ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет42/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасының ″Білім туралы″ заңы . Қазақстан мұғалімі. 25 ақпан 1998.

  3. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Алматы, 1997.

  4. Қазақстан Республика азаматтарының жаңа әлеуметтік- экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан. 1995.

  5. Қазақтан Республикасының білім беру туралы заңы. Егеменді Қазақстан. 18 қаңтар, 1999.

  6. Қазақстан Республикасы конституциясы. Алматы, 1995.

  7. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 12 қыркүйек, 1995.

  8. Мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы.Алматы, 1995.

  9. Қазастан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Алматы , 1994.

  10. Қазақстан Республикасындағы этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1996.

  11. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. - 368 бет.

  12. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  13. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1993.

  14. Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

  15. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

  16. Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

  17. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.

  18. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

  19. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.

  20. 10.Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.

  21. 11.Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997



Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар


  1. Қазіргі мектепте оқытылатын ғылымдарды таңдау критериилерін кӛрсететін кесте құрастыр.

  2. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына талдау жаса.

  3. Оқу жоспарлары типтерінің кестесін құрастыр және жалпы орта мектептің базистік оқу жоспарына талдау жаса.

  4. Ғылым мен оқу пәнінің сәйкестігін сипаттайтын кесте дайында.


Реферат тақырыптары

  1. Қазіргі даму кезеңіндегі қазақстандық мектептердің білім мазмұнының мәселелері.

  2. Жалпы білім беру мазмұнын таңдау принциптері мен критериилері.

  3. Жалпы орта білім беру мазмұны.

  4. ҚР «Білім туралы» заңы.

  5. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білімнің ӛзара байланысы.


Тақырыбы: Оқыту процесінің мәні

Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқыту процесінің мәні туралы жан-жақты мәлімет беру, оқытудың түрлерімен таныстыру. Студенттердің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі жӛнінде алған жан-жақты ақпараттарын ӛздерінің оқыту барысында тиімді қолдана білуіне бағыттау.

Сабақтың әдісі: Презентация, түртіп алу, сұрақ-жауап, Т кестесі, шығармашылық тапсырма.

Жоспары:


  1. Оқыту процесінің мәні, оның қызметтері.

  2. Оқытудың түрлері.

  3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеінің ерекшеліктері.

  4. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары.

  5. Кӛрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары.

1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

  1. Ауызша ойлау: Студенттердің тақырып бойынша түсініктерін, пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойылады.

    • Оқыту дегеніміз не? Ассоциация құру.

2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ
  1. Ауызша шолу


Дәрістің 1 және 2 сұрағы лектордың презентациясымен түсіндіріледі.

  1. Оқыту процесінің мәні, оның қызметтері.

  2. Оқытудың тҥрлері.

Слайд 1. Оқыту – қоғамдық қатынастарды, қоғамдық сананы, мәдениетті және ӛнімді еңбек тәжірибесін, қоршаған ортаны белсенді ӛзгерту және қорғау туралы білімді ересектерің мақсатты бағытталған, ұйымдасқан, жүйелі түрде беруі және оны ӛсіп келе жатқан ұрпақтың меңгеруі. Ол ұрпақтың сабақтастығын, қоғамның толықтай қызмет етуін және тұлғаның дамуының сәйкесті деңгейін қамтамасыз етеді. Оқыту процесінде оқушылар адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесінен белгілі бір жақтарын меңгереді: идеологияны,саясатты, ғылымды, мораль, еңбек, әдебиет және ӛнер, жалпы және денелік мәдениетті. Оқыту тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының негізін салады.

Оқытудың ғылыми танымнан айырмашылығы бар. Ғылыми зерттеу адамзатқа белгісіз білімді ашып берсе, оқушы адамзатқа белгілі тек ӛзіне белгісіз білімдер жүейсін меңгереді.

Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті ретінде екі ӛзара байланысты процеске бӛлінеді: сабақ беру мұғалімнің іс- әрекеті ретінде және оқу оқушының іс-әрекеті ретінде. Мұғалім қоғамның мүддесін кӛздейді, ол оқушы меңгеруге тиісті адамзаттың тәжірибесін ӛзінде алып жүргенге іспетті. Сабақ беру бірнеше жақтың қосындысы болады: мұғалімнің ӛз пәнін білуі, оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыра білу іскерлігі, қазіргі оқыту әдістерін білуі, оқушының танымдық мүмкіншілігін, оның ақыл-ой дамуының терең түсінуін, шәкірттің тұлғалық белгілерін қалыптастырудың жолдарын білуі. Оқу – белсенді танымдық процесс, онда оқушының ақыл-күштері, мінезінің моральдық және еріктік белгілері, тұлғаның белгілері және темпераменті қалыптасып, кӛрініс табады.

Слайд 2. Оқыту ӛзіне үш функцияны енгізеді: білім берушілік

/білімдерді меңгеру процесі, оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру/, дамытушылық /оқушыларды психикалық және денелік дамыту/, тәрбиелеушілік /оқу іс-әрекеті оқушыны тәрбиелейді, онда патриоттық, адамгершілік сапалар, кӛзқарастар, сенімдер, мұраттар, эстетикалық сезім, тәртіптілік, еңбексүйгіштік т.б./.

Оқытудың білім берушілік, дамытушылық және тәриеленушілік функцияларын жүзеге асыру оқушының тұлғасын қалыптастыру процесіне кешенді тұрғыны қамтамасыз етеді.

Слайд 3. Қазіргі мектепте оқытудың 3 түрі қолданылады: түсіндірмелі – иллюстративтік /ТИ/, кейде оны дәстүрлі оқыту деп атайды; проблемалық /Пбо/; бағдарламаланған

/программированное/ /БО/ және оның негізінде дамыған компьютерлік оқыту /КО/.



Тҥсіндірмелі – иллюстративтік оқыту. Мұндай оқытудың негізгі әдісі – түсіндіруді кӛрнекілікпен ұштастыру. Оқушылардың іс-әрекетінің жетекші түрлері – тыңдау және еске сақтау. Басты талап және тиімділігінің кӛрсеткіші – оқығанды қатесіз қайталап айту. Түсіндірмелі – иллюстративтік оқытудың он жақтары: уақыт үнемдейді; оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді; оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Кемшіліктері:

«даяр» білімдерді беруі, оқыту процесін жекелеп және саралап жүргізуге толық жағдай жоқ.



Проблемалық оқыту эвристикалық әдістерді қолдануға негізделген оқытудың бір түрі. Мақсаты – практикалық және теориялық – танымдық сипаттағы проблемдік жағдайларды шешу процесінде эвристикалық іскерліктерді дамыту. Іздеушілік процеске оқушылардың білімдері және талдау іскерліктері қатыстырылып, олар онан әрі белсенділік сипатқа ие болады. Оқу проблемасы күрделі болғанымен оқушылардың оларға әлі жететін болу керек. Проблеманы шешудің кезеңдері: оқу проблемасына кірістіру және оны ұғыну; осы сұрақ бойынша бар білімді талдау, олардың жеткіліксіздігін анықтау, жетіспейтін ақпаратты іздеуге қатыстыру; мәселені шешу үшін әртүрлі тәсілдермен білімді табу; алынған нәтижені тексеру. Проблемалық оқытудың оң жақтары: ӛзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы дербес түрде білімге ие болуы, оқу әрекетіне жоғары қызығушылық, ӛнімді ойлауды дамыту, оқытудың берік және әрекетті нәтижесі. Кемшіліктері:

оқушылардың танымдық әрекетін басқарудың қиындығы, әлсіздігі, қойылған мақсатты орындау үшін кӛп уақыт кетеді.



Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - әрекеттердің

/операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын-ала жоспарланған нәтижеге әкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бӛлек-бӛлек порцияларға бӛлінеді: оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы және оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; әрбір қадам тексерумен аяқталады /сұрақ, тапсырма, т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе кӛмек және қосымша кеңес алады; әрбір оқушы дербес жұмыс істейді және әлі келетін қарқынды оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады және олар оқушының ӛзіне /ішкі кері байланыс/ және мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы және оқушы қиындық кӛргенде кеңес беруші рӛлінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланады: программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары.

Жеке электрондық-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге әкелді. Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет