Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Паразиттердің өсімдік клеткасы мен ұлпасына əсері



бет9/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна

Паразиттердің өсімдік клеткасы мен ұлпасына əсері


Қоздырғыштардың өсімдік клеткасы мен ұлпасына əсері əртүр- лі болады. Ол өсімдікке, сыртқы ортаға жəне қоздырғышқа байла-


нысты. Қоздырғыштың ферменттер жүйесі, хемотропизмі, өсімдікті залалдайтын қабілеті (агрессивтілігі) осы өсімдікке сай болуы керек. Сонымен қатар сыртқы ортаның температурасы, ылғалдылығы тағы басқалары паразиттің өніп-өсуіне қолайлы болуы тиіс.
Хемотропизм деп қоздырғыштың өсімдікке сəйкес болуын ай- тады, мысалы, дəнді дақылдарда ақ ұнтақ ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар түрі бұршақ тұқымдас өсімдіктерді залалдамай- ды. Агрессивтілік деп қоздырғыштың ауру тудыру қабілетін ай- тады. Паразит сол өсімдікке еніп, өсіп, дамып өсімдіктің ұлпасы мен мүшелерінің қоректік заттарын өзіне пайдаланады. Паразиттің агрессивтілігі аурудың дамуы мен өсімдікке зияндылығына байла- нысты:

  1. Инфекция қорының санына – өсімдік неғұрлым аз инфек- циямен залалданса, соғұрлым қоздырғыш агрессивті болады. Мыса- лы, облигатты (нағыз) паразиттер – тат, ақ ұнтақ саңырауқұлақтары.

  2. Қоздырғыштың өсімдікті залалдау жылдамдығы неғұрлым аз уақытта өтсе, соншалықты қоздырғыш агрессивті болады. Мысалы, жүзімнің милдью ауруының қоздырғышы екі-үш сағатта ұлпаға ор- нығады, ал терек некрозының қоздырғышына бірнеше күн қажет.

3 Қоздырғыштың агрессивтілігі инкубациялық кезеңге байла- нысты. Инкубациялық кезең неғұрлым қысқа болса, соншалықты қоздырғыш агрессивті. Қоздырғыштың агрессивтілігі жоғарыда айтылған жағдайлардан басқа да көп себептерге – температураға, қоректік заттарға, патогендердің өмірге бейімділігіне жəне т.б. тəуелді. Мысалы, егер қозықұйрық алғаш жаңа кескен ағаштың түбірінде өссе, одан шыққан ұрпақтар өте агрессивті болып, сау ағаштардың тамырын тез залалдайды. Өсімдіктің ұлпасына еніп, өніп-өсу үдерісінде қоздырғыш токсиндер (улы заттар) шығарады. Бұл токсиндер өсімдіктерді уландырып, физиологиялық үдерістерін қалыптан өзгертіп, өсімдік мүшелерінде аурудың сыртқы белгісі білінеді.
Патогеннің өсімдікте ауру қоздырып, зиян келтіруін патогенді- лік дейді. Аурудың зияндылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол патогенді болады. Сонымен қатар қоздырғыш вирулентті болуы мүмкін. Вируленттілік – патогеннің сапалық қасиеті. Вирулентті қоздырғыштың патогенділігі өсімдіктің түріне емес, сортына бай- ланысты. Мысалы, бір қоздырғыш бір сортқа вирулентті болып, екінші сортқа вирулентті болмайды, яғни ауру қоздырмайды. Қоз- дырғыштың бір түрінің əртүрлі расалары əртүрлі вируленттік көр-
сетеді. Жоғарыда аталған паразиттердің өсімдікке əсері фермент- тердің құрамына байланысты.
Факультативті сапрофиттер мен факультативті паразиттер өсім- діктің ұлпасына еніп, өзінің токсиндерімен жансыздандырып, кейін олардан қоректік заттарды алады. Облигатты паразиттердің фер- менттері аз болады да, олар клетканы жансыздандырмай, қайта олардың даму қабілетін күшейтеді. Ал кейін саңырауқұлақтардың споралары жетіле бастағанда олардың қарым-қатынасы өзгеріп, өсімдік солып, қурап, жойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет