Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Микроорганизмдердің паразиттілік типтері



бет8/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Микроорганизмдердің паразиттілік типтері


Қоректену əдісіне байланысты əлемдегі барлық организмдер екі топқа автотрофтар жəне гетеротрофтарға бөлінеді. Автотрофтар (өсімдіктер) фотосинтез үдерісі нəтижесінде органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие болған. Гетеротрофтар (фитопатогендер) ор- ганикалық заттарды түзу қабілеті болмағандықтан, олар қоректік заттарды автотрофтардан дайын күйде алады.


Əрбір паразит өзін қоректік затпен қамтамасыз ететін өсімдік- тер түрін ғана залалдайды.
Паразиттілік – екі организм арасындағы байланыстың қоректік негізінде пайда болған құбылыс.
Микроорганизмдер тірі жəне өлі ұлпаларда дамуына байланыс- ты сапрофиттер жəне паразиттер болып бөлінеді. Өсімдік əлемінде паразиттілік эволюциясы облигатты сапрофиттіліктен облигатты паразиттілік бағытында дамыған. Өсімдік паразиттері ересек өсім- діктің ұлпаларында өмір сүрген сапрофиттік формалардан тараған. Бұл үдеріс табиғатта үнемі болып тұрады. Сол себептен жаңа аурулар пайда болады.
Қоректік негізінде өсімдікке тəуелді гетеротрофтарды 4 топқа – облигаттты сапрофиттер, факультативті паразиттер, факультативті сапрофиттер жəне облигатты паразиттерге бөледі.
Облигатты сапрофиттер үшін қоректік субстрат, тек өлі орга- никалық заттар болып табылады.
Факультативті паразиттер, əдетте сапрофиттер сияқты өмір сү- реді, бірақ белгілі бір жағдайларда тірі ұлпаларға, əсіресе, ересек немесе зақымданған өсімдік ұлпаларын залалдайды (мысалы, Bot- rytis cinerea). Факультативті паразиттердің белгілі ие-өсімдіктері жоқ, олар көптеген өсімдіктерді залалдап, əртүрлі ортада жақсы дамиды. Бұл патогендердің көбі зақымдану (жара) паразиттеріне жатады.
Факультативті сапрофиттер əдетте, паразиттер кейде сапрофит- тер сияқты өмір сүреді (мысалы, Phytophtora infestans). Бұл пато- гендердің ие-өсімдіктерінің түрлері аз, белгілі бір өсімдіктерді ғана залалдайды.
Облигатты паразиттер өсімдіктің тек тірі ұлпаларында өмір сүреді, жасанды қоректік ортада өспейді (мысалы, Peronospora, Puccinia graminis tritici, т.б.). Бірақ кейінгі кезде лабораториялық
жағдайда облигатты паразиттер өсетін бірқатар жасанды қоректік орта синтезделді. Сонымен, табиғатта облигатты паразиттер тек тірі өсімдікте өсіп, көбейеді, ал сапрофиттер – өсімдік қалдықтары- мен қоректеніп, дамып сақталады.
Ие-өсімдіктен қорек алуына байланысты паразиттерді 2 үлкен топқа бөледі: биотрофтар, некротрофтар.
Биотрофтар өздеріне қажетті энергияны ие өсімдіктің тек тірі клеткаларынан алады, яғни бұл топқа облигатты паразиттер жатады. Некротрофтар энергияны өлі өсімдіктерден (қалдықтардан) алып қоректенеді. Бұл топқа факультативті паразиттер, облигатты
сапрофиттер жатады.
Кейбір паразиттер табиғатта тек тірі организмде өсіп, дамиды (вирустар, вироидтар, микоплазмалар, кейбір саңырауқұлақтар мен бактериялар). Мұндай паразиттерді нағыз паразит немесе биотроф- тар, облигатты (нағыз) паразиттер деп атайды.
Биотрофтардың немесе облигатты паразиттердің энергия қоры тірі клетка болғандықтан, олар ие-өсімдіктің клеткаларын жой- майды, себебі, патоген енген клетка жайылса, биотрофты патоген де жойылады. Облигатты паразиттердің ие-өсімдік ұлпасына əсері- нің осалдығы сонша, тіпті патоген енген аймақтарда некроздар да (жансызданған ұлпа) пайда болмайды. Кейбір жағдайларда олар өсімдіктің қарқынды өсуіне əсерін тигізеді. Өсімдік пен патоген арасындағы осындай байланыс паразиттің көбеюінің алғашқы ке- зеңінде байқалады.
Облигатты паразиттердің дамуына, көбеюіне қажетті орта, қоректік затпен қамтылуы өсімдікке байланысты, сондай-ақ обли- гатты паразиттердің өсімдік клеткасында өтетін зат алмасу үдерісі- не əсері, олардың осы күрделі физиологиялық үдеріске бейімделуін көрсетеді. Осыған байланысты облигатты паразиттер белгілі бір өсімдіктер түрін немесе сортын залалдауға бейімделген (специа- лизация).
Ал өсімдік пен факультативті паразит жəне факультативті сап- рофиттер арасындағы қатынас өзгеше қалыптасқан.
Бұл топтағы паразиттер тірі жəне өлі ұлпада өніп-өседі. Оларды нағыз паразит емес (облигатты емес) дейді. Олар екі топқа бөлінеді – біреулері паразит болып дамып, белгілі бір уақытта сапрофитше өмір сүреді – факультативті сапрофиттер, ал екіншілері көбінесе сапрофит болып өмір сүріп, бір уақытта паразиттерше өсімдікті залалдайды – факультативті паразит.
Нағыз сапрофиттер (микроорганизмдер) тек өлі ұлпаларда өмір сүреді (топырақта, өсімдік қалдықтарында, т.б.).
Факультативті паразиттер тобына жататын микроорганизмдер- дің тірі клеткаға ене алатын қабілеті жоқ. Олар тек өлі клетка- лармен қоректенеді. Ол үшін өздерінің токсин (улы) заттарымен өсімдік клеткасына əсер етіп, оны өліге айналдырады. Факульта- тивті паразиттердің жоғарғы токсинді заттарды синтездеуімен қатар экстрацеллюларлы ферменттері бар. Жоғарғы токсинді заттар өсім- дік клеткасын жансыздандырса (өлтірсе), ал ферменттер тобы сол клетка құрамындағы заттарды өздерінің сіңіруіне лайықты күйге (формаға) айналдырады. Бұл паразит тобының жеке ие-өсімдіктері болмайды, олар əртүрлі туыстарға жататын нашар дамыған өсім- діктерді залалдайды.
Облигатты жəне факультативті паразиттілік типтерінің аралық формалары – ол факультативті сапрофиттер тобы. Бұл топтағы микроорганизмдердің қоректенуі облигатты паразиттерге ұқсас, сондықтан олар ұлпаларды жоюға токсиндер қолданбайды, бірақ дамуының кейбір кезеңінде сапрофиттерше өмір сүреді. Мысалы, пияз шірігінің Colletotrichum circinans, алғашқыда пияздың кебу (өлі) қабығында сапрофиттерше дамып, кейіннен шырынды сөлді қабығын залалдап, агрессивті паразитке айналады.
Паразиттілік эволюциясы табиғатта үнемі болып тұратын үде- ріс. Сондықтан да фитопатогендердің көптеген жаңа түрлері пай- да болады. Олар сапрофиттік түрден паразиттік түрге ауысқан, патоген мен өсімдік арасында зат алмасу үдерісінде қалыптасқан микроорганизмдер.
Таксономиялық топтарды залалдау қабілетіне байланысты па- разиттер – монофагтар, олигофагтар жəне полифагтар болып бө- лінеді.
Монофагтар бір туысқа жататын өсімдік түрлерін залалдайды. Олигофагтар бірнеше туыс, ал полифагтар əртүрлі тұқымдасқа, туысқа жататын өсімдіктерді залалдайды.
Облигатты паразиттер тобында көбінесе монофагтар мен оли- гофагтар кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет