Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет14/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

4-тапсырма
Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, 
«Не ексең, соны орасың!» немесе «Не іздесең, соны табасың» 
деген тақырыпта жағдаят ойластырып, сахналаңыздар. 
• 
Жақсылықты ойлаңдар.
• 
Жақсылықты айтыңдар.
• 
Жақсылықты тыңдаңдар.
• 
Жақсылықты көріңдер.
• 
Жақсы әрекет жасаңдар.
5-тапсырма. 
«Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы 
әдемі адам өмірдің рақатын көреді» деген ойды басшылыққа алып, эссе 
жазыңыздар. 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


22
6-тапсырма.
Өлеңді оқып, ондағы құндылықтар мен жақсы 
қасиеттерді анықтаңыздар. Өлеңдегі құндылықтар мен қасиеттерге 
негіз болған тірек сөздерді көрсетіңіздер. 
Құтты білік
(Үзінді)
Жүсіп Баласағұн
Барлық істе сабырлы бол, көшелі,
Сабырлы жан тілегіне жетеді!
Қай істе де бол ұстамды, сабырлы,
Ұстамдылық үйірер мал, бағыңды.
Тіліңді тый, қарай жүргін көзіңе,
Нәпсіңді тый, құлқының – жұт өзіңе.
Қиянатшыл елден без де, жолама,
Қараниет кісіге ерме додада.
Өкпелесең, ашуланба, налыма,
Сабыр соңы – салқын сая жаныңа.
Сабаз ердің сөзін ұқ та біле бер:
«Сабыр етсең – бұзылған іс түзелер!
Сабырлы ер өз тілегін табады,
Сабырлы аушы шыдаса, ақ құс алады!»
Егер қайғы жараласа жаныңды,
Күт сабырмен туатын шат шағыңды.
Егер дәулет жауып алса қақпасын,
Түзелер іс, төзіп сабыр сақтасаң.
Ер мінезі – сабырыңды сақтай біл,
Сабыр жолы көк төріне бастайды.
7-тапсырма. 
Өсиет әңгімені оқыңыздар. Мәтіннен адам ойы мен 
дүниетанымының өз өміріне және қоршаған ортасына тигізетін әсерін 
тауып, дәптерге жазыңыздар.
Ауруханада бір бөлмеде үш адам төсек тартып жатқан екен. 
Ауруханаға бірінші болып түскен адам терезенің қасына жатқызылып, 
екінші болып түскен – ортаға, соңғысы – есік жаққа жатқызылыпты. 
Ортада жатқан кісі ұдайы бөлмедегі басқа науқастардың көңіл 
күйін көтергісі келіп жақсы әңгімелер айтатын еді. Бір күні терезе 
жақтағы науқасынан айығып, үйіне кетеді. Оның орнына ортада 
жатқан оптимист кісі жатқызылып, бөлмелеріне қосымша жаңа 
адам жатқызылады. Терезе жаққа көшкен аға енді терезеден 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


23
көргендерін айтатын болды. Күнде жаңа, жақсы нәрсе көріп, оны 
қуана басқа науқастармен бөлісетін. Жол үстіндегі бақшаны, үлкен 
шынар ағаштарды, жұмысқа асығып кетіп бара жатқан адамдарды, 
құстардың сайрауын, бүлдіршіндердің ойыны мен қарсы жоталардағы 
гүлдердің әсемдігін көркемдеп әңгімелейтін. Төсек тартып жатқан 
басқа науқастар әңгімелерін тындап, оларды көз алдарында елестетуге 
тырысатын. Көп ұзамай оптимист ағаның әңгімелері арқасында 
аурухана бөлмесіндегі аурулардың көңіл күйлері жақсарып, әдетте іш 
пыстыратын уақыт та қызықты болып зымырай бастады. 
Әңгімелерді тыңдап, қызығып жатқан ортадағы науқас «шіркін, 
терезе қасында жатқан адамның орнына мен жатсам» деп ойлайтын. 
Бір күні оптимист науқас жазылып, үйіне кетеді. Оның орнына 
ортада жатқан науқас терезенің жанына жатқызылады. Ал ол 
болса терезеден оптимист әңгімелеген барлық кереметтерді көруге 
сабырсыздықпен асығып, терезеден сыртқа асығыс көз тастады. Ал 
терезенің арғы жағында қап-қара дуалдан басқа ешнәрсе жоқ еді... 
(«Өмірге оң көзқарас». Өсиет әңгіме).
Аңса жаным
Сөзі Мұқағали Мақатаевтікі
Әні Дүйсенхан Сыздықовтікі
Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,
Орнасын де жақсылық жер бетінде.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.
Мен аңсаймын, сен-дағы аңса жаным,
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.
Аңса жаным, зарығып шарша жаным,
Қанша ғұмыр қалса да қанша амалың.
Мен сағынсам, сен-дағы сағын жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Алакөзсіз, ашусыз бауырлардың,
Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.
Болса-дағы көңілім қанша жарым,
Білінбейді солармен шаршағаным.
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын,
Аңса жаным, жабықпай, аңса жаным. 
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет