ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Модульдік оқыту. Пәнге ену жоғарғы орынында оқытудың бір амалы. Педагогикалық мониторингтің әдістемесі



бет21/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

7. Модульдік оқыту. Пәнге ену жоғарғы орынында оқытудың бір амалы. Педагогикалық мониторингтің әдістемесі.


Оқытудың кез келген жаңа технологиясының алдына қоятын мақсаты – студенттің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың ӛз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, шығармашылығын арттыру.

Модульдік технология дамыта окыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсаты – студенттің ӛз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын ӛңдеудін жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модульдік оқытудың ӛзегі – оқу модулі. Оқу модулі: акпараттардың аяқталған блогынан; бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан; - студент ic-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан турады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеруді, ӛз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша окытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Пәндердің модульдік қҧрылымы мынадай түрде болады:



  • Модуль аты

  • Теориялық сабақ

  • Практикалық сабақ

  • Лабораториялық практикум

  • Бағдарламамен қамтамасыз ету

  • СӚЖ

  • Оқу қорытындысы

  • Теориялық сабақ

  • Практикалық дағдылар.

Модульдік оқыту мынадай негізгі идеяларға негізделген: білім алушы ӛзі оқу керек, ал педагог оның оқуын басқарып отыруға міндетті, яғни оқуға деген мотив туғызу, ұйымдастыру, реттеу, кеңес беру, бақылап отыру керек. Бұл технологияның авторларының кӛзқарасы бойынша, ол педагогикалық теория мен практикада жиналған прогрестерді кіріктіреді. Яғни, бағдарламалық оқытудан білім алушының әрекетіндегі нақты логикалық процестердің белсенділік идеясы, оқу-танымдық әрекетінің жеке қарқындығы алынды. Ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясынан ең маңыздысы – әрекеттін бағдарлаушы негізін қолданады. Модульдік оқытуды кибернетикалық бағыт қатысушылардың іс-әрекетін ӛзі басқару арқылы икемді басқару идеясымен толықтырып отыр. Психологиядан рефлекстік жағдай қолданылады. Дефференциацияның теориясы мен практикасында, оқытудың оптимизациясында жиналған жалпылаулар – бұлар модульдік оқытудың негізінде, принциптерінде, ережелерінде, әдістері мен оқыту формаларында кіріктіріледі.

Модульдік оқытудың негізін қалаушы П.Ю. Цявичине. Оның идеясын С.Я. Батышев, К.Я. Вазина, Н.Н. Суртаева, Т.Н. Шамова, А.Жанпейсова жалғастырды.

Модульдік оқытудың мәні білім алушы толықтай ӛзі немесе белгілі бір кӛлемдегі кӛмекпен оқу-танымдық іс-әрекетте модульмен жұмыс істеу арқылы мақсатына жетеді.

Модуль – дегеніміз мақсатты функционалдық байланыс, онда оқу мазмұнымен оны меңгеру технологиясы байланысады. Сондықтан, модуль модульдік оқытудың құралы болып табылады, ӛйткені оған іс-әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат банкі, дидактикалық мақсатқа жету үшін методикалық басқару кіреді. Модуль оқытудың программасы ретінде бола алады.

Модульдік оқыту кезінде әрбір білім алушы белсенді және тиімді оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі. Мұнда бақылау, ӛзін-ӛзі бақылау, түзету, кеңес беру, ӛзбеттілігі қалыптасады. Білім алушы ӛзін жетілдіруге зор мүмкіндік алады, ол оқуға деген құлшыныс, мотивация тудырады. Бұл оқыту жүйесі әр білім алушыға білім беру және оқуда жоғары сатыға кӛтерілуге кепілдеме береді. Білім

алушының ӛзбеттілік, ұжымшылдылық сияқты мінез сапаларын дамытуға да мүмкіндік бар.

Әрине, оқыту үрдісіндегі педагогтің де орны ӛзгереді. Педагогтің міндеті білім алушыларды оқуға мотивациялау, модуль арқылы оқу-танымдық әрекетін басқару және үздіксіз кеңес беру. Енді оқытудағы оның орны ӛзгереді: ол тақырыпты қалай жеткізсем деп ойламайды, енді білім алушылардың әрекетін қалай басқарсам, бағыттасам деп ойлайды. Модуль арқылы басқаратындықтан интегративті дидактикалық модуль құру педагогтің міндеті болып табылады. Ол үшін педагог ӛз тәжірибесін, білім, іскерлігін, технологияларды талдайды. Іс- әрекеттің мақсатын, оқытудың түрі мен әдістерін, кездесуі мүмкін қиындықтарды алдын-ала ұйымдастыруы керек.

Модульдік оқытуға кӛшу үшін нақты жағдайлар туғызу керек:


  1. педагогтің мотивациясымен байланысты;

  2. білім алушылардың оқу-танымдық әрекеттерді ӛз бетімен орындауға дайындығы;

  3. мектептің материалдық мүмкіндігіне байланысты.

Модульдік технологияға кӛшу тәжірибесі бірден барлық топтың кӛшпей, ондағы кіші топпен жұмыс істеуді кӛздейді. Бұл кӛлемін, құрылымын, қиындық дәрежесін, білім алушылардың әрекеттенуін, бақылау, ӛзін бақылау жүйесін кӛріп – бағалауға, осыған байланысты түзетуге мүмкіндік береді.

2. Модульдік оқытудың принциптері.

Модульдік оқыту теориясы жалпы дидактикамен тығыз байланысты арнайы принциптерге жүгінеді. Модульдік оқытудың жалпы бағыты, оның мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру әдістері мынадай принциптерді анықтап отыр:


  • модульдік;

  • оқытудың негізгі элементтерін бӛліп кӛрсету;

  • динамикалылық;

  • білімнің әрекеттілігі мен оперативтілігі және олардың жүйелілігі;

  • икемдігі;

  • саналы перспективасы;

  • әдістемелік кеңестің әр түрлілігі;

  • паритеттілік (П.А. Юцявичене). Осыларды жеке қарастырайық.

Модульділік принципі оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру формасы мен әдісін бейнелейді. Бұл принципке байланысты оқыту жеке функционалдық байланыстардан құрылады, дидактикалық мақсаттарға жетуді кӛздейтін модульдерден тұрады. Бұл принциптің орындалуы үшін мынадай педагогикалық ережелер сақталу керек:

  • оқу материалын қойылатын дидактикалық мақсатқа әрбір білім алушы жете алатындай құру керек;

  • ол жеке модульден құралған кешенді дидактикалық мақсатқа сәйкес оқу мазмұнынан құралу керек;

  • оқу материалына сәйкес кӛзделген мақсатқа бағына отырып, әр түрлі оқу формаларымен интеграциялануы керек.

Оқытудың негізгі элементтердің бӛліп кӛрсету принципі оқу материалын интеграциялық дидактикалық мақсаттарды шешуге бағытталған біртұтас модуль ретінде қарайды, яғни модульдің ӛзінің құрылымы бар. Бұл принцип программалық оқытудағы оқу материалын бӛлшектерге (порция, саты) принциптерімен ұқсас, дегенмен айырмашылықтары да бар. Программалық оқытудағы материалдарды кішкентай бӛлшектерге бӛледі, олар ӛзара байланысты, біртіндеп сатылап қиындайды. Ал модульдік оқытуда оқу мазмұнындағы кішкентай бірліктер дидактикалық мақсатқа жауап беретін курстағы нақты тақырып немесе тақырыптың фрагменті болып саналады, оны модульдің элементі деп атайды.

Оқытудың негізгі элементтерін бӛліп кӛрсету принципіне байланысты мынадай педагогикалық ережелерді ұстану қажет:



    • интеграциялық дидактикалық мақсатта жеке мақсат құрылымдарын кӛрсету керек;

    • оқу материалының әрбір элементін толық жетілдіріп отыру керек;

    • әрбір жеке мақсаттың бірлігі интеграциялық дидактикалық мақсатты құрап бір модуль болу керек.

Динамикалық принципі әлеуметтік тапсырысқа байланысты модульдің мазмұнын еркін ӛзгерте алумен сипатталады. ҒТП-тің жоғарғы темппен ӛсуі әлеуметтік және жалпы техникалық білімнің тез ескіруіне әкеліп отыр және кей уақытта жалпы ғылыми білімнің құндылығын қайтадан қарастыруға итермелейді. Барлық білім сатыларына тән инерттілік білім беру мен қоғамдық ӛмірдің жағдайларының арасындағы айырмашылықтардың бір себебі болып отыр.

Оқу материалы әрқашан, тіпті жыл сайын деуге болады, қайтадан ӛңделіп, жаңартылып отырылуы керек. Қиын жағдайдан шығудың бір жолы: оқу материалының құрылымы бір-біріне тәуелсіз бӛлімдерден тұру керек, ӛйткені оқу материалын ӛзгерткенде әрбір бӛлімді ӛзгертіп, толықтырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу материалының тұрақты және ӛзгермелі мазмұнының қарама-қайшылығын шешу динамикалық принцип бойынша жүзеге асады. Оның педагогикалық ережелерін қарастырайық:


    • әрбір элементтің, яғни модульдің мазмұны оңай ӛзгертілуі және толықтырылуы мүмкін;

    • әр түрлі модульдердің элементтерін құрастыра отырып, жаңа модуль шығаруға болады;

    • модульдің формасы, оның элемнттерін оңай ӛзгертуге болатындай формада болуы тиіс.

Білімнің және оның жҥйесінің оперативтілік және әрекеттілік принципі. Білім беру саласында білім алушыларда әрекеттік білімнің қалыптасу мәселесі пайда болады, ол мамандардаың кәсіби дацындығына теріс әсер етіп отыр. Бұл жағдайдан шығу жолы – тек іс-әрекет түрлеріне емес, сонымен қатар әрекеттің тәсілдерін де үйрету керек. Іс-әрекетік тұрғы модульдік оқытуға ӛте қажет, бірақ оның шектілігі сол, ол оқыту процесінде шығармашылық жағынан дамуды талап етеді.

Оперативті білім білім алушы тапсырманы орындау кезінде инициатива, тапқырлық кӛрсете білген, әр түрлі жағдайда ӛз білімін қолдана білген жағдайда табысты болады. Әрекеттік және оперативтік білімнің жүйесін тек іскерлікпенбіріктіріп қарастыруға болады. Мұнда жалпы ғылыми, техникалық және арнайы білім мен іскерлік жүйесін айтуға болады, оны білім алушы практикалық іс - әреектте ӛзі және тәуелсіз қолдана алады.

Әрекеттік және оперативті білімдер және оның жүйелілік принципін орындау үшін мынадай педагогикалық ережелерге сүйенеді:


    • модуль және әрекет тәсілдерінде оқыту мақсаттары әрекеттің әдістер терминінде ақыл-ой немесе практиаклық түрде қалыптастырылуы керек;

    • алға қойған мақсатты орындау үшін модульдің мазмұны логикалық ойлау және практикалық әрекет жағынан пәндік және пәнаралық құрылымда болуы мүмкін;

    • оқыту жаңа білімді игеруде проблема негізінде ұйымдастырылуы керек, ӛйткені осындай жағдайда оқуға деген шығармашылық қалыптасады;

    • білімнің бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшу мүмкіндігін анық кӛрсету керек.

Икемділік принципі модульдік бағдарламаның, соған байланысты модульдің құрылымы оқу мазмұнынын игеру мүмкіндігі жеңіл болатындай етіп құрылуын және білім алушылардыңжеке қажеттіліктеріне байланысты игерілуін қамтамасыз етеді. Икемділік принципінің орындалуы мынадай педагогикалық ережелерді талап етеді:

    • оқу мазмұнының индивидуализациясы білімнің алдын – ала диагностикалануын қажет етеді;

    • ол қорытындысы нақты модульдің индивидуалды құрылымын құратындай етіп ұйымдастырылуы керек;

    • оқу мазмұнын индивидуализациялау үшін білім алушылар жағынан оқытудың қажеттілік анализі жасалуы керек;

    • осы мақсатта оның құрылуының оқытудың базалық әзірлігі мен жеке мақсатын қоса кешенді критерийлерін қолдануға болады;

    • индивидуалды игеру темпі сақталу керек;

    • модульдің методикалық жағы оқыту технологиясының индивидуализациялануын қамтамасыз ету керек;

    • оқуда нақты мақсатқа жеткеннен кейін индивидулды бақылау және ӛзін реттеп отыру қажет.

Саналы перспектива принципі білім алушылардың оқуын жақын, орташа, алыс стимулдарын терең түсіне білуін қажет етеді. Білім алушының ӛзбеттілік және педагогтың басқару жағының арасындағы байланыстың оптималды ӛлшемін таба білу керке. Әрекетті ӛте қатал басқару білім алушының инициативасынан айырады, ӛз бетімен оқудың рӛлін тӛмендетеді.

Егер білім алушының ӛзін басқару мүмкіндіктерін қолдансақ, оларға оқудың мақсатын анық және саналы түсіндіру керек. Модульдік оқытуда олар іс-әрекет нәтижесінің маңызды сапасы ретінде болғандықтан, білім алушылар танымдық және практикалық әрекеттің перспективасы ретінде санауы керек.

Модульдік оқыту процесінде саналы перспектива принципінің орындалуы үшін мынадай педагогикалық ережелер сақталу керек:


    • әрбір білім алушы бірінші барлық белгілі этапқа (курс, жыл немесе барлық кезеңге ) бӛлінген модульдік бағдарламаны білу керек;

    • онда кешенді дидактикалық мақсат кӛрсетілуі керек, оны білім алушы ӛзіне керекті және күтетін қорытынды ретінде саналы түсінуі керек;

    • оған мақсатқа жету үшін қажет оқу бағдарламасы кіреді, ал білім алушыға алыс, жақын, орташа перспективаларға жетуге нұсқаушы болады;

    • әрбір модульдің басына міндетті түрде әрекет қорытындысының сапасы ретінде оқудың интеграциялық мақсатын сипаттау керке;

    • әрбір элементтің басына оқудың жеке мақсаттарын кӛрсетіп кету керек.

Методикалық кеңес берудің әр тҥрлілік принципі оқытушының танымдық әрекетінде және педагогикалық әрекетте кәсібишіліктің болуын талап етеді. Оқудың тиімділігіне кӛптеген факторлар әсер етеді, әсіресе білім алушылардың мүмкіндігіне оқудың мазмұнының сәйкес келуі. Бірақ та оқу үрдісінде осы жағдайды сақтағанның ӛзінде кӛптеген қиындықтар туындайды, соның ішінде, білім алушылардың материалды игерудің оптималды жолдарын таңдай алмауы, ӛзі танып-білуге дағдыларының жетіспеуі, оқытудың барлық әдістерін қолдана білмеуі немесе нақты жағдайға үйлесімді таңдай алмауы.

Бұл принциптің орындалуын, проблеманы шешу жолдарын мына педагогикалық ережелер ашады:



    • оқу материалын, ақпаратты ұғынуды жеңілдететін жеке түсіндірмелі әдістерді қолданатын модуль деп ұғыну керек;

    • оқу мазмұнын ұғыну жолдары мен әр түрлі әдістер ұсынылу керек, оны білім алушылар тәуелсіз немесе қандай да бір тәжірибеге сүйене отырып таңдау керек, сӛйтіп ӛзіндік оригинал оқу әдісін жасай алады;

    • оқыту үрдісін ұйымдастыру жӛнінде педагогтың әдістемелік кеңесін жасау керек. Альтернативалық шешім ретінде әр түрлі әдістер мен оқытудың ұйымдастырушылық нұсқасы бола алады, педагог – эксперттердің пікірінше, нақты мазмұнды игеруге біршама жарамды дейді;

    • педагог ұсынылған әдістер мен оқытудың ұйымдастырылған нұсқаларының қайсысымен жұмыс істейтінін ӛзі таңдайды;

    • егер оқытушы ӛзі модуль құратын болса, оның құрамына қолданып жүрген оқыту әдістерін кірістіру керек, ӛйткені бұл эквивалентті курстар мен сабақтар жүргізетін педагогтар арасындағы тәжірибе алмасу жағдайын туғызады.

Паритеттілік принципін де сақтап отыру қажет. Соңғы жылдары педагогикалық процесте білім алушылардың активтілігіне кӛп кӛңіл бӛлінуде, ӛзін басқара білуді дамытуда. Зейінімізді оқыту үрдісіндегі ӛзара әрекетті ұйымдастыру үшін базистік жағдайды жасауға шоғырландыру қажет. Ол білім алушының дайындық дәрежесі болуы мүмкін. Дәл осыдан бірінші кезекте басқару байланысы тәуелді болып келеді. Бірақ қайдағы реалды қатынас, егер дәстүрлі оқытудағы сияқты оқытудың басты мақсаты педагог пен білім алушының кездесуінде біріншісі екіншісіне тек ақпарат беріп кететін болса? Басқаша айтқанда, педагог сабақ үстінде басқа функцияны қолдану керек екенін ұмытып, кӛбінесе ― ақпараттық инъекция ‖ жасайды.

Педагогикалық процесс білім алушы ӛзі активті болғанда, ал оқытушы әрбір адамға индивидуалды негізде кеңесші-координатор қызметін атқарғанда тиімді болады. Бірақ бұл үшін білім алушыларды тиімді оқыту құралдарымен, модуль сияқты, қамтамасыз ету қажет. Осы ақпараттық құралды қолдана отырып, білім алушы жаңа материалды ӛзі игере алады және әрбір педагогикалық кездесуге, яғни сабаққа проблемалық сұрақтарды шешіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дайын келеді.

Модульдік оқытудағы паритеттілік принципі мынадай педагогикалық проблемаларды сақтауды талап етеді:


    • модульдік бағдарлама білім алушының белгілі дәрежеге дейін білімді ӛзі игеруге мүмкіндік береді.

    • педагогты тек ақпараттық функцияны орындаудан босатады және кеңесші-координатор қызметін атқаруға жағдай туғызады.

    • модульдік оқыту үрдісінде оқытушы кейбір басқару функциясын модульдік бағдарламаға береді, онда олар ӛзін-ӛзі басқаруға трансформацияланады.

Жоғарыда айтылған модульдік оқытудың принциптері ӛзара байланысты. Олар (паритеттілік принципінен басқа) оқытудың мазмұнының құрылу ерекшклігін бейнелейді, ал паритетілік

принципі педагог пен білім алушының жаңа жағдайдағы ӛзара әрекетімен сипатталады.

Барлық айтылған принциптер жалпы дидактикаға жүгінеді және сонымен ӛзара байланысты.

Модульдік оқытудағы оқыту курсы мазмҧнының қҧрылымдық ерекшелігі

Модульдерді жасау мақсаты – кәсіби, педагогикалық және дидактикалық міндеттерге сәйкес курстың мазмұнын бӛлшектеу немесе курстың әрбір тақырыбын компоненттеу, оқытудың түрлері мен формаларының компоненттеріне анықтама беру, уақытпен үйлестіру және бір комплекске интеграциялау. Осы тұрғыдан модуль оқу курсының ортақ тақырыпқа немесе кӛкейкесті ғылыми - техникалық проблемаларға бағытталған оқытудың әр қилы түрлері мен формаларының интеграциялануын кӛрсетеді.

Модульдің шеңбері оны құрардағы теориялық білімдер мен дағдылардың жиынтығына, болашақ мамандарға қажет ұстанымдар мен сол класқа тиісті ғылыми - техникалық тапсырмаларды орындауға қажетті практикалық әрекетке байланысты.

Кӛбіне семестрлік курс ( 40 - 50 дәрістік сағат ) 10-12 модуль курстың бӛлімдеріне ұқсастырып бӛлінеді, солар арқылы коллоквиум ӛткізеді. Ең жақсы шетел ЖОО-да модульдік бӛлу пәннің түсініктік ақпаратын қатаң түрде жүйелі талдау негізінде жасалынады, ол негізгі түсініктердің топтамасын жасауға, материалдарды логикалық және компактты топтастыруға, курстың ішінде және аралас пәндерде қайталаулардан аулақ болуға, курстың кӛлемін 30 пайыз немесе одан да жоғары азайтуға мүмкіндік береді.

Модуль – ӛзіндік құрылымдық бірлік және кей жағдайда студент толық курсқа қатыспай, тек кейбір модульге қатыса алады.

Әрбір модуль оқыту барысында меңгерілуі керек іскерлік пен дағды, негізгі түсініктер тізбегін, қажет дидактикалық және методологиялық материалдармен қамтамасыз етеді. Мұндай тізім жазбаша жұмыс ретінде немесе компьютер жүйесінде орындауға болатын алдын - ала бақылау бағдарламасын жасауға негіз болады. Мұндай бақылаудың нәтижесінде студент баға алмайды, бірақ ӛзінің білім деңгейін анықтауға мүмкіндігі бар, қосымша ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Бір курстың ішінде әрбір модульді бітіргенде болатын бақылау жұмысы келесі модульді тапсыруға ыңғайлы болып келеді.

Әрбір модульге анықтамалық және кӛрнекілік материалдар жинақтарын жасау қажет және ол стулентке осы оқытудан бұрын берілу керек. Модуль ұсынылатын әдебиеттер тізімімен толықтырылады. Әрбір студент модульден модульге материалды толықтай игергенде ауысады, аралық бақылаудың ӛту этаптары жолдастарынан тәуелсіз болады.

Модульге енетін ақпараттар интеграцияланған педагогикалық мақсатқа жетуге бағыттаалған біртұтас және нақты құрылымды қиын және терең спектрге ие. Оқыту тапсырмалары уақыт ӛте келе ӛзгеріп тұрады, ал оқу материалы белгілі уақытта қайта қарастырылып және ғылым мен техниканың үздіксіз дамуымен байланысты жаңартылып отырылады, модульдің құрылымында әрқашандық базалық компонент пен варияциялық бӛлім салынады. Базалық компонент фундаменталдық пән түсініктерін кӛрсетеді - құбылыстар, заңдар, құрылымдық жоспар, және т. б. немесе ӛзара байланысты түсініктер топтамасы. Варитивтілік ақпарат мазмұнының ӛзгеруі мен жаңартылуына байланысты, сонымен қатар студенттің мамандандырылған бағытына да байланысты. Осыған байланысты практикада білім берудің икемділік және динамикалық принципі қалыптасты.

Сонымен, кешенді модульді қалыптастыруға жүйелік талдау және пәннің мазмұны мен құрылымын терең методологиялық ӛңдеулер қажет, сол арқылы студентке жоғары кӛлемде білім, іскерлік, дағды берілу керек.

Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылауды ҧйымдастыру ерекшеліктері.

Модульдік оқытуда білімді бағалау үшін жаңа, прогрессивті жүйе қолданады, оқу кезінде және аралық рейтинг этаптарында үздіксіз жиналып отыратын дәстүрлі дискретті - сессиялық бақылаумен ауысады. Бұл бағалау жүйесі рейтингтік деп аталады.

Рейтинг адамның қандай да бір қасиетін сандық бағалау деуге болады. Осыған орай, студенттің оқу рейтингі - адамға педагогикалық әсер ету қорытындысының сандық бағасы. Студенттің рейтингі дегенге мынадай түсінік береміз: рейтинг – студенттің белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір формулаға байланысты саналған балының жалпы сомасы.

Біздің ӛмірімізде рейтингтер кӛп қолданылады. Оларды анықтау әдістері әр түрлі, бұл әдістердің қиындық дәрежесі де әр

түрлі болып келеді. Модульдік оқытуда рейтингтік бағалау жүйесі мынадай.

Жүйелі рейтинг кӛрсеткіші студенттердің бақылау жұмысында кӛрсеткен білімінің бағасына сәйкес келеді. Бұл жағдайда модульдік базалық бағасы алдын-ала белгілі болады. Басқаша айтқанда, студенттің білімін кӛрсететін стандарттық тіркеумен байланысты қиын формула арқылы кӛрсетуге болады.

Бірінші жағдайда оқыту үрдісінде және емтихандарда модуль бойынша коэффеценттерді коррекциялау арқылы шыққан балдардың сомасы бойынша пәннің жалпы рейтингі шығады, ал семестрдегі барлық пәндердің рейтингі сомалық рейтингті құрайды, ол рейтинг - рейтинг парағына жазылады.

Екінші жағдайда студентің рейтингі (R ) мына формула арқылы есептелінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет