Педагогика факультетінің деканы


Тақырыбы: Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастығы Мақсаты



бет7/9
Дата07.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15898
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастығы

Мақсаты: Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастығы түсінігін қалыптастыру.

Тірек ұғымдары:жанұя, жанұя тәрбиесі, отбасы тәрбиесінің әдістері.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмысының мазмұны

  2. Педагогтар мен ата-аналардың әрекет ету формалары.


1.Жанұя - өзара жауапкершілік пен өзара көмек беруге, ортақ тұрмыстық жағдайға, некеге немесе туысқандық байланыстарға негізделген кіші топ, онда жұбайлары, ата-аналары мен балалары, балалардың арасындағы өзара әрекеттесуді реттейтін нормалар мен ережелер жасалады. Жанұя жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды институты. Бала дамуының қай жағын алсақ та, оның тиімділігі жанұяға тәуелді. Жанұя адамның дене және эмоционалдық дамуын қамтамасыз етеді, баланың психологиялық жынысының қалыптасуына әсер етеді, баланың ақыл-ойының дамуында ерекше орынға ие, сонымен қатар баланың оқуға көзқарасын қалыптастырады. Жанұя әлеуметтік нормаларды әсіресе жанұя рөлдерін орындауға қажет нормаларды меңгертуде елеулі орынға ие. Жанұяда әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынастардан көрінетін, адамның өмір сүру бағытын, мақсатын, жоспарын, іс-әрекет тәсілдерін анықтайтын негізгі құндылықты бағдарлары қалыптасады. Жанұя адамның әлеуметтік даму үрдісінде үлкен орын алады. Себебі жанұяның қолдауы, мақұлдауы, қабылдамауы адамның ортасына бейімделуіне көп әсерін тигізеді.

Жанұя тәрбиесі - баланы жан-жақты дамыту мақсатындағы ата-аналар мен жанұяның басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуі. Жанұя тәрбиесінің мазмұны, сипаты, нәтижесі тұлғалық ресурстарға байланысты. Тұлғалық ресурстар, бір жағынан, жанұя құрамымен (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, ағасы және т.б.) анықталса, екінші жағынан, жанұядағы ересек адамдардың денсаулығының күйімен, білімділік деңгейімен, қызығушылықтарымен, құндылықты бағыттарымен, әлеуметтік мақсаттарымен де белгіленеді. Жанұя тәрбиесінің маңызды сипаты ретінде ондағы қарым-қатынас стилі танылған, яғни жанұядағы ересек адамдардың балалармен өзара әрекеттесу тәсілдері мен сипаты. Олар: авторитарлы (өктем), демократиялық, либералды стильдер болуы мүмкін.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды, өркениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап оның мәртебелік орнын жоғарғы деңгейге көтеруге тырысады. Отбасы - адам баласы дүниеге келгенде есігін айқара ашып, өсіп өнетін, ер жететін үйі, тәрбие алатын аса қажетті, қасиетті алтын бесігі. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелірінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен әрекеті сыйлауға тұратындай, жас өспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы абзал.



Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру, түсіндіру, ақыл-кеңес беру, иландыру, жеке өнеге, мадақтау, сыйлық, мақтау, жазалау, балалар үшін қызықты перспектива, достықтан бас тарту, рахаттылыққа рұқсат бермеу. Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әр түрлі құралдар бар: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуал, күн тәртібі, әдебиет, спорт мейрамдары, символ, атрибуттар және т.б.

2.Педагогтар мен ата-аналардың әрекет ету формалары. Сынып жетекшілердің ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстарының түрлері: оқушылардың отбасына барып тұру, отбасы жағдайын зерттеу, ата-аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу, ата-аналарға арналған кештер, сұрақ-жауап, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру, тәжірибе алмасу, конференциялар және т.б. Тәрбие жұмысы нәтижелі болуы үшін сынып жетекшісі ата-аналармен, мұғалімдермен байланыс жасау керек. Жанұямен жұмыс жүргізбес бұрын оның жалпы деңгейіне қарай оларды топқа бөліп алған жөн.

1 топ: Бала тәрбиесін білетін, бала тәрбиесімен айналысатын жанұя. Мұғалім балаларды өзінің ата-анасымен жұмыста сүйеніш етуі керек.

2 топ: Бала тәрбиесімен айналысқысы келмейтіндер, тәрбиелегісі келетін, бірақ оның жолын білмейтін, яғни педагогикалық білімі жетіспейтін ата-аналар. Мұғалім бұларға ақыл-кеңес, педагогикалық білім беру мақсатын көздеуі қажет.

3 топ: Бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын ата-аналар. Бұндай ата-аналардың балалары - қиын балалар. Ата-аналармен жұмыс жүргізбес үшін осындай деңгейлерін анықтау арқылы әртүрлі шараларды ұйымдастырғаны жөн.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігінің қандай психологиялық-педагогикалық мәселелерін білесің?

  2. Нарықтық экономика жағдайындағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің мәні неде?

  3. Мектеп, отбасы және қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы қалай жүзеге асады?



10 апта.

№10 кредит сағат

10 дәріс

Т ақырыбы:Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар.

Мақсаты: Студенттерге мектепте ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін таныстыру.

Тірек ұғымдары:дәріс, ашық сабақ,практикум, рөлдік ойындар.

Жоспары: 1. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

2. Мектептегі ата-аналар білестігі.


1.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Жанұяға бару. Баланың жанұясына бару кезінде міндетті түрде мұғалім өзінің алдына мақсат қою керек. Мысалы: жанұясымен танысу, жанұядағы қарым-қатынасын зерттеу, үй тапсырмасын орындауын тексеру және т.б. Жанұяға бармас бұрын баратындығын ескерту қажет.

  2. Ата-ананы мектепке шақырту. Ата-ананы мектепке шақырту тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда болмауы керек Ата-ананы мектепке шақырту бала тәрбиесі туралы пікір алмасу, тәжірибе алмасу мақсатында, мектептегі әр түрлі шараларға, сынып сағаттарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылуы үшін де шақырылуы керек. Мектепке ата-аналарға арнап ашық есік күндері жарияланады.

  3. Ата-аналар жиналысы мектепте жылдың басында, аяғында, тоқсан сайын өткізіледі. Ата-аналар жиналысында тек қана үлгірім, тәртіп туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыпта тәжірибе алмасу, пікір алмасу тұрғысында болғаны жөн.

  4. Дәріс - бұл ата-аналармен тәрбие үрдісін ұйымдастырылуының жолындағы жұмыс түрі. Дәріс жүргізуші - лектор әрі педагог, әрі тәрбиеші. Ол ата-аналардың мәліметтері мен жағдайын білуі керек.Мұғалім өз дәрісінде баланың тәртібі, психикалық дамуы, жанұядағы тәрбиенің тәртібі туралы тақырыптарды қамтуы тиіс. Дәрістің тақырыбы ата-ана үшін өзекті және қызықты болуы керек. Мыс: «Мектеп оқушыларының күн тәртібі», «Өзін-өзі тәрбиелеу деген не?» «Бала және махаббат»

  5. Конференциялар: ғылыми-практикалық, теориялық, оқырмандық, тәжірибе алмасу конференциялары, әкелерге арналған конференциялар. Конференциялардың тақырыптары нақты болуы тиіс.

  6. Практикум – бұл бала тәрбиесі жөніндегі ата-аналардың педагогикалық білімдерін толықтыратын жұмыстың түрі. Практикумда мұғалім ата-аналарға қандай да бір ситуациядан шығатын жолды табуға шақырады.

  7. Ашық сабақ. Ата-аналардың пән бойынша жаңа бағдарламамен, оқытудың әдістерімен, мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптарымен танысу үшін ұйымдастырылады. Көбіне ашық сабақ бастауыш сыныптарда өтеді. Ашық сабық арқылы ата-аналар балаларының білім деңгейін танып біледі.

  8. Педагогикалық диспут. Педагогикалық мәдениетті қалыптастырудағы жұмыстың бірі. Диспуттың нәтижелі болуы, оның дайындығының жақсы өтуіне байланысты. Диспут тақырыбы бір ай бұрын беріледі.

  9. Рөлдік ойындар - қатысушылардың ұжымдық, шығармышылық іс-әрекетіне ұйымдастырылған форма. Ролдік ойындар ата-аналармен мына тақырыптарда болуы мүмкін.»Отбасылық кеңес», «Біздің ауылымызда ортақ мәселе тұр».

  10. Жеке тақырыптық кеңестер. Мұғалім оқушылар жөніндегі мәліметті олардың ата-аналарынан біліп отырады. Кеңес нәтижелі болуы үшін педагог пен ата-аналар арасында сенімділік болуы шарт.

2.Мектеп ата-аналармен әр түрлі аталатын ата-аналар бірлестігімен, яғни ата-аналар комитеті, кеңестер, конгресстер, ассоциациялар, комиссиялар, клубтар т.б.

Мектеп ата-аналармен байланысты көбіне сынып жетекшілерінің күшімен жүргізеді.

Ата-аналар бірлестіктерінің басты міндеті - ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыс жүйесінде психологиялық-педагогикалық ағартудың түрлері:

педагогикалық біліктілік университеті. «Университет» бағдарламасы сынып оқушылары мен ата-аналардың құрамын ескеріп құрылады.

Дәріс. Тақырыптары: балалардың жас ерекшелік психологиясы, отбасындағы жыныстық тәрбие т.б.

Конференция. Тақырыптары: Бала өміріндегі ойын, отбасындағы адамгершілік тәрбиесі т.б.

Практикум - бұл ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық жағдайларды тиімді шешу жолындағы өзіндік жаттығулары.

Ашық сабақтар. Ата-аналарды оқу жылында 3-4 рет ашық сабаққа қатысуына мүмкіндік туғызу керек.

Педагогикалық пікірталас.

Ролдік ойындар.

Тақырыптық жеке кеңестер.

Оқушының үйіне бару.

Хат арқылы байланыс.

Ата-аналар жиналысы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Ата-аналар комитеті не үшін қажет?

  2. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс қалай жүргізіледі?

  3. Ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістердің мазмұнын таңдау неге байланысты?

  4. Ата-аналарға конференциялар өткізу жолдары қандай?

  5. Ата-аналарға кеңес берудің мәні қандай?

  6. Ата-аналар университеттерінің маңызы қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]
11 апта.

№11 кредит сағат

11 дәріс

Тақырыбы: Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым ынтымақтастығы.

Мақсаты: Сынып жетекшісінің және педагогикалық ұжым ынтымақтастығы түсінігін қалыптастыру.

Тірек ұғымдары: Педагогикалық консилиум, сынып жиналысы.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының маңызы.

  2. Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өзара әрекетінің формалары.


1.Сынып жетекші өз міндеттерін педагогикалық ұжымның мүшелерімен бірге жүзеге асырады, соның ішінде өзі басшылық жасайтын сыныпқа сабақ беретін педагогтармен тығыз байланыста болады. Пән мұғалімдерімен әрекеттесе отырып, сынып жетекші оқушылар және ұжыммен жүргізілетін педагогикалық жұмысты ұйымдастырушы және нақтылаушы ретінде танылады. Ол мұғалімдерді өз оқушыларын зерттеу нәтижелерімен таныстырады, оның жанұясында болып жататын өзгерістерден хабардар етіп отырады. Сынып жетекші баланың даму динамикасы, баланың қиындықтары және жетістіктері, оның жанұялық жағдайы жайында әрдайым мұғалімдерге хабар беріп отырады. Сынып жетекші мұғалімдер және ата-аналардың қарым-қатынастарын реттейді. Ол педагогтарға жанұядағы тәрбиенің деңгейі, ата-аналардың ерекшеліктері жайында мәлімет бере отырып, баланы оқыту-тәрбиелеудегі жетістіктері жайында ақпарат беру, ата-аналарға педагогикалық көмек беру мақсатында ата-аналармен пән мұғалімдерінің кездесулерін ұйымдастырады. Сынып жетекші пән мұғалімдерін сыныптағы оқудан тыс жұмысты жоспарлауға және ұйымдастыруға қатыстырады, оларды ата-аналармен жиналысты өткізуде де шақырады.

Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өзара әрекеттесу формаларының бірі – педагогикалық консилиум. Сонымен қатар, педагогтарға арналған арнайы семинарлар, педагогтардың сабаққа қатысуы, жеке әңгімелесу, әңгіме, кеңес беру.



2.І тоқсандағы оқу жұмысының қорытындысына арналған оқушылар, ата-аналар және пән мұғалімдерінің бірлескен жиналысы.

Күні, айы, жылы

Мақсаты: оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу жылының нәтижесін арттыруда олардың жауапкершілігін қалыптастыру. Оған ата-аналарды тарту.

Дайындық жұмыстары.



  1. Оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу жұмыстарының нәтижесіне талдау жасау.

  2. Оқушыларға анонимдік тұрғыда сауалнама сұрақтарын жүргізу.

  3. Пән мұғалімдерімен әңгімелесу.

  4. Қаралып отырған мәселені талқылауға қатысты оқушылар тобын дайындау.

Өту барысы:

  1. Сынып жетекшісінің кіріпе сөзі.

  2. Сыныптағы оқушылардың бірінші тоқсан бойынша оқу жұмыстарының нәтижесіне талдау.

  3. Оқушылармен қаралып отырған мәселеге сай ортақ пікірді қалыптастыруға арналған сұрақтарды талқылау.

  4. Оқушылардың сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын талқылау.

  5. Алдын-ала дайындаған оқушылардың жұмыс тобының пікірін тыңдау.

  6. Ата-ана мен пән мұғалімдерінің пікірін тыңдау.

  7. Жиналыстың шешімін әзірлеу тобын тыңдау.

  8. Шешім қабылдау.

Сынып жетекшісінің және пән мұғалімдерінің өзара әрекетінің бір формасы педагогикалық консилиум. Мұның ерекшелігі оларда бала тәрбиесіне қатысты бірыңғай көзқарасты және әрекеттегі үйлесімділікті қалыптастыруға ықпал етеді. Белгілі бір нақты сыныпта жұмыс істейтін барлық мұғалімдерге оқушы жайында жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік туғызады: психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері, дене және ақыл-ойының дамуы, жеке-дара қабілеті, мүмкіндіктері мен қиындықтары т.с.с.

Сынып жетекшісі пән мұғалімдері қоян-қолтық жұмыс істеген жағдайда оқу-тәрбие үрдісінде айтарлықтай оң нәтижеге жетізуге болады. Ол үшін ынып жетекшісі өз сыныбында сабақ беретін әрбір мұғалімнің жұмы істеу тәсілін жақы білу керек. Әрбір мұғалімнің сабағына жиі іріп, олармен ынып ұжымы туралы әңгімелеіп отыруы қажет. Осындай жұмыс түрлері арқылы ол оқу-тәрбие жұмысын жақартуға ықпал етеді.

Сынып жетекшісі пән мұғалімдерінің сабағына кіргенде тек оқушыларды бақылаумен шектелмей, мұғалімнің сыныппен жұмыс істеуіне де көбірек назар аударғаны жөн. Мұғалімдер оқушыларға қойылатын бірыңғай талапты жүзеге асыра ала ма, олардың үсті-басына, оқу-құралдарына, сыныптың тазалығына бақылау жасай ма, жеке оқушыларға ықпал етуде сынып жетекшісі белгілеп берген жоспарды басшылыққа ала ма, міне, осындай тәрбиенің көптеген түйінді мәселелері сынып жетекшісінің үнемі зер алып отыруын талап етеді.

Қорыта айтқанда, сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен бала тәрбиесінде өзара бірлескен жұмыстарының формалары әртүрлі болып келеді. Оның нәтижелі болуы, көбінесе олардың өзара тығыз қарым-қатынаста, белгілі бір нақты нәтижеге қол жетізуде екі жақтың өзара ынталы болуына байланысты.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Педагогикалық консилиум дегеніміз не?

  2. Педагогикалық консилиумның мақсаты қандай?

  3. Педагогикалық консилиум құрылымы қандай?

  4. Педагогикалық консилиумды кім ұйымдастырады?

  5. Сынып жетекшісі сынып ұжымы мен мұғалімдер ұжымының байланыстырушысы ретінде.

  6. Оқушылар мен педагогикалық ұжым байланысы.

  7. Ата-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыру қалай жүзеге асады?

  8. Сынып жетекшісінің мектеп психологымен жұмысының сипаты мен бағыттары қандай?

  9. Білім беру үрдісіндегі сынып жетекшісінің педагогикалық ұжыммен өзара әрекеттестігінің мәні.

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]


12 апта.

№12 кредит сағат

12 дәріс

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің жеке оқушымен және оқушыларды сауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары.

Мақсаты: Оқу-тәрбие процесі барысындағы мектеп жағдайында оқушылардың денсаулығын ескеру және қадағалау жұмытарымен таныстыру.

Тірек ұғымдары: Мектеп жағдайындағы оқушылар, олардыңдың көру мүшесі, көрмеу себептері, алдын-алу шаралары, әдістемелері.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің оқушыларды сауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары.

  2. Мектеп жағдайындағы оқушылардың денсаулығын ескеру.


1.Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат – оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай оқушымен жеке жұмыстың мәні – оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.

Мұндай жұмыс барысында мұғалімдерден оған қатысты асқан сезімділікті, кішпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластылықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:



  1. Бала жанын жақсы түсіну.

  2. Баланың таңдау еркіндігін қолдау.

  3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

  4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету.

Кез келген оқушының сыныпта ерекше қарым-қатынас жасайтын құбылысы болады. Ол оның пікірімен санасады, ой бөліседі және жүріс-тұрысы да бірге болады. Олай болса, мұғалім сол оқушыға ықпал ету арқылы, оларды өзіне ынтымақтастыққа тартады.

Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру. «Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» - Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Деннің саулығы» - адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.

«Өмір салты» - адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бір сарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» - деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.

Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.

«Салауатты өмір сүру салтына» 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындығы. Осы үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын айқындау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы керек. Ол өзінің педагогикалық әрекетін «АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК» заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.

2.Мектептегі оқу процесіндегі оқушылардың көру мүшеіне артық салмақ түседі. Соның салдарын олардың көздеріндерінде шаршау, жақын қашықтықтан оқи алмау жағдайлары жиі кездеседі.

Ол үшін мұғалімдер, сынып жетекшілері төменде ұсынып отырған шарттарды естен шығармағандары жөн:



  1. Ай сайын оқушылардың орналау қатарын, отырған орнын ауыстырып отыру.

  2. Оқушылардың партада дұрыс отыруын, көзбен кітап, дәптер арасындағы ара қашықтықты дұрыс сақтауын қадағалап отыру. Ол 30-33 см. Қашықтық аралығында болуы керек.

  3. Әрбір сабақ барыында оқушылар көздерінің шаршау жағдайын болдырмау және оның алдын алу мақсатын көздей отыра, 3 минут шамаындай уақыт аралығында көзді шынықтыру жаттығуларын жүргізу.

«Денсаулық сағатын» өткізу әдістемесі

«Денсаулық сағаты» адамның жалпы денсаулығын дамытатын сауықтыру шарасы. Мәселе дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын дәстүрлі жұмыс түрлеріне, әдістері мен жүтемелер жиынтығына айналып кетпеуінде. Оны өтізгенде жергілікті жағдайларға сәйкес паралель кластарда немесе оқушылардың жастарына қарай, мысалы, І-ІІ, ІІІ-ІҮ, Ү-ҮІ немесе І-ІІІ, ІҮ-ҮІ, ҮІІ-ҮІІІ, ІХ-Х (ХІ) және бақа ыныптарды біріктіруге болады. Мұндай сабақтардың мазмұны мен жүктеме оқушылардың жатарына әйкес әртүрлі болуы керек. «Денсаулық ағатында» оқушылар арасында жарыстар, шаңғы, коньки, жүгірушілер «сағаттары», дәтүрлі халық ойындары және басқалары ұйымдастырылады.

«Денсалулық сағатына» берілетін негізгі баға оған барлық оқушылардың қатысуы, «Денаулық сағатын» өтізудегі тапқырлығы мен бір нәрені аяқ астынан ойлап шығарғыштығы, оған қатысушылардың көңіл қоштығы және абаққа қатыуға ниеттілігі, насихаттық санитарлық-ағартушылық жұмысы, сабақтарды өтізуге оқущылардың ата-аналарын, портшыларды, қамқоршы әсіпорын жастарын, мекиептің дене тәрбиесі жөніндегі беленділерді тартқаны үшін мадақталуы мүмкін.

«Денсаулық сағатын» өтізгенде дене тәрбиеі ағатарына қойылатын ұйымшылдықпен бастау, денеге түсетін ауырлықтың бірте-бірте өсе түуі, чсабақтың соңында оның төмендеуі секілді негізгі талаптар сақталуы ерек.

Оқушылардың денеіне түсетін ауыртпалық көзге түетін ыртқы елгілері арқылы, ейбірін бөліп қарау, тамырын ұстап байқау арқылы бақыланады. Денеге түетін ауырпашылықты көтере білгендіктен оқушылардың бастапқы еңгейге дейінгі 10 минуттық үзіліс оңында жүректің бір кеңейіп, бір тарылып соғу жиілігінің кемуінен байқалады.

Жүрек оғу жиілігінің минутына 15-20 және одан да көп болуы жүктеменің артып кеткенін, жаттығуының аз екенін немесе сырқаттығын дәлеледейді.

«Денаулық ағатының» мазмұнына педагогтар ұйымдастырған ойындар мен жаттығулар да, шәірттердің өздері дербес өткізетін ойындар мен сауықтар да кіреді. Олардың ара салмағы қатаң шеңберге алынбайды, сабақтардың мазмұны мен міндеттеріне шәкірттердің жастары мен мүдделеріне сәйкес өзгертіледі.

Денсаулығына байланыты арнаулы медициналық топқа жатқызылған шәкірттер бақа құрбыларымен қатар «Денсаулық сағатына» қатыады және әрқайсысының денаулық жайы, өзін сезінуі, денелеріне түсетін ауырпалыққа көнбестігі есе алынады.

«Денаулық сағатын» ұйымдастыру оқу және оқушылар күн ұзағына болатын топтарда дене тәрбиеі, ауықтыру шараларын ұйымдастыру керектігін жоққа шығармайды. Дегенмен, «Денсаулық сағаты» шәкірттерді ауықтырудың, олардың белендңі қозғалысын жақсартудың негізгі түрлерінің бірі болып саналады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Оқушы тұлғасын жетілдіру, әлеуметтендіру мәселесінің мәні қандай?

  2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  3. Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру қалай жүзеге асады?

  4. Салауатты өмір салтының идеяларын дәріптеудің мәні неде?

  5. Баланың жеке тұлғасының қандай аспекттері бар?

  6. Салауатты өмір салтын ынталандырудағы сынып жетекшісінің беделінің алатын орны қандай?

  7. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеудегі білім беру және медицина саласы мамандарының бірлескен әрекеті қалай ұйымдастырылады?

  8. Н. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы.

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]
13 апта.

№13 кредит сағат

13 дәріс
Тақырыбы: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын талдау.

Мақсаты: Студенттерді сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын талдаумен таныстырып, үйрету.

Тірек ұғымдары: Тәрбие жұмысын талдау түрлері,

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау мақсаты.

  2. Оқу жылының нәтижесін талдау кезеңдері.

  3. Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуінің жоспары


1.Тәрбие жұмысындағы педагогикалық талдаудың ролі ерекше. Талдау мақсат қоюмен, болжаумен, жоспарлаумен өте тығыз байланысты. Тәрбие жұмысын талдау нәтижесінде педагогтар педагогикалық үрдістің нәтижесін, жасалынған жұмыстың деңгейін, нәтижеге жетудегі факторларды, қолданылатын құралдардың тиімділігін, олардың тәрбие үрдісіне тигізер әсерін, тәрбие жұмысының кемшіліктері мен жетістіктерін, тәрбие жұмысын дамытудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Талдау жоспардың ғылымилығын, тәрбие жұмысының реттілігін, бірізділігін, бақылауды қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысын талдауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:



  1. Тәрбие жұмысын талдау объективті болуы шарт.

  2. Барлық педагогикалық құбылыстарды өзара әрекеттесу және өзара байланысу негізінде қарастыру қажет.

  3. Талдау пәнін пайда болу, тұрақтану, өзгеру және даму процесінде қарастырған жөн.

  4. Талдау тәрбие үрдісін тұтас, өзгермелі, өзара әрекеттесуші жүйе ретінде белгіленеді.

  5. Талдау мақсатты болуы тиіс.

  6. Талдау педагогикалық ұжымның барлық мүшелері жүргізеді.

  7. Талдауды ұйымдастыру және өткізу тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған.

Тәрбие жұмысын талдау түрлері:

Объект бойынша (не талданады?):



  1. мектептегі тұтас тәрбие жұмысын талдау;

  2. құрылымдық бөлімдердің (бастауыш сыныптар, клубтар жұмыс және т.б.) жұмысын талдау;

  3. сынып, үйірме, топтың жұмысын талдау;

  4. сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жұмысын талдау.

Субъект бойынша (кім талдайды?):

  1. директор, оның орынбасары жүргізетін талдау;

  2. сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жргізетін талдауы;

  3. оқушылар талдауы;

  4. педагогтар, ата-аналар, оқушылар қатыса жүргізілетін талдау

Мақсатына қарай (не үшін талданады?):

  1. педагогикалық шындыққа объективті баға беру;

  2. жұмысты қорытындылау және болашақ міндеттерді белгілеу;

  3. жұмыстағы кемшіліктерді жою;

  4. педагогикалық үрдісті реттеу;

  5. тәрбие жұмысының нәтижесін зерттеу.

Мазмұнына қарай (талдаудың сипаты қандай?):

  1. кешенді талдау;

  2. тақырыптық талдау,

  3. параметрлік талдау.

Қайталануы бойынша:

  1. кезеңді;

  2. міндетті;

  3. қорытынды.

Тәрбие жұмысын талдау бірнеше деңгейде жүреді:

  1. стихиялық-эмпирикалық;

  2. эмпирикалық;

  3. теориялық.

Талдаудың жалпы үлгісін өзара байланысты екі ойлау операцияларымен көрсетуге болады:

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет