«ОҚушының ойлау белсенділігін арттыру»



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі175,08 Kb.
#13304
1   2

Жұптық жұмыс: Андрон мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстыру
Миға шабуыл (Сұрақтар қою техникасы);

  • 1.Алғашқы адамдар жер бетінде қай уақытта пайда болды? Олардың жануарлардан айырмашылығы неде еді?

  • 2. Тарих ғылымының негізгі дерек көздері қандай?

Топтық жұмыс: кластер құру


Венн диграммасын атқару:

Сақ ұқсастығы Ғұн





Тест тапсырмасы:

1.Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі:

А) б.з.б. 8 мыңжылдыққа тән Ә) б.з.б. 7 мыңжылдыққа тән Б) б.з.б. 6 мыңжылдыққа тән В) б.з.б. 5 мыңжылдыққа тән



2. Неолит кезеңі ең көне тұрақтарының бірі:

А) Қараүңгір Ә) Семізбұғы Б) Батпақ В) Шағалалы



3. Неолит дәуірінде орнаған рулық қатынас:

А) Аталық ру Ә) Аналық ру Б) Тайпалық бірлестік В) Тобырлық қауым



4. Неолиттік дәуірге жататын ұршық басы табылған өңір:

А) Есіл бойынан Ә) Есіл өзені аңғарынан Б)Жайық өзені маңынан В) Тобыл өңірінен



5. «Қыш құмыралар заманы»:

А) неолит Ә) палеолит Б) мезолит В) энеолит



Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей:

А)6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?

құралдары туралы әңгімеле?

ІІ.деңгей:

-А) Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп

ойлайсыңдар?

ІІІ.деңгей:

Б) Мына тұжырымға түсініктеме бер: «Адамды адам қылған-еңбек»


Тағы бір ерекшелігі, күнделікті сабақпен салыстарғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып, жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады.

Тарих сабағында әсіресе тарихи оқиғаларға байланысты, еліміздің тарихында ерекше орын алатын мемлекет қайраткерлеріне (хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ұлттық зиялы қауым өкілдері) байланысты сергіту сәттерін жасау арқылы оқушылардың көңілін сабаққа аудара алсақ, әрі өткен материалдарға шолу жасап алуға да жол ашылады.Өз бетімен істеген әрекеттің деңгейіне байланысты өзіндік жұмыс түрлерін келесі түрде бөліп көрсетуге болады:

-қайталанатын;

-эвристикалық;

-шағармашылық.

Әсіресе шығармашылық тапсырманы тоқсан,жыл соңында жобаны қорғау,оған презентация жасау оқушыларға ұнайды. Бұл жұмысқа шағын 2-3 оқушы дайындап жасайды.

Тарих пәні ауызша пән болғандықтан оқушылардың өз ойларын ортаға салу, дәлелдеу, пікірін ашық айтуға дағдыландыру. Топта жұмыс істесе бір-бірімен сыйластықта болып, жауакершіктері артады, бір-бірін тыңдап, сөйлеу дағдылары қалыптасуын бағыттаймын.

 Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір – бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. Мұғалім сабақта тек қана көпірше бола алады, қолдаушы, демеу, бағыт беруші болады. Материалды жеңіл тілмен, көрнекіліктер пайдаланып, ситуациялық ойындар, практикалық мысалдармен ұштастыра өткізілген сабақ оқушының білім сапасын, олардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін жоғарылататынын байқауға болады.


Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.

Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой – толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Сабақ үстінде қолданылған әдіс-тәсілдер мен ойындар арқылы оқушылар өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік жасайды. Бұл әдіс-тәсілдер тиімділігі мынадай нәтижелерінен  көрінеді.

1.Оқушыны басқа адамның рөліне енгізіп, оның ойын сезімін, іс-әрекетін, мақсаты мен мәнін түсінуге көмектеседі.

2.Оқушының сабақта алған білімі эмоциялық бояулармен, сезімдік әсерлермен қабылданып, тарихи оқиға туралы өзіндік қорытынды жасауына мүмкіндік береді.

3.Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуді, өзара дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді.

4.Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізу мұғалімнің сабақ жоспарын, өтілетін материалдық мазмұнын, жан-жақты ойластыруын, қосымша материалды алдын ала жинақтауды, тарихи тұлғалар рөлін ойнайтын оқушылардың сабаққа дайындалуына дұрыс жетекшілік жасауын талап етеді.

Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы әр балада өзіндік ой пайымдауы, бір-бірімен қарым- қатынас жасаудағы белсенділігі, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас белсенділігінің артқандығын көруге болады.

Шәкіртті өз бетімен оқуға,білім қазынасын дербес атқаруға дағдыландыру мұғалім үшін үлкен жетістік.Сапалы білім үшін күрес жүргізіп жатқан бүгінгі кезеңде оқу-тәрбие саласындағы жұмыстың ең маңыздысы да осы деп қарауға тиіспіз.

Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой – пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,терезесін тең ететін –білім». Сондықтан,қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде,шығармашылық ізденістегі,әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі-оқушының ұстазы.

Сілтеме:

1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012ж. 15 желтоқсан.

2.Портал ақпараты

3.Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы,2016 ж.



4.Қазақ тарихы республикалық журналы,2001 ж. № 6

5.Қазақ тарихы,2001 ж.№ 3
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет