ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Клод Адриан Ол тәрбие мәселелерін өзінің “Адам, оның гельвеций



бет3/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Клод Адриан Ол тәрбие мәселелерін өзінің “Адам, оның

гельвеций ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы” деген

(1715—1771) кітабында жазды. Ол барлық адамдар бірден тең рухани қабілеттілікпен туады, бізді адам ететін тек қана тәрбие деді.

Гельвеций өз заманындағы тәрбиенің адам төзгісіз ретсіздігін



31

әшкерелей отыра, барлы азаматтарға бірдей болатын тәр биенің біртекті міндет-мақсаты құру қажеттігін айтты. Мұнда тәрбие,— деді Гельвеций,— бүкіл қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, көпшілік азаматтардың тұрмыс жақсарады. Тәрбие арқылы аза маттар өздерінің жеке басы ме ұлт қамқорлығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелей деді. Әрине Гельвецийдің мұн дай мақсат қоюы тәрбиенің со кездегі дворяндың-сословиелі міндет-мақсатынан мүлдем өзгеше болды, сондықтан оның бұл пікірлерінің тарихи жағына прогресшіл мәні бар еді.

Бірақ Гельвеций тәрбиені шексіз құдіретті деп есептейді тек тәрбие арқылы әлеуметтік құрылысты да өзгертуге болады деп, тәрбиенің күші мен ролін асыра бағалады.

Тәрбие жөніндегі Гельвеіщй көзқарастарының негізі лринциптерін Дени Дидро да (1713—1784) қолдады. Бірақ Дидро өзінің “Гельвецийдің “Адам” атты шығармасына жүйелі түзетулер” деген еңбегінде тәрбиенің күші мен мүмкін шілігін шектен асыра қүдіретті көрсеткен Гельвеций көзқарастарына қарсы шығып, баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады. Сөйткенмен Дидро да тәрбиенің ролі мен орны жөніндегі мәселені түбірлі дұрыс шеше алмады. Ол адам табиғатын өзгермейтін абстрактылық зат деп есеп теді.

Гельвеций мен Дидро өздерінің педагогикалың пікірлерінде схоластикалық оқуды, духовенствоның мектепке үстемдігін батыл сынады, діннен бөлінген, тәжірибеге негізделген жаңа ғылым мен ақыл-ой тәрбиесін жоғары бағалады.

Бұл материалистер міндетті светтік дінсіз және ақысыз бастауыш білім беру принциптерін ұсынды. Бастауыш мектептің оқу материалын кеңейтуді талап етеді. Дидроның Россиядағы мектеп ісі жөнінен хабары болды. Ол Россия мектептеріне реальды білім енгізу жөнінен өз пікірін ұсынды.

Осылай француз материалистері мектеп білімі жөнінен сол кездегі алдыңғы қатарлы буржуазияның талаптарын жақтады.

Француз материалистерінің тәрбие туралы ілімі 1789— 1794 жылдардағы буржуазиялық революция қайраткерлерінің және XIX ғасырдағы социалист-утопистердің (Сен-Симон, Фурье, Оуэн) педагогикалық идеяларына күшті әсер етті.



32

Жан-Жак Руссоның (1712—1778) педагогикалық

теориясы

Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы_ және пе-дагогы, XVIII ғасырдағы революция қарсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі — Жан-Жак Руссо.

1712 жылы 28 июньде Женевада сағатшының семьясында туған. Өзі дүниеге келген күні шешесі қайтыс болады да өмірінің бастапқы кезінде ғана әке тәрбиесін көреді. Балалық шағы тым ауыр жағдайда өтеді, жүйелі білім беретін ешбір оқу орнында оқи алмайды, 16 жасынан бастап ауыр өмір салдарынан ел-елді кезушілік жолға түседі, Франция мен Швейцарияны бірнеше рет шарлап, әр түрлі мамандықта кәсіп етеді. Бірақ бұл жылдар болашақ атақты ойшы және қайраткер үшін зор өмір мектебі болған еді.

Отыз жасында Руссо Парижға келіп, онда сол кездегі француз интеллигенциясының ең алдыңғы қатарлы өкілдерімен (Дидро, Даламбер, Вольтер т. б.) танысады.

1749 жылы Дижон академиясы “Ғылым мен өнер прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?” деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руесо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен арам тамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші сыйлыққа бағаланады.

1754 жылы Руссоның “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” деген екінші кітабы, 1761 жылы “Жаңа Элоиза” атты романы, ал бір жылдан кейін “Қоғамдың шарт” деген атақты шығармалары жарық көреді.



1762 жылы Руссоның “Эмиль, немесе тәрбие туралы” деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.

Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пі-

33

кірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.



Париж парламенті “Эмильді” өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алаңын да өртейді. Руссоның өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияда ғана уақытша паналайды, осында “Насихат” деген ең соңғы өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде қайтыс болады.

Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең ре -волюцияшыл партиясы якобинцілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне “Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр” деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшыға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, ПІвейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкід дүние жүзіне әйгілі болды.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет