Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тригонометрия, көрсеткіштік функция, логарифм, формула, көбейтінді, анықтама; туынды, интеграл , көрсеткіштік теңсіздік
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: - көрсеткіштік функция анықтамасы...
- көрсеткіштік функцияның қасиеттері...
- көрсеткіштік функцияның графигін салу үшін…
- көрсеткіштік функция дегеніміз не?
- көрсеткіштік теңсіздіктер дегеніміз не?
- логарифмдік функция дегеніміз не?
- көрсеткіштік функцияның туындысын табу...
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
а) Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу,түгелдеу,кеспе қағазға (1,2,3,4)сан жазып , соны таңдау арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын өзін-өзі тексеру әдіспен бағалау.(A,B,C арқылы бағалайды)жауаптар тақтада көрсетіледі.
Сабақ мақсатын оқушылармен бірге ашу.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
«Тарсио »әдісі бойынша формулаларды сәйкестендіреді(формуланың берілуі мен жауабы қиып бөліп тасталынған)
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»