Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет11/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020
Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқ тайпалары қоныс аударды. Әлсіреген Түргеш мемлекеті қарлұқтардың қысымынан 756 жылы құлады.



Түргеш қағанатының құлау себептері: Қытай және арабтармен соғыс; Шығыс Түрік қағанаты тарапынан көрсетілген қысым; қара және сары түргештер арасындағы қақтығыс.



Жетісудағы соғдылар. Соғдылардың Жетісуға VI-VIII ғасырларда қоныс аударуының үш түрлі себебі бар. В.В. Бартольд соғдылардың қоныс аударуының негізгі себебі ретінде сауданы атайды. Келесісі Соғды еліндегі тап күресінде жатыр. Билеушінің қысымына шыдай алмаған соғдылық диқандар мен көпестер Жетісуға кетуге мәжбүр болды. Соғдылардың VI-VIII ғасырлардағы Жетісуға қоныс аударуының үшінші себебі Орта Азияны арабтардың жаулап алу әрекетімен байланыстырылады.
Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы VІІ-VIII ғасырлардағы егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Түркі тілді ортаға түскен соғдылар жергілікті тұрғындардың тілін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын қабылдады.
Сөйтіп, соғдылар түркіленіп кетті. Махмұд Қашғари (XI ғасыр) соғдылар арасында түркіше сөйлемейтіндердің болмағандығын жазған.


§ 4. Қарлұқ қағанаты (756-940 жылдар)


Жер аумағы және халқы. Қарлұқтар - Алтай мен Балқаш көлі аралығындағы жерлерді мекендеген көшпелі тайпалар. Ибн әл-Факих (X ғасыр) «олар (қарлұқтар) - көне түркілер» деп жазды.
VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түрік қағанатының ықпалында болды. Біріккен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты. Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».
Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төменгі ағысына қарай ығыстырды.
Қарлұқтардың Жетісуда билік жүргізуі. 756 жылы қарлұқтар түргештерді ығыстырып, Жетісу аумағына өздерінің саяси үстемдігін орнатты.
Шығыс деректерінде: «Қарлұқтар түргештер еліне аттанып, басып алды. Оларды бағындырып, билігін құлатты» деп айтылған. Қарлұқтар ерте феодалдық мемлекет құрды. Ордасы - Суяб қаласы саналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет