Пән бойынша глоссарий Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие



бет1/22
Дата22.04.2022
өлшемі23,92 Kb.
#140399
түріИнтервью
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
гглассари
Педагогикалық қабілеттер 2, мм, 10333


Пән бойынша глоссарий 

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. 

Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. 

Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі. 

Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. 

Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы. 

Өзін-өзі тәрбиелеу - өз бойындағы адамгершілк қасиеттерді дамытып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған баланың жүйелі және саналы әрекеті. 

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет