Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



бет6/13
Дата29.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#12550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Жоспары:


7.1 Таным әдістері – ғылыми зерттеудің құрамдас бөлігі.

7.2 Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін іріктеудің принциптері.

7.3 Зерттеу әдістеріне жалпа сипаттама.
Практикалық сабақтар мазмұны:

7 Байқау және зерттеудің сұрақ әдістері:

Жоспары


  1. Байқау әдісі, оның түрлері

  2. Байқау әдістерін ұйымдастыру және жүргізу

  3. Сұрақ әдістері:

а) әңгіме және анкета алу

ә) сұхбат

б) мектеп құжаттары және оқушы іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу

Әдістемелік ұсыныстар. Зерттеу әдістерін нақты біліп, қолдану жағын қарастырыңыз. Әрбір әдістің мазмұнына, ерекшелігіне көңіл бөліңіз. Әдістерді не үшін қолдандыңыз, күтілетін нәтиже болашақ істің бағытын анықтайтындықтан, сұрақ жай және күрделі болатынын ескеріңіз.

Әрбір әдісті қолдану жолдарына нақтылы мысалдар келтіріп, модельдерін дайындап, ұжымда талқылауға дайындалыңыз.

Әңгімелесу: сұрақтардың байланыстылығын ескере отырып, сұрақ тізбегін дайындау

Анкета:, сұраққа қойылатын талаптарды ескеруе отырып, сұрақтар дайындау. Сұхбат: қажетті ақпараттың мазмұнын анықтау, алғашқы сұрақтар тізбегі мен үлгі сұрақтар тізбегін дайындау; алғашқы сұрақтар тізбегі.

Оқушылар жұмысын зерттеу: жазу жұмыстары, бақылау жұмыстарын, сурет дәптер т.б.
7.1 Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу және дамудың обьективтік заңдылықтарын тану жолдары мен тәсілдері.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді: тәжірибелік-экспериментальдық және теориялық. Екеуінің де бастауы таным теориясы.

«Таным теориясы нақты пайымдаудан басталады» деп жоғарыда атап өттік. Таным теориясы - оқытудың және зерттеудің методологиялық негізі. Тәжірибелік-эксперименталдық әдістердің диапазоны (ауқымы) өте кең. Ол эмпиризмдік (тәжірибелі) фактілер жинақтаудан күрделі теориялық концепцияларды, тұжырымдамаларды іс жүзінде тексеруге дейін қарастырады.

Әрбір зерттеу мәселені анықтаудан басталады. Мәселенің пайда болу сипатына қарамастан, оны талдау, нақтылануы және негізделуі зерттеудің теориялық әдістері көмегімен анықталады.

Теориялық әдістерге салыстырмалы-тарихи талдау, моделдеу, әдебиеттерді талдау, мұрағат материалдары мен құжаттарды талдау, зерттеудің базалық ұғымдарының талдауы, құбылыстардың себептік-салдарлы талдау, болжамдау жатады.

Салыстырмалы-тарихи талдау зерттеушінің әдебиеттермен танысуы, ғылыми монографиялар мен басылымдармен танысуы. Зерттеуші өз мәселесінің даму тарихын, мәселені қарастыру жолдарын салыстырып, талдайды, тұжырымдар мен жалпылама жасайды.

Әр ғылымның өзіне сай зерттейтін әдістері болады. Бұлардың көмегімен ғылымды байыта түсетін, өмір алға тартып отыратын оның міндеттерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізіледі. Біздің қазіргі педагогикалық зерттеудің методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм. Бұл әдістің талаптары бойынша материалдық болмыстың негіздеріне орайластыра отырып, педагогикалық құбылыстарды зерттеу, қандай да болмасын іс-әрекетті, құбылысты немесе тіршілік жағдайларын зерттеу қажеттігін анықтайды.

Диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді. Әр құбылыс өзінің даму барысында зерттелуге тиіс. Зерттеуші осы құбылысқа нендей жаңалық енгізілген және енгізіледі, ескі неге қайта құрылады немесе ығыстырылады дегенді әрқашан да анықтап алуға тиіс.

Бұл әдіс педагогикалық құбылыстардағы сапа өзгерістеріне қадала қарап, санның сапаға өтуінің жағдайларын анықтауды үйретеді. Оқушыларды іскерлікке, дағдыға үйрету, мінез-құлық нормаларын қалыптастырады.

Педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында оның мәселелерін анықтағанда зерттеуші ғылыми ізденістердің екі негізгі бағытына сай деген әдістерді қолданады. Бұл көбінесе көп қол жетпейтін тәжірибе сипатталған ғылыми әдебиеттерге бағыттайды (негізі әдебиеттердің тізімі, аннотациялау, библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы). Мәнжазба жасау және конспектілеу қарастырған әдебиеттің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу, цифр және нақты материалдарды көшіріп алу, цитата келтіру сияқты ғылыми әдебиетпен жұмыс істеудің түрлері пайдаланылады.

Ғылымы педагогикалық іздестірудің екінші жолы, бағыты тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру, оқыту мен тәрбие берудің нақтылы үдерісін ғылыми түсініктермен сипаттау - бұған сайма-сай келетін зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтап береді.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін жеке-жеке тоқталып айтатын болсақ келесідей:

1. Ең көп тараған әдіс – байқау (бақылау)

2. Әңгіме, ерекше бір түрі сұхбат алу.

3. Жазба, графикалық жұмыстары, суреттер, сызбалар, жеке пәндер бойынша дәптерлер.

4. Мектеп құжаттары.

5. Эксперимент: табиғи, лабораториялық эксперимент, ғылыми гипотеза, жасампаз эксперимент.

6. Кибернетикалық, математикалық әдістері, педагогикалық құбылыстарды өлшеу белгілі бір көрсеткіштердің бар немесе жоқ екенін тіркеу, тәртіпке келтіру, ранжирлеу өзінің жіберген қателіктерін, қатыспаған сабақтарының санын т.б. тізімін жасау. Зерттелетін белгі шамасының оның мүмкін боларлық мәндерінің интервалдарымен орайластыру.

7. Тесттер - қазір бізде қолданыла бастады. Қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар сериясы. Статистикалық өңдеу – сандық деректерді, материалдардың нәтижелерін өңдеу.

Кейінгі кезде педагогикалық әдістерге, жаңа ғылыми идеяларды игеру барысында диагностикалық зерттеу әдісі қолданыла бастады. Ол ұстаздық шеберлікті көтеруді қарастырады. Бұл әдістемелік жұмыс құрылымын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

Диагностикалық зерттеудің тиімділігі:

1. Оқытушының өз жұмысына өзінің талдау жасауы, артықшылығын екшеп, тәжірибесін түйіндеу;

2. Өз кемшілігін анықтап мұғалім оны жоюдың да жолын іздейді. Ондай мұғалімнің шығармашылық тынысы кеңейіп озат тәжірибелерге ден қоя бастайды.

Диагностикалық зерттеу жұмысы ең алдымен анкеталық сұрақтарға жауап беруден, сол арқылы карта жасалудан басталады.

Анкеталық сұрақтар үш бөлімнен тұрады:

1. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін мұғалімдерге қойылатын талаптар мен міндеттер.

2. Сабақ беру әдісін меңгеру дәрежесін анықтайтын сұрақтар.

3. Тәрбие жұмысын жүргізу үшін әр бөлімде бірнеше параметр.

Ғылым жаңа дәйектермен толыққан жағдайда ғана жан-жақты дами алады. Сонымен қатар, оны жинақтау және пайымдау үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық қағидалардың жиынтығына тәуелді болып келеді.

Қазіргі ғылымтануда әдіснама деп, ең алдымен, ғылыми-танымдық іс-әрекеттік қағидалары, түрлері және тәсілдері туралы ғылымды айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне сипаттама береді: оқыту нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері мен мақсаттары т.б. Осыдан келіп, педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және шындықты өзгерту туралы теориялық қағидалардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Ғылыми педагогикалық зерттеулер тәжірибелік және теориялық сипатта болуы мүмкін. Тәжірибе жұмысы ғылыми ұстанымдарды пайдаланудың неғұрлым тиімді жағдайларын табуға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық эксперимент өмірлік, тәрбиелік қарама-қайшылықтарды қалыптасқан мәселелерді шешуге қатысты ғылыми ұйғарымдар мен болжамдарды тексеруден тұрады.

Ғылыми зерттеудің қағидалары зерттеушілік қызметтің жалпы нормалары болып табылады.

Зерттеу әдістерін іріктеу ұстанымдары төмендегідей:



  • Зерттеудің әртүрлі өзара толықтыратын әдістерін қолдану;

  • Алынатын нәтижелерді қомақты материал негізінде бірнеше рет тексеру және ұзақ бақылау;

  • Зерттеу әдісінің, зерттеу құбылысының зерттеушінің мүмкіндігіне және зерттелінетін мәселеге сәйкестігі;

  • Оқу-тәрбие үрдісіне, зерттеуге қатысушыларға зиян келтіретін, адамгершілік нормаларына қайшы келетін әдістерді қолдануға тыйым салу.

Ғылыми зерттеулер қағидасын негіздеуде іс-әрекеттік, тұлғалық, жүйелілік тұрғыдан қараудың маңызы зор.

Іс-әрекеттік тұрғыдан қарау оқу-тәрбие барысын, іс-әрекеттің барлық негізгі құрамаларын, оның мақсаттарын, себептерін, әрекеттерін, амалдарын, реттеу тәсілдерін, түзетулерін, бақылау және қол жеткен нәтижелерін талдауды біртұтас зерттеуді талап етеді.

Педагогикалық құбылыстарда міндетті түрде тұлғалардың өзара әрекеттері болғандықтан, зерттеулер үшін оқу-тәрбие барысын тұлғалық тұрғыдан да қарау маңызды.

Зерттеулерді тұлғалық тұрғыдан қарап жүргізудің әдіснамалық негізі – тұлғаның қоғамдағы орны, ұжым мен тұлғаның арақатынасы, оны дамытудағы ұжымның алатын орны, тұлғалық жан-жақты, үйлесімді дамуы, тұлғаны тәрбиенің обьекті, әрі субьекті деп қарау жөніндегі ілім.

Педагогикалық зерттеу әдістері мынадай бірнеше топтарға бөлінеді:

Жалпы ғылымы:



Жалпы теориялық:

  • Абстракция және нақтылау;

  • Талдау және жинақтау;

  • Салыстыру;

  • Қарама-қарсы қоюшылық;

  • Индукция және дедукция

әлеуметтік:

  • Анкетілеу;

  • Сұхбат алу;

  • Эксперттік сұрау;

  • Рейтинг;

әлеуметтік-психологиялық

  • Социометрия;

  • Тестілеу;

  • Тренинг,

Математикалық

  • Ранжирлеу;

  • Шкалалау;

  • Корреляция.

Теориялық

  • әдебиеттерді, архив материалдарын құжаттарды, қажет өнімдерді талдау;

  • ұғым- терминологиялық жүйені талдау;

  • болжам құру;

  • ойша эксперимент жүргізу;

  • алдын-ала болжау;

  • модельдеу.

Эмпирикалық

  • бақылау;

  • әңгіме;

  • педагогикалық консилиум;

  • жеке педагогикалық тәжірибені зерттеу;

  • педагогикалық эксперимент (жаһандық, локальдық және микроэксперимент);

  • ғылыми-педагогикалық эксперимент.

Зерттеу әдістері зерттеудің методологиялық негіздемесіне сәйкес таңдалып алынады.

Зерттеу әдістерін таңдауға қойылатын талаптар:



  1. Зерттеудің негізгі идеясын анықтау;

  2. Зерттеу әдістерін қолданудың нақтылы жағдайын ескеру;

  3. Зерттеушінің әдіснама және әдістемені меңгеру деңгейін ескеру.

Зерттеу әдістерін қолдануға қойылатын талаптар:



  1. Әдістерді бір-бірімен байланыстыра қолдану;

  2. Әдіснамалық білімнің жүйесі; жалпы негізі – философия әмбебап әдіс ретінде. Оның заңдары, принциптері, категорияларын зерттеудің стратегиялық және жалпы бағытын анықтайды.

  3. Кез-келген әдіс нақтылы жағдайға, зерттеу мақсатына, міндеттеріне, нысананың ерекшелігіне байланысты модификацияланады.

  4. Әрбір әдісті «басшылыққа ...» алу негізінде қолдану тиімді болады, деректер жинау шаблоны ретінде қолданбау.

Басқа ғылымдарға (физика, математика, химия және т.б ) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер, бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал, педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің обьектісі – баланы тәрбиелеу.

Педагогикалық үдерісте сыртқы факторлар әсер етеді: әлеуметтік және микро ортада кездесетін түрлі жағдайлар.

Осы тұрғыдан қарағанда ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және педагогикалық үдерістіжетілдіру бағытында қолданылуы қажет.

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интер ғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлуі қабылданған.

Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.

Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.

Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

- талдау – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

- абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

Зерттеу үдерісі барысында төмендегідей интер ғылыми әдістер қолданылады:


  • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

  • интерполяция – құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ, осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

  • модельдеу – шынайы түрде бар үдерістер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; ретроспекция – объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;

  • эксперттік бағалау – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

  • декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

  • селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

  • агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

Сонымен, ғылыми-зерттеу әдістері – құбылыстарды зерделеу және ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың (теориялық және эмпирикалық, жалпы ғылыми және нақты ғылымдар) әдістері.

Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық ұстаздардың игілігіне, қызметіне айналуы керек. Сонда ғана ұстаз өз деңгейіне көтеріле алады.

Жоғарыда аталған әдістер тобы педагогикалық құбылыстарды танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады.
Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Зерттеу әдістерінің оқыту, тәрбие әдістерінен айырмашылығы неде?

  2. Зерттеу әдістерін іріктеп алудың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

  3. Әдістердің педагогика ғылымының жалпы мақсаттарына және зерттеулердің нақты міндеттеріне сәйкес келуі шарт па?

  4. Зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз.

  5. Зерттеу әдістерінің түрлерін атаңыз.

  6. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін таңдау талаптары қандай?

  7. Ғылыми педагогикалық зерттеуді жүргізуде басшылыққа алынатын ұстанымдар


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Педагогикалық зерттеу принципін белгіле:

А) материалды саналы меңгерту

В) білімнің беріктілігі

С) үлгі


D) теория мен тәжірибенің байланысы

Е) құбылыстарды өзгеріс, даму үстінде зерттеу.



2. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:

А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық;

В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы;

С) жоспар дайындау, нәтижесі;

D) кезеңдерін анықтау, талдау

Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық



3. Педагогика ғылымның әдіснамасы:

А) таным теориясы

В) білімдер жүйесі

С) зерттеу нәтижесі

D) зерттеу әдістері

Е) қағидалар жүйесі



4. Зерттеу әдістемелерін пайдалану жолдары:

А) дайын зерттеу әдістемесі, оны өңдеу; жаңа зерттеу әдістемені дайындау;

В) пәндерді оқыту әдістемесі;

С) көрнекілік әдістер;

D) ауызша әдістер;

Е) педагогикалық эксперимент

5. Зерттеу әдісін белгіле:

А) педагогикалық эксперимент;

В) түсіндіру;

С) баяндау;

D) үлгі;

Е) көрнекілік.




Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет