Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет7/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Жұқпалы аурулар


Жұқпалы немесе инфекциялық аурулар бір өсімдіктен басқа- ларына жұғып таралады. Инфекциялық ауруларды қоздырушылар саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, микоплазма организм- дері жəне т.б. Аталған қоздырғыштардың өсімдікте ауру туғызу


қабілетін патогенділік, ал қоздырғыштарды фитопатогендер деп атайды. Фитопатогендер өмір сүруіне қажетті органикалық заттар- ды белгілі өсімдіктен алуға бейімделген гетеротрофтар. Бұл құбы- лысты паразитизм (тоғышарлық) дейді. Патогенді қоректік затпен қамтитын өсімдік, паразиттің ие-өсімдігі болып табылады.
Паразит өсіп дамуы үшін ие-өсімдіктегі органикалық заттармен қоректеніп, оған үлкен зиян келтіреді:

  1. Қор жиналатын мүшелердің (тұқым, жеміс, ағаш) көбінесе саңырауқұлақ, кейде бактериялар жəне т.б. əсерінен шіруі.

  2. Фитопатогендер əсерінен өскіннің дамуы саябырлап, тежелуі немесе шіруі.

  3. Тамыр шірігі ауруларында өсімдіктің суды сору қабілеті тө- мендеп, оның солып жойылуы.

  4. Жапырақ бетіндегі дақтар, өңездер, бөртпелер, некроздар əсе- рінен фотосинтез белсенділігі төмендеп, өнім шығымының кемуі.

  5. Ксилема түтігінің саңырауқұлақ, бактерия токсиндерімен ты- ғындалып, өсімдіктің жоғарғы бөлігіне су мен ерітіндідегі заттар- дың көтерілмеуінен оның солуы.

  6. Паразит əсерінен өсімдік ұлпаларының зат алмасу үдерісінің бұзылуы.

Өсімдіктер өмір сүру кезеңінде, əсіресе оның жер асты бөлік- тері микроорганизмдермен тығыз байланыста болады. Топырақта көптеген сапрофитті (өз бетінше өмір сүретін) микроорганизмдер бар. Олардың саны топырақтың физикалық жəне химиялық қасие- тіне байланысты. Топыраққа тыңайтқыш, пестицид енгізгенде, жерді баптау кезінде оның химиялық құрамы, құрылысы, ылғалдылығы т.б. қасиеттері өзгеріп, биологиялық тепе-теңдігі жойылып, топырақ организмдерінің өмірінде де өзгерістер болады.
Тамыр айналасында сапрофитті микроорганизмдердің бірлесті- гі (ризосфера) болады. Ал жапырақта басқа бірлестік – филлоплан түзіледі. Бұл бірлестіктер өсімдікке зиян келтірмейді. Осындай қа- рым-қатынасты комменсализм деп атайды. Өсімдік микроорганизмге жағымды əсерін жасайды, керісінше, екіншісі біріншісіне əсерін тигізбейді. Бірақ кейбір жағдайда ризосфера мен филлоплан мик- роорганизмдері паразит болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет