ОҚулық Атыраулық заманауи жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі шағын прозалық жинағы



бет72/77
Дата25.12.2016
өлшемі34,49 Mb.
#4904
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
-Апа, ертең сен де сөйтіп жүрмесең... Апасы жылы жымиды.

-Қой, шыбыным, бір түйірім әкелген келін – келсап болса да, сенің көңілің үшін, бетінен қақпаймын.

Шешесі ойлаған: «Жалғызымның қызығын көріп, келін жұмсап, қарқ болсам-ау шіркін!».

-Әй, сен қаланың терісбақайын әкеп әлегімізді шығарып жүрме! Отырмайық ырылдасып. Мына қайықшы Жеңістің қызы қандай жақсы, үріп ауызға салағандай. Мектепті алтынмен бітірді ғой кеше. Тәуір бала өзі.


-Қайсысы, апа, қай қызы? Қызы көп қой, Жеңістің.
-Әй, әлгі биыл бітіргенін айтам.
-Биыл, осы, кімдер бітірген?
-А, 88-дер ме?! Е, е, білем, білем. Иә, апа, ол тәуір қыз сияқты.
-Айналайын, сондай бір келінім болса – маған басқа ештеңе керек емес. Шешесі еміренген.
... Бірақ, тағдыр басқа жолға бұрып әкетті.
Бейбаяндау базардағы қыздың көзі! Базарға келді тағы. Қалаға кету кейінге шегерілді. Айнұр құлпырып кетіпті бүгін, «көптен келмей кеттің ғой» дегендей көзқарасы назды. Жүрегі шым еткен. Осы бір көздің құдіреті-ай! Айнұрдың көзін қойшы, ол көз оған енді жылы ұшырай көрініп, жақынындай бола бастаған. Кісі көрмегендей жан-жағынан тесіле қараған мына көздерді айтсаңшы, базардың сатушы әйелдерінің көздері – қарадай күйдіре, ішіп-жеп барады, кейін қылар әңгімені алдымен барлай алуды көздеген сыңайлар-ау...

чай с матерью, перебирать всех девушек в ауле.


- Ойбай, не спрашивай, верблюжонок мой, аул совсем зачах, – говорит мать.
Хотя и говорят, что цель девушки – замужество, кажется, что сегодняшние девушки быстрее возвра- щаются, чем выходят замуж. У Шалабая та, которая с тобой училась, тоже вернулась с ребенком в подоле.
- Может, с мужем не повезло, апа. А так, она была не-

плохой девушкой.


- Откуда?! Нормальная девушка сначала подумала бы, присмотрелась, за кого выходит замуж. Как будто останется без мужа, не успев закончить школу, выско- чила замуж, да свекровь извела.
-Апа, смотри, как бы сама такой не оказалась... Апа мягко улыбнулась.

- Нет, милый, невестку, которую приведет мой един- ственный, даже если она будет как пест, я не буду при- струнивать ради него.


Мать мечтала: «Порадует меня мой единственный, приведет сноху, которая будет заботиться о нас, вот будет радость!».
- Ай, смотри, не привези мне городскую неумеху, по- том с ней хлопот не оберешься! А то будем сидеть да лаяться. Вот у лодочника Жениса дочка такая хоро- шая, прямо загляденье. Школу вчера закончила с зо- лотом. Хорошая девочка.
- Апа, которая дочка? У Жениса ведь много дочерей.
-Та, которая закончила в этом году.
- А кто закончил в этом году?
А, 88-ые?! Э-э, знаю, знаю. Да, апа, она вроде хорошая девушка.
- Айналайын, была б у меня такая сноха другой и не надо, – ласково сказала мать.
... Но судьба повернула все по-другому.
Девичьи глаза на базаре! Снова пришел на базар. Пездка в город опять отложена. Айнур сегодня рас- цвела, нежный взгляд будто говорит: «ты так долго не приезжал». Сердце защемило. Какой силой обладают эти глаза! Да что там глаза Айнур, они уже стали из- лучать тепло, стали родными. А вот эти глаза, которые будто впервые увидели человека, так и пронизывают со всех сторон насквозь глаза продавщиц на базаре

обжигают, съедают, словно хотят разведать, чтобы потом обсуждать в своих разговорах.



335 336






Жанбала жан баласының жанары жай бетер бей- берекетсіз, бейдаусыз екенін түсінгендей еді, мына өздерін-екеуін, енді қайтер екен дегендей қоршай, қит етсе төніп түсердей ентелей-анталай қарасып қалған көздерден бір сескенді, бір күйді, бір қайраттанды. Әжуалай аш қараған, жемтік көрген қызылкөз құзғындай елеурегендерге жалт-жұлт ете жалын ата ызалы қарап-қарап алды.
Жанбала келісті жігіт-ті. Қырық қызды ғашық етерлік көркем мінезді, келбетті. Бала кезінде көз тиіп өле жаздағаны есіне түсті.

Ауылда атағы алысқа кеткен Әндер деген көзі тұздай өткір бір кісі болушы еді, қазір қайтыпты. Жұрт одан

«көзі бар» деп қашатын. Көзін қадаған жерін «қан қақсататын» жарықтық. Оны өзі де мойындап «Тфә, тфә» деп түкіріп жататын.


Бірақ, отты көзімен бір қарағаны ем дейді. Құлатады екен. Сол Әндердің әйелі үнемі зарлайды да жүреді:

«Көзің бар болғыр, жұрттың үйіне бара берме деп қанша қақсадым?! Сені шақырған жұртта ес бар дейсің бе? Ау, бара қалған күнде аяғыңа, осы үйде ескі-құсқы бәтіңке көп қой, соның бірін іле салсаң нең кетеді? Әйтпесе, жылтырата төпіл кию не теңің сенің?».


Семіз сары жарының айқай-ұйқайында жөн бар-ды, Әндер тойға не қонақтыққа кетті дегенде, бәтіңкесінің тілін жоғалтып қайтатын. Көзінен қорыққан жұрт ырымға басып, білдірмей бәтіңкесінің тілін кесіп алатын көрінеді. «Бұл бейбақтарға не жаздым, түге. Бәтіңкем, жаңа бәтіңкем... Қатын өлтіреді... енді көрмегенім той болсын!» деп Әндер безілдейді.
Артынша, «Той дегенде қу бас домалайдының» кебімен, жалақыдан жырып, жаңа бәтіңке киіп, тілін қалдырып тағы қайтатын сол Әндер. «Бұл жұртта ес бар дейсің бе?». Әйелі ақылды кісі ғой...
Осы Әндердің кезінде Жанбалаға көзі өтіп кетіпті. Бықпырт тигендей тілге келмей құлапты. Әндер алғаусыз ниетпен: «Тіпә, тіпә, бұл қай бала, тойған қозыдай томпиған?» деп алаңғасар әдетіне баспай ма. Жанбала қалпақтай ұшып, Әндердің бәтіңкесінің тілі тағы кесіліпті. Жанбала содан әзер айығыпты. Әкесі ырымға берік-ті, мойнына тұмар таққызып,

«Құдайлап жүріп көрген жалғыз» деп көйлегінің жағасына түйреуіш қадаған...


- Адасып жүрген жоқсыз ба? Қыздың қулана шыққан дауысы ойынан селк еткізді. Қапелімде не дерін білмей састы. Есін тез жиды, қыздың дәл алдында тұр екен.
- Екі аяқты пенде болғасын адасады-дағы, - деп қыстырыла кетті қасындағы сатушы әйел. Айнұр үнсіз қалды. Ойына әлдене оралғандай жанарын

Жанбала думал, что взгляды у людей беспорядочные, а когда увидел, что окружающие их люди наблюдают за ними с любопытством, думая, что теперь предпри- мут эти двое, и готовы в любой момент наброситься на них, он то робел, то набирался сил. Тем, кто насме- хался над ними, видя в них пищу для разговоров, он ответил гневным испепеляющим взглядом.

Жанбала обладал красотой и характером, что мог по- корить любую девушку. Вспомнилась история, слу- чившаяся с ним в детстве, когда его сглазили и он чуть не умер.
В ауле жил человек по имени Андер, который мог сглазить любого, сейчас его уже нет. Слава о нем раз- неслась далеко вокруг. Люди, боясь сглаза, убегали от него. Он и сам знал об этом, везде приговаривал

«тьфу-тьфу».


Говорят, что один его острый взгляд мог вылечить че- ловека и свалить кого угодно. Жена этого самого Ан- дера постоянно причитала: «Чтоб твои глаза, сколько я просила, чтоб ты не ходил по домам?! Думаешь, у тех, кто приглашает тебя, есть здравый ум? Ай, даже когда ходишь в гости, можно же было одеть любые старые ботинки, которых полно? Зачем надо было хо- дить в блестящих туфлях?».
В словах его дородной жены была доля правды: Ан- дер, когда ходил в гости или на свадбу, всегда терял язычки туфель. Оказывается, суеверные люди, боясь его глаз, незаметно отрезали язычки его туфель. «Что я сделал этим беднягам? Ботинки, новые ботинки... Жена убьет...Чтобы я еще пошел на той!» нервничал Андер.
После этого, говорят, урвав от зарплаты, купив себе пару ботинок, Андер еще не раз возвращался с тоя, опять оставив где-то язычок туфель. «Разве люди бы- вают в здравом уме?». Да, его жена, как всегда, права...
В те годы Андер сглазил Жанбалу, причем сильно. Ан- дер по привычке сказал: «Тьфу-тьфу, это чей ребенок, как упитанный ягненок?». Как проклятый, не промол- вив ни слова, он упал, как подкошенный. Жанбала в тот же миг слег, а у Андера опять срезали язычок у ботинок. Жанбала тогда еле поправился. Его отец ве- рил во все приметы: повесил на шею «единственному, выпрошенному у бога» тумар (талисман), а на ворот рубашки прицепил булавку...
- Не заблудились? – Радостный возглас девушки пре- рвал его мысли. От неожиданности он вздрогнул и не знал, что ответить. Резко собрался с мыслями; оказа- лось, что стоит прямо перед девушкой.

Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет