Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет5/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Аурулардың жіктелуі


Əлемде өсімдіктердің мыңдаған аурулары бар. Мəдени өсім- діктің əрбір сортында жүзден астам аурулар кездеседі. Қоздыр- ғыштың бір түрі өсімдіктің оңдаған, тіпті жүздеген түрін залал- дайды. Сондықтан ауруларды зерттеу үшін, оларды жіктеу қажет. Өсімдік ауруларын жіктейтін бірнеше критерийлер бар. Мысалы, аурудың сыртқы белгілері бойынша тамыр шірігі, ойық жара, вилт, дақ, антракноз, тат, мозаика, т.б. Залалданған өсімдік бойынша дəнді дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек аурулары жəне т.б. болып бөлінеді. Ауруларды қоздырғыштары арқылы жіктеген дұрыс, себебі бұл əдіс аурудың шығу тегін анықтап, дамуы мен таралуын жəне осы ке- селмен күресу шараларын іздестіруге мүмкіндік береді.


Сондықтан барлық аурулар инфекциялық (жұқпалы) жəне ин- фекциялық емес (жұқпайтын) болып екі категорияға бөлінеді.
Инфекциялық аурулар фитопатогенді микроорганизмдер – са- ңырауқұлақтар (микоздар), бактериялар (бактериоздар), актиноми- цеттері (актиномикоздар), вирустар (вироздар), микоплазма орга- низмдері (микоплазмоздар), жоғары сатыдағы гүлді паразиттер (сперматофитоздар), қыналар (таллофитоздар), нематодалар (нема- тодоздар) жəне қарапайымдар əсерінен туады.
Инфекциялық емес (жұқпайтын) аурулар сыртқы ортаның қо- лайсыз жағдайлары – қоректік заттардың жетіспеуі немесе мөлшер- ден артық болуы, суық жəне ыстық ауа райы, топырақ пен ауа ыл- ғалының мөлшері, ион сəулелері, пестицидтер əсері, механикалық жарақаттану жəне т.б. жағдайлардан пайда болады.
Өсімдікте таралуына байланысты ауруды жергілікті (локалды) жəне жалпы немесе жүйелі (диффузды) деп бөледі. Жергілікті ау- рулар өсімдіктің жеке мүшелерін немесе мүшенің бір бөлігін за- лалдайды. Диффузды ауруда қоздырғыш өсімдіктің барлық бойына немесе көпшілік бөлігіне тарайды.
Даму ұзақтығына байланысты ауруды созылмалы жəне қарқын- ды деп бөледі. Қарқынды аурулар тез дамып, бір вегетация кезе- ңінде бітеді. Мысалы, дақылдардың тат ауруы, картоп фитофторо- зы жəне т.б. Созылмалы аурулар көпжылдық өсімдіктерде болып, жылдан жылға созыла береді, мысалы, сүйекті жеміс ағаштарының цитоспорозы жəне т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет