Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары


«Оқығандығы туралы ой-пікірлер»



бет6/8
Дата11.05.2022
өлшемі0,9 Mb.
#142055
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
өзін-өзі тану 46-90
1611770133, Документ, Документ, Документ, ашық сабақ, 8 сынып ҚМЖ 3 тоқсан 43 сабақ, токтагулова
«Оқығандығы туралы ой-пікірлер»
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактаты – отандық, гуманитарлық білім жүйесінде ерекше орын алатын шығарма.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін авторлардың еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау жасаған.
Ол сол замандағы сөздіктермен энциклопедиялық еңбектерді пайда­ланған. Оның үстіне айтарым, Шәкәрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығар­малармен таныс болған.
Бұл тұста тағы бір ескертетін жайт, Шәкәрім үшін ғалымның атағы, оның кең танымалдығы басты мәселе емес, оның шындыққа жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір автордың ығына жығылып, оның насихатшысына айналмаған. Шәкәрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау Пифагор дәуірінен адасқандарына еш күмән келтірмейді. Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар.
Шәкәрім осылардың бәрін білім, өзінің сау ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің кемел түйінін – «Үш анықты» баян еткен.
Неге Шәкәрім еңбегін «Үш анық» деп атаған. Сонда «анық» дегеніміз не?
ХІХ жүз жылдықтың аяқ шенінде дүние өздігінен, жаратушы ие жоқ деген жол тұйыққа тірелді. Сол кезде позитивизм деген ағым пайда болды.
Оның қалыптасуы негізінен француз Огюст Контқа қатысты айтылады, ол метафизиканы сынға алған. Ол кезде метафизика деп философияны айтатын. Конт позитивистік түйіндерді алты ғылымнан: математика, астрономия, физика, химия, биология және социологиядан тапты. Позитивизм кейінірек тарам-тарам болып бүгінге дейін жеткен. Шәкәрім осы позитивизм ағымымен таныс.
Шәкәрім айтады: «Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген».
Шәкәрім позитивизмді қазақшаға «анық» деп аударған. Ұтымды аударма. Сонда не анық? Көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіген анық па, әлде анық сыры өзгерісте ме? Өзгеріс анық, бірақ көзбен көріп тұрғаның анық па? Шәкәрім Контты сынайды: «Адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды».
Анық деген – жол таңдау. Адамзат адамдар жүретін жолда ма? Позитивистер адамзаттың адасуын айтуда. Өздерін анық жол көрсетушілер деп түсінген сыңайлы. Сондықтан олар «анықты» білушілерміз деген. Шәкәрім бұл оймен келіспейді. Ол «Қай жолдасың, айтшы сен?» деп басталатын өлеңінде «Өмір деген – ұйқы ғой, түс көргізбей қоя ма?» деген.
Ұйықтап жүріп түс көргендер соны «анық» деуде. Бұл Шәкәрім сыны. Келіспесек, ояу жүргенімізді дәлелдеп көрейік. Ояу болсақ, неліктен ойсыздыққа жол береміз. Неліктен көпе-көрінеу теріс жолға түсеміз. Сонда ұйықтап өмір сүргеннен, ұйықтап жатып түс көргеніміз «анық» болғаны ма? Шәкәрім «анық» мәселесін мүлдем күрделендіріп жіберген. Ойласақ солай, ойламасақ бәрі көрген түстей ап-анық.
Шәкәрім «анық» дегенді анықтай алмай қиналған, ол жоғарыда келтірген мәтінде «...ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей» – деген. Анықтың қолға ұстатпайтын шындық екеніне Шәкәрім грек ойшылы Платонның Үңгір философиясына сүйене айтқаны бар.
«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп былай мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Өйтіп сынап қараса, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз өмірімізде көргеніміз жоқ, ондайды білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды. Оған лажың не?»
Шәкәрім заманында философ, ойшыл, данышпан дегендер дүние туралы айтқандары бұлдырлай берді. Түсінікті-ау дегендерді терістеп түсініксіздікке айналдыра бастаған философтар қалыптасты. Ақыл сенбейтін сөздер көбейді. Осы жағдайда позитивизм ағымы қоғамдық талқыға түсе бастады. Оның объективтік негізі Батыс Еуропада нарық және нарықтық қатынастар нығая бастауында еді. Нарыққа дерексіз философияның қажеті шамалы. Америка Құрама Штаттары өңірінде позитивизмнің өзге түрі «прагматизм» өмірге келіп, күш алды.
Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ ғылымында мұндай шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған замандағы ғылымның, техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім, теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қап­таған ақпараттарды талқыға салған. Осылардың анық-қанығына толыққанды шолу жасаған.
Шәкәрім «Үш анықта» саясат жағына бармай-ақ анықтың ғылымдық, дүниетанымдық, философиялық мәселелеріне талдау жасаған. Шәкәрім ғылымға арқа сүйеген. Ол заманда атом бөлініп, ғылым, техника жаңалықтары қауырт шыға бастаған кез. Нарық және нарықтық қатынастар өріс ала бастаған. Нарыққа ғылыми жаңалық, технология қажет. Яғни, ойлау жүйесі де нарыққа сай болуы – табиғи үйлесімдік. Осы халге орай, Батыс Еуропада позитивистік идеялар өріс ала бастады. Қазақшалап айтсақ, олар анық идеялар, бірақ дүниетанымдық, философиялық жағы қалай болмақ дегенге Шәкәрім жауап іздеп, анық деген тек физикалық нәрселер емес, анық деген ой анығы деген. Огюст Конттың позитивизмі (анығы) Шәкәрім, сау ақылына келмейтін, сыймайтын жай екен.
Бірінші анық
Бірінші анық Жаратушы білімі. Шәкәрім мәселені мұнымен аяқтамайды. Ол Жаратылыстың мазмұны туралы айтқан.
Егер себепсіз бар болған Атом немесе Нұр десек, олар қозғалыста. Ал қозғалыстың өлшеулері бар. Осы ойды ноқталап Шәкәрім: «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді. Ол қозғалыстың абсолюттігін айтып отыр. Қозғалыстың себебі – себепсіз себепте, яғни түп Жаратушыда. Ал ол түп себеп өлшене ме? «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді Шәкәрім. Олай болса, өлшеусіз нәрсенің бар болғанын қалай білмекпіз. Өлшеусіз нәрсені ғылымда абсолют дейді.
Түп себептің өлшеуі жоқ. Ол Жаратушы білімі. Жаратушының өзі де абсолют, Жаратушының білімі де абсолют. Хакім Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегеніндей.
Жаратушы абсолют – онтология. Жаратушы білімі де абсолют (гносеология). Шартты түрде осылай бейнелеуге болады. Негізінде Жаратушы да, оның білімі де – тұтас абсолют.
Жаратушы білімнің себебі өзінде, ол еш нәрсемен өлшенбейді, құпия, сыр.
Алла тағала – абсолют. Негізінде «тағала» деген абсолют деген мағына береді. Шәкәрім Абсолютті өлшенбейтін, өлшеуі жоқ нәрсе деген.
Шәкәрім бірінші анық Абсолют – Жаратушы дегенмен ойын аяқтамаған. Ол Абсолютті – субстанция десе, оның акциденцияларын атап өткен, олар: өлшеусіз Құдірет оны ғылым тілінде – онтология деуге болар;
Өлшеусіз білім (Алла тағала білімі бізге беймәлім), оны ғылым тілінде гносео­логия деңіз.
Өлшеусіз шеберлік, оны ғылым тілінде гармония деңіз. Хакім Абайдың «Безендірген жер жүзін Тәңірім шебер» дегені осы жағдайға саяды.
Қорыта айтсақ, бірінші анық – Абсолют. Жаратушы (Алла тағала).
Абсолютті – субстанция десек, оның акциденциялары:
– өлшеусіз құдірет
– өлшеусіз білім
– өлшеусіз шеберлік
Демек, бірінші анық Жаратушының білімі, құдіреті, шеберлігі. Бұл үшеуінің өлшеуі жоқ, олар Абсолюттің акциденциялары.
Екінші анық
Жан туралы. Адамзат тарихында жан мәселесімен айналыспаған, пікір айтпаған ғұлама жоқ. Жан туралы айтылған, жазылғандарда есеп жоқ.
Шәкәрім жанды былайша түсіндірген. Әуелі бар болған жан ешқайда жоғалып кетпек емес, ол барлықтың ішінде жүре бермек. Жан әр түрге түсуі мүмкін, бірақ жоғалмайды. Мысалы, дейді ол: «Инстинкт – сезімді жан, сознание – аңғарлық жан. Мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей әртүрлі қасиеттері болады».
Ойланайық. Шәкәрім алдымен Жанды денеге қатысты айтты. Жарайды. Келістік. Бірақ бұл өте үлкен даулы мәселе екенін ескерте кетелік.
Бұдан әрі Шәкәрім Жанды ақылмен қоса өрбіте баяндап, пікір айтуда. Ол кісі жанның нәпсіге қатысты жағын айтпаған. Ол мәселені, әзірше қоя тұралық.
Сезімтал жан – инстинкт. Бұған талас жоқ. Ол адамға дейінгі (тіптен, кейде адам баласына да қатысты – Ғ.Е.) жандылар әлеміне тікелей қатысты жағдай.
Шәкәрім «сознание» дейді, оны біз «сана» дейміз, оның Жанға қатысы күрделі. Сана – жан туралы түсінік, сонымен бірге жанның құпиясын жабушы. Мен солай ойлаймын. Саналы жан түсінеді, бірақ, шын мәнінде, бәрін санаға салса, айнала дүние – тұйық түсініксіз, әншейін құмырсқа – тіршілік.
Келесіні Шәкәрім «Мысль» дейді, ол ой, ойлау. Ойлаушы жан азап әлемінің есігін ашушы. Ой, ойлау әлем құпиясына саяхат. Нағыз азапты жан. Себебі бәрі түсініксіз, бәрі құпия. Содан үміт, қиял, армандар өсіп-өніп шыққан.
Ойшылдық «ум» – ақылды жан дегені Жанның адамға қызметі. Шәкәрім: «толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес». Тамаша ой!
Шәкәрім жанның мәңгілігі деген мәселені өлімге қатысты түсіндіріп көрген. Тыңдайық, ол кісі не деген екен. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген соң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек».
Жан мәңгілігін қабыл алмағандар дүниеден аса бір қиналыспен өтеді. Жанның мәңгілігі деген иман мәселесіне тірелді. Осыдан әрі Шәкәрім үшінші аныққа ауысады.
Үшінші анық
Шәкәрім пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-совесть. Күрделі мәселе. Шәкәрімді тыңдалық, ол «Адамдығы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар». Ұждан араб сөзі, ол мұсылмандық түсінік. Оның құрылымы ақын айтуынша нысап (қанағат деуге болады – Ғ.Е.), әділет, мейірім. Негізінде бұл жердегі басты ұғым – әділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр.
Абай да, Шәкәрімнің өздері де ар деген ұғым қолданады. Ар білімі дегенді Шәкәрім айтқан деп жүрміз. Ұждан деген мұсылмандық түсінік. Ар білімі дегенде ұждан, нысап, әділет, мейірім дегендер Ар білімі құрылымдары. Шәкәрім ілгеріде өзі айтып жүрген Ардың орнына неге Ұжданды айтты десек, сірә, ол араб тіліндегі оқыған көп кітаптарының ықпалы болса керек.
Сондықтан үшінші анықты жанның екі дүниеге азығы болатын Ар білімі десек, артық емес. Мұқият оқыған адам «Үш анықта» ар білімі туралы айтылып отырғаны белгілі болмақ. Бірінші анық Алла тағаланың алғашқы білімі (Алла тағала білімі – Ғ.Е.) болса, екінші анық жанның мәңгілігі туралы пайым, үшінші анық – ар білімі.
Шәкәрім «Мен сол ұждан, совесть (Ар деп түсіне беріңіз – Ғ.Е.) қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты» дейді. Жауап бар. Жанды қиянатқа жұмсайтын нәпсі. Шәкәрімнің өзі айтқан нәпсі қиянатты жастанып жатыр деп. Жан қиянатқа ұшыраса, оның арашасы – Ар. Бұл екі дүниеде қатысты сөз.
Нәпсі жанды қинағанда, күнәлі бол­ғанда «ар соты» деген болады. Мұны жалғанның ісі десек, бақида қалай болмақ, Шәкәрім пайымында ар соты о дүниеде болмақ. Пенде Жаратушысына жауап бермек, пенде қойылатын сауалдарға даяр болмақ. Олай болса, бұл жалғанда пенденің жүретін бір ғана жолы бар, ол мұсылмандық жолы дейді Шәкәрім. Данышпанның өзін тыңдалық: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты».
Осы тезиске талас бар ма, әрине пікірлер болар, бірақ адам атаулы бір бауыр деп түсінуден биік ұғым бар ма?!
Шәкәрімнің үш анығы мұсылман­дық жолға бастамақ. Ол адамзатты бауыр ететін ізгілік жолы. Осы жолды қабылдағандар адаса ма, әлде адамзатты тура жолға сала ма?
Ол үшін Алла тағала білімін анық деу, жан мәңгілігін мойындау және оның екі дүниедегі азығы Ар білімін үйрену керек. Бұл әр Зиялының көңіл қалауына ұсынылатын Шәкәрім пайымдауы.

  1.  «Сократ және Абай», «Сократ және қазіргі уақыт», «Өзін-өзі тану сабақтарында Сократтың әңгімелеу өнерін қалай қолдануға болады?» тақырыптарының біріне эссе жазыңыз

Сократ: Ақымақ адам ішіп-жеу үшін өмір сүреді, көкірек көзі ашығы өмір сүру үшін ішіп-жейді, – дейді.
Абай: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік (7-сөз).
Сократ: Қызық, кез келген адам қанша қойы бар екенін тосылмай айтып бере алады, ал қанша дос-жараны барын лезде еске түсіре алмайды, олардың еш құны жоқ.
Абай: Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. (5-сөз)
Сократтың: Әлемді қозғағысы келген адам әуелі өзі қозғалуы керек, - деген тағы бір сөзі бар. Абайдың да көксегені сол, қазақ әлемі қозғалуы, ілгерілеуі үшін, ұлт оянуы, алға ұмтылуы керек:
"Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды". (4-сөз)
Сократтан бастау алған, адам баласының ой-өрісін ілгерілеткен диалектика Абайда осылай өрбиді.
Абай творчествосының қалыптасуына, өсуіне, жетілуіне үш мәдениет өріс, түркін, негіз болғанын, атап айтқанда, біріншісі - қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы баспасы жоқтығына қарамастан, халық жадында, санасында сақтап келген рухани мәдениеті (ғажайып ертегілер, лирикалық және қаһармандық эпостар, әдет-ғұрыптар туралы жырлар, шешендік сөздер, халық композиторлары мен ақындарының, сал-серілерінің, т. б. мұралары); екіншісі - Шығыс халықтарының, әсіресе, араб, парсы, түрік тілдес - азербайжан, өзбек, қырғыз, татар, т.б. елдердің; үшіншісі - орыс халқының және сол арқылы Европа мәдениеті екенін М. О. Әуезов дәлелеп берді.
Біз осы тұста Абайдың Европа мәдениетімен, атап айтқанда, грек халқының біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген ұлы философы, жазықсыз жазаланып, жетпіс жасында у ішіп өлген Сократпен қалай төркіндес, ұштас, өрістес болғаны туралы ой шертпекпіз.
Ескерте кететін жай, көлемді зерттеулердің көбінде Абай Сократ, Платон, Аристотель еңбектерін оқыған делінеді, бұл үш дана философтың есімі, ойлары, образдары Абай шығармаларының өзінде де бар. Мысалы, Абайдың «Жиырма жетінші сөзі» «Сократ Хакімнің сөзі» деп те аталады. Ал Абай «Ескендір» поэмасында «ақылы мол» бүкіл грек ішінен «дара шыққан» Аристотельдің образын мүсіндейді. Солай бола тұрса да, Абай мен грек философтары арасындағы қатынас, ұштастық қалай, қандай формада, қай кезеңде, кімдер арқылы болды? - деген сауалдарға көп уақыт жауап болмай келді. Осы жайды ескерте келіп, М. О. Әуезов: «Бұл жөнде тек Сократ туралы Платонның еңбектерінен және Ксенофонттың естеліктерінен алынып, Абай қарасөздеріне кірген бір әңгіме - толғауды ғана мысалға келтірмесек, басқа философтардың Абай шығармаларынан орын алғаны көрінбейді. Оларды қабылдау түрінде де, сынау ретінде де, Абай өрелі ой жүргізген емес» - дейді. (М. Әуезов. Әр жылдар ойлары. 140-бет).
Біз Әуезов ойын әрі қарай өрістете отырып, Абайдың грек философының кейбір пікірлерін қабылдап, ал кейбір пікірлеріне сын көзбен қарағанда, Сократ пен Абайдың, әсіресе дін, моральдық, адамгершілік жайындағы ойларының өрістестігі мен қайшылықтарына тоқталамыз.
Абайдың «Жиырма жетінші сөзінің» қосымша такырыбы - «Сократ Хакімнің сөзі». Бұл ғақлия неліктен «Сократ сөзі» деп аталады? Абай атақты философтың қандай еңбектерін, қай тілде, қашан оқыды екен? Бұл аударма ма, әлде Сократпен ой жарыстыра айтқан өз пікірлері ме? Абай Сократ пікірлерін қабылдай ма, әлде сынай ма? Осы сұрақтарға жауап іздестіру барысында Москвадағы В.И. Ленин атындағы мемлекеттік кітапханадан Ксенофонттың еңбектерін таптық (Сочин. Ксенофонта. Часть І – Анабазис. Киев. 1876 г. Часть ІІ – Воспоминания о Сократе. СПБ 1878 г. Полн.собр. соч. Ксенофонта. 1887. СПБ.).
Сократтың тірі кезінде де біздің Абай сияқты шығармалары басылмаған, қолжазба сақталмаған. Ол кезде философиялық ойлар өзара әңгіме, диалог ретінде жүргізілген. Біздің заманымызға Сократ шығармалары Платонның «Диалогтары», Ксенофонттың «Естеліктері» арқылы жеткен. Сондықтан да Ксенофонттың, Платонның естеліктері Сократтың шығармасы ретінде саналады. Ксенофонттың «Сократ туралы естеліктерінің» төртінші тарауы «Құдайдың адамға қарым-қатынасы туралы Аристодеммен әңгіме» («Разговор с Аристодемом об отношении божества к человеку») деп аталады.
Осы төртінші тарауды «Жиырма жетінші сөзбен» салыстырғанда өзара ұқсастықтар және көптеген айырмашылықтар бар екендігі, біздің ағартушының грек философының қандай пікірлерін қабылдайтындығы және қандай пікірлерімен келіспейтіндігі аңғарылады.
Ең әуелі Абай Сократтың қандай ойларын қабылдайтындығы жайлы сөз етелік. Екеуін де әңгіменің негізгі арнасы бір: құдайдың адамға қарым-қатынасы жөнінде, екеуінде де белгілі бір адамдардың есімдері аталады. Мысалы, «Естеліктердегі»: «Аристодем! (Аристодем – Сократтың тыңдаушысы. Тыңдаушыларымен әңгімелесе отырып, оларды қайшы пікірге келуге мәжбүр ету, білместігін мойындату Сократтың сүйікті әдісі болған. Талас пен тартыста ойлаудағы қайшылықтарды ашу арқылы ақиқатқа жету – сол кездегі диалектиканың негізгі тәсілі). Есть ли такие люди, мудрости которых ты удивляешься?» - «Конечно», - ответил тот. - «Так назови мне их по именем», - сказал Сократ. - «В поэмах я наиболее удивляюсь Гомеру,- отвечал Аристодем, - в лиферамбах Меланипиду, в трагедии Софоклу, в ваянии Поликлиту, в живописи Зевкису, (Соч. Ксенофонта. СПБ. 1876, стр. 26) - деген тексті Абай: «Әй, Аристодем, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты?- дейді.
Ол айтты:
- Толып жатыр, қазірет.
- Бірінің атын аташы,- дейді.
- Гомерге бейбітшілдігі (ақындығы) себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына түспектік, Зевкиске суретшілігі себепті таңырқаймын,- деп соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты» (Абай Құнанбаев. Шығ. тол. жинағы. 1954, 2-том. 195-б.) - деп аттары онша әйгілі емес Меланиипид пен Поликлитті атамай, Сократ әңгімесінің мазмұнын дәлге жуық береді, оның әңгімелесу тәсілін сақтайды.
Құдайдың бар екендігіне күмәнданасың, сондықтан да оны шын ықыласпен қошаметтемейсің деп Сократтың таққан кінәсіне Аристодемнің: «Сократ! Я не отвергаю высшего существа, но я считаю его слишком великим для того, чтобы нуждаться в моем предрасположении» (Сочинения Ксенофонта. Стр. 28.) - деп берген жауабын Абай: «Ол құдайдың ұлықтығына іңкәрім жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады» (Абай Құнанбаев. Шығ. тол. жинағы. 2-том. 197-б.) - деп Аристодемнің жауабын кесімдірек түйеді.
Сократтың кейбір ойларына, ұғымдарына сын көзбен қарап, оның «гармония мира», «прекрасный порядок» сияқты идеалистік түсініктерін «жарастықты законымен жаратылған», «себепті байланыс» секілді түпнұсқада жоқ жаңа ұғымдармен ауыстырады. Біз қазір «причинная связь» деген материалистік диалектиканың терминін «себепті байланыс» деп атаймыз.
Бұл ғылыми ұғымды қазақтың философиялық тіліне ең алғаш Абай кіргізді десек, қателеспегендейміз.
«Заң» деген ұғымның орнына орыстың «закон» деген ұғымын пайдаланған себептерін қарастырсақ, қазақ даласында қараңғылық басым кезде «табиғат заңдары, заңдылықтары», «қоғам заңдары» туралы түсінік аз да, бұл ұғымның юристік, хұқтық мазмұны басымдау болғандықтан, Абай саналы түрде «заң» - «законға» «заңдылық» - «закономерностьке» балама бола алмайды дегенді меңзейді. Қазір қазақ тілінде табиғат, қоғамдық ғылымдарының дамығандығына сәйкес, олардың бір-бірімен толық баламасы болып философиялық терең түсінік беретіндігі белгілі.
Абайдың «Жиырма жетінші сөзі» мен Ксенофонттың «Воспоминание о Сократесін» салыстыра келіп, екі кемеңгердің бір-бірімен ұқсастығын, ұштастығын білдік. Абай Сократтың шығармаларымен, оның философия, дін, этика салаларындағы пікірлерімен қашан және кімдер арқылы танысқан? Осы сұрақтарға жауап іздестіргенде, Абайдың өмірбаянының бір кезеңін еске ала кету керек. Ол кезең – 1870-80 жылдар. Бұл кездері Абай орысша жақсы түсінетін. Семейде, әсіресе қыс айларында, ұзақ уақыт жатып алып, кітапханадан шықпайтын. Кітап іздестірудің жолында жүріп, сол Семейдің кітапханасынан Петербургтен сол жылдары айдалып келген Е.П. Михаэлиспен (1841-1913) танысады. Басында жай кездесіп жүріп, артынан достасып кетеді. Сол Е. П. Михаэлис арқылы осы кезеңде Абай Харьковтен айдалып келген Н.И. Долгополовпен (1857-1922) ұшырасады, кейіннен достасып кетеді, олар Абайдың аулына да барып тұрады.
Абай Қсенофонттың «Сократ туралы естеліктерімен» осы екі кісінің біреуі, тіпті екеуі арқылы да таныс болуы әбден мүмкін. Сол жылдары екеуі Семейге айдауға келгенде Сократ туралы естелік орыс тілінде баспадан жаңа ғана - Киевте 1876 жыл, Петербургте 1878 жыл - шыққан.
Иә, Абай Сократ мұрасымен өткен ғасырдың 70-80 жылдары, аталған орыстың екі ойшылы, ғалымы - Михаэлис пен Долгополов арқылы таныс болды. Сократ пікірлерінің біразын қабылдады, кейбіреулеріне сын көзбен қарады.
Сократ пен Абайдың өмір жолдарында көп ұқсастық бар. Мысалы, Сократ өз кезінде грек халқының, грек жастарының арасында жаңаша тәрбие жүргізіп, софистерге сол кездің догматиктеріне қарсы шығып, қоғам өміріне адамгершілік тұрғыдан қарауды үйретпек болған. Абстракциялы философиялық пікірлерге қарсы тұрып, адамзат өмірінің, адамдар қатынасының философиясымен көп шұғылданған. Тек категориялардың, заңдардың, академиялық ғылымның төңірегінде ғана ойланатын педант философтарға Сократ ұқсамайтын. Оның мінезі, күнделік іс-әрекеті, өмір сүру салты халыққа, әсіресе жастарға қатты ұнайтын. Біздің Абай сияқты Сократ та «өзін-өзі зор тұтып», өз кезінің «надандарын менсінбейтін».
Сократтың мысқылына, ирониясына, сынына шыдай алмаған надандар оның үстінен қылмысты іс жүргізіп, Сократ жердің де, аспанның да заңын бұзып барады, жастарды теріс жолға бастауда, өтірікті шын етіп дәлелдейді, деп жала жауып, 70 жастағы Сократты өлім жазасына кеседі. Соттың осы қатал үкімін естігенде Сократ ешбір аспай-саспай, сабырлылықпен:
Ақиқат пен адамгершілік жолында, әділеттілік пең адалдық жолында өлімнен ешбір сескенбейтін қандай қайсарлық, қандай ерлік! Абай Сократтың ілімін ғана емес тағдырын да жақсы білген. «Отыз жетінші сөзінде» «Сократқа у ішкізген, Ионна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал»,- дейді.
Осындағы Абай айтып отырған «көп» кім? Сократты у ішуге мәжбүр еткен бұқара көпшілік емес, сол кезде Сократ сияқты бірен-саран оппозиционерге қарсы ұйымдасып отырған Афин мемлекетінің чиновииктері мен дін иелері екені мәлім. Сол сияқты Жанна д'Аркті отқа өртеп отырғандар да Францияның Руан қаласының Шіркеу сотында істейтін чиновниктер мен дін иелері. Абай айтып отырған Ғайса кәдімгі христиан дінініц негізін салғаи Иисус Христос. Оны да креске керіп өлтіруші діндарлардың соты. Ежелгі гректер заманында Сократты у ішуге мәжбүр етіп отырған, XV ғасырда Жанна д'Аркті отқа өртеп отырған «ақылсыз көпшілікпен» XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақ сахарасында Абайдың өзі де істес болады. Олар Еңлік пен Кебекті махаббаты үшін ат құйрығына байлап өлтірген дүлейлер «бүтін елді жұмса жұдырығында, жазса алақанында ұстайтын» жуандар Бейсембай сияқты жап-жас жігітке өз көрін өзіне қаздыратын Оразбайлар мен Жиреншелер, Күнту мен Әбендер. Бұлар Абайға қарсы шықпаққа ант ішісіп, құран ұстап баталасады. Мақсаттары - Абайды мұқату, қорлау, колдарынан келсе жойып жіберу, ең болмаса Абайдың мазасын алып, өмірін мағынасыз ету. Ойшыл ақын «мыңмен жалғыз алысады».
1897 жылы Мұқыр сайлауында әлгі ұйымдасқан зұлым көпшілік Абайдың үйіне қаптап келіп, Абайды сабағаны, халық ағасын қорламақ болғаны белгілі ғой. Абайға ара түскен халық Оразбайды өлтірмек болады. Алайда халықтын қамын ойлаған Абай ашуын ақылға жеңдіріп, жауластырмайды. Сократша ол да өзінің жауларынан әрқашан жоғары тұрады. Оларды надан деп менсінбейді, ақылсыз деп қор тұтады. Өзін-өзі зор тұтып, заманын түзетпек болады».
Сократ пен Абайдың өмір жолдары ұқсастығының бұл бір кішкентай көрінісі.
Ал осы бір-бірінен алыс әр заманда, бір-біріне ұқсамайтын әр елде өмір сүрген, әрқайсысы өз елінің мақтанышы болған екі ойшылдың творчествосында, рухани туындыларында, әсіресе олардың дін және этика туралы ойларында, адамдық, адамгершілік туралы түсініктерінде, толғамында ортақ пікір бар ма?
Сократ пен Абайдың географиялық ортасы да, әлеуметтік ортасы да, өмір сүрген уақыт мерзімі де бір-бірінен алшақ, бір-біріне ұқсамайды. Сократ тіршілік еткен географиялық кеңістік - Европадағы Балкан түбегі, Жер Орта теңізі, уақыт мерзімі - біздің заманымыздан бұрынғы төртінші ғасыр, әлеуметтік орталығы - құл иеленушілік қоғамы. Ал Абай Азияда, қазақ сахарасында, XIX ғасырда, феодалдық-патриархалдық ортада өмір сүрген адам. Осындай алыс кеңістік және уақыт айырмашылықтарына қарамастан, екі ойшылдың пікірлерін салыстыра зерттегенде олардың арасында көптеген ұқсастықтар, сонымен бірге бір-біріне мүлде ұқсамайтын, әрқайсысының тек өзіне ғана тән көзқарасы бар. Әсіресе, айқын аңғарылатын бір жай, Сократтың диалогтері мен Абайдың қара сөздерінің стильдік ұқсастығы. Сократ өз пікірлерін шәкірттерімен әңгіме түрінде, сұхбаттасу, ретінде айтқан ғой. Платон мен Ксенофонт та Сократ шығармаларын бізге сол әңгіме-диалог формасында жеткізіп отыр.
Абай да қара сөздерінде өзінің оқушыларымен шыншылдық, ойшылдық, дін, ғылым, көбінекей адамгершілік, әділеттілік, мораль, тән құмары, жан құмары, т. б. мәселелер туралы әңгімелесіп, мәслихат құрып, ақыл айтып отыратын ойшыл ұстаз. Абайдың өлеңдерінде де, қара сөздерінде де ұстаздық ақыл, кеңес, өсиет айтылып отырылады.
Сократтың философиядағы көбірек шұғылданған мәселесі дін, этика, мораль жайы. Абай да грек философының осы дін мен мораль жөніндегі пікірлеріне көп мән береді.
Мүмкін Абай «Сократ туралы естеліктердің» тек төртінші тарауы емес, басқаларын да ел арасына әңгіме етіп таратқан болар, олар жазылып алынбағандықтан бізге жетпеген шығар. Тіпті төртінші тарауды ғана толық білді дегеннің өзінде: ол неліктен басқаларына назар аудармай тек бұл тарауға ерекше мән берді?- деген сұрақ туады. Егер оған ерекше мән бермесе, аударма түгіл өз шығармалары басылмайтын кезде, ол оны оқу түсінумен ғана қанағаттанып қоймас па еді, бізге «Сократ Хакімнің сөзі» деген мұра қалдырмаған болар ма еді, қайтер еді?
Біздіңше, ойшыл ақынның ықыласын ерекше аударған «Естеліктердің» төртінші тарауының тақырыбы - «Құдайдың адамға қарым-қатынасы» туралы мәселе. Аталған тараудың және сонымен байланысты жазылған «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші» сөздердің Абайдың дүниеге көзқарасын түсіну үшін ерекше мәні бар. Осыған орай Абай сөздері мен Сократ ойларының айырмашылығы мен ұқсастықтарын аңғармағандықтан кейбір еңбектерде Сократтың пікірін Абайға және керісінше Абай пікірін Сократқа таңа салу кездеседі.
Құдай мен дүниенің «байланысын», табиғат пен адамның, тән мен жанның байланысын ұғу, түсіну - ежелден шешуін күткен мәнді мәселелер. Әсіресе Абай өмір сүрген кезеңде дүниенің сыры мен сипатын білуді аңсаған қазақ халқы бұл мәселелерге жауап беруді, шешім айтуды өзінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты перзенттерінің ақыл-парасатына міндет еткен.
Жаратылыстың заңдылықтарын білуге, өз білгенін халқына білдіруге ұмтылған Абай айтылған проблемаларға шешім іздестіреді, өзінше жауап тауып, оларды халыққа түсіндірмек болады. Сол іздену жолында «Сократ туралы естеліктерді» кездестіреді. Оның төртінші тарауына ерекше мән беріп, құдай мен адамның «ара қатынасы» жөнінде Сократпен пікір жарыстырады.
Екі авторға тән ортақ ой - екеуі де адамды алғаш жаратқан құдай, адамға ақыл беріп, қол бітіріп, тік жүргізерлік етіп, оны басқа жануарлардан ерекше, өзгеше жасаған құдай деп түсінеді. «Әмме мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге беріпті, жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан арты, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тегіс тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара, адам екі аяғын басып тік өседі, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һәм өзге хайуанды құлданарлық, пайдасын көрелік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп, бірі қанатына сеніп жүр, бірақ өзіндей хайуанды құлданардық лайығы жоқ. Адам өзі-өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді етіп жаратса, еш нәрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша зергерлік, бір-біріне ғылым үйренерлік шешендік, салиқалық (қабілеттілік) ол денеге лайықты келмейді»- деп Абай өз ойларын Сократ ойларымен жарыстырады.
Сезім мүшелерінің атқаратын қызметтерін түсінуде, түсіндіруде екеуінде де телеологизм бар.
Олар дүние мен адамды алғаш жаратқан құдай деп түсінсе де, жаратылғаннан кейінгі құдай мен адамның «ара қатынасын» екеуі екі басқа ұғады.
Сократша, құдай тек алғашқы жаратушы ғана емес, сонымен қатар адамның күнделікті өмірінде оның қатынасынсыз еш нәрсе істелмейді. Ол бәрін көріп, бәрін біліп, бәрін істетіп тұрады: «Божество так велико и такими своиствами обладает, что оно в месте и всевидяще и всеслышаще и вездесуще и всепромышляюще». Философтың айтуына қарағанда, адам, халық неғұрлым құдайшыл болса, соғұрлым білімді, мәдениетті болмақшы. «Самые древние, самые образованные государства и народы есть самые набожные» (Сочинения Ксенофонта. Часть ІІ. стр. 30).
Сократтың аңғаруынша, ғылымның міндеті - адамның барлық іс-әрекетін құдайдың өзі көріп-біліп, істеп-істетіп тұрғандығын адамға түсіндіру, ал адамның міндеті - құдайдан қорқып, арамдық, әділетсіздік, залымдық жасамау, өз қылықтарының жаратушыдан жасырылмайтынын сезіне білу.
Абай Сократтың аса құдайшыл пікірлерін сыртқа тебеді, сондықтан да «Сократ туралы естеліктердің» құдайды көп дәріптейтін беттерін дұрыс деп санамай, өзінің кезекті «Жиырма сегізінші сөзінде» құдайдың адамның күнделік өміріне ешбір қатысы жоқтығын дәлелдеп, грек философының пікірімен келіспейтіндігін айқын сездіреді.
«Егер құдай еңбек сүймейтін бір оңбағанға мал берсе, құдайдан тілеп еңбек еткен кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын асырауға мүмкіндік жасамай кедей қылса, бір момынды ауыртып, ұры мен залымның денін сау етсе, әке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер етсе, тамам жұртқа бұзық болма, түзу бол деп жарлық шашып, алла өзі құдіретімен біреуді жамандыққа мейілдендірсе - осының бәрі құдайтағаланың ғайыпсыз мінезіне, рақымдылығына, әділеттілігіне лайық келе ме?» - деп Абай мәселені тіке қояды.
Екі тексті салыстырып қарағанда бұл сұрақтарды Абай Сократтың өзіне қойып отырғандай сезіледі.
Абайдың аңғаруынша, егер барлық іс-әрекетті құдай «қылушыға өзі қалдырып тұрса» адам қандай болмасын қылығы үшін ешкімнің алдында жауапты болмауға тиіс адам мен адам арасындағы міндет, борыш туралы түсініктер болмаса керек, адамның барлық қылықтарына құдай өзі жауапкер болуға тиіс.
Абай мен Сократ екеуінің адам мен құдай «ара қатынасы» туралы пікірлерін қорыта айтқанда, екеуінің елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Грек ойшылының түсінігінде барлық іс-әрекетті жасаушы да, жасатушы да құдай, бәрін біліп, сезіп тұрғандықтан, адам одан сескенуі керек, сондықтан да жамандықтан аулақ, жақсылыққа бейім болу қажет. Ал Абайша: құдай жақсылық пен жамандықтың жасаушысы, бірақ жасатушысы емес, ол адамның күнделік өміріне қатыспайды, не іс істесе де адам өзі істейді, сондықтан да өз қылығы үшін өз ары алдында жауап беруі керек. Адам біреуден қорыққандықтан, сескенгендіктен емес, адам болғандықтан, оған сай ақыл, ары болғандықтан жақсылық пен игілікке үйір болып, жамандық пен зұлымдықтан қашуы керек
Маркске дейінгі барлық ойшылдар, социологтер сияқты Абай дін мәселелерін адамгершілікпен тікелей ұштастыра тексереді. Қазақ ағартушысының грек философынан тағы да бір ерекшелігі осында. «Адам бол» деген этикалық приицип ұсынып, діннің өзін адам тәрбиелеудің құралына айналдырмақ болады. Сондықтан да Абай «құдайды» адамгершілік, әділеттілік, шындық, тәрбие махаббат, бір сөзбен айтқанда, мораль мәселесімен байланыстырады, дінді адамгершілікке бағындырмақ болады.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және сүй хақ жолы деп әділетті.
Бұл, әрине ислам дінінің өрісі емес, моральдык философия. Ойшыл ақынның аңғаруынша, алла дегеніміз шындықтың, адамгершіліктің, махаббаттың, әділеттіліктің символы, жолы, ал шындық пен әділет, адамгершілік пен махаббат - алланың әр түрлі сипаттары, осылардың жиынтығы - алланың өзі.
Сонымен бірге құдай, Абай түсінігінде, жауыздардың, зұлымдардың, сұмдардың, екіжүзділердің, арамтамақтардың жазалаушысы. «Отыз бесінші сөзінде» ол құдайды құлқынның құлы болган, өздерінің іс-әрекеттерімен халыкқа зәбір көрсеткен екі жүзді қажылар мен молдаларға, «адамның сайтаны - монтаны сопылар» мен мейірімсіз мырзасымақтарға мақшарға барғанда зауал беруші күш ретінде суреттейді.
Ағартушының «құдайды залымдардың жазалаушысы» деп түсіндіруі - «беттеріне ақіретті ұстап», өмірлерін халықты алдауға сарп еткен дін иелері мен монтаныларға қарсы күресте ислам дінінің өз дәлелдерін, өз аргументтерін құрал етудің тәсілі.
Құдай мен адам «ара қатынасы» жөнінде Абайдың пікірін қорыта айтсақ, ол деистік позициядағы ағартушы. Деизмнің (латынның деус - құдай деген сөзінен) негізгі өкілдері - Вольтер, Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радищев. Олардың пікірінше, құдай Будда, Христос сияқты жеке адам емес, ол бір ерекше күш, барлық нәрсенің бастаушысы, ол барлық нәрсені ақылға сыйымды етіп, бірін-бірімен байланыстырып жаратқан, бірақ табиғаттың, қоғамның, жеке адамның күнделік іс-әрекетіне араласпайд
Деизмнің философиялық системалардағы алатын орнын анықтай келіп, К. Маркс «деизм есть не более, как удобный и легкий способ отделаться от религий» - дейді (Маркс К. Энгельс Ф. Соч., т. 2., стр. 144.)
Абай деизмді білді ме, білмеді ме, алайда дін жөніндегі ойлары осынау ағымның арнасына саяды.
Ойшыл ақынның дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі үшін прогрестік мәні зор.
Біріншіден, бүтін Таяу Шығыс пен Орта Азияда және Қазақстанда ислам діні үстемдік етіп тұрған заманда Абай дінге шүбә келтіріп, құдайды, иманды, дінді әділеттілікке, шындыққа, адамгершілікке пара-пар деп түсінеді. Академик М. О. Әуезовтың айтқанындай, Абайдың діні - «ақылды, сыншыл ойдың діні», «адамгершіліктің діні», «сыртынан барынша діншіл көрініп отырған өлеңнің өзінде де Абай ислам дінінің үгіт-өсиетін өте шартты түрде ғана шамалы, шақты жерде ғана керекке жаратады». (Әр жылдар ойлары», 128, 139-бет).
Екіншіден, дін мен ғылымды салыстырғанда Абай өз бетін де, халық бетін де дінге, ол кезде мұсылмандар үшін «шындықтың шындығын», «ғылымның ғылымы» болып саналған ислам дінінің догмасы - құранға бұрмайды, ғылымға бұрады, көбінесе ғылымды уағыздайды елін білімге, оқуға шақырады.
Үшіншіден, қазақ даласында ислам дінін үстем таптың идеологиялық құралына айналдырып, дінді дәріптеуші молдалар мен сопыларға, ишандар мен имандарға, қажылар мен қазіреттерге Абай қырғидай тиеді, олардың іс-әрекетін, қылығын аяусыз әшкерелейді. Дін иелерімен, клерикалдармен күресте, олардың жасанды бет пердесін образдық сөзбен келістіріп ашуда Абай зор биікте тұр.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Мал құмар көңілі - бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?-
(І-том, 44-бет) деп түйресе, «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде:
Ақыл қауас барлығын,
Білмейдүр жүрек, сезедур.
Мүтәкәл, лимин, мантикин
Бекер босқа езедүр,-
(2-том, 27-бет) деп ислам дінінің догматиктері – мүтәкәл, лиминдер мен сылдыр сөзді софистері - мантикиндерді «езедүр», «сезедүр», «білмейдүр» сияқты сол кездің кітапшыл молда ақындарының өз тілдерімен әжуалайды.
Абай атеист болмағанмен нағыз антиклерикал. (Клерикализм латынның «клерикалис» - «шіркеуші» деген сөзінен шыққан. Клерикализмнің мақсаты қоғамның саяси және мәдени өмірінде шіркеудің, мешіттің, дін иелерінің ықпалын арттыруға ұмтылатын кертартпа бағыт. Антиклерикал – сол клерикалдарға, дін иелеріне қарсы күресушілер). Ол қазақ даласындағы дін иелерін, олардың екі жүзділігін, малқұмарлығын, надандығын аяусыз әшкерелейді. Өзінің «Отыз сегізінші сөзінде»: «Бұл заманның ишандарынан бек сақ болыңдар. Олар фитнә (бүлдіргіш бұзық) залым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды... көбі надан болады. Сүйенгені надандар, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа еш нәрсе жоқ» - дейді.
Төртіншіден, Абайда ислам дінінің фанатизмінен ештеңе жоқ. Ол адам баласын мұсылман мен кәпірге бөлмейді, оған Адам керек, адамгершілік, ғылым, әділеттілік керек. Осы игі үміттерге ұмтылу сапарында Абайға Сократ пен Аристотель де, Байрон мен Гете де, Низами мен Науаи да, Пушкин мен Толстой да жақын, рухтас, ол ешкімнің дініне, нәсіліне, ұлтына қарамайды, халықтар достығы идеясының жаршысы болады.
***
Біз Абай мен Сократ арасындағы байланыс жөнінде біраз сөз еттік. Бұдан Абай Сократтың жалғасы деген ой тумауы керек. Бұл жердегі қатынас, алмасты тек алмас қана өңдей алатындығы сияқты, бір кемеңгер екінші кемеңгермен ой алмастыру, ой жарыстыру арқылы жаңа пікір тудыруда болып отыр.
Абайдың философиялық көзқарастарын сөз еткен кезде ойшыл ақынды тек философиялық категориялардың төңірегінде телміртіп, «сана», мен «материяның», «рух» пен «табиғаттың», «ойлау» мен «болмыстың» ара қатынасын қалай шешті, түсінді, материалист пе, әлде идеялист пе, немесе таным теориясында ойлау мен сезімнің арасын қалай түсінді, рационалист пе, әлде сексуалист пе деген кесімді сұрақ қойып, оған кесімді жауап талап ету қажет бола қояр ма екен?
Абайдың көп қырлы мұрасынан аталған философиялық категориялардың алуан түрлі көріністерін, элементтерін табуға болады. Абай творчествосына тереңірек үңіле түссе, дүниеге көзқарасы бұл сауалдардың төңірегіне тікелей саймайды, ол таза онтологиямен де, таза гнесеологиямен де шұғылданған жоқ.
Этиканың өзінде әр түрлі сала, бағыт бар. Абайдың этика саласындағы ұстаған негізгі принципі - «Адамды Адам ету».
Абай шығармаларында этикалық принциптен гөрі этикалық нормалар басымырақ. Бұл жай, әсіресе Абайдың келешек ұрпаққа арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» сияқты өлеңдері мен «Қара сөздерінде» көп айтылады.
Абайдың философиялық, этикалық ойлары, көзқарасы жеке дара, арнайы сөз етуді қажет етеді. Бұл мәселелер жөнінде Абайдың тек өзіне тән пікірлеріне, ой жүйелеріне бөлек, ерекше тоқталу керек,
* * *
Сократ пен Абайдың рухани қатынасын сөз еткеңде екеуін мықтап ұштастырып тұрған бір жайға тоқтала кету қажет. Екеуінің пікірінше де адамгершіліктің түп негізі білімде, ақиқатта. Кім білімді болса, ғылымды меңгерсе, барлық жақсылық сонда. Адам өміріндегі алуан түрлі қиыншылықтардың, қайшылықтардың бәрін ақылмен жеңіп отыру екеуіне де тән ортақ ой. Сократ өмірінен бірер мысал келтіре кетейік.
- Өзіңіз танымайтын екі кісі төбелесіп жатса, соның қайсысы кінәлі екенін қалай тез табуға болады?- деген сұраққа Сократ бірден:
- Ақылдысы, білімдісі кінәлі,- деп жауап беріпті.
Бір кездері ашу үстінде бір әкімсымақтың Сократқа қолы тиеді, сонда достарының біреуі: «Оңбағанға есеңді неге жібердің, кегіңді неге алмайсың?» деген ұсынысына Сократтың жауабы:
- Егер мені бір есек теуіп жіберсе, мен оны сотқа беріп әуре болып жатамын ба?- дейтін көрінеді өзінің әдеттегі ирониясына, қалжыңына басып.
Сократ өмір бойы ақиқатты, білімділікті өте жоғары бағалағандығының бір көрінісін Платон өзінің «Той» (Пир) деген диалогіне Агафон деген жазушы Сократпен сөз таласта өзінің жеңілгендігін мойындап:
- Сократ, менің сенімен таласуға қауқарым жететін емес, сенікі-ақ дұрыс болсын!- дейді. Сонда Сократ:
- Жоқ, қадірлі Агафон, сенің Сократпен таласа беруіңе болады, бірақ сенің ақиқатпен таласуға күшің жетпей тұр ғой,- дейді.
Мұндай диалогтар, ой жарыстары Ксенофонтта да, Платонда да көп. Сократ ақиқат, адамгершілік үшін күресте мерт болды. Бруно ақиқатты қолдағаны, қостағаны үшін отқа өртелді. Дін иелері қаншама қинаса да Галилей: «Қалай десеңіздер де, жер күнді айнала қозғалады»- деп өз пікірінен, нанымынан таймайды. Міне, солар сияқты Абай да:
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген білгенін,-
деп, алысқа да, жақынға да, өз еліне де, өзге елдерге де тек осы тұрғыдан қарайды. Дүниеде «ақымақ көп, ақылды аз», өмірдің тірегі ақылда, ғылымда, ақылдыларда, «ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» деп шындық үшін, ақиқат үшін қажымай-талмай соқпақ іздеудің қажеттігін айқын аңғартады.
Сонымен қатар қазақ қоғамының сол кездегі болмысына қатты күйінеді, өмір тіршілігінің мүшкіл жайларын аяусыз сынайды. Абайдың күйігі қайғының, үмітсіздіктің күйігі емес, халқын, елін сүюдің, оның келешегіне жол іздестірудің күйігі. Айналасына «қыранша қарап», халқының «мұңы мен зарын» арқалап, «надандар мен зұлымдарға» қарсы «шиыршық атып толғану» - Абайдың барлық өмір жолына, іс-әрекетіне, творчествосына, адамгершілік тұлғасына, кісілігіне, азаматтығына тән қасиет, арна.
Абайдың қайғысы, қасіреті от басының, күнделік тіршіліктің күйінісі емес - ұлылардың, даналардың күйінісі. Гегель сөзімен айтқанда, «страдание составляет привилегию высших натур, чем выше натура, тем больше несчастий испытывает она» (Г.Ф. Гегель. Энциклопедия философских наук. М., 1975, т.2 стр. 506.).
Алайда Абай «су түбіне кеттің жұрт, тал табылмас қармауға» дейтін түңілген пессимист ойшыл емес. Өмірге, болмысқа сыншыл реализм тұрғысынан қарай отырып: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық... қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» - дейді.
«Қары қалың қатты қыс» - сонау феодалдық-патриархалдық тіршілік болса, «көгі қалың, көлі мол жақсы жаз» - біздің қазіргі социалистік болмыс. Демек, Абай - үміт туын қолына берік ұстаған ойшыл, оптимист ақын.

  1. Әр адамның бойында барлығына бірдей адамгершілік заңы бар деген Канттың пайымдауы дұрыс па..» тақырыбына эссе жазыңыз

Канттың пікірінше, адамгершілік бізге ұмтылу керек идеалды береді, және, әрине, бұл ақылдың идеалы. Сондықтан неміс философының этикасы зияткер деп аталады. Кант үшін адамгершілік әрекет тек парыз сезімінен жасалады, онда тек адамгершілік заңды білуге орын бар. «Басқа адамдарға олардың сізге қалай қарағанын қаласаңыз, оларға солай қара» - бұл сөз тіркесін немесе оның ұқсастығын көпшілігіміз кем дегенде бір рет естідік. Бұл таныс және өзінен-өзі түсінікті нәрсе ретінде қабылданатынымен келісесіз бе? Дегенмен, бұл жай ғана кең таралған өрнек немесе мақал емес - шын мәнінде, бұл тіркес «категориялық императив» деп аталатын өте қызықты заңға сілтеме жасайды. Сонымен қатар, ол басқа заңмен, дәлірек айтсақ, бір ережемен – адамгершіліктің «алтын ережесімен» тікелей байланысты. «Категориялық» императив термині автономды этика тұжырымдамасын жасаған неміс философы Иммануил Канттың арқасында пайда болды. Бұл концепция бойынша адамгершілік принциптер әрқашан бар, қоршаған ортаға тәуелді емес, бір-бірімен үнемі байланыста болуы керек. Ал категориялық императив адам өзінің мінез-құлқын анықтайтын арнайы принциптерді қолдануы керек дейді. Канттың ойынша, адам ең жоғары құндылық. Әр адамның бойында кез келген қол сұғушылықтан қорғайтын ізеттілік бар. Дегенмен, кез келген басқа халықтың қадір-қасиеті бар. Бір адамның басқа адамның қабылдау призмасы арқылы мінез-құлық жолын таңдау еркіндігі бар екен. Ал кез келген әрекет жақсылық пен жамандық ұғымдары негізінде бағаланады. Категориялық императивтің адамгершілік мәні өз ішінде себепті қамтиды және ештеңенің нәтижесі емес. Философ оны дүниеден жоғары қояды, оны көптеген өмірлік байланыстардан ажыратады және шындыққа қарсы тұрады, өйткені ол бүгінгі күн туралы емес, оның қалай болуы керектігі туралы айтады. Ал жеке адамға деген шынайы құрмет – адамгершілік пен құқықтың адамгершілік негізі. Бірақ нақты өмірде бұл іс жүзінде мүмкін емес, өйткені. адам табиғатында Кант айтқандай, «бастапқы зұлымдық» бар – бұл өзімшілдік, тек өз бақытына ұмтылу, өзімшілдік, т.б. Бірақ, кез келген жағдайда, категориялық императивтің кез келген осыған ұқсас алдыңғы теориядан айырмашылығы мынада: адамгершілік негізі адамның бақыты мен игілігіне ғана емес, сонымен бірге оның ақыл-ойының талаптары мен қағидатына негізделеді. гуманизмнің «алтын ереже» моральда айқын көрініс тапқан. Сол моральдық императивтің тағы бір формуласы былай делінген: «... адамшылықты әрқашан өз тұлғаңда да, басқалардың тұлғасында да, сонымен бірге мақсат ретінде қарастыратындай әрекет ет.!»
Кант махаббат пен сыйластық тақырыбына көп көңіл бөледі. Ол былай деп жазады: «Табиғатымыз бойынша бізде екі импульс бар, соған сәйкес біз сүйіспеншілік пен құрметке ие болғымыз келеді ... Адам өзінің ішкі құндылығы болғандықтан құрметтеледі, бірақ олар оны жақсы көреді, өйткені олар онымен пайда алуды және онымен байланыстырады. түрлі ләззат. Біз өзімізге пайда әкелетін нәрсені жақсы көреміз және құндылығы бар нәрсені құрметтейміз. Сыйласуды қалауымыздың тағы бір себебі, құрмет сүйіспеншілікке қарағанда басқаларға көбірек сенімділік береді. Құрметтің арқасында біз қол сұғылмайтынбыз және қорлаудан қорғаймыз. Сүйіспеншілік немқұрайлылықта да болуы мүмкін. Махаббат басқа адамдардың сүйіспеншілігіне негізделген; өйткені олардың мені жақсы көргісі келетіні, бас тартқысы келетіні немесе жек көретіні соларға байланысты. Бірақ егер менде ішкі құндылық болса, онда мені бәрі құрметтейді. Бұл жағдайда біреудің қалауы немесе қаламауы емес - менің ішкі құндылығымды көрген адам мені де құрметтейді. ...Егер өзімізді сыйлағымыз келсе, өзіміз де басқа адамдарды, жалпы адамзатты сыйлауымыз керек. Осылайша, біз басқалардан бізге қалай талап етсек, солай істеуіміз керек ».

  1. М. Монтеннің «Тәжірибелер» еңбегін оқу« Тәрбие туралы» бөліміне арналған «Адамгершілік - әсем және пайдалы нәрсе»,«Кітаптан жаттап алынған ілім – аянышты ілім», «Рух күші шектен тыс азапқа салынушылыққа және шектен тыс ляззат алушылыққа қарсылық көрсетуі тиіс...» тақырыптардың біріне эссе жазыңыз

Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.
Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.
Халықтың әріден келе жатқан тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізіп отырған жандардың бірі - тәрбиешілер қауымы. Мектеп-интернатымыздың балалары көп уақытын үйден тыс, яғни мектепте өткізеді, сондықтан да зағип жанды балаларымызды ізгілік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерге баулитынымыз анық. Жақсы-жаман әрекеттерді ажырата білуге үйретеміз.
Мектеп-интернатымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларымызды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы, қашан да халық тәрбиесін үлгі етіп ұстаймыз. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы - осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаларымыздың бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені, адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Зағип жанды балаларымыздың мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін құдіретті қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде алдыма қойған мақсатымның бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. “Біз тәрбиелеп отырған ұлдарымыз бен қыздарымыздың өмірі жарқын, болашағы айқын болсын!” дегім келеді.
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: «Мамандықтар», «Ұ дыбысы мен әрпі», тәрбие сағаты: және ойын - сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.

  1.  Я.А. Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегімен танысуЯ.А. Коменскийдің тәрбие мен білім берудің негізгі қағидалары «Я.А. Коменскийдің рухани-адамгершілік білім туралы ойлары» тақырыбына эссе жазыңыз

Ұлы дидактика (лат. Didactica magna) - чех гуманист-педагогы Ян Амос Коменскийдің 1627-1638 жылдар аралығында чех тілінде жазылған және 1657 жылы латын тілінде алғаш рет өңделген түрде жарияланған педагогикалық еңбегі.
Бұл дидактикалық принциптер көрсетілген алғашқы ірі педагогикалық еңбектердің бірі.
Я.А.Коменскийдің жиі негізгі еңбегі деп аталатын еңбекте тек тәрбие ғана емес, тәрбие (ақыл-ой, дене, эстетикалық), мектептану, педагогикалық психология, отбасы тәрбиесі мәселелері де қарастырылады. Біз Ұлы дидактикаға, яғни бәріне бәрін үйретудің әмбебап өнеріне уәде беруге батылдықпен қараймыз. Және, оның үстіне, сенімді табыспен оқыту; сондықтан сәтсіздікке жол бермеу үшін; мұғалімге де, оқушыларға да ауыртпалық немесе зерігу болмайтындай, оқу екі жақ үшін де үлкен рахатпен өтуі үшін жылдам оқыту; тиянақты, үстірт емес, сондықтан форма үшін емес, оқушыларды шынайы ғылымға, жақсы адамгершілікке, терең имандылыққа баулу. Ақырында, біз мұның барлығын априори, яғни тірі көзден сарқылмайтын ағындарды ағып жатқандай, заттардың нақты, өзгермейтін табиғатынан анықтаймыз; содан кейін оларды бір үлкен өзенге қосу арқылы біз әмбебап мектептер құрудың әмбебап өнерін қалыптастырамыз. Коменский педагогикаға жаңа идеяларды енгізеді, ескілерді түбегейлі қайта қарастырады.Ұлы дидактика сенсациялық педагогикалық принциптерді тұжырымдады. Коменский сезіну арқылы қабылданатын дүниенің заттары мен құбылыстарын енгізе отырып, баланың санасын байытуға шақырады. Трактат педагогикалық процестің заңдылықтарын білуді педагогикалық тәжірибенің қызметіне қою қажеттігі туралы айтады. Соңғысы тез және тиянақты дайындықты қамтамасыз етуге арналған, нәтижесінде адам білім мен дағдыларды меңгеруі, рухани-адамгершілік жетілдіруге қабілетті болуы керек. Демек, Коменский үшін білім өз алдына мақсат емес. Ол білім мен стипендияны «басқаларға жеткізу» үшін де алынғанын атап өтті.
Коменский зерттеуді қажет ететін салаларды өте дәл тұжырымдайды:
ғылыми білім;
адамгершілік;
тақуалық/дін.
Коменский екі жыныстың да, барлық таптың да балаларын оқытуды жақтайды.
Осыған байланысты ұлы гуманист ұстаздардың еңбектерінде жинақталған адамгершілік-рухани тәрбие тәжірибесіне терең бойлау маңызды болып отыр. Бұл мақалада Ян Амос Коменскийдің педагогикалық идеялары жазылған дүниетанымдық позициялардан, яғни Рухтың онтологиялық болмысын тану, әр адамның өлмейтін жаны бар екенін мойындау тұрғысынан қарастырылады. Сондай-ақ мақалада Ян Амос Коменскийдің идеялары мен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының идеялары арасындағы ұқсастықтар көрсетіледі.
Ян Коменский (1592-1670) Моравияда, Нивнице қаласында дүниеге келген. Мартин Коменский мен Анна Хмелованың ұлы. Мартиннің әкесі бір кездері Словакиядан Моравияға көшіп, өзі қоныстанған Комнина ауылының құрметіне Коменский фамилиясын алды. Мартин мен Анна Коменский чех (моравиялық) ағайындардың діни қауымының мүшелері болды. Кейінірек Ян осы қауымның пасторы болды. Янның ата-анасы ерте қайтыс болды, ал епископ Ланецкий оған қамқорлық жасады, ол оған Амос деген екінші есім берді, бұл Сүйіспеншілікті білдіреді. Солайша Коменскийді бәрі Жан Сүйіспеншілік ретінде білетін. Коменский өмір бойы бұл атауды растады.
Келесі кезекте Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» іргелі еңбегін қарастырайық. Ойланып көрейікші, Коменский өз еңбегін неліктен «Ұлы дидактика» деп атады? «Ұлы» деген сөздің өзі күтпегендей көрінеді, автордың өзі оның еңбегін соншалықты жоғары бағалап, алыс болашаққа көз жүгірткендей болды ма? Бірақ оның еңбегін оқығаннан кейін біз оның өзі ұсынған дидактиканы керемет деп атағанын түсіне бастаймыз, өйткені ол өзін оның авторы деп санамаған, бұл дидактиканы табиғаттың өзінен тыңдаған! Яғни, Табиғаттың өзі Ұлы дидактиканың авторы: «Бұл өте рас: өнер табиғатқа еліктеуден басқа ештеңе істей алмайды».
Коменский мұны мысалдармен дәлелдейді. Суда жүзіп жүрген балықтарды көреміз; бұл оның табиғаты. Сондықтан адам кемелерді осы идея бойынша құрастырған: қанаттардың орнына - ескек немесе желкен, ал құйрықтың орнына - руль. Құс ауада ұшады; бұл оның табиғаты. Адам құсқа еліктегісі келгенде, оған қанаттары (осындай ауыр денеге төтеп беру үшін сәйкес келеді) қосып, оларды жылжыту керек болды. Сонымен, Я.Коменский былай деп түйіндейді: «Осының барлығынан біз оқыту мен оқу өнерінің негізгі идеясы ретінде қабылдағымыз келетін тәртіпті мұғалімнің өзінен - табиғаттан басқа ешбір көзден алуға болмайтыны және алынбауы керек екендігі анық. . Егер бұл қатаң түрде белгіленсе, табиғиның бәрі оңай және еркін болатындай жасанды да оңай және еркін жүреді. Сондықтан Цицерон «Табиғатты жол көрсетуші ретінде ұстансақ, біз ешқашан адаспаймыз» деп орынды айтады. Табиғаттың осында және сол жерде әрекет ететін процестерін бақылай отырып, мен дәл осылай әрекет етуіміз керек деген сенімділікті растаймын деп үміттенемін. Коменский алғашқы тарауларында адамның қайсысы «ең жоғары, ең еркін және ең кемел жаратылысқа» айналатынын түсіну арқылы өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдірудің туа біткен шексіз мүмкіндіктерін білу қаншалықты маңызды екенін жазады! Ал дәл осы әлеуетті жүзеге асыру адам өмірінің мақсатына айналуы тиіс. Бұл мақсаттың «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мақсатымен үйлесетінін атап өтейік: тұлғаның асыл қасиетін қалыптастыру және шексіз рухани әлеуетін жүзеге асыру.Үшінші тарауда Коменский «Қазіргі өмір - мәңгілік өмірге дайындық» тарауының атауы болып табылатын тезисті негіздейді: қазіргі уақытты қамтитын және оны мәңгілікке жалғастыратын болашақ өмірге дайындық. Ана құрсағынан реттелген денені шығарған адам бақытты, ал бұл жерден ізгілікпен тәрбиеленген жанды алып кеткен адам мың есе бақытты.Төртінші тарауда адамды барлық жаратылыстардан ерекшелейтін адамға туа біткен даму салалары: тәлім-тәрбие, ізгілік (адамгершілік, ізгілік), имандылық айқындалады: «Тәрбие дегенді біз барлық пәндерді, өнерді, өнерді және білімдерді түсінеміз. тілдер; ізгі мораль атымен – тек сыртқы әдептілік емес, ең бастысы, мотивтердің ішкі негізі; тақуалық арқылы адам рухы саналы түрде жоғары болмыспен байланысқа түсетін Құдайға деген ішкі құрмет. Мораль деген атаумен Я.Коменский тек сыртқы әдептілік емес, сонымен бірге әділ мінез-құлық құндылығына сәйкес келетін мотивтердің бүкіл ішкі негізін де білдіретінін атап өтеміз. Шынында да, дұрыс мінез-құлық сыртқы ережелерге емес, ар-ожданның ішкі үніне сәйкес келетін әрекеттер. Білім мен тақуалық Ақиқат құндылығының аспектілері болып табылады, өйткені бұл құндылықтың қасиеттері білімге құштарлық және адамның жоғары рухани болмысын білу.Барлық басқа қасиеттер (денсаулық, сұлулық, күш-қуат, байлық, табыс, ұзақ өмір сүру) адамға тек қосымша және сыртқы безендіру болып табылады. Я.А. Коменский табиғаттан алынған мысалдармен растайды: сағат уақытты дұрыс көрсетуі керек, ал сағаттың сыртқы әшекейлері уақытты дұрыс көрсеткенде ғана мағыналы болады. Сағат уақытты көрсетпесе, ол қанша әдемі және қымбат болса да, оның құны жоқ. Сол сияқты адам қанша сымбатты, дәулетті, табысты болса да, өзін осы үш салада – білім, ізгілік пен имандылықпен дамытпаса, оның өмірі босқа, пайдасыз, сағат сияқты көрінбейтін болады. уақыт. «Демек, біз айтқан үш міндет біздің өміріміздің жұмысы болуы керек, ал қалғанының бәрі екінші, кедергі, бос нәрсе».
Бесінші тарау: «Тәрбиенің, ізгілік пен имандылықтың дәнін бізге жаратылысынан сепкен» деп аталады. Адамның жаратылысы жаратылысынан жақсы және біз оған қайта оралуымыз керек, сондықтан Коменский былай деп жазады: «Адамға сырттан ештеңе әкелудің қажеті жоқ, бірақ оның бойында, бүршігінде не бар екенін дамыту, ашу керек. , бар нәрсенің маңыздылығын көрсетеді». Ұлы педагог адамды «даналықтың таңғажайып мүшесі» деп атап: «Адам бойында даналық мәңгілік негіз салды» деп жазады. Осыған ұқсас идея «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасында да қамтылған: мәңгілік адами құндылықтар – бұл әр адамға табиғаттан, адамның дүниеге келуімен берілген құндылықтар. Мысалы, оттың жану қасиеті бар, судың сұйықтығы бар. Егер от жану қабілетін жоғалтса, ол от болудан қалады, егер су тыныш ағып кете алмаса, онда ол енді су деп аталмайды. Ғаламның әрбір бөлшегі өз ерекшеліктері мен қайталанбас ерекшеліктеріне ие. Егер ол осы бірегей қасиеттерін жоғалтса, ол өзін-өзі жоюға ұшырайды және өмір сүруін тоқтатады. Адамға ізгі қасиеттер ретінде көрінетін жалпы адамзаттық құндылықтар берілген. Егер адам мәңгілік құндылықтарды - шындықты, сүйіспеншілікті, әділ мінез-құлықты, ішкі тыныштықты және зорлық-зомбылықты көрсетпесе, онда адамды енді адам деп атауға болмайды және оның өмірі бос өтеді.Я.А. Коменский даналық адамның бойында берік негіз қалағанын, оған білімге құштарлық, қиындықтарға төзе білу, тіпті оған деген құштарлық берілгенін табиғаттан мысалдар арқылы көрсетеді. Мысалы, адамгершілік үйлесімінің адамға табиғатынан тән екенін дәлелдей отырып, ол былай деп жазады: «...бұл екі жақты дәлелмен дәлелденеді: біріншіден, әрбір адам үйлесімділіктен ләззат алады, екіншіден, оның өзі іштей де, сырттай да, гармониядан басқа ештеңе емес». Сондай-ақ осы тарауда Коменский аян принципін шығарады: «Дүниеге кірген адамның рухы тұқыммен немесе дәнмен өте ыңғайлы түрде салыстырылады ... Демек, адамға сырттан ештеңе енгізуге болмайды, бірақ оның құрамындағы нәрсе. эмбрионда дәл осы нәрсе дамуы керек, ашылуы керек және әрқайсысы оның не екендігімен анықталады. Сондықтан, өзіңіз білетіндей, Пифагор адамның бәрін білуі соншалықты табиғи нәрсе, егер жеті жасар балаға тіпті барлық философияның сұрақтары туралы ақылға қонымды түрде қойылса, ол бәріне нақты жауап бере алатынын айтатын. .«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасында ашу принципі де осыған ұқсайды: адамгершілік-рухани білім беру – адамның ең жоғары рухани болмысын ашуға бағытталған ішкі тәрбие, оның барысында мұғалімнің жеке тұлға болып қалыптаспауы. қоғам тәртібі, бірақ тек оқушы тұлғасының бар әлеуетін ашады, ашады, тәрбиелейді. Ұлы дидактик әр адамның ішінде шамы да, шырағы да, майы да, шақпақ татасы да болады деп атап көрсетеді. Сондықтан оқушыға басқа адамдардың пікірлерінің шамдарын қолдануға үйретіп қана қоймай, өзінің ішкі нұрын жағуға көмектесу керек.

  1. Л.Н. Толстойдың педагогикалық еңбектерімен танысу. «Индусқа хат», «Өмір туралы» еңбектеріне сүйене отырып «Л.Н. Толстой педагогикасындағы сүйіспеншілік» тақырыбына эссе жазу немесе «Тәрбие туралы ойлары» (1985-1902 жж. хаттар мен күнделіктерден), «Бейтаныс адамнан хаттар 1984 жылдың 5 наурызы» және т.б. еңбектеріне сүйене отырып «Мұғалім үшін жалпы ескертулер» тақырыбына эссе жазу немесе «Әл-Фараби мен Л.Н. Толстойдың өмірлері мен шығармашылықтарын біріктіретін негіздер» тақырыбына реферат жазу.

Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары.
Көркем сөздің асқан шебері, Л.Н. Толстой Ресейде ескі феодалдық қоғам ыдырап, жаңа капиталистік қоғам дами бастаған кезде өмір сүрді. Л.Н. Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардың мүддесін жоқтады. Помещик — буржуазиялық тәртіпке қарсы болды, сол дәуірдегі қоғамдық мекемелердің (шіркеу, сгот, буржуазиялық ғылым, неке) жалғандығын әшкереледі. Бірақ осыған қарсы күресудің орнына, ол көнуге шақырды.
Педагогика, оқыту және тәрбиелеу мәселелері Л.Н. Толстойдың теориялық және пракикалық қызметіде үлкен орын алады.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында Ресейде өріс алған қоғамдық педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л. Толстой халыққа білім беру саласында қоғамдық ағарту қызметімен шұғылданды.
Ясная поляна менктебі мен Ясная поляна журналының мәні.
1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ береді.
Оның бастамасымен сол маңда бірнеше бастауыш селолық мектептер ашылды. 1861 – 1862 жылдары Л.Н. Толстой шетелдерде болды, Франция, Италия, Бельгия, Англия және Германиядағы көптеген мектептердің жұмысымен танысты.
Шетелдер мектептерінің (әсіресе Германия) негізгі кемшіліктерін (формализм, балаларға еркіндіктің берілмеуі және т.б.) атап көрсетті.
Ясная Поляна мектебінде балалар мектепке келуде, сабақ оқуда зор белсенділік көрсетті, өздерін еркін ұстап, біліммен, нәтижелі түрде қаруланды. Бұл мектептің жұмыс тәжірбесін тарату мақсатымен “Ясная Поляна” атты педагогикалық журнал шығарды.
Журналдың бірінші санында Ясная Поляна мектебінің жұмысы туралы жазылды.
1872 жылы Л.Н. Тостой жазған “Азбука”, 1875 жылы “Жаңа азбука” және төрт оқу кітабы басылып шықты.
Кейінірек Л.Н. Толстойдың метепке көзқарасы мүлде өзгерді, 1874 жылы жазған “Халық ағарту туралы ” – деген мақаласында халыық мектебіне арта қалған шаруалар тұрғысынан қарады.
Дипломды мұғалімі бар мектептерді ол артық депесептеді. Жеті айда шаруа балаларын орыс және словян тілінде хат тануға, санай білуге және дін сабағына үйретсе, соның өзіде жеткілікті, арнаулы мектеп салудың қажеті жоқ, сарайда немесе шаруалардың үйлерінде оқыта беруге де болады деді.
Бірақ Л.Н. Толстой оқытудағы формализмге қарсы шықты, оқытудың көрнекілігін жақтады.
ХІХ ғаырдың 70 жылдарында Л.Н. Толстой Ясная Поляна мектебінде қайтадан сабақ бере бастады.
Шаруалар мектебіне мұғалімдер даярлайтын семинарияның жобасын жасады. Бірақ оны ашуға үкімет ат салыспады.
Л.Н. Толстой сол дәуірдегі педагогиканеы және орыс, шетел мектептерін батыл сынады.
Ол сол дәуірдегі мектептерде орнаған қатаң тәртіпті, оқытудағы формализмді және оқытудың жаттауға негізделуін ашып көрсетті.
Сол дәуірдегі мектептегі қатаң тәртіпке қарсы күресу үстінде Л.Н. Толстойдың балаларға деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.
Ол мұғалімдік қызметті өте ұнатты, оған барынша беріліп, көп іздейді, әр мектептің педагогикалық лаборатория болуын талап етті. Л.Н. Толстой ашқан Ясная Поляна мектебі шын мәнінде осындай педагогикалық лаборатория болатын. Бұл мектепте сабақ мұғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі ретінде жүргізілді. Мектепте оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабабағы, орыс тарихынан әңгімелер, орифметика, география мен жаратылыстан алғашқы мәліметтер, сурет және ән үйретілді.
Жаратылыс, геогафия және тарихтан мәліметтер орыс тілі сабағында көркем әңгіме ретінде берілді. Бұл мектепте оқу жоспары, оқытудың бағдарламасы және сабақтың тұрақты кестесі болмады.
Л. Н. Толстойдың жалп педагогикалық және дидактикалқ көзқарастары
Л.Н. Толстой мектеп мұғалімнің оқу жұмысын ұйымдастыруға міндеті — барлық балалардың сабаққа үлгеруін қамтамасыз ету деп есептеді.
Л.Н Толстой мұғалім мен оқушылар арасында еркін қарым – қатынас болуын, балалардың мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке даяр болуын қажет деп есептеді.
Л.Н. Толстой оқытуда мынадайережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын , түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені атпау , артық нәрселерді айтып балаларды шаршатпау, сабақ материалыныңбалалаларға тымқиын немесе тым жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақсайынбелгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтауы қажет деп санады. Ол балаларды өз бетіншежұмыс істеуге үйретуге, соның ішінде шығарма жазуға көп көңіл бөлді. Л.Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірлерінде бастауыш мектептің оқулығыныңқандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы материалдың қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті.
Толстойдың “Азбукасы” және кітаптары
Осы талаптарға сай жазылған”Азбука”және “Оқу кітаптары” ХІХ ғ. ІІ жартысындағы құнды педагогикалық ескерткіш болып саналады. Л.Н.Толстой оқулықтарының негізгі қатесі-онда діни мазмұнда жазылған әңгімелердің орын алуы еді.
Л.Н. Толстой халық мұғалімінде болатын негізгі қасиет- педагогтық еңбек және балаларға деген сүйіспеншілік деп санады. Егер мұғалім педагогтық істі сүйсе, ұнатса ғана жақсы мұғалім болады. Балаларды ата-ана сияқты сүйетін мұғалім барлық кітапты оқыған,бірақ педагогтық істі және балаларды сүймейтін мұғалімнен әлдеқайда биік тұрады. Егер мұғалім педагогтық істі де, балаларды да сүйетін болса, одан өте жақсы мұғалім шығуы мүмкін деп қорытты. Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, оқу процесінде белгілі педагогикалық мәселерді шешуге араласуы тиіс. Мектеп оқу орны ғана емес, ол әрі педагогикалық лаборатория деп санады.
Мұғалім жөнінде осындай алдыңғы қатарлыпікірде болумен қатар, Л.Н. Толстойдың кейбір еңбектерінде село мектептері мұғалімдерінің шаруалардан айырмашылығы болмағаны дұрыс, оларға мемлекет тарапынан еңбекақы беру міндетті емес деген қате пікірлер орын алды. Осы сияқты қате, қайшылыққа толы пікірлеріне қарамастан, Л.Н.Толстой орыс педагогикасы мен мектептерінің дамуына үлкен үлес қосты.
Л.Н.Толстойдың барлық педагогикалық шығармаларының темірқазығы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналды. Жеке тұлғаның қалыптасуын оның адамгершілік қасиетімен және түрлі іс-әрекеттерімен байланыстырды.
Көрнекті педагог өз мақалаларында педагогиканың зерттеу әдістеріне ерекше мән береді. Соның ішінде мұғалім тәжірибесін зерттеу, әр мектепті “мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық еңбек зертханасына” айналдырудың маңызды екенін көрсетті.
Ясная Поляна мектебінде сабақ мұғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі түрінде жүргізілді. Мектепте оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабағы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, жағрафия, жаратылыстанудан алғашқы мәліметтер, сурет және ән үйретілді.
Бұл мектепте оқу жоспары, оқытудың бағдарламасы және сабақтың тұрақты кестесі болмады. Әр аптаға жаңа сабақ кестесі белгіленді және оның орындалуы міндетті болмады. Үйге тапсырма берілмеді, оқылған сабақты ертеңіне пысықтау жүргізілмеді. Күн сайын мектепке міндетті түрде келу талап етілмеді. Осыған қарамастан, балалар сабаққа күн сайын келіп, мектептен үйге қайтуға ешқашан асықпады. Мектепте жазалау деген атымен болмады.
Ясная Поляна мектебінің жетістіктері (балаларды қызықтыру, олардың белсенділігін арттыру, балаларға қамқорлықпен қарау, мұғалімдер мен оқушылардың өзара түсінісуі, материалды көркем әңгіме ретінде түсіндіру) болды. Мектеп жұмысындағы кемшіліктер де (жүйелі білім беруді бағаламау, міндетті оқу жоспары мен бағдарламаның болмауы, сабақ кестесінің, баланы тәртіпке, жинақты болуға үйрететін күн тәртібінің болмауы) орын алды.
Л.Н.Толстойдың пайымдауынша, білім беру мен тәрбиелеу, табиғи құбылыс тәрізді обьективті процесс. Толстой оқыту мен тәрбиелеу барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми білім берудің басты мақсатының бірі болуға тиіс деп санады.
Л.Н.Толстойдың баланы еркін дамыту идеясы мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа типті қарым-қатынас қалыптастыруға негізделді. Ол оқушының танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілетін арттыру мектептің жұмыс жасау стилін анықтайды деп түйіндеді.
Л.Н.Толстойдың діни-адамгершілік іліміндегі басты адамгершілік қағидаларын, мәселен, Құдайдың рахымдылығы, қайырымдылық, сенім, жан, ар-ұят, махаббат, өмір, игілік жайлы ой-толғаныстарын ол “Өмір жолы” атты соңғы үлкен шығармасында жазды. Онда адам өзіндік санасы және рухани жетілу жолы арқылы өзінің шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асырады деді. Ойшыл-педагог өмір тәрбиесіне үйрету – адамды тұлға ретінде қалыптастыру, оның санасы мен ар-ұятын үйлестіру болып табылады деп көрсетті.
Л.Н.Толстой адамгершілік тәрбиесі – адамды рухани жағынан жетілдіру, санадан тыс та, саналылық түрде де іске асады дейді. Санадан тыс қалыптасқан адамгершілік қасиеттер баланың өскен ортасында нелерді қабылдағандағандығын көрсетеді, оның құндылық бағдарын анықтайды. Белгілі жазушы-педагог осыған байланысты отбасы мен қоғамдағы екіжүзділік моральдің қауіптілігін әшкереледі.
Л.Н.Толстой саналылық тәрбиесі қойылған мақсатқа табандылықпен жетуді, ерік сапасын шынықтыруды, өзін-өзі жетілдіруді мақсат етеді деп есептеді.

  1. С.А. Назарбаеваның «Өмір әдебі» еңбегін зерделеу және «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің өзектілігі» тақырыбына эссе жазыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет