ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет41/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Тақырыбы: Білім беру мазмҧны


Сабақтың мақсаты: Студенттерді білім мазмұны туралы толық ақпаратпен қаруландыру, ҚР білім мазмұны туралы түсінік беру, Білім мазмұны құрылымы мен принциптеріне толық мәлімет беру.

Жоспары:


  1. Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні..

  2. Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

  4. Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық және оқу құралы.

  5. Оқулыққа қойылатын талаптар.

Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, екі жақты күнделік, презентация

1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
  1. Ауызша сҧрақтар:


    • Білім дегеніміз не?

    • Білім нені қамтиды?

2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ

  1. Топтық жҧмыс: Білім алушылар үш шағын топқа бӛлінеді. Алдарына дәріс, плакат, маркер үлестіріледі. Әрқайсысы бӛлек тапсырма алады.

  1. топ тапрсымасы: «Презентация». Дәріс мәтіні бойынша

«Білім мазмұны тақырыбына презентация даярлайды.

Ҥлестірмелі материал:

  1. Білім (оқыту, оқу ҥрдісі) мазмҧны – жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман ӛндірістері, мәдениет және ӛнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі

табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; ӛмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары кӛрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды.

Сан мыңдаған даму тарихында адамзат ӛте кӛп білім жинақтады. Жасӛспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана ӛркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны ерекше.

Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бӛлініп кӛрініс табады. Оқу пәні бұл – нақты белгілері бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бӛлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы

Білімнің мазмҧны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми- материалистік кӛзқарасы, мінезі қалыптасады.

Білім мазмҧны бұл – бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.

Білім мазмұны кӛптеген нормативті құжаттарда анықталған.

Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны ӛзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.

Осы бағытта Республика кӛлемінде білім мазмұнын жаңартуға байланысты істеліп жатқан кӛптеп саналады. Соардың бірі

«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы».

Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер,

білім мазмұнының құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге келтірілген.

Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту ӛмір талабының обьетивті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі кӛзі болуы тиіс.

Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және оқу пәндерінің кӛбеюіне байланысты пәндердің ӛздері жаңа бӛліктерге бӛліне бастады. Бірақ, қазір оқу пәндерінің одан әрі кӛбеюі және дифференциациялануы (бӛлшектенуі) жағдайды мүлде қиындатуы мүмкін. Соған байланысты әлемдік педагогика оқу пәндерін негізгі идея тӛңірегіне интеграциялауға (біріктіру) кӛшті.

Білім беру мазмҧны – педагогикалық бейімделген

/адаптированная/ білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің мазмұны оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуды қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы ӛз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге кӛзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.

Білім мазмұнының қайнар кӛзі – материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім

/олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі /оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың функциясы жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс- әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі

/оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, ӛз іс- әрекетіне, ӛз-ӛзіне деген эмоционалдық-құндылықтық қатынастың тәжірибесі.


  1. Білім мазмҧнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне тӛмендегілер жатады:

  • ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен кӛрініс табатын ғылымилығы;

  • әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын кӛрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;

  • тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен кӛрініс табуы;

  • жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және ӛзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.

  • мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде ӛмірмен байланыстылық принципі;

  • меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын жүйелерінің оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де ӛте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.

  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын түсініктілік принципі.

Білім мазмҧнын қалыптастырудың ҧстанымдары: бүкіл элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.

Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың негізінде оқу пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:



  1. Формальдік білім беру теориясы бойынша білім алуға баса назар аудармай, оқушыларда қабілетті, ойлауды, қиялды, есті дамытуға күш салу керек болды. Бұл теорияның ӛкілдері пәндерді

екі топқа бӛлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі, әдебиет, математика, жаңа тілдердің грамматикасы; 2) биология, география, физика, химия және т.б.

Формальдық білім беру теориясына сәйкесті Ресейдің, Германияның және т.б. елдердің классикалық гимназияларының оқу жоспарлары құрылды.



  1. Материалдық білім беру теориясы /ХҮІІІғ.аяғы/ білім мазмұнын тандаудың негізгі критериясы ретінде оның пайдалылығын, қоғамның ӛміріне қажеттігін қойды. Материалдық білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын құруға негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға, жаңа шетел тілдеріне, коммерциялық іске кӛп орын берілді.

  1. топ тапрсымасы «Венн диаграммасы. Берілген плакатқа жаңа тақырып бойынша (Білім туралы заң) орта білім беру жүйесі мен кәсіптік білім беру жүйесінің, жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігін, ортақ қасиеттерін Венн диаграммасына салады.





Ҥлестірмелі материал «Білім туралы» Заң

  1. ҚР «Білім туралы» заңында /1999ж./ білім беру мазмұнына жалпы талаптар анықталған, олар мәдениеті ӛркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті.

Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті:

  • дүниеге диалектикалық кӛзқарастың негізі болып саналатын белгілі мӛлшердегі ғылыми білім жүйелерін;

  • ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, ӛзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен

дәстүрлердің қайнар кӛзі болып табылатын рухани адамгершілік байлықты;

ӛздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік кӛрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы ӛмірде ӛз бетімен еңбек етуге дайын болуға.

Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция, әлемдік және ҧлттық мәдениет мҧраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, кӛпкомпонентті, толыққанды оқыту ҥрдісінің шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тҧлғаны қалыптастыру жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді.

Гуманитаризация (латынша humanitarys - адамға қажетті) бұл ол кім немесе кім болғысы келетініне қарамастан барлық адамға қажетті білім, біліктіліктерді меңгертуге бағытталған білім мазмұнының жалпы бағыты. Мысалы, олардың ішінен ана тілін, әдебиетін, тарих, ӛлкетануды атап кӛрсетуге болады.

Білім мазмұнын гуманизациялауға тек қана гуманитарлық емес,сонымен бірге жеке тұлғаны қалыптастыруға кӛп ықпалын тигізетін мектепте оқылатын басқа да пәндерді кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Білім мазмұнын қалыптастыруда адам мен табиғаттың байланысын, адамдар арасында гуманды қарым- қатынасты қалыптастыруда зор ықпалын тигізетін гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің тең болуының, математика, биология, техникалық пәндерді адам жӛніндегі білімдермен толықтырудың маңызы зор.Гуманистік бағыттағы мазмұнды игеру ойлаудың гуманистік типінің, тұлғалық бағытты дүниеге кӛзқарасты қалыптастыруда ӛмірдегі мәселелерге оптимистік кӛзқараспен қарауға тәрбиелейді. Білім мазмұнын гуманизациялауда балалардың ӛзін тануына, ӛз мінез-құлқын реттеуге және ӛз іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгертуге ықпалын тигізетін тілдік және әдебиеттік білімнің, эстетикалық тәрбиенің адамтану курстарының маңызы зор.



Білім мазмҧнын дифференциялауды түрлі топтарды тиімді оқытуға жағдай жасау мақсатында жаңа пәндерді одан әрі

бӛлшектеу емес, керісінше белгілі деңгейде біріктіру деп түсінуге болады.

Әрбір адамның білім мазмұнын игеруде белгілі мақсаттар болады, әрбір баланың қабілеттері, мүкіндіктері, ӛмірлік жоспарлары әртүрлі. Біреулері гуманитарлық профильді таңдаса, енді біреулері жаратылыстану-математика немесе кӛркем суретті таңдайды. Біреулері бір пәнді тереңдетіп оқыса, енді біреулері жай ғана шолып ӛтеді. Білім мазмұнын әрбір деңгейге сай, оқушылардың мүмкіндіктері мен сұраныстарына сай дифференциациялау керек.

Интеграция – жеке оқу пәндерінің, бӛліктерінің арасындағы мәнді байланыстарды анықтау негізінде тұтастың қалыптасу үрдісі және нәтижесі. Интеграцияның мақсаты білім бӛліктерін біріктіру болып табылатын білімді ұйымдастыру үрдісінің негізінде болады. Интеграция түрлі деңгейлерден кӛрініс табады: пәнішілік – жеке оқу пәніндегі негізгі ядро тӛңірегіне білім мазмұнын жинақтау, пәнаралық - ӛзара туыс оқу пәндерінің әдістері немесе ортақ принциптері негізінде.

Қазіргі мектептедегі пәнаралық интеграция негізінде пайда болған интеграцияланған курстардың , жүйеленген білімді, біліктіліктерді, іс-әрекет және ойлау тәсілдерін қалыптастыруда орны ерекше.



Экологизация идеясы қазіргі мектептегі барлық пәндердің білім мазмұнына тікелей қатысы бар. Қазіргі уақытта адамзат бүкіләлемдік эқологиялық катастрофа шегінде тұр. Егер білім мазмұнына оны тоқтату немесе болдырмау идеясын кіргізбесе, егер адамзат мәдениетін табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік ретінде игермесе барлық білім,

біліктіліктердің түкке пайдаға аспай қалуы мүмкін. Соған орай қазір кӛптеген елдерде білім мазмұнын экологизациялау принципі басты орында тұр.

Әлемдік және ұлттық мұраларды мақсатты пайдалану оқыту мақсаты ұлы еліміздің патриотты, азаматты тәрбиелеу мақсатымен бірігетін мектептердегі білім беруді қайта құруды талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мектепте оқытылатын білім кӛлемін жетілдіру үшін интерактивті іс-әрекет тәсілдерін, динамикалық және кӛрнекі образдық модельдерді пайдалануды , материалды беруді жетілдіруді мақсат тұтады. Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік құралдар атқарады.

Шығармашыл жеке тҧлғаны қалыптастыру бұл толыққанды, кӛпкомпонентті білім мазмұнының және оның негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың нәтижесі.

Білім мазмұнын жасау білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартына негізделеді. ҚР әрбір білім беру деңгейі бойынша білімнің мазмұнына мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары белгіленді. Әрбір пәннің мазмұны екі бӛлімнен тұрады: инвариантты /ӛзгермейтін/ және вариативті бӛліктен, яғни ол жүйелі жанартылып, қайта



  1. топ тапрсымасы «Екі жақты кҥнделік». Берілген плакаттың ортасынан сызып оң жағына бүгінгі тақырып бойынша мәселені сол жағына шешу жолдарын жазу керек.



Мәселе

Шешу жолдары








Ҥлестірмелі материал:

  1. Білім берудің мемлекеттік стандарты базалық оқу жоспарын да қамтылған,ол оқу жылдарына қарай мазмұндық толтыру және оның құрылымы туралы ұғым береді.

Жалпы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар, яғни, оқужоспарлары, оқу бағдарламалары, сонымен бірге оқулықтар және оқу құралдары жасалады.

Жалпы орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқулықтарды түпкілікті жаңарту талап етіледі. Осыған орай, соңғы жылдары, яғни, 1993-1994 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына жаңа пәндер енгізілді. Алдағы уақытта бастауыш сыныптарға да информатиканы енгізу жұмыстары жүргізілмекші.

Жалпы білім беретін мектептердің ӛтпелі базистік оқу жоспарында толық жүктеме екі деңгейге бӛлінеді: тұрақты және жылжымалы.

Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде / бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке мектеп т.с.с. / оқылады.

Жылжымалы бӛлім оқушылардың дербес қабілетін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.

Жылжымалы бӛлім бойынша таңдамалы пәндерге бӛлінген уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі.

Жеке пәнді теориялық және практикалық жағынан тереңдете оқыуға арналған типтік оқу жоспарларының бірнеше түрлерін 1993-1994 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім министрлігі жасаған.Сол жоспарлардың барлығын мектептің ерекшелігін ескере отырып, тереңдете оқитын пәнді педагогикалық ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ұйымдастырады.

Оқу жоспары – бұл мыналарды анықтайтын құжат: оқу жылының ұзақтығын, каникулдердің және тоқсандардың мерзімін; мектепте оқылатын пәндердің толық тізімін; оқу жылына қарай пәндерді бӛлу, әрбір сыныпта оқылатын пәндерге сағат санын болу; әрбір пәнді оқуға аптасына бӛлінген сағат санын. Оқу жоспарында қоғам қабылдаған тәрбие мұраты, белгіленген мақсаттар, білім мазмұнын қалыптастырудың тұжырымдамасы кӛрініс тапқан. Оқу жоспарында екі компонент бӛлінеді: мемлекеттік және ӛңірлік. Базистік оқу жоспары – оқу жоспарының әр түрлі нұсқаларын жасауға мүмкіндік бере отырып, жалпы бағыт болатын жаңа типті құжат.

Кӛптеген елдерде пәндердің арасындағы арақатынас мынадай: гуманитарлық блок 40-46%, жаратылыстану – математикалық 30- 35%, жаратылыстану 7-11%, сауықтыру-еңбектік 16-20%.

Оқу жоспарының негізінде пәндер бойынша оқу бағдарламалары құрылады. Оқу бағдарламасына енетіндер: түсініктеме хат, онда пәнді оқудың мақсаттары, білім мен іскерлікке қойылатын талаптар, ұсынылатын оқытудың формалары мен әдістері т.б.; оқылатын жадығаттардың тақырыптық мазмұны; тақырыптарға бӛлінген сағаттар; білім мазмұнының негізгі элементтерінің тізімі; пәнаралық байланысты жүзеге асырудың нұсқаулары; оқу жабдықтарының және кӛрнекі құралдарының тізімі; ұсынылатын әдебиет тізімі.

Білім беру мазмұны оқу әдебиетінде толық ашылады. Оған жататындар: мектеп оқулықтары, кӛмекші құрал, анықтамалықтар, қосымша оқуға арналған кітаптар, атластар, карталар, есептердің

және жаттығулардың жинақтары, басылған негіздегі дәптерлер және т.б.


  1. Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • оқулықтың жадығаттары қазіргі ғылымның деңгейіне сай болуы керек;

  • оқулықтың мазмұны, тараулардың орналасуы сол пәннің бағдарламасына сай болу керек;

  • оқулықтағы материалдың баяндалуы логикалылығымен, қатарландыруымен ерекшеленеді;

  • оқулыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - теория мен практиканың байланысы ұстанымын үнемі жүзеге асырып отыру болып табылады;

  • еске сақтауға тиісті анықтамалар қорытындылар тұжырымдамалар т.б. оқулықта бӛлініп кӛрсетіледі;

  • оқулықтар жақсы безендірілуге тиісті, ойластырылған және мұқият таңдалған иллюстрациялармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Оқулыққа қойылатын гигиеналық талаптар: оқу жадығатының дұрыс мӛлшері, әріптерінің анықтығы, шрифтінің размерлері т.б.

Қазіргі жақсы оқулықтар ӛзінде оқулықты /ғылым негіздерін жүйелі баяндау/, жұмыс кітабы, дәптер /сұрақтар, тапсырмалар/, оқу жадығаттарының жинағы, /құжаттар, әдеби мәтіндер/ және анықтамалық /терминологиялық сӛздік, таблицалар т.б./ сияқты ӛзара тығыз байланысты элементтерді ұштастырады.

Оқулықтың оқу құралынан айырмашылығы ол бағдарламаға сәйкес жазылады, ал оқу құралы бағдарламадан тыс жадығаттарды қамтиды. Оқу құралдарына оқулыққа қойылатын талаптарды да қояды.

Дәстүрлі оқулықтармен бірге электрондық оқу жадығаттары пайдалана бастады: видеодискалар, видеокассеталар.



3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС

3. Сӛзжҧмбақ

Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттеріне сӛзжұмбақ құру тапсырылады.



Бақылау сҧрақтары

  1. Білім және оның мазмұны туралы түсінік бер.

  2. Білім мазмұнының кӛздерін ата.

  3. Білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды кӛрсет.

  4. Оқу жоспары дегеніміз не?

  5. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?

  6. Оқулық дегеніміз не?

  7. Оқу құралы дегеніміз не?

  8. Оқулыққа қойылатын талаптарды ата.

  9. Оқу жоспары неше компоненттен тұрады?

  10. Оқу мазмұны неде және қалай кӛрініс табады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет