Пән: «Қазақстан тарихы» Предмет: Мамандық



бет5/5
Дата22.02.2023
өлшемі52,65 Kb.
#169811
түріМетодическая разработка
1   2   3   4   5
Байланысты:
43.Тоқырау-жылдарындағы-Қазақстан
МАҚАЛА, Вариант 1, саясаттану глоссарий Батырбек Сания, Есеп 2, слайд оку тажрибе (2), Бизнес
1

Ұйымдастыру кезеңі
Организационная часть

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі
Целевая устоновка занятия

3 минут

3

Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала

40 минут

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту
Закрепление новой темы

10 минут

6

Баға қою
Выставление оценок

5 минут

7

Үй тапсырмасы
Домашнее задание

5 минут


Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия


І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу.
Организационная часть
ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі – сабақтың түрін, тақырыбын, мақсатын, міндетін айтып, түсіндіру.
Целевая установка занятия
ІІІ. Білімнің негізін актуалдау (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме
А) Ауызша сұрау Білім алушыларды сабақ бойынша дайындықтарын тексеру үшін алдын ала жалпылау және жеке сұрақ жүргізу керек.
Қаралатын негізгі сұрақтар:
1. 50-60 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. Өнеркісіптің дамуы
2. Н.С.Хрущевтың билікке келуі. Тың және тыңайған жерлерді игеру
3. 50-60 жылдардағы Қазақстанның мәдени дамуы

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспары:

  1. . Қазақстан 1960-1980 жылдарда

1. 1959 жылдың 14-15 қаңтарында өткен ҚК(б)П-ның IX съезі КСРО-ның 1959-1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын өркендетудің жетіжылдық жоспарының жобасын талқылауға арналды. 1960 жылы 19 қаңтарда Қазақстан компартиясы ОК-нің пленумы өтті. Д.А.Қонаев ҚК(б)П ОК- нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10-12 наурызында ҚКП-ның X съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындаудың іс-шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы да Д.А.Қонаев сайланды.
1964 жылы КОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С.Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И.Брежнев, үкімет басына А.И.Косыгин тағайындалды.
60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүргізілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-і Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бесжылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдықталған нысандар іске қосылды.
1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аграрлық саясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыс сатылуы үшін қосымша қаржы төленді, колхоздар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енгізу шаралары белгіленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүргізілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерінің өсу көрсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті.
70-жылдардың басында реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енгізу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды.
70-80-жылдары Қазақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылдары 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.
Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды.
1978 жылы 19 сәуірде Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі өзінің кезектен тыс жетінші сессиясында бірауыздан КСРО-ның Жаңа Конституциясын қабылдады және 1978 жылдың 20 сәуірінен бастап заңды күшіне ие болады деп жариялады.
Орталықтың өктемдігіне қарсы тұрып, Қазақстанның мүддесін қорғауда республика басшысы Д.А.Қонаев табандылык көрсетті. Ол билік жүргізген кезеңде республика кейбір объективтік дағдарысқа қарамастан, халық шаруашылығының көптеген салаларында алдыңғы шептен табылды. Қазақстан түсті және қара металды, астық өндіруде ірі өндіруші болды. Металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасаудан республика сыртқы экономикалық рыноққа шықты. Әрине, сыртқы сауда қызметі республика құзырында емес, тиісті орталық органдар қолында болған-ды. Қазақстан картасында 47 жаңа қала пайда болды.
Кеңес Одағы кезінде-ақ Д.А.Қонаев Арал мөселесін сөз еткен еді. Алайда ол кезде орталық басшылық нақты шара қолданбады, тіпті ұсыныс та жасалмады. Республика бұл мәселені жалғыз шеше алмады, өйткені бұл үшін республикалар күш біріктіруі қажет еді. Көптеген мөселелер бойынша Д.А.Қонаев демократиялық орталықтандыру ұстанымына бағына отырып, өзінің келіспейтіндігін білдірді, бірақ орталыққа бағынуға міндетті болды.
Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да, үкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрынғыдай, емес азая бастады. Бұл әсіресе 1971 жылдан кейін, Д.А.Қонаев партияның Саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.
Д.А.Қонаев 20 жылдан астам уақыт бойы КОКП ОК-і Саяси бюросының мүшесі болды. Республика басшылығында Қонаевпен бірге 14 жыл бойы Б.Әшімов те үздіксіз қызмет атқарып, 1970 жылдан 1984 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.
Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың төмендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды.
1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік тұтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсалмай қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмсалатын жұмыс уақыты шығындалған.
1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л.Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол Кеңес Одағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю.Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю.Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіп орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю.Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП OK Бас хатшылығына К.Черненко келді (1984-1985). Ол Ю.Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді.
Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.

ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ ХАТШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН ЖЫЛДАРЫ





1937 жыл, маусым - 1938 жыл, шілде

Л.И.Мирзоян

1938 жыл, шілде - 1945 жыл, шілде

Н.А.Скворцов

1945 жыл, шілде - 1946 жыл, маусым

Г.А.Ворков

1946 жыл, маусым - 1954 жыл, ақпан

Ж.Шаяхметов

1954 жыл, ақпан - 1955 жыл, тамыз

П.К.Пономаренко

1955 жыл, тамыз - 1956 жыл, наурыз

Л.И.Брежнев

1956 жыл, наурыз - 1957 жыл, желтоқсан

И.Д.Яковлев

1957 жыл, желтоқсан - 1960 жыл, қаңтар

Н.И.Беляев

1960 жыл, қаңтар - 1962 жыл, желтоқсан

Д.А.Қонаев

1962 жыл, қаңтар - 1964 жыл, желтоқсан

И.Ю.Юсупов

1964 жыл, желтоқсан - 1986 жыл, желтоқсан

Д.А.Қонаев

1986 жыл, желтоқсан - 1989 жыл, маусым

Г.В.Колбин

1989 жыл, маусым - 1991 жыл, қыркүйек

Н.Ә.Назарбаев

Изложение нового материала
IV. Сабақты бекіту.
1. Қазақстан коммунистік партиясы қашан құрылды? (1937 жылы 23 сәуірде).
2. КСРО-ның жаңа Конституциялары қай жылдарда қабылданды? (1936, 1977 жылдарда).
3. Қазақстан коммунистік партиясының І съезі қашан болды? (1937 жылы 5-12 масымда).
4. Қазақстан коммунистік партиясы ОК-нің тұңғыш Бірінші хатшысы кім болды? (Л.И.Мирзоян).
5. Қазақстан коммунистік партиясы ОК-нің соңғы Бірінші хатшысы кім болды? (Н.Ә.Назарбаев).
6. Қазақстанды ұзақ жылдар бойы басқарып, оның дамуына баға жетпес еңбегін сіңірген қоғам қайраткері (Д.А.Қонаев).
7. Жастардың коммунистік ұйымы қалай аталды? (Комсомол).
8. Қазақстан лениншіл коммунистік жастар одағы қашан құрылды? (1937 жылы).
9. КСРО-дағы балалардың коммунистік йымыдары қалай аталды? (Пионер).
10. Елдің барлық қалалары мен селоларында пионер отрядтарын ұйымдастыру туралы қаулы қашан қабылданды? (1922 жылдың 19 мамырында өткен комсомолдың ІІ Бүкілресейлік конференциясында).


Объяснение новой темы
VI. Баға қою- Жауап берген білімдеріне қарай бағалау
Выставление оценок
VII. Үй тапсырмасын беру. Дәріс оқу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет