ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Курстық жҧмысқа қойылатын талаптар



бет19/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Курстық жҧмысқа қойылатын талаптар:


  • Тақырыптың ӛзектілігі, оның отандық және шетелдік ғылымның дамуына сәйкестігі.

  • Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді және мерзімдік басылымдарды зерттеу және талдау.

  • Зерттеу мәселесінің тарихын, педагогдердің озат тәжірибесін және ӛзінің жеке тәжірибесін есепке ала отырып, оның практикалық жағдайын зерттеу және талдау.

  • Ӛз бетімен зерттеуді жүргізу: зерттеудің пәнін, мақсатын, әдістерін анық сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.

  • Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қорытындылау, қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды негіздеу.

  • Безендіру мәдениеті (стандарт талаптарына сәйкестігі).

  • Курстық жұмыстың кӛлемі – компьютерде терілген 40-50 беттей болады.

Курстық жҧмысты орындау қисыны. 1 кезең – зерттеуге дайындық.


    1. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін анқытау:

  • зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу негізінде тақырыпты алдын-ала таңдау;

  • зерттеудің объектісін анықтау;

  • зерттеудің пәнін анықтау.

    1. Зерттеуді ұйымдастыру және ӛткізуге дайындық:

  • зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық тәжірибені талдау және «Әдістемелік әдебиеттерге және педагогикалық тәжірибеге шолу» атты мәтін даярлау;

  • тақырыпты нақтылау;

  • зерттеудің гипотезасын, мақсат-міндеттерін белгілеу;

  • зерттеу әдістерін таңдау және зерттеу ӛткізетін базаны (оқу орыны, сынып, білім алушыбақша, топ және т.б.) анықтау.
  1. кезең – тәжірибе жҧмысын даярлау және ӛткізу


    1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау:

  • экспериментальдық және бақылау топтарын анықтау;

  • зерттелетін объектілерді бақылау әдістері мен диагностикалық әдістерді және оларды жазып алудың формасын белгілеу;

  • зерттеу тақырыбы бойынша білім алушылармен жұмыс жасау жүйесін (сабақтардың, тәрбиелік шаралардың және т.б. конспектілері) даярлау;

  • зерттеу нәтижелерін талдау әдістемесін жасау;

  • тәжірибе жұмысын ӛткізу үшін таңдалған әдістер мен тәсілдерід қолдану мүмкіндігі мен диагностикалық әдістемелерді нақтылау мақсатында тәрбиеші, педагог, білім алушылардан кеңес алу.

    1. Тәжірибе жұмысын ӛткізу:

  • анықтаушы экспериментті ӛткізу;

  • анықтаушы эксперименттің нәтижесін талдау негізінде гипотезаны тексеруге және тәжірибе жұмысының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған білім алушылармен жұмыс жүйесін (сабақтар, тәрбиелік шаралар, жеке жұмыс және т.б.) ӛткізу;

  • қалыптастырушы эксперименттің ӛтуін талдау, гипотезаны және тәжірибе жұмысын нақтылау, мүмкін болатын жағымды және жағымсыз нәтижелерін анықтау арқылы тәжірибе жұмысын бейнелеу, оның тиімділігінің психологиялық- педагогикалық шарттарын анықтау және жағымсыз құбылыстарды жою;

  • жасалған қорытындылар негізінде ғылыми гипотезаны негіздеу, зерттеу міндеттерінің орындалуын тексеру, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін психологиялық- педагогикалық шарттарын анықтау мақсатында қалыптастырушы экспериментті қайта ӛткізу;

  • қорытынды бақылау эксперименті, талдау, қорытындылар, ұсыныстар.
  1. кезең – курстық жҧмысты безендіру


    1. Курстық жұмысты жазуды аяқтау:

  • дайындалған мәтіндерді тарауларға біріктіру, орналастыру;

  • нәтижелерді, қорытынды жазу;

  • қорытынды құрастыру;

  • кіріспе жазу.

    1. Әдебиеттер тізімін жазу.

    2. Иллюстрациялар тізімін жасау.

    3. Қосымшаларды орналастыру.

    4. Мазмұнын құру.

    5. Титулдық бетін безендіру.

Курстық жҧмысқа жетекшілік ету.


Курстық жұмыстарға жетекшілікке тек қана ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген педагогдерге тапсыруға болады. Ғылыми жетекшісінің негізгі ерекшелігі:

  1. Студенттерге тақырыпты және жұмыс кӛлемін анықтауға кӛмек беру, зерттеу нормасын нақты белгіліп алу.

  2. Курстық жұмысты бастамас бұрын студенттерге дәріс оқылып, әдістемелік сұрақтар туралы консультациялар ӛткізіліп, курстық жұмысты орындаудағы жалпы талаптар және нақты шарттар айтылады. Теориялық және практикадағы жоспардағы

зерттеу мәселелерін ашу үшін ұзақ және жүйелі жұмыс қажет. Бұдан жоспар-график негіз болады, курстық жұмыстың этаптарын кірістіреді, зерттеу түрлерінің әрбір этапта нұсқау мазмұнымен байланысып жатады.

  1. Кейіннен ғылыми жетекшісі студенттерді әдебиеттермен жұмыс істеуге негіздейді, материалды жинау әдістері педагогикалық тәжірибе және эксперименталды бағдарламалардың құрылуына негіз болады.

  2. Жетекші студентке олардың жұмыстарында кӛмек кӛрсетіп, курстық жұмысты орындауды систематикалық бақылап, консультация белгіленіп, тақырып бойынша жинақталған материалды талдайды.

  3. Ғылыми жетекші курстық жұмысты зерттеп және рецензиялайды, кафедраға курстық жұмыстың дайындығы туралы хабарлап, қорғау күнін белгілейді.

Курстық жұмыстарға жалпы жетекшілікті кафедралар, оқу ісі жӛніндегі проректор жүзеге асырады. 2-3-ші курстарда студенттер курстық жұмыс тақырыбын және ғылыми жетекшісін таңдайды. 1- ші кездесу барысында курстық жұмыстың тақырыбы анықталып, оны даярлау кестесі құрылады. Айына екі рет оқытушы студентке кеңес беріп отыруы тиіс, дер кезінде кӛмек береді. Жетекшінің міндеті – аяқталған курстық жұмысты тексеру, жазбаша пікір беру (қосымшаны қараңыз) және студенттерді курстық жұмысты қорғауға даярлау. Ең жақсы курстық жұмыс ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылады. Курстық жұмыстар арнайы журналға тіркеліп, тиісті бағасы қойылады.

Курстық жҧмысты қорғау. Курстық жұмыс кафедра отырыстарында, базалық оқу орындарында (білім алушы оқу орыны), кіші курстағы студенттер алдында қорғалуы мүмкін. Қорғауда студент 7-10 минутқа созылатын қысқаша баяндама жасайды, онда курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мотиві, оның ӛзектілігі, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеудің мақсат- міндеттері, курстық жұмыстың ақпарат кӛздері айтылып, практикалық бӛлімге, зерттеу әдістеріне және алынған нәтижелерге кеңірек тоқталып, кӛрнекіліктерді демонстрациялайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет