ОҚулық Атыраулық заманауи жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі шағын прозалық жинағы



бет76/77
Дата25.12.2016
өлшемі34,49 Mb.
#4904
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




бұрымдылардың әдетімен, текке әуреге салып, сы- нап жүргені мен сонда?! Ұнатпаса «Тоқтаңызшы» деп шырыл қақпас еді, жанұшырмас еді. Ертең ке- лер алып-ұшып. Албыраған алма бетінен алма-кезек сүйіп, құшағыма басып, бірге ілестіріп әкетермін. Ол болмас, айдын көлде қалған жалғыз сыңарымдай аңсап-сағынып келіп тұрармын. О, махаббат неткен соқыр ең, неткен ыстық ең...».

Зарыға күткен таң атар ма?! Әп дегеннен, басы жастыққа тиер-тиместен зыр етіп таң атушы еді, бүгінгі түн ұзақ болды. Сызылып барып, зарықтырып барып, әне Күннің де төбесі жылтырады. Алтын арай әлемге тарады. Жанбаланың ауылына һәм базарға да түскен шығар шуағы. Атқан таңмен жарыса төсегінен тұрған Жанбала да түскі автобусқа дайындалды. Қалаға әкетер ауылдың дәмін, апасының тырнақтап жинағанын сөмкесіне тоғытты.


- Ал апа, ал көке, мен кеттім қалаға! Қазір түстегі ато-

буспен аттанамын. Алаң болмаңыздар!
Әншейінде «Қалаң қайда бала?» деп зығырын шығаратын апасы мен көкесі осы жолы мұңайыңқырап қалды. Апасы көзіне жас ірікп, маңдайынан сүйді:

«Құдайдың өзі қиған жалғыз ең, аман жүр!».

...Автобус жүргелі тұр екен. Жолаушылар жайғасуда. Алайда, ішіне кісі толтырмай қозғалмайтын көліктің, тек төрт-бес орындығы ғана бос. Енді бір сүт пісірім уақыттта ол да толады. Жанбала базардың бұрышына қарады. Қыз көрінер емес. «Келер емес әлі, неғып жа- тыр екен?!». Осы екі ауыз сөзді қайталай берді. Міне, тағы бір жолаушы отырды автобусқа. «Осындайда орындықтар тез толады-ау! Кіл қырсық! Сәл тұра тұрса екен, асықпай... Қазір келеді ғой, Айнұр». Жан- баладан дегбір кете бастады. Базардың бұрышына қарап тұрғалы уақыт зырылдауда.

-Аға, көп күтіп қалдыңыз ба?


Иек астынан шыққан үнге жалт қарады.

-Мына арбаның дөңгелегіне, қарғыс атқыр, жол- да жатқан сым оралып қалып... әзер босаттым... Қырсыққанда сөйтеді ғой...

-???
Айнұр арбаға таңылған. Көз алды тұманданып кетті. Жүрегіне шым етті, бұл жолы жанын шынымен шым- шылай шым етті.
-Айнұр-ау? деді еріні икемге келмей дірілдеп. – Сізге не болған?
-Көрмейсіз бе, не болғанын?! Осыдан үш жыл

сказал, что уеду. Хитрая, может, девушки по привычке всегда так испытывают парней, заставляя их без толку ходить за ними?! Если бы не понравился, тогда бы не кричала так душераздирующе: «Подождите». Завтра мигом прибежит. Поцелую ее румяные щеки, прижму к груди и заберу с собой. А если не получится, то, как лебедь, вернувшийся к подруге, которая осталась на озере, буду тосковать и приезжать к ней. О, любовь, как ты слепа, как горяча...»


Когда же наступит утро, которого с таким нетерпе- нием ждешь?! Раньше, только коснешься головой по- душки, уже наступало утро, а сегодня ночь какая-то длинная. Наконец, заставив себя так долго ждать, за- светилась верхушка солнца. Заря озолотила весь мир. Наверное, она осветила и аул Жанбалы, и базар. Встав наперегонки с зарей, Жанбала стал собираться в доро- гу. Наполнил сумку аульными гостинцами, всем, что приготовила мать для города.
- Ну. мама, коке, я уезжаю в город! Сейчас уеду в пол-

день на автобусе. Не беспокойтесь!


Обычно мать и коке нервировали его вопросами

«Где твой город, сынок?», а сейчас приуныли. Мать со слезой на глазах, поцеловав его в лоб, сказала:



«Единственный, данный нам самим богом, будь жив- здоров!».
...Автобус собрался ехать. Пассажиры рассаживаются по местам. Однако, в автобусе, который не двинется, пока не наберет полный салон, остались свободными четыре-пять мест. За время, которого хватит на варку молока, и эти места заполнятся. Жанбала посмотрел на угол базара. Девушки не видать. «Не собирается пока, что она делает?!». Он бесконечно повторял эти слова. Вот, еще один пассажир сел в автобус. «Как бы- стро занимают места в таких случаях! Одни упрямцы! Подождал бы чуть-чуть, не торопясь... Сейчас придет Айнур». У Жанбалы заканчивается терпение. Время бежит быстро с тех пор, как он смотрит на угол базара.
-Ага, Вы долго ждали меня?
Он резко посмотрел туда, откуда послышался голос–

под подбородок.


- В колесо этой коляски по дороге запуталась прокля- тая проволока...еле освободилась... Так бывает, как назло...

-???
Айнур прикована к коляске! Перед глазами поплыл туман. Сердце защемило, в этот раз, по-настоящему защемило.


-Ох, Айнур, сказал он, не справившись с собой, губы его задрожали. – Что с Вами?
-Разве не видите, что со мной?! Три года назад попала

349 350







бұрын жол апатына түскем, содан айыға алмадым, аяғым қаладағы облыстық ауруханада қалған, қазір білмеймін қайда екенін. Бәлкім, мені іздеп жүрген шығар бір жерде. – Айнұр қатты кекесінмен әрі қайраттана сөйлейді. – Аяғым жоқ. Әйтпесе, сіздей жанды күттіріп қоймас едім. Ренжімеңізші, аяғым болмағасын жете алмай...
Жанбаланың жанарынан шық саулады. Шыдай алмаған екен, тамшылаған жас бетінен сырғанап ба- рып мойнына құйылды. Айнұрдың дәті берік боп шықты. Бәлкім, үйренген шығар.
-Айналайын-ау! Айнұржан-ау, о не дегенің, күтемін ғой, күтемін. Мен қалайша білмегенмін бұрын, ақымақ басым, қалайша білмегенмін...
-Білсеңіз, ғашық болмас па едіңіз?! Иә, ол – рас, аяғымның жоқтығын ешкім байқамайды. Сіздің де білмеуіңіз орынды. Мен сатып отырған аяқ киімдер де аяғымның жоқтығын ұмыттырып жібереді, үйрендік қой. Үш күннен соң көрге де үйренетін пендеміз ғой, амалымыз жоқ. Айтпақшы, мен сізге ілескелі келдім. Мені алып кетесіз бе? Мейлі, өгей шешеме құсап арбамның жібінен дедектете сүйресеңіз де разымын, себебі, сізді мен де сүйдім. Менің де сүюге хақым бар шығар, ә? (Жанбала басын изеді) сонымен, мен сіздің қолыңыздамын, алып кетесіз бе?

-???
- Дұрыс, сезімді ақылға жеңдіріңіз. Мен де осы ба- зарда сіздің жолыңызға бақ тілеп қала беремін. Қорықпаңыз, сізге ілеспеймін. Жәй, әншейін айтқаным, «алып кет» деп жата жабысар арсыз емес ем. Мені әкетіп сіз де қайтесіз. Бұл дүниеде кім-кімді сүйрегендей... Мені қойшы, тіпті, аяғы бар есен-сау адамдар бір-біріне сүйеніш болмақ түгілі, қайта реті келсе сүріндіріп, үлкені – кішісін, ағасы – інісін алға сүйрей алмай, өз қарақан басын ойлап жатқанда... менің сізге ілесуім әбден әбестік болар еді. Бірақ, есіңізде болсын енді, «Аяз би әліңді біл!» деген,

«көтере алмайтын шоқпарды беліңізге байламаңыз!». Мен сияқты көрінген бейбаққа «сүйдім, күйдім» деп бақа басыңызға бейнет тілемеңіз, адаспаңыз. Өмірде адасу екі аяқты пенделерге жазылған, себебі, көп жүресіздер ғой, базарға да келесіздер, қалаға да кетесіздер, кез-келгенге ғашық боласыздар, өйткені сіздердің еріктеріңіз бар. Ал, біз, біздер адаспаймыз! Біз – адаспау үшін аяғымызды бергеніміз...

Автобус шофері айқайлады: «Оу, болыңдар! Тез, мініңдер! Орын толды. Кетеміз!».


-Жарайды, барыңыз енді! «Кетер болсаң зымыра» де-

ген, жолыңыздан қалмаңыз!
Бағанадан бері үнсіз көзін жасқа шылап, айтарға уәж, жұбатарға сөз таппай тұрған Жанбала әзер тіл қатты:

в дорожную аварию, с тех пор не могла прийти в себя. Нога моя осталась в областной больнице, сейчас не знаю, где, может, ищет меня где-нибудь.– Айнур го- ворила энергично и насмешливо, – У меня нет ноги, иначе я не заставила бы ждать такого человека, как Вы. Не обижайтесь, не могла добраться из-за отсут- ствия ноги...


По лицу Жанбалы покатились слезы. Он не выдержал, слезы капали по лицу на шею. У Айнур оказалось большое самообладание. Наверное, она уже привык- ла.
-Айналайын! Айнуржан, что ты говоришь, буду ждать, буду. Как я не знал этого раньше, глупый, как не знал...

-Если б знали, не влюбились бы?! Да, это правда, никто не замечает, что у меня нет ноги. И Вы, есте- ственнно, не знали. Обувь, которую я продаю, застав- ляет меня забыть о том, что у меня нет ноги, я уже привыкла к этому. Мы, смертные, через три дня и к могиле привыкаем, что поделать? Кстати, я пришла, чтобы поехать с Вами. Вы заберете меня? Я согласна, если Вы даже, как моя мачеха, будете таскать меня за веревку коляски, потому что я тоже полюбила Вас. У меня ведь тоже есть право любить, да? (Жанбала кив- нул головой). Итак, я в Ваших руках, заберете меня?


Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет