ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет23/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Мониторинг ерекшеліктері:


  1. білім алушының белгілі бір тақырыпты тӛмендеу меңгергенін, аздау ұпай алғанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз;

  2. шәкірт ӛз кемшілігін байқайды, ӛз тұрғыластарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады;

  3. ӛз зейінін тәрбиелейді;

  4. білім жүйелілігі мен тізбектілікті байқайды;

  5. ойланып оқуға дағдыланады;

  6. білім алуда жоспар, тезис құруға машықтанады;

  7. білім алушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.

Мониторингтің кӛмегімен білім алушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анықтайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.

Білімдік мониторинг – кӛп деңгейлік жүйе.



І деңгей (жеке, дара және дербес), оны педагог жүзеге асырады. (Сынып білім алушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)

ІІ деңгей – мектепішілік.

Мұнда білім алушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады (сыныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жалдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.



ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.

Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – білім алушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Білім алушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, ӛз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс ӛткізілуіне кӛп байланысты.



Мониторинг – модуль бойынша оқытудың рейтингтік бақылау қорытындысының динамикалық сапасының рейтингтік бейнеленуі, семестрдегі соңғы аралық рейтингтік бақылау.

Оқытушыға әрбір студенттің оқу динамикасын тексеруге, топтағы, курстағы статистикасын кӛруге, ӛтілген сабақтардың жетістіктерін біліп, оқыту жұмысына коррекция енгізуге мүмкіндік береді. Осымен оқыту технологиясының негізгі рейтингтік бӛлімі аяқталды.

Пәндік рейтингтен басқа студенттердің кафедралық және жалпы семестрлік рейтингі анықталады, онда студентке бӛлінген жеңілдіктер ескеріледі (материалдық кӛмек, арнайы стипендиялардың берілуі, жолдамалар беру, оқуы үшін ақша тӛлеу, т.б. ).

Мониторингтің кӛмегімен студенттердің бір семестрден екінші семестрге ӛтудегі рейтингінен студенттердің кәсіби әзірлігін біліп тоыруға болады. Факультеттің оқу кеңесі және деканат

студенттердің рейтингіне қарап практикаға, жұмысқа, магистатураға бӛле алады.

8. Кредиттік оқыту жҥйесі


Қазақстанның жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Мұның барлығы ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің «мӛлдірлігін» және оның дамыған елдердің жүйесімен бірігуін қамту, студенттердің және профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильдігіне жету мақсатында реформалау мен модернизацияны талап етеді. Осыған сәйкес 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясын ендіру басталды.

Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу орындарында ендіру үдерісі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра талдау және жинақтау арқылы, білім сапасын тӛмендетпей, ұлттық менталитетті ескере және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана отырып білім беру жүйесіне түбегейлі ӛзгерістер енгізуді талап етті. Осыған орай, білім берудің парадигмалары ӛзгерді.

Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай оқығаныңа қарай», «ӛзін-ӛзі дамыту», «ӛмір бойына оқу» болып ӛзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге ӛздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын кӛрсете отырып, студенттің ӛз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесі дараландыру, білім беру траекториясын таңдау, оқу үрдісін реттеу шеңберінде және білім кӛлемін кредит түрінде екенін ескеру негізінде ӛзіндік білімді құрау және шығармашылық білімді игеруге бағытталған білім беру жүйесі.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында кредиттік жүйенің ендірілуі әлемдік білім беру саласындағы беталыстарды ескеруді қажет етеді. Алғаш рет «кредит-сағат» термині Гарвард университетінің ректоры По мырзамен 1867 жылы ӛтілген материалдың кӛлемін фиксациялауға енгізіліп, ал ХХ ғасырдың 80

жылдарынан еуропалық елдерде бір ЖОО-нан екіншісіне білім алушының ауысуы кезінде сынақ бірліктерін белгілеу мен салыстыруға қолданды. Одан кейінгі кредиттік жүйенің дамуы әлемдегі жетекші елдердің министрлерінің Сарбон мен Балон декларациясын үлкен масштабтағы студенттер мобильдігін қолдау құралы ретінде қабылдауымен жүзеге асты.

Кредит (сredit, credit-hour) - латын тілінен аударғанда «сену»,

«сенім» дегенді білдіреді. Кредиттік технологияда оқыту жүйесіндегі кредит -тындаушының, оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің ӛлшем бірлігі. Бұл кредит академиялық кезең ағымындағы тыңдаушының апталық аудиториялық жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциялық, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты міндетті түрде студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) 2 байланыс сағатымен (100 минут) толықтырылады

Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз - жеке оқу жоспарын студенттің тікелей араласуымен, жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауына, әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеуге негізделген білім беру жүйесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында «кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізетін ӛз бетінше жұмысы - аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқытудың түрі», - деп атап кӛрсетілген.



Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту жүйесіне - оқу үрдісін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі кіреді. Ал, бірізді оқыту жүйесі деп (линейная система обучения) - оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық кӛлем негізінде белгілі уақытта оқытуды айтады.

Кредиттік оқыту жҥйесінің дәстҥрлі «сызықты» оқыту жҥйесіне қарағанда ерекшеліктері:

-дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде білім алушының шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен ӛздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;

  • студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

  • білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы кӛп еркіндігі, әр студенттің ӛз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей ӛзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының кӛптігі;

  • пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда студенттерге кӛмектесетін академиялық кеңесшілердің енуі;

  • «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып ӛзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық қана рӛл атқаруы;

-оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін қажетті әдістемелік (баспа және электронды) материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;

  • әр студенттің эдвайзер кӛмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;

  • студенттің ӛзіндік жұмысының (СӚЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүретін СӚЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы (ОБСӚЖ) болып бӛлінуі;

  • игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;

  • оқу мотивациясының артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, алған білімді басқа елдегі оқу орнының академиялық мойындау кепілдігі;

  • оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;

  • білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан ӛзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалаудағы ерекшеліктер.

Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады

Кредиттік оқыту жҥйесі - ерекшелену, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде ӛз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредиттік оқыту технологиясы пән сабақтарын жекелей жоспарлау негізінде ӛздігінен білім алудың және ерекшелену арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік

стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке кез-келген жағдайда дайын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.



Кредиттік оқыту технологиясының Қазақстанда ендірудегі алғашқы тәжірибелер оқу үдерісінде студенттің ӛзіндік жұмысын белсендірудің қажет екендігін кӛрсетті. Аудиториялық сағаттардың қыскарып, білімді игерудегі негізгі салмақтың ӛзіндік жұмысқа түсуі студенттерде ӛз бетімен білім алу, ӛзін-ӛзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда кредиттік оқыту жүйесі эксперименттік режимде жүргізіліп жатқан еліміздің жоғары оқу орындары шетел және еліміздегі ЖОО тәжірибелерін зерттеп, оқу пәндері мен бағдарламалары бойынша кредиттерді анықтағанда мынадай «шарттарын» қолданады:

  1. кредиттік жүйені ендіру тәжірибесін зерттеу;

  2. басқарушы кадрлар мен профессорлық-оқытушылар кұрамын даярлау;

  3. кредиттік жүйеге сай келетін оқу-әдістемелік және техникалық қамтамаларды әзірлеу;

  4. 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриаттың жекелей бағыттары бойынша эксперимент түрінде енгізу;

  5. кредиттік оқыту технологиясы бойынша бакалаврларды даярлау нәтижесін зерттеу, талдау, қорытындылау және басқа факультеттерде қолдану туралы шешім.

Біздің еліміздегі ЖОО-да қолданылатын кредит - білім алушының және оқытушының оқу жұмыс кӛлемін ӛлшейтін сәйкестендірілген бірлігі. Бір кредит білім алушының семестр бойына (15 апта) аптадағы аудиториялық жұмысының академиялық бір сағатына тең. Бір аудиториялық сағатқа міндетті түрде бакалавриатта 2 сағат, магистратурада - 3 сағат ӛзіндік жұмыс ілесе жүргізіледі.

Кредиттік оқыту жҥйесінің қызметі тек білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу ғана емес, ол:

  • білім сапасын қамтамасыз ету қҧралы, ӛйткені кредит-сағат

  • студенттің оқу жұмысын ӛлшеудің негізі бірлігі ғана емес, сондай-ақ, оның нақты білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарын орындағанының кӛрсеткіші;

    • СӚЖ-ді ҧйымдастырудың қҧралы, себебі ол студенттерді семестр бойы оқуға мәжбүрлейді, ӛз бетінше жұмыс істеуге ынталандырады, әрі курс бойынша жинаған бағаның 60-80 % ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен тұрады;

    • студенттердің тәртібіне, тәрбиесіне әсер ету қҧралы, ӛйткені ол студенттерді сабақты босатпауға, СӚЖ-ді уақытында тапсыруға мәжбүрлейді;

    • оқыту әдістемесін бағалаудың қҧралы, ӛйткені оқытушының оқу үдерісінде түрлі әдістерді, ӛзіндік жұмыс түрлері мен формаларын тиімді, үйлесімді қолдануының нәтижесін кӛрсетеді:

    • сонымен бірге кредиттік оқыту жүйесінің оқу орындарына түрлі қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндіктер беретіндігі анықталды.

Кредиттік оқыту жүйесіне ӛту студент пен оқытушы арасында жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы студент үшін тек ақпарат кӛзі ғана емес, ол студенттің қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс жүзіне пайдалануға үйретуші маман болуы керек.

Бұл жүйе студент қабілеті мен еңбекқорлығына лайық әмбебап жүйе болып табылады. Мұндағы басты ерекшелік аудиториялық сабақтар мен студенттердің ӛздігінен орындайтын жұмысына бӛлінген сағаттардың тепе-теңдігінің салдарынан студенттердің ӛз бетінше ізденуге қарай ұмтылысының арттыратындығында. Бірақ бұдан оқытушы-профессорлардың міндеті азаяды деген ұғым тумайды. Қайта керісінше бұл жүйе оқытушылардан терең білім- білікті, озық әдістеме мен жауапкершілікті талап етеді. Ӛйткені студенттерді ӛз бетінше ізденуге жетелеу үшін оларға ӛзінше тапсырмалар жүйесі мен жаттығулар, тест сұрақтарын, жоба ӛткізу үлгілерін т.б. толып жатқан жұмыс түрлерін ұсынуға, бағыт-бағдар беруге, кӛмектесуге және ӛздігінен орындайтын жұмыстарының орындалуын қадағалауға, тексеруге сӛйтіп қорытындысын шығаруға тура келеді.

Жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, студенттің оқу жылына арналған білім кеңістігін қалыптастырып, кәсіби маман болып шығуында маңызды роль атқарады. Оқу үрдісін ұйымдастыруға – студенттің белгілі академиялық кезең ішіндегі оқу пәндері бойынша білім алуы мен бақылау іс-шаралары жиынтығы кіреді. Кредиттік оқыту жүйесі

бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру бүкіл оқу кезеңіне білім кеңістігін анықтауда студенттің қатысуын; оқу жоспарында кӛрсетілген пәндердің белгілі бір бӛлігі мен тьюторларды таңдау еркіндігін; академиялық кеңесшілер қызметтерінің енгізілуін (эдвайзерлер және тьюторлар); студенттердің білімін бағалау үшін балдық-рейтингтік жүйенің пайдалануын кӛздейді.

Оқу үдерісі студентке мамандық бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес оқу пәндерінің теориялық материалдары мен кәсіби практикада тәжірибе жинақтауға қажетті жағдай туғызу үшін ұйымдастырылып, кредиттік оқыту жүйесінің мынадай ерекшеліктеріне сай жүргізіледі:

1. Студенттің жеке оқу жоспарын құру тәртібі туралы ереже. Жеке оқу жоспары (Individual Academic Program) - әр студенттің оқу жылына арналған білім кеңістігін айқындайтан басты құжат:



    • студенттің жеке оқу жоспарын құруын офис-тіркеуші мен деканат эдвайзерлер кӛмегімен жүзеге асырады;

    • студенттің жеке оқу жоспары оқу пәніне жазылу нәтижесінде қалыптасады;

    • оқу пәндері міндетті және элективті (таңдау) болып бӛлінеді;

    • студент жеке оқу жоспарын құру барысында типтік оқу жоспарында кӛрсетілген міндетті оқу компоненттерін кӛрсетілген семестрлер бойынша оқуға міндетті;

    • элективті оқу пәндерін болашақ кәсіби мамандығының ерекшелігіне қарай таңдайды;

    • студент жеке оқу жоспарын құру барысында әр оқу пәні бойынша білім беруші тьюторды да таңдау құқығы бар;

    • пән тьюторын таңдау оқытушының білімділігі мен кәсіби шеберлігі, жеке басының адамгершілік қасиеті басты критерий болып табылады;

    • студенттің жеке оқу жоспарын құруы оқу жылына арнап жүргізіледі;

    • әр студент пән таңдау мен тьютор таңдау ӛтінішін ӛзі толтыруы тиіс;

    • студенттің жеке оқу жоспарын құру мерзімі академиялық күнтізбеде кӛрсетіледі;

    • жаңадан қабылданған бірінші курс студенттері үшін жеке оқу жоспарын құру 1 қыркүйекке дейін аяқталуы керек;

    • 2 және жоғары курс студенттері жаңа оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын эдвайзер кӛмегімен 1-15 сәуір аралығында құрып, 25 сәуірге дейін офис-тіркеушіге тапсыруы керек;

    • 2 және жоғары курс студенттері 25 тамызға дейін жеке оқу жоспарына ӛзгеріс енгізе алады;

    • студент жеке оқу жоспарына енгізетін ӛзгертулер туралы ӛтініш офис-регистрацияға (деканатқа) береді.

Қазіргі танда еліміздің кӛпшілік жоғары оқу орындарында жаһандану үрдісінің талаптарына лайық пайдаланылып жүрген жоғарыда кӛрсетілген ереженің мазмұнын талдай келе, кредиттік оқыту жүйесінің кӛздеген мақсаты – ұлттық білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз ету, білім алушылар мен оқытушылардың ынтасын арттырып, күш-жігерін білім сапасын кӛтеруге жұмылдыру деп білеміз. Мұнда басты назар студенттердің білім деңгейін бақылау мен дұрыс бағалауға бағытталған, сонымен қатар студенттерге білім алу траекториясында қойылатын талаптар нақты анықталып кӛрсетілген. Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің білім деңгейін жүйелі тексерумен бағалау мынадай жаңа ережелер бойынша жүзеге асырылады: біріншіден оқу үрдісіне қатаң қадағалау жүйесінің ендірілуінде, ал ол студенттер тарапынан аса үлкен жауапкершілікпен тиянақтылықты, ұқыптылықты талап етеді; екіншіден, бұл бақылау түрі студенттің білім траекториясы бойынша алған білімін әр тақырып бойынша қандай денгейде терең менгере алғандығын кӛрсетеді; ҥшіншіден мұндай бақылау түрі оқытушыға әр студентпен жеке жұмыс істеуге, оған ӛздігінен орындайтын жұмыстарына дер кезінде кӛмек кӛрсетуге, бағыт- бағдар беруге, әрі топпен ұжымдық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік береді; тӛртіншіден оқытушыға студенттерді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан (ойлау, ойын жеткізе білу, сӛйлей білу, ұжымда қарым-қатынас жасай алу қабілетін, мінез құлқын) жан-жақты бақылап, зерттеп білуге кӛмектеседі; бесіншіден студенттердің шығармашылық, жалпы интеллектуалдық қабілетіне, оқитын курсына сай студенттің құзыреттілігіне қарай ықпал етуге мүмкіндік туады; алтыншыдан студенттердің ӛздігінен орындайтын жұмыстарын жиі қадағалауға, ӛзара бақылау, пікір алмастыру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет