Оқушылардың қауіпсіздігі туралы ескертпе Оқушыларға арналған ережелер осы ереженің мақсаты



бет2/15
Дата09.01.2022
өлшемі61,09 Kb.
#110436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
қауірсіздік ережесі 2021
file-1609 (1)
Оқушылардың сыртқы келбеті.

  • Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

  • Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек. 

  • Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

  • Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

  • Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

  • Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.

1.2 Оқушылар:

  • Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ;

  • Үлкендерге құрметпен қарауға;

  • Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;

  • Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;

  • Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;

  • Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;

  • Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;

  • Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;

  • Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;

  • Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға

МІНДЕТТІ

1.3. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.

1.4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.

1.5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды.

1.6. Оқушыларға:


  • Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;

  • Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;

  • Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге;

 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет