Педагогика пәні мен объектісі


Тарихи тұрғыда педагогика балаларды тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптасты



бет3/15
Дата29.09.2022
өлшемі134,55 Kb.
#151213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Педагогиканың теориялық – әдіснамалық негіздері.
ми және психика (копия), 16-сабақ Теңізшілер туралы әңгіме

Тарихи тұрғыда педагогика балаларды тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптасты.

  • Тарихи тұрғыда педагогика балаларды тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптасты.
  • Педагогика ғылымының келесі даму кезеңі педагогикалық білімнің педагогикалық трактаттар, романдар, шығармалардың әсерінен туындаған философиялық көзқарастар аумағымен байланыстырамыз. Оларда философтар мен ғалымдар оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасының өзара байланысы мәселелерін талқылаған.
  • ХІХ ғ. ортасында философияның педагогика ғылымының дамуына әсері өзгереді. Ғылымға оқыту мен тәрбие туралы философиялық концепциялар келді.
  • ХХғ. басынан педагогикалық орталықтардың (университеттердегі кафедралар, лабораториялар, ғылыми-зерттеу мекемелері) санының күрт артуы байқалды. Психология философиядан жеке ғылым ретінде бөлініп шықты. Биология, химия, физика және математика сынды жаратылыстану ғылымдары қарқынды түрде дами бастады. Осы айтылғандардың барлығының педагогикалық ғылым мен практиканың дамуына әсері зор болды.

«Педагогика» термин және ғылымның атауы ретінде өз атауын Ежелгі Грециядан алады.

  • «Педагогика» термин және ғылымның атауы ретінде өз атауын Ежелгі Грециядан алады.
  • «Педагогика» сөзі грек тілінен аударғанда «баланы жетектеу» («paida gogos», «paida» - бала, «gogos» - жетектеу) түсінігін береді. Ежелгі Грецияда өзінің иесінің (аристократтың) баласын мінез-құлқын бақылай және мүмкін болар қауіптен қорғай отырып мектепке апарып және алып келетін құлдарды педагог деп атаған. Кейіннен арнайы дайындықтан өткен, балаларға білім беру мен тәрбиелеумен айналысатын, педагогикалық іс-әрекет мамандығы болып табылатын адамдар педагогтар деп аталды. Осыдан келіп педагогика тәрбие туралы ерекше ғылым болып табылды.
  • «Педагогика» термині неміс тілді, франкотілді, скандинавиялық және батыс-европалық мемлекеттерде қолданыста. Ағылшын тілді мемлекеттерде ол қолданыста жоқ, аталған мемлекеттерде бұл ұғымның орнына «білім беру туралы ғылым (немесе ғылымдар)» термині қолданылады.
  • Кейбір мемлекеттерде атты ғылым саласы болды. Андрогогика (гр. аndros -«андрогогика» ересек адам, agoge – басшылыққа алу, тәрбиелеу)ересектерге білім беру, оқыту, тәрбиелеудің теориялық және практикалық проблемаларын қамтитын педагогикалық ғылым саласының аталымы, онда ересектерді оқытудың принциптері ашып көрсетіледі және дамытылады. Андрогогика терминін 1833 жылы неміс тарихшысы К.Капп енгізген. Ересек адам - физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, адамгершілік жағынан толысқан, өмірлік тәжірибесі бар, экономикалық тәуелсіз, өзінің мінез-құлқын басқара алатын адам. Әйтсе де ересек адамға да тұлға ретінде үнемі дамуы қажет. Андрогогиканы зерттеуші ғалымдардың бірі - ересектерді оқытуға арналған ғылым десе, екіншілері – білім беру жүйесіндегі қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыт деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет