Педагогика факультетінің деканы


жинақтау 1 – талдау – жинақтау 2



бет8/9
Дата07.05.2017
өлшемі1,63 Mb.
#15898
1   2   3   4   5   6   7   8   9

жинақтау 1 – талдау – жинақтау 2.

Егер талдауға мына қасиеттер тән болса, тәрбие жұмысын талдау нәтижелі болады:



  • тәрбие жұмысының формасын талдаудың мақсат-міндеттері айқын белгіленсе;

  • бағдарламаға сәйкес мақсатқа жету қозғалысы таладанады;

  • талдау барысында жұмыстың негізгі бөліктері ажыратылады;

  • тәрбие жұмысы формаларының жүйе жасаушы байланыстары талданады;

  • әрбір кезеңнің микроқұрылымына сипаттам беріледі;

  • әрбір кезеңнің міндетінің орындалуы келесі кезеңдегі міндеттерді шешумен, мақсатқа жетумен байланыстырылады;

  • тәрбие жұмысының орны мен ролі белгіленеді;

  • жасалынған жұмыс бойынша қорытынды жасалып, бағаланады.

Талдау – педагогтарға өте күрделі жұмыс. Сондықтан оны ұйымдастыруда түрлі формаларды қолданып, дұрыс ұйымдастырған жөн.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Талдау жұмысының түрлері қандай?

  2. Нәтижені талдауды қалай жүреді?

  3. «Срез» тәсілін жүргізудің мәні?

  1. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдаудың маңызы?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 13, 16, 35 ]
14 апта.

№14 кредит сағат

14 дәріс
Тақырыбы: Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

Мақсаты: Студенттерді «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасымен және «Атамекен» бағдарламасының мазмұнымен таныстыру.

Тірек ұғымдары: «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы, «Атамекен» бағдарламасы.

Жоспары:
1. Тәрбие процесінде балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің маңыздылығы. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

2. І-ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны.


1.Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейтіні анық. Себебі оның жан дүниесі тек айналасымен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Осы іс-әрекеттеріне түрткі болатындар: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады.

Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлеледейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс-әрекет құлдырайды. Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.

Іс-әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Соған сәйкес оның нақты мақсаты мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жетіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Сондықтан тәрбие теориясы мен әдітемесінде балалар қозғалысын – тұлғаны дамытудың негізгі факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7-18 деп қарастырылған.

Осыған сәйкес бүгінде көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда. Мысалы, Алматы облысының әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларға үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс-шаралар атқаруда.

«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.



  1. «Білік мектебі» халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік мектебін оқытады.

  2. Біз бейбітшілікті сақтаймыз.

  3. Мен ертеңгі жауынгер.

  4. Тәні саудың – жаны сау.

  5. Салауат клубы.

«Мың бала» атты оқушы жастар ұйымының негізгі өнеге етіп ұстар тұтқасы, алатын жолы он бес жасар Сартай батырдың адамгершілік пен отаншылдық ерлігі. Мың баланы басқарған «Сартай батыр» дастанында елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа, өнерге, ерлікке шақыру жағы басым.

2.«Атамекен» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процестерінің өзіндік ұлттық, айшық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік ұстанымдарына негізделген ғылыми педагогикалық және методикалық бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жұмысын жасау, балалар мен ереектерді біріктіретін ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын /штабын/ құру.

Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармалық бағыттан құралған. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этно-мәдениеті мен этностық тілдері, рухани игіліктерін қолдана отырып барлық ағарту-тәрбие процестері кешенді түрде қарастырылған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептен тыс мекемелерде, педагогикалық жоғары оқу орындары мен училищелерінде және өзге құлшыныс танытқан орындарда іс-әрекет етуші «Атамекен» ордасы құрылды.

Орда төрағасы, орынбасарын, 3-бірлестіктің жетекшілерін І-Ү сынып «Балдырғандар ата-баба елінде», Ү-ҮІІ сынып «Мұрагер» және ҮІІІ-ІХ-ХІ сыныптар – «Мирас» бірлестіктерін құрып, толық шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Негізгі шығармашылық бағыттары:



  1. «Салт» бағыты

  2. «Шежіре» бағыты

  3. «Шаhар» бағыты

  4. «Жібек жолы» бағыты

  5. «Сөнбе жұлдыздар» бағыты

  6. «Толғау бағыты

  7. «Асыл мұра» бағыты

  8. «Домбыра-Дастан» бағыты

  9. «Наурыз» бағыты

  10. «Зергер» бағыты

  11. «Төрт түлік» бағыты

  12. «Көкпар» бағыты

  13. «Дулыға» бағыты

  14. «Қасиет» бағыты

  15. «Ас» бағыты

  16. «Бабалар өсиеті» бағыты

  17. «Зерде» бағыты

  18. «Құсбегі» бағыты

  19. «Қыз бен жігіт» бағыты

  20. «Заман-ай» бағыты

  21. «Алыстағы бауырлар»

  22. «Достық» бағыты

  23. «Ардагер» бағыты

  24. «Ою-өрнек» бағыты

  25. «Бейнелер сыры» бағыты

  26. «Ата-ана» бағыты

  27. «Шариғат-құран» бағыты

  28. «Сәби» бағыты

  29. «Қайырымдылық» бағыты

  30. «Сауда» бағыты

Бағдарлама 1991 жылы 7-желтоқсанда «Атамекен» ұйымының І Құрылтайында қабылданды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Құрбылар қауымдастығы дегеніміз не?

  2. Бірлестіктердің мақсаттары неге байланысты?

  3. Скаутизм қашан қалыптасты?

  4. Біріккен ұлттар ұйымының баланы қорғау конвенциясының мақсаты қандай?

  5. «Салт» бағыты, «Шежіре» бағыты, «Шаhар» бағытының мәні қандай?

  6. «Атамекен» бағдарламасы «Алыстағы бауырлар» бағыты бойынша жүргізілген жұмыстардың мазмұны мен мәні қандай?

  7. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің қалыптасу тарихы.

  8. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасының ерекшеліктері?

  9. І-ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны қандай?

  10. «Атамекен» бағдарламасы «Сәби» және «Қайырымдылық» бағыттары жұмыстарының маңызы.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 3,15, 16 ]
15 апта.

№15 кредит сағат

15 дәріс
Тақырыбы: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау үлгісі.

Мақсаты: Студенттерді сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау үлгісімен таныстыру.

Тірек ұғымдары: Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының үлгісі.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі.

  2. Оқушының және сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық профессиографиясы


1.Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі.

І. Сыныптағы педагогикалық жұмысты талдаудың жалпы нәтижесі.

1.1. Оқушылардың тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы.

1.2. Оқушылар ұжымының даму деңгейі, ұжымдағы оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының сапалы көрсеткіші.

1.3. Педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.

ІІ. Сынып алдында қойылған міндеттердің орындалуына талдау.



    1. Бүгінгі күн тұрғысында өткен оқу жылындағы міндеттердің дұрыстығы, өз уақытында қойылуы, уақытпен сәйкестігі.

    2. Оқу жылының ішінде қандай міндеттер нәтижелі атқарылды?

    3. Қандай міндеттер орындалмады?

Олай болса, сынып жетекшісі педагогикалық процестің нәтижесін талдау барысында анықтайды:

  • Сынып ұжымы мен өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін;

  • Сыныптағы атқарылған педагогикалық жұмыстың мақсатқа сәйкестілігін;

  • Нәтижеге қол жетізудің факторларын, себептерін, қозғаушы күштерін;

  • Пайдаланылған педагогикалық құралдарының нәтижелігін және сынып жұмысының нәтижесіне олардың ықпал ету дәрежесін;

  • Педагогикалық әрекеттің жетістіктері және кемшіліктерін, олардың себебін;

  • Пайдаланбай қалған мүмкіндіктер мен педагогикалық құралдарын, болашақта сынып жұмысын жетілдірудің қосымша көздерін жетілдірудің қосымша көздерін қарастыруды т.б.

Сынып жетекшісінің күнделік дәптері.

Бұл – сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буыны. Себебі, сынып жетекшісінің күнделігі оқушылар ұжымының оқу-тәрбие жұмысының орындалуы мен нәтижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт-бағдарын нақтылап отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.


2.Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі.

Жалпы нұсқау. Педагогикалық практика кезінде оқушының жеке басын танып білу көптеген нақтылы материалдардың болуын талап етеді.

Психологиялық-педагогикалық мінездеме жеке басты танып білу төменде көрсетілген сұрақтарды терең талдаған жағдайда ғана мүмкін болады:


  1. Оқушының оқу, еңбек және қоғамдық әрекеті.

  2. Оқушының жеке басының бағыты және арнайы қабілеті.

  3. Темперамент және мінез ерекшеліктері.

Оқушының жеке басын танып білуге қандай бағыт таңдап алынса да, алдымен оқушы жайлы жалпы мағлұмат пен оның мектепке қатынасын және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасын анықтау керек.

    • Жалпы мағлұмат.

І. Оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс-тіршілігі, үлендермен қарым-қатынасы, жанұя тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.

ІІ. Мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы:



  1. Сыныпқа жалпы мінездеме.

  2. Ұжымдағы жағдайы.

  3. Сыныпқа қатынасы.

  4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттана ма, немесе қандай жағдайда болғысы келеді?

  5. Мектепте болған кезін бағалай ма, ондай жағдайда негізінен нені бағалайды?

ІІІ. Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы.

    • Оқу әрекеті

    • Еңбек әрекеті

    • Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

    • Тәртібі

    • Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

Жалпы педагогикалық-психологиялық қорытынды.

Сынып ұжымын зерттеудің және оған мінездеме құрастырудың шамамен алған үлгісі.

Жалпы нұсқау. Мұғалімнің өзі жұмыс істейтін сынып ұжымын зерттеп, оған психологиялық мінездеме жазуы міндетті шара.

Сынып ұжымының қалыптасуы бірнеше даму сатысынан өтеді. Сонымен қатар, оның қалыптасуы, ішкі және сыртқы факторларға байланысты.

Сынып ұжымын зерттеу жұмыстарын мына төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілгені дұрыс:



  1. Сынып жайында жалпы мағлұмат.

  2. Сынып құрылымы.

  3. Ұжымның іс-әрекеті.

  4. Ұжымның даму дәрежесі.

  5. Жалпы қорытынды.

Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі.

Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген әртүрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, оқу-тәрбие меңгерушісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін, алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды.

Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін бақылау, сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді қолдануға болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Жеке оқушылармен жұмыс нәтижесін талдау қала жүзеге асады?

  2. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (оқу-тәрбие жұмысы) арқылы қандай мәліметтерге қол жеткізуге болады?

  3. Талдауға қатысты қандай сұрақтар бар?

  4. Сынып жетекшісінің тәрбие әрекеттеріне қатысты есеп жұмыстары қалай жүргізіледі?

  5. Оқушының тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы дегеніміз не?

  6. Психологиялық-педагогикалық мінездеме дегеніміз не?

  7. Темперамент және мінез ерекшеліктерінің рөлі қандай?

  8. Сынып ұжымын зерттеудің қандай бағыттары бар?

  9. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің маңызы неде?

  10. Бақылау, әңгіме, сауалнама әдістерінің ерекшеліктері қандай?

  11. Социометрия, эксперимент әдістері қалай жүргізіледі?

  12. Сынып туралы жалпы мағлұматқа не жатады?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 )

7. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмыстарына қажет әдістемелік нұсқау.

Материалдар:



  1. Сапашева К.Х. «Самостоятельная работа студентов в процессе изучения педагогических дисциплин» атты әдістемелік құрал, 2005 жылы Орал қаласы.

  2. Мұханбетова Ә.М., Мұқанбетова Ш.Т. «Жалпы білім беретін мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» оқу құралы Орал, 2006.


Әдебиеттер тізімі

  1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын-2004

  2. Әбдіразақов Е., Макуов Д., Пошанов К. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгі нұсқасы. //Қазақстан мектебі. 1994

  3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А.: Мектеп 1980

  4. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау. А.Мектеп 1975

  5. Ильясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. А.1991

  6. Маслов А., Карагоз Ю.А. Планирование воспитательной работы в учебной группе. М. 1985

  7. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі. 1988ж 29-30 беттер

  8. Степаненков Н.К. О планировании работы классного руководителя. Минск 1978

  9. Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работ от А до Я. М.2001

  10. Илиьна Т.В. Педагогическое планирование в образовательных учреждениях. – Ярославль, 1995

  11. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М., 2003

  12. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь для студентов высши и средних пед,учеб.заведений. М., 2000

  13. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. – М., 1986

  14. Коротов В.М. Общая методика учебно-воспитательного процесса. М., 1987

  15. Макаренко А.С. Методика организации воспитательного процесса//Пед.соч.:В 8 т. М., 1984. Т.4

  16. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе. – М., 2001

  17. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері./Авторлавр ұжымы. А., 2005

  18. Щуркова Н.Е. Классное руководство: теория, методика, технология. М., 1999.

  19. Алпысбай А. Халықтың білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат-міндеттері // Ұлағат – 2002.-N4.-40-4 бб

  20. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын-2004

  21. Әбиев Ж.Ә. және т.б.Педагогика: Оқу құралы – Алматы: Дарын, - 2004

  22. Бап-баба С. Жалпы психология: Оқу құралы.- Алматы: Дарын.-2003

  23. Бимашева С. Оқушы психологиясын ескере отырып, тиянақты білім беру//Білім әлемі.-2005.-N2.-3б

  24. Жаманкөзова Г. Психологиялық қызмет // Ұлағат.-2004.-N6.-3б-39б

  25. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас... Психология очерктері.-Алматы: Мектеп,1987

  26. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы,2000

  27. Мамандыққа кіріспе: педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы:Ана тілі, 1990

  28. Нұржакупова А. Жастар тәрбиесіндегі психологияның мәні//Сынып жетекшісі .-2004.-N57-8-96

  29. Савин Н.В. Педагогика.-Алматы: «Мектеп», 1975

  30. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.-Алматы: Мектеп, 1987

  31. Фейзулдаева С. Балалардың психологиялық ерекшеліктері //Бастауыш мектеп.-2004.-N12723-25б

  32. Хамзин Е. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас психологиясы // Мектеп директорының орынбасары.-2004 N4.-34.35б

  33. Серамина Г. Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас//Сынып жетекшісі – 2004, №2 21-бет

  34. Мырза Н. В. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру//Білім берудегі менеджмент – 2003, №3 63-бет

  35. Сокольников Ю.П. Системный анализ воспитания школьников. – М., 1986



8.Курстық жобалардың әдістемелік нұсқауы.

(Жоспарда қарастырылмаған)


9. Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет материалдар.

Курс бойынша рефераттардың тақырыптары:

  1. Сынып жетекшісінің ережесі.

  2. Тәрбие процесінің мәні және өзіндік ерекшеліктері.

  3. Тәрбие әдістерінің жіктелуі және таңдап алу шарттары.

  4. Дәстүрлі тәрбие мен тұлғалық бағдарлы тәрбиенің ерекшеліктері.

  5. Оқушылар ұжымын тәрбиелеу және оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

  6. Ұжым тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы ретінде.

  7. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

  8. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістерінің ерекшеліктері.

  9. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны мен бағыттары.

  10. Сынып жетекшісі жұмысындағы халықтық педагогика



10.Сараман барысына әдістемелік нұсқау.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Студенттің сарамандық

жеке жоспары

Аты-жөні _________________________

Мамандығы _______________________

Мектеп № _________________________

Мекен-жайы _______________________
Пән мұғалімі ______________________

Сынып жетекшісі __________________

Әдіскерлер ________________________

__________________________________


Орал 2006-2007

Күні

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің мазмұны

Орындау жөнінде белгі

Бағасы













Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет