ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Руссоның Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қо- көзкэрзсы



бет4/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Руссоның Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қо-

көзкэрзсы ғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзді-

лік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиеде шықңан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған “Адамдар ара- сындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. “Қоғамдың шарт” деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы — “Адамдардың табиғи жағдайда болуы” дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғам да адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, олар кейіннен өздерінің “табиғи праволарын”, еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызаман тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледір халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған, халыққа қызмет етеді деп сенген үкіметі, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.

Әрине, бұл ойлар керкем әдеби түрде баяндалған корольды



34

тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі

Руссо адамды адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз енбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті. Бірақ оның ойластырған қоғамдық құрылысы социалистік құрылыс емес ді, ол ұсақ жеке меншіктілердің, жер иелерінің және қолөнершілердің қоғамдық құрылысы еді.

Көзқарастарының осындай тар мағыналылығы мен тап-шылығына байланысты Руссо адамдарды табиғатпен жақындасуға, мешеу ауыл шаруашылығы мен қолөнерге шақырады. Осылай ол мәдениет пен техниканың прогресшілдік сипаттатына түсіне алмады, сөйтіп, оның көзқарасының тұйықтығы байқалды.



Тәрбиенің Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы

мақсаты мен тәрбиенің негізінен көркем шығармасы

сипаты “Эмидь” атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.

Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар басқа

адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам — өз еңбегі-

мен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шығатын қорытынды — өз

еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостан-

дықты қадірлей де, қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.

Демек, Руссоның педагогикалық. концепциясының негізіне

феодалдық әдет-ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық

адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Рус-

соның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең

адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуы да болды.

Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдың қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, сондықтан жаңа тәрбие табиғатқа сәйкес, баланың табиғи дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықталып жүргізілуге тиіс. “Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше бала болуын талап етеді”,— дейді Руссо.

Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық

35

талаптары — баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту тәрбиенің негізіне айналуга тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып, толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге, оның еркінің дамуына тек зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.



Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:

1-кезең — баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;

2-кезең — 2-ден 12 жасқа дейінгі;

3-кезең — 12-ден 15 жасқа дейінгі;

4-кезең — 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі турде жүргізуді ұсынды.

Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялың пікірлерімен тығыз байланысты қарастырды

Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиес болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: “Қарша дайынан-ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер табиғатқа кедергі жасамаңдар”,— деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті — баланың сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша, бала өзінің керегінше, өз бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін санаумен де айналысып, нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы оқуға баулудың жаттатудың, ойлантып, оған талқылатудың керегі жоқ. Бұл кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғым- дарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша,-бала өте маңызды бір идеяны — жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо педагогикасыны буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.

Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін-өзі билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12—15 жастар аралығында) ақыл-ой және еңбек тәрбиесі басталады.

Ақыл-ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шіркеулік мектептермен күресе. отыра, білім мазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын нәрсе — баланың

36

қызығушылығы, талабының болуы. Бала “Бұл не үшін қажет?” деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психологиясына жетік Руссоның көрсетуінше, баланың ынтасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге, байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы пәндер география, астрономия, табиғаттану болуы керек. Мұнан кейін Руссо осы пәндерді оқытудың ерекше бір методикасын құруды ойластырды, ол методика оқушылардың оқиғаларды өздігінше бағдарлап, түсіне білуіне негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылми шындықты ашуды, тіптен компасты ойлап шығарушы т. б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, бала дер-бестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің мето-дикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның оқу методикасындағы негізгі өсиеттері: бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды.



Руссо дидактикасының негізі — баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде “көрнекілік” деген тек әдеттегі: суреттер, картиналар, приборлар т. б. ғана емес, ол — табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. Сондықтан романның кейіпкері Эмильдің сабақтары класта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай сүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген білімдерін өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа, соны бағыт еді.

Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларында дене еңбегі адамнан ажыратылмайтын, оның негізгі борышы делінді. Сондықтан, оның пікірінше, бостандықтағы адам қолөнершілік және ауыл шаруашылық еңбегінің салаларын, әр түрлі еңбек мамандықтарын меңгере білуі тиіс, сонда ғана ол өзіне тамақ та табады, өзінің бостандығын да қорғай алады. Осыған байланысты Эмиль әр түрлі қолөнеріне үйретіледі, өздігінше тұрмыс құруға үйренеді, еңбек адамын сыйлауға, еңбекті, еңбекке негізделген демалысты бағалауға дағдыланады. Руссоның суреттеуінше және педагогикалық жағынан қорытуынша Эмиль еңбек үстінде шыныққан, енді оған азғындаған феодалдың цивилизацияның ықпалы қауіпсіз.

Жас өспірімнің жетілуінің төртінші дәуірінде (15 жастан бастап) адамгершілік тәрбиесі басталады. Руссоның сенуінше

іінші сословиенің” алдыңғы қатарлылары жалпы адамгершілік идеалды (мақсатты) ұстаушылар. Сондықтан Эмиль-

демек, жаңа қоғам жастарын ел-жұртты сүюге үйрету,

37

оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болады. Руссо осыған байланысты адамгершілік тәрбиесінің үш міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынады.

Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары және мазмұндары арқылы Руссоның қиялындағы жаңа адамның идеалды образы құрылды. Оның сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын қолөнерші — ойшыл адам.

Шығарманы Руссо Эмильдің болашақ зайыбын — өмір серігін тәрбиелеу, әйел тәрбиесі мәселелерімен аяқтады. Бірақ Руссо қарастырған әйел тәрбиесі ерлер тәрбиесіне мүлдем қарама-қарсы қойылды. Әйелдердің “табиғи жағдайы”— тәуелді болу, сондықтан оларға ерекше білім беру қажетсіз деген теріс қорытындыға келеді ол.



Руссоның педа Руссо бірқатар педагогикалық мәселелерде

гогикалық көзқа- қателік пен қайшылыққа ұшырай түрса да,

расының маңызы оның педагогикалық теориясы өз дәуірінде жалпы бағыты ілгеріге ұмтылған прогрессивтік роль атқарды.

Себебі оның педагогикасының бүкіл жаңашыл мазмұны феодал-дың педагогикаға тікелей қарсы еді. Руссо өзіне тән жігерлілікпен аристократияға және шіркеуге, схоластикалы қараңғылыққа, арам тамақтыққа қарсы батыл күресті.

Руссо өз шығармаларымен адам баласының ең қымбат бо- лашағы — балаға деген тым: ыстық сүйіспеншілігін көрсетті ол жаңа адам жолында алдыңғы қатарлы күресші болды оның түсінігіндегі жаңа адам — Францияны феодалдық езгіден босататын табанды, қажырлы күресші.

Педагогикалық теорияны Руссо оқудың қызықты да бел: сенді әдістерін іздестіру, еңбек тәрбиесін, оқу мен тәрбиені табиғатпен ұштастыру мәселелерін қоюмен байланыстырды.

Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларын сол дәуірдегі орыстың алдыңғы қатарлы адамдары жоғары бағалады. “Эмильдің” санаулы алғашқы даналары Петербургке 1763 жылы февральда алынды, бірақ осы жылдың ноябрінде бұл кітаптың таралуына тыйым салынды, соған қарамастан, кітап құпия түрде таратыла берді.

XVIII ғасырдағы Россияның жалынды революцияшыл ағартушысы А. Н. Радищев ұлы ойшыны өте жоғары бағалады. 1791 жылғы бір хатында Радищев тәрбие мәселелеріндегі жүргізген өзгерістері үшін Руссоға “Европа көп міндетті” деп жазды.

Декабристер Руссоның “Қоғамдық шарты” мен “Эмилін” зор ынтамен оқыды.

Кейінгі революцияшыл демократтар да Руссо мұрасын жоғары бағалады. 1856 ж. Н. Г. Чернышевский “Современникте”



38

Руссоның ұрпаққа қалдырған еңбегін, халыққа деген сүйіс-пешілігін баса атап өтті.

Қазіргі қоғамның прогрессившіл күштері, совет педагогтары Жан-Жак Руссоны атақты ағартушы-педагог ретінде бағалайды.

Иоганн Генрих Песталоццидің (1746—1827)

педагогикалық қызметі мен теориясы

XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр__тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан, дворян-помещиктер қанаса, екінші жағынан, тоқыма өндірісінің иелері қанады. Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқылды.Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны — коллегиумге түседі. Бұл оқу орнындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.

Жан-Жак Руссрның__“Эмиль”_және “Қоғамдық шартатты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті,

Песталоцци 1774~жылы “кедейлер үйін” ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауға үйретті

Сөйтіп Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан-жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.





Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жақтары да болды. Біріншіден, тек қана балады. Біріншіден, тек қана балалардың табысымен тәрбие үйнің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді. Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Каражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі жылдары Песталоцци әдеби енбек

39

бек жазумен шұғылданды. Өз еңбектерінде Швейцария ша- руаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсату, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол “Лингард және Гер труда” деген әлеуметтік-педагогикалық роман" жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балалард тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шарулардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Бұл еңбек басылып шықаннан кейін Песталоццидің есімі көпке әйгілі болды.

Песталоцци 1799 жылы Бургдорф қаласындағы мектепте мұғалім болып орналасады. Бұл мектептегі тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде оқыту және санауға үйретудің тиім, әдістерін ұсынды. Ол әдістерді кеңірек тарату үшін Бургдорс та интернаты бар орта мектепті басқару және оның жанына ашылған мұғалімдер даярлайтын бөлімге басшылық ету Пе талоцциге жүктелді.

XIX ғасырдың бас кезінде жарияланған “Гертруда балалрын қалай оқытады”, “Аналар кітабы”, “Бақылау азбукасы “Сан жөнінде көрнекі ілім” атты еңбектерінде Песталоци бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды.



Тәрбие туралы Песталоццидің дүниеге көзқарасы демократия- лық сипатта болды. Бірақ ол еңбекшілерді тұрмысын оларға білім берумен, тәрбие берумен жақсы жол қоюға болады деп қате түсінді. Адамдардың әлеуметтік және праволық теңсіздігінің себебі сол қоғамдағы қоғамдық қатынастың нәтижесі екенін ол түсінбеді. Халықтың кедейлігіні себебін экономикалық жағдайдан емес,

оның қараңғылығынан, білімінің жоқтығынан көрді. Барлық адамдардың, соны ішінде кедейлердің де қажетті тәрбие

алуын жақтай отырып ол үшін сословиелік-таптық қоғамдық қатынасты жою кере екенін түсінбеді. Бірақ ол білім берудің сословиелік жүйесі батыл сынады.

Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып, Песталоцци қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі — мектеп деп есептеді. Адамды дамытудың, тәрбилеудің басты құралы еңбек деп санады. Еңбек адамның күші ғана дамытып қоймайды, оның ойын дамытып, мінез-құлқы қалыптастырады. Еңбек еткен адам еңбектің қоғам өмірінде зор мәнін түсінеді.

Дін және оның қызметкерлеріне Песталоцци қарсы болді Әрекет етуге ұмтылу адамға тән қасиет, тәрбиенің мақсат оның дамуына көмектесу деп есептеді. Оның көзқарасындағ құнды жақтар — гуманизм, демократиялық талаптар.

Тәрбиенің міндеті — адамның барлық табиғи күштері: қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты болу керек дс санады. Тәрбиеші баланың табиғи дамуына дұрыс бағыт бер: тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан-жақты дамуына негіз болады деп көрсетгі.



40

Баланың тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда семьяның, әсіресе ананық ролін өте зор бағалады. Баланы тәрбиелеу алғашқы күннен басталу керек. Сондықтан педагогика тәрбиелеудің әдістерімен әр ананы қаруландыруы қажет деп санады.Семьядағы тәрбие мектепте әрі қарай жалғастырылуы қажет. Қоғамдық тәрбиеде семьядағы тәрбиенің жақсы жақта-әрі қарай дамытылады. Олар: балаға деген сүйіспеншілік, балаға сенім білдіру, тәртіп, шыдамдылық, борыштық сезім. Мұның бәрі ананың балаға деген қатынасынан туады.

Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселе-— балаларға әлементарлық білім беру теориясы. Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бір-бірте күрделене түсуі керек.

Элементарлық білім беру теориясына Песталоцци дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесін беруді жатқызады. Тәрбиенің бұл салалары өзара байланысты түрде берілуге тиіс, сонда ғана олар адамды жан-жақты тәрбиелейді деп есептеді.

Дене тәрбиесінің мақсаты — баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Осыдан келіп ойын, тағы басқа әрекеттер туады деп, Песталоцци дене тәрбиесінде ойынмен қатар, әскери жаттығуларға үлкен мән берді. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланы болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептеді.

Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қолөнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогика-лық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Оның пікірінше, мектепте балалар оқумен бірге жүн иіру, мата тоқу станоктарымен жұмыс істейді, мектеп жанындағы учаскеде ауыл шаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады, мал өсіреді, шаруашылықтың басқа салаларымен танысады. Жұмыс кезінде және жұмыстан бос уақыттарда мұғалім балаларды оқытады, хат танытады, санауға үйретеді және өмірге керекті білімдер береді. Бірақ мұнда оқуды еңбекпен қатар үргізу ғана болды, шын мәнінде оқу мен еңбекті ұштартыру болмады. Еңбектің тәрбиелік мәніне Песталоццидің зор баға беруі өте құнды айтылған пікір еді. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, моральдық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбиенің негізгі мақсаты — қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру. Адамға пайдалы істерге баланы араластырып жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Моральдық тәрбиенің ең жай элементі баланың анаға деген сүйіспеншілігі, ол баланың күнделікті қажеттерінің орында-

41

лып отыруы негізінде дамиды. Моральдық тәрбиенің негізі семьяда қалыптасады, деді Песталоцци. Баланың анаға деген сүйіспеншілігі бірте-бірте семьядағы басқа адамдарға да ауысады. Баланың моральдың дамуы әрі қарай мектепте жалғастырылады, онда мұғалімнің балаға қатынасы әкелік қамқорлық негізінде құрылады. Мектепке келуге байланысты баланың қарым-қатынасы кеңейеді. Мұғалімнің міндеті — баланы айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілік пен қарайтын етіп тәрбиелеу.



Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адам- гершілікке жататын қылықтарға жаттықтыру. Осының нәтижесінде олардың еркі дамиды, ұстамдылыққа үйренеді.

Песталоцци моральдың тәрбиені діни тәрбиемен байланыс-тырды. Ол дінді сынағанмен, егер адам құдайды қадірлесе бір-біріне бәрі туыс болып табылатын барлық адамдарды да қадірлейді деп есептеді. Оның діни көзқараста болуы —дүниеге идеалистік көзқараста болуының айғағы.

Адамды жан-жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланыста жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті.

Оқыту туралы Песталоцци оқыту бақылауға, тәжірибеге не-гізделіп ұйымдастырылып, қорытынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Бақылау арқылы балада көру, есту және т. б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі де жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын- жатқызды.

Оқыту процесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.

Песталоцци оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп

42

баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар” оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Песталоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен бірге өз білімін балаларға беруге тиісті дайындығы бар адам болуы керек. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата-анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.



Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жәнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізінде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлың білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Жазуға үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазір совет мектептерінде кең пайдаланылуда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді, Жазуға үйретуді сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті.

Песталоццидің осы идеясының негізінде оның ісін алға апарушы шәкірттері арифметиканы оқыту методикасында арифметикалық жәшікті пайдалануды ұсынды. Арифметикалық жәшік совет мектептерінде қазір кең түрде қолданылады.

Песталоцци географияны оқыту жөнінде бірнеше бағалы пікірлер айтты. Баланы жақындағыдан алыстағыға қарай, тұрған жерін бақылаудан, одан күрделі білімдерге қарай жетектеуді ұсынды. Бала алдымен мектеп жанындағы учаскеден, өз ауылы орналасқан жермен танысып, алғашқы географиялық білімдер алуы керек. Содан барып жалпы жер шары туралы білімдерге көшу керек деп есептеді.

43

Песталоцци сонымен буржуазиялық-демократиялық педа-гогиканың ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселесіне өз өмірін арнады. Оның қоғамдың көз-қарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.



Песталоцци баланың дамуында тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады, семьяда және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастырудың қажеттігін атап көрсетті. Тәрбиенің мақсаты адамның барлық табиғи күшін, қабілетін жан-жақты дамыту деп есептеді.

Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, моральдык, тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұштастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты. Н. К. Крупская: “Песталоцци халық қажетін өтей алатын, халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп ашуды арман етті”1,-—деп жазды. Кейбір кемшіліктеріне және қате пікірлеріне қарамастан, Песталоццидің педагогикалық жүйесі прогрессивті педагогикалық идеяның дамуына қосылған зор үлес болды.



Иоганн Гербарттың (1776—1841) педагогикалық

теориясы

Иоганн Фридрих Гербарт 1776 жылы Германияда чиновник семьясында туған. Ол әуелі классикалық латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітіреді. Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарт оның көзқарасындағы демократиящыл бағыттан әсер ала алмады.

1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенигсберг университеттерінде профессорлың қызметте болады. Осы қыз-метінде ол кең салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенигсберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүрізу үшін оның жанынан шағын мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.

Осылай Гербарт өзінің университеттегі профессорлың қызметін педагогикалық тәжірибемен ұштастырды. Бұл оған педагогика мәселелерін тереңірек қарастыруға жағдай туғызды.



Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде “Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика” (1806), “Психология оқулығы” (1816), “Психоло-

1 Н. К. К р у п с к а я. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1961 жыл, 178-бет.

44

гияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар” (1831), “Пе-дагогика лекцияларының очеркі” (1835) баяндалған. Гербарт педагогика ғылымының жүйесін идеалистік философияның негізінде, әсіресе этика мен психологияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, ол метафизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды. Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмұны да өзгермейді деді ол. Гербарт психологиялық мәселелерді зерттеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасу, байланысу кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бірнеше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елестеулер туады.

Гербарт бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырды, адамның бүкіл мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеді. Оның ойынша, психология — елестеулер жөніндегі, солардың пайда болуы, ұштасуы және жойылуы жөніндегі ғылым. Ес, қиял, тағы басқаларды Гербарт сол елестеулердің өзара қатынастары арқылы түсіндірді. Сезіну — оның топшылауынша, елестеулердің әр салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана.

Гербарт — ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Оның психологиялық теориясында апперцепция ұғымы кең орын алады, бұл ұғымды ол адамның бұрынғы тәжірибесінің оның елестеулеріне әсер етуі ретінде түсінді. Гербарт апперцепцияға осындай мән бере отыра, оны ес, қызығушылың тағы басқа психикалық функциялармен байланыстырды.

Осылай Гербарт адам психикасының әр түрлі салаларының ерекшеліктерін мойындамады. Ол психикалық әрекеттің күрделі, алуан салалы, терең диалектикалық процесін елестеулердің жай құрамына әкеліп тіреді. Ол баланың елестеулеріне ықпал ете отыра, сол арқылы оның сезімдері мен еркінің де қалыптасуына әсер етуге болады деп есептеді. Осыдан келіп Гербарттың ойынша дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбиелі сипатта болуға тиіс деген пікірлер туды.

Гербарт өзінің саяси пікірлерінде XVIII ғасырдағы француз буржуазиялық революциясына, неміс қоғамының алдыңғы

45

тобының ішіндегі сол революцияның әсерімен өрістеген прогрессившіл қозғалысқа теріс қарады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет