Өзін-өзі тану пәні бойынша емтихан сұрақтары



бет2/8
Дата11.05.2022
өлшемі0,9 Mb.
#142055
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
өзін-өзі тану 46-90
1611770133, Документ, Документ, Документ, ашық сабақ, 8 сынып ҚМЖ 3 тоқсан 43 сабақ, токтагулова
В.А.Сухомлинский
Өз үйінде бақытты адам ғана шын бақытты.
Л.Н.Толстой.
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасы қоғамның тұрақтылығы мен келесі ұрпақ тұрғындары санының орнын толтыруға мүмкіндік беретін, негізгі институттарының бірі болып табылады. Адам бүкіл өмірінің барысында әрқилы көптеген топтардың құрамына мүшелік еткенімен, тек отбасы ғана ешқашан ажырамайтын топ болып қала береді. Отбасы әлеуметтік ұйымдасудың ең кеңінен таралған түрі болып табылады. Отбасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, швед тарихшысы Иоганн Якоб Баховеннің «Аналық құқық» атты еңбегінің жарық көрумен байланысты ғылыми тұрғыда қарастырыла бастайды. Баховен отбасының тарихы жөніндегі тарихи бастау ретінде ілкі заманның классикалық әдебиеттерін талдай келе, алғашқылардың бірі болып, көне дәуір аңыздарының әйел мен еркектің қоғамдағы өзара қатынастарындағы тарихи өзгерістерді сипаттайтынын көрген. Маңызы жоғары әлеуметтік институттарды сөз еткенді біз олардың қатарынан бірінші жоспарда отбасын атаймыз.
Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және әлеуметтік сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасының көп жанды – бала шағалы болуын тілесе, кейін санының көптігі әрбір халықтың, елдің артықшылығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша қоғамның әлеуметтік жағдайы, адамдардың онда жақсы өмір сүруі отбасының құрамына байланысты болған. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» дегенінің мәнісі де осында.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым–қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда өз бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден-ақ қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері де жерде қалдырмайды, ал үй-ішінің шылбыр тізгінін қолында ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін, тілек–ұсыныстарын елеп–ескеріп отырса, бұл, бір жағынан, ортақ мүддеге қызмет етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып табылады.
Отбасының бейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы – орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ата –ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату–тәттілік,береке –бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне–көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер», «Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық», «Анасына қарап, қызын ал» деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендігін айтады. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай аунап – қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз үйіне қайтып оралғанда, төрінің тарлығынан көсілгенде сирағы сыртқа шығып кетсе де, Жиренше шешен: «Ай-хай, менің боз үйім, кең сарайдай өз үйім», – деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында да «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» деген тамаша нақыл бар. Алайда, бала онда ата–ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен шешенің жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп–инабат тағлымдарын алуы, оларды меңгеріп, іс жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр талап ететін жолынан өтуі тиіс. Соның бірі – үлкендердің ақыл-кеңесі, өсиеті. Мұны жай ақыл айту, құрғақ насихатшылдық, қарттардың кәдуілгі әдеті деп қарау – қате. Онда сен жақсы бірдеңеге үйреніп қалсын деген ниет қана емес, үлкен өмір тәжірибесі, жастығына байланысты сен жете мән бере қоймайтын құнды сабақ бар. Соны құлаққа іліп, зердеге түйіп өскен жастан көп жақсылық күтуге болады. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», – деген ғой кемеңгер Абай.
Отбасы бұл – адамзат қоғамының басты институты. Отбасы институты бірінші кезекте едәуір жекелеген көптеген институттарды, атап айтқанда: неке институтын, туыстық институтын, аналық жіне аталық институттарын, жеке меншік интститутын, балалық шақты әлеуметтік қорғау және қамқорлыққа алу институтарын және т.б.қамтиды.
Отбасының аса маңызды қызметтеріне:
1) халықтың ұдайы өсуі – адамның отбасында физикалық және рухани-адамгершілік ұдайы өсуі;
2) тәрбиелік қызметі – жас ұрпақтың әлеуметтенуін, қоғамның ұдайы қсуінің мәнени қамтамасыз етілуі;
3) шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің дене денсаулығын қолдау, балаларға және отбасындағы қарт адамдарға қамқорлық;
4) экономикалық – отбасы мүшелерінің басқалары үшін материалды қаражаттарды алуы, кәмелеттік жасұа толмағандарды және қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін экономикалық қолдау;
5) рухани қарым-қатынас қызметі – отбасы мүшелері тұлғасының дамуы, рухани өзара байуы;
6) әлеуметтік-мәртебелік – отбасы мүшелеріне нақты мәртебені ұсыну, әлеуметтік құрылымның ұдайы өсуі;
7) бос уақыт – бос уақытты ақылға қонымды етіп ұйымдастыру, қызығушылықтардың өзара байуы;
8) эмоциялы – психологиялық қамқорлық пен эмоциялы қолдауға ие болу, индивидтердің эмоциялы тұрақталуы және олардың психологиялық терапиясы;
9) бастапқы әлеуметтік қадағалау қызметі – тіршілік әрекеттерінің әрқилы аумақтарында отбасы мүшелері мінез-құлықтарының моральды реттелуі, содай-ақ ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы жауапкершіліктің жіне міндеткерліктердің реттелуі жатады.

  1. Ел әл-ауқатының тірегі – ер баланың адамгершілік қасиеттерімен қыз баланың адамгершілік қасиеттері.

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – әрбір қазақ үшін маңызды. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасы құндылығы – біздің мемлекетіміз ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты – әкеде, қыздың ұяты – шешеде» деп бағаланғандықтан. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл қазаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыру дегеніміз. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлттық сана дегеніміз ол – әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық, қиянат жасамау, үлкенді сыйлау, тағы сондай сияқты. Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын, ойламды, шымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұсынған. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.
Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін балдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Ата-анасын аялай, құрметтей білген баладан жақсы азамат шығады. Шығыстың басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы сияқты қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Дүниеге ұл әкелу әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Қазақ халқының менің ұлым деп көкірек қағып, мақтаныш тұтар ұлының қандай болу керектігі туралы халықтың талғамына сай бейнеленеді: а) кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, кең маңдайлы, кең иықты, жуан білекті, темірдей саусақты». ә) қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, жау жүректі, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ». б) қабілет-икемі: «Көсем жігіт» – ел басқаратын жігіт, «Шешен жігіт» – дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» – еліне қамқор, жауына алаберен жігіт, «Сері жігіт» – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағына ойнап, ер қаруы – бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. «Жомарт жігіт» – дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» – мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, нәтиже де берері анық. Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте қыздармен қатар берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі өнеге көрсетумен байланысты. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден бір міндеті. Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Жеті атаға дейін өз руының қыздарына үйленбеуге тырысқан. Қазақтар ұлдарын он үш жасында отау иесі деп дайындаған. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, бесікке кім бөлейді сол адамға тартады деп те ырымдаған. Адамгершілік, қайырымдылық, әдептілік сияқты қасиеттер үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халықымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек. Бала әкені сенімді дос ретінде санайтын болсын. Үлгі тұтатын әке болсаңыз, бала сізге адал дос, қолдаушы болады. Ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қыздардың – анасына, ұлдардың – әкесіне еліктейтіні анық. Ұл бала әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Ұл үшін әкесінен асып түсер мықты адам жоқ: ол көлік айдайды, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештеңеден қорықпайды. Қазақта үстелдің төрінде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім отырмайды. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Қазақта ұлдар әкесі немесе атасының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру – қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі. Қандай ата-ана болсын баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл – ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғынуы тиіс.
«Қыз өссе-елдің көркі» - дегендей Ел, сәні, елдің көркі қыздардың шырайланатыны шындық. Халқымыздың қыз балаға деген құрметі ежелден ерекше болған. «Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық қыздарын бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын. Қыздарымыздың асыл қасиеті-жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа қызықпағанымен жыр-дастандардан білеміз. Қыз баланың әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен, жолдас-жораларымен және жай былайша адамдармен арақатынасынан, жалпы барлық жүріс-тұрысынан көріп тұрады. Қыз баланы әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп өнуіне үлкен нұсқан келтіреді. Қыз баланың шашын қырқуы, кісінің бетіне тік қарау, ер адамның алдын бұландап кесіп өтуі, қыдырымпаз, сауықшыл болуы үлкен мін болып саналады. Сондықтан «қызға қырық үйден тыйым» деп, қыздарға қырағы қарайды. Қызды жанының нәзік сезімталдығы, үй тірлігіне жақындығы, ертеңгі ана болу ерекшелігі тәрбиеде ұл балаға қарағанда біраз өзгеше қарым-қатынасты қажет ететіні анық. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, к зге түсуге тырысуы, орынсыз боянып-сылануы ерсі. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.
Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды.
Қорыта келе әр азамат ұрпақ тәрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулыту, тәрбиелеу.

  1. Педагогтың дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарлары

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

  • Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;

  • Кәсіби белсенділік;

  • Кәсіби білімдері мен іскерліктері;

  • Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

  • Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Кейбір ұғымдарға қысқаша сипаттама берелік:
Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.
Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.
Кәсіби білімдері мен іскерліктері кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол – өзінің пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мұмкіндіктеріне қанық болуы.
Педагогикалық қабілеттері әр педагогтың, алайда әр дәрежеде ие болған тұлғалық әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.
Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. Педагогтің ізгілік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары. Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру. Өзіндік процестерге: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі өзектендіруге және т.б. педагогикалық қолдау көрсету.
1. Адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттары. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.
И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі «бастапқы», «элементарлық кереге көзі» болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға болады.
Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнін өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қолжеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).
2. Педагогтің ізгілік ұстанымы. Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы“Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ.с.) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зоржауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі қазақмәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз — шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: “сүйегінің — асылының, рухының иесі — Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар.
Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX—XX ғасырларда А.Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді.
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».
Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.
3. Өзіндік процестерге педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың басымды бағыттарының бірі адамның тұлғалық әлуетін барынша ашуға бағытталған және тұлғаның тәндік, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуында үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани білім беру болып табылады.
Бұл білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылуда.
Өзін-өзі тану оқушының өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі кемелдендіруіне, өзінің қабілеттері мен әлуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қажетті болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғалық өсуіне, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде адамға өмір қызығын толыққанды сезінуіне, оның мәнін терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану оқушылардың гумантарлық білімінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі гуманитарлық білімнің мазмұны қазіргі рухани мәдениет негізінде жоланады. Жалпы адамзат құндылығына негізделе отырып, ол оқушыларда жоғары сапалы өмірді қамтамасыз ететін басты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
«Қолдау» сөзі түсіндірме сөздіктерде жәрдем, ықпал ету ретінде анықталған. Ол мынадай мәндерді білідреді:

    • сүйеп, құлатпау;

    • жәрдем беру, ықпал ету;

    • келісімін беріп, мақұлдап, біреуді қодау;

    • бір нәрсенің тоқтауына, бұзылуына жол бермеу.

Мұндай мәндерін нақтылай отырып, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда педагогикалық қодау дегеніміз – бұл педагог пен оқушының өмірлік маңызды және күнделікті мәселелерді шешу барысында ықпалдастығын, достастығын, ынтымақтастығын білдіреді.
Сонымен педагогикалық қолдау – білім беру процесін толығымен адамның ішкі күштері мен қабілеттеріне, оның белсенді әрекеттерінен көрініс табатын оның ішкі процестеріне: өзін-өзі тану және өзін-өзі бақылау, өзін-өзі иландыру мен өзін-өзі құрбан ету, өзіндік сын, өзін-өзі болжау және өзін-өзі талдауына жүгінетіндей түрде ұйымдастыру.
Осыған байланысты педагогикалық қолдау өзара әрекеттесу субъектілерін адамгершілік-рухани дамытудың қажетті шарты. Өсиет, уағыз, жазалау, мәжбүрлеу, кемшіліктері мен қателеріне шыдамау, сөзсіз бағыну секілді авторитарлық педагогикалық әсерлерден арылу – қазіргі күннің орынды талабы.
Педагогикалық қодаудың негізгі шарттары:

    • шыдамдылықты тәрбиелеу басқа адамдарды қабылдауды қамтамсыз етеді;

    • оқушыны жағымды түрде көтермелеу ризашылық жауаптың болуын қасмтамасыз етеді;

    • оқытушы мен оқушының қатынастарындағы адалдық әділдік сезімін дамытуды қамтамасыз етеді;

    • педагог тарапынан тұрақты сын айту шеттеуге алып келеді;

    • оқытушының өшпенді қарым-қатынасы оқушының агрессиясын тудырады;

    • педагог тарапынан көрінетін мазақ – оқушының тұйықталуына алып келеді.

  1. Педагогтың оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуі

Педагогикалық қодаудың негізгі шарттары:
- шыдамдылықты тәрбиелеу басқа адамдарды қабылдауды қамтамсыз етеді;
- оқушыны жағымды түрде көтермелеу ризашылық жауаптың болуын қасмтамасыз етеді;
- оқытушы мен оқушының қатынастарындағы адалдық әділдік сезімін дамытуды қамтамасыз етеді;
- педагог тарапынан тұрақты сын айту шеттеуге алып келеді;
- оқытушының өшпенді қарым-қатынасы оқушының агрессиясын тудырады;
- педагог тарапынан көрінетін мазақ – оқушының тұйықталуына алып келеді.
Педагог – шығармашылықпен өзін - өзі дамытушы тұлға,
зиялы тұлға және мәдениет адамы.
Өзін-өзі тану - тұлғаның өзін –өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру,өзін-өзі белсендіру кезіндегі өзі жайлы шынайы пікірлерімен өзіндік тұлғалық бағытының қалыптасуы. Өзін - өзі дамыту – тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Педагогикалық қолдау – педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбеген жағдайда , оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшы жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. Педагогтің ізгілік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары. Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру. Өзіндік процестерге: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі өзектендіруге және т.б. педагогикалық қолдау көрсету.
1. Адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттары. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерікжігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады. И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін
оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір
тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы“Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді.

  1. Ұлттық сәйкестену және толеранттық ұғымдарының мәні

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе – толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.
Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.
Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан — тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан — тәрбиелік орта.
Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.
Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.
Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан “толеранттылы”, “тұрақты қоғам” деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.
Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.
Көптеген этностардың Қазақстанға өз еріктерімен қоныс аудармағаны мәлім. Ұлан-байтақ Қазақстанның кең жазира даласы жер аудару орны болды. Басқа этностардың өмірі туралы неғұрлым көбірек білуге, ортақ тамыр табуға ұмтылу азаматтардың басын біріктіре отырып, ұлтаралық жанжалдар мен өзара өкпе-реніштерге жол бермейді.
Бірыңғай жалпықазақстандық мәдениетке тоғысқан, өзінің қайталанбас қырларымен көзге ұрарлық әртүрлі этностардың өнері мен салт-дәстүрлері Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған ұлттық саясатына алып келді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық баяндамаларында ең бастысы – ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілік, ұлтаралық келісім екенін баса айтуы тегіннен тегін емес.
Адамзаттың көптеген мыңжылдықтар бойы жинақтаған тарихи бай тәжірибесі барлық күрделі әлеуметтік мәселелердің түп-тамыры мен кез келген қоғамдағы ұлтаралық қарама-қайшылықтың шешімін таба алмаудың бірден-бір себебі – адамдардың мәдени артта қалушылығы мен надандығында екенін көрсетіп берді. Бұдан шығар қорытынды, мемлекеттің ішкі саясаты азаматтардың жан-жақты және үздіксіз білім алуының дамуына, қоғамның ғылыми және кәсіби деңгейге көтерілуіне сүйенуі тиіс.
Ата – бабамыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азаттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдікті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран шайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның бәрін артқа тастап, тәуелсіздік таңына талып жеткен қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр десек артық емес. Көптеген елдерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар толастамай тұрғанда біздің береке – бірлігіміз өзге елдерге үлгі болатындай.
Ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандар мен қашқындардың да нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.
Қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда өсіп, өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек. Қазақтың қонақжайлығы мен дарқан мінезіне өзге ұлттар үнемі өз алғыстарын айтып, өздерінің жоғары бағасын беріп келеді.
Тәуелсіздіктің 23 жылдық тарихында Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Бұл – болашақтың байыпты белесін айқындайтын негізгі фактор екені анық. Осындай ауқымды жұмыстарды атқаруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы ерекше. Кезінде Елбасы Қазақстан халықтарының Форумында Ассамблея құру туралы идеяны көтерген еді. Ал қазір конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып отыр.

  1. Толеранттылық қоғамда адам өмірінің нормасы ретінде

Толеранттылық – рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар мен ұстанымдарға ортақ болса да, қа­былдаймын дегенді білдіреді.
Француз философы Клод Ад­риан Гельвеций дінаралық қақты­ғыстарды ешқандай ақыл-парасатпен ақтауға болмайтындығын айта келе, мына өсиет әңгімені тілге тиек етеді. Көрнекті суретші түсінде жұ­мақтың қақпасына көтерілсе, оны қасқа бас, сақалы беліне түскен, қо­лында кілттері бар бір қария таң­ғалдырады. Зер салып қараса, ол әу­лие Петр екен. Апостол жұмақ қақпасының алдында отыр. Бір топ адам оған қарай бет алады. Бірінші болып католик келеді: «Мен өмір бойы осы дінді ұстандым, ізгілікті, рақымшыл адаммын”, – дейді. «Олай болса, – дейді әулие, – католиктер отыратын орынға өт”. Одан кейін протестант көрінеді. Ол да өзін кісілік қасиетім мол, ыждағатты жанмын деп таныстырады да, сондай жауап алады. Одан кейін Бағдат пен Басрадан келген мұсылмандар өздерін мейірбан, кеңпейіл адамдармыз дейді. Әулие Петр мұсылмандарға да құрметті орын ұсынады. Ең соңында тағы бір адам жақындайды. «Сен қай дінге сенесің?” деген Апостол сұрағына: «Мен, қасиеттім, ешбір дінді ұстанбаймын, бірақ мейірбан адаммын”, – дейді ол. Әулие ойланып-ойланып: «Олай болса, сенің де жұмаққа өтуіңе болады, бірақ сені қайда орналастырамын?” – деп қиналады. Ақырында «Өт, орныңды өзің тап, қалаған жеріңді таңда”, – депті. Философ бұл өсиет әңгіме арқылы күні бүгінге дейін даулы әңгімеге арқау болып келе жатқан мәселені көтереді. Тек діншіл адам ғана емес, дінді ұстанбайтындар да ізгілікті, иманды, берекелі адамдар болуы мүмкін.
«Толеранттық» атауы халықара­лық термин сөз болғанымен, мағы­насы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қа­рапайым тұрмыста көршінің көр­шіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасын­дағы, діни конфессиялар, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білді­реді. Ең бастысы — қазақтың төзім­ділігінде шек жоқ екенін ешкім жоқ­қа шығара алмас.
«Толеранттың» жөні бөлек, айт­қанға көнетін, айдауға жүретін сыңай білдірер емес. Қазіргі кез­де бұл термин әрқалай алынып жүр. Бірде «төзімділік», келесіде «шы­дамдылық», кей уақытта «ұс­там­дылық» деген сияқты әркім ойы­на оралған сөзбен таңбалап ке­леді. Сонда «выносливость», «терпе­ли­вость», «сдержанность» болып шы­ғады. Жақындай түседі, бірақ жу­ықтамайды, терминдік жүгін тарта алмайды. Әлгінде айттық, Бошай ағамыздың әдісіне салып, тілімізді бұраған едік, онымыздан да ештеңе өнбеді. Ақыры қуа келгенде, қа­зақтың аса бір биязы реңкте айты­латын «тағаттылық» деген сөзі ойы­мызға орала берді. Дыбысталуы, үн­­десуі жағынан да, мағыналық жанасымы жағынан да жақын тұр. «Толерантность» терминімен қа­тар айтылғанда да жақсы әсер қал­дырады.
Толеранттылық түсінігіне қа­­зақ­тың сабырлылық ұғымы дәл келе­ді деп ойлаймыз. Қазақ «Сабыр түбі – сары алтын» дейді ғой. То­ле­ранттылық қай халық та­ра­пы­­­нан болу керек? Мәселен, ке­­ше­гі кеңестік Қазақстанда біз­дің то­ле­рант­­тылығымыздан бұ­рын, мем­лекет құраушы ұлттың толе­­рант­­тылығы шешуші рөл ат­қар­ды. Демек, бодан халықтың то­ле­ранттылығы және мемлекет құ­рау­­шы ұлттың толеранттылығы бол­ды. Екеуінің миссиясы бір-бірі­нен бөлектеу болды деп айтуға болады. Ал енді бодан халықтың то­леранттылығы шектен шығып кет­се, ездікке апарады. Керісінше, мемлекет құраушы ұлттың толе­рант­тылығы шектен шығып кетпе­се, онда ол басқа ұлттарды, этносты біріктіруші факторы саналды. Бар­лық нәрсенің заңмен реттелгені дұ­рыс. Толерантты екенбіз деп, мем­лекеттік, ұлттық мүддеге қайшы ке­летін шекарадан өтіп кетпеу керек. Мұны салт-дәстүрімізден бұрын, заң реттейді. Тіл, дін, ұлтаралық қа­тынаста толеранттылық қарастыры­луы керек. Мұхтар Әуезовтің «тө­зімділік жақсы қасиет, бірақ өмір бойы төзуге болмайды» деген сөзі бар. Толеранттылықты заңмен рет­теп, құқықтық негізін анықтау ке­рек. Бұл мәселеде алдымен зиялы қауым өкілдері, сосын билік күш са­луы тиіс.
Ұлттық толеранттылық біздің тарихи-мәдени кеңістігімізде қо­ғам­ды топтастыратын белгілі фак­тор болып отыр. Екінші жағынан, толеранттылық барлық мәселені ше­шіп тастайды деуге тағы бол­майды. Бұл бір сегменттік актуал­ды танудың, ұлтаралық қатынас­тар­ды, саяси тұрақтылықты реттеу­дің маңызды факторы. Біздің пай­ым­дауымызша, толеранттылық саяси тұрақтылықтан, қоғамдық келісім­нен, әлеуметтік түсінушіліктен, елді басқаратын қатынастан, тату­лықтан, ұлтаралық келісімнен және саяси этникалық-діни мәдени толе­ранттылықтан тұрады. Міне, осы құндылықтардың барлығы бірігіп, мемлекеттің тұрақты дамуын және рухани-мәдени келбетін қамтамасыз етеді. Сондықтан толеранттылықты осы контексте қараған дұрыс.
Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Бә­­рі­мізге мәлім, Еуропаның сая­си тәжірибесі көрсеткеніндей, му­льти­мәдениет саясаты абырой бер­ген жоқ. Олар да бұл ретте саяси дағдарыстарға ұшырады. Фран­ция, Германия, Испаниядағы жергі­лікті халық белгілі дәрежеде өз мем­лекеттеріне өкпелі.
Елімізде төзімділікті сақтау сая­сатының өзіндік мақсаты болу керек. Нақты саясатта маңызды мақсаттар жүзеге асырылып, еліміздегі бар­ша ұлттар мен ұлыстарды қазақ ұлты­ның маңына топтастыру жұ­мыс­тарына көңіл бөлінуі қажет. Қо­ғамдық дамуда толеранттылық, тө­зімділік үлкен роль атқарады.
Бағыты бойынша толеранттылықты төмендегіше ажыратуға болады:
— сыртқы толеранттылық (өзгелерге) – тұлғаның өзгелердің дербес пікірін, мойындауға, даулы жағдайды әртүрлі жақтан қарастыруға, әртүрлі аспектілері мен дәлелдерін ескеруге мүмкіндік беретін қалыптасқан сенім.
— ішкі толерантталық (ішкі тұрақтылық) – даулы жағдайда тепе-теңдікті сақтау, шешім қабылдау, әрекет ету қабілеті.
Енді «Толеранттылық қағидаларының деакларациясы» (1995 жылы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 185 мүше-мемлекеттері қол қойған) ұсынған «толеранттылық» ұғымының анықтамасын қарастыралық.
Толеранттылық «адам даралығы көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен тәсілдеріміздің, әлеміміздің әралуан бай мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді» білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі ықпал етеді. Толеранттылық бұл – әралуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен қатар ол саяси әрі құқықтық қажеттілік. Толеранттылық бұл – соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен алмастыруға ықпал ететін және бейбітшілікті қол жетімді ететін рақым». Сапалы өмір сүріп, тіршілік ету үшін өзіңе және айналаңдағы әлмге деген өзіңнің қатынасыңды реттей отыра оған үйренген маңызды. Толеранттылық тұлғаның нормаларға, бағаларға және өзін-өзі бағалауға саналы қатынасының арқасында оның күрделі өмірлік жағдайларда өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Ол өзге адамның ұстанымына сыйлы қатынасты сақтай отыра, дербес ұстанымын қорғау іскерлігіне байланысты. Сонымен қатар өзгені арандатуға бейім, реніш тудыратын, ашуландыратын жағдайлар мен адамдардың болатыны белгілі. Толеранттылық қатаң өзара әрекеттестік жағдайын қашуды емес, түзетпелі қарсылықты, өзара әрекеттестіктің қиын жағдайларында эмоцияларыңызды шиеленістірмей, дұрыс арнаға бағыттап, соққыға іштей берілмейтініңізді болжайды.
Көмекке мұқтаж адамға өз ойын таңбай жәрдемдесу даярлығы, өзгелерге қарағанда өзіне талапшыл болу, айналасындағыларға жауапкершілікті өз мойынына алу, жиі күлімсіреу және жақсы көңіл-күйде болу.

  1. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру үрдісінде өзін-өзі танудың рөлі

Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту жатады. Ұғымдар — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» — өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар /өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер — өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым- қатынасы арқылы да алады».
Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және «қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі — өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу — жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу — ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу — адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу — мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту — жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.
Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн.
Тәрбие — қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп
түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс — әрекет жасау рөлін атқармайды.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін мыналарды білуі қажет:

  1. Осы үрдісті басқару принциптерін;

  2. Оның негізгі салаларын;

  3. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін.

Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың ролі мен мәнін студенттерге жеткізу; ақпараттандыру (педагогикалық-психологиялық білім беру); Оларды өзін-өзі жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және дағдымен қаруландыру; өзін-өзі тану мен тәрбиелеудің жолдарын қалыптастыру; студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеу барысындағы жұмыстарын ынталандыру, қанағаттандыру.
Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады.
Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа не адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін- өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бүл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би- шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт - бағдар береді.
Мысалы: Ертеде Фейербех танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан жете алмайды «адам» деген абстракциядан өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен шектеледі.
Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.
Өзін - өзі тану дегеніміз не?
Өзін-өзі тану - бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-қүлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.
Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

  • өзін-өзі тану - жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;

  • өзін-өзі тану - ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

  • өзін-өзі тану - жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.

Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым- қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Жеткіншек жастағы маңызды психологиялық процесс - бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.
Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше багытта өтеді:
Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы - жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға үқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.
Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін—өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір СҮРУ стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі қүрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсатгарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.
Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды- психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.
“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.
“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сүрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып жеткіншектер :

  • өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.

  • өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы - бақыт, махаббат, саясат жэне т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, қүмарлығы, әр түрлі мүраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дүрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Erep бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де,жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.
Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г. Ананьев, Л.И. Божови, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин И.И. Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сүрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған.
А. Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағыттталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сүрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады.
И.С. Конның еңбектерінде философиялық, жалпы және әлеуметтік- психологиялық, тарихи-мәдени аспектілер, теориялық мәселелер мен нақты эксперименталды алынғандарды талдаулары жоғарыда аталған психологиядағы бүрыннан қарастырылып келген сүрақтың жаңа қырлары ашылған. Сана психологиясына шетел ғалымдарының У. Джеймс (сананың тү-рақты және айнымалы күйлері бар деп түсіндірген), К. Роджерс (тұлғаның өзінің ұғымы мен өмірлік тәжірбиесінін тұрақтылығы конгруэнттік (сәйкестік) мәселелері туралы зерттеулер жүргізген), Р.В. Бернс (Мен-тұжырымы мен өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты пікірлер айтқан), Э. Берн еңбектерінде де өзіндік санаға қатысы бар әр түрлі көзқарастар жеткілікті.
Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана - пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады. А.Г. Спиркиннің пікірі бойынша, өзіндік сана адамның өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін, ойларын, сезімдерін, өнегелілік бейнесін және қызығушылықтарын, идеалдары мен қылықтарының түрткілерін (мотивтерін), өзін және өмірдегі өз орнын толық бағалай алуынан көрініс береді дейді.
Өзіндік сана, өзінің «Менін» ұғыну адамның тұлға ретінде жетілуінің нәтижесі.
Зерттеуде өзіндік сананың теориялық талдамасы, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеулерге негізделіп келесі тұжырымдар қарастырылды:
І.Өзіндік сана - бүл:

  • өзінің теңдестігін ұғынуды;

  • белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;

  • өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

  • өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық түрғыдан байланысты.

2.Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс- әрекетінің қүралы ретінде оның өзіндік анықталуының және қажеттіліктер иерархиясында із қалдырады. Жеткіншекте шығармашылық сынап ойлау қабілеті пайда болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділіктері неге сәйкес деген сұрақтар, оны өзі туралы ойланып өзіндік санасын айрықша дамуына жетелейді.
З.Жеткіншекте ересек адамның бағыттылығы қалыптаса бастайды, оған ересек сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл бағыт жеткіншектің өмірдегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересек дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді не болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің максаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерий! болады.
4.Мотивациялық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушының тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет. Сыналушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі боямауын анықтап, соның негізінде әрі қарай жетілдіреді.
б.Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік сезімінің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен себептер кемшіліктерді жою, сыныптың әлеуметті сыйлы мүшесі болу жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға өзін тәрбиелейтін оқушыны мүғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске асыруға өз үлестерін қосуға тиіс.
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа қүрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі - бүлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге үшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сүрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты эсер етеді.
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» - оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мэніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі элемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына томен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді жэне өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы жэне құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, эр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі жэне өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Осыларды қорыта келе, эрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы - түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тэрбие-тэлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте түлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы эр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық жэне физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.

  1. Өзін-өзі дамыту тетіктері: өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы

Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы. Бұл өзін мойындаудың және өзінің бітім-болмысына сөзсіз сүйіспеншілігін білдіреді, «өзі-өзіне құрметтеуге лайық, өз бетімен таңдау жасай алатын тұлға ретінде қарау» (Роджерс К.) өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сену, өз табиғатына, өзінің организміне сенімдік таныту. Әсіресе соңғысын ерекше атап өткен жөн, себебі бұл жерде өзіне өзі сену деген тек қана өзінің мүмкіндіктеріне сенуді білдірмейді (әсіресе өз зердесі тұрғысынан ғана) тұтас организм санадан көрі мәнді, парасатты болуы мүмкіндігін және жиі солай болып шығатынын түсінуді де білдіреді. Өзін-өзі қабылдау немесе басқаша айтқанда өз-өзіне сүйіспеншілік. Бұл туралы соңғы кездері өте жиі айтылады. Өзін-өзі
қабылдау адам өмірінің кез келген саласында, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Себебі, адам өзіне қандай қатынас жасаса, басқалармен де нақ сондай қатынас орнатады. Сондықтан да өзін-өзі қабылдауға мән беріп, өз-өзіңе салауатты да жағымды көзқарас қалыптастырған жөн.
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары. «Кедергі» ұғымы «белгілі іс-әрекетті орындаудағы ішкі тосқауыл, жағдаятты, фактілерді, заңдылықтарды түсіну мен олардың дұрыс бағасын беруге кедергі келтіретін өткен тәжірибесінің жағымсыз әсері» ретінде анықталады. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерінің кәсіби өзін-өзі жетілдіруі барысында кездесетін кедергілерді шартты түрде үш түрлге болуге болады. Олар: студенттің жағымсыз бағдарымен түсіндірілетін психологиялық кедергілер (Д.Узнадзе, Л. Подлеская), ойлау процесіне байланысты танымдық кедергілер (Б.Кедров, И.Бурганова), тұлғалық сапалардың жеткіліксіздігімен анықталатын тұлғалық кедергілер. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуындағы кедергілердің психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы жағымсыз әсері адамды деребстігінен айырып, орындаушыға айналдыратындығында. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамуын жетілдіру үдерісінің тиімділігі мақсатқа бағытталған, жоспарлы, жүйел сипаттағы арнайы жағдайларды жасауға тәуелді.

  1. "Тұлға" ұғымы, жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.
Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:

  • а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;

  • ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.
Әр адамның, тіпті ақыл-есі толыспаған сәбидің де түрлі арман-мақсаттары болады. Арман мен мақсат адам өмірінің басты қозғаушы күші. Адам сол ойына алған арман-мақсаттарына қол жеткізіп жатса, өзін бақытты сезінбек. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі мақсат-тілектері орындалмағандықтан, өздерін өмірде жолымыз болмайтын бақытсызбыз деген түсінікпен тірлік кешеді.
Арман-мақсаттың орындалуы үшін не қажет? Ең алдымен, білім, қарым-қабілет, дұрыс бағыт-бағдар, ынта мен құлшыныс керек. Осы аталғандардың бәрінің жиынтығы – адамның үнемі және үзбей өзін-өзі жетілдіруі арқылы келмек. Өзін-өзі жетілдіруге жете көңіл бөлетін адам ойлаған мақсатына міндетті түрде жетеді. Осыған орай, мақсатқа жетудің басты кілті – өзін-өзі жетілдіру десек, жаңылыспаймыз.
Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі.
Кез келген адам ерікті-еріксіз болсын, өзін-өзі жетілдірумен айналысады. Бойындағы жаман әдеттерден арылу, жақсы әдеттерді қалыптастыру, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге ұмтылу, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға күш салу – осылардың бәрі де өзін-өзі жетілдірудің элементтері. Дегенмен де, өзін-өзі жетілдіру процесі өле-өлгенше және үздіксіз жүретін, ең бастысы саналы әрекет болуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Өзін-өзі жетілдіру жолы ұзақ және көп тер төгуді қажет етеді. Содан болар, жұрттың көбі оның қиындығынан қорқып, қажет екендігін, маңыздылығын сезіне тұра онымен айналысудан қашқақтайды. Осыған орай, өзін-өзі жетілдіріп, ойына алған мақсаттарының әрдайым биіктерінен көріне білетін жандар өмірде сирек кезедеседі.
Егер сізді күнделікті бірсарынды ішпыстырарлық тірлік, ұдайы үрей мен қорқынышта болу, тапшылық пен қадам басқан сайын кездесетін қиындықтар жалықтырса, өміріңізді өзгертіп, жаныңыз қалаған іспен айналысуға, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, молшылықта, уайымсыз жаймашуақ тірлік кешкіңіз келсе, онда сол мақсатыңызға жетуге мүмкіндік берер – өзін-өзі жетілдірумен айналысыңыз.
Ол үшін сіздің бойыңызда бірсарынды сұрғыл тірліктен жеріну ғана емес, сондай-ақ, өміріңізді жақсы бағытқа қарай өзгертуге деген үлкен құлшыныс сезімі де болуы шарт. Ынта-құлшыныссыз сіздің ойыңызға алған мақсатыңызды жүзеге асыруға қажетті ерік-жігер күші болмайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіру өле-өлгенше созылатын ұзақ және көп тер төгуді қажет ететін ауыр құбылыс.
Өзін-өзі жетілдірудің түрлері.
Өзін-өзі жетілдіру сан қырлы өте күрделі құбылыс. Сондықтан да, егер сіз осы жолға тәуекел етіп түскіңіз келсе, онда сол бағыттардың бәрін болмаса да, негізгі деген біразын кешенді түрде қамтуыңыз қажет.
Өзін-өзі жетілдірудің бір бағыты – адамгершілік жағынан жетілу. Адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, сабырлылық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттердің бәрі оны айналасынадғылармен жақсы қарым-қатынаста болуына жағдай жасап қана қоймай, өмірде жолын ашып, жұмыста, бизнесте, немесе саясатта болсын, биіктерге көтерілуіне игі ықпалын тигізбек. Сондықтан, ізгі қасиеттерді бойыңызға жинап, жаман әдеттерден арылу – өзін-өзі жетілдірудің басты шарттарының бір екеніні естен шығармағаныңыз жөн.
Екінші бағдар – ақыл-ойды жетілдіру. Адам бала кезінде әрнәрсені білуге өте құштар болады және өмір бойы алатын ақпараттарының 90 пайызын 17 жасқа дейін игереді екен. 25 жастан кейін адамның танымға деген ынта-ықыласы азайып, ілім-білім үйренуге деген құлшынысы кемиді. Егер өзін-өзі жетілдіру бағытында ілгері жылжимын десеңіз, ақыл-ойыңызды дамытуға, яғни оқып-үйренуге үнемі көңіл бөлуіңіз шарт.
Үшінші бағдар – тәнді жетілдіру. 35 жастан кейін адам ағзаларының дамуы тоқталып, ескіріп-тозу, яғни қартаю процесі басталады. Әрдайым сергек, күшті сезініп, ауру-сырқаудан аулақ болғыңыз келсе, жұмысты барлық уақытта құлшына істеймін десеңіз, тәніңізді жетілдіруге, яғни салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен шұғылдануға жеткілікті көңіл бөлуіңіз керек.
Тағы бір бағдар – бұл кәсіби біліктілікті жетілдіру. Қай салада, қандай іспен айналыспаңыз, табысқа жетудің кілті – кәсіби біліктілікті үнемі көтеруге көңіл бөлу болмақ. Сондықтан кәсіби біліктілігіңізді жетілдіруге уақытыңыз бен ақшаңызды, күш-қуатыңызды ешқашан аямаңыз.
Міне, осы аталған бағыттар бойынша өзіңізді дамытуға үзбей көңіл бөлетін болсаңыз, арман-мақсаттарыңызға жетуге жол ашылатыны даусыз.

  1. Өзін-өзі тану мәселелеріне педагогтардың гуманистік көзқарастары

Гуманистік педагогика – XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі педагогиканы қайта жаңғыртуға бағытталған саласы. Оның өкілдері болып К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т.б. жатады. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы – білімге тұлғалық-бағдарлық қасиет беруге талпыныс, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді жою, оқушылардың білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру процесін репродиктивті және шығармашылық әрекеттерін эмоционалды етіп жасауды көздейді.
Гуманизм – (лат. humanus – человеческий, свойственный человеку, человеколюбивый – адамшылық, адамға тән, адамшылығы бар) ертедегі ойшылдар мен педагогтардың құнды еңбектерінен бастау алады. Олардың қатарында Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Плутарха, Сенеки, Квинтилиана, Тертуллиана, Августина, Аквината және т.б. жатқызуға болады. Оның дамуына маңызды үлес қосқандар батыстың танымал педагог-ағартушылары Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, П. Ф. Гербарг, А. Дистервег және кеңес педагог-ғалымдары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский.
Сухомлинскийдің пайымдауынша «жақсы сезім өзінің тамырымен балалық шаққа сапар жасауы қажет, ал адамшылық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік еңбекте, қамқорлықта, қоршаған әлемнің әсемдігіне толқу жағдайында туындайды» деген екен. Бұлардың бәрі, айналып келгенде бүгінгі тәрбиенің гуманистік сипатын құрайды.
Академик Д.С.Лихачев «Мен ХХІ ғасырды гуманистік мәдениетті дамыту ғасыры болады деп өзімше ойлаймын» – деп жазады. Демек, бүгінде тәрбие мәселесінде гуманистік принципті бірінші орынға қою, бұл әрине табиғи заңдылық болып табылады.
Кезінде В.Г.Белинский «адамшылықты» тәрбие принципі ретінде қарастыра отыра, «тәрбиенің қаруы және делдалы махаббат, ал мақсаты – адамшылық болуы міндетті. Тәрбие балаларда шенеунікті, ақынды, қолөнершіні емес, адамды көруі міндетті» деп жазған.
Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің теориясы мен әдістемесінің дамуы (В. И. Андреев, Е. П. Белозерцев, Т. Н. Мальковская, Л. И. Новикова, И. П. Подласый, С. А. Смирнов, B. C. Селиванов, В. А. Сластенин, Н. Е. Щуркова және т.б.) педагогтарды тәрбиеде гуманистік сипаттың болуына және тұлғамен өзара әлеуметтік қарым-қатынас жасауға бағыттайды (тұлғалық-бағдарлық), соған сәйкес келесі міндеттерді шешуді жүктейді:

  1. тәлімгерлерді жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен таныстыру;

  2. әрбір тұлғаның шығармашылық күшін анықтау;

  3. тұлғаның еркіндік сезімін және объективті жағдайда өзіне-өзі баға бере алатын қабілетін қалыптастыру;

  4. бірлескен өмірдің ережелері мен нормаларын құрметтеу;

  5. еңбекке жағымды қатынасты орнату;




  1. ұлтаралық татулық пен ұлттық құндылықтарды мақтаныш ету сезіміне негізделген тұлғааралық қарам-қатынас мәдениетін қалыптастыру және т.б.

Тәрбие процесінде бұл міндеттерді шешу, келесі методологиялық және гуманистік принциптерді педагогтардың басшылыққа алу барысында жүзеге асады:
1) тұлғалық-бағдарлық ілім тұлғаны жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану; тәлімгерге қарым-қатынас тәрбие субъектісі ретінде қарастыру;
2) табиғатқа сәйкестілік – тәлімгерлердің жыныстық және жас ерекшеліктерін ескеру;
3) мәдениетке сәйкестілік – халықтың ұлттық дәстүрлеріне арқа сүйеу;
4) тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру;
Гуманистік принциптер:
1) тәрбиеленушінің құқығы мен еркіндігін сыйлау;
2) оның сезіміне арқа сүйеу;
3) жеке басына шамаға лайық және ақылға сыйымды ойластырылған талаптар қою;
4)қойылған талаптарды орындаудан бас тарту жағдайында да, оның позициясын сыйлау;
5) өз бетінше болуы құқығын сыйлау;
6) тәрбиесінің нақты мақсатын оның санасына жеткізу;
7)оған қажетті тәрбиелік сапаны күштемей қалыптастыру;
8) ар-намысына, абыройына нұсқан келтіретін, қорлайтын дене және басқадай жаза түрлерінен бас тарту;
9) белгілі бір себеппен оның сеніміне қарама-қайшы келетін сапаларды қалыптастыруға қарсы болу құқығын тану;
10) педагогикалық ықпал ету процесінде оның келеңсіз жақтарын алдын-ала ескерту;
11) оның қызығушылығын, талғамын, қалауын, қажеттілігін есепке алу.
Гуманистік бағыттағы тәрбие жүйесінің белгілері.

  • мектептің тәрбие жүйесінің дамуында бірыңғай тұжырымдаманың болуы;

  • салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру;

  • балалардың тәрбиелік әрекеттерін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық және жеке-дара формаларының өзара ықпалдастығы және әрекеттестігінде үйлесімділіктің болуы;

  • балалардың әртүрлі ұжымдары мен бірлестіктерінің жан-жақты әрекетінің болуы.

Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие). Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Коменский тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол “кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады”,- деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топтағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді. Адамның өзін-өзі басқара білуі, Коменскийдің көзқарасы бойынша, тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады. Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапарларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды.

  1. Ішкі тыныштық – бұл өмірде табысқа жетуде көмектесетін адамның күш сипаты мен өзін-өзі ұстай білуі

Адамның өмірге келуі, адамша өмір сүруі, қалай дегенмен қоғаммен және өзін-өзі тәрбиелей, шындай алуымен тікелей байланысты. Қаласын мейлі, қаламасын ол қоғам заңына бағынуы тиіс. Табиғаттың берген сыйы – ол өз өмірімен үйлесімді өмір сүру үшін әрине ол мағыналы да мәнді өмір сүру керек, яғни дұрыс әрекеттенуі тиіс. Оның барлық басқан қадамы өзіне, басқа біреуге жылылық пен сүйіспеншілік сыйлау керек, қиянат келтірмеу керек.
Абай атамыз айтқандай адам өз өзіне күніне бір рет, немесе айында , жылында бір рет есеп беруі керек. Ал ол не үшін керек? Әрине ішкі жан дүниемен үйлесімді өмір сүру үшін, ішкі тыныштыққа бөлену үшін.
Ішкі тыныштық пен қуаныш осы өмірдің бөлінбейтін бөлшегі емес, ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз. Жан тыныштығы терең мұхитқа ұқсайды. Мұхиттың жан тыныштығы өзінің тереңінде. Әрбір бала бұл мұхит. Адам ақиқатты сезініп сүйіспеншілікпен дұрыс қадам жасаса, онда оның көңілі мен ішкі жан тыныштығы хош иісті гүлдей бал-бұл жайнайды.
Адам өмірінде ішкі тыныштықты ерекше атап өтуіміз әрине бекерден бекер емес. Себебі, ішкі тыныштық адамды шыңдап қана түспей оны тереңнен тәрбиелейді. Сондай-ақ ішкі тыныштық ол шын сөйлеу, өзгені сынамау, мазақ етпеу, сүйіспеншілікпен ілтипатпен сөйлеу, өзгеге зиян келтірмеу, қоғам заңына сай әрекет ету, ұят істер жасамау, барлығына қолынан келгенше көмек беру, дұрыс әрекет жасау. Осылардың барлығы үйлесім тапқан кезде, бір негізгі принципке айналғанда адам өз –өзімен ішкі тыныштықта өмір сүреді. Осының барлығы не үшін керек? деген сұрақ туындайды. әрине ол ең бірінші кезекте адами құндылықты жоғары ұстау, екіншіден басқа біреумен, қоғамда өз орнын алу, үшіншіден өзінін мінез құлқын қадағалау мен шынайы мейірімділік пен бақытқа кенелу үшін. Осының бәрі ішкі жан дүниенің, яғни жүректегі табиғи рухани шынайы болмысын жасау.
Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздесек. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған» дейміз. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді шығыстың атақты ойшылы Әбу Насыр Әл Фараби. «Ол білімнің мәні қандай? Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деген жауап айтқан.
Ішкі тыныштықты үйлесімді тәрбиелеу ол бір күндік шаруа емес. Ана құрсағынан бастау алған қазақи тәрбие сол құндылықтың негізі. Отбасынан бастау алған осы бағыттағы тәрбие мектеп партасында да өз жалғасын табуы керек. Осы мақсаттағы жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуы керек деп ойлаймын. Себебі мұғалімнің бала тәрбиесінде алар орны ерекше маңызды екендігі баршаға аян. Ендеше сабақ барысында алдымызда отырған оқушының ішкі жан дүниесінің, ішкі тыныштығын үйлесімді тәрбиелеу жолдарына түрлі, мағынасы мол аңыздар мен әңгімелер, мысалдар мен өлеңдер, оларды талдау арқылы негізгі түйін идеясын алу сияқты жұмыстардың берері мол. Мысалы осыдан 1-2 жыл бұрын мен өзім сабаққа тек бір мақсатты шешу ретінде ғана қарайтынмын, ал бүгінгі таңда мен үшін әр сабақ оқушы бойына адамгершілік құндылықты сіңіру болып табылады. Әрине ол өз кезегінде өте күрделі педагогикалық әрекет. Алдымызда отырған барлық оқушылар бірдей емес, барлығынын жүрегіне жол табу, ішкі тыныштыққа бағыттау, дұрыс әрекетке үйрету мұғалім тарапынан шеберлік пен шығармашылықты талап етеді. Өзімнің педагогикалық тәжірибемді талдаған кезде, өзіме өзім есеп берер болсам, мен көптеген әрекеттерімді басқаша жасар едім. Себебі рухани құндылықтардың мазмұны туралы тек бүгінгі күні тереңінен таныс болып отырмын. Осылардың барлығы маған үлкен міндет арттырады, себебі оқушыға үйретпес бұрын, өзім соған лайық әрекеттер жасауым керек деп түйіндеймін.
Мен өзімнің педагогикалық іс-әрекетімде оқушылардан талап ету қажеттілігін үнемі ескеріп отырамын, сонымен қатар талабым оқушыны тығырыққа тіремей, өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік беруге тырысамын. Әр сабақта баланы жас ерекшелігімен, тұлғалық ерекшелігіне көңіл бөліп отыруға тырысамын. Себебі осы жағдайды ескере отырсақ, білім дағдыларын игеру жолдары екі жақ үшін жеңіл болары сөзсіз. Мына жылдап дамып бара әлемде күн талабына сай білім беріп, алда отырған оқушыны жалықтырмай оған қызықты болатында сұрыптауға тырысамын. Әр сабақта тақырыпқа сай бейнефильм, өлең жолдары мен әңгімелер, аңыздар сай болу керек деген қағиданы қатты ұстанамын. Шығармашылық жұмыстар мен түрлі ойындар, жағдаяттардың үйлесімді жоспарлануы менің сабағымның табысты болуының кепілі. Әр сыныптың өзгешелігі әрине өз алдында, мінездері тым ашық, немесе тұйық оқушылар болады. Осындай оқушылармен жұмысты ұйымдастырған кезде менің алдымда тұрған басты қағида ол оқушыларды қалайда ішкі жан дүниесінің тыныштығына, әдемі үйлесім табатын әрекеттерге баулу мақсаты басты назарда болады. Мінезі тұйық оқушыға өзіне деген сенімін молайту, өз ойын ашық, қымсынбай жеткізуге үйрету, өзіне сенімін молайту үшін түрлі тартымды аңыздармен жағдаяттардын талдаудын маңызы зор. Басқа біреудің мінез әрекетін, жасаған қылығын, айтқан сөзін сараптай келе оқушы психологиялық тұрғыда өзін сол орынға қойып отырады, сол арқылы мінезін шындайды, өзін тәрбиелеп ішкі тыныштықтағы үйлесімге жетеді.
Күнделікті сабақ барысында жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.
Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Адамның дұрыс жасаған әрбір ісі оны кемелдендіріп қана қоймай, оның ішкі жан дүниесінің тыныштығына баурайды.
Адам қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналған кезде оның жаны тазарады. Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар - ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. Ішкі жан дүниесіне тыныштық орната білген адам, рухани адамгершілік құндылықтың ең жоғарғы деңгейіне жетері сөзсіз. Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.
Тыныштық - ақиқат пен дұрыс әрекеттің сәулесі. Ақиқат пен дұрыс әрекет жолындағы адам тыныштықта - ішкі тыныштықта болады. Ойында тыныштық жоқ адам үнемі қиындыққа тап болады. Тыныштықта адам - ол бақытты, оның өмірінде ешқандай қиындық жоқ! Тыныштық - кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау. Жан тыныштығы - ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға көмектесетін күш. Жан тыныштығы - таза жүректе орнайды. Ақылдың міндеті - сезімді бақылау. Сезімді бақылау, ашуға салынбай, әрбір сөзді ойланып айту т.с.с әрекеттер арқылы ішкі тыныштықты бойға сіңірудің табысты жолы.
Ішкі тынышытық –бұл сүйіспеншілік пен дұрыс әрекетің негізінде туған құндылық. Адам егер өзіне жауап беретін жағдай болсаң ішкі тыныштыққа жетесің. Әр Өзін-өзі тану пәні сабағында адамды тыныштыққа шақырамыз. Адам өзін тыныштыққа, сабырлыққа шақырмай дұрыс шешім, дұрыс әңгіме айта алмайды, сонымен қатар ақпаратты қабылдауыда төмендейді. Егер адамда ішкі тыныштығы болмаса, ол тез ашуланады. Ал ашуланған адам ашу үстінде асығыстыққа жол береді. Асығып қабылданған шешім барлық уақытта оң бола бермейді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей - сабыр сақтау керек. Сондықтан да Ұлы Абай "Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ сабыр сол" деп айтқан болатын.
Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді және өз философиясының негізі етіп алды, және оны игілік тұрғысында қарастырды. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.
Тыныштық...Құлпырған дүниені сезіну, мақсаттарға жол салу, арман атты тұлпармен алыс – алыс жақтарға сапарлау, көңілдегі көлеңкені аппақ бұлттарға алмастыру, сезімге берілу, санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу, т.с.с. міне, бір сәттік тыныштықтың құдіреті.
Алматыныңу – шуы күйбең тіршіліктің пенделеріне әсер етпей қоймайды.Осындайда, мейлі жолда, мейлі жұмыста, мейлі сабақта болсаң да, іштей бір сәттік \ыз тірлікті таразылау, ақ пен қара айқасындағы ақтарға жақ болу дер едім.
Арасында үнсіз ғана құстардың әнін тыңдап, қиял әлеміне сапар шегіп тұрғанға не жетсін?! Уақыт жоқ деп, уақыттың дегенін орындап жүрген біздер, керісінше, біз уақытқа әмір беретінімізді ұмытқандаймыз...
Ішкі тыныштық дегеніміз - ол адамның рухани жан дүниесінің тыныштығы. Ал жан дүниенің тыныш болуы ол тікелей ақиқатқа, сүйіспеншілікке, дұрыс әрекетке және адамның ар-ұяты мен сеніміне байланысты. Мысалы өмірде адамдардың көпшілігінің бойында тыныштық жоқ. Себебі олар ақиқатқа жүгінбей өтірік айтуы, дұрыс әрекет жасаудың орнына өзіне және өзгелерге қиянат жасауы мүмкін, яғни ондай жағдайда адамға ар-ұяты маза бермейді. Жастарымыздың бойында «жалған намыс» сезімініңде көбеюі осының салдарынан деп ойлаймын. Қазіргі таңда адамдар болымсыз, түкке тұрғысыз дүниелермен материалдық дүниеге бола көп ойланып, бас қатырып жатады. Кейде осындай материалдық жағдайларға бола шаңырақтың да төбесі ортасына түсіп шайқалатында көреміз. Оның өзі де адам бойындағы тыныштықтың орнамауына себеп болады. Ал «қандай адамның бойында ішкі тыныштық бар?» деген сауға келсек, оған менің берер жауабым «рухы биік, рухани бай және өзіне және өзгеге деген сенімі жоғары адамдардың бойында тыныштық болады» деп айтар едім. Мысалы жаңадан дүние есігін ашқан сәбидің жан дүниесі тыныш. Себебі, дүние есігін ашқан сәби ол-таза, бетіне сызат түспеген ақ қағаз тәріздес. Оны қалай анықтай аламыз. Кішкентай ғана сәбиді қолымызға ұстап, жоғары көтеріп,лақсырса бала жылаудың орнына күледі қуанады. Не үшін? Өйткені бала оны жерге түсірмей, ұстайтын адамның бар екеніне сенеді және нәрестенің бойында жамандық туралы мүлдем ой болмайды, ол зұлымдық ойламайды, айналадан жамандықты көрмейді, бәрінен тек жақсыны көріп, сұлулыққа тамсанады. Ал оның тыныштығының бұзылуы немесе дәл сол қалпында қалуы ол тікелей оның айналасына байланысты. Абай атамыз «Бала мінезі үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстаздан; үшіншісі - құрбысынан» дейді. Ендеше, мына біздер сол тыныштықтың бұзылуына жол бермей, оның сақталуын, баланың жан дүниесінің тыныш болуын қадағалауымыз керек. Ол үшін біздің бойымызда да тыныштық болуы қажет.
Қорыта айтқанда әр мұғалім өз сабағында, ата-аналар үйде балаға дұрыс тәрбие беріп, жалпы адамзаттық құдылықтарға тәрбиелесе, бала ақиқатпен дұрыс әрекет жасап, ешкімге қиянат жасамай, айналаға сүйіспеншілікпен қарап, жан дүниесінде тыныштық орнар еді.

  1. Қарым-қатынас мәдениеті өмірлік табыстың факторы ретінде

Н.Д. Хмель концепциясы құнды саналады, оның ойынша «педагогикалық процесс – педагог – тәрбиеленушілер» жүйесінің қызмет етуі, бұл жерде оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу барлық мәдениет байлығын меңгеруге, өскелең ұрпақты қоғам өміріне және еңбекке белсенді қатысуға дайындауға бағытталуы тиіс.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін өзара әрекеттестігі.
В.С.Мухина: қарым-қатынас стилін педагогтың оқушыларға «әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі» деп анықтайды.
В.В. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынасты педагог пен оқушылардың «әлеуметтік – психологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағдылары кіретін жүйе» деп түсіндіреді.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін, ұғымына мынандай анықтама беруге болады:
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз — адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажеттілігін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімді болуына, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.
Сөйтіп басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды, өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс жағдайларына маншықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.
Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең және бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тындасақ та, дос жараңдармен сөйлесек те – осының бәрі – қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не болмаса жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы) не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адам және топтық ұйымдардың тіршілігінен байқалады.
Қарым-қатынас дегеніміз – тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу міндеті туады. Осылайша машина тілі пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық-есептеу машинасының қызметін басқарады, оны информациямен қамтамасыз етеді. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зерттеліне бастады. Түрлі жансыз және жанды жүйелер арасында информация араласу жайлы да едәуір білім жинақталды. Адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.
Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.
С. Елеусізова бойынша қарым-қатынас – орнатудың екі бөлшектен тұратын ажыратып көрсеткен еді. Оның ьірі – адамның ішкі дүниесінің қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті. Ал, келесі бөлшегі – адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын білдіреді.
Сонымен қарым-қатынас – ғылым әрі өнер болып табылады. Бұл шығармашылық үрдісі.
Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып тіршілік мұқтаждығы.
В.В Богословский бойынша, қарым-қатынас дегеніміз – бұл тіл арқылы пікір алысу.
М.И. Лисина пікірінше, қарым-қатынас – бұл екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атап көрсетті.
Сонымен қарым-қатынас – бұл белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйді, эмоцияны басқа адамға беру тәсілі болып табылады.
Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларға ғана емес, сондай-ақ өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды.
Адамдармен қарым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоция жағынан байыта түседі және қарым-қатынас үрдісінде адамдар бір-біріне ықпалына тигізеді.

  1. Жаһандану үдісінде ұлттық ерекшеліктерді сақтау

«Жаһандану» ұғымы ағылшын тіліндегі «global» ұғымынан алынған, оны «әлемдік», «дүниежүзілік» деп аударуға да болады. Ал мағыналық тұрғыдан алғанда, бүкіл әлемді қамтыған, яғни құрлық шеңбері шектелмеген, әлемдік деңгейде жүріп жатқан қандай да бір іс-әрекетті білдіреді. Жаһандану – біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру үдерісіне ілесу дегенді де білдіреді. Осы жаһандану заманында ұлттық сананы қалай қалыптастыруға және дамытуға болады?
Қазір барлық мемлекеттер жаһандану жағдайына бейімделіп күн кешуде. Бұл дегеніміз батыстық өркениетті меңгеру жолында ұлттың төл тарихы мен мәдениетін жоғалту қаупі бар деген сөз. Батыстың білімі, ғылымы, технологиясы біздерге қажет-ақ, бірақ шамадан тыс еліктеу дәстүрлі тәрбиелік, адамгершілік құндылықтардан айырады. Сондықтан жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз болмысына қарай бейімдеп сіңіре алса қауіпсіз болары анық. Біз осы уақытқа дейін ұлттық мәдениет пен тіл, дін мен діл және басқа да мәселелер түбегейлі шешілді деп айта алмаймыз.
Әрбір халықтың өткен тарихы өз өрнегімен сипатталып, халықтың тағдырына ықпал етеді. Сондықтан әрбір ұлттың өмірінде, мәдениеті мен рухани-психологиялық келбетінде өткен өмірдің іздері анық көрініп, ұлттық қадір-қасиет пен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Ал жаһандану үдерісінде қазақ қоғамында, әсіресе келесі ұрпаққа салт-дәстүрді насихаттап, ата салтын жалғастыру үшін ұлттық тәрбиеге көбірек көңіл бөлуіміз керек. Елбасының 2018 жылғы қазан айындағы халыққа жолдаған Жолдауында «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деп жастар мәселесіне көбірек көңіл бөлу керектігіне басты назар аударып отыр.
Қазақ халқы балаға тәрбие беру ісін қашанда үлкен даналықтың, көрінісі деп санаған. Сондықтан ұлттық тәрбиенің ең маңыздысы – әрбір жеке тұлғаның белгілі бір ұлттың мүшесі екенін сезінуге, ойлануға, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Себебі, талай халықтың дамыған ұлттың жетегінде кетіп, сол ұлтқа сіңіп, жоқ болып кететіні тарихтан аян. Сондықтан да ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды ақиқат ретінде қабылдап, озық бөлігін ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналдыра білуіміз керек. Өйткені мұндай жаңалықтарды жастар тез бойына сіңіріп алады. Біздің менталитетімізге еніп жатқан жаңалықтарды ұлттық болмысымызға қарай бағыттап, заман талабына сай әрекет етпесек, тарихи дәстүрлерімізді де жаңғырта алмаймыз.
Жаһандану үдерісіндегі ұлттық тәрбиеде жастарды қазақ халқының өткен тарихын меңгерту және бүгінгі тарихи кезең аясында бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық жағдайдан шығу жолдарын қарастыру секілді екі бағытта тәрбиелеу керек деген пікірдеміз. Өйткені, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрі, тілі мен ділі, сенімі мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен өткен рухани құндылықтарға мән берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи, психологиялық даму бағытында екінші мәселенің де шешілуіне ықпал етеді. Сондықтан ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиенің негізгі қағидаларының біріне айналмақ.
Дегенмен, өзіндік «менін» сақтап қалуға ұмтылған халық, өз тарихы мен дәстүрін, ана тілі мен ділін, дінін, мәдениетін сақтап қалу жолында күреседі. Олай болса осы айтқандарымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге қатысты жүзеге асырылуы тиіс әрекеттер.
Бүгінгі қазақ ұлты – «Рухани жаңғыру» аясында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз ел. Қоғамдағы жастардың таным-түсінігі мүлде басқаша. Олар өздері қалаған ісімен айналысып, еркін әрекет ете алады. Тіпті ұлттың құрамы ала-құла, яғни отбасының құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Кез келген мемлекеттің дамып, гүлденуіне көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ болуы шарт. Білімді ұрпақ дегеніміз – инновациялық терең білім алған, технологиялар әлемінде қабілетті, тарихы мен мәдениетін ұғынған, тілі мен дінін сақтаған рухани таза ұлттың ұрпағы.
Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең ұлт жаһандану деген алып мұхитта өз келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын болатыны сөзсіз.
Шығыстың ұлы ойшыл ғалымы Әл-Фараби: «Маған жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса ұрпақ тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азаматтарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Жаһандануды әмбебап мәдениетке қол жеткізу процесі ретінде танитындар мен бұның жүзеге асуының мүмкін еместігін өздерінше дәләлдеп жүргендер көп.
Әуел баста бұл дүниедегі мәдениет атаулының әртүрлі болғандығын, кейіннен этникалық топтардың бірігіп, айырмашылықтарының азайып келе жатқандығын, ғылым мен технология көмегі арқылы да бұл айырмашылықтар жойылып, ортақ саяси, экономикалық және мәдени негізге қол жеткізуге болатындығын айтып жүргендер де кездеседі.
Негізінде этникалық топтар арасындағы айырмашылықтар сырт көзге ғана солай көрінеді, ал шындығында, негізгі құрылымдық мәселелерде топтардың әрдайым бір-бірлеріне ұқсас екендіктерін дәләлдеп жүрген теоретиктер де әрбір қоғамның бірыңғай процестерден өту арқылы нәтижесінде бір ғана адамзат қоғамына, яғни, әмбебап мәдениетке жететіндігіне сенеді.
Болашақтағы осындай әмбебап мәдениеттің діңгегі Батыс Өркениеті деген пікір кең етек алып келеді [3]. Бұл теорияның төркінінде Батыс империализмі мен әмбебап мәдениеттің көзі Батыс Өркениеті деген түсінік жатыр [4]. Бұл процессті Батыстың бүгінгі жүйесін сақтап қалу, капиталистік өндіріс, нарық пен капитал арасындағы кедергілер мен тығырықты кешеуілдету үшін ойлап тапқан шара деп білетіндер де кездеседі.
Міне, осындай оғаш түрдегі өзгеру процесі – идеологияға айналып, қашып құтыла алмайтын процестің ішіндеміз деген сияқты үгіт-насихат белең алып барады. Олар, жаһандану арқылы барлық лаңкестіктер, соғыстар бітеді, бейбіт-мамыржай тіршілік басталады деп сендіруде. Жаңадан бас көтеріп келе жатқан соғыстар – халықаралық дәрежеде емес, мемлекет ішінде аймақтық-этникалық соғыстар болады дейді. Бұл жағдайда, жаһандануға қарсы бөгет болып тұрған ұлттық мемлекеттер, ұлттық мораль және мәдениет сияқты құрылымдарды жою, бөлу, ал аймақтық болмыстарды қолдау арқылы, жаһандану үшін оңай жұтылатын күлшеге айналдыру қажет екен.
Міне, көріп отырғанымыздай қазақ ұлты үшін, жаһанданудың аранына жұтылып кететін күлше болмау үшін, ұлттық сана мен ұлттық ізденістер және шешімдер үшін ең алдымен ұлттық саясат қажет болып тұр. Өйткені, қазақ болмысына қауіп төніп тұр, жаһандану идеологтары ұлттық бірлік пен мемлекеттің уақыты бітті деп жар салуда. Енді ғана ұлтымызды, қазақтық болмысымызды сезініп келе жатқан кезімізде бұл үлкен мәселе. Сондықтан алдымен мәдениеттік тұғырдың мәні мен ұстандарына көңіл бөлу шарт.
Адамның шыр етіп дүниеге келген уақыттан бастап өскен ортасы, кеңістігінен алған мәліметтері мен танымдары негізінде қабылдаған құндылықтар дүниесі мен қам қарекетіне кең мағынада мәдениет деп қараймыз. Мәдениеттің ең басты күретамырлары дін, дүниетаным, мағлұмат, тарихи сана мен жад.
Біздің қолданатын заттық (материалдық) және рухани дүниелеріміз бен қам қарекеттеріміз мәдениетіміздің көрінісі болып табылады. Осы мәдениеттің қанға сіңуі және келесі ұрпаққа аманат ретінде берілуіндегі ең басты қызметті тіл атқарады. Егер ана тіл шұбарланып тұншығар болса, ой да көмескеленіп, мәдениет те өледі дей беріңіз. Онда «ұлттық мен» немесе ұлттық болмыс та жойылды деген сөз. Ана тілі – «ұлттық болмыстың» еркін ойлауы мен тыныстауын, ұлттық сананың үздіксіз жаңғыруы мен түлеуін, оның ғарышпен үндесуін реттеп отыратын рухани шабыт көзі – ұлттық құндылықтарымыздың өрісі.
Ана тіл және «ұллтық болмыс» немесе «ұлттық сана» арасында өте тығыз байланыс бар екендігі белгілі. Бұл жерде «Ұлттық болмыс» деп қандай да бір қоғамның ұлт екендігін айқындайтын қасиетті айтып отырмыз. Ал «ұлттық сананың сол ұлттың болмысы мен тіршілігін жалғастырып, әрі оны басқа ұлттардан ерекшелеп тұратын құндылықтарға деген махаббаты арқылы тануға болады. Қандай да бір ұлттық құндылық деп халықтың оны (құндылықты) қабылдап, «менікі, өзімдікі» деп қастерлеу, құрметтеу қабілетінің деңгейін айтып отырмыз. Құндылықтар біздің дүниетанымдық әлеміміздегі ең негізгі түсініктер мен ұғымдар болса, бұлар ана тіліміздегі «сөз әлемі» мазмұндарының ғасырлар бойы қолданылып келген дүниетанымдық ұстындар негізінде қалыптасады. Әр мәдениеттің өзіне тән дүниетанымдық болмысы бар. Яғни қандай да бір ұлттың ана тіліндегі ұғымдардың мазмұны сол ұлттың белсенді дүниетанымдық сонымен қатар құндылықтық жүйесінің қуаты негізінде қалыптасқандығының көрінісі. Бұл шындық әрбір ұлттың әлемді өз ана тілі арқылы танитындығын тағы да айқындай түседі. Сонымен қатар бұл шындық «ұлттық болмысты» сомдайтын тездің (қалыптың) де қызметін атқаратындығын көрсетеді. Яғни, ана тіл ұлттың өзін анықтайтын және басқалардан ерекшелейтін қасиеттедің қайнар көзі. Міне сондықтан да ұлттын ұлттығын жалғастырып тұрған арналардың басында тіл тұр дейміз. Тіліміздегі сөздер мен ұғымдар мәдениет әлемінен, тарихи сана қатпарларындағы ойлау қалыптары мен танымдық ұстандары еске салып, жаңғыртып отырады. Яғни, біз егер тіліміздегі ұғымдардың орнына жаппай басқа тілдегі «кірме терминдерді» қолданатын болсақ, төл дүнитанымдық дәстүрлер арасындағы негізгі ұстандар мен ойлау жүйеміздегі қалыпты қатпарларға жете алмаймыз. Бұл – ешқашан өзіндік сырлы ой мен пікірге терең бойлай алмаудың, яғни еркін ойлаудан мақрұм қалудың нышаны.
Мәдениет сол қоғамның заттық-рухани салалары тарапынан жасампаздықпен дүниеге келген «перзенті», яғни мирасы болса, сол мирасты иемденушілер әр дәуірде әрбір «ғасырлар тоғысында» оған қамқор болып, төл мәдениетінің жанашырлары екендігін тілімен емес ділімен, ісімен дәлелдей білулері қажет. Әйтпесе ондай қоғам өз мирасының иесі емес жетімегі болып шыға келеді. Мұндай жағдай қоғам үшін берекетсіздік пен хаостың туындауына әкеліп соғады. Ал хаос дегеніңіз ешқашан ұзаққа созылмайды. Оның бостығы басқа мәдениеттер тарапынан оп-оңай толтырыла салады. Бұл құбылыс «құлағы тілік» мәлім жайды, яғни «мен» немесе «ұлттық болмыс» мәселесін өзімен қоса қабат әкеледі. Өзінің «менін» ұмытқан адам – қаңбақ. Оның мақсаты мен бағытын тек «жел» ғана анықтайды. Мәдениетін ұмытқан қоғамның да ахуалы осындай. Шығыстың ойшылы, Нобель сыйлығының иегері М.Иқбал «езілген ұлттардың менін, болмысын ұмыттыру, оларды тарих бетінен жойып жіберудің астыртын жүргізген әдісі мен ойыны» екенін айтып, «…менін жоғалтқысы келмейтін ұлт өзінің өткені, бүгіні мен ертеңі арасындағы қан тамырларын үзіп алмауы» керектігін ескертеді. Сондықтан әрбір ұлт «қуатты тарихи сана арқылы төл тарихымен үлкен махаббат арқылы тұтастықта болу керек» десе, тағы бірде «тарих мәдениеттің жұлыны, оның тіршілігі сақталып, жаңғыртылуында» деп айтпақшы болған ойымызды нықтай түседі [6]. Дегенмен тіл, дін, дәстүр, әдет-ғұрып, құндылықтар, тарихи сана мен сезім т.с.с. ұғымдармен берілген әрбір мәдениет ағзаларының «ұлттық болмысты» қалыптастыратын арналарын аршып, шынайлықпен білек түріп, сын көзбен елеп-екшеп әлі де болса кәдемізге жарата алмағанымыз да шындық.
Енді осы орайда «ұлттық болмыс» өзінің ойлау әлемінің төл ұғымдары мен оның мазмұнын өзінің киіз туырлықты мәдениетінен алуға арналып, «басқалардың» ойлау қорындағы танымдық-құндылықтық ұғымдарынан «қарызға» ала сала, сәл жұмсартып айтар болсақ, төл ұғымдары мен құндылықтарын осы заманға, оның талабына сай негіздеп ұлт әжетіне жарата алмай, қолда барды ұқсата алмаса, онда «ұлттық болмыс» қаласаң да қаламасаң да сенен жатсынап, өзінің берекетсіздігін (хаос) басқа бір мәдениет тарапынан толтырып, оның жетегінде жегіліп, ой сандығын тербетіп, сойылын соғып кете барады. Қандай да бір мәдениеттің басқа бір мәдениеттің шылауы мен қанжығасындағы өңгеріліп кете баруы оның әлсіздігінен емес, Ш.Айтматовтың тілімен түйетін болсақ, сол мәдениетті тасушы төл перзенттерінің мәңгүрттігі мен салғырттығынан. Бәлкім, бұл құбылыс басқа мәдениет қорындағы құндылықтық-танымдық ұғымдарды өзіне еншілеп алған сол «әлжуаз перзенттеріне өкпешіл мәдениетке» үлкен септігі мен көмегін тигізуі де мүмкін… Дегенмен, осындай күйге душар болған «мен» өз болмысынан безіп, «қағынан жеріген құландай» болып, басқалардың болмыстық қомына кіріптар болмай ма? «Мен» қанша дамып түрленсе де «өзі» ретінде емес, «басқаның арнасын қуалай ағып» негізінен аулақ жарықтап, өзіндік ерекшелігі мен табиғатынан ажырамас па екен? Өзінің « Сары арқасы мен ел жайлауы қара шаңырағына» жат болып кетпей ме екен деген сияқты «қос құлақты сұрақтар» шыға келеді.
Мәдениет ұлттың үздіксіз тарихи сабақтастығының жемісі мен жеңісі. Сондықтан мәдениет дегенде ойымызға ұллтық дәстүріміз келеді. Өйткені, ойымызды жеткізетін ұғымдарды дәстүріміздегі дүниетанымдық ұстындардан аламыз. Олар арқылы ана тіліміздегі ұғымдармен ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырамыз. Осы ұстындар арқылы тек қана ойларымызды ғана емес ой-пікір, дүниетанымдық құндылықтар жиынтығынан тұратын мәдениетімізді де мирас етіп келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыра аламыз. Басқаша айтқанда адам мәдениет тасушы болмыс болса, мәдениет те сол адамдық «менді» тасушы «аруана» сияқты.
Қандай да бір ұлттың басқа ұлт мәдениетіне еліктеуі, біле тұрып барлық «боқшасын» одан алуы жақсылықтың нышаны емес. Әрине «мен», «басқа» мәдениеттің озық әрі өскелең қырларымен сұхбатта (диалогта) болуы керек оның ешқандай зияны жоқ. Дегенмен осы сұхбатты сылтауратып, бүгінгі «ашық қоғамымыздың» «құбыласы» болып отырған Батысқа бас шұлғи беруге болмас. Тарихымызды аяқ асты етіп, Батысқа қарап «тұлыпқа мөңіреген бұзаудың» күйіне түссек, олар ертең «өзіңді өзің қадірлей алмадың, енді құл болғаның болған» десе, мұны тарих-атамыз, мәдениет-анамыз келер ұрпақ кешпес. Бұл жерде «мен» тарих-атамен тұтастықта, үндестікте болғанда ғана мәдениет-анамыз құлпырып, жандана алады. Басқаша айтқанда тарихсыз мәдениет, мәдениетсіз «ұлттық болмыс» ешқашан түлеп, көгере алмайды. Бүгін «әлем кішірейіп бір ауылға, мәдениеттер де тек мәдениетке айналды» деген «жайдақ ойшылдар» көбейген кезең [7]. Олай болса «мені» Мен қылып, басқалардан ерекшелеп, әлемдегі орнымды анықтап тұрған мәдениет пен тарихи сана жойылғаны емес пе? «Мен» де өлді дей беріңіз. Батыстың бір ойшылы осы мәселе бойынша былай дейді: «…егер бір ұлттың зиялылары тарихи санадан мақрұм қалса, олардан өз мәдениетінің қадіріне жетеді деп қалай үміттенесің? Тәңір басқа салмасын, ондай қоғам мәдени жағынан өз-өзін дарға асты дей беріңіз» дейді. Батыстың зиялысы осылай ой түйеді. Тағы бір Батыстың әйгілі Кандерра деген ойшылы «Еуропа күретамыры жағынан либералдық-демократия мен латын христиан мәдениетінен сусындап отырғанын» [8] айтса, біздің қазақтың маңдайындағы бетке ұстар тарихшылары ұлтымыздың негізгі күретамырын мәдениет арнасынан емес, этногенез қаңқасынан іздеумен әлек. Тарихқа мұндай көзқарас, кешегі «измнен» қалған «историцизм» деген мезі қыңырлық әлі жалбағай тонын жалпылдатып қалар емес. Қайран Абайдың өткен ғасырдағы «…сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел!» деп, салған жанайқайы әлі Шыңғыстауда жаңғырып, бізге әлі жетпей жүр ме қалай?
Төл мәдениетіміздің айнымастан үздіксіз дамуын қамтамасыз ету керек десеңіз «күл астындағы қордай» сақталуы тиіс мәдени заңдылықтар мен қағидаларды анықтап алғанда ғана ұлттық мәдени дамуымыз соған орайлас бағытталып, реттеліп отырары сөзсіз. Осы орайда, Туркияның өткен ғасырдағы атақты ұлтшыл жазушысы Пейами Сафа «өткенін ұмытатындай жады жоқ, келешегін қиялдайтындай жаны жоқ, армансыз, үмітсіз ұлт үшін тарих керуенінде орын жоқ», дейді [9]. Сірә, мәдениет ұлттық болмысты анықтайтын «Мен» субстанцияға өз бояуы нәрімен сипат беріп отыратын ең негізгі ұйытқы күш. Ол «меннің» өмір сүруінің ең басты шарты.
Терең ойлау ана тілдің дамуына ықпал ететіндігі сияқты, ана тілді қолдану да терең ой мен тұнық пікірлерді жаратудың алтын бесігі. Яғни Гумбольдтың айтқанындай, ғылым мен философияда алға басу жаратушы күшке ие болу тек ана тілімен табысып, үндесе білуге байланысты, Ана тілдегі «жаратылған әлемді» басқа әлемге жеткізу тәржімалау үшін «басқа тілді» қолданамыз. Сондықтан әсіресе философиядағы ұғымдарды ана тілімізден тулетуге мән беру еркін ойлау көзінің ашылуына,, тарихи санадағы ой желілерінің жаңғыруына, негізгі дүниетанымдық күретамырлармен байланысты нығаюына ықпал етеді. Ана тілі білім беру және ғылым тілі болғанда ғана дамып, жанданады. Осы салаларда ана тілі қолданылмайтын қоғамда дені дұрыс ой иелерінің шығуы да екіталай. Сондықтан жаңа, еркін елдің қоғамдық санасындағы серпілістің жүзеге асуы үшін оған тек сол ұлттың философиясы ой жүйесі ықпал етіп, ертеңіне есік аша алады.
Философия деген ақиқатты іздеу жолының жүздеген жылдық тарихы мен оның өткен асуларындағы пікірлер мен ойлау төңірегіндегі пікірталас, түсіну, ұғыну, ұсыну қалыбына (формасы) кұрметім өте терең. Бірақ адамның «менін» өзінің ішінде тыныстап сусындап отырған мәдениет тұрғысынан қарағанымызда «…осы біз неге…» деп басталатын іштен шыққан өксіктің тек қана психологиялық себептен екендігіне күдігім күн өткен сайын артып, жамалып барады. Ұлттық дүниетанымның мәнін «басқа тіл» арқылы дөңгелету былай тұрсын, бүгінгі Батыстық философиялық ой қалыптарымен айқыштай салуға бейімбіз. Төл дүниетанымыз бен философиямыздың ақиқатына жету үшін сөзсіз Батыстың «босағасынан аттату» керек деген құлдық ойлау басым. Неге десеніз, кез келген «философия» мәселелерін қарастыруда, Батыс көзқарасы тұрғысынан тырысып бағып тыраштанамыз ай келіп… Егер, философия жалпы адамзаттың ортақ қазынасы болса, оған неліктен өз мәдениетіміз тұрғысынан үлес қоспаймыз? Басқаша айтқанда, «мен» деген категорияның мәні сол менді дүниеге әкелген, тұла бойы сүтімен, нәрімен әлдилеген мәдениет арқылы ашылатын болса, онда адамзаттың ортақ еншісіндегі философияға неліктен «өзіндік мен» арқылы үлес қоса алмаймыз?
Иә, «философияны» біз қалыптастырған жоқпыз. Дайын түрінде алдық. Алғанда да мирас-аманат ретінде алған сияқтымыз. Әу бастан ақ аманатқа қиянат жүрмейтіні белгілі емес пе?! Сондықтан философияны тек батыстық құндылықтарды таңбалаған ұғымдар арқылы оқып,оқытуға міндеттісің. Бірақ көп емес сәл ғана ойланып көрсең осындай «аманат қалыбының» тарихи дамуы онша алыста емес екен. Әрі кетсе бір-бір жарым ғасыр шамасы. Сонымен философияны оқып жүрміз. Зорлық, қысым жасаған ешкім жоқ, өз еркімізбен, қалауымызбен оқып жүрміз. Бірақ «философ» болуым үшін Батыстың ойлау жүйесі мен көзқарасы шеңберінен аспай оларға «жағынып», «сыны мен санағынан» өткенде ғана «нағыз философ» деген атқа лайық болады екенмін.
«Атың шықпаса жер өрте» деген қазақтың ұрпағымыз ғой. Өз жерің ой-орманыңды, мәдени құндылықтарыңды «өртеп», оны қайта «сөндіру» үшін Батыстық өлшемдермен су бүркіп, жалбағай тоныңды жалпылдатып, төл «мәденитіңе, ұлтыңа қызмет етіп жүрмін деп жар салсаң», шаруа бітіп жатыр екен-ау.
Бірақ бүгін өз болмысыңның орнын іздеп, ойланатын болсаң, Батысқа, «ой-орманға» жағынып, қабағын аңдып, «бірдеңе» дәметіп, телміретін қоғамның емес, егеменді еңселі Қазақ деген қоғамның өкілі ретінде «өз сөзім өзімдікі, қалаған алсын» деген Абайдың сарынына салып, «мәдениетіміздің кең жазирасына» оралу шарт. Өйткені, қазақтың «балалық шағы» өтті. Енді саналы, жауапкершілікті талап ететін егемендіктің, елдіктің талаптары мен жүгіне сай «болмыстық мәнді» өзгерту қажеттігін өзіңнің белгілі бір ұлттың, мәдениеттің өкілі ретінде қоғамдағы, әлемдегі орныңды жауапқа тартқанда ғана сезінесің. Бұл – өзімізді-өзіміз ретінде танып, танытудың арналы жолы мен өзекті де өнегелі мәдениетіміздің пензенттерінен сарғая күткен ертеңіне деген үмітінің ақталуы мен өз болмысының сақталуының ең басты шарты. Бұл психологиялық қайғырудың көзі қандай да бір қоғамның, мәдениеттің дәстүрлі дүниетанымындағы ұстындарының өзіндік ерекшелігі бар екендігі және оны тез арада анықтаудың жолын қарастыру керектігі. Осы ерекшеліктер мен ұстындарды сақтай отырып, философияға арқа сүйегенде ғана өзіндік ұлттық философия жасағанымыз. Дей тұрғанмен, «бүгінгі философиялық түсінігімізбен» мұны жүзеге асыру оңай шаруа емес сияқты. Неге десеңіз, қоғамымыз формасы жағынан «еркіндік алғанымен» (Еркіндік табиғаты бойынша «біреуден» алынбайды, еркіндіктің де құлдықтың да негізгі себебі мен кайнар көзі рух, сана) оның мазмұндық жағы ақыл-ой, сана, ойлау жүйеміз бен қалпымыз өзгерді деу әзірге қиындау. Дегенмен еліміздің егемендігінің асуларындағы белестерге көз жіберсеңіз, «қоғамдық мазмұнның» сілкініп келе жатқанын байқауға болады. Осы белестегі қазақша философиялық толғаулардың көбеюі де көңілге медет дей тұрғанмен, әлі де болса, еркін ойлауға, тәуелсіз кәдімгі «қазақша» ойлауға мұқтажбыз. Еркін ойлауды философияның өткені мен бүгінгі бүкіл мұрасын жоққа шығару немесе оған карсылық ретінде ұғынбауымыз керек. Өйткені, бұл жағдайда еркіндік керісінше құлдыққа айналуы мүмкін. Еркіндік өз әлемімімді тарихи жасампаздықпен үндестікте ұғынып, түйсініп қорыту арқылы қамтамасыз етіледі.
Адам адамнан үйренеді, адамның күні адаммен. Адамнан адамның артық кемі жоқ. Бір-бірінен ала отырып, бере де біледі. Олардың әлемі тіршілік ортасы бір. Бұл ортақ дүние әртүрлі мәдениеттердің арасындағы қарым-қатынастарға жол ашады. Философ тіршілігінің негізін де осы ортақ дүниеден алады. Ортақ дүниеде әртүрлі «әлемдер» мәдениеттер, жеке адамдарды ортақ етіп немесе ажыратып тұратын ерекшеліктердің ақиқатына жеткенде ғана өз болмысыңды, ұлттық «меніңді» танисың. Сондықтан біз үшін қай мәдениет мұхитына жататынымыз, қай қоғаммен туыс-еншілес екеніміз, қай тілде, қандай ділде ойлап, толғанатымызды, сөйлейтінімізді жалпы, мәдениет-анамыздың болашағын аңықтау мен мәніне жету мақсаты оны тарих-атамыздың үш кезеңімен (өткені, бүгіні мен ертеңін) тұтастықта, үндестіре алғанда ғана айқындала түседі. Бұған қоса, қазіргі «глобализм, нарықтық экономика мен ашық қоғам» айдарлы үш аяқты «дөңгеленген дүниеге» өзіндік философияңызды, ұлттық экономикаңызды, төл мәдениетіңізге негізделген ғылыми, мәдени, дүниетанымдық, демократиялық айқың мақсатты әрі нық тұғырлы даму стратегияңызды сайлап алмастан «араласып» кетсеңіз (араласып та жатырмыз) «будандасқан мәдениет» былай тұрсын, тарих керуенінде «өз болмысыңның жұрнағын» күндіз шаммен іздесең де таба алмай қалуын ықтимал… [10] Бүгінгі «американ глобализмі» кешегі колониализмнің шөбересі, империализмнің немересі, «коммунистік орыс глобализмінің» руласы… Міне, кешегі «коммунизм глобализмінен» аман-сау қалғанына тәуба деп, енді ғана егемендігінің тізгінін қолына алып, көшін түзеп жатқан біз үшін осындай «ықтималдарды» бүгіннен көре алмасақ, ертең жылағанмен кеш қаламыз. «Көздің жасын көлдетудің, бүгінді ертеңмен байланыстыра алмай текке отырудың балалық екендігін» кешегі қазақтың маңдайындағы асылдары мен шәйттері ұрпақтарына аманат етіп айтып кетпеп пе еді?
Бүгін кейбір әріптестерден қай қоғам үшін ғылым жасап жатырсың деп сұрасаң, «қоғамыңды білмеймін, ғылым, ғылым үшін жасалуы керек», деп тез жауабын бере салады. Әрине жауабы мен түсінігі жоқтардан қорқу керек, сондықтан бұларға құрметіміз терең. Қазақ мәдениетінің «асқан интернационалдық, космополиттік әрі гуманистік салт-санадағы» бүгінгі кейбір өкілдері ғылымды, ғылымды құтқару үшін жасаса, философияны да бүкіл адамзатты құтқару үшін жасайды екен.
Меніңше, әлемдік деңгейдегі ғылымға, философияға үлес қосу үшін «өзіндік қырың мен менің» маңызды. Сол «менді» сипаттайтын, анықтайтын өлшем мәдениет емес пе екен? Осы бағытта ұлттық философия төңірегінде тәй-тәй басқан жас зерттеушілеріміздің ізденістері ой салып, үйретіп, үмітіңді ұштай түседі. Философияны ғылымға айналдырып жіберуден гөрі, онда «ақиқат жолында тәй-тәй басу» кемістік емес, әрине. Осындайда, «…ең пайдалы ғылым қоғамның игілігі үшін жасалған ғылым» деген пайғамбарымыздың сөзі еске орала береді.
Өз мәдениетінің үш уақыт ішіндегі күретамырларын, ой-пікір қазыналарынан тұратын дәстүрлі арналарының ізін, тұла бойын тұтастай көктеп өтетін жүйелі қалыбын тауып, қайта жаңғырта білетін оны бүгінгі белесінен, үміті мен асқарынан болашағына жетелейтін жол көрсете білетін адам ғана «нағыз философ» болуы керек. Бұл атақты «батыстық немесе басқа» экзаменаторлар емес, сол мәдениеттің жаңғыруы, еркіндіктің баяндалығы мен ұлттық құндылықтардың жандылығы ғана бере алар. Дегенмен бүгінгі нағыз философтарға да ертеңгі тарихымыз ғана әділ бағасын бере алады.
Бүгінгі таңда қағанағы қарқ болып отырған, төрт құбыласы түгел философиялық ойлау жүйесі жоқ, бар болса да қалыптасу үстінде. Әр мәдениет басқалардан өзінің «жоғың» іздеуде. Сен өзінде барды көрсете алмасаң немесе тырыспасаң, «басқаға» жағынамын, «нағыз философ» боламын деп «жайдақтатуыңды» шектемесең ешкімге керегің жоқ. Ол сенен өз жоғын күтеді әрі үміттеніп те отыр. Өйткені олар бүгінгі таңдағы ерік, жігер, еркіндік, мораль, адамгершілік сияқты жұтаңсып отырған жалпыадамзаттық құндылықтарды құнарландыратын сырлы да жанды ой ұшқындарын, сенің дәстүрлі түркілік дүнитанымыңдағы ерекшеліктер мен ұстындарыңнан күтеді. Міне біз осы құндылықтарымызға ұласып, үндесіп, сол әлемнің бел ортасында жанды адам ретінде үйлесе алатын болсақ ыстық философиялық ойлау негізіне оралғанымыз. Қорыта келе, тіл және ойлаудың тазалығын қамтамасыз ету төл мәдениетімізді экологиялық кірленуден арылуы мен түлеуіне ықпал ететін қам-қарекет сонымен қатар діліңді алып шығатын желкен. Қоршаған ортаны, әлемді, өзімізді, тарихымызды басқаның тілімен, көзімен, ой-қалыбы терезесімен емес, «қазақы қазанымызбен» қайнатып көруге, тануға тырысқанда ғана төл тарихы бар мәдениеті бар, егеменді елі бар «мен» деп ауыз толтырып айта алатынымызды әлемдік тәжірибе айғақтайды.
Егер біз бүгін мәдениетіміз үшін жауапкершілік сезініп, қайғыра білсек, ол да ертеңіміздің ұрпағын ойлағанымыздан деген ойымды жинақтай келе «қайтсек өз мәдениетімізді» толыққанды тасушы бола аламыз немесе «менің бүгінге тасып, әлемдегі орнымды көрсетіп отырған мәдениет-анамызды қалай сақтай аламыз» деген қауіптен туған ойымыздың ойы-қырын ағайын өзі тарта жатар демекпін.

  1. Педагогтің кәсіби өзіндік санасы

Педагогтың кәсіби сана-сезімі – бұл кәсіпқой ретінде өзін, іс-әрекет пен педагогикалық қатынаста көрініс табатын өзінің тұлғалық ерекшеліктерін ұғынуы. Кәсіби сана-сезім жалпы алғанда сана-сезіммен ортақ қасиеттерге, белгілерге де, өзінің спецификасына да ие. Ортақ белгілер, жалпы алғандағы сана-сезім секілді, кәсіби сана-сезімнің өзінің құрылымына өзін-өзі тануды, эмоциялық-құндылық қатынасты, өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі реттеуді және өзін-өзі бақылауды қосатындығымен анықталады, мұнда сонымен қатар сәйкестендіру және рефлексия механизмдері де міндет атқарады.
Ерекшелігі – тұлғаның өзінің жиынтығында педагогты оқушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен, әкімшілікпен, өз өзімен өзара әрекеттесуде суреттейтін қасиеттері және ерекшеліктері танылады, бағаланады, реттелуге жатады. Осыдан барып өзін-өзі тану нысандары: кәсіптік-педагогикалық бағытталғандық; педагогикалық қабілеттер; арнайы білімдер мен ептіліктер; өз белсенділігінің деңгейі; іс-әрекеттің педагогикалық стилі және көптеген өзгелер болуы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда өзін адам ретінде қабылдаудың өзін кәсіпқой ретінде қабылдаумен дәл келмеуі мүмкін.
Мысал. Тұлға жалпы алғанда өз-өзіне қанағаттануы, өзіне деген құрметті бастан кешуі, өзін құзыреттімін деп сезінуі мүмкін, бірақ бұл кезде өзінің кәсіби жетістіктеріне, әкімшілікпен, әріптестерімен қатынастарына онша қанағаттанбаған болуы; онша жоғары емес біліктілігі жайында айып сезімін сезінуі және т.с. мүмкін. Осындай келіспеушілік тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларындағы өзімен жеткіліксіз сәйкестендірумен куәландырады, бұл тұлғаішілік кикілжіңдерді тудыруы мүмкін.
Мұғалімнің А.К.Маркова бөліп көрсеткен кәсіби сана-сезімінің құрамдас бөліктерін келтірейік:
• Өз кәсібінің нормаларын, ережелерін, үлгісін (яғни педагогикалық іс-әрекетке, қатынасқа, тұлғаға қойылатын талаптарды) өз қасиеттерін ұғыну үшін эталондар ретінде ұғыну. Бұл процесте кәсіптік дүниетанымның негіздері қаланады. Егер педагог өзінің қандай болуы керектігінен және өзінің қоршаған адамдармен қатынастарын қалай құру керектігінен хабардар болмаса, онда өзін бағалауы қиынға соғады. Жалпы білімдарлықтың негізінде мұғалімнің кәсіби білімі, оның мұғалім еңбегінің жеке концепциясы қалыптасады, өзінің жүріс-тұрысында ол осыған сүйенеді.
• Жоғарыда тізіп көрсетілген қасиеттерді басқа әріптестерінен жете түсіну, өзін біліктілігі орташа қандай да бір абстрактылы да, нақтылы да кәсіпқоймен салыстыру.
• Өзін кәсіпқой ретінде қоршаған адамдар – оқушылар, әріптестері, басшылық және т.б. тарапынан жете түсіну;
• Өзінің жекелеген қырларын өзінше бағалау: өз өзін, өзінің педагогикалық іс-әрекетін, қатынасын, тұлғасын түсіну және ұғыну; өз өзінің ерекшеліктерін бағалау және эмоциялық қарау. Біртіндеп мұғалімге кәсіптік сенімділік немесе сенімсіздік сезімін беретін тұрақты Мен-концепция қалыптасады. Оның негізінде өз өзіне қатысты мектепте болып жатқанның бәрі бағаланады. Бұл кезде: бүгінгі мүмкіндіктерді (өзекті өзін-өзі бағалау), кешегі (ретроспективалық өзін-өзі бағалау), болашақ жетістіктерді (идеалды өзін-өзі бағалау) бағалау және басқалар тарапынан бағалау (рефлексивті өзін-өзі бағалау) өзгеше болады. Егер өзекті бағалау ретроспективалық бағалаудан, ал идеалды бағалау – өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл кәсіптік сана-сезімнің өскендігін айтады. Мұғалімнің өзін-өзі бағалауының оптималды құрылымы болып осында ретроспективалық және өзекті, өзекті және идеалды өзін-өзі бағалаулар арасында минималды айырмашылықтар, кәсіптік өзін-өзі бағалаудың жасампаздығы және шынайылығы туралы куәландыратын, сана-сезім негізінде әрекет жасауға қабілеттілік бар құрылым есептеледі.
• Мұғалімнің жалпы алғанда өз өзін оңды бағалауы, өзінің оңды қасиеттерін, келешектерін анықтауы, позитивті Мен-концепциясын құруы өзіне деген сенімділікті, өз кәсібіне қанағаттанғандықты, көңілі толғандықты, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады. Көбіне көп дәл осындай мұғалім өзін-өзі жүзеге асыруға тырысады. Психологияда педагогтың Мен-концепциясының оқушылардың Мен-концепциясының дамуына әсерін дәлелдейтін талай эксперименталдық мәліметтердің бар екендігін атап көрсетуіміз керек. Р.Бернстің (ағылшын ғалымы) жинақтап қорытатын «Мен-концепцияның» даму» және тәрбие» жұмысына көңіл аударалық, мұнда мұғалімдердің Мен-концепциясының және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің балалардың тұлғалық дамуына, олардың өзін-өзі қабылдауына әсерін зерттеу нәтижелері баяндалады. Р. Бернс мұғалімде жағымды Мен-концепцияның болуы оның сыныптағы жүріс-тұрысына ғана емес, өздерінің қабілеттерін толық шамада көрсете бастайтын және осыны олардың мүмкіндіктеріне сенімді мұғаліммен қатынас арқылы ұғына отырып, өзінің құндылық сезіміне ие болатын оқушылардың сабақ үлгеріміне де оңтайлы әсер ететіндігін атап көрсетеді. Төмен өзін-өзі бағалауға ие мұғалімдер бір нәрсесімен барлық қалған оқушылардан ерекшеленетін балаларға жек көретіндігін кей кездері көрсетіп отырады. Егер мұғалімнің басым психологиялық күйі қорғалмағандық сезімі болып табылса, онда тек оқушылармен ғана емес, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен де қатынастарда үрейлілік, күдікшілдік арта түседі. Сондықтан қорғалмағандық сезімін бастан кешетін мұғалім, Р. Бернс көрсеткеніндей, кей кездері авторитарлық рольдермен сәйкестендіріленеді, бұл жүріс-тұрыстағы шамадан тыс қатаңдыққа және өктемдікке алып келеді. Өзін-өзі бағалауы төмендетілген мұғалімдерде мектеп оқушысының тұлғасына зиянды әсерін тигізуге қабілетті, айқын жағымсыз потенциалы бар мақсаттар анықталды.
Солардың кейбірін келтірейік:

  • өзіңді жақсы көрмейтін оқушыларға теріс қарау;

  • қиындықтар оқушыларға бәсеңсуге мүмкіндік бермейтіндіктен, оқушыларға қиындықтар жасаудың кез- келген мүмкіндіктерін пайдалану;

  • мүмкіндігіне қарай оқыту іс-әрекетін бәсекелестік күрес негізінде құру;

  • оларда кеткен ағаттықтары үшін кінә сезімін тудыра отырып, оқушыларды оқуға ынталандыру;

  • қатаң тәртіп орнатуға ұмтылу;

  • оқушыны жазалау дәрежесін оның кінәсіне пропорционал арттыру.

Педагог концепциясының оқушылар тұлғасының дамуына және олардың Мен-концепциясына әсері мәселесін талдаудың нәтижелерін шығара келе, Р. Бернс мынандай қорытынды жасайды: «Өзіне балаларды оқыту міндетін жүктеген адам өзін сенімді сезінуге тиіс. Бұл кезде өз өзіңді де түсінуге ұмтылмасаң, басқаларды түсіне қою, оның үстіне оларға көмектесуге тырысу бекер іс болмақ. Төмен өзін-өзі бағалауға ие индивид басқаларды өзінің үрейлерінің, қорқыныштарының және қанағаттанбаған қажеттіліктері арқылы қабылдайды. Жоғары өзін-өзі бағалау және өзіне деген сенімділік адамға өзінің билігін немесе өз басының маңыздылығын көрсете отырып, өзін-өзі бекіту ниетін жеңіп шығуға және өз іс-әрекетінің бағдары етіп басқалардың қажеттілігін жасауға мүмкіндік береді».
Отандық психологияда да педагогтың кәсіптік сана сезімін көптеген зерттеулер жүргізілген. Жекелей алар болсақ, Л.М.Митина кәсіптік сана-сезімнің төмен және жоғары деңгейлері бар мұғалімдерді бөліп көрсетті. Мұғалімнің кәсіптік сана-сезімнің дамуының төмен деңгейінің әдетте конструктивтік емес жүріс-тұрысты және педагогикалық өзара әрекеттесуді анықтайтын, тұрақтылығы жеткіліксіз бейнеге жинақталатын, оның жекелеген қасиеттері мен сапаларын ғана ұғынумен және өзін-өзі бағалаумен сипатталатындығы атап өтіледі. Ал, енді жоғары деңгей мұғалімнің Мен бейнесінің оның өз кәсіптік іс-әрекетінің мақсаттарын және оларға жасампаздықпен қол жеткізу үшін қажетті амалдарды ұғынуымен байланысты құндылық бағдарларының жалпы жүйесіне сіңісіп кететіндігімен анықталады.

  1. Ұлттық сәйкестену және толеранттық ұғымдарының мәні

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Индивид пен қоғамның мәдениетінің даму деңгейінің сипаттамасы ретінде, адамның өзімен және өзгелерімен үйлесімді қатынаста өмір сүруін сипаттайтын мәселе – толеранттылық болып табылады. Қоғамның еркін дамуы мен жалпы өмір сүруіне деген күреске қажетті принциптер мен құндылықтарды алға қою бүгінгі таңда толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.
Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.
Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан — тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан — тәрбиелік орта.
Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.
Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.
Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан “толеранттылы”, “тұрақты қоғам” деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.
Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.
Көптеген этностардың Қазақстанға өз еріктерімен қоныс аудармағаны мәлім. Ұлан-байтақ Қазақстанның кең жазира даласы жер аудару орны болды. Басқа этностардың өмірі туралы неғұрлым көбірек білуге, ортақ тамыр табуға ұмтылу азаматтардың басын біріктіре отырып, ұлтаралық жанжалдар мен өзара өкпе-реніштерге жол бермейді.
Бірыңғай жалпықазақстандық мәдениетке тоғысқан, өзінің қайталанбас қырларымен көзге ұрарлық әртүрлі этностардың өнері мен салт-дәстүрлері Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған ұлттық саясатына алып келді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық баяндамаларында ең бастысы – ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілік, ұлтаралық келісім екенін баса айтуы тегіннен тегін емес.
Адамзаттың көптеген мыңжылдықтар бойы жинақтаған тарихи бай тәжірибесі барлық күрделі әлеуметтік мәселелердің түп-тамыры мен кез келген қоғамдағы ұлтаралық қарама-қайшылықтың шешімін таба алмаудың бірден-бір себебі – адамдардың мәдени артта қалушылығы мен надандығында екенін көрсетіп берді. Бұдан шығар қорытынды, мемлекеттің ішкі саясаты азаматтардың жан-жақты және үздіксіз білім алуының дамуына, қоғамның ғылыми және кәсіби деңгейге көтерілуіне сүйенуі тиіс.
Ата – бабамыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азаттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдікті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран шайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның бәрін артқа тастап, тәуелсіздік таңына талып жеткен қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр десек артық емес. Көптеген елдерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар толастамай тұрғанда біздің береке – бірлігіміз өзге елдерге үлгі болатындай.
Ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандар мен қашқындардың да нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.
Қазақ халқы тарихтың жазуыменен елімізге кіріккен көптеген ұлттарға бауырмалдық танытып қана қойған жоқ, оларға барынша демеу болып, қолдау көрсетті. Біздің байтақ даламызда өсіп, өркендеуіне жол ашты. Бүгінгі көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек. Қазақтың қонақжайлығы мен дарқан мінезіне өзге ұлттар үнемі өз алғыстарын айтып, өздерінің жоғары бағасын беріп келеді.
Тәуелсіздіктің 23 жылдық тарихында Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Бұл – болашақтың байыпты белесін айқындайтын негізгі фактор екені анық. Осындай ауқымды жұмыстарды атқаруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы ерекше. Кезінде Елбасы Қазақстан халықтарының Форумында Ассамблея құру туралы идеяны көтерген еді. Ал қазір конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып отыр.

  1. Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде

Өзін-өзі тану – адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. Педагогтің ізгілік ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары. Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру. Өзіндік процестерге: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі өзектендіруге және т.б. педагогикалық қолдау көрсету.
1. Адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттары. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.
И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі «бастапқы», «элементарлық кереге көзі» болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға болады.
Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнін өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қолжеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).
2. Педагогтің ізгілік ұстанымы. Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы“Рабби — тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ.с.) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың Қызыр (ғ.с.) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зоржауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі қазақмәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз — шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: “сүйегінің — асылының, рухының иесі — Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар.
Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі — шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX—XX ғасырларда А.Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді.
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».
Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.
3. Өзіндік процестерге педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың басымды бағыттарының бірі адамның тұлғалық әлуетін барынша ашуға бағытталған және тұлғаның тәндік, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуында үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани білім беру болып табылады.
Бұл білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылуда.
Өзін-өзі тану оқушының өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі кемелдендіруіне, өзінің қабілеттері мен әлуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қажетті болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғалық өсуіне, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізеді. Бұл өз кезегінде адамға өмір қызығын толыққанды сезінуіне, оның мәнін терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану оқушылардың гумантарлық білімінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі гуманитарлық білімнің мазмұны қазіргі рухани мәдениет негізінде жоланады. Жалпы адамзат құндылығына негізделе отырып, ол оқушыларда жоғары сапалы өмірді қамтамасыз ететін басты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
«Қолдау» сөзі түсіндірме сөздіктерде жәрдем, ықпал ету ретінде анықталған. Ол мынадай мәндерді білідреді:
- сүйеп, құлатпау;
- жәрдем беру, ықпал ету;
- келісімін беріп, мақұлдап, біреуді қодау;
- бір нәрсенің тоқтауына, бұзылуына жол бермеу.
Мұндай мәндерін нақтылай отырып, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда педагогикалық қодау дегеніміз – бұл педагог пен оқушының өмірлік маңызды және күнделікті мәселелерді шешу барысында ықпалдастығын, достастығын, ынтымақтастығын білдіреді.
Сонымен педагогикалық қолдау – білім беру процесін толығымен адамның ішкі күштері мен қабілеттеріне, оның белсенді әрекеттерінен көрініс табатын оның ішкі процестеріне: өзін-өзі тану және өзін-өзі бақылау, өзін-өзі иландыру мен өзін-өзі құрбан ету, өзіндік сын, өзін-өзі болжау және өзін-өзі талдауына жүгінетіндей түрде ұйымдастыру.
Осыған байланысты педагогикалық қолдау өзара әрекеттесу субъектілерін адамгершілік-рухани дамытудың қажетті шарты. Өсиет, уағыз, жазалау, мәжбүрлеу, кемшіліктері мен қателеріне шыдамау, сөзсіз бағыну секілді авторитарлық педагогикалық әсерлерден арылу – қазіргі күннің орынды талабы.
Педагогикалық қодаудың негізгі шарттары:

  • шыдамдылықты тәрбиелеу басқа адамдарды қабылдауды қамтамсыз етеді;

  • оқушыны жағымды түрде көтермелеу ризашылық жауаптың болуын қасмтамасыз етеді;

  • оқытушы мен оқушының қатынастарындағы адалдық әділдік сезімін дамытуды қамтамасыз етеді;

  • педагог тарапынан тұрақты сын айту шеттеуге алып келеді;

  • оқытушының өшпенді қарым-қатынасы оқушының агрессиясын тудырады;

  • педагог тарапынан көрінетін мазақ – оқушының тұйықталуына алып келеді.

  1. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту кедергілері , оларды жеңу жолдары

Мақсатты бағытталған және жемісті өзін-өзі тануға не кедергі келтіреді? деген сұрақты тілге тиек етпесек, өзін-өзі тану мәселесін талдауымыз толық болмайды. Неліктен адамдар әрқашан өзін танығанды және осы ақпаратты өмірі мен іс-әрекеті барысында пайдалануға ниет ете бермейді екен?
Басқаша жеткізер болсақ, осыларды жеңуге және өзімізбен табысты жұмыс істеуге үйрену үшін, өзін-өзі танудың қиындықтары мен кедергілерін анықтап алуымыз қажет.
Мұндай кедергілер айтарлықтай көп. Ең жалпы тұрғыда оларды екі үлкен топқа бөлуімізге болады: адам жаратылысының кемелденбеуімен байланысты кедергілер және өзін-өзі танып отырған адамның тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатын кедергілер.
Атақты австриялық ғалым, этологияның – жануарлардың жүріс-тұрысы туралы ғылымның негізін қалаушылардың бірі К.Лоренц адамның өзін-өзі тануының жолындағы үш кедергіні бөліп көрсетеді:
1) ең қарапайым. Ол адамның өзін-өзі тануына оған өзінің пайда болуының тарихын көруге тыйым салатындығымен кедергі келтіреді.
Басқаша жеткізер болсақ, адамның өзінің кішірек бауырларымен туыстастығын танығысы келмейді. Әрі осы эмоциялық бөліну күшінің орасан зор болғаны соншама, адамның шығуы туралы ақылға көнбейтін теорияларды тудырады (К.Лоренц атап көрсеткеніндей, хайуандардан шығу кей жағдайларда теріске шығарылмағанымен, шимпанземен жақын туыстық әлде логикалық кульбиттер сериясымен атталып өтеді, әлде айлашыл астыртын жолдармен орағытып өтіледі);
2) біздің жүріс-тұрыстарымыздың табиғи себептілік заңдарына бағынатынын тануға деген эмоциялық антипатия. Бұл кедергі еркін еместіктің көмескі сезімі мен әбден ақталған, еркіндікке деген қажеттілік және олардың әрекеттері кездейсоқ себептермен емес, жоғары мақсаттармен анықталса екен деген ақталған ниет арасындағы қарама-қайшылықпен туындайды;
3) әлемді заттар әлеміне және тек жалғыз өзі ғана құндылық ретінде тануға лайықты адамның ішкі заңының әлеміне бөлетін идеалистік философияның, әсіресе батыс мәдениетіндегі идеалистік философияның мұрасы. Осындай бөлу адамның эгоцентризмін тамаша ақтайды, оның өзінің табиғат заңдарына тәуелділігіне деген антипатисыяның алдынан шығады – әрі сондықтан мұның қоғамдық санаға осыншама терең енгендігіне таңданудың еш қажеті жоқ.
Осылайша, К.Лоренцтің түсініктеріне сәйкес, адамның өзін-өзі тануына ең үлкен кедергі болып адамның өзін табиғаттың бір бөлігімін деп тануға ниет етпеуі, өзін жоғары құндылыққа санауы және өзін табиғатты басқаруға құқылымын деп есептеуі (ғылымда «антропоцентризм» деп аталатын, адамның және табиғаттың өзара әрекеттесуіне осындай көзқарас бар) табылады.
Егер философиялық биіктен жекелеген адамның психологиясы деңгейіне түсетін болсақ, біздің әрқайсымызға өзімізді тануымызға кедергі жасап қалуы мүмкін одан да дағдылырақ кедергілерді бөліп көрсетуімізге болады. Бұл кедергілер екі топ құрайды: біріншісіне кейбір объективті факторлар себепші болады, екіншісіне – адамның өзі өзі үшін құратын кедергілер себепші болады.
Бірінші топқа келесі кедергілерді жатқызуға болады:
- өзін-өзі танудың мотивациялық, үрдісуалдық және бағалау компоненттерінің қалыптаспауы нәтижесінде туындайтын кедергілер (мысалға, адамда өзін-өзі тануға деген қажеттілік мүлдем жоқ немесе әлсіз дамыған, өзені деген қарапайым әуестік шеңберінен шықпайтын, айқын білінетін қызығушылық жоқ);
- өзін-өзі тану әрекеттерінің: табудың, бекітудің, талдаудың, бағалаудың, қабылдаудың қалыптаспауы;
- өзін-өзі танудың әртүрлі амал-тәсілдерін: сәйкестендіруді, оефлексияны толыққанды пайдалана білмеу;
- өз өзінің адекватты бейнесін құруға, өз тұлғасын қабылдауға, жеке бас сәйкестігі сезіміне ие болуға қабілетсіздік.
Ғылыми және практикалық тану тұрғысынан алғанда кедергілердің, адамның өзі саналы түрде немесе ұғынбай құратын екінші тобы қызықтырақ болып табылады:
- өзін-өзі тануға қорқу. Ол тұлғаның өз бойынан қорқынышты, жиіркенішті, жағымсыз, өзіне деген сенімділікті шайқалтып тастайтын, өз талаптарының деңгейінде болу қажеттілігін қоршап тастайтын бір нәрсені аңғарып қалудан үрейленудің нәтижесінде пайда болады. Осы кедергінің бар болуы адамның шамамен алғанда дәл өзі дәрігерге қаралудан, тексерілуге жатудан бас тартатын себептер бойынша өзін-өзі танудан бас тартуына алып келеді. Ол үшін жағымсыз, өзімен жұмыс істеуге күш-жігер жұмсауды қажет ететін болып шығуы мүмкін танылған нәрсені жан ауруымен уайымдаудың орнына, өзің туралы көп нәрсені біле бермеген дұрысырақ-ау деген ой тартымдырақ болып шығады;
- тұлғаның өзін әлеуметтік қоршаған ортаның талаптарына сәйкес бағалауға ұмтылуы. Аталған феномен гуманистік психологияда жақсы суреттелген. Адам социум талаптарына сәйкес өмір сүріп, әрекет жасай бастайды, нәтижесінде оның нақтылы Мені, К.Роджерстің пікірінше, тұлғаның терең сезімдерін, уайымдарын, тәжірибесін көрсететін идеалды Меннен көбірек алыстай бастайды. Адам өзінің бойынан басқалар өзінен байқаған нәрселерді таниды, осыны қабылдайды, шын мәнінде не болып табылатындығынан қайта отырып, осы адекватты емес бейнемен өмір сүре бастайды. Мұндай екіжақтылықтың, сырттай қарағанда бәрі де танытуға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін жасалатындығына қарамастан, ақыр соңында тұлғаішілік кикілжіңдерге, невроздық тұлғаға, басқа адамдармен қарым-қатынастағы сар көптеген проблемаларға алып келетіндігін атай кетуіміз керек.
З. Фрейдтің және оның ізбасарларының жұмыстарының арқасында психологияда тұлғаның өзінің психологиялық қорғаныстарынан өтуге қабілетсіздігінің нәтижесінде туындайтын кедергілер жақсылап тұрып зерттелген. Қорғаныстар қалай пайда болады? Психоанализ өкілдерінің пікірінше, сырттан қарағанда, сана үшін жағымсыз импульстар, көбінесе бұл сексуалдық және агрессиялық инстинкттер, санадан тысқа ығыстырылып шығарылады, бірақ із-түссіз жоғалып кетпейді, оны жағымсыз қажеттіліктерді қанағаттандыруға «икемдей» отырып, Менге әсер етулерін жалғастыра береді. Екінші жағынан, Менге қоғам жасап шығарған нормалар, тыйым салулар болыр келетін Супер-Эго (Меннен тыс) әсер етеді. Бұл Меннің қорғаныс механизмдерін құруына алып келеді. Осы механизмдердің ең таралғандарына мыналар жатады: ығыстыру – үрей тудыратын импульстарды санадан шығарып тастау; қарама-қарсы реакция түзу – сана үшін жағымсыз тенденцияны қарама-қарсы тенденцияға өзгерту; проекциялау – сана үшін жағымсыз әрекетті немесе ойды басқа адамға қосып жазу; өш қайтару – қол жеткізбейтін объекттен қол жетерлік объектке санадан тыс қайта бағыт-бағдар алу; рационализация – өзін-өзі алдау, ақылға сыйымсыз әрекетті немесе қылықты ақылмен түсіндіруге тырысу және т.с. Қорғаныстардың болуы өзін, әсіресе тұлғаның өздерінің жағымсыздығына орай жарақат келтіретін болып табылатын ерекшеліктері мен бейімділіктерін тануға кедергі келтіретіні түсінікті. Сондықтан қорғаныстарды ұғыну, қабылданбайтынды өзіне қабылдау өзін-өзі тану сфнрасын кеңейтеді, тұлғаны гармониялы және психологиялық тұрғыдан сау етеді деп есептеледі. Өзін-өзі танудың кедергісіне өзінің эгоцентризмін жеңе білмеуді де жатқызуға болады. Эгоцентрист деп өзінің көзқарастарын, құндылықтарын, ой жүгіртулерін, әрекеттерін жалғыз ғана дұрыс деп есептейтін адамды атайды. Бұл адам әңгімелесуші адамының орнына тұруға, өзге көзқарасты қабылдауға қабілетсіз болғандықтан, оның эгоцентризмі басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуына кедергісін келтіреді. Эгоцентристке өзі туралы адекватты түсінік жасау, қазірде бар өзін-өзі бағалауын өзгерту өте қиын. Мысалы, егер ол өзін ақылды, дарындымын деп санаса, оның түсінігін өзгерту іс жүзінде мүмкін еай.
Әрине, өзін-өзі танудың осы жерде баяндалған кедергілері осы кедергілердің бүкіл алуан түрлілігін түгесімейді, олар тек осы кедергілердің бар екендігі және қызмет атқару тәсілдері туралы түсінік қана береді. Біздің әрқайсымызда өз өзімізді тануға кедергі келтіретін өз дербес кедергілеріміз болуы мүмкін. Дәл сол кезде адамға тиісті көмек көрсетілген кезде осы кедергілердің жеңілуі мүмкін екендігін айта кетуіміз керек. Педагогикалық проблема туралы, өзін-өзі танудың қажеттіліктері мен мотивтерін қалыптастыру туралы сөз айтуымызға, адамды өзін-өзі тану тәсілдеріне үйретуге, оның бойында сәйкестендіру мен рефлексияға қабілетті дамытуға, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі қабылдау деңгейін арттыру қабілетін дамытуға, өзінің үрейлерін жеңе білуге және қорғаныс құруға көмектесуге және т.с. болады. Ең тиімді болып өзінде өзін-өзі тануға деген қабілеттіліктерді өзінше тәрбиелеу табылады – тұлға өзіне мақсаттарды өз бетінше қояды және оларға өз еңбегімен қол жеткізеді.
«Кедергі» ұғымы «белгілі іс-әрекетті орындаудағы ішкі тосқауыл, жағдаятты, фактілерді, заңдылықтарды түсіну мен олардың дұрыс бағасын беруге кедергі келтіретін өткен тәжірибесінің жағымсыз әсері» ретінде анықталады. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерінің кәсіби өзін-өзі жетілдіруі барысында кездесетін кедергілерді шартты түрде үш түрлге болуге болады. Олар: студенттің жағымсыз бағдарымен түсіндірілетін психологиялық кедергілер (Д.Узнадзе, Л. Подлеская), ойлау процесіне байланысты танымдық кедергілер (Б.Кедров, И.Бурганова), тұлғалық сапалардың жеткіліксіздігімен анықталатын тұлғалық кедергілер. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуындағы кедергілердің психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы жағымсыз әсері адамды деребстігінен айырып, орындаушыға айналдыратындығында. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамуын жетілдіру үдерісінің тиімділігі мақсатқа бағытталған, жоспарлы, жүйелі сипаттағы арнайы жағдайларды жасауға тәуелді.
Мұғалімнің тұлғалық дамуы оның бойындағы өзін- өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіліктерін сезіну кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттілігінен тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің басты көрсеткіші ретінде мектеп, бұл ұғымның философиялық психологиялық педагогикалық аспектілерін әр кезенде әр түрлі қарастырады. Мысалы: Сократ: «Өз оқушыларының санасын әңгімелесу сұрақ қою арқылы оятып, өзін- өзі тану,а шақырса, Коменский: «Оқушының өз бойындағы рухани күші өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатынын атап айтқан», Руссо «Балаға мұғалім өз көз- қарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүние танымын дамытуын», Песталоций және оның шәкірті Фребель бүгінгі «педагогикадағы» тұлғалық бағдарлы оқытудың негізін салып өзін- өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету оның өзін- өзі жүзеге асырып асыру ретке келтіру,дамыту,өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудағы механизімдерін меңгеруін қамтамассыз етеді.

  1. Сіздің ұсынысыңыз "сіздің болашағыңыздың жобасы "

"Егер сіз жұмысты сәтті таңдасаңыз және оған бүкіл жаныңызды салыңыз,сонда бақыт сізді табады" К. Д. Ушинский
Қазіргі өмір адамға Жаңа, белгілі бір талаптар қояды. Бұл өз бетінше және сыни тұрғыдан ойлана алатын, шешім қабылдай алатын және олар үшін жауапкершілікті сезінетін адам болуы керек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жас ұрпақты әлеуметтендіру процесіне түбегейлі жаңа талаптарды анықтайды. Бүгінгі таңда ол "жұмыс капиталына"айналдыратын білімнің, дағдылардың және дағдылардың үлкен әлеуетіне ие табысты адамның идеалы алдыңғы қатарға шығады.
Мамандық таңдау - әр адамның өміріндегі маңызды қадам. Адамның кәсібі-бұл тағдырдың бір түрі, сондықтан оны мұқият және алдын-ала жоспарлауға уақыт бөлген жөн.
Жыл сайын біз жоғары сынып оқушыларының көпшілігі мамандықты ата-аналарының кеңесі бойынша немесе жоқ негіздер бойынша таңдайтындығымен бетпе-бет келуіміз керек, бұл алынған мамандыққа қанағаттанбауға әкеледі.
Жеке тәжірибесі де, шешім қабылдау тәжірибесі де жоқ, жастар маңызды мәселені – мектеп оқушыларының көпшілігі үшін алғашқы маңызды таңдаудың бірі болып табылатын Мамандық таңдау мәселесін шешуі керек. Көбінесе студенттер мұндай түрді таңдауда үлкен қиындықтарға тап болады.
Осы бағыттағы жұмыс қосымша дағдыларды, өздері туралы және кәсіби еңбек әлемі туралы білім алғысы келетін студенттерге саналы және өз бетінше кәсіби таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Кәсіптік бағдарлау жұмысын студенттермен жүргізілетін барлық педагогикалық жұмыстың табиғи жалғасы және қандай да бір мағынада оның логикалық аяқталуы деп атауға болады. Оқушыға мамандық таңдауда толыққанды көмек оған болашақ ересек жұмысында пайдалы болуы мүмкін мектеп пәндерін саналы түрде оқыған кезде оған оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар оның болашағына қатысты тыныштық элементтерін енгізуге көмектеседі.
Кез — келген жобаның негізгі педагогикалық мақсаты-қазіргі педагогикада адамның интеграцияланған қасиеті, оның ішінде білім, Дағдылар, қызмет әдістері, құндылық қатынастары, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды жұмылдыруға және жүзеге асыруға дайын болу түсініледі.
Жобалармен жұмыс жасау барысында студенттер ақпараттық кеңістікте қажетті материалды табуды, оны түзетуді үйренеді. Бірақ бұл дағдылар бірден пайда болмайды. Оқушылар презентация жасау дағдыларын оңай игереді.
Кәсіптік бағдар бойынша жобалармен жұмыс жасай отырып, оқушылар мамандықтар туралы, біздің қаламыздың, Облыстың еңбек нарығы туралы, таңдаған мамандықтың даму перспективалары туралы толық ақпарат алады. Олар мамандық таңдау дұрыс болуы керек екенін түсінеді, бұл өмір үшін.
"Сәтті таңдалған мамандық – бұл өзіне құмар және қоғам талап ететін адамның мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мамандық".

  1. Педагог тұлғасының құрылымдық компоненттері

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

  • Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;

  • Кәсіби белсенділік;

  • Кәсіби білімдері мен іскерліктері;

  • Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

  • Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Кейбір ұғымдарға қысқаша сипаттама берелік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет