ, асбұршақ, т.б. Бұлардың дəні ақуызға бай, ал 
кейбіреулерінің (Қытай бұршақтың) дəнінде оған қоса май көп болады. 
Бұршақ тұқымдас дақылдарды көбінесе, жарма алуға пайдаланылады.
3
. Өсімдік майын алуға арналған топқа əртүрлі тұқымдастарға 
жататын көп өсімдіктер.
Оның ішінде ең маңыздысы – күнбағыс 
(күрделігүлді тұқымдас), мақта (құлқайыр тұқымдас), зығыр, сора, 
шаршыгүлді өсімдіктер тұқымдастығына жататын қыша, арыш, рапс, 
жер жаңғақ, майкене (үпілмəлік тұқымдас), көкнар т.б. өсімдіктер. 
Олардың дəнінде көптеген (20-60 пайыз) тамаққа, техникалық жəне 
дəрі-дəрмек алуға арналған майлар болады.
4. Эфирлі майлы өсімдіктер – кориандр (əшкөк) анис, зире (тмин), 
фенхель, жалбыз, (шалфей) т.б. қош иісті майлар беретін өсімдіктер.
5. Шабындық өсімдіктері жоңышқа, беде, эспарцет, түйе бұршақ, 
райграс, атқонақ (тимофеевка), еркекшөп (житняк), судан шөбі, т.б. 
Бұлар көптеген өсімдіктердің тұқымы дайындау мекемелеріне түсіп, 
одан кейін диқаншыларға таратылады.
Дəнді дақылдар өзара: 1. Нағыз нандық дақылдар бидай, қара бидай, 
арпа жəне сұлы болып екіге бөлінеді. Бұлардың дəні ұзыншақ келіп, 
іш жағында ұзынынан сайы, жоғарғы жағында сақалша келген түктері 
бар, ұрық бүршігі (зародыш) дəннің төменгі жағында орналасқан. Дəн 


18
өнгенде ұрық бүршігінен бірнеше тамыр шығады. Гүл шоғыры масақ 
немесе сіңсібас. Бидай мен қара бидайдың дəні жалаңаш, ал арпа мен 
сұлының дəні қауызды келеді. Бұлардан ұн жəне жарма алынады, күздік 
жəне жаздық түрлері бар.
2. Тары тектес дəнді дақылдардың дəні домалақтау, сақалшасы, 
сайы жоқ болады. Бұған тары, жүгері, күріш, қарақұмық сияқты жарма 
алуға арналған дақылдар жатады. Олардың, жүгеріден басқаларының 
дəні қауызды. Дəн өнгенде төмен қарай кететін бір-ақ орталық тамыр 
шығарады. Гүл шашақтары сіңсібас немесе собық. Тек жаздық түрінде 
ғана өседі.
Технологиялық жағына барлық ауылшаруашылық дақылдардың 
дəнін бір жарнақты жəне екі жарнақты деп бөлу өріс алған.
Бір жарнақты өсімдіктерге барлық дəнді дақылдардың ұрығы жа-
тады. Олар тегінде ұрық бүршігі мен эндоспермнен тұрады, ал екі 
жарнақтылар екі дəн жарнағынан (екі жартысынан) тұрады да, олардың 
ұрық бүршігі екі жарнақтың ортасында орналасқан. Жарма жасағанда 
осы қабықтың ішіндегі жарнақтар бөлініп түсіп қалады. Бұған барлық 
бұршақ жəне майлы тұқымдас өсімдіктердің тұқымдары кіреді. 
Олардың өсімдік алғаш өскенде, осы екі жарнақтары бірінші жапырақ-
тар тəрізді болып жер бетіне шығады да, ішіндегі қоректік заттардың 
қоры таусылған соң солып қалады, содан кейін ғана барып өсімдіктің 
кəдімгі жапырақтары шыға бастайды, ал бір жарнақтылардың 
эндоспермі жер бетіне шықпайды, яғни бірден өсімдіктің ұрықтық 
жапырақтары көктеп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   302




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет