Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ



бет5/13
Дата29.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#12550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

6-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

Жоспары:


6.1 Зерттеу жүргізілу кезеңіне сипаттама.

6.2 Зерттелетін үдерістер мен құбылыстардың жағдайын зерттеу және диагностикалау.

6.3 Зерттелінетін үдерістер мен құбылыстардың даму мүмкіндіктерін зерттеу және диагностикалау.

6.4 Жұмыстың ізденушілік, түрлендірушілік кезеңдері.

6.5 Зерттеудің нәтижелерін жүйелеу

6.6 Педагогикалық ұжымның ғылыми зерттеудің нәтижесін тәжірибеге ендіру.

6.7 Ғылыми зерттеу нәтижелерінің көркемделуі

Практикалық сабақтар мазмұны:

6 Теориялық және тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері:

Жоспары


  1. Анализ және синтез әдістерінің мәні

  2. Индукция және дедукция, теориялық ойдың абстрактіліктен нақтылыққа көшуі

  3. Модельдеу және ойша эксперимент

  4. Тарихилық зерттеу принципі

  5. Әдеби көздерді теориялық талдау

  6. Тарихи педагогикалық зерттеулердің бастаулары

Әдістемелік ұсыныстар Тақырыпқа байланысты дәріс материалдарының мазмұнын қайта жаңғыртып, ұғымдардың, әрбір әдістердің ерекшеліктеріне, оны жүргізу жолдарына зейін салыңыз. Талдаудың мазмұнына байланысты бөлінетіндігін ой елегінен өткізіңіз. Талдаудың синтезбен тығыз байланысты болатындығын ескере отырып, талдауға ұмтылыңыз.

Барлық әдістердің жүргізілу моделін дайындап, ұжымда талқылауға дайындалыңыз.



6.1 Зерттеу – 1) ғылыми еңбек; 2) процестер мен құбылыстардың заңдылығы мен қызметін анықтауға бағытталған ғылыми зерттеу; танымдық қызметтің арнайы түрі ретіндегі ғылымға тән жаңа білім өндіру тәсілі. Зерттеудің түрлері:

  • когорттық;

  • лонгитюдті;

  • пәнаралық;

  • монографиялық;

  • ғылыми;

  • панельдік

  • дадалық;

  • мерзімді ұзартылған;

  • психология-педагогикалық

  • социология-педагогикалық

  • теориялық

  • эмпирикалық

Соның ішінде, ғылыми зерттеу дегеніміз қоғамдық маңызды, қайталанбайтын, ерекшелігі бар жаңа ғылыми өнім алуға бағытталған саналы әрекет; обьективтілік, бейнелік, дәлелдік, дәлдігімен сипатталады; нәтижесі ұғымдар, заңдар және теориялар жүйесі түрінде белгілі болады. Оның өзара байланысты деңгейін айырады: эмпирикалық және теориялық.

Ғылыми зерттеу формасында адам әрекетіндегі ортада ғылымға анықтама беріледі. Әртүрлі формадағы педагогикалық болмыстағы қоғамдық сана эмпирикалық танымдағы ғылыми таным, көрнекі образдағы ғылыми таным.

Методологиялық талдау негізінде педагогика ғылымы аймағындағы әрекет қорытындысы төрт белгіде беріледі.


  1. Мақсатқа сипаттама.

Мақсат тәжірибелік немесе танымдық болады. Егер мұғалім сабақты тәжірибелік мақсатқа қойса, бұл эмпирикалық мақсат болады.

Егер ғылыми танымдық мақсат қойылса, бұл педагогика ғылымы негізіндегі танымдық мақсат болады.



  1. Зерттеу объектісі.

Ғылымдағы зерттеу объектісі педагогикалық әрекеттегі білім беруде анықталады. Мысалы, оқыту-тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен оқушыны ізгілендіру қарым-қатынасын қалыптастыру үдерісі.

3. Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер. Ғылыми тәжірибелік жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, яғни эксперимент, бақылау т.б. әдістерді қабылдайды.

4. Терминологиялық бір мәндісі /терминдердің құндылығы/. Бұл заңды процесс. Дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала т.б. Ғылыми жұмыстар шеңберінде негізгі ұғымдар санына дейін анықталып нақтылануы қажет.

Зерттеуші ғылыми жұмыс жазуда педагогикалық зерттеудің сапасын анықтау үшін проблемасын, тақырып өзектілігін, зерттеу объектісін, пәнін, мақсатын, міндетін, болжамын, жаңалықты, тәжірибелік құндылығын анықтау қажет.

Зерттеу жұмысының элементтер құрамының өзара байланысы зерттеу логикасы деп түсіндіріледі.

Зерттеу әдістемесінің негізгі этаптары

Зерттеу әдістемесізерттеу этаптары, оның жүргізілу тәртібін анықтауда зерттеу әдістемесінің құрылымдық элементтерімен байланысқан негізгі идея.

Зерттеу жұмысында алдымен логикалық реттілік болуы қажет.

Бірінші этап: объективті және субъективті факторлардың зерттеу аймағындағы объективті таңдау;

Зерттеу мәселесінде категория, ғылыми жаңалық, оны дәлелдеу қабылданады.

Тақырып – нақты, анық, дәл анықталған өзекті мәселе (проблема).

Объект – зерттеу жұмысы жүргізілетін педагогикалық кеңістік, зерттеудегі кейбір ақпараттардың, теория және практикадағы объективті қасиеттердің байланысының жиынтығы.

Зерттеу пәні – нақты анықталған объектінің әрбір ізденісіндегі ғылыми шекара. Зерттеу пәнінен кейін зерттеудің мақсаты және міндеттері анықталады.

Зерттеу мақсаты – қысқа, дәл анықталып, қалыптасады. Ол зерттеу міндеттерінде дамып, сипатталады.

Бірінші міндет. Анықталған объектінің құрылымы, табиғаты, мәні, әдістемелік негізі, оның ережелерімен тығыз байланысты.

Екінші міндет. Ішкі қарама-қайшылық дамуының динамикасы, зерттеу пәнінің талданған жағдайы.

Үшінші міндет. Эксперименттік тексерудің модельдеу қабілеті.

Төртінші міндет. Зерттеу объектісін басқару проблемасы, тәжірибелік жұмыстың аспектілері, зерттеу үдерісін жетілдіру эффективтілігінің құрамы.
Зерттеудің бірінші этапы

Дедуктивті және инструктивті болжамның әртүрлі деңгейлері ретімен беріледі. Дедуктивті болжамға, зерттеуші белгілі теорияларды қорытындылайды. Болжамның қорытынды тәжірибедегі сапалық, статистикалық жолдары, болжамның қадамдары анықталады. Зерттеу факторларының аралық факторларын зерттеуге жібереді.

Әдістеме – зерттеу нәтижесінің көмегімен интерпретацияны және зерттеу тәсілдерінің реттілігі, қабылданудың жиынтығы.

Зерттеудің екінші этапы

Анықталған құрылымның нақты міндеттерін шешу, оның жеке зерттеу әдістемесін құрастыру.



Оның негізгі компоненттері:

- Барлық әдістеме теориялық-методологиялық бөлігінің, концепцияның /тұжырымдама/ негізінде құрылады.

- Зерттеу параметрлері, белгілері, үдерісі.

- Субординациялық және координациялық байланыс.

- Субординация және координация, қабылданған әдістердің жиынтығы.

- Қабылданған әдістемелердің және әдістердің қолдану реттілігі.

- Зерттеу қорытындысының техникасы.

- Зерттеуді жүзеге асыру үдерісіндегі зерттеушілердің орны, рөлі, құрамы.

Бұл қорытындылар келесі әдістемелік қажеттіліктерге жауап береді:


    • Зерттеудің жан-жақтылығы.

    • Талдаудың логикалық жағдайлары.

    • Қорытындының эмпирикалық материалдарының шектелген жеке реттілігі.

Академик И.Б. Павлов зерттеудегі тұлғаның сапалық негізін көрсетті.

    • Білім берудегі адамгершілік талаптары мен ғылыми танымның төзімділігі;

    • Шыдамдылық;

    • Дайындық жұмысын игеру;

    • Дәлелдерді шыдамдылықпен игеру;

    • Дәлелдерді шығармашылықпен игеру;

    • Ғылымның қатаң талаптарына төзе білу;

    • Ғылымға өмірінің барлығын арқау.

Зерттеудің үшінші этапы

Үшінші этап – тәжірибеде алынған нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Әдебиеттерді көрсету жұмыстары. Ғылыми зерттеудің бөлімдері жауапты істердің және зерттеу материалдарының нәтижесі алынады. Зерттеу материалдарын талдау жұмысындағы жалпы ережелер:

1. Бөлімнің атауы және мазмұны, зерттеу тақырыбының шеңберіне шықпауы және тарау да осы ережелерге сәйкес болуы қажет.

2. Бөлік, тараулар мазмұны, тақырыптары байланысты болуы керек.



Зерттеу материалын талдау жұмысының жалпы ережелері:

1. Жұмыстың барлық логикасы аргументациялық жүйенің, негізгі идеясы мен жоспарының, бөлімдер реттілігінің жазбаша түрлерінен тұрады.

2. Әдебиеттердің тізімін және ақпараттық анықтамалық құрылымы, сілтемелерді тексеру, бірден нақтылау.

3. Ғылыми зерттеу жұмысын көркемдеудегі тәжірибенің көрінісі.

4. Эрудицияның ғылыми образдылығы

Зерттеудің ең соңғы этапы – зерттеу нәтижелерінің көркемделуі. Бұған материалдарды топтастыру, ғылыми деректердің дәл анықтамасы, сараптамасы, факторлар мен қорытындылардың негізінде автордың ғылыми тұжырымдамасының мазмұны. Соңғы этапта зерттеу нәтижелерін көркемдеуден басқа авторлық тұжырымдаманы қорғау кезеңі өтеді. Педагогикалық оқулықтарда және ғылыми практикалық конференцияларда, баяндама, хабарлама, курстық, дипломдық жұмыстар, кандидаттық және докторлық диссертациялар – бұлардың барлығы зерттеу нәтижелерін көркемдеудің комплексті формалары, авторлық идеялардың қорғалуы.

Кез келген деңгейлердегі ғылыми жұмыс – дипломдық жұмыстан диссертацияға дейін бес бөліктен тұрады:

1. Кіріспе – ол тақырып, пән, зерттеу міндеті мен әдістері туралы қысқаша түсінік береді.

2. Жұмыстың негізгі теориялық бөлігі – онда мәселе бойынша әдебиеттер анализін ашады. Бұл бөлігінде мәселе тарихы ашылып, сұрақты зерттеуге байланысты педагогикалық жұмыстың қызықты сипаттамасын береді. Ең алдымен жұмыс тақырыбы қай уақытта пайда болғандығының ретімен немесе идеяның маңыздылығымен қарастырылады.

3. Тәжірибелік немесе эксперименталдық жұмыстың сипаттамасы, сараптамасы. Бұл бөлімге мектептегі тәжірибе алмасу элементтерін қосуы тиіс, бірнеше алынған факторлар мен бірнеше алынған сандық материалдар көрініс табуы қажет. Ғылыми жұмыстағы ең құндысы – бұл жеке қорытындылары мен әдістемелік нұсқауларын, тұтас теориялық концепцияға бірігуі.

4. Қорытындысы. Бұл бөлікте бірінші бөлімдегі мазмұны, қысқаша түрде идея қайталанады. Қорытындысында ең маңыздысы зерттеуші зерттеу мәселесі бойынша еңгізген жаңашылдықта көрсете отырып, келешекке көңіл бөлдіру, келешектегі өзінің ізденісіндегі бағдарламасын белгілеу.

5. Библиография. Оның құрылуы маңызды міндет. Жаңадан бастап жүрген зерттеушілер сілтемелер көрсетуді ұмытып кетіп жатады. Кез келген ғылыми жұмыс ең алдымен маңызды толық теориялық аппарат, фундаментальдық пікірлер және жаңашыл педагогикалық зерттеулер негізіне сүйенеді.

Ғылыми жұмыстарды жазу мен көркемдеу әдістемесінің ерекшеліктерін мына жұмыстардан көруге болады.

Мәнжазба (лат. Reverre – баяндау, хабарлау) – ғылыми еңбектің мазмұнын жазбаша қысқаша жазу немесе ауызша баяндау. Мәнжазба мазмұны мүмкіндігінше көптеген ақпараттан тұрады. Ол жаңа мәліметтерге көп көңіл бөліп, құжатқа деген қатынасының тұтас әрекетін анықтайды. Мәнжазбалар бірінші құжаттар (кітап, журнал, ғылыми еңбектер, жинақтар, есеп беру және т.б.) мен екінші құжаттарда (мәнжазбалық журналдар мен жинақтар ақпараттық карталар, магниттік ленталардағы массивтер және т.б.) болады.

Екінші құжаттарда бірінші құжаттардан алынған не арнайы құралған мәнжазбалар орналасады.

Мәнжазбаның талаптарына сай библиографиялық көрсеткіштері болады, яғни ол мына мәліметтерден тұрады.

- библиографиялық тізімнің атауы;

- мәнжазба атауы;

- мәнжазбаға қатысты тілдердің ақпараттық –іздеу элементтері.

Егер, мәнжазба баяндамалық құжатпен шығарылса, билиографиялық тізімді көрсетпеуге болады.

Мәнжазба атауы баяндамалық құжаттан мына жағдайлар арқылы ерекшеленеді:

- мәнжазба ерекше тілде жазылады және оның атауы да сол тілде жазылады;

- мәнжазба құжат бөліктерінен құралады да, сол берілген бөлімнің атауын мәнжазба тілінде береді;

- құжаттың атауы құжат немесе мәнжазба мазмұнын көрсетпейді, сондықтан мәнжазба тілінде мәнжазбаға жаңа атау беріледі.

Мәнжазба жұмысының негізі баяндаудан басталады. Библиографиялық тізімдегі мәлімет атауы мәтінде қайталанбауы керек. Ешбір артық сөз енгізілмеуі керек (мысалы, «автор бұл мақаланы былай қарастырады ...»). егер тарихи анықтамалар құжаттың негізгі мазмұнын құрамаса, онда олар мәнжазбада келтірілмейді.

Мәнжазба мына жоспар бойынша құрылады:

-тақырып, пәні (обьектісі), өзгешелігі және жұмыстың мақсаты. Мәнжазбада пәннің (обьекті), тақырыптың ерекшелігін жұмыстың мазмұны мен мақсатын аша түсуі үшін нақты көрсету керек.

- Жұмыстың өткізілу әдісі. Эксперименттік емес жұмыстардың мәнжазба құжаттарында оларды өңдеудің өзгешелігі мен мәлімет көздері көрсетіледі.

- Жұмыстың нақты нәтижелері. Мұнда негізгі теориялық, эксперименталдық, суреттелу нәтижелері болады.

- Қорытынды (баға, ұсыныс), бірінші құжаттағы қабылданған және қайтарылған гипотезалар.

- Қолданылу аумағы. Егер құжаттың қандай да бір бөлігі болмаса (әдістері, қорытындысы, қолданылу аймағы), онда баяндаудың реттілігін сақтай отырып, мәнжазбада оны кейінге қалдырады.

Мәнжазбада баяндау материалдары қысқа нақты болуы керек. Синтаксистік құрылымдарды, ғылыми және техникалық құжаттарға қатысты тілдік жүйелерді, күрделі грамматикалық оралымдарды қолдану керек. Сондай-ақ, стандартталған терминолрогияларға сүйеніп, ал бұрын қолданылмаған терминдер мен белгілерді қолданбаған дұрыс.

Мәнжазбада формулалар мынадай жағдайларда келтіріледі:

-мәнжазба мәтінін, формулаларсыз құру мүмкін емес;

Формулалар бірінші құжатта баяндалған жұмыс нәтижелерін бейнелейді.

-формулалар құжатта сипатталған жұмыстың түсінігін шындығында жеңілдетеді.

Мәнжазбаға құжаттың негізгі мазмұнын ашып, мәнжазба көлемін қысқарта түсетін көрнекіліктерді, кескін келтірілген мысалдарды, кітап суреттерді қолдануға болады.

Мәнжазба мәтінінде фамилиялар, мекеме, ұжым, фирма атаулары мен есімдер өз тілдерінде беріледі, кей кезде транслитерацияға ұшыратуға болады. Егер есімдер латын немесе кириллица әріптерімен берілсе, онда жақшаның ішіне түпнұсқасы (оригинал) жазылады.

Мәнжазба көлемі құжат мазмұнымен, мәлімет көлемімен және олардың ғылыми құндылығымен немесе олардың тәжірибелік мәнімен анықталады.

Таспа белгілерінде мәтіннің орта көлемі:

500- белгілер мен қысқа хабарламалар үшін;

1000- көптеген мақалалар, патенттер үшін;

2500- үлкен көлемдегі құжаттар үшін.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогикалық эксперимент ең кем дегенде неше сыныпта жүргізіледі?

  2. Зерттеудің жүргізілу кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

  3. Педагогикалық зерттеудің нәтижесін қалай бағалауға болады деп ойлайсыз?

  4. Зерттеу нәтижелерін жүйелеу, талдау дегенді қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Зерттеу жұмысының ең соңғы құрылымының бөлігін белгіле:

А) баяндама;

В) тезис;

С) педагогикалық сөздік;


D) пайдаланылған әдебиеттер

2. Ғылыми педагогикалық зерттеу деген не?

А) педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі;

В) ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын дамыту;

С) ғылыми іс-әрекетті жоспарлау;

D) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелері.

3. Ғылым - бұл;

А) адам,табиғат, қоғам жөнінде жаңа білім алуға бағытталған зерттеу әрекетінің сферасы;

В) танымның қозғаушы күші;

С) қайта жаңғырту іс-әрекеті;

D) қоғамдық іс-әрекет;

Е) үстірт білімнен терең білімге көшу



4. «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» курсының обьектісін белгіле:

А) ҚР жоғары кәсіби білім беру, жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының талаптарына сай бакалаврды даярлау үдерісі;

В) шығармашылық іс -әрекет;

С) жалпы кәсіби пәндер;

D) мұғалімдерді зертеу іс-әрекетіне бейімдеу;

Е) түрлі хабарламалық көздермен жұмыс істеу



5. Педагогика ғылымның әдіснамасы:

А) таным теориясы

В) білімдер жүйесі

С) зерттеу нәтижесі

D)зерттеу әдістері

Е) қағидалар жүйесі




Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет