Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мерзiмі
Дата 01.01.2022 өлшемі 22,89 Kb. #107554 түрі Сабақ
Байланысты:
5 сын,11,03 Алпысов А.?. Математиканы о?ыту ?дістемесі о?у ??ралы Павлодар, ,
1-Лекция. Математиканы о?ыту ?дістемесіні?, негізгі м?селелері м
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: 11.03.2020 ж.
Тақырып: «Табиғат –шабыттың қайнар көзі»
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық
Сынып: 5
Мақсаты:
Оқушыларға табиғаттың адам өмірі үшін маңыздылығын ұғындыра отырып қиянат жасамау туралы түсінік беру
Білімділік: Адам мен табиғаттың үйлесімділігін айта отырып, табиғатқа сүйіспеншілік ұғымын кеңейту
Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін дамыта отырып табиғатқа қамқорлық танытуға тәрбиелеу
Ресурстар:
(слайд, музыка, оқулық, дәптер,
мәлiметтер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Сынып оқушыларын түгендеу.
Сабақ барысын талдау:
Жағымды әуен қосу
3.Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.
«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,
жанға жайлы бір нәрсе бар».
Шоқан Уәлиханов
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып , мағынасын ашып, өз ойларын жеткізеді.
Дәйексөзді дәптерге жазу
4. Оқиғаны әңгімелеу
Мұғалім сыйы
Табиғат-ана
А. Мырзағұлова
Табиғат-ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар
өте ақылды,мейірімді екен. Табиғат-ана бір күні ұлдарын шақырып
алып:
- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын , - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға кіріседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары :
- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде ? –
дегенде Табиғат-ана:
- Аяулы ұлдарым менің , мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған
қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су,
Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға
адал қызмет етіп келеді екен.
1. Табиғат – ана ұлдарына қандай кеңес берді ?
2. Табиғат-ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры
неде деп ойлайсыңдар?
3. Табиғат – ананың ұлдарының бойында қандай қасиет бар ?
4. Табиғатқа сүйіспеншіліктеріңді, мейірімділіктеріңді қалай
көрсетер едіңдер?
5 . Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:
Бейнефильм «Табиғатты қорғайық,аялайық!» осы ссылка бойынша көру: https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU
Постер қорғау: Табиғатқа тіл бітсе адамзатқа не айтар еді ?
7.Үй тапсырмасы :
«Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбында эссе жазып келу.
Оқулық
113-бет
Достарыңызбен бөлісу: