ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Дидактика пәні бойынша университеттерге арналған типтік бағдарлама



бет40/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Дидактика пәні бойынша университеттерге арналған типтік бағдарлама


Қазақстанның нарықтық экономикаға кӛшу жағдайында бәсекеге қабілетті, экономикалық ойлауы дамыған, шығармашыл іскерліктер мен дағдыларды игерген, әр түрлі мамандықтарды

игеруге бейім, күрделі ӛмірлік мәселелерді шешуде тез әрі иілгіш бағдарға ие мамандарды даярлау ӛзекті болуда. Сондықтанда ХХІ ғасырдағы ақпараттық қоғамда жас ұрпақты ӛмірге даярлауға байланысты, Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуында жүріп жатқан инновациялық процестер педагог кадрларға қойылатын талаптарды күшейтеді, олардың алдына жаңа күрделі міндеттерді қояды.

Білім берудегі жаңа парадигма педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық тұрғадан қарауды талап етеді. Ал бұл тек педагогикалық құбылыстарды терең теориялық мағыналаудың негізінде ғана жүзеге асады.

Дидактика болашақ мамандарды педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажетті оқыту теориясының қазіргі ғылыми негіздерімен қаруландырады, олардың педагогикалық ойлауын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін және тәжірибелік біліктер мен дағдыларын дамытады.



Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға жалпы орта мектепте оқытудың теориялық негіздерін ашып беріп және оны мектеп тәжірибесінде жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.

«Дидактика» курсының міндеттері:



  • оқыту процесінің әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтарымен,оқыту мазмұнымен таныстырады;

  • оқыту процесінің барысын және нәтижесін шартты анықтайтын тәуелділіктерді ашу;

  • оқытудың жоспарланған мақсаты мен міндеттерін, білім алушының ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер мен ұйымдастыру формалары және құралдарымен таныстыру.

Дидактика курсын оқу бакалаврларға оқытудың гносеологиялық негіздерін, негізгі дидактикалық категорияларды, оқытудың психологиялық - педагогикалық негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді, ӛзіндік педагогикалыӛ кӛзқарастарын қалыптастыруға кӛмектеседі.

Дидактика курсының мазмұнында қазіргі заманғы жалпы орта білім берудің дамуының тенденциялары, оқытудың мәні, білім беру мазмұнын іріктеп алудың принциптері, оқытудың заңдары, заңдылықтары, принциптері, оқытудың әдістері, формалары, құралдары, жалпы орта мектептің білім беру кезеңі, білім

алушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалауды жүзеге асырудың қырлары ашылады.

Студент оқыту процесінің ілгері идеяларын, тұжырымдамаларын, заңдары мен заңдылықтарын білуі керек.



Дидактиканы оқыту барысында студент тӛмендегіні игеруі қажет:

а) оқытудың әдіснамалық негіздерін білу;

ә) дидактиканың категориялары мен түсініктеріне негізделген жетекші педагогикалық теорияларды білу;

б) педагогикалық теориялар мен мектеп тәжірибесінің диалектикалық ӛзара байланысы жӛнінде білу;

в) таным теориясын білу;

г) оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұнын, түрлері мен әдістерін, білім алушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалауды білу;

д) жаңа педагогикалық технологияның мәнін білу;

Студенттің білігі болуы керек:


  1. Сабаққа оқу материалын іріктеп алу.

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

  3. Сабақ жоспарының мәтінін құру білігі.

  4. Білім алушылардың ойлау іс-әрекетін белсендірудің түрлі тәсілдерін меңгеру.

  5. Сабақта білім алқушыларды оқытудың тиімді әдістерін таңдау білігі.

  6. Сабақтың мазмұнын жасау.

  7. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

  8. Оқытудың кӛрнекі, сӛздік, практикалық әдістерін ұтымды пайдалану.

  9. Оқу жұмысының жеке, топтық, жалпы сыныптық формаларын үйлестіру.

  10. Білім алушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді табу және жою.

  11. Оқытудың түрлі формаларын пайдалана білу.

  12. Оқытудың заңдылықтары мен принциптерін, теориялық қағидаларды тәжірибеде іскер қолдану.

  13. Сабақты талдай білу.

  14. Оқу мотивтерін қалыптастыру.

  15. Оқытудың проблемалық технологиясы негізінде педагогиканың сабақтарын құру.

  16. Сабақта реттілікті сақтай білу.

  17. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.

  18. Студент жалпы орта мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың дағдыларын меңгеруі керек.

Курсты оқу, дәріс, семинар, практикалық жұмыстар, студеттердің оқытушымен ӛзіндік жұмыстары (СОӚЖ) процесінде жүзеге асады. Дидактика курсын нәтижелі меңгеру студенттің ӛз бетімен ауқымды жұмысын кӛздейді.

Бакалаврлардың ӛз бетімен жұмысы жеке мәтіндерді бӛліп жазу (конспектілеу), таблица, кесте құрастыру, рецензия мен аннотация жазу, педагогикалық міндеттерді шешуді құрауды кӛздейді.

Дидактиканы оқу тест қабылдаумен аяқталады.

Дидактиканы оқу тӛмендегі педагогикалық пәндермен ӛзара байланысты кӛздейді: педагогика, педагогикалық шеберлік, педагогика тарихы, этнопедагогика.



  1. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Білім беру мазмҧны», «Оқыту ҥрдісінің мәні», «Оқыту ҥрдісінің заңдылықтары және принциптері»


«Білім беру мазмҧны»

Білім беру мазмҧны – педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс- әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық- құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы ӛз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге кӛзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.

Түрлі оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды сараптай келе бұл материалды ұсынудың мынадай нұсқауы берілген. Оқытушы терминге анықтама береді, тарихына, пайда болуына шолу жасалады. Жақсы меңгерту үшін мына фактіні айтуға болады: Ежелгі Грецияда мұғалімді дидаскал деп атаған. Мұғалімдерге арналған нұсқауларда дидактика жайындағы материал берілген. Онда оқытумен қатар, тәрбие мәселелері де айтылған. Кейінірек дидактика тек білім беру мен оқыту мәселелеріне кӛшеді.

Я.А.Коменскийдің «Ұлы Дидактикасынан» кейін оның дифференциалану процесі жүреді. Соңынан бастауышта білім беру

дидактикасы қалыптасады. Оның пайда болуына мына жағдайлар себепші болды:



  1. ХІІІ ғ. басталған ӛндірістің дамуы. Ӛндіріске білімді адамдар қажет болды.

  2. Буржуазия ӛкілдері тек бастауыш мектептерді ашады. 3.Озат қоғам қайраткерлері бастауыш негіздемесін жасайды.

Оқушыларға ӛткен ғасырдың кӛрнекті педагогымен таныстырып, олардың айтқӛан сӛздеріне талдау жасалады. Содан кейін ҚР-ң Білім туралы заңында кӛрстеілген білім берудің міндеттерміен, мемлекеттік құжаттармен танысады. Білім берудің мазмұны сипатталады. Дидактика білімі беру мазмұнында, оқу пәндерінің құрылымында оқытудың түрлі дейңгейіндегі оқу материалын меңгерудің жалпы жолдарын белгілейді. Білім берудің мазмұнының құжаттары оларды қалай оқу керектігін теориялық мәселелерді меңгеруді, қандай жаттығу жұмыстарын, практикалық және лабораториялық жұмыстарды ӛткізуді ұйымдастырады. мұғалім оқыту процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, материалды оқыту сипатына ӛзгерістер, қосымшалар енгізуіне болады. Содан соң оқу бағдарламаларына, жоспарларына мемлекеттік стандартқа сипаттама беріледі. Білім берудің мазмұнының ерекшеліктерінде атап ӛткен жӛн. Кеешенді сипатта, байланыстылығымен, сабақтастығы мамандық таңдау, ғылым негіздерін меңгеру және т.б. Оларды бағдарламадан, оқулықтан басқа материалдардан үзінді келтіруге болады.

Практикалық сабақтарда белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсатын белгілеу, сабақтың үлгісін құру және т.б. тапсырмалар беріледі.



  1. «Оқыту процесінің мәні» тақырыбына сипаттама.

Бұл дидактиканың басты тақырыбы. Оқу материалы негізінен абстрактілі сипатта. Сондықтан оны тереңдете оқушылар мынадай ойда қалуы тиіс: Бұл теориялық тақырып, бірақ дидактика басқа теориялық және қолданбалы сұрақтарын түсінуде аса қажет. Оған қалай қол жеткізуге болады? Ең дұрыс жолы фактілерді келтіру оларды талдау, қорытындылау, жаңа фактілермен бақылау мен бекіту. Ол үшін оқытушы алдын-ала сабақ үзінділерін магнитофонға жазып, сабақтың конспектілерін дайындайды, түрлі кӛрнекілікті (сызбалар, плакаттар) оқу бағдарламаларынан оқулықтардан сабақтың жосапрынан үзінділер қолданады.

Соынмен қатар оқыту процессінің негізгі кезеңдері оқытумен даму сұрақтары ашылады. Тӛменде осы сабақтың үлгі жоспары беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет