Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


IX ғасыр соңында саманилер Таразды



бет13/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020
IX ғасыр соңында саманилер Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты.

Араб басқыншылығы нәтижесінде қағанат әлсіреді, ал Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша, Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты. 200 жылдай өмір сүрген мемлекет тарихы аяқталды.


Жетісуда билік жаңа әулет - қарахандықтарға өтті. Олар ұзақ жылдар бойы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қарлұқ және түргеш тайпаларына билік жүргізді.


§ 5. Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасырдың ортасы)


Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыздар жайлы деректерді ІХ-Х ғасырлардың басындағы араб тіліндегі шығармалардан кездестіреміз. Оғыздарда мемлекет болғандығы туралы әл-Якубидің, географ әл- Факихтің еңбектерінде айтылады. Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректерді Махмұд Қашғари еңбектерінен кездестіреміз.
Орыс жылнамаларында да оғыздар туралы айтылады. Бұл жылнамаларда оғыздар печенегтерге, хазарлар мен Еділ бұлғарларына қарсы бірлескен күреске байланысты торк деп аталған. Оғыз тарихындағы бірқатар оқиғалар «Оғызнама» эпикалық шығармасында баяндалған.
Деректерге қарағанда оғыз тайпалары Жетісу аумағында қалыптасқан. Оғыздар құрамына түркі тілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тектес тайпалар да енген. Түрлі рудан тұратын тайпалар бірігіп, тарих сахнасына оғыз есімімен шықты. Батыс Қазақстан аумағына келгенге дейін оғыздардың Жетісуда Ескі Гузия деп аталатын ордасы болды.
VIII ғасырдың екінші жартысында қарлұқтармен күрес нәтижесінде оғыздар Жетісуды тастап, Сырдария боиы аумағына қоныс аударды. IX ғасырдың басында оғыз көсемдері печенегтерді талқандады. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. IX ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соңғы соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Печенегтермен болған ұзақ күрес оғыздардың IX ғасырда мемлекет құруына ықпал етті. Оғыздардың орталығы Янгикент қаласы Сырдария бойында, көшпелі және отырықшы мәдениет тоғысында орналасты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет