Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)



бет2/13
Дата29.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#12550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ұжымдық ғылыми жұмыс.

Ғылыми жұмыс – шығармашылық үрдіс. Ұжымның зерттеу жұмыстары жоспарланады. әрбір зерттеуші өзінің көзқарасын білдіруге құқылы. Зерттеу мәселесін ұжым анықтайды. Ол қажеттіліктен туындайды.

Ұжымда ғылыми жұмысқа жағдай жасалынса, өз идеялары мен алынған деректер туралы талқылауға, пікірлесуге кең орын беріледі. Зерттеу мәселесімен байланысты жоғары оқу орындары (пединститут педуниверситет) білімді жетілдіру институты, ғылыми-әдістемелік орталық немесе ғылыми мекемелермен қарым-қатынас жасалынады.

Зерттеу нәтижесін тәжірибеге енгізуді дұрыс түсініп, оның механизмін білген жөн. Зерттеу жұмыстарының кейбір нәтижелері тезис, мақала, содан кейін қорытынды ретінде кітаптарда, кітапшаларда, монографияларда, одан да көп ықшамдалған жоғары оқу орындарының оқулықтары мен әдістемелік құралдарында беріледі.

Мектеп және жоғары оқу орындарының оқушылар мен студенттерінің ғылыми жұмыспен айналысуы – уақытымыздың өзекті мәселесі. Оларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізілуіне алғашқы бағдарды беру қажеттігі туындайды.

Студенттің іздену-зерттеу қабілетін қалыптастыруға, дамытуға өздерінің пікірлерін жазып, жариялауы зор ықпал етеді. Жарық көрген жарияланымдары арқылы студенттердің өзінің шығармашылық ізденітеріне сенімі қалыптасады, шеберлігі, ойлаудың жинақтап қорыту дағдылары дами түседі.

Студенттердің ғылыми жұмыс жазуға, зерттеуші болуға деген көзқарастары белсенді, ынталы сипатымен байқалады.


  1. Мұғалім – зерттеушіге қойылатын талап:

- кәсіби даярлығының жоғары деңгейде болуы;

- ғылым және тәжірибелік даярлығын ұштастыру;

- өз білімін үнемі жетілдіріп отыру;

- ғылыми ұйымдастыру ұстанымын тәжірибеге қолдана білуі;

Сондай-ақ мынадай қасиеттері болуы тиіс: байқағыштық, ғылымға қызығушылық, танымдық қызығушылығы, ізденімпаздығы, белсенділік, зерттеушілік сипаты, сыншылдық, шығармашылық іздену бағыты, жаңашылдық, адамгершілік, сезгіштік, мақсаткерлік, шешімқабылдай білу қабылеті.


  1. Мұғалім – зерттеуші білуге тиіс: әдіснаманы, логиканы, әдістерді, педагогикалық зерттеудің әдістемесін, қағидаларды, жүйелеу, жалпылау, ғылыми аппараттарды қолдану, ғылыми–әдістемелік материалдар мен ақпараттарды құру, баспадан жарыққа шығаруға дайындау, ғылымды ұйымдастыру негіздері.

  2. Мұғалім – зерттеуші:

Ғылыми үйірмелерінің студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы орны ерекше.

Ғылыми шығармашылық жұмыстың түрлері

Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бірнеше түрлері бар: мәнжазба (реферат), баяндама, бақылау жұмысы, курстық және дипломдық жұмыстар. Олардың тақырыбы көкейкесті, мазмұны қазіргі ғылым талаптарына сай болуы қажет. Бұл жұмыстарды орындау қажетті арнайы әдебиеттерді оқу мен талдауды, осы мәселе жөнінде тәжірибелік тәжірибені қажет етеді.

Реферат (латын refero – айтамын, жеткіземін) – белгілі бір тақырып бойынша ғылыми мазмұндағы қысқаша жазылған еңбек.

Бұл – студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы, мұнда зерттелініп отырған мәселеленің мәні, түрлі көзқарастар мен өзінің жеке пікірі айтылады.

Рефератты бағалауда мынадай шарттар ескерілуі керек:



  • зерттелінген тақырыптың көкейкестілігі;

  • тақырыпқа сай мазмұнның болуы;

  • материалды мұқият, терең өңдеу;

  • қолданылған материалдың дұрыстығы мен толық болуы;

  • рефератты көркемдеудің стандартқа сай болуы.

Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын) - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми-ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттарды төмендегідей типтерге бөлуге болады:



  1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

  2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Баяндама – өзіндік жұмыс түрі, оқу және сабақтан тыс уақыттарда студенттердің зерттеу дағдыларын қалыптастыруына, танымдық қызығушылығын кеңейтуіне, пікір айтуда маңызы үлкен.

Берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады.



Курстық жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытады, педагогикалық ойлауын дамытып, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны тәжірибемен ұштастыра қолданып, қалыптастыру.

М. Р. Дружинин курстық жұмыстың орындалуына мынадай талаптар қояды:



  • курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет;

  • курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс;

  • курстық жұмыс педагогикалық бағытталған, яғни онда бірқатар педагогикалық міндеттер және студенттердің кәсіби дайындығына көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс;

  • курстық жұмыста талқыланатын мәселелер теориялық және ғылыми негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс;

  • курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы логикалық жағынан жүйелі болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығының, ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің, кеңейтілген біліктіліктері мен дағдыларының негізінде жасалады.

Студенттің дипломдық жұмысы толық өз бетінше орындалатындықтан, курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс.

Дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін студентте оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғым қалыптасады.

Қазіргі ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды (тұлғаны) қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, студенттер қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы ақпарат алумен шектелмей, оларды терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын танытатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр.

Ғылымының бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, ауқымды қауырт өсіп отырған қазіргі ғылым-техникалық өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы әрбір шәкірттің танымы мол ізденімпаз болып қалыптасуына тікелей байланысты.

Қазіргі жастар жоғары кәсіби деңгейде даярлығы болуымен қатар, ол өзін қоршаған дүниені ізденімпаздықпен (шығармашылық) танып-білу сатысымен танытуға тиіс.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.

Ғылым обьективті ақиқатқа жетуге бағытталған:



  • заңдылықтарды бейнелеуге бағытталған;

  • алдын ала болжауға арналған;

  • жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны;

  • ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған білім негіздері;

  • негізгі қағидалар мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер;

  • табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми қағидаларға негізделген жүйесі;

  • табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.

Студенттердің ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері ғылыми конференцияларда, бдаяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстар, мерзімді басылымдарда, ғылыми еңбектер жинақтарында мақалалар түрінде беріледі.
1. Сұрақтар мен тапсырмалар
1-тапсырма

Сұрақтарға жауап дайындаңыз:



  1. Ғылым ұғымын сипаттаңыз.

  2. Ғылымның үш құрамдас бөліміне сипаттама беріңіз.

  3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінің нысанасы не?

  4. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінің пәні не?

  5. Ғылым дамуының механизмі не?

  6. Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз.

  7. Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері қандай?


2-тапсырма

Ғылымға үстемдік жүргізуге болмайды, әйтпесе, ол ғылым болудан қалады. (Н. И. Вавилов). мағынасын түсіндіріп беріңіз.


3-тапсырма

Ғылымның өз ұлтына тигізетін пайдасы оны байыта түсетін жаңа білімдердің ауқымымен өлшенеді (Д.К. Максвелл) дегенді қалай түсінесіңдер?


4-тапсырма

Венн диаграммасын қолдану арқылы ғылымдағы таным үрдісі мен студенттердің танымдық үрдісіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.


5-тапсырма

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының түрлері және оның негізгі нәтижелерін сызба түрінде бейнелеңіз.


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. Ғылым дамуының механизмі не?

    1. Оқу

    2. Оқыту

    3. Зерттеу

    4. Білім алу




  1. Ғылым дегеніміз – бұл:

      1. ғылым – адам, табиғат, қоғам жөнінде жаңа білім алуға бағытталған зерттеу әрекетінің сферасы;

      2. тыңдауға, білімді қабылдауға студенттерді әзірлеу;

      3. еңбек етуге керекті білім беру

      4. адамзат қоғамының бай тәжірибесін меңгеру.




  1. Ғылыми-педагогикалық шығармашылық дегеніміз не?

    1. білім, іскерлік, дағдыны шығармашылықпен меңгеру

    2. оқыту әдістемесін меңгеруі

    3. пәнін жетік білуі

    4. педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамытуға арналған құнды жаңа педагогикалық білімді іздестіру және оны алу.




  1. Педагогикалық зерттеулерге қойылатын талап:

    1. ғылымда жинақталған білімдерді білуі

    2. жаңа ғылыми жаңалықтардың өмірге келуі

    3. оқу бағдарламасын терең меңгеру

    4. белгілі бір жағдайда жақсы жұмыс істеу




  1. Ғылымының жекелеген саласы:

    1. театр

    2. педагогика

    3. кітап

    4. өнер

  2. Таным үрдісінің ғылымдағы нысанасы бұл:

    1. белгісіз құбылыстар

    2. өзіндік жұмыс

    3. жаңа материал

    4. дұрыс жауабы жоқ




  1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының түрі:

    1. эксперимент

    2. сауалнама

    3. дипломдық жұмыс

    4. ақпарат




  1. Ғылыми жұмыс – бұл:

    1. бұрын зерттелінген еңбектерге негізделеді

    2. затты тікелей қабылдауға негізделеді

    3. шығармашылық еңбекке негізделеді

    4. дұрыс жауабы жоқ




  1. Зерттеу жұмысының кейбір нәтижелері беріледі:

  1. оқу пәндерінде

  2. сабақта

  3. ғылыми мақалада

  4. дәрісте




  1. Инновация дегеніміз не?

  1. ізгілік

  2. жаңа

  3. дамыту

  4. оң өзгерістер


2-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Жоспары:

2.1 Ғылыми зерттеу, оның стихиялық, эмпирикалық зерттеуден айырмашылығы.

2.2 Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері: әдістемелік, шығармашылық, эмпирикалық.

2.3 Педагогикалық зерттеулерді топтап бөлу.

2.4 Педагогикалық ғылымның әдіснамасы.

2.5 Әдіснамалық білімнің деңгейліктері.

2.6 Педагогикалық зерттеулерді әдіснамалық принциптер тұрғысынан қарау.

2.7 Мұғалімнің әдіснамалақ мәдениеті.

2.8 Педагогикалық зерттеудің құрылымы және логикасы.

2.9 Зерттеулердің негізгі кезеңдері


Практикалық сабақтар мазмұны:

2 Зерттеу мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің басы

Мақсаты: Зерттеу жұмысы мәселені анықтаудан басталғандығын дәлелдеу.

Жоспары


  1. Мәселе (проблема) туралы түсінік.

  2. Мәселенің шығу көздері

  3. Тақырып, оны негіздеу

  4. Тақырыпқа қойылатын талаптар

Тапсырма. Мәселенің шығу көздеріне байланысты, белгіленген қайшылықтың зерттеу тақырыбында бейнеленуіне сүйене отырып, өзіңіздің болашақтағы курстық және дипломдық жұмысыңыздың тақырыбын анықтап, негіздеңіз.

Әдістемелік нұсқау Педагогика, психология сөздіктерінен мәселені (проблеманы) қалай түсіндіретінін анықтап алыңыз. Дәріс материалдарына сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.
2.1 Ғылыми зерттеудің стихиялы-эмпирикалық зерттеуден айырмашылығы

Ғылым аймағындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу таным үдерісінің ерекше формасы екені белгілі. Белгілі бір нысананы мақсатты зерттеуге бағытталады, оның барысында ғылым құралдары мен әдістері қолданылады. Нәтижесінде зерттеу нысаны туралы білім алынады.

Танымның тағы бір формасы – стихиялы-эмпирикалық. Педагогикада танымның осы екі түрінің айырмашылығы нақтылы көрсетіле бермейді. Болашақ мұғалімдердің оның ерекшеліктерін білгендері жөн. Педагог-тәжірибеші алдына арнайы мақсат қоймай-ақ, ғылыми танымның құралдарын қолданбастан зерттеуші жағдайында болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қарастырғанда ғылыми білімді тәжірибелік педагогикалық іс-әрекет процесінде алуға болатындығы алға тартылады. Бірақ бұл тұжырым дұрыс емес. Ғылыми танымдық деген ерекше үдеріс. Ол адамдардың танымдық іс-әрекетінен, таным құралдарынан, оның нысаны мен білімдерінен құрастырылады.

Стихиялы-эмпирикалық білім әруақытта алғашқылардың қатарынан табылады Стихиялы-эмпирикалық білімнің көзі – адамдардың нысаны мен сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттері. Адамдар өз тәжірибесі арқылы осы нысананың қасиеттерін біледі, онымен әрекет жасау жолдарын үйренеді. Стихиялы-эмпирикалық білім адамдардың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделеді. Педагогика саласында стихиялы-эмпирикалық білім көзі халықтық педагогикада ғасырлар бойы тәжірибеден өткен педагогикалық құндылықтар қалдырды. Мысалы, мақал-мәтел, тәрбие ережелері т.б. оларда белгілі бір педагогикалық заңдылықтар бейнеленген. Мұғалім де тәжірибелік педагогикалық үдеріс барысында білімін толықтыра түседі.

Ғылымдағы танымдық іс-әрекетті арнайы дайындығы бар адамдар тобы жүзеге асырады.

Ғылыми-зерттеу танымдық құралдар, ғылыми зерттеу әдістерін өмірге әкеледі және зерттеуде қолданылады, ал стихиялы-эмпирикалық танымда бұл көрінбейді. Мысалы, ғылыми-танымдық құралдарына модельдеу, теория жасау, болжау, эксперименттеу жатады.

Ғылыми танымның стихиялы-эмпирикалық таным үдерісінен ерекшелігінің бірі тәжірибеде кездесетін мәселелерді ғана зерттеумен шектелмей, сонымен қатар, ғылым дамуы барысындағы анықталған мәселелерді де зерттейді. Сондай-ақ ғылыми білімді стихиялы-эмпирикалық білімнен ажырату мақсатында критерийлер дайындалады. Стихиялы-эмпирикалық таным әруақытта табиғи тілмен берілсе, ғылыми білім табиғи тілмен қатар арнайы символикалық және логикалық құралдарды пайдаланады.

Ғылыми танымның стихиялы-эмпирикалық танымнан ерекше айырмашылығы оның жүйелі және мақсатты сипаты, мәселені шешуге бағытталуы.



2.2 Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері әдістемелік, шығармашылық, эмпирикалық болып үшке бөлінеді.

Әдістемелік – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады.

Әдістемелік белгілері:


  • мақсатқа бағыттылығы;

  • нақтылығы;

  • анықтылығы;

  • көлемінің шағындылығы.

Әдістемелер машықтандыру (практикалық) жұмыстарға керекті әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар т.б. беруге бағытталған.

Әдістемелік зерттеу – зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге бағытталған.

Эмпирикалық - педагогика ғылымында жаңа деректер белгіленіп, соның негізінде заңдылықтар анықталады. Практикалық зерттеудің алынған педагогикалық деректерін жинақтау, таңдау, салыстыру, ойша талдау және жинақтау, сандық және сапалық тұрғыдан өңдеу.

Шығармашылық субьекті мәселені өзі талқылап, өзі шешеді. Мәселені шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылыс. Кейбір зерттеушілер шығармашылықты –интуитивтік процесс, екіншілері – алгоритм идеялары, үшіншілері – эвристикалық көрініс ретінде түсіндіреді.

Интуиция – алдын-ала сезу, әрекет нәтижесін білу, алған білімі мен тәжірибе негізінде жаңаны табу, шындықты білу қасиеті.


  • интуиция:

  • орасан зор білім қорының жиналуы;

  • білімді меңгерудегі сезімдік «дайындығы»;

  • стандартты емес тапсырмаларды шешу білігінің нәтижесі ретінде көрінеді.

Алгоритм – берілген мәліметтерді пайдаланып көздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегін көрсететеін ереже. Алгоритм ғылыми ізденісте статистикалық және динамикалық сипаттамаларды талдауда, модельдеуде, зерттеу пәні мен құбылыс жүйесін дұрыс бағалауда қолданылады.

Зерттеуші ғылыми ізденісте өзінің әрекетін жалпы эвристикалық ізденіс ережелерімен сәйкес құрып, мынадай элементтерді енгізеді:



  • педагогикалық жағдайға талдау (диагноз);

  • бастапқы мәліметтерді нәтижемен салыстыра отырып жобалау, болжау;

  • оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру;

  • алынған мәліметтерді бағалау;

  • жаңа міндеттерді қалыптастыру.

Мұндай эвристикалық ойды қалыптастыру үшін ғылыми теориялар, идеялар мен ұстанымдар негізінде жасалатын соңғы ғылыми білім жүйесін игеруі тиіс.

В. Бурцеляның пікірінше, ғылыми-нәтижелі ізденіс мынадай белгілер бойынша сипатталады:



  • ізденімпаздық, шығармашылық;

  • болашақ мамандығына ғылыми тұрғыдан жақындығы;

  • білімін тереңдетуге және жеке дамуына мән беру.

Ғылыми қызығушылық көбінесе ғылыми білікке құмарлық, ғылыми еңбектен қанағат алу немесе «жаңалық ашуға ұмтылуға» байланысты.

Шығармашылық тынымсыз ізденістің нәтижесі. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптасады.

Шығармашылық шаралар (процедура):


  • бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға бейімдеу;

  • таныс жағдайдағы мәселені көре білу;

  • нысананың құрылымын анықтау;

  • шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу;

  • бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану;

Шығармашылық – адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты, белсенді іс-әрекеті.

2.3 Шартты түрде педагогикалық зерттеулерді төрт топқа бөлуге болады.

Олар іргелі, теориялық, қолтаңбалы, экспериментальды болып бөлінеді



Іргелі зерттеу – оқыту мен тәрбие процесінің заңдылықтарын ашу, жаңа құбылыстарды зерттеу, жаңалық ашуға, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталады.

Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып табылады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тәрбие теориясы, мазмұн теориясы, әдістер мен ұйымдастыру нысандарының теориясы және т.с.с құрылады.

Іргелі зерттеулердің тағы бір мақсаты – әлем туралы, оның мәңгілік элементтерімен бірге, жаңа білімді, рухани танымдық құндылықтар туралы жаңа ілімді алу.

Іргелі зерттеулердің құндылық өлшеуіштері – дәлдік, нақтылық, нақты бір білім жүйесіне сәйкестілік.

Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа іргелі заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға және құбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытталады. Бұл жұмыстар негізінен академиялық институттарда және бас жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Іргелі зерттеулердің тікелей нәтижелері көбінесе абстрактілі сипатта болады, әйтсе де келешекте бұл зерттеулердің іс жүзінде қолданылуы көптеген жағдайларда экономикалық тиімділік беретінінін атап өтуге болады. Іргелі зерттеулердің мысалдары ретінде А. Эйнштейннің салыстырымдылық теориясын немесе дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясын келтіруге болады.

Іргелі зерттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір мақсат қоймайтын жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нәтижесі болжамдар, теориялар, әдістер, т.с.с. іргелі зерттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар жасаумен аяқталынуы мүмкін.

Іргелі зерттеулердің нәтижелері тәжірибемен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер құрады. Көбіне олар іргелі зерттеулермен бір кешенде жүргізіледі және олардың нәтижелері іргелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер тәжірибенің нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Алайда мұндай зерттеулердің мәні іргелі зерттеулерден кем болмайды.

Іргелі зерттеулер әдетте абстрактылы сипатқа ие гепотетикалық теориялық схема құрудан басталады. Жекелеген теориялық ережелер тәжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерттеу обьектісінің мәні туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы теориялық түсінік алынады.

Бірақ зерттеудің түпкі мақсаты – нақты білім алу. Келесі кезең –бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару және мән мен мағынаның осы шынайы өмірден нақты көрінісін аңғару. Бұл мәннен мазмұннан құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа апарар жол. Мысалы, «сабақ беру», «оқыту» деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.

Теориялық зерттеу – бұрынғы деректерді түсіндіруге қажетті жалпы педагогикалық заңдылықтар анықталады.

Теория – ойлауда обьективтік табиғи және әлеуметтік шындықты жүйелі және логикалық бірізді қайта жаңғырту. Теорияда обьективтік шындықтың логикасы ұғымдар жүйесінің қатаң бірізділігінен туындайды. Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні теорияда ашылады. Білімдердің жиынтығы ретінде теорияны құру шындықтың қандай да бір болмасын, құбылыстарын зерттеу адамның теориялық іс-әрекетінің мазмұнын құрайды.

Теория – идеялар, көзқарастар жүйесі, адамды қоршаған әлем және оның заңдылықтары ретінде көрініс беретін құбылыс.

Педагогикада териялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні, белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады.

Теориялық зерттеулерде ең бастысы негізгі және қосымша деректерді нақтылайтын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйрету болып есептеледі.

Қолтаңбалы зерттеу – заңдылықтарды пайдалану жолдарын табу. Мақсаты – іргелі зерттеу нәтижелеріндегі зерттеудің қорытындысы негізінде алынған ғылыми білімдерді адам әрекетінде пайдаланудың жолын табу қарастырлады.

Қолданбалы зерттеулер – бұл жұмыстар педагогикалық үдерістің жеке жақтарын терең зерттеуге педагогикалық тәжірибенің жан-жақты заңдылықтарын ашуға бағытталған.

Қолданбалы зерттеулер дегеніміз нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан мәселелерді шешудің жаңа әдістерін анықтайды.

Қолданбалы зерттеулер мақсаты – рухани-танымдық емес, әлеуметтік тапсырысты орындайтын тәжірибелік нәтиже болып табылады. Қолданбалы зерттеулердің құндылық өлшеуіштері – өнім-нәтиженің тұтынушылық сипаттамасы, технологиялық үдерістің техникалық-экономикалық сипаттамалары.

Қолданбалы жұмыстар бұрыннан белгілі әдістерді елеулі түрде жетілдіруге немесе жаңа әдістер құруға тікелей бағытталады, бұл әдістер негізінде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдардан тұрады.

Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер зерттеушіге беріліп қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы педагогикалық тәжірибедегі жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда бар әдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді. Бұл зерттеудің басы. Бұдан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қандай теориялық дәрежеде екендігіне байланысты оның жекеленген элементтерін тексеруге бағытталған эксперимент жүргізілуі мүмкін. Одан соң іс-әрекеттің жобасы (мысалы, оқыту тәсілдерінің жүйесі) жасалады, және осы түпкі нәтиже тәжірибе жұмысының барысында тексеріледі. Бұдан кейін соңғы қорытындылар ұсынылады. Бір жағынан эксперимент, екінші жағынан тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу жұмысының барысында ескеру қажет.



2.4 Философиялық тұрғыдан әдіснама таным және обьективті шынайылықты өзгерту үрдісінің тәсілдері мен жолдары жөніндегі ғылым.

Педагогика ғылымындағы әдіснаманың алатын орны, атқаратын ролі ғылыми зерттеулерде ғана емес, практикалық деңгейде де күн санап өсіп келеді. Оның себептері:



  • ғылымдардың арасындағы нақты шектің жойылуы, обьективті әлемнің кешенді талдаудар арқылы өтуі, бір заттың бірнеше ғылымның зерттеу пәніне айналуы. Әдіснама зерттеулердің ғылыми тұтастығын, жүйелілігін, кәсіби бағытталуын анықтайды;

  • ғылыми зерттеулердегі зерттеу обьектісінің, пәнінің жаңа қырларының ашылуына байланысты әдіснама педагогиканың іргелі мәселелерін шешуге бағыттайды.

  • әлеуметтендіру үрдісінің басымдығына сай педагогиканың әдістемелік жүйелерін жетілдіру үшін әдіснама рөлінің ғылыми зерттеулер үшін де тәжірибелік әдістер үшін де қажеттігі артып отыр. Практикада қолданылып жүрген әр саланың әдіс-тәсілдерін педагогика талаптарына сай өңдеуден өткізу әдіснаманың 1-ші міндеті болса, ересектерге арналған көптеген тәсілдер мен әдістерді студенттің деңгейлеріне сай реттеу әдіснаманың екінші міндеті.

Ғылымның әдіснамасы – адамның әр түрлі теориялық және тәжірибелік әрекетін реттеудің, ұйымдастыру принциптерінің, жолдарының, ережелерінің жүйесі, жалпы осы жүйе туралы ілім.

Ғылыми білім эмпирикалық деректердің жай жиынтығы емес, ол сол деректерді теориялық негіздеу деп түсініледі.

Қазіргі ғылым тануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.

Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттерінің сипаттамасын – оның обьектісін талдау пәнін, зерттеу міндеттерін, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығын береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін, шешу үдерісіндегі қимыл-қозғалыстардың дәйектілігі туралы түсінікті қалыптастырады. Осыған байланысты педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған жөн.

Ғылымның әдіснамасы – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның құралдары мен әдістерін, білімді дамыту мен негіздеу тәсілдерін зерттейтін ғылымтану бөлімі. Әдіснамалық мәселелердің жүйеленген шешімі белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құрылатын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі.

Ғылымның әдіснамасы дегеніміз ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Ал, ғылыми танымның әдіснамасы – ғылыми-зерттеу әрекетінің принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде, арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г. В. Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснамасының пәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі педагогикалық білімдер жүйесін (Ф. Ф. Королев) зерттеу үдерісі екендігі анықталған.

Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогикалық категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы-терминдік жүйесі жатады.

Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау «білетін туралы білім» береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, «білетін туралы білім», яғни, педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г. В. Воробьев, В. И. Журавлев).

Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәні, заңдылықтары, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасы, педагогикалық үдерісте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым, ұжымның тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пән аралық және ғылым аралық байланыстарын дифференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог-зерттеушілер мен практиктердің зерттеу үдерісін ұйымдастыруы оңтайлы шешілуі мүмкін.

Педагогика әдіснамасы дегеніміз не? Осыған тоқталайық.


  • біріншіден, ол әрқашанда өзгеріп отыратын педагогикалық шығармашылықтың алынатын ғылыми білімдер әдістерін анықтайды (М. А. Данилов);

  • екіншіден, ғылыми-зерттеу мақсатына жеткізетін бағыттар мен негізгі жолды анықтайды (П.В.Коппин);

  • үшіншіден, зерттеліп жатқан процесс пен құбылыс туралы ақпараттың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин);

  • төртіншіден, педагогика теориясының қорына жаңа ақпаратты енгізуге көмектеседі (Ф.Ф.Королев);

  • бесіншіден, педагогика ғылымындағы түсініктер мен терминдерді түсіндіреді, жинақтап қорытындылайды және жүйелейді (В.Е.Гмурмин);

  • алтыншы, ғылыми танымның обьективті және логикалық, аналитикалық құралдарына сүйенетін жүйелік ақпарат құрады (М.Н:Скаткин).

Педагогикалық әдіснама – жалпы әдіснама негізінде құрастырылған педагогикалық білім туралы, білім алу үдерісі мен оны іс-тәжірибеде қолдану туралы ілім.

Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістердізерттейді. Педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды жүйеге келтіреді.

Педагогикалық әдіснама (В.И.Журавлев) «Педагогикалық шындықты, ақиқатты тану мен қайта құрудың принциптерін, әдістері, нысандары мен рәсімдері туралы ілім». Әдіснаманы бұдан да кең мағынада нақты ғылымдағы танымның ғылыми әдістерінің жиынтығы немесе жалпы алғанда ғылыми әдіс туралы деп түсінеді.

«Әдіснаманың» осындай анықталған қызметтері бойынша, педагогиканың әдіснамасы – зерттеу әдіснамасының, мазмұнының, мақсатының концептуалды баяндалуы. Мұндай баяндамалар арқылы педагогикалық процестер мен құбылыстар туралы обьективті, дәл, жүйелік ақпарат алуға болады.

Әдіснама термині гректің «әдіс жөніндегі ілім» немесе «әдістер теориясы» деген мағынаны білдіреді. Әдіснама – кең мағынасында алдымен дүниетанымдық көзқарас, дүниетанымдық ұстанымдар, тар мағынасында ғылыми зерттеулердің әдістері жөніндегі ілім.

Әдіснаманың мәнін түсінуде ғалымдар оның негізгі қызметтеріне тоқталады:

Әдіснама – үнемі өзгеріс үстіндегі педагогикалық шынайылықты көрсететін ғылыми білімді алу тәсілдерін, нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жету жолдарын анықтайды (Новиков А. М.), құбылысты немесе үрдісті оқу жөніндегі ақпараттарды алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (Данилов М. А., Скаткин М. Н.). Әдіснама – (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).

Әдіснама – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (философиялық энциклопедия сөздігі).

Әдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы; 2) теориялық (танымдық) және тәжірибелік-өзгертушілік әрекетті ұйымдастыру мен құру тәсілдері принциптерінің жүйесі. Әдіснаманың жалпы танымдық іс-әрекет процесін зерттейтін таным теориясынан ерекшелігі – ол шынайы және тәжірибелік тұрғыдан тиімді білімге жету әдістері мен жолдарына баса назар аударады. Егер теория таным процесінің нәтижесі болса, әдіснама осы білімге қол жеткізу мен оны құру тәсілі болып табылады.

Берілген анықтамалар педагогика әдіснамасы бұл зерттеудің әдістерін, мазмұнын, мақсатын мазмұндау тұжырымдамасы деген қорытындыға әкеледі (Құдайбергенова К.С.).

Әдіснама нақты ұйымдастыру, тәсілдер жиынтығын құрайтын әдіс емес, әдіснама зерттелетін нысананың, пәннің нақты анықтамасы арқылы қойылған мәселеге қай қырынан, қай бұрышынан келу керектігін қарастырады.

Әдіснама философиялық, жалпығылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевский, В. А. Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.



Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырлады.

Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.

Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайылықты көрсететін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмыстарының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.

Әдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оның бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.

Чехтың педагог-зерттеушісі Яна Скалкова былай деп тұжырымдайды: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы туралы білім беру жүйесін ұсынады». Мұндай педагогика әдіснамасының ұсынысы толық бола алмайды. Мәнін ашып түсіндіру үшін педагогика әдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл бөлуіміз керек.

М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы мынадай: «Педагогика әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, оның негіздемесі мен құрылымы туралы, білім алудың тәсілдері мен әдістерінің принциптері туралы білімдер жүйесі».

В. И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына көбірек жуықтайды: «Педагогикалық әдіснама – ғылыми-техникалық зерттеудің бастапқы (басты) ережелер, құрылымы, функциялары және әдістері туралы ілім».

Әдіснаманы түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын талдай келіп А. М. Новиков былай деп жазды: «Әдіснама дегеніміз іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім». Мұндай анықтама әдіснаманың пәнін іс-әрекетті ұйымдастыруды заңдастырады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас жүйеге келтіру деген сөз.

Логикалық құрылым: субьект, обьект, пән, нысандар, құралдар, қызмет әдістері, оның нәтижелері сияқты көптеген компоненттерді қамтиды.

Қазіргі ғылымтануда әдіснаманы ең алдымен, ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттерінің сипаттамасын – оның обьектісін талдау пәнін, зерттеу міндеттерін, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығын береді, сондай-ақ зерттеу міндеттерін шешу үдерісіндегі қимыл-қозғалыстардың дәйектілігі туралы түсінікті қалыптастырады. Осыған байланысты педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған жөн.

Г.П. Щедровицкийге сенсек, әдіснаманы іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарап, осы заманғы әдіснаманың негіздеу жүйесін құрайтын мынадай үш негізгі функцияны бөле жарып айтуға болады:

1. Іс-әрекеттің философиялық-психологиялық теориясы



    1. Зерттеу әдістерінің немесе күрделі жүйелерді жобалау, іздеу, жоспарлау және мәселелерді жоюға арналған өзгерістерді іске асыру жүйесі туралы ілімді жүйелі түрде талдау.

    2. Ғылымтану, ғылым теориясы. Бірінші кезекте, әдіснамаға ғылымтанудың гносеология (таным теориясы) және семиотика (белгілер туралы ғылым) сияқты тарауларының қатысы бар.

Әдіснама іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қаралатындықтан, ең алдымен іс-әрекет туралы негізгі ұғымдарға жүгіну қажет.

Іс-әрекет – адамның айналадағы өмірмен белсенді қарым-қатынасқа түсуі. Оның барысында адам обьектіге мақсатты түрде әсер етеді және сонысымен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субьект ретінде танылады.

Ғылыми ортада іс-әрекетті түсіндіруде, екі көзқарас, екі тәсіл қалыптасқан: психологиялық (А. Н. Леонтьев) және әдіснамалық (Г. П. Щедровицкий). Оның алғашқысында іс-әрекетті субьект жүзеге асырады деп есептелінеді. Екіншісінде, іс-әрекет, өздігінен алғанда, тұлғаны еліктіріп әкетіп, ұдайы жаңарып отыратын түп негіз болып табылады. Жеке адамға бағдарланған және мәдениетке ден қойған білім беру үдерісі үшін аталған екі көзқарасты біріктірген жөн: яғни оқушының ішкі жан дүние байлығын меңгеруден мәдени-тарихи жетістіктерді игеруге көшуі.

Жүйелік талдау, пәнаралық немесе пәннен жоғары ережелер арқылы ерекшелене отырып, және қолданбалы диалектика ретінде іс-әрекетті саяси, әлеуметтік, экономикалық, техникалық т.с.с сипаттағы мәселелерді шешуге дайындауға, негіздеуге бағытталған күрделі жүйе ретінде қарайды.

Іс-әрекетке жүйелік құрылымдық талдау жасай келіп, Г.П:Щедровицкий: «адам-дамушы іс-әрекет жүйесінің ішіндегі шағын ұйым» деген оғаштау қорытындыға келеді.

Педагогика ғылымның әдіснамасы, біріншіден, жалпы әдіснама ғылымынан туындайды, екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты болады, үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, оларды зерттеу әдістерін қарастырады, төртіншіден, жаңадан алған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне ендірумен анықталады.

Педагогика ғылымының әдіснамалық мәселесін қарастыруда ғалымдардың интеграциялық даму тенденциясын ескеру, зерттеу қажеттілігі күн тәртібінде тұр. Тәрбие мен білім берудің көптеген аспектілерін педагогика ғылымы ғана емес, басқа да бірнеше ғылымдар зерттейді. Бұл жағдайда зерттеу мәселесін, мазмұнын, идеясын, пәнін т.б. ғылыми аппаратын бірлікте, тұтастықта шешу үшін анық, әрі дәл әдіснамалық негіз қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде көптеген әлемдік мәселелерді шешуге педагогика ғылымының да айтарлықтай үлесі бар. Солардың ішінде педагогиканың әдіснамалық педагогиканың ғылым ретіндегі пәнін анықтау басты мәселе. Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани ағартуда жүріп жатқан іргелі жаңарулар сайып келгенде адам проблемасына келіп тіреледі.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері: ғылымның пәні мен сол ғылыми құбылыстардың танымдық логикасын анықтау, жалпы зерттеудің ерекшеліктері, сол ғылым төңірегіндегі зерттеушінің зерттеу жұмысына дайындығы, сын және өзара сын.

Әдіснаманың теориялық жағы: негізгі педагогикалық заңдылықтарды белгілеу (установление), ғылыми ізденістің алғышарттары және дүниеге көзқарастарын анықтау, яғни қандай философиялық, ғылыми-танымдық, биологиялық және психологиялық идеялар негізінде педагогикалық зерттеулер құрылды, күтілген нәтижелер түсіндіріледі және қорытынды жасалады.

Әдіснаманың нормативтік қыры: педагогикалық нысан жалпы ұстанымдар тұрғысынан зерттеу. Зерттеудің жалпы, жеке ғылыми-педагогикалық әдістері мен тәсілдер жүйесін зерттеу.

Ең өзекті әдіснамалық мәселелер:


    1. Педагогикалық іс-әрекеттің, тәрбие мен білім берудің мәнін ашу;

    2. Үздіксіз білім беру мен тәрбиенің диалектикалық байланысы;

    3. Білім беру мазмұнының әлеуметтік, философиялық, психологиялық және педагогикалық негізі;

    4. Педагогикалық тұрғыдан ойлау, оның диалектикасы мен логикасы;

    5. Әлеуметтік-педагогикалық қарама-қайшылықты қозғаушы күш екендігі.

Кез-келген ғылымның әдіснамалық обьектісі бүкіл ғылыми-танымдық іс-әрекет болып табылады.

Ғылыми әдіснаманың пәні – білім, оны іс жүзінде пайдалану әдіс-тәсілі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – білім, тәрбие және жеке тұлға дамуының таным үдерісі.

Педагогиканың әдіснамалық обьектісі – тәрбие, білім және жеке тұлға дамуының танымдық құбылыстары, ал пәні жан-жақты жетілген, ізгілікті, адамгершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің заңдылықтары.

Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты оқу үдерісінің, тәрбиенің, жеке тұлға дамуының обьективті заңдылықтарын анықтау, ашу, оны оқу-тәрбие жұмысында мақсатты түрде, саналы түрде қолдана білу.

Әдіснамалық зерттеу – педагогикалық зерттеулер сапасын арттырудың ұстанымдарын, түсінік құрамы мен әдістерін талдау, педагогика ғылымының даму бағыттары мен оның практикамен байланысын және оның сапасын негіздеу үшін әдіснамалық білімді пайдалану дегенді білдіреді (В.В.Краевский).

Айтылғандарды жинақтай келе, классикаға айналған В. В. Краевскийдің әдіснамаға берген анықтамасымен «әдіснама – педагогикалық теория құрылымы амалдар ұстанымдары және педагогикалық шынайылықты бейнелейтін білімді іздеу тәсілдері, сол секілді қызмет жүйелері бойынша білім алу, бағдарламаларды, логиканы, зерттеу жұмыстарының сапасын негіздеу жөніндегі білім жүйесі» қорытындылаймыз.

В. В. Краевксий анықтамасында, педагогикалық теория жөніндегі білім жүйесімен қоса, зерттеушінің қызметтер жүйесін айқындайды. Демек, әдіснама ғылыми таным саласы ретінде білімдер жүйесі, ғылыми зерттеу қызметтер жүйесі деген екі бағытта қарастыралады. Яғни, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету.




Педагогиканың әдіснамасы (методологиясы)

Педагогикалық білімдер жүйесі (нені зерттейді?)
Педагогиканың пәні
Педагогиканың категориялары (ұғымдары)
Педагогикалық ғылымдар жүйесі, оның салалары, құрылымы мен қызметі, өзге ғылымдармен байланысы.
Педагогикалық ғылымның негізгі даму бағыттары

Ғылыми таным үдерісі (қалай зерттейді? Қалай оқып үйренеді?)
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері және олардың өзара байланысы
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық (іс-тәжірибелік) және теориялық деңгейі

Педагогикалық білімдерді пайдалану, қолдану үдерісі (қалай пайдалану, қолдану керек)
Тәрбиенің мақсаты мен міндетін нақтылау, педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтарын анықтау.
Педагогикалық процестердің принциптерін айқындау, белгілеу. Білім берумен тәрбиелеу мазмұнын белгілеу. Оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру формасын анықтау. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін анықтау.

2.5 Әдіснамалық білім беру студенттердің оқу үдерісіндегі белсенді өзіндік іс-әрекет етуі үшін қажет құрал және шарт әрі алдағы кәсіби қызметінде жүзеге асыратын әрекеттің мақсаты мен нәтижесі.

Студенттердің оқу және зерттеу үдерісіндегі саналы оқу әрекетінің шешуші әдістемесі ретінде қарастырылады. Оны игерген студент:


  • өз іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін біледі;

  • мақсаттарға, шарттарға және пәнге бара-бар әдісті таңдауды, модификациялауды, құрылымдауды және құрастыруды біледі;

  • оны өзінің зерттеу ісіндегі белгілі мақсаттарға пайдалануға даярлығы.

Әдіснамалық білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1. Әдіснамалық білім беру элементтерін меңгеріп оларды тәжірибеде қолдануы қажет.

2. Әдіснамалық білім беру үдерісін студенттердің ғылымды жұмыс құралы ретінде меңгеруімен, дамуымен және қолдануымен тығыз байланыстыру қажет.

3. Студенттерге оқу үдерісіндегі жүйелі әдіснамалық білім беру үшін ғылыми қызметтің негізгі түрлеріне және кәсіби іс-әрекетін одан әрі жетілдіруге бағытталған үнемі артып отыратын талаптар жүйесін дайындау қажет.

Әдіснамалық білім беру мәселелерін шешу үшін:


  • студенттердің тарихи-диалектикалық әдістерді меңгеруге қызығушылығын ояту;

  • студенттерді әр ғылымға тән жалпы және ерекше әдістерді меңгеруге және өзіндік ғылыми қызметінде оларды сабақтастыра қолдануға үйрету;

  • әдіснамалық білім беруді жалпы тәрбие және білім беру үдерісіне бөлмей, шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың кең үдерісіне қосып қарастыру қажет.

Студенттердің белсенділігі мен дербестігін, сол сияқты ғылымға белсенді шығармашылық қатынасын арттыруға қажет басты жағдайлар:

  • студенттердің ғылыми-әдіснамалық білімі;

  • оқытушы мен студенттің оқу мен ғылымда сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлескен қызмет стилін қалыптастыру;

  • студенттердің өзіндік оқуы мен ғылыми әрекетіне деген оң ынтасын (мотивациясын) арттыру.

Э. Г. Юдин әдіснамалық білім құрылымын философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық деңгейлерге жіктейді.

  • Философиялық деңгей мазмұны әдіснаманың жалпы категори ялық құрылысын және танымдық ұстанымдарын құрайды.

Философиялық білім жүйесінің барлығы әдіснамалық қызмет атқарады.

  • Жалпы ғылыми деңгей барлық ғылыми пәндерге тән теориялық тұжырымдарды біріктіреді.

  • Нақты ғылыми деңгей арнайы ғылыми пәндерге қатысты пайдаланылатын зерттеу ұстанымдарының, рәсімдерінің, әдістерінің жиынтығы.

  • Технологиялық деңгейді зерттеу техникасы мен әдістемесі құрайды.

Барлық деңгейлер өзара байланысты белгілі бір жүйеге бағындырылған.

Педагогика әдіснамасының жүзеге асыру аймағы:



  1. Ғылыми-педагогикалық білімдер жүйесі

    • педагогиканың пәні, функциясы және міндеттері;

    • педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі орны;

    • педагогика пәндерінің жалпы және өзіне тән міндеттері;

    • педагогиканың терминологиялық жүйесі.

  2. Педагогикалық құбылыстың ғылыми үрдісі

  • зерттеу әдістерін таңдау мәселелері;

  • зерттеу әдістерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстылығы;

  • сандық және сапалық сипатының мазмұндық және формалық әдістерінің арақатынасы;

  • зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейі;

  • болжаудың әдіснамалық мәселелері.

  1. Педагогикалық тәжірибе білімінің жүзеге асыру аймағы ретінде

  • тәрбие үрдісінің мәнін, заңдылық, заңдарын зерттеу;

  • тәрбиенің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын анықтау;

  • жеке тұлғаны қалыптастыру шарттарын (факторларын) зерттеу және салыстыру;

  • тәрбие үрдісінің қағидаларын, формасын, әдістерін, ұйымдастыру құралдарын жүзеге асыру әдістемесі.

Кез-келген педагогикалық зерттеулерден мынадай әдіснамасының негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

- біріншіден, ғылымның даму деңгейін ескеріп, тәжірибе қажеттілігі, ғалымның және ғылыми ұжымның өзекті және шын әлеуметтік мүмкіндіктерін зерттеу мақсатын анықтау;

- екіншіден, зерттеудегі барлық ішкі және сыртқы, даму және өзіндік даму үдерісін зерттеу. Мысалға, тәрбие – ол қоғам, мектеп, жанұя және бала психологиясы мен бірге дамитын құбылыс; бала – ол өзіндік таным мен дамуға бейім, өзіне әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайларға сай өзгере алатын дамушы жүйе, педагог әрқашанда өзгеретін, дамитын маман, ол өзінің шығармашылыққа қойған мақсаттары арқылы өзгереді;

- үшіншіден, барлық білім беру және тәрбиелеу мәселелері жалпы адам туралы барлық ғылыми негізде талдау: әлеуметтану, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. яғни, педагогика – барлық адамның заманауи білімдерін біріктіретін және адам туралы барлық педагогикалық ғылыми ақпаратты жүйелеп жүзеге асыратын ғылым;

Төртіншіден, зерттеуде жүйелілік, қатынасқа бейімделу (құрылым, құбылыстар мен элементтер байланысы, даму динамикасы, тенденциялар, негізгі талаптары мен ерекшеліктері);


  • бесіншіден, ұжымның және жеке адамның дамуындағы, білім беру мен тәрбие үдерісіндегі қайшылықтарды көрсету және шешу;

  • алтыншыдан, теория мен тәжірибе байланысын құру, ойлар және оларды жүзеге асыру, педагогтардың жаңа ғылыми концепцияларына бейімделуді, жаңа педагогикалық ойлар қалыптастыру.


Әдіснамалық білімнің деңгейлері


Философиялық әдіснама

Жалпы ғылыми әдіснама

Нақты ғылыми әдіснама

Технологиялық әдіснама

- таным принциптері;

- ғылымның категориялық құрылысы



- жалпы ғылыми пәндерде теориялық тұжырымдамалар

- белгілі бір не басқа да ғылыми пәнде қолданылатын зерттеулер мен рәсімдердердің, әдістердің, принциптердің жиынтығы

- зерттеу әдісі мен техникасы, яғни дұрыс эмпирикалық материалды және оның бастапқы өңделген нұсқасын алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиынтығы

Ақиқатты тану мен қайта құру үдерісіне деген дүниетанымдық көзқарастарды айқындай отырып, барлық әдіснамалық білімнің мазмұндық негізін құрайды









Қазіргі ғылымтануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.



2.6 Ғылым дамуының алты негізгі заңдылығын бөліп айтуға болады.

1. Ғылым дамуының қоғамдық-тарихи тәжірибенің қажеттіліктерімен байланыстылығы – бұл ғылым дамуының басты қозғаушы қайнар көзі. Бұл жерде оның жай ғана тәжірибемен, педагогикалық білім беру қажеттіліктерімен емес, атап айтқанда, қоғамдық-тарихи тәжірибенің қажеттіліктерімен тығыз байланысты екенін қадап айтуымыз керек. Әрбір зерттеу тәжірибенің нақты сұраныстарына байланысты жүргізілуі шарт емес, ол ғылым дамуының өзінен бастау алып, мысалы, ғалымның жеке мүддесінен туындауы мүмкін.

2. Ғылым дамуының дербестігі. Тәжірибе ғылымының алдында қаншама нақты міндеттер қойылса да, бұл міндеттерді шешу ғылым белгілі бір деңгейге жеткенде, ақиқатты тану үдерісін дамытуда белгілі бір сатыға көтерілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда көбінесе ғылымнан айтарлықтай жігерлілік пен табандылық талап етіледі, өйткені оның ғылыми көзқарастары, ғылыми негіздемелері қалыптасқан дәстүрлерге, қайсыбір министрліктердің нұсқауларына немесе қолданыстағы нормативтер мен құжаттардың ережелеріне, т.с.с. қайшы келуі мүмкін.

3. Ғылыми теориялардың, идеялар мен ұғымдардың, ғылыми таным әдістерімен құралдардың даму сабақтастығы. Ғылым дамуындағы әрбір неғұрлым жоғарғы саты соның алдындағы сатының негізінде, бұрын жинақталған құндылық атаулының бәрін сақтай отырып тұрғызылады.

4. Ғылымның дамуында ғылымның теориялық негіздерінің, оны ұғындыру мен түсіндіру жүйесінің байсалды (эволюциялық) және қарқынды (революциялық) даму кезеңдерінің ауыспалылығы. Ғылымның эволюциялық дамуы өмірде бар теориялық көзқарастардың шеңберінде жаңа фактілердің, эксперименттік мәліметтердің біртіндеп жинақталу үдерісі, соған байланысты бұрын қабылданған теорияларды, ұғымдар мен принциптерді кеңейту, нақтылау және жеріне жеткізе пысықтау арқылы жүзеге асырылады. Ғылымдағы революция бұрынғы көзқарастардың шеңберіне симайтын жаңа деректердің жинақталуы, жаңа құбылыстардың ашылуы нәтижесінде бұрын қалыптасқан көзқарастарды түбірімен қопарып, қайта құру, ірге қағидаларды қайта қарау басталды. Бірақ мұндай тазару бұған дейінгі білімнің мазмұнына емес, оның жансақ тұстарына бағытталады.

5. Барлық ғылым салаларының іс-әрекеті өзара тығыз байланысты. Осыған орай басқа бір ғылымның әдістері мен тәсілдері арқылы ғылымның бір саласының пәнін зерттеуге болады. Соның нәтижесінде әртүрлі сапалы құбылыстардың мәні мен заңдылықтарын неғұрлым толық және терең ашып көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасалады.

6. Сынның еркіндігі, ғылым мәселелерінің кедергісіз талқылануы, әртүрлі пікірлерін ашық та еркін бой көрсетуі. Табиғаттағы, қоғамдағы және адам бойындағы құбылыстар мен үдерістердің диалектикалық қарама-қайшы сипаты ғылымда бірден және тікелей ашылмайтындықтан, айтысушы түрлі пікірлер мен көзқарастарда зерттеу үдерістерінің тек жекелеген қарама-қайшы жақтары ғана көрініс береді. Осындай күрестің арқасында зерттеу объектілеріне деген әртүрлі көзқарастардың бастапқы бір жақтылылығы ығысады да, бүгінгі күннің шындығына сәйкес келетін бірыңғай көзқарас қалыптасады.

Зерттеудің әдіснамалық принциптері. Кез-келген педагогикалық зерттеу негізгі ережелері мен принциптерінен көрініс табады. Олар:



Педагогикалық құбылыс немесе үдерісті тұтастай игеру принципі. Тұлғаның кез-келген сапасын оқу-тәрбие үдерісінде және жеке тұлғаны қалыптастыруда бірлікте тұтастықпен жүргізу керек, бірақ ғылым заңы бойынша тұтасты бөлікке бөлмей бүтіндей игеруге болмайды. Бұл принцип төмендегіні ұсынады:

- зерттеуде жүйелі қатынасты-максималды қалыптастыру;.

- игеретін құбылыс механизмін ашу;



- тұтас тәрбие барысында игерілетін педагогикалық үдеріс немесе құбылыстың нақты орнын анықтау.

Педагогикалық мәселені игерудегі зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану принципі. Көбінесе дәстүрлі бақылау мен сұхбат тәжірибелік пен эксперименттік жұмыс бірлігінде қолданылады. Зерттеуде 1-2 әдіс қолданған кезде зерттеу жұмыстарының дәл еместігі байқалады. Педагогикалық зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану қағидаларын талап етеді:

  • педагогикалық құбылысты игеруде көп мақсаттылығы;

  • зерттеу жұмысын жүргізуде барлық игеру әдісі;

  • әр түрлі зерттеу әдістері арқылы педагогикалық деректер зерттелінеді;

  • зерттеу нәтижесінде шынайы. "философиялық, логикалық және психологиялық, педагогикалық талдауды талап етеді.

Обьективті принцип - жалпы ғылыми принцип. Бұл педагогикада ең негізгі орынды алады. Субьективизмді жеңудегі ең алдымең өзінің ғылыми нәтижесіне негізделген талап қайта-қайта тексеру болу тиіс. Әсіресе өзінің идеясымен тиянақты қорытындыланады. Оның негізгі талаптары:

- баланы зерттеуде бірнеше әдістермен әр деректерді тексеру; .

- алынған дерек материалдарды тексеру, нақтылау;



- өзін-өзі тексеру, өзінің эмоциясын тексеру, бақылау;

- баланы тәрбиелеу мен оқытудың бірлігі;



Ұжым мен тұлғаны бір мезгілде игеруді зерттеу принципі

Даму өзгерістеріндегі игеруді зерттеу принципі

Кез-келген ғылымда тарихи принцип маңызды

Зерттелгелі отырған мәселе терең қарастыру принципі

- ғылымға сенімді қару мен өте сақ көзбен қараудың үйлесімділігі

Педагогикалық-тиімділік (эфективті) принципі

Культурологиялық принцип мәдениет пен білім беруде оның мазмұнын құрайтын, табиғат, қоғам, әрекет жолдары, эмоциональды-еріктік және адамды қоршаған қоғамға, еңбекке және қарым-қатынасы ретінде көрінеді.

Культурологиялық принцип танымның нақты ғылыми әдіснамасы ретінде өзара байланысқан үш аспектіден тұрады: аксиологиялық, технологиялық, тұлғалық-шығармашылық.



Аксиологиялық (құндылықты) аспект жеке тұлғаның құндылықты бағдарын зерттеп, қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды көздейді.

Технологияылқ аспект мәдениетті адамның іс-әрекетінің арнайы тәсілі деп түсінумен байланысты.

Тұлғалық-шығармашылық аспект индивид пен мәдениеттің объективті байланысымен түсіндіріледі. Ол мәдениет құндылықтары мен жеке тұлға мен шығармашылық іс-әрекетінің байланысын талап етеді.

Полисубъектік принцип адамның мазмұны оның іс-әрекетіне қарағанда жан жақты, бай және күрделілігінен келіп шығады. Осы принцип тұлғалық және іс-әрекеттік принциптермен бірігіп гуманистикалық педагогиканың әдіснамасын құрайды.

Этнопедагогикалық принцип культурологиялық принциптен өзгеріп келіп, сол трансформацияда жалпы адамды, ұлттық және жалқыі бірлікте көрінеді. Ұлттық мәдени білім беру мекемелерінің басыты ерекшелігі осы ортаны зерттеп, қалыптастыру және оның тәрбиелеу мүмкіндіктерін қолдану педагогтың басты міндеті болып саналады.

Антропологиялық принцип адам туралы барлық ғылымдардың деректерін жүйелі пайдалану; адамның тұтас табиғатын, оның мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескере педагогикалық үдерісті құру және жүзеге асыру.

Антропологиялық принципті алғаш рет зерттеген К.Д. Ушинский. Оның пайымдауынша, адам туралы ғылымдарды жүйелі түрде тәрбиелеу пәні ретінде және оларды педагогикалық үдерісті құрастыру мен жүзеге асыруда ескеру қажет деді, өзінің объектісі мен оның пәні туралы мәлімет аз болған кезде, педагогика өзінің зерттелу үдерістерімен басқарудың конструктивті функцияларын атқара алмайды. Антропологиялық принцип педагогиканың психология, әлеуметтану және т.б. сынды ғылымдармен интеграциялауды қажет етеді.

Кез-келген педагогикалық зерттеуде әдіснама принциптерінің сапасы негізінде мыналарды көрсетуге болады:


  1. Ғылым дамуы деңгейінің есебімен зерттеу мақсатын, тәжірибеге деген қажеттілікті, ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың қоғамдық өзекті мүмкіндіктерін анықтайды.

  2. Зерттеудегі барлық үдерістерді меңгеру олардың ішкі мен сыртқы дамуы. Мысалы, тәрбие – дамыту болмысы, қоғамның, мектептің, отбасы мен жас сәбидің өсуіндегі психикасының дамуымен түсіндіріледі. Жас сәбидің даму жүйесі, ол өзін-өзі тану мен дамытуда икемі бар, ішкі және сыртқы мұқтаждықтары мен қабілеттіліктеріне қатысты өзгере алады, ал педагог қойған мақсаттармен және т.б. өз әрекетін өзгертетін, әрқашан әрекет етуші маман болып табылады.

  3. Адам туралы: социология, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. ғылымдардың білім беру мен тәрбие мәселелерін барлық ғылымдар тұрғысынан қарастырады. Мұнда біз педагогиканың қазіргі адамзат білімін біріктіретін және оптималды педагогикалық жүйелерді дамыту қызығушылығында адамзат туралы барлық ғылыми ақпаратты қолданатын ғылым екенін көре аламыз.

  4. Зерттеуде жүйелі келу бағыты (құрылымы, элементтер мен болмыстар ара-қатынасы, олардың бағынушылығы, даму динамикасы, тенденциясы, мәні мен негіздері, факторлары мен шарттары).

  5. Оқыту мен тәрбие үдерісінде, ұжым мен жеке тұлғаның дамуында қарама-қайшылықты анықтау;

  6. Теория мен тәжірибе қатынастарын өңдеу, жаңа ғылыми концепцияларға педагог бағдары, жаңа педагогикалық ойлардың алға шығуы.

Әдіснама дегеніміз ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидаларын қарастырар, зерттеу кезіндегі және нақты ғылымдардың мәселесін шешу теориясы. Қағидалардың ортақ дәрежелері әртүрлі. Тек ортақ қағидалар деп заңдар мен категорияларды айтуға болады. Бұлардың барлығы философиялық негізде, мұнда диалектика ғылыми танымның жалпы әдіснама ретінде қарастырылады.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:



  • педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі обьектив заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;

  • құбылыстарды даму барысын зерттеу;

  • бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

  • зерттеу үдерісінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;

  • даму үдерісін

  • сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;

  • сынақталушыға, білім, тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгершілік, инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері қандай?

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ең басты рөлді теория мен тәжірибенің бірлік принципі атқарады. Тәжірибе – сол шындықтың критерийі немесе басқаның теориялық жағдайы. Теория тәжірибеге жол ашады. Тәжірибе ғылыми теориямен бағытталмағандықтан онда стихияның, міндетті мақсатқа ұмтылушылықтың болмауы қиындық көріп келеді.

Сондықтан да біз психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруда психологиялық-педагогикалық теорияның жетістігімен қатар ең басты тәжірибенің дамуына да көңіл бөлуіміз керек.

Әдіснамалық принциптердің бірі зерттеліп жатқан мәселеге шығармашылық және тарихи тұрғыдан келеді. Мұны диалектиканың барлық күші талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, болашақ мамандарды дайындауда мәселенің шешімін терең зерттеудің қажеті жоқ. Себебі зерттеуші студент шындығында педагогикалық тәжірибеде жаңа жол алуға тырысса, онда ол туындаған мәселені жаңаша шешуі керек.

Зерттеу барысында жаңа фактілерге өзіңнің аргументтік түсіндіруіңді іздеу, күрделі көзқарастарды толықтырып, нақтылау қажет және ғылыми батырлықты көрсетуден қорықпау керек. Бұл батырлық ғылыми негіздемемен байланысуы қажет, себебі психологиялық-педагогикалық зерттеу тірі адамдармен байланысты, ал әрбір қарым-қатынас оны рухани жоғарылатып, байытуы керек.

Зерттеліп жатқан мәселе шешіміне шығармашылық келу психологиялық-педагогикалық болмыстарды, принциптерді объективті қараумен тығыз байланысты.

Психологиялық-педагогикалық зерттеудің табысы көбінесе психологиялық-педагогикалық үдерістер мен болмыстарды жан-жақты игеру принципіне байланысты. Кез келген педагогикалық феномен бөтен болмыстардың көптеген тармақтарымен байланысты. Мысалы, жоғары оқу орындарындағы білім беру үдкрісі - күрделі және динамикалық болмыс, ол үздіксіз көптеген факторлармен байланысты.

Жан-жақтылықтың әдіснамалық принципі педагогикалық үдерістер мен болмыстардың зерттелуіне комплектік тұрғыдан келуді ұсынады. Комплексті келудің ең маңызды талаптарының бірі зерттелуші болмыстың барлық өзара қарым-қатынасын орнату. Оның басқа мәнді талабы зерттеу барысында әр түрлі әдістерді, олардың түрлі-түрлі үйлесімдерінде қолдану. Тәжірибенің көрсетуі бойынша зерттеудің сол не басқа сұрауын қандай да бір универсалды әдістің көмегімен шешуге болмайды.

Зерттеуге психология мен педагогикада комплексті келу талабы басқа ғылымдардың, соның ішінде социологияның, философияның, мәдениеттанудың және осы сынды басқа да ғылымның жетістігіне жол ашады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ең бір әдіснамалық принципі тарихи және логикалық бірлік болып табылады. Объектіні, болмысты тану логикасы, оның дамуына, яғни нақтылап айтқанда оның тарихын көрсетеді. Жеке тұлғаның даму тарихы, мысалы, жеке тұлғаны нақты тануға өзіндік образды шешім болып табылады, ол оны тәрбиелеу мен оқытуда практикалық шешім қабылдай алады. Жеке тұлғаның даму тарихында оның болмысы көрінеді, себебі оның өз тарихы, өмірі, өмірбаяны бар. Зерттеудің әдіснамалық принципі жүйелілікті талап етеді, яғни зерттеуші жүйелі объектіге зерттейді. Ол объектіні игеруде жүйе ретінде қарастыруды ұсынады, оның көптеген анықталған элементтері шығарылады, құрылады, топтастырады.

Жүйелі келу жүйенің құрылымы мен ұйымдастырылуын; оны басқарудағы негізгі принциптерді көрсетеді.



Психологиялық-педагогикалық зерттеуде ең басты әдіснамалық рөлді диалектика категориясы атқарады – олар мәні мен болмысы, себебі мен бірізділігі, қажеттілігі мен кенеттілігі, мүмкіндігі мен шындығы, мазмұны мен формасы және т.б. Олар педагог қолындағы сенімді әдіснамалық құралдар болып табылады. Бұл құралдар болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеуде күрделі мәселелерді жан-жақты және терең шешуге мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның белсенді әрекет принципі зерттеушінің көңілін жеке тұлға танымның белсенді объектісі екеніне бөледі. Әрекеттің жеке тұлғаға әсері үлкен. Әрекетсіз адам болмайды. Жеке тұлғаға психологиялық-педагогикалық әрекеттесу оның әрекетін ескеруі қажет.

Даму принципі психологиялық-педагогикалық болмысты әдеттегі өзгерісте, қозғалыста және ұсыныста қарауды көрсетеді. Психология мен педагогикада даму принципі әдетте екі аспектіде қарастырылады: филогенез және онтогенез.

Филогенез – жеке тұлғаның тарихи дамуының тууынан бастап қазіргі кезді қамтиды;

Онтогенез – нақты адам тұлғасының дамуы. Сонымен қатар, жеке түлғаның әр түрлі компоненттері оның бағыттылығы, сипаты, тұлға сапасының дамуын қарастырады.

Зерттеудің ғылыми психологиялық-педагогикалық әдіснамасы принциптері, олардың әдістерін анықтай отырып, теориялық концепциясы, болжамы ретінде көрінеді.



2.7 Мәдениет – адамды жасампаз, белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал жасайтын қоғамдық, тарихи үдерістің мазмұны, адамзат тарихында жасалған және дамытылған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Құндылық – танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін пайдасы деп танылуы.

Мәдениеттің шын болмысы – адамдардың тікелей іс-әрекетті қарым-қатынасында қалыптасатын және көрінетін, іс-әрекеттің тәсілдерінде, құрал-саймандарында және еңбек нәтижелерінде жүзеге асатын құбылыс.

Мәдениет матреиалды және рухани болып екіге бөлінеді. Алғашқысына өндіргіш күштер мен адамдар еңбек дағдыларының күйі жатады. Екіншісіне, адамды қоғам өмірінің материалдық жағдайымен анықтайтын ағарту ісінің, ғылымның, өнердің және т.б. күйі. Рухани мәдениет белгілі бір дәуірге, халыққа, ұлтқа тән болады. Дегенмен, ол алда өткен ұрпақтар мәдениетіне негізделеді. Демек, құндылықтар шығу тегі мен жеке орындау қызметтеріне қарай даралық, материалдық-әлеуметтік, рухани-әлеуметтік, уақытқа байланысты кешегі, бүгінгі, болашақ деп жіктеледі екен.

Педагогикалық тұрғыдан құндылықтың білімге бағытталуын екі түрлі феномен арқылы көрсетеді: біріншісі, тұлғаның білім жүйесінің сатыларынан өтуі (емтихандардың бағасы, аттестат алу, оқу бітіру, оқуға түсу т.б). екіншісі, құндылыққа бағытталудың ерекше құрылымдық компоненті, оның мазмұндық мәндік сипаттамасының тасымалдаушысы, білімділік идеалы.

Педагогикалық әдебиетке «әдіснамалық мәдениет» ұғымы, ғылыми айналымға өткен ғасырдың 90 жылдарының басында ене бастады.

Әдіснамалық мәдениет педагог-зерттеушінің педагогикалық мәдениетінің негізі ретінде қарастырылады.

Зерттеушілер (В. В. Краевский, В. А. Сластенин, В. Э. Тамарин, Е. В. Бережнова, Ю. В. Сенько т.б.) «әдіснамалық мәдениет» ұғымы мазмұнына мұғалім – тәжірибешінің ғылыми іс-әрекет аппаратын меңгеруін, мақсатын анықтау біліктілігін, ұстанымдарды ұсыну мен әдістерді негіздеуін, операцияларды ой елегінен өткізуін, қалыптастыруын, педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуін, әдіснамалық рефлексияны енгізеді.

Б. С. Гершунский және Н. Д. Никандров әдіснамалық білімнің педагогикадағы мәнін және оның мұғалімнің тәжірибелік қызметіндегі рөлін аша отырып, әдіснамалық білімнің нысанасын нақтылайды:


  • педагогикалық тәжірибені зерттеу жолдары туралы білім, қажетті эмпирикалық деректерді жинастыру;

  • эмпирикалық деректерден теориялық жалпылауға шығу жолдары туралы білім;

  • теориялық ережелерді нақтылы әдістемелік ұсыныстарға аудару туралы білім;

  • ұсыныстарды тәжірибеге енгізу жолдары туралы білім, жоғары сапалы деңгейге жету.

Бұдан шығатын қорытынды, әдіснамалық білімнің мұғалім үшін қажеттілігі айдан айқын.

Педагогиканың әдіснамалық мәдениетінің қалыптасқандығының критерийі:



  • әдіснаманың рөлін сезіну;

  • педагогикалық қызметте шынайы қолдану дерегі;

  • ұстанымдар жүйесін, теориялық, сондай-ақ тәжірибелік іс-әрекетті ұйымдастыру жолдарын сезіну;

  • іс-әрекет жолдарын жүзеге асыру дерегі.

Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті мен педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің айырмашылығын ажырата білу қажет.

Педагог-зерттеуші бүгінгі күнде зерттеу қызметіне қойылатын талаптарды, зерттеуді қай тұрғыдан қарастыру керектігін білуі тиіс.



Әрекет тұрғысынан қарау. Жеке тұлға және адамның даралық ерекшеліктері әрекет барысында көрінеді әрі қалыптасады. Демек педагогикалық құбылыс және үрдістің компоненттерінде де біртұтас логикалық тұрғыдан қарастыру қажет. (қажеттілік, мотивтері, мақсаты, амалдар, операциялар, құралдарды реттеу, бақылау және нәтижені талдау).

Бұл тұрғыдан зерттеуді қарастыру оқу әрекетінің мұғалімнің кәсіби әрекетіне бағытталады. Олардың структурасын қалыптастыру жағдайларын, амалдардың бағыттылық негіздерінің типін анықтауға бағытталады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қасиетін және даралық қабілеттерін қалыптастыруының мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.

Жеке тұлға тұрғысынан қарау. Барлық сыртқы педагогикалық бақылаулардың орны ерекше, ол ішкі жағдайлармен ұштасқаны дұрыс (психикалық және тұлғалық қасиеттер), ол белсенділікке негізделеді( өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік даму, өзіндік ұйымдастыру, өз білімін көтеру, өзіндік реттеу, өзіндік басқару).

Бұл тұрғыдан қарау баланы адам ретінде құндылық қатынастарды қалыптастыруға бағыттайды. Ол адам ретінде қалыптастырудың жағдайын зерттеуге итермелейді, талап етеді. өзін-өзі көрсету, өзіндік даму, өзіндік реттеу, әлеуметтік қорғау, адамның әлеуметтік жағдайға бейімделуін, олардың қоғамдағы интеграциясы.

Жүйелілік тұрғыдан қарау (жүйелілік талап әдісі)

Барлық құбылыс пен үрдістердің өзара байланысуы негізде қарастыруды талап етеді. Педагогикалық құбылыстарды жүйе, қатынас, байланыс, өзара әрекет тұрғысынан қарастыруын қажет етеді.

Байланыс жалпылықты анықтау. Не оларды біріктіреді?

2.8 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы

1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.

2-кезең. Әдіснаманы таңдау – бастапқы тұжырымдама, тірек-теориялық ережелер.

3-кезең. Зерттеу болжамын құру – теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.

4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты - бастапқы зерттеу пәнінің жай-күйін анықтау.

5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.

6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру (өңдеу).

7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.


Құбылысты зерттеу бағдарламасы

  1. Әдіснамалық бөлімі




Мәселені анықтау және негіздеу





Нысан мен зерттеу пәнін анықтау





Зерттеу мақсатын анықтау





Негізгі ұғымдарды логикалық талдау:

    • Қандай бағыттар бойынша;

    • Не туралы;

    • Қалай және қандай түрде ақпарат жинау.




Жұмыс болжамын ұсыну





Зерттеу міндеттерін анықтау





  1. Рәсімдеу (процедура) бөлімі




Зерттеудің бағдарлы жоспарын құру





Деректер жинау және өңдеу әдістерін дайындау




2.9 Зерттеудің негізгі кезеңдері



Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Педагогика әдіснамасына анықтама беріңіз.

    2. Педагогикада методологияны педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған кімдер?

    3. Кез-келген педагогикалық зерттеулерде әдіснама принциптерінің сапасы негізінде нелерді көрсетуге болады?

    4. Методологиялық білім құрылымының деңгейлерін атап көріңіз.


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Ғылыми педагогикалық зерттеу деген не?

А) педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісті, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі;

В) ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын дамыту;

С) ғылыми іс-әрекетті жоспарлау;

D) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелері.
2. Педагогикалық зерттеу принципін белгіле:

А) материалды саналы меңгерту

В) білімнің беріктілігі

С) үлгі


D) теория мен тәжірибенің байланысы

Е) құбылыстарды өзгеріс, даму үстінде зерттеу.


3. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:

А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық;

В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы;

С) жоспар дайындау, нәтижесі;

D) кезеңдерін анықтау, талдау

Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық


4. Педагогика ғылымның әдіснамасы:

А) таным теориясы

В) білімдер жүйесі

С) зерттеу нәтижесі

D)зерттеу әдістері

Е) қағидалар жүйесі



3-тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕСІ МЕН ТАҚЫРЫБЫН АНЫҚТАУ – ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет